Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2013» - часть 4

 

  Главная      Учебники - Разные     Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2013»

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     2      3      4      5     ..

 

 

Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2013» - часть 4

 

 

53

5-тарау. Жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

алу үшін 7 882 бюджеттік несие түрінде жұмсалған.

Мамандардың бюджеттік несие бойынша міндеттемелерін 

өтеу  есебінен  бюджетке  шамамен  1,0  млрд.  теңге 

қайтарылғанын атап өту қажет.

***

Қазақстанды  дамытудағы  жастардың  рөлі  жайлы  

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  дамуының 

стратегиялық  жоспарын,  «Қазақстан-2050»  Қазақстанның 

даму стратегиясын, Қазақстан Республикасында білім беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасын және Мемлекеттік жастар саясатының 2020 

жылға дейінгі тұжырымдамасын қоса алғанда, елдің барлық 

стратегиялық құжаттарында атап көрсетілген.  Бұл жастарға 

және  оның  әлеуетін  тиімді  жүзеге  асыру  мәселелеріне 

мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінетіндігін көрсетеді.

Қазіргі  жағдайда  жастар  саясаты  саласында  барлық 

деңгейдегі  мемлекеттік  билік  органдарының  қатысуы  мен 

өзара  іс-қимылын  талап  ететін  кешенді  іс-шараларды 

және  белгілі  бір  өзгерістерді  жүзеге  асыру  қажет,  бұл 

жастардың  әлеуметтік-экономикалық  бейімделу  процесін 

оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда  жастарға  әлеуметтік-экономикалық  қолдау 

көрсету,  жұмыспен  қамту,  жастар  кәсіпкерлігі  саласындағы 

үрдістерді  қарастыру  мынадай  қорытындылар  жасауға 

мүмкіндік береді.

1.  Қазақстандық  жастардың  еңбек  нарығындағы  жағ-

дайын  сипаттайтын  негізгі  көрсеткіштер  –  жастардың 

жұмыссыздығы  мен  жұмыспен  қамтылуы  аса  жоғары 

деңгейде және салыстырмалы шамасын дамыған елдердің 

тиісті көрсеткіштерімен толығымен салыстыруға болады. 

2.  Жастарды  жұмысқа  орналастыру  үрдісін  талдау  көр- 

сеткендей,  қазақстандық  студенттердің  игерген  маман-

дықтарының  құрылымы  еңбек  нарығының  талаптарына 

сәйкес  келмейді.  Нәтижесінде  өз  мамандығынан  басқа 

жұмысқа орналасу кең таралуда. Алайда, соңғы жылдары бұл 

салада оң динамика байқалады. Қазақстанда талапкерлердің 

басым  бөлігі  сұранысы  жоғары  мамандықтарды  таңдайды 

(техникалық,  инженерлік  және  т.б.),  бұған  мектептердегі, 

ТжКБ  мекемелері  мен  ЖОО-ғы  кәсіби  бағдар  беру 

жұмыстарын  белсендету  жолға  қойылып  келе  жатқандығы, 

халықтың  санасын  қазіргі  нарыққа  сай  қалыптастыру  және 

мемлекеттің  ұтымды  шаралары  ықпал  етеді.  Сондықтан, 

бүгінгі таңда жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі мол.

3.  Тұрғылықты  тұратын  жері  бойынша  сапалы  білім 

алу  және  жұмысқа  орналасу  мүмкіндігінде  өңірлік  жіктелу 

айқын  байқалады,  бұл  Қазақстан  өңірлерінің  әлеуметтік-

экономикалық  дамуының  теңсіздігімен  қатар,  өңірлердегі 

еңбекке  жарамды  халықтың  құрылымындағы  теңсіздікке 

алып келеді. 

4. Жастардың жұмыс істемейтін және оқымайтын пробле- 

малық  бөлігі  (NEET)  ерекше  назар  аударуды  талап  етеді. 

Аталған  нақ  осы  топ  жастардың  еңбек  нарығындағы 

саясаттың негізгі объектісіне айналуы тиіс. Әлбетте, аталған 

топтың кейбір бөлігі жастар арасындағы қылмыстың әлеуетті 

көзі болып табылады.

5.  Жастар  саясатын  іске  асыру  жөніндегі  бағдарламалар 

мен  шаралардың  тиімділігін  бағалау  үшін  жастарды 

жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, білім алуы және т.б. 

саласындағы  негізгі  индикаторлардың  мониторингі  жүйесін 

қалыптастыру  керек.  Мұндай  мониторингті  республикалық 

деңгейде де, өңірлік деңгейде де жүзеге асыру қажет.

Осылайша,  жастардың  әлеуметтік-экономикалық  бейім-

делуі проблемасы қазіргі кезеңде ерекше сипатқа ие болып 

отыр.  Мемлекет  қабылдаған  шаралар  кешені  жоғарыда 

аталған  кері  құбылыстарды  жеңілдетуге  айтарлықтай 

ықпалын  тигізеді.  Қолда  бар  мемлекеттік,  жеке  меншік, 

қоғамдық  ресурстардың  барлығын  жұмылдыру  қажет. 

Бұл  процестерде  жастардың  еш  қиындықсыз  әлеуметтік-

экономикалық бейімделуіне ықпал ететін нақты тетіктер мен 

құралдарды ұсынуы тиіс ғылыми-зерттеу және талдамалық 

құрылымдар маңызды рөл атқарады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Халықаралық  еңбек  конференциясының  101-сессия-

сындағы  (2012)  «Жастарды  еңбекпен  қамту  саласындағы 

дағдарыс:  әрекет  ететін  уақыт»  баяндамасы  //  www.ilo.org/

wcmsp5/groups/public/---ed.../wcms_175984.pdf

2.  «Бизнесті  жүргізу  -  2012»  (Doing  Business)  рейтингі  // 

http://russian.doingbusiness.org/~/media/FPDKM/Doing%20

Business/Documents/Annual-Reports/Foreign/DB12-Russian.

pdf

3. Қазақстан Республикасы Жас кәсіпкерлер қауымдастығы 

материалдары бойынша

4. «Атамекен Стартап» ҚҚ ресми сайтының материалдары 

бойынша // http://www.atamekenstartup.kz/

5. Қазақстан Республикасы Жас кәсіпкерлер қауымдастығы 

материалдары бойынша

6. Сонда

7. «Атамекен Стартап» ҚҚ ресми сайтының материалдары 

бойынша // http://www.atamekenstartup.kz/

8.  Қазақстан  Республикасы  жергілікті  атқарушы  орган-

дарының ресми деректері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6-ТАРАУ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ 

ҚЫЛМЫС

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

55

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

балалар  қылмысының  16,8  %-ға  және  кәмелетке 

толмағандардың 19,4 %-ға төмендегеніне қарамастан, олар 

жасаған ерекше ауыр қылмыстардың саны 69,2 %-ға (26-дан 

44-ге дейін) артты, соның ішінде кісі өлтіру 72,2 %-ға (18-ден 

31-ге дейін) артқан.

Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыста  топтық 

сипат басым болып келеді. Қылмыскер неғұрлым жас болса, 

соғұрлым  қылмысты  жалғыз  жасамайды  және  олардың 

қылмыстық әрекеттері ұйымдасқан сипатқа ие болады. 

Кәмелетке  толмағандар  немесе  олардың  қатысуымен 

жасалған  қылмыстар  саны  ағымдағы  жылдың  6  айының 

қорытындысы бойынша 24,4 %-ға (2 703 – 3 346) төмендеді 

(6.2-сурет). 

Төмендеу  динамикасы  еліміздің  барлық  аймақтарында 

байқалады.

6.1-сурет

Балалар қылмысының жəне оларды жасаған 

тұлғалардың динамикасы   

Кəмелеттік жасқа толмағандар немесе олардың 

қатысуымен жасалған барлық қылмыстар
Кəмелеттік жасқа толмағандардың немесе олардың 

қатысуымен жасалған қылмыстардың жалпы саны

2555
3395

2127
2736

2012

6 ай

2013

6 ай

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

6.2-сурет

Қылмыс жасаған тіркелген кəмелеттік 

жасқа толмағандар

2012 ж. 6 ай

2013 ж. 6 ай

Жамбыл облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

220

176

152

Астана қ.

Алматы қ.

97

162

89

118

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

232

168

239

114

180

120

233

106

Шығыс Қазақстан облысы

431

344

196

Батыс Қазақстан облысы

143 122

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

331

240

131

122

279

191

87

71

95

108

Оңтүстік Қазақстан облысы

388

364

*Дереккөзі: ҚР Бас прок

ура

ту

расы ҚС

АЕК дерек

тері

6.1. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС: 

АХУАЛЫ МЕН ҮРДІСТЕРІ

Жастар  арасындағы  қылмыс  қашанда  алаңдаушылық 

тудырады.  Бұл  жас  ұрпақтың  әлеуметтік  дамудың  табиғи 

қоры болып табылатындығымен түсіндіріледі, ал қылмыстық 

заңнаманың  бұзылуы  жастардың  сәтті  әлеуметтенуін, 

олардың  елдің  қоғамдық  және  экономикалық  өміріне  

бірігуін  қамтамасыз  ететін  талаптардың  маңызды 

кемшіліктерінің бар екендігін дәлелдейді.

Ғылыми  әдебиетте  жас  ерекшелік  санаттары  негізінде 

жастар қылмысының түрлі жіктеулері кездеседі. 

Қылмыстық тәжірибеде жастар қылмысын жас ерекшелігі 

бойынша үлкен екі топқа бөліп қарастыру кең таралған:

«Жасөспірімдер  қылмысы»  (кәмелеттік  жасқа  толмаған 

балалар  қылмысы)  14-18  жас  шеңберін  қамтиды,  себебі 

Қазақстанда  қылмыстық  жауапкершілікке  тартудың  ең 

төменгі  шегі  –  14  жас;  ал  16  жаста  жас  тұлғаның  жеке 

басын куәландыратын құжат иеленетін жасқа жетеді, бірақ 

кәмелетке толу 18 жастан басталады.

«Жастар  қылмысы»  (жас  ересектер  қылмысы)  18-29 

жас аралығын қамтиды, бұл топ өз кезегінде іштей екі жас 

ерекшеліктер топтарына бөлінеді: 18-24 жас және 25-29 жас. 

Алайда,  құқықтық  статистиканың  құқық  бұзушылықтар  мен 

қылмыстарды есепке алуын талдау жас ерекшелік сатылары 

бойынша есептеуде ортақ бірізділіктің жоқ екендігін көрсетіп 

отыр. «Жастар» түсінігі барынша шартты, бірақ оның 18-29 

жастағы жас ерекшелік тобы ретіндегі сипаттамасы негізінде 

әлеуметтік  көріністерге  де,  қылмыстық  статистиканың  жас 

ерекшелік көрсеткіштеріне де сәйкес келеді.

