«Экспрессивтік стилистика және сөз мәдениеті»

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 5

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  50  51  52  53  54  55  56  57 

 

 

 

6.5

«Экспрессивтік стилистика және сөз мәдениеті»

 

 

 Сөз мәдениеті тілдік нормаға негізделеді. Тілдік норма өз ішінде грамматикалық және лексикалық нормаға негізделеді. Лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөз мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан жүйеге қатысты. Сөйлеу мәдениетінде ойдың нақтылығы, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл-күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Жүйелеп келгенде, мұның барлығы экспрессивтілік табиғатындағы міндеттер мен талаптарды тоғыстырады. Сөз мәдениеті функционалды стиль түрлерін қамтиды.

Сөз мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеудің негізгі мақсат-міндеттерін меңгерудің жолдарын, нақты талаптарын қарастырады. Қазіргі таңда қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөз мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің басты шарты тікелей қатысты зерттеліп келеді. Сөз мәдениетін ұлттық тұрғыдан зерделеу мәселелері мәдени ұлттық аспектінің негізгі бағыттарын басшылыққа алу мәдениетін ұлт мәдениетімен ұштастыра қарастыруда. Яғни, осы үрдіске орай, бізде өз зерттеу жұмыстарымызда сөз мәдениетін «әсерлі жеткізу» ұстанымдары негізінде яғни тілдегі экспрессивтілік мәселелерімен сабақтастырылып, экспрессиялық стилистика мәселелерімен тікелей ұштастырылады.         Тіл мәдениетінің басты қатысымдық сапаларына сөздің «дұрыстығынан» өзге сөз дәлдігі, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз орындылығы, сөз әсерлілігі, сөз әдебі сияқты сапалар жатады.

Жалпы қазақ тіл біліміндегі сөз мәдениетінің жекелеген мәселелері М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектерінде қарастырылса, жалпы қазақ сөз мәдениетінің ғылыми теориялық негіздері Н.Уәлиұлының зерттеу еңбегінде [37] талданып, жүйеленген.

Сонымен, сөз дегеніміз – жоғары қабілетті тілдік тұлғаның әлеуметтік лингвистикалық компетенциясы арқылы бір немесе бірнеше сөйлемнің жиынтық операциясынан тұратын ой, пікір ретінде танылатын тілдің динамикалы процесінің өндірісі. Сөз, сөзтану лингвистикасы стильмен бірлесе отырып, өз мәнін толық айқындап берді.

  Сөз мәдениетін жетілдіру «әсерлі, образды, бедерлі жеткізу» ұстанымдары стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтықтарын құрайды.

 

Қорытынды

1. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы тіл философиясы, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тілдік таным мен бейне, эмоция және тілдік таңба, ұлттық таным мен сана, ұлттық тіл мен діл, көркемдік таным, ұлттық тіл мәдениеті, ұлттық ақыл-ой өрісі, гендерлік тіл табиғаты мәселелерімен өзектесіп жатқан өзіндік ерекшелігі мол, іргелі сала болып табылады. Экспрессивтік стилистика логика, философия, психология, этнопсихология, этнолингвистика, когнитология және әдебиет теориясы, поэтика, көркем сөз теориясына қатысты мәселелердің тоғысқан жерінде пайда болып, өзіндік тілдік сипат алады. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін сипаттайтын зерттеулер жасалса да, оның тілдік құрылымы мен жүйесі тұтастықта қарастырыла қойған жоқ. Осыған дейінгі еңбектерде қазақ тіліндегі тіл бірліктерінің стилистикалық қызметі мен сипатын, рөлін жеке-авторлық контекст арқылы анықтау басым болып, экспрессивтік стилистиканың өзіндік заңдылықтары мен тілдегі экспрессивтіліктің тетіктерін зерделеу назардан тыс қалып келді. Стилистика – тілдің қолданымдық және экспрессивтік қызметін дамытып, әдеби тілді байытып отыратын салалардың бірі. Экспрессивтік стилистиканың өзіндік заңдылықтары мен сипатын ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеп, зерделеу тілдің теориялық және қолданбалы, практикалық арналарын дамытуға кең жол ашады. 