Сарапшылардың  пікірі  бойынша,  жастар  қылмысының 

себептеріне мыналарды жатқызуға болады: 

-  әлеуметтік-экономикалық:  (жұмыссыздық,  жастардың 

бір  бөлігінің  шеттетілуі  (маргиналдығы),  білім  саласының 

коммерциялануы, 

жасөспірімдердің 

бос 

уақытының 

ұйымдастырылмауы 

(үйірмелердің, 

секциялардың 

аздығы  немесе  олардың  қолжетімсіздігі),  әлеуметтік-әлсіз 

жастардың жеткілікті деңгейде қорғалмауы және т.б.);

-  әлеуметтік-психологиялық  (құндылықтар  дағдарысы, 

жеке  тұлғалық  өсу  проблемалары,  ортаның  ықпалы,  ата-

аналардың балаларды тәрбиелеудегі төмен жауапкершілігі; 

ата-аналардың жасөспірімдер психикасының ерекшеліктері 

туралы  психологиялық  білімінің  болмауы;  әлеуметтік 

жетімдік және т.б.);

-  идеологиялық  және  тәрбиелік  сипаттағы  олқылықтар 

(отбасы, ана, аға буын құндылықтарын құрметтеу дәстүрінің 

әлсіреуі;  мектеп  инспекторларының  кәсіби  даярлығының 

жеткіліксіздігі, ата-аналар мен педагогтар байланыстарының 

әлсіздігі,  жастар  және  балалар  ұйымдарының,  әскери-

патриоттық және спорттық бағыттағы және т.б. ұйымдардың 

бұл процестерге қатысу деңгейінің төмендігі). 

Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокуратурасы  Құқықтық 

статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі  Комитетінің 

(бұдан  әрі  –  Комитет)  ресми  мәліметтері  бойынша,  

2013 жылдың 6 айы ішінде Қазақстанда 48 833 (2012 жылдың 

6 айы ішінде – 51 580) қылмыс жасаған тұлға тіркелді, бұл 

өткен жылғы көрсеткіштерден 5,3 %-ға төмен.

Соның  ішінде  5,6  %  (6,6  %)  кәмелетке  толмағандар, 

абсолюттік  санмен  2  736  (3  395)  құраған  болатын,  яғни  

19,4 %-ға кем (6.1-сурет).

Ағымдағы  жылдың  6  айының  қорытындысы  бойынша, 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

56

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

Комитеттің  деректері  бойынша,  соңғы  3  жылда  ауыр 

қылмыс  жасаған  кәмелетке  толмағандардың  саны  күрт 

артып  келеді:  2010  жылғы  1  372  қылмыстан  (9,4  %)  

2012 жылғы 1 491 қылмысқа дейін (10,6 %).

21-29  жастағы  жас  тұлғалар  ауыр  және  ерекше  ауыр 

қылмыстарды  жиі  жасайды,  бұл  көрсеткіш  3  412  құрайды, 

ал  18-20  жастағылардың  көрсеткіші  –  1  277.  Жастардың 

ұйымдасқан қылмыстық топтары шындыққа айналды. 

Ағымдағы  жылдың  6  айы  ішінде  жеке  адамға  қарсы 

қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың саны 9,4 %-ға 

өсіп, 152 (139) құрады. 

Еліміздегі  қылмыс  құрылымындағы  ауыр  және  орташа 

ауыр  қылмыстар  аса  ауыр  қылмыстар  санатына  ұлғайып 

бара жатқаны байқалады (6.4-сурет).

Мәселен,  ағымдағы  жылдың  6  айы  ішінде  кәмелетке  

толмағандар ерекше ауыр қылмыстарды 2 есе жиі жасаған. 

Соның  ішінде,  қылмыс  жасағандар  төменде  көрсетілген 

жас шамасында:

- 12-13 жас – 14 (55) тұлға, яғни анықталған тұлғалардың 

жалпы санының 0,03 %-ы (0,11 %-ы);  

- 14-15 жас – 584 (718) тұлға, яғни 1,20 % (1,39 %);

- 16-17 жас – 2 130 (2 602) тұлға, яғни 4,36 % (5,04 %).  

Осылайша, тұлғалардың жас ерекшелік құрамы кәмелетке 

толмағандардың ересек тобына қарай арта түседі.

Бұл ретте, негізгі үлес мектеп, гимназия және лицейлердің 

оқушыларына тиесілі – 1 344 (2 019), бұл қылмыс жасаған 

кәмелетке    толмағандардың  жалпы  санының  жартысына 

жуығын құрайды, – 49 % (59,8 %).

Жұмыссыз  жастар  арасындағы  қылмыс  өте  өзекті 

проблема  болып  табылады.  Мысалы,  Комитеттің 

мәліметтері  бойынша,  2012  жылы  18-19  жас  аралығында 

қылмыс  жасаған  тұлғалардың  саны  40  607  адамды  

(2011  ж.  –  34  816)  немесе  42  %-ды  құрайды.  Егер  2011 

жылы қылмыс жасаған оқушылар санының артуы байқалса,  

2012  жылы  кәмелетке    толмаған,  жұмыссыз  және  қылмыс 

жасаған  кезде  оқымайтындар  санатына  жататындар 

қатарының артуы тіркелген.

Комитеттің деректері бойынша, 2013 жылдың 6 айы ішінде 

елімізде 12-17 жас аралығындағы 10 мың тұрғын арасында 

23 адам (2012 жылғы 6 ай ішінде – 20) қылмыс жасаған.  

  12-17  жас  аралығындағы  10  мың  тұрғынға  шаққандағы 

көрсеткіш  бойынша  Шығыс  Қазақстан  облысы  барынша  

назар  аударуды  талап  етеді,  мұндағы  көрсеткіш   

35 жасөспірімді құрайды, сондай-ақ Қостанай облысында – 

30 және Ақмола облысында – 30 (6.3-сурет).

Сонымен  қатар,  Астана  қаласында,  Атырау,  Жамбыл, 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  аталған  көрсеткіш 

еш  өзгеріссіз  сол  деңгейінде  қалса,  Алматы  облысында, 

керісінше, ұлғайған. 

6.3-сурет

Өңірде тұратын 12-17 жастағы 10 мың 

балаға шаққанда қылмыс жасаған 

балалардың арақатынасы

21

30

37

17

22

32

33

41

35

19

28

25

27

30

12

13

18

25

13 13

Жамбыл облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

21

18

37

24

14

22

19

14

30

18

15

21

Астана қ.

Алматы қ.

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

*Дереккөзі: ҚР Бас прок

ура

ту

расы ҚС

АЕК дерек

тері

2012 ж. 6 ай

2013 ж. 6 ай

6.4-сурет

Ауырлық санаттары бойынша қылмыстылық 

құрылымы (тұлғалар)

Ауыр

Ерекше ауыр

Онша ауыр емес   

Ауырлығы орташа

955

187

27

2226

140

56

638

1902

2012 жылғы 6 ай

2013 жылғы 6 ай

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

6.5-сурет

Меншікке қарсы қылмыстылық 

құрылымы (тұлғалар)

2012 жылғы 6 ай

2013 жылғы 6 ай

12-13 жас

14-15 жас

16-17 жас

Барлығы

*Дереккөзі: ҚР Бас 

прокуратурасы ҚСАЕК деректері

Ұрлық (175-бап)

Алаяқтық (177-бап)

Тонау (178-бап)

Қарақшылық (179-бап)

Қорқытып алушылық (181-бап)

12-13 жас

14-15 жас

16-17 жас

Барлығы

31

1

3

1

2

382

11

150

31

24

1054

111

652

112

62

1479

123

807

146

89

7

0

1

0

0

348

11

80

11

20

906

73

450

66

63

1267

84

531

77

83

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

57

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

Кісі  өлтіру  және  денсаулығына  зиян  келтіру  фактілері 

айтарлықтай өскендігі байқалады.

Қылмыстардың құрамы бойынша құрылымында кәмелетке  

толмағандардың  меншікке  қарсы  қылмысының  (ҚР  ҚК 

6-тарауы) үлесі аса жоғары – 2 132, немесе 77,9 % (2 735, 

немесе 80,6 %) (6.5-сурет).

Мәселен,  12-13  жас  аралығында  ұрлық,  14-15  жас 

аралығында  ұрлық  және  тонау  жиі  кездеседі,  16-17  жас 

аралығында  –  пайдакүнемдік  қылмыстың  барлық  түрлері, 

соның  ішінде  алаяқтық,  қарақшылық  және  бопсалау 

көрсеткіштері тең дәрежеде.

Сонымен  қатар,  кәмелетке  толмағандар  арасында  көп 

жасалатын қылмыс түрлері:

- көлікті айдап кету (ҚР ҚК 185-бабы) – 80 (82), соның ішінде 

16-17 жас аралығында – 64 (63) және 14-16 жас аралығында 

– 16 (19);

-  терроризм  актісі  туралы  жалған  хабарлау  (ҚР  ҚК  

242-бабы)  –  8  (10),  соның  ішінде  16-17  жастағылар  –  

6 (6) және 14-15 жастағылар – 2 (3);

-  қаруды,  жарылғыш  заттарды  заңсыз  сатып  алу,  сақтау  

(ҚР ҚК 251-бабы) – 14 (21), соның ішінде 16-17 жастағылар –  

14 (19) және 14-15 жастағылар – 0 (1);

-  бұзақылық (ҚР ҚК 257-бабы)  –  386  (434),  соның  ішінде  

16-17  жастағылар  –  313  (344)  және  14-15  жастағылар  –  

68 (79).

Сонымен  қатар,  елімізде  кәмелетке    толмағандардың 

қауіпсіздігі  мен  өміріне  түрлі  қол  сұғу  қаупіне  ұшырасу 

фактілері де кездеседі. Мәселен, Комитеттің статистикалық 

деректерін  талдауға  сәйкес  ағымдағы  жылдың  бірінші 

жартыжылдығында  кәмелетке    толмағандарға  қатысты 

жасалған  қылмыстар  саны  3,8  %-ға  артқан  (4  890-ден  

5  077-ге  дейін),  күштеу  сипатындағы  қылмыстар  саны  

11,3 %-ға төмендеген (2 145-ден 1 903 дейін) (6.6-сурет).

Қылмыстардың құрбаны болған балалардың басым бөлігі 

көп  жағдайда  үйден  немесе  балалар  мекемелерінен  кетіп 

қалады,  қатыгездікке,  күш  көрсетуге,  ұрлыққа  бейімділік 

таныта отырып, бейәлеуметтік мінез-құлықтардың жетегінде 

кетеді, алкоголь немесе есірткіге әуестене бастайды. 

Ағымдағы  жылдың  6  айы  ішіндегі  статистикалық  

деректерге  сәйкес  аталған  қылмыстардың  өңірлер 

қимасындағы  жоғары  көрсеткіші  Алматы  қаласында  (583), 

Қарағанды облысында (584), Шығыс Қазақстан облысында 

(430), Павлодар облысында (450) байқалады (6.7-сурет). 

Астана  қаласында  (-43,6  %)  және  Алматы  қаласында 

(-26,3 %) айтарлықтай төмендеу динамикасы тіркеліп отыр.

Комитеттің  деректері  бойынша,  талдау  жүргізілген 

кезеңмен  бір  мезгілде  кәмелетке    толмағандарға  қатысты 

жасалған  мынадай  қылмыстардың  айтарлықтай  өсуі 

байқалды, (ҚР ҚК):

- адам өлтіру (96-бап), – 24-тен 32-ге дейін, яғни 33,3 %-ға;

-  абайсызда  кісі  өлтіру  (101-бап),  –  4-ден  14  дейін,  яғни  

3,5 есе; 

-  өзін-өзі  өлтіруге  дейін  жеткізу  (102-бап),  –  4-тен  11-ге 

дейін, яғни шамамен 3 есе;

-  адам  денсаулығына  орташа  ауыр  зиян  келтіруге  әкеп 

соққан  медицина  және  фармацевтика  қызметкерлерiнiң 

кәсiптiк  мiндеттерiн  тиiсiнше  орындамауы  (114-бап),  –  

12-ден 57-ге дейін, яғни 4,5 еседен артық;

- он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста 

болу  және  нәпсіқұмарлық  сипаттағы  өзге  де  іс-әрекеттер 

(122-бап), – 96-дан 257-ге дейін, яғни 2,5 еседен артық; 

-  кәмелетке  толмағандарды  саудаға  салу  (133-бап),  – 

1-ден 16-ға дейін. 

6.6-сурет

Кəмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 

жасалған қылмыстар динамикасы

2012 жылғы 6 ай

2013 жылғы 6 ай

Соның ішінде күштеу 

зорлығымен 

жасалған 

қылмыстар

барлығы

4890

барлығы

5077

1903

2145

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

6.7-сурет

Өңірлер қимасында кəмелеттік жасқа 

толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 

туралы мəліметтер

2012 жылғы 6 ай

2013 жылғы 6 ай

1

268
147

375
575

131

338

136

291
91

326

184

166
192

235

281

79

583

315

193

408

430

354

250 253

584

134

360

224

450

104

364

353

* Дереккөзі: ҚР Бас прок

ура

ту

расы ҚС

АЕК дерек

тері

Жамбыл облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Астана қ.

Алматы қ.

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

6.8-сурет

Есірткі пайдаланушы ретінде еліміздің 

медициналық мекемелеріне есепке қойылған 

тұлғалар туралы мəліметтер

2012 жылғы 6 ай

2013 жылғы 6 ай

Кəмелеттік жасқа толмағандар

44 463

40 364

2 366

1 899

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

58

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

Көрсетілген 

статистика 

қоғамның 

кәмелетке  

толмағандардың психикасы мен адамгершілік болмысына, 

сондай-ақ  денсаулығына  түзелмейтін  зардап  әкелетін  аса 

қауіпті құбылыстарының болуын дәлелдейді.

Кәмелетке  толмаған  тұлғалар  жасаған  есірткімен 

байланысты қылмыстардың 3 есе артқанын көруге болады 

(1-ден 3-ке дейін).  

Медицина мекемелерінің есірткіге салынуды анықтауының 

төмендеу үрдісі байқалады. 

Мысалы,  талдау  жүргізілген  кезеңде  олардың  саны  

9,2 %-ға азайған (44 463-тен 40 364-ке дейін) (6.8-сурет).

Елімізде  қылмыстың  қайталануы  үлес  салмағының  – 

12,4  %  (2012  ж.  6  айында  13,7  %),  алкогольдік,  есірткілік 

еліту  жағдайында  жасалған  қылмыстардың  –  15,8  %  

(15,4 %) және адамдар тобы қылмысының, – 17,5 % (18,2 %) 

жоғары деңгейі әлі де сақталуда [1].

Сонымен  қатар,  есепке  алынғандардың  жалпы 

санының 

төмендегеніне 

қарамастан, 

психотропты 

заттарды  қолданушылар  саны  ұлғаюда  (2012  жылдың 

І  жартыжылдығындағы  4  609  адамнан  2013  жылдың  

6 айындағы 4 652 тұтынушыға дейін).

Жалпы  республика  бойынша  есепте  тұрғандар  саны  – 

40 364 адам, соның ішінде – 3 052 әйел, 1 899 кәмелетке  

толмағандар.

Есірткі 

заттарын, 

психотропты 

заттарды 

және 

прекурсорларды пайдаланушы тұлғалар санының төмендеуі 

медицина  мекемелерінің,  ішкі  істер  органдарының  есірткі 

пайдаланатын кәмелетке  толмаған тұлғаларды анықтаудың 

төмендеуіне, білім беру органдарының оқу орнының беделін 

төмендетпеу үшін аталған проблемаға назар аудармауына, 

ата-аналар  тарапынан  тиісті  бақылаудың  болмауына 

байланысты болуы мүмкін.

Мұндай 

қорытындыны 

жас 

ерекшелік 

топтары 

қимасындағы  есірткі,  психотропты  заттарды  және 

прекурсорларды  пайдаланатын  тұлғаларды  есепке  алу 

нәтижелері туралы мәліметтер куәландырады (6.9-сурет).

Комитеттің  деректері  бойынша,  ағымдағы  жылдың  

6 айында 1 337 934 (1 302 158) әкімшілік құқық бұзушылық 

тіркеліп, 8 615 (10 382) кәмелетке толмаған тұлға жауапқа 

тартылған, яғни 17 %-ға төмен.

Заңсыз есірткі айналымына байланысты құқық бұзушылық 

үшін жауапқа тартылған кәмелетке  толмағандар санының 

5,3 %-ға артуы ерекше алаңдаушылық тудырады.

Жастар  арасындағы  тағы  бір  өзекті  әлеуметтік 

проблеманың  бірі  –  жол  қозғалысы  қауіпсіздігін  

қамтамасыз ету.

2013  жылдың  бірінші  жартыжылдығының  қорытындысы 

бойынша  14-29  жас  аралығындағы  жастар  жасаған  

476 016 әкімшілік құқық бұзушылық  тіркелген [2]. 

Егер әрбір облыс қимасында қарастыратын болсақ, онда 

жол-көлік  оқиғаларының  ең  көп  тіркелген  саны  немесе 

республика  бойынша  тіркелген  ЖКО  жалпы  санының  

23  %-ы  немесе  2  013  (1  116)  Алматы  қаласына  тиесілі, 

Оңтүстік  Қазақстанда  17  %  немесе  1  442  (807),  Алматы 

облысында 8 % немесе 695 (612), Жамбыл облысында 8 % 

немесе 690 (346), Шығыс Қазақстан облысында 7 % немесе 

617 (416).

Жалпы,  республика  бойынша  жағдайдың  көрінісі 

мынадай:  ЖКО-да  жараланғандар  –  10  837  адам,  соның 

ішінде  кәмелетке    толмағандар  –  1894  адам.  Орын  алған 

ЖКО нәтижесінде қаза тапқандар – 1 167 адам, соның ішінде 

кәмелетке  толмағандар – 105 (6.10-сурет) [3].

Осылайша,  статистикаға  сәйкес  ЖКО-да  зардап 

шеккендердің жалпы санының 54 %-ы – балалар мен жастар 

(6 478) (6.11-сурет).

2012  жылы  15-29  жас  аралығындағы  тұлғалар  арасында 

1014  өзіне  өзі  қол  жұмсау  оқиғасы  орын  алған.  Соның 

ішінде  ерлер  –  790,  әйелдер  –  224.  2012  жылы  15-29  жас 

аралығындағы  тұлғалардың  1  933  өзіне  өзі  қол  салуға 

әрекеттенуі  тіркелген:  соның  ішінде  ер  балалар  –  823,  қыз 

балалар – 1110 адам [4].

2013  жылдың  6  айы  ішінде  15-29  жас  аралығындағы  

551  тұлға  өзіне  өзі  қол  салған:  соның  ішінде  ер  балалар 

–  406,  қыз  балалар  –  145.  2013  жылдың  6  айы  ішінде  

15-29  жас  аралығындағы  1  176  тұлға  өзіне  өзі  қол  салуға 

6.9-сурет

Есірткі заттарын, психотропты заттарды 

жəне прекурсорлар қолданатын барлық тұлғалар

14 жасты 

қоса алғанда

416

 

380

1950

 

1519

17040

 

13209

15-17 

жас

18-30

жас

2012 жылғы 6 ай 2013 жылғы 6 ай

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

6.10-сурет

Республика бойынша жалпы ЖКО бойынша жағдай

ЖКО нəтижесінде 

жараланғандар

10 837

1 894

105

1 167

ЖКЛ нəтижесінде 

қайтыс болғандар

Кəмелеттік жасқа толмағандар

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

6.11-сурет

ЖКО-нан зардап шеккендердің жас ерекшелік санаты

21-29 жас 

14-17 жас
18-20 жас

28,4%

5,1% 8,8%

*Дереккөзі: ҚР Бас 

прокуратурасы ҚСАЕК деректері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

59

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

әрекеттенген: соның ішінде ер балалар – 504, қыз балалар 

– 672 (6.12-сурет) [5].

Толық және толық емес отбасылар арасында да кәмелетке  

толмағандар ортасындағы өзіне өзі қол салудың артуын атап 

өтуге болады (6.13-сурет). 

Комитеттің  мәліметтеріне  сәйкес,  өзіне  өзі  қол  салу 

актілеріне  итермелейтін  себептердің  негізгі  факторларына 

мыналарды жатқызуға болады:

- жалғыздық (шеттетілу сезімі);

-  ата-аналармен,  туысқандармен  дау-жанжалды  қарым-

қатынас;

- оқу және жұмыс орындарындағы дау-жанжалды қарым-

қатынас.

Ал, үлкен жастағы жастар, жоғарыда аталған себептермен 

қатар  тағы  бірнеше  әлеуметтік-тұрмыстық  мәселелердің 

ықпалына ұшырайды:

- қиын материалдық жағдай (банкроттық, қарыздар);

- қолайсыз тұрмыстық жағдайлар;

- отбасылық қарым-қатынастың бұзылуы.