2. Экспрессивтілік категориясы тіл бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметін анықтауда басшылыққа алынатын негізгі ұғым болып табылады. Ол – тіл бірліктерінің коммуникативтік мақсат-міндеттен туындайтын белгілерінің стилистикалық жиынтығы. Экспрессивтілік белгілі бір тіл бірліктерінің қызметін белсендіру арқылы сөйлеушінің психикалық жай-күйін айқын көрсетіп, сөздің әсер ету әлеуетін арттырады. Экспрессивтілік тілде эмоционалды, бағалауыштық, қарқындылық, көркемдеуіштік тағы басқа мағыналық элементтердің интегративтік жиынтығы болып, ол нақты контексте жүзеге асып, контексте түсіндірілетіндіктен, ол көпқырлы, күрделі құбылыс болып табылады.

3. Тіл бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметі транспозиция арқылы жүзеге асады да, коннотаттық мағынаның жасалуының негізгі тәсілі ретінде танылады. Экспрессивтілік тіл бірліктері мен грамматикалық құрылымдардың, стилистикалық құралдардың және олардың сөйлеудегі ықтимал комбинацияларының семантикалық немесе функционалдық жолмен ауысуы арқылы жасалады. Транспозиция мен коннотация тілдің экспрессивтік және функционалдық стилистикалық қызметінің дамуына байланыста қарастырылатын кең ұғым. Коннотация мазмұнды, тілдің ақпараттық қырын, олардың номинативтік құралдар жүйесіндегі статусын сипаттаушы семантикалық құбылыс болса, экспрессивтіліктің пайда болуына функционалдылық тән болып, ол сөйлеу барысында коммуникативтік мақсат-міндетке сай туындап, түсіндіріледі.

4. Фоностилистикада дыбыстың экспрессивтік стилистикалық қызметі фонемалардың сөз мағынасымен ассоцияциялануына негізделіп, дыбыстық символға айналуы арқылы жасалады. Дыбыстық ассоциациялардың күштілігі өзара ұқсас, жақын сөздерде қаншалықты қайталанып келуімен, яғни фонетикалық аттрактанттарға байланысты анықталады. Экспрессивтік стилистикада дыбыс  просодикалық құрал ретінде автордың сөйлеу мақсатына сай жұмсалып, сөздің музыкалық, интонациялық, стилистикалық және мағыналық тұтастығын, композициясын құраушы стилистикалық элемент ретінде танылады. Дыбыстық символизмнің жасалуына дыбыстың, сөйлемнің, сөздің түрлі позициясында қайталанып келуі арқылы ассиметриялы, симметриялы болып, дыбыстық анафоралар, дыбыстық симплока, дыбыстық ауысулар жасалады. Белгілі бір экспрессивтік және бейнелеуіштік мағынаны жеткізуге қатысып, поэтикалық және бейнелеуіштік қызмет атқарып тұрады. Дыбыстық қайталаулар, ассонанс, аллитерация, полифониялы, дыбысты параллелизм, парехеза, каламбур, сөз ойнату т.б. өлең тармақтарындағы бунақтардың бірыңғай дыбыстардан келуі оның суперсегментті ырғақтық-әуендік ерекшелігі мен сегментті дыбыстық айтылымының басын қосып, тұтас өлеңдік мәтіннің құрылымдық фоникалық белгілерін көрсетіп тұрады. Сонымен қатар, сөйлеуде  себеп-салдарлық, қарама-қарсы, салыстырмалы, метафоралық түрлі мағыналық ассоциациялар тудырады.

5.   Қазақ тілі лексикасының тілдік жүйеде қалыптасқан және сөйлеудегі қалыптан тыс экспрессивтік стилистикалық тетіктері лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. Сөздің, фразеологизмдердің өзіндік табиғатына бағалауыштық (рационалды бағалау, негативті бағалау), көркемдік-бейнелеуіштік, (пейоративті), функционалдық (тарихи коннотациялар, жаңа коннотациялар, диалект коннотациялар, ұлттық-мәдени коннотациялар т.б.) тән болып келеді. Бұл экспрессивтік мағыналардың берілуі лексикалық құралдардың синонимдік ресурстарға бай болып келуімен анықталады. Семантикалық, стилистикалық және семантикалық-стилистикалық синонимдердің экспрессивтік стилистикалық мағынаны жасауға қатысы бірдей емес. Ол сөйлеушінің көркемдік талғамы мен коммуникативтік шеберлігіне қарай нақты контекстерде стильдік мағына, реңк алады. Лексикалық құралдардың антонимиясы,  омонимиясы мен полисемиясы, паронимиясы, парономазия т.б. экспрессивтік стилистикалық мағынаны берудің түрлі жолдары мен шендестіру, оксюморон, литота, градация, гипербола, каламбур және парафразалық, энантосемантикалық тәсілдерін жүзеге асырудың белсенді тілдік құралдары болып табылады. Сол арқылы комизм тудыру, ирония, сарказм тудыруы, көркем бейнені нақтылау, бейнені әр қырынан сипаттап ашу, көңіл-күйге лайық баяндау мәнерін қалыптастыру, мағынаны үдету, қарама-қарсы қойып суреттеу, субъективтік бағалау, салыстыру, айтылған ойдың эмоциялық бояуын қоюлату, оның маңыздылығын көрсету т.б. стильдік мақсатта жұмсалып, экспрессивтік стилистикалық қызмет атқарады.

6. Тіл құралдарының экспрессивтік стилистикалық қызметі мағыналардың семантикалық трансформациялану арқылы да жасалып, түрлі экспрессивтік мағыналардың жасалуына негіз болады. Троптың түрлерін зерттеу тілде әлі белгілі бола қоймаған түрлі экспрессивтік стилистикалық мағыналарды, оның берілу жолдары мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу, теңеу, антономазия, эпитеттер тілдің көріктеу құралдары болуының себебі оның тілдегі түрлі экспрессивтік мағыналарды жеткізе алуымен танылады.

7. Тіл құралдарының экспрессивтік стилистикалық қызметі мағыналардың функционалдық, құрылымдық трансформациялануы және синтагманың мүшеленуі арқылы да жасалып, осыған байланысты экспрессивтік мағынаның жасалуының түрлі жолдары анықталады. Сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық, синтаксистік орын тәртібінің өзгермелілігі оның экспрессивтік мағынаны, ойды жеткізудегі мүмкіншіліктерінің кең екенін танытады. Инверсия, сегментация, парцелляция, антиципация, эллипсис, парентеза, асиндентон және полисиндентон қазақ тілінің синтаксистік құрылымдарындағы экспрессивтік стилистикалық мағынаның жасалу жолдарын көрсетеді. Берілетін, алынатын ақпараттың эмоционалды, экспрессивті және көркем-эстетикалық ерекшелігін жеткізуде жұмсалатын толық қайталамалар  ойды нақтылау, ақпараттың экспрессивтік маңыздылығын арттыру, эмоционалды-интонациялық әсерін күшейту, эмоциялық бояуын қанық етіп суреттеу, субъективтік бағалау көзқарасын білдіру мақсатында жұмсалып анафора, эпифора, анадиплозис, амплификация, синтаксистік параллелизм, этимологиялық қайталау, зевгма, хиазм тәсілдерінің жасалуына негіз болады.

8. Стилистиканы тілдің коммуникативтік  талаптары мен жағдайына сәйкес қолданылуы туралы ғылым ретінде қарастыратын болсақ, оның  функционалдық және экспрессивтік қырларының дихотомиялық байланысын басты назарда ұстауымыз қажет. Экспрессивтіліктің ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби жазба тілдегі салыстырмалы сипаты экспрессивтік стилистика мен функционалды стилистикадағы экспрессивтік стилистикалық мағынаның жасалу, қалыптасу, даму жолдарын және тілдің стилистикалық нормасы мен функционалдық жүйесін қалыптастыруға әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

9. Тілдің экспрессивтік әлеуеті оның ұлттық және мәдени танымның жиынтық көрінісі болуынан көрінеді. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің ұлтқа тән төл тума қасиеттерін бойына жинақтап, сақтау негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады. Тілдің куммулятивтік қызметімен бірге тілдің ұлттық таным болмысын танытатын экспрессивтіліктің дәні де ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.  Жалпы ұлтқа тән мәдени танымдық ерекшеліктерді, қасиет-сапаларды бейнелейтін экспрессивтілік тілдің куммулятивтік қызметімен бірге дамып, жетіліп  отыратынын көруге болады. Осы орайда экспрессивтілік құбылысы жалпы ұлттық тіл және ұлт болмысының табиғатына тән ерекшелік ретінде анықталады. 