Комитеттің  деректеріне  сәйкес,  өзіне  өзі  қол  салудың 

аяқталған  түрлері  (551,  2013  ж.  6  айы)  асылып  өлген  ер 

жігіттерге тиесілі (406, 2013 ж. 6 айы). Қыз балалардың өзіне 

өзі қол салу әрекеттері (1176, 2013 ж. 6 айы) улану арқылы 

жүзеге асырылған – 672. 

Сонымен қатар, 6 өңірде кәмелетке  толмағандар арасында 

өзіне өзі қол салудың айтарлықтай артқаны байқалады, ал 

ең  жоғары  көрсеткіштер  Оңтүстік  Қазақстан  (72),  Алматы 

(42),  Павлодар  (36),  Шығыс  Қазақстан  (34)  облыстарында 

тіркелген. 

Жалпы, балалар арасында өзіне өзі қол салу әрекеттерінің 

белсенді  жүруінің  себептерінің  астарында  тұлғааралық 

қарым-қатынастар, күйзеліске тұрақтылықтың төмен деңгейі, 

ақпараттық «жүктемесінің көптігі» жатыр.

Сонымен  қатар,  өмірлік  тәжірибе  мен  білімнің 

жетіспеушілігінен жастарға өз мақсаттарын іске асыру үшін 

жастарды  өз  қатарына  тартатын  ішкі  және  сыртқы  іріткі 

салушы күштердің ықпалына ұшырау қаупі төніп тұр. Жастар 

ортасына  экстремистік  көзқарастар  мен  идеялардың  енуі, 

жастарды  заңға  қарсы  әрекеттерге  итермелеу  қоғамдағы 

этникааралық,  мәдениетаралық  және  конфессияаралық 

келісімді бұзуға ықпал етеді. 

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі 

–  Агенттік)  деректері  бойынша,  2011  жылғы  1  қаңтардағы 

жағдай бойынша елімізде 4 551 діни бірлестік қызмет еткен. 

2012  жылы  25  қазанда  аяқталған  қайта  тіркеуден  кейін 

олардың саны 3 088-ге азайған. 

Діни  бірлестіктердің  үштен  бір  бөлігі  бірнеше  себептер 

бойынша  өздерінің  заңдылығын  негіздей  алмаған 

бірлестіктер есебінен қысқарып отыр.

Конфессиялар  мен  деноминациялар  саны  46-дан  

17 бірлікке дейін қысқарды. Агенттіктің деректеріне сәйкес, 

қазіргі  кезде  Қазақстанда  3  244  діни  ғимарат  қызмет 

етеді,  олардың  басым  бөлігін  мешіттер  құрайды  –  2  320. 

Бүгінгі  таңда  республика  бойынша  507  ғибадат  орны  өз 

қызметтерін жүзеге асыруда және рәсімдеуден өтуде, соның 

6.13-сурет

Кəмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өзіне 

өзі қол жұмсау фактілері мен əрекеттері

Жасалған 

фактілер 

(ер балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(ер балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(қыз балалар)

Жасалған 

фактілер 

(қыз балалар)

Жасалған 

фактілер 

(ер балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(ер балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(қыз балалар)

Жасалған 

фактілер 

(қыз балалар)

2012 жыл

2013 жыл

Толық отбасы

Толық емес отбасы

Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, 

соның ішінде жетім балалар

94

63

59

349

27

15

13

49

6

12

3

28

62

44

34

202

12

7

13

33

1

2

0

11

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

6.12-сурет

Жастардың өзіне өзі қол жұмсауы туралы мəліметтер

14-29 жас

790

224

823

1110

406

145

504

2013 жыл

2012 жыл

Жасалған 

фактілер 

(қыз балалар)

Жасалған 

фактілер 

(қыз балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(ер балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(ер балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(қыз балалар)

Өзіне өзі қол 

жұмсау əрекеттері 

(қыз балалар)

Жасалған 

фактілер 

(ер балалар)

Жасалған 

фактілер 

(ер балалар)

Кəмелеттік жасқа толмағандар

130

98

224

464

81

57

49

261

672

*Дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасы ҚСАЕК деректері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

60

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

ресурсқа  қатысты  оларға  Қазақстан  аумағында  таралуына 

тыйым салу туралы тиісті сот шешімдері қабылданды [7].

2013  жылдың  бірінші  тоқсанында  Агенттік  500-ге  жуық 

сайттың  мазмұнына  талдау  жасады.  Соның  ішінде  құқыққа 

қарсы  сипаттағы  ақпараттарды  қамтитын  шетелдік  20 

Интернет-ресурс  бойынша  материалдар  прокуратура 

органдарына  жіберілді.  Танымал  әлеуметтік  желілер  мен 

видеохостингтерде Агенттіктің ресми аккаунттары ашылды. 

Осыған  байланысты,  «E-islam»  ағартушылық  Интернет-

ресурсын іске қосу жоспарлануда [8]. 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес 

шетелдік миссионерлердің Қазақстанға келу және кету тәртібі 

нақтыланған  және  бекітілген.  Агенттіктің  мәліметтеріне 

сәйкес, біздің республикамызда 394 миссионер тіркелген. 

Негізгі мәселелердің бірі діни экстремизм мен терроризмнің 

алдын алу жөніндегі қызмет болып табылады.

Агенттік  жүргізетін  ақпараттық-насихаттық  жұмыстың 

басым  бөлігі  қазақстандық  азаматтарды  дәстүрлі  емес 

діндердің  және  жалған  діни  ағымдардың  ықпалынан 

қорғауға,  радикалды  діни  идеологияның  таралуына  қарсы 

тұруға бағытталған.

Агенттік  ҚР  ӘӘМ  Қылмыстық  атқару  жүйесі  комитетімен 

бірлесе отырып жеке жоспарға сәйкес пенитенциарлық жүйе 

мекемелерінде радикалды діни ағымдар ықпалының алдын 

алу  және  қарсы  тұру  жөнінде  арнайы  жұмыстар  жүргізеді. 

Бас бостандығынан айыру орындарындағы кітапханалардан 

экстремистік әдебиеттер шығарып тасталды.

Сонымен  қатар,  күш  құрылымдары  қызметкерлерінің 

дін  мәселесі  бойынша  сауаттылығын  арттыру  жөніндегі 

жұмыстар  жүргізіледі.  Дін  саласындағы  150-ден  астам 

отандық  ғалымдар  мен  мамандардың  басын  біріктіретін 

Қазақстанның  дінтанушылар  конгресі  құрылды.  Агенттік 

жанында Діни жағдай мәселелері жөніндегі консультативтік-

сарапшылық кеңес өз жұмысын бастады.

Жастар  арасындағы  экстремизмге  қарсы  күресте 

әумесерлік  мінез-құлыққа  ықпал  ететін  себептер  мен 

шарттарды жоюға басымдық берілуі тиіс. Мұндай себептер 

отбасы  беделінің  төмендеуі  және  отбасылық  жағдайдың 

төмен  деңгейі  болып  табылады.  Қоғамның  рухани 

құндылықтар  мен  адамгершілік  бағыттарды  жоғалтуының 

мәні де маңызды. Бұл әлі қалыптасып үлгермеген жастардың 

бойындағы  ашуланшақтық,  шыдамсыздық  қасиеттерінің 

себепшісі болады, ішкі қарсылық пен агрессияны тудырады, 

жастар  арасында  этникалық  және  діни  төзімсіздіктің, 

ксенофобияның,  ұлтшылдықтың  және  олардың  көрінісінің 

соңғы нәтижесі – экстремизмнің таралуына әкеп соғады [9].

ішінде исламдық ғибадат орындары – 492, Православиелік 

шіркеулер – 15. 

Агенттіктің  деректері  бойынша,  бүгінгі  таңда  «Нұр-

Мүбарак»  Мысыр  ислам  мәдениеті  университетінде  

638  қазақстандық  студент  жоғары  діни  білім  алуда,  ал 

2004-2011  жылдар  аралығындағы  кезеңде  университетті 

исламтану  мамандығы  бойынша  262  түлек  бітіріп  шыққан. 

Соның ішінде 163 түлек Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 

мешіттерде  имам  болып  қызмет  етеді,  бұл  жалпы 

университетті  бітіріп  шыққандардың  62,2  %-ын  құрайды, 

тағы  37  маман  (14,1  %)  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының 9 медресесінде дәріс береді.  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 

(бұдан  әрі  –  БҒМ)  2011  жылы  «исламтану»  мамандығы 

бойынша білікті кадрларды дайындауға 100 грант, 2012 жылы 

–  128  грант  бөлген.  2012-2014  жылдары  республикалық 

бюджеттен ағымдағы жылы аталған мамандыққа 150 грант, 

2014 жылға – 200 грант бөлу көзделген. 

Комитеттің  деректеріне  сәйкес  ҚР  ӘҚБК-нің  «Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен 

тіркелмеген  қоғамдық,  діни  бірлестіктердің  қызметіне 

басшылық  жасау,  қатысу,  сондай-ақ  олардың  қызметін 

қаржыландыру» 374-1-бабы бойынша ағымдағы жылы құқық 

бұзушылықтың жеті есе артқаны байқалады. Мысалы, өткен 

жылы осы бап бойынша Алматы облысында 1 факт тіркелсе, 

2013  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  аталған  бап 

бойынша  8  факт  тіркелген,  соның  ішінде  Шығыс  Қазақстан 

облысында 4 факт, Батыс Қазақстан облысында 3 факт және 

Алматы облысында 1 факт.

Сонымен  қатар,  Агенттік  діни  әдебиеттердің  және 

ақпараттық  материалдардың  діни  мазмұнына  сараптама 

жүргізеді [6]. 

Дінтанушылық  сараптаманың  басымдылығы  елімізге 

экстремистік сипаттағы діни әдебиеттің келіп түсуіне мықты 

тосқауыл  қоюға  мүмкіндік  беретіндігімен  байланысты. 

Агенттіктің  қызмет  ету  кезеңінде  4  344  діни  кітаптар  мен 

өзге  де  ақпараттық  материалдарға  сараптама  жүргізілген. 

Олардың  148-іне  қатысты  теріс  қорытынды  шығарылды. 

Қазіргі уақытта 1 923 діни кітапқа дінтанушылық сараптама 

жүргізілуде. Бұл мақсатта жергілікті органдар арнайы тұрақты 

үй-жайлардың орналасу тәртібін нормативті түрде бекіткен, 

соған сәйкес бүгінде республика бойынша 212 кітап дүкені 

ресми қызмет етеді. 