10. Экспрессивтілік – қазақ ұлтының өзіндік психологиясын, мінез-құлқын, құндылықтар жүйесін тіл арқылы өрнектейтін концептуалдық мәні бар ұғым. Қазақ халқына тән менталитетті тану танымдық жүйедегі тілдік таңбаның экспрессивтік қасиет-сапаларын зерттеу арқылы жүзеге асады. Осы орайда экспрессивтіліктің гендерлік табиғаты да ұлттық сипат алады. Әйел тілі мен ерлер тілінің психофизиологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерінің тоғысқан жерінде экспрессивтіліктің де қазақ ұлтына тән гендерлік табиғаты көрінеді. Сөздің тектік табиғатының экспрессивтік айырмашылықтары сол тілдің өзіндік ұлттық табиғатын айқындайтын белгілердің бірі болып табылады. Ол қазақтың ат қою ерекшелігінен, туыстық атаулардан және экспрессивтік мағынаның ерлер мен әйелдерге қатысты жасалатын стилистикалық сөз қолданыстарынан көрінеді.

11. Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі болып саналады. Тілдегі экспрессивтілік ұлттың өзіндік дүниетанымымен бірге ақыл-ой өрісінің де өлшемі бола алады. Осы орайда қазақ ақыл-ой өрісінің нақты тілдік көрсеткіші ретінде мақал-мәтелдердің экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің зор екенін көруге болады. Мақал-мәтелдер тілдің экспрессивтік әсерін арттырып, өткірлік сипат, ұлттық бояу беретін экспрессивтік стильдік мәні ерекше құрал болып табылады.

12. Экспрессивтік стилистиканы ұлттың психологиясымен және дүниетанымымен, менталитетімен байланыста қарастыру тілдің  экспрессивтік мән-мағыналарды жеткізудегі өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге әкеледі. Ұлт тарихымен бірге жасасып келе жатқан халық ауыз әдебиеті тыңдаушыға, оқырманға экспрессивті ықпал етудің серпінді құралы болып табылады. Онда қазақ тілінің экспрессивтілікті білдірудің өзіне тән ұлттық тілдік тетіктері қалыптасқан. Батырлық және ғашықтық жырлардағы, шешендік сөздердегі, бата сөздердегі, айтыстардағы экспрессивтік стилистикалық құралдар мен құрылымдар көру, есту жүйелері арқылы сөзге сендірудің, иландырудың, ұйытудың суггестиялық, терапиялық қасиеттерін көрсетеді.

13. Экспрессивтілік ұлттық тіл мәдениетін анықтаудың басты көрсеткіші болып табылады, сол себепті ол сөз мәдениеті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Сөз дұрыстығы, сөз байлығы, сөз тазалығы, орындылығы, нақтылығы, әсерлілігі, әдебі сияқты тілдің қатысымдық қасиет-сапаларының жоғары деңгейде болуы қазақ тілінің функционалдық және экспрессивтік жүйелері мен құрылымдарының даму сипатына байланысты анықталады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1  Балли Ш. Французская стилистика . -Москва: Наука, 1961.  -394 с.

2  Матезиус В. Язык и стиль // Парижский лингвистический урок. -Москва: Прогресс, 1967. -523 с.

3  Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. -Москва: АНСССР, 1963. -255 с.

4  Винокур Г.О. О задачах истории языка // Звягинцев В.А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960.  -281 с.

5  Щерба Л.В. О трояком аспекте языка и эксперимента в языкознании // Звягинцев В.А. История языкознания XIX  и XX веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. - 281с.

6  Гвоздев А.Н. Избранные работы по орфографии и фонетике. -Москва: Издательство Академии педагогических наук РСФСР, 1963. -284 с.

7  Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы: Атамұра, 2003. -208-б.

8  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999. -361-б.

9  Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі стилистикасы . -Алматы: Ғылым, 1996. - 190-б.

10       Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. -Москва: Наука, 1984. -400 с.

11       Уорф С. Язык. -Москва: Наука, 1934. -357 с.

12       Вилюнас В.К. Психология эмоцианальных явлений. -Москва: Наука, 1976. -293 с.

13       Шаховский В.И. Категоризация эмоций в лексикосемантической системе языка. -Воронеж: Наука, 1987. -297 с .

14       Леонтьев А.Н. Психолингвистические единицы и порождение речевого высказывания. -Москва: Наука, 1969. -201 с .

15       Гридин  В.Н. Семантика эмоцианально-экспрессивных средств языка //  Психологические проблемы. -Москва: Наука, 1972. -211с.

16       Лукьянова Н.А. Экспрессивная лексика разговорного употребления  // Проблемы семантики . -Новосибирск: Наука, 1986. - 228 с.

17       Цоллер В.Н. Экспрессивная лексика, семантика и прагматика // Филологические науки. -1996. -№6  (596 ).  -55 с.

18       Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -Москва:  Наука, 1966. -603 с.

19       Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. -439-б.

20       Арнольд И.В. Стилистика современного английского языка. -Ленинград: Прогресс, 1981. -360 с.

21       Кожина М.Н. О конструктивном принципе функционального стиля его экстралингвистической основе и критериях стилистических   оценок // Вопросы стилистики. Вып. 5.  -Саратов: Наука, 1972. -155 с.

22       Селях А.С. Фоностилистическая дифференциация разговорной речи (на матер. франц.яз.) Автореф... канд. филол. наук. -Минск, 1972. -30 с.

23       Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы. -Алматы:  Ана тілі, 1992. -444-б.

24       Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикасы. -Алматы: Ғылым,  1996. -210-б.

25       Сыздық Р. Сөз сазы. Сөздерді дұрыс айту нормалары. -Алматы: Ғылым, 1983. -250-б.

26       Лосев А.Ф. Философия имени. -Москва: Прогресс, 1985. -271 с.

27       Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер.  -Алматы: Ғылым, 1998. -257-б.

28       Гальперин И.В. Модальность текста // Сб.научн.тр. МГПИИЯ им. М.Тореза. Вып. 158. -Москва, 1980. -121с.

29       Демесинова Н.Х. Синтакситическая стилистика современного казахского языка. -Алматы: Наука, 1988. -93 с.

30       Құл-Мұхамед Рақымғали Абрарұлы. Қазақ мәдениеті құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы: Философ. ғыл. канд... дис. -Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2000. -156-б.

31       Ерасов Б. Рухани құндылықтар әлемі: Әлеуметтік философиялық жолдау. -Алматы: ҚРБҒМ.ФСИ, 2000. -180-б.

32       Верещагина Е.М., Костомаров В.Т. Язык и культура. -Москва: Наука, 1990. -107 с.

33       Кеңесбаев С.К. К вопросу об эксперессивно-стилистических системах литературных языков народов СССР.-Ашхабад: Наука, 1968. -303 с.

34       Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабеков А. Философия және мәдениетттану.
-Алматы: Ғылым, 1988. -95-б.

35       Кирилина А.В. Развитие  гендерных исследований в лингвистике
-Москва: Наука, 1963. -68 с.

36       Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралық қолданылуы. 
-Алматы: Мектеп, 1966. -208-б.

37       Уәлиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің ғылыми теориялық негіздері: Филол. ғыл. док... дисс.  -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2007. - 308-б.

Зерттеуге қатысты жарияланымдар мен жұмыстың мақұлдануы

Монография

1         Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. -Алматы: ЛИЦ «КИЕ»,  2007.  -400-б.

Мақалалар

2         Стилистика ғылымының зерттелінуінен // «Казахстанская филология: проблемы и перспективы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2002. -79-81-б.