Жастар экстремизмінің негізін қалайтын терең себептерді 

анықтау  қажеттілігі  оның  мәнін  түсіну  үшін  қолда  бар 

теориялық  әзірлемелерді  жинақтайтын  біртұтас  көзқарасты 

қолдануды  талап  етеді.  Мұндай  көзқарасты  жастардың 

барлық  санаттары  арасында  орын  алған  процестерді 

талдауға мүмкіндік беретін іргелі зерттеулер базасында іске 

асыруға болады.

Жастар  экстремизмінің  ұлғаюы  жастардың  әлеуметтік 

бейімделуінің  кемшіліктерін,  өскелең  ұрпақтың  бойында 

олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтары үлгілерін тудыратын 

бейәлеуметтік нұсқаулардың дамуын көрсетеді.

Сонымен бірге, біздің қоғамымыздың рухани қауіпсіздігіне 

арналған маңызды аспектілердің бірі – діни-экстремистік және 

террористік  топтардың  ақпараттық  өрісін,  әсіресе,  жастар 

арасында  шектеу  мақсатында  діни  сипаттағы  Интернет-

ресурстар мониторингі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған  жұмыс  барысына  тек  2012  жылдың  өзінде  ғана 

1 900-ден астам сайтты талдау нәтижесінде құқыққа қарсы 

сипаттағы материалдарды қамтитын шетелдік 45 Интернет-

«Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, 

мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, 

осының  өзі  қоғам  тыныштығын  бұзады,  өмірдің 

сапасына  селкеу  түсіреді.  Тәртіпсіздік  пен  бетімен 

кетушілікті  сезіну  одан  да  елеулі  қылмыстарға  жол 

ашады.  Ұсақ  құқық  бұзушылыққа  төзбеу  ахуалы  – 

қоғамдық  тәртіпті  нығайтуға,  қылмыспен  күреске 

бастайтын маңызды қадам».

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  

Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  

2012  жылғы  14  желтоқсан.  "Қазақстан-2050"  Стратегиясы 

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

61

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

 

6.2 ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ 

БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ҚЫЛМЫСТЫҢ 

АЛДЫН АЛУ

Жүргізілген  әлеуметтік  зерттеу  нәтижесінде  алынған 

деректерге  сәйкес,  қазақстандық  жастардың  басым  бөлігі 

бейәлеуметтік мінез-құлыққа теріс қарайды. Республиканың 

жас  тұрғындары  көп  жағдайда  педофилияға  (98,8  %),  кісі 

өлтіруге және өзін өзі өлтіруге (97,9 %), сондай-ақ, тонауға, 

ұрлыққа (96,5 %), жезөкшелікке (94,9 %) және бір жыныстық 

нәпсіқұмарлыққа  (92,8  %)  жол  бермеу  қажет  деп  санайды 

(6.14-сурет) [10]. 

Сонымен қатар, жастардың басым бөлігі өзімен бірге қару 

алып жүруге (89,8 %), діни экстремизмге (94,6 %), дәстүрлі 

емес  діндерге  (89,7  %),  отбасылық  жанжалдарға  (87,6  %) 

және  отбасылық  ажырасуға  (87,4%)  теріс  қарайтындығы 

туралы пікірлерін білдірді. 

Жастардың тек аздаған бөлігі есірткі пайдалануға (0,5 %), 

жезөкшелікке (0,1 %), ерте жыныстық өмірге (0,9 %) және бір 

жыныстық нәпсіқұмарлыққа (0,1 %) оң көзқарас танытады. 

Көрсеткіштер тым жоғары болмаса да, бұл назарға алынуы 

тиіс факт болып табылады. 

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері Қазақстандағы қылмыстың 

ең  маңызды  факторларына  мыналарды  жатқызуға 

болатындығын  көрсетті:  нашар  отбасылық  тәрбие  

(20  %),  жастар  арасындағы  жұмыссыздық  (15,1  %),  ТВ-ға, 

фильмдерге  еліктеудің  кері  үлгілері  (14,1  %).  Жастардың 

пікірі  бойынша,  жастар  арасындағы  қылмыстың  себептері 

білім  беру  мекемелеріндегі  тәрбие  жұмысының  әлсіздігі 

(10,2 %), жастардың құқықтық білімінің төмен деңгейі (9 %) 

және  қоғамда  ұғынықты  өнегелік  идеалдардың  болмауы  

(8,1 %) болып табылады (6.15-сурет). 

Сонымен қатар, жастар қылмысының себептері арасында 

бейқамдық,  жауапкершілік  сезімінің  жоқтығы  (5,4  %), 

бұқаралық  жастар  ұйымдарының  жетіспеушілігі  (4,8  %), 

тынығу және ойын-сауықтық мекемелердің болмауы (4,4 %), 

діни тәрбиенің болмауы (4,3 %), өзіне сыни көзбен қараудың 

және өз-өзіне адекватты баға берудің жоқтығы (3,8 %) атап 

көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі 

– ІІМ) өзге мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам 

институттарымен  өзара  іс-қимыл  орната  отырып,  жастар 

және кәмелетке  толмағандар арасында құқық бұзушылықтың 

алдын  алу  бойынша  мақсатты  ұйымдастырушылық-

практикалық шараларды қабылдайды.

Мәселен,  соңғы  үш  жыл  ішінде  ҚР  ІІМ  бастамасы 

бойынша шетелдік тәжірибелер ескеріле отырып кәмелетке  

толмағандардың 

құқықтарын 

қорғауға 

бағытталған 

заңдар  әзірленіп,  қабылданды.  Ойын-сауық  мекемелері 

иелерінің онда түнгі мезгілде кәмелетке  толмаған жастағы 

тұлғалардың  келуіне  жауапкершілігі,  сондай-ақ  ата-

аналардың  бұл  балалардың  үйден  тыс  жерлерде  болуына 

жауапкершілігі енгізілді [11].

ҚР  ІІМ  ақпараты  бойынша,  2013  жылдың  басында 

«Құқықтық  тәртіп  –  мектеп»  жедел-алдын  алу  акциясы 

шеңберінде  қазақстандық  жасөспірімдер  180  қылмыс 

жасаған. Акция барысында 575 жасөспірім ұсталды, соның 

ішінде  151-і  –  оқуға  бармағаны  үшін,  127-і  –  алкогольдік 

ішімдіктер  ішкені  үшін,  232-і  –  қараусыз  және  бақылаусыз 

жүргені үшін.

Сонымен  қатар,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

6.15-сурет

Жастардың əлеуметтік сауалнама нəтижелері 

(«Жастар» ҒЗО деректері бойынша %-бен)

«Сіз жастар арасындағы қылмыстылық 

себебі неде деп ойлайсыз?»

Нашар отбасылық тəрбие

Жастар арасындағы жұмыссыздық

Еліктеудің кері үлгілері (кинофильмдер, ТВ)

Білім беру мекемелеріндегі тəрбие жұмысының əзсіздігі

Жастардың құқықтық білімінің төмен деңгейі

Қоғамда ұғынықты өнегелік идеалдардың болмауы

Бейқамдық, жауапкершілік сезімінің жоқтығы

Бұқаралық жастар ұйымдарының жетіспеушілігі

Тынығу жəне ойын-сауықтық мекемелердің болмауы

Атеизм, діни тəрбиенің болмауы

Өзіне сыни көзбен қараудың жəне өз-өзіне адекватты 

баға берудің жоқтығы

Жауап беруге қиналамын

20

15,1

14,1

10,2

9

8,2

5,4

4,8

4,4

4,3

3,8

0,7

6.14-сурет

Жастардың əлеуметтік сауалнама нəтижелері 

(«Жастар» ҒЗО деректері бойынша %-бен)

«... қатысты өз көзқарасыңызды

білдіруіңізді өтінеміз»

Дəстүрлі емес діндер

Діни экстремизм

96,5

87,4

87,6

94,6

89,7

94,9

92,8

89,8

97,9

98,8

2,9

11,4

11,1

4,7

9,1

4,5

6,4

6,8

1,4

0,9

0,4

0,4

0,6

0,4

0,4

0,4

0,4

2,6

0,4

0,2

Отбасылық жанжал

Отбасылық ажырасу

Тонау, ұрлық

Жезөкшелік

Бір жыныстық нəпсіқұмарлық 

(гомосексуализм жəне т.б.)

Өзімен бірге қару 

алып жүру

Кісі өлтіру жəне өзін-өзі өлтіру

Педофилия

Бейтарап

Оң

Теріс

«Жауап беруге қиналамын» жауап нұсқасы бойынша деректер көрсетілмеген

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

62

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

заңнамалық  актілеріне  балалардың  құқықтарын  қорғауды 

қамтамасыз  ету  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  2010  жылғы  23  қарашадағы 

Заңмен  кәмелетке    толмағандарға  қатысты  нәпсіқұмарлық 

сипаттағы қылмыстар үшін жазалауды күшейтетін түзетулер 

енгізілді.  Егер  түзетулер  енгізілгенге  дейін  кәмелетке  

толмаған тұлғаны зорлағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі 

мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  түрінде  қылмыстық 

жауапкершілік  көзделген  болса,  қазіргі  уақытта  15-20  жас 

аралығындағы кәмелетке  толмағандарды зорлағаны үшін 8 

жылдан 15 жылға дейін жазаланады.

Ата-аналардың,  педагогтардың  және  Заңда  кәмелетке  

толмағандарды  тәрбиелеу  міндеттері  жүктелген  өзге  де 

тұлғалардың  осы  қылмыстарды  жасағаны  үшін  қылмыстық 

жауапкершілікке  тартуды  күшейтуге  бағытталған  түзетулер 

енгізілді.

Мәселен,  Заңмен  кәмелетке    толмағандарды  тәрбиелеу 

міндеттері  жүктелген  педагогтың  зорлау  іс-әрекеті  үшін 

осындай  мерзімге  педагогикалық  қызметпен  айналысу 

құқығынан  айыра  отырып,  10  жылдан  20  жылға  дейінгі 

мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделеді. 

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  2012  жылғы 

17  ақпандағы  Заңмен  кәмелетке  толмағандар  қатысатын 

білім  беру,  тәрбиелеу,  демалысты  ұйымдастыру  және 

сауықтыру,  дене  тәрбиесі  және  спорт,  медициналық 

қамтамасыз  ету,  әлеуметтік  қызметтер  көрсету,  мәдениет 

және  өнер  саласындағы  ұйымдар  мен  мекемелердің 

кәмелетке  толмағандарға  қатысты  қылмыстары  (адам 

өлтіргені, денсаулығына қасақана зиян келтіргені, жыныстық 

тиіспеушілігіне қарсы қылмысы) үшін соттылығы бар немесе 

соттылығы  болған  адамдармен  еңбек  шартын  жасауға 

тыйым салатын түзетулер енгізілді.