3         Мемлекеттік тілді оқытудағы стилистика мәселелері // «Функционалдық лингвистика: қазіргі жай-күйі және болашағы» атты халықаралық  ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2003. -258-262-б.

4         Тіл, қоғам және стилистика мәселелері // «Қазақстан Республикасы ғаламдық мәдениетаралық кеңістікте» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2003. -364-367-б.

5         Мемлекеттік тіл және ресми іс-қағаздар стилі // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. Профессор А.С.Аманжоловтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Түркі сөз әлемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2004. -№6. -115-117-б.

6         Әдеби тілдік норма және стилистика мәселелерінің зерттелінуінен // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. Академик Р.Сыздықованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби тілі: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2004. -№5 (77). -99-101-б.

7         Жоғары оқу ағымында мемлекеттік тілді оқыту процесіндегі стилистика ғылымының рөлі // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2004. -№1 (43). -14-20-б.

8         Қазақ тіл білімі және стилистика мәселелері // Академик Ә.Қайдардың 80-жылдық мерейтойына арналған «Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2004. -514-521-б.

9         Қазақ тіліндегі тілдік норма және функционалды стильдер //  Қ.Жұбановтың 105 жылдығына арналған «Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2004. -77-83-б.

10      Қазіргі қазақ тілі және стилистика мәселелері // «Мемлекеттік тілді үйрету жолдары: теориясы мен практикасы» атты республикалық ғылыми әдістемелік семинар материалдары. -Астана, 2004. -191-198-б.

11      Стилистика пәнінің жаңа қырлары // Профессор К.Ш.Хұсайынның 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. «Тілтаным» журналы. -№1. -2005. -107-113-б.

12      Стилистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасу тарихынан // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. -№3 (85). -2005. -135-138-б.

13      Мәтін стилистикасы мен функционалды стилистиканың ара қатынасы // «Қазақ тілі  –  ғылым тілі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Академиясы, 2005. -89-95-б.

14      Стилистиканың құрылымы және ғылыми бағыттары // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. «Қазақ тіл білімінің мәселелері және оқыту әдістемесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. материалдары. -2005. -№4 (86). -62-65-б.

15      Тілдік құралдардың стилистикалық қызметі // ҚазҰУ Хабаршы.  Филология сериясы. -Алматы,  2005. -№5 (87). -21-23-б.

16      Стилистиканы оқытудың міндеттері мен маңызы // «Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары. -Қарағанды, 2005. -193-196-б.

17      Тіл білімі тарихында функционалды стиль мен мәтін стилистикасының зерттелуі // «Жас ғалым – 2005» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Тараз, 2005. -23-27-б.

18      Стильдік норма мәселелерінің зерттелу тарихынан // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -Алматы, 2005. -№4. -84-89-б.

19      Синтаксистің стилистикалық ресурстары // М.М.Копыленконың 85 жылдығына арналған «Тіл әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы: Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2005. -398-403-б.

20      Стилистикадағы лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлардың дифференциялануы // Академик Ш.Сарыбаевтың 80-жылдық мерейтойына арналған «Академик Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы, 2005. -589-599-б.

21      Қазақ тіліндегі ғылыми стиль мәселелері // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2005. -№7. -36-42-б.

22      Стилистиканы логикалық тұрғыдан талдап  танудың мақсаты мен міндеті // Абылайхан атындағы ҚазХҚӘТУ Хабаршысы. Филология сериясы. -Алматы, 2005. -№4 (13). -164-171-б.

23      Функционалды стилистиканың қалыптасу тарихы // ҚРҰҒА Хабарлары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты,  2006. -№3. -36-40-б.

24      Стилистикалық ерекшеліктерді оқытудың өзекті мәселелері // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. «Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2006. №1 (91). -104-107-б.

25      Функционалды  стильдерде синонимдердің қолданылу жүйесі //  «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2006. -№6. -45-50-б.

26      Публистикалық стиль мәселелері // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2006. -№8. -29-36-б.

27      Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын оқыту арқылы ресми стильдік ерекшеліктерді меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2007. -№2. -61-68-б.

28      Функционалды стилистикалық реңктер жүйесі // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2007. -№ 3. -31-37-б.

29      Қазақ тіл біліміндегі фоностилистика мәселелері // Академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдығына арналған «Тіл және әдебиет: кешегісі мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Қайнар университеі, 2006. -140-145-б.

30      Қазақ тіліндегі лексиканы зерттеудің стилистикалық аспектісі // «Тілтаным» журналы. -2006.  -№2. -60-34-б.

31      К вопросу об основных направлениях стилистики в современном языкознании // Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературе в вузах (выпуск 11). -Ташкент: Ташкентский государственный юридический институт, 2006. -С.85-91.

32      Қазақ тілінің стилистикалық ресурстары // «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. І-том. -Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2006. -581-590-б.

33      Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ресми стильді меңгерту // «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. ІІ-том. -Алматы: Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2006. -137-143-б.

34      Мемлекеттік тіл арқылы курсанттарға ғылыми стильді меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2006. -№4 (54). -67-74-б.

35      Сөйлемде антонимдерді стилистикалық қолдану // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. Профессор А.Айғабыловтың 70 жылдығына арналған «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2006. -№4 (94). -132-136-б.

36      Система стилей в современном языкознании // JJm sarchashmalarі. Научный и научно-методический журнал. Республика Узбекистан. -Ташкент, 2006. -№3. -95-98-б.

37      Қайталау түрлерінің экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктері // Академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты, 2006. -135-140-б.

38      Қазақ тілі стилистикасының ішкі жүйелік ерекшеліктері // «Тілтаным» журналы.  -2007. -№1. -51-55-б.

39      Көркем әдебиет арқылы курсанттарға стильдік ерекшеліктерді меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2007. -№1 (55). -62-70-б.

40      Основные направления, понятия и категории стилистики // Международный научный журнал. Международная Академия Наук. Россия. - Балашов,  2007. -№1. -С.45-48.

41      Экспрессивно-стилистические особенности книжного стиля современного казахского языка // -Украина: Черкасский национальный университет имени Б.Хмельницкого, 2007. -С. 309-313.

42      Стилистиканың психолингвистикалық негіздері және экспрессивтілік // М.Балақаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2007. -328-335-б.

43      Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу тілінің экспрессивтік-стильдік ерекшеліктері // «Қазақстан мен Түркияның ортақ мәдени құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Түркі әлемін зерттеу қоры және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2007. -142-145-б.

44      Стилистиканың логикалық тұрғыдан танып-талдаудың мақсаты мен міндеті // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. -2007. -№8 (107).  -173-177-б.

45      Стилистикадағы экспрессивтілік пен транспозиция // І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2007. -232-236-б.

46      Өзбетінше оқыту жұмыстары арқылы курсанттарға тіл мәдениетін игерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2007. -№1 (55). -121-128-б.

47      Қазіргі қазақ тіліндегі экспрессивтік  және стилистика мәселелері // «Әлемдік рухани құндылықтар және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы:  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2007. -113-119-б.

48      Жалғастырушы топтарда ұлттық танымдар арқылы сөз мәдениетін меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2008. -№2 (60). -188-200-б.

49      Троптардың экспрессивтік стилистикалық қызметі // Қайнар университетінің Хабаршысы. -Алматы, 2008. -№2. -68-73-б.

50      Қазақ тілі стилистикасының логика-философиялық негіздері // «Шығыс тілдері және қазақ тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2008. -121-129-б. 

51      Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың ара қатынасы // «Ақиқат» журналы. -2008. -№5. -70-74-б.

52      Сөйлеудегі ақпаратты экспрессивтік синтаксистік мүшелеу амалдары // «Ұлағат» журналы. -2008. -№2. -19-28-б.

53      Қазақ кітаби жазба тілінің экспрессивтік стилистикалық мәселелері // «Ізденіс» журналы. -2008. -№2. -86-91-б.

54      Фразеологиялық синонимдердің экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктері // «Ұлт тағылымы» журналы.  -2008. -№2. -261-266-б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  50  51  52  53  54  55  56  57