Сонымен  қатар,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  адам  саудасына  қарсы  іс-қимыл 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы»  2013  жылғы  4  шілдедегі  Заңға  сәйкес  ҚР  ҚК 

«Кәмелетке  толмаған  адамды  жезөкшелікпен  айналысуға 

тарту»  132-1-бабымен  ата-аналардың,  педагогтар  мен 

өзге  де  тұлғалардың  жауапкершілігі  күшейтілді:  бас 

бостандығынан  айыру  мерзімі  7-10  жылдан  7-12  жылға 

дейін өсті, сондай-ақ мүлкін тәркілеу қосылды. «Кәмелетке 

толмағандарды  саудаға  салу»  133-бабында  жүкті  күйдегі, 

психикасының  бұзылуынан  зардап  шегетін  және  дәрменсіз 

күйдегі  кәмелетке  толмаған  адамға  қатысты  жасалған 

іс-әрекеттер  жеке  құрамға  бөліп  көрсетілген.  Сонымен 

бірге,  ҚР  ҚК  жұмыс  берушінің  кәмелетке  толмағандардың 

олардың  құқықтары  мен  мүдделерін  бұзуға  әкеп  соққан 

еңбегін  пайдалануға  жауапкершілігін  көздейтін  «Кәмелетке 

толмағандарға  қатысты  Қазақстан  Республикасының 

еңбек заңнамасын бұзу» 138-1 бабымен толықты (айыппұл 

көлемі  300-ден  700-де  дейінгі  АЕК  құрайды,  3  жылға  дейін 

бас  бостандығынан  айыру  не  үш  жылға  дейінгі  мерзімге 

белгілі  бір  қызметпен  айналысу  құқығынан  айыру).  

ҚР  ҚК  «Жезөкшелiкпен  айналысуға  арналған  притондар 

ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» 271-бабында 

кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған әрекеттер 

жеке құрамда бөліп көрсетілген [12].

Оқушылар 

мен 

студенттер 

арасындағы 

құқық  

бұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында  жастардың 

бойында  салауатты  өмір  салты  бағытын  және  тәуекел 

факторларына қарсы тұрудың мінез-құлықтық стратегиясын, 

сондай-ақ  басқа  адамдар  тарапынан  жағымсыз  ықпалдар 

мен  қысымдарды  сезіну  және  оларға  қарсылық  көрсету 

дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.

Жастармен алдын алу жұмыстарын жүргізуде отбасының 

атқаратын  рөлі  өте  зор.  Ата-аналар  өздерінің  тәрбиелеу 

қызметін  атқара  отырып,  жастарды  бейәлеуметтік  мінез-

құлықтардан  қорғауға  ықпал  ете  алады.  Ықпал  етудің  сан 

алуан түрлері болуы мүмкін:

- балаға ата-ана тарапынан көңіл бөліну;

- отбасындағы жақсы жағдай;

- отбасылық тәрбие және отбасы құндылықтарын бойына 

сіңіру;

- ата-аналардың жақсы үлгісі;

- отбасының және туыстардың қолдауы;

- отбасылық жайлылық, жағымды әсерлі атмосфера, өзара 

түсіністік.

Отбасының  негізгі  қызметі  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу 

болып табылатындығын ескере отырып, жастардың қоғамдық 

тәртіп ережелерін сақтамауына ата-ананың жауапкершілігін 

арттыру  жастар  арасындағы  бейәлеуметтік  мінез-құлықтың 

таралуына кедергі болатын ұтымды шара болуы мүмкін.

Білім  алатын  жастардың  бос  уақытында  тынығуын, 

жұмыс  істеуін  ұйымдастыру,  оларды  үйірмелер  мен  спорт 

секцияларына тарту нашақорлықтың, уытқұмарлықтың және 

маскүнемдіктің  туындауы  мен  таралуына  кедергі  келтіре 

отырып, маңызды рөл атқарады.

Жалпы,  білім  алушы  жеке  тұлғаның  рухани  және 

адамгершілік  дамуы  бейәлеуметтік  мінез-құлықтардың 

туындауына 

кедергі 

болатын 

шарттар 

болып  

табылатындығын  атап  өткен  жөн.  Білім  беру,  денсаулық 

сақтау  мекемелерінде,  құқық  қорғау  органдарында 

жүргізілетін  тәрбиелік  жұмыстардың  міндеті  –  жастардың 

өмірлік  бағыттарды  дұрыс  анықтауына,  қиындықтарды 

жеңуге,  өз  өмірлік  мақсаттары  мен  болашағын  көруге,  өз 

денсаулығы  мен  болашағына  жауапкершілікпен  қарау 

сезімін дамытуға, жастардың толыққанды өзін-өзі көрсетуін 

және дамуы мүмкіндіктеріне жағдай жасауға көмектесу.

***

Жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіші 2012 жылмен 

салыстырғанда  5,3  %-ға  төмендегенін  атап  өткен  жөн. 

Мұндай төмендеу динамикасы еліміздің барлық өңірлерінде 

және  жастардың  барлық  жас  ерекшелігі  санаттарында 

байқалады.  Қылмыстар  санының  басым  бөлігі  кәмелетке 

толмағандардың  жоғарғы  жас  ерекшелік  топтарында  орын 

алады.  Бұл  ретте,  олардың  негізгі  үлесін  мектеп,  гимназия 

және лицей оқушылары құрайды. 

Жастар  арасындағы  қылмыстың  негізгі  себептеріне 

мыналарды  жатқызуға  болады:  әлеуметтік-экономикалық; 

әлеуметтік-психологиялық;  идеологиялық  және  тәрбиелік 

жұмыстың олқылығы.

Жұмыссыз  жастар  арасындағы  қылмыс  проблемасы  аса 

өзекті мәселеге айналып отыр.

Соңғы 3 жылда ауыр санаттағы қылмыс жасаушы кәмелетке 

толмағандар саны артуының қарқынды үрдісі байқалуда. 

Ауыр,  ерекше  ауыр  қылмыстарға  көбіне  21-29  жас 

аралығындағы жастар барады.

Жалпы,  еліміздегі  қылмыс  құрылымында  ауыр  және 

ауырлығы  орташа  қылмыстарды  ерекше  ауыр  қылмыстар 

санатына алмастыру байқалады.

Есірткімен  байланысты  қылмыс  жасаушы  кәмелетке 

толмағандар  санының  3  есе  артқандығын  атап  өткен  жөн. 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

63

6-тарау. Жастар арасындағы қылмыс 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

Заңсыз  есірткі  айналымына  байланысты  құқық  бұзушылық 

үшін  жауапқа  тартылған  кәмелетке    толмағандар  санының 

5,3%-ға артуы ерекше алаңдаушылық тудырады.

Сонымен  қатар,  ағымдағы  жылдың  бірінші  жарты-

жылдығында  кәмелетке    толмағандарға  қатысты  жасалған 

қылмыстар  саны  3,8%-ға  артқан.  Күштеу  сипатындағы 

қылмыстар саны 11,3%-ға төмендеген.

Жастар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету  әлеуметтік  проблема  болып  табылады.  Статистикаға 

сәйкес,  ЖКО-да  зардап  шеккендердің  жалпы  санының  

54%-ы – балалар мен жастар.

2012  жылы  15-29  жас  аралығындағы  тұлғалар  арасында 

1014 өзіне өзі қол жұмсау оқиғасы орын алған.

Кәмелетке  толмаған  жастар  арасында  өзіне  өзі  қол 

жұмсау  жағдайының  артуы  байқалады.  Негізгі  себептеріне 

психологиялық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларды 

жатқызуға болады.

Әлеуметтік  зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес,  қазақстандық 

жастардың  басым  бөлігі  бейәлеуметтік  мінез-құлыққа 

теріс  көзқарас  білдіреді.  Жастар  өзімен  бірге  қару  алып 

жүруге,  діни  экстремизмге,  отбасылық  дау-жанжалдар  мен 

ажырасуларға өздерінің теріс пікірде екендіктерін білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Официальный источник Комитета по правовой статис-

тике  Генеральной  Прокуратуры  Республики  Казахстан 

http://pravstat.prokuror.kz/rus/novosti/press-releasy/o-rabote-

subektov-administrativnoy-praktiki-po-sostoyaniyu-na-15-

avgusta-2013// 

2. Аналитическая информация о деятельности КПСиСУ ГП 

РК http://pravstat.prokuror.kz/rus/o-kpsisu/deyatelnost-komiteta/

analiticheskaya-informaciya// 

3. Сонда

4. Сонда

5. Сонда

6.  Информация  пресс-службы  Агентства  по  делам 

религий  РК  http://www.din.gov.kz/rus/presssluzhba/doklady_i_

vystupleniya/ 

7. Сонда

8. Сонда

9.  Результаты  социологического  исследования  на  тему: 

«Экстремизм  в  молодежной  среде».  март  2010  года,  УВП 

Акмолинской области http://uvp.akmol.kz/home/si1// 

10.  Результаты  социологического  исследования  на  тему: 

«Изучение состояния молодежи Казахстана». Октябрь 2013 

года, НИЦ «Молодежь», г. Астана

11. Источник официального сайта Министерства внутрен-

них дел РК http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD//                 

12. Сонда

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

7-ТАРАУ

ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 

ПРОЦЕСТЕРДЕ

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

65

7-тарау. Жастар қоғамдық-саяси процестерде

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

қатысуларының  ең  көп  тараған  түрі  жастардың  қоғамдық 

бірлестіктерінің қызметі болып табылады. 

Жастардың қоғамдық бірлестіктері қызметіне қатысуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 

деректері  бойынша,  Қазақстанда  ағымдағы  жылдың  екінші 

тоқсанында  1073  жастар  бірлестігі  тіркелген.  2010  жылы 

Қазақстанда  олардың  саны  1043,  2011  жылы  –  966,  2012 

жылы  –  1086  болған.  Олардың  жылдар  бойынша  аздап 

ауытқушылықтармен  азая  отырып  саны  тұрақты  түрде 

өсіп  келе  жатқан  үрдісті  байқауға  болады  (7.1-сурет).  Егер 

2010-2011  жылдары  Алматы  қаласы  (160)  әрекет  ететін 

7.1. ЖАСТАРДЫҢ ЕЛДІҢ ҚОҒАМДЫҚ-

САЯСИ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСУ ЖАҒДАЙЫ 

ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕРІ 

 

7.1.1. ЖАСТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 

БЕЛСЕНДІЛІГІ

Жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін анықтайтын сәт 

олардың  шешімдер  қабылдау  және  басқару  процестеріне 

тартылуы  болып  табылады.  Мұндай  қызмет  жастардың 

мемлекеттік  атқарушы  және  өкілетті  органдардың,  саяси 

партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне 

қатысуы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар олардың 

консультативті-кеңестік органдардың қызметіндегі жұмысы, 

олардың  белсенді  және  пассивті  сайлау  құқықтарын  іске 

асыруы  арқылы  іске  асырылады.  Жастардың  азаматтық 

қатысу  практикасы  олардың  проблемаларын  шешу 

бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Қазақстанда  жастардың  елдің  қоғамдық-саяси  өміріне 

7.1-сурет

2010-2013 жж. ҚР-ғы жастар қоғамдық 

бірлестіктерінің саны*

Қазақстан Республикасы бойынша барлығы

Соның ішінде өңірлер бойынша:

*Дереккөзі: 

ҚР БҒМ деректері

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы қаласы

Астана қаласы

59

22

46

22

72

58

68

100

55

32

74

63

47

110

160

55

64

29

46

20

74

59

82

80

56

19

71

31

50

74

160

51

62

28

50

25

74

62

79

103

59

30

71

64

57

184

80

58

62

29

54

27

86

70

80

102

60

30

76

71

60

124

76

66

2013 ж. 

2-тоқсан 

2012 

ж

.

2011 

ж

.

2010 

ж

.

1043

966

1086

1073

7.2-сурет

Балалар жəне жастар ұйымдары туралы мəліметтер 

1-11 сынып оқушылары 

контингенті

2 491 239

382 920

438 527 240 342

Мүшелер саны

7-11 жас

11-14 жас

14-17 жас

Барлық балалар 

ұйымдары

1 754

138

соның ішінде 

заңды беделі 

барлар

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы қаласы

Астана қаласы

514

29

8

20

471

18

34

22

9

14

7

1

14

468

80

45

43

29

5

20

0

0

17

3

3

4

3

1

1

8

0

1

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы қаласы

Астана қаласы

Облыстар бойынша деректер:

Балалар ұйымдары:

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы қаласы

Астана қаласы

102899

114036

297943

94622

87441

182324

171046

100803

125729

96117

534195

88148

73126

167586

163478

83568

40051

36167

26025

86

16166

14047

16354

23485

15630

7275

28492

17929

26712

45946

59471

9084

38076

49554

23772

542

17454

7556

26214

22614

21082

7605

31005

20919

30357

52577

77009

12191

20816

10624

13750

27255

8285

4282

19562

13235

15487

5070

39408

13614

8563

18466

2638

19287

1-11 сынып оқушылары 

контингенті:

Мүшелер саны

7-11 жас

11-14 жас 14-17 жас

Заңды беделі барлар

*Дереккөзі: ҚР БҒМ деректері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

66

7-тарау. Жастар қоғамдық-саяси процестерде

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

партиялардағы,  этномәдени  бірлестіктердегі,  жастар  және 

балалар бірлестіктеріндегі жастардың саны, жас әкімдер мен 

олардың  орынбасарларының,  сондай-ақ  мәслихаттардың 

жас  депутаттарының  саны  көрсетілген  Қазақстан  жастарының 

саяси белсенділігі картасы ұсынылады (7.4-сурет).

Этномәдени бірлестіктер қызметіне қатысу

Жергілікті  атқарушы  органдар  ұсынған  ресми  деректер 

бойынша Ақмола облысының – 45,8 %, Атырау облысының – 

40 % (өңірлер бойынша жастардың жалпы санына шаққанда) 

белсенді  жастары  этномәдени  бірлестіктер  қызметіне 

қатысады.  Бұл  көрсеткіштің  ең  төмен  деңгейі  Қарағанды 

және  Павлодар  облыстарына  тиесілі  –  0,4  %  және  0,8  % 

(7.4-сурет).

Жалпы,  өңірлер  арасындағы  пайыздық  қатынаста 

айтарлықтай үйлеспеушілік жоқ, барлық облыстар арасында 

іс жүзінде 3-5 % айырмашылық сақталып отыр. Жастардың 

этномәдени  орталықтар  қызметіне  қатысуының  орташа 

деңгейі  тиісінше  Жамбыл  облысында  –  25,3  %,  Алматы 

облысында  –  25  %,  Маңғыстау  облысында  –  22,6  %, 

Батыс  Қазақстан  облысында  –  21,5  %,  Астана  қаласында  

18,7  %  және  Ақтөбе  облысында  16,7  %-ды  құрайды. 

Осылайша,  этномәдени  орталықтар  жастардың  еліміздің 

қоғамдық-саяси  өміріне  араласуының  ықпалды  үлгісіне 

айналды.  

Жастардың  Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтар 

7.3-сурет

Жастардың əлеуметтік сауалнама нəтижелері 

(«Жастар» ҒЗО деректері бойынша %-бен)

“Сіз қандай жастар ұйымдарын 

білесіз?”

Білмеймін / Естімедім

Естідім, бірақ қатыспадым

Өтініш бердім, бірақ рұқсат етілмеді

Қатыстым

Жұмысшы жастар одағы

Жастар ресурстық орталығы

Ауыл жастары одағы

Жас депутаттар қауымдастығы

Студенттік құрылыс жасақтары жəне жастардың еңбек 

отрядтары республикалық штабы (СҚЖЕОРШ)

Ұлттық еріктілер желісі

Қазақстан студенттері альянсы

Қазақстан жастары конгресі

Жас Қыран

Жасыл ел

Жас Ұлан

«Болашақ» стипендиаттары қауымдастығы

Жас Отан

72

28

73

27

75

25

75

25

38

61

1

51

46

3

38

61

1

49

49

2

63

36

1

63

36

1

66

33

1

70

29

1

68

31

1

бірлестіктердің  саны  бойынша  көш  басында  тұрса,  2012-

2013 жылдары ШҚО (124) алға шыққан. Жастармен жұмыс 

жөніндегі  ұйымдардың  ең  төмен  саны  Атырау  облысында 

тіркелген – 27.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 

деректері бойынша, республикада 1 754 балалар ұйымдары 

қызмет  етеді.  7-17  жас  аралығындағы  білім  алушылардың 

барлық  контингенті  қатарынан  (2  491  239  адам)  1  061  789 

адам  балалар  ұйымдарының  мүшелері  болып  табылады 

(7.2-сурет).  Республика  бойынша  балалар  ұйымдарының 

7-17  жас  аралығындағы  балаларды  қамтуы  42,6  %-ды 

құрайды,  соның  ішінде  22,6  %  –  14-17  жас  аралығындағы 

жоғары  сынып  оқушылары.  Осылайша,  балалардың 

жартысына  жуығы  және  жасөспірімдердің  төрттен  бірі 

балалар ұйымдарымен қамтылған. 

Балалар  ұйымдарының  саны  бойынша  Ақмола,  Шығыс 

Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары көш бастайды 

(тиісінше,  514,  468,  471),  басқа  облыстарда  балалар  мен 

жастар ұйымдарының саны жүзге де жетпейді.

Республика  бойынша  аталмыш  ұйымдарға  мүше  14-17 

жас аралығындағы балалардың жалпы саны – 240 342. 14-

17  жастағы  жоғары  сынып  оқушылары  арасында  Оңтүстік 

Қазақстан облысында аса жоғары белсенділік байқалады – 

осы жас ерекшелігіне жататын мүшелердің барлық санының 

16 %-ын құрайды.

Ұйымдар 

саны 

олардың 

қызметіне 

тартылған 

жеткіншектердің санына әрдайым тікелей пропорционалды 

бола  бермейді.  Мәселен,  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 

небары 7 балалар ұйымы бар, алайда олардың мүшелерінің 

саны 39 408 адамды құрайды, ал Ақмола облысында қызмет 

ететін 500-ден астам балалар ұйымдары мүшелерінің саны 

– 20 816 адам ғана.

Балалар  ұйымдары  отбасымен  және  мектеппен  қатар 

жас  қазақстандықтарды  әлеуметтендіруде  үлкен  рөл 

атқаратындықтан, олардың әлеуеті өте жоғары.

Қазақстанда  жастар  ұйымдары  санының  өсу  үрдісі 

байқалады.  Сонымен  қатар,  қазақстандық  жастардың 

саяси  белсенділігі  деңгейін  және  саясатқа  қатысуын 

бағалау  жөнінде  жүргізілген  әлеуметтік  сауалнаманың 

нәтижелері көрсеткендей, респонденттер 9 республикалық 

жастар  бірлестіктері  мен  ұйымдардан  басқа  туралы 

білмейтіндіктерін және естімегендерін атап өткен.

Ең  танымал  ұйымдар  –  «Жас  Отан»  және  «Болашақ» 

стипендиаттары 

қауымдастығы» 

болып 

табылады. 

Сауалнамаға  қатысушылардың  60  %-дан  астамы  аталған 

жастар  ұйымдарының  қызметі  туралы  хабардар  болып 

шықты  (7.3-сурет).  Респонденттер  көп  жағдайда  танымал 

ұйымдар  туралы  естігендіктерін,  бірақ  олардың  қызметіне 

қатыспағандықтарын білдірді. 

Респонденттердің  басым  бөлігі  (¾)  елімізде  «Жұмысшы 

жастар  одағы»,  «Жастардың  ресурстық  орталығы»  және 

«Ауыл  жастары  одағы»  секілді  жастар  ұйымдарының  бар 

екендігі туралы хабарсыз.

Қазақстан  жастары  басқа  ұйымдармен  салыстырғанда 

«Жасыл  Ел»  бірлестігі  ұйымдастырған  іс-шараларға  көп 

қатысады (3 %). Бұл тізімде «Жас Ұлан» (2 %) екінші орында 

тұр.  Жастар  ұйымдары  туралы  естігенімен,  қазақстандық 

жастардың  барлығы  шын  мәнінде  олардың  қызметіне 

қатыспайды,  бұл  олардың  жастарға  тиісті  деңгейде  ықпал 

етпейтіндігін,  бұл  ұйымдардың  жастардың  көкейтесті 

проблемаларын шешуге аз қатысатындығын білдіреді. 

Төменде  еліміздің  барлық  өңірлері  деңгейіндегі  саяси 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

67

7-тарау. Жастар қоғамдық-саяси процестерде

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

федерациясының қызметіне қатысуы.

Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтар  федерациясы 

деректеріне 

сәйкес, 

бүгінгі 

таңда 

Қазақстандағы 

кәсіподақтар  –  республикалық  деңгейдегі  26  салалық 

кәсіподақ және өңірлердегі 14 облыстық кәсіподақ кеңестері 

мүдделерін  2,2  миллион  адам  ұсынады.  Қазақстан 

Республикасы  Кәсіподақтар  федерациясы  жүйесіндегі 

кәсіподақ  мүшелерінің  арасында  жас  жұмысшылар  33  %  

(718  564  адам)  құрайды.  Көптеген  мүшелік  ұйымдарда, 

ірі  кәсіподақтарда,  сондай-ақ  еліміздін  Кәсіподақтар 

федерациясында жастармен жұмыс жөніндегі комиссиялар 

мен кеңестер құрылған және қызмет етеді. 

Жұмысшы  жастардың  мүдделерін  қорғауға  ұжымдық 

шарттар  ықпал  етеді.  01.09.2013  ж.  республикада  58  081 

ұжымдық  шарт  жасалған,  яғни  ұйымдардың  ұжымдық 

шарттармен  қамтуы  жалпы  шаруашылық  субъектілері 

санының        35,4 %-ын құрайды (қызмет ететін кәсіпорындар 

саны  –  164  005).  Кәсіподақтар  құрылған  ұйымдардың  

96,1  %-ында  жұмыс  берушілермен  ұжымдық  шарттар 

жасалған.  Кәсіподақ  қызметтері  жұмысшы  жастардың 

мүдделерін қорғауға бағытталған, бұл жастардың әлеуметтік-

экономикалық бейімделуі процесіне тартылуына ықпал етеді.  

Жастардың саяси партиялар қызметіне қатысуы.

Жастар «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар 

қанатының қызметіне өте белсенді атсалысады. 2009 жылы 

ұйым мүшелерінің саны 160 мың адамды құрады, 2010 жылы 

–  177  мың  адам,  2011  жылы  –  190  мың  адам,  2012  жылы 

–  200  мыңнан  астам  [1].  Жергілікті  атқарушы  органдардың 

ресми  деректері  бойынша  қазіргі  сәтте  партияның 

жастар  қанатында  220  мыңнан  астам  жас  тұлға  тіркелген. 

Республиканың  саяси  сахнасында  тек  «Нұр  Отан»  ХДП 

жастар  қанатының  ғана  барлық  облыстарда  тармақталған 

желісі  бар  және  жастардың  басым  бөлігін  қамтиды.  Басқа 

партиялар  жалпы  республика  және  өңірлер  бойынша  жас 

мүшелер санының есебін тұрақты түрде жүргізбейді.

Жергілікті  атқарушы  органдардың  деректері  бойынша, 

облыстардағы  жастар  «Нұр  Отан»  ХДП,  «Ауыл»  ҚСДП, 

Қазақстанның  патриоттар  партиясының,  Қазақстанның 

7.4-сурет

Қазақстан жастары белсенділігінің саяси картасы

* Карта ҚР БҒМ, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, 

жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылған 

деректер негізінде жасалды

1

3

4

5

10

9

8

7

6

14

13

Алматы

12

11

2

8 адам

17,71 мың

8,5 мың

70 адам
30 адам

30 адам

70 адам

9,001 мың
800 адам
90 адам
35 адам

150 адам
1,05 мың

 1,5 мың

300 адам

150 адам

10 адам
30 адам

3 адам

6 адам

12 адам
2 адам

Астана

«Нұр Отан» ХДП
«Ауыл» ҚСДП
Қазақстанның патриоттар партиясы
Қазақстанның коммунистік партиясы
«Бірлік» саяси партиясы
ЖСДП
«Ақ жол» ҚДП
Қазақстан коммунистік халықтық партиясы

4,044 мың

11,865 мың

3,322 мың
476 адам
20 адам

362 адам
1,05 мың

 3,55 мың

3,222 мың

6 адам
5 адам

6 адам
5 адам

8,606 мың

31 адам
16 адам

6 адам
10 адам

17,199 мың

6,413 мың

15 адам
8 адам

21,371 мың

16 адам
14 адам

14 адам

16,568 мың

17,947 мың
2 мың
10 адам

6 мың

10 адам

3 адам

23 мың

1,371 мың

10 адам
3,91%
7 ұйым

18,749 мың
12 адам

15 адам
3 адам

9,998 мың
2,845 мың

7 адам

102 адам

11 адам
7 адам

18 ұйым

8 ұйым

468 ұйым

34 ұйым

1 ұйым

14 ұйым

22 ұйым

471 ұйым

20 ұйым

29 ұйым

14 ұйым

9 ұйым

514 ұйым

Барлық деңгейлердегі мəслихаттарда 
жас депутаттардың (20-29 жас) саны
Барлық деңгейлердегі жас əкімдердің 
жəне олардың орынбасарларының (18-29 жас) саны
Этномəдени бірлестіктердегі жастар
Балалар ұйымдары

25,3%

Алматы

17,544 мың
707 адам
1 адам
35 адам
3 адам

80 ұйым

7,7%

25%

2,3%

Астана

18,239 мың
1,5 мың

2,96 мың

16 адам

1 адам

45 ұйым

18,7%

45,8%

12%

16,7%

21,5%

40%

22,6%

1. Батыс Қазақстан облысы

2. Атырау облысы

3. Ақтөбе облысы  

4. Маңғыстау облысы

5. Қызылорда облысы

6. Қостанай облысы

7. Солтүстік Қазақстан облысы

8. Ақмола облысы

9. Павлодар облысы

10. Қарағанды облысы

11. Оңтүстік Қазақстан облысы

12. Жамбыл облысы

13. Алматы облысы

14. Шығыс Қазақстан облысы

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

68

7-тарау. Жастар қоғамдық-саяси процестерде

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы

білдірмейтіндігін көрсетеді (7.6-сурет).

Ауылдық  жерлердегі  әкімшілік  қызметшілер  санының 

ең  жоғары  көрсеткіші  Алматы  облысында  (459),  ең  төменгі 

көрсеткіші  Атырау  облысында  (105  адам),  Өскемен  қаласында  

(253 адам) және Қызылорда қаласында (115 адам). Қостанай 

облысы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны бойынша 

көш басында тұр – 693, саяси қызметшілер – 16, әкімшілік 

қызметшілердің  ең  төмен  саны  Қызылорда  облысында  –  

223 адам, Алматы және Астана қалаларының әрқайсысында 

1 саяси қызметшіден бар. Егер республикалық маңызы бар 

Астана  және  Алматы  қалаларын  салыстыратын  болсақ, 

тиісінше 272 және 357 (7.7-сурет).

коммунистік 

партиясының, 

«Бірлік» 

партиясының, 

ЖСДП,  «Ақ  жол»  ҚДП,  Қазақстан  коммунистік  халықтық 

партиясының мүшелері болып табылады (7.4-сурет). Барлық 

8 партияның тек Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында ғана 

жас мүшелері бар. 

Ақтөбе  облысында  «Нұр  Отан»  ХДП  мүшелер  саны 

жағынан  аздап  басымдыққа  ие  (4,044  мың).  «Ауыл»  ҚСДП 

(3,322  мың),  «Ақ  жол»  (3,55  мың),  ҚКХП  (3,222  мың) 

мүшелерінің саны шамалас.

Астанада «Нұр Отан» ХДП, «Ауыл» ҚСДП, «Ақ жол» ҚДП 

және  ҚКХП,  Алматыда  «Нұр  Отан»  ХДП,  Қазақстанның 

патриоттар  партиясының,  ҚКХП  және  «Ақ  жол»  ҚДП  жас 

мүшелері бар.

Осылайша,  жастардың  саяси  партиялардағы  қызметі 

олардың  елдің  қоғамдық-саяси  өміріне  белсенді  араласу 

ниетін білдіреді.

Әлеуметтік  сауалнама  деректері  бойынша,  барлық 

партиялардың  ішінде  жастар  арасындағы  ең  танымалы 

«Нұр  Отан»  ХДП  болып  табылады  (40  %)  (7.5-сурет). 

Екінші  орында  «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы  тұр  

(22 %). Жастар арасында танымалдығы бойынша ең төменгі 

сатыдағылар: Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия 

(4  %),  «Бірлік»  саяси  партиясы  (4  %)  және  Қазақстанның 

коммунистік партиясы (4 %).

Жастардың  мемлекеттік  басқару,  жергілікті  басқару 

органдарының  қызметіне  қатысуы  жастар  арасындағы 

проблемаларды  шешуге  ықпал  ететін  қажетті  шешімдерді 

қабылдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері 

агенттігінің  ресми  деректеріне  сәйкес,  республикада 

21946 жас саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметші бар  

(29 жасқа дейін), 90 – саяси,  21856 – әкімшілік. 14 476 адам 

немесе  65,9  %  (жас  мемлекеттік  қызметшілердің  жалпы 

санынан)  орталық  мемлекеттік  органдарда  қызмет  етеді. 

14 474 – әкімшілік, 2 – саяси лауазымда, соның ішінде ҚР 

Мәжілісі  Аппаратында  –  35-і  еңбек  етеді.  Бұл  жастардың 

өңірлерде мемлекеттік қызмет тәжірибесін жинақтауға ниет 

7.5-сурет

Жастардың əлеуметтік сауалнама нəтижелері 

(«Жастар» ҒЗО деректері бойынша %-бен)

«Нұр Отан» ХДП

«Ақ жол» ҚДП

«Азат» ҚДП

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы

«Ауыл» ҚСДП

Қазақстанның патриоттар партиясы

«Бірлік» партиясы

ЖСДП

Қазақстанның коммунистік партиясы

40

22

8

7

6

5

4

4

4

“Сіз төменде берілген партиялардың 

қайсысын білесіз?”

7.6-сурет

Əкімшілік жəне саяси қызметшілер 

арасындағы жас мемлекеттік қызметшілердің 

(29 жасқа дейін) үлесі

Орталық мемлекеттік 

органдар

Əкімшілік

Саяси

соның ішінде 

ҚР Мəжілісі Аппараты

14 474

2

35

7.7-сурет

Əкімшілік жəне саяси қызметшілер 

арасындағы жас мемлекеттік 

қызметшілердің (29 жасқа дейін) үлесі

8

5

14

1

3

3

8

16

5

2

7

10

3

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Астана қаласы

Алматы қаласы

609

231

370

486

186

295

661

188

459

273

166

105

1

408

156

249

349

149

197

618

295

315

709

250

443

228

108

115

302

154

146

543

221

322

505

192

306

515

199

306

633

253

377

273

272

1

358

357 1

Барлығы

Қала

Ауыл

Əкімшілік

Саяси

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     2      3      4      5     ..

 

 

 

 

источники информации - http://www.akorda.kz/ru