Главная Учебники - Разные Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2013»
поиск по сайту правообладателям
|
|
|
содержание .. 1 2 3 4 ..
37 4-тарау. Жастар өміріндегі білім және ғылым «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы 2011-2012 жылдары ҰБТ орташа баллы 86,7-ден 70,9-ға дейін күрт төмендеуінен кейін ағымдағы жылы республика бойынша орташа баллдың 74,5-ке дейін артуының оң динамикасы байқалды. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандандырылған білім беру мекемелері іске асыратын орта білім бағдарламаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын беру мүмкіндігі қарастырылған. Республикалық комиссияның шешімімен 2013 жылы 1 275 бала «Өркен» білім беру грантының иегері атанды, 1 829 үміткер резерв тізіміне енгізілді [4]. 2012-2013 оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде 1 134 018 адам қамтылды, олардың ішінде 14-20 жастағы жастар 1 057 201 адамды құрайды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, типтік жастағы (14-20 жас) жастарды ТжКБ жүйесімен қамту көрсеткіші 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 55,6 %-ды құрайды. Алдағы 3-5 жыл ішінде жоғары сынып жасындағы (14 және одан жоғары) жастар санының азаюы болжанатындығына байланысты техникалық және кәсіби біліммен қамту көрсеткішінің төмендеуі күтіледі. 2012 жылы ТжКБ ұйымдары контингентінің негізгі бөлігін 16-18 жас аралығындағы жастар, яғни 9 және 11-сынып базасында ТжКБ ұйымдарында білім алған жастар құраған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, бұл жас санатына 913 116 білім алушы немесе ТжКБ ұйымдарының 14-29 жастағы барлық контингентінің 80,5 %-ы жатады. Бұл үрдіс соңғы 5 жыл көлемінде сақталуда. Мәселен, 2007 жылдан бастап республика мектептеріндегі 9-сынып түлектерінің жартысына жуығы ТжКБ ұйымдарына оқуға түседі: 2007 ж. – 46,6 %, 2008 ж. – 50,4 %, 2009 ж. – 47,6 %, 2010 ж. – 41,5 %, 2011 ж. – 42,3 %. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, 11-сынып түлектері қатарынан ТжКБ жүйесінде шамамен ¼ бөлігі оқуын жалғастырады: 2007 ж. – 24,4 %, 2008 ж. – 25,7 %, 2009 ж. – 23,9 %, 2010 ж. – 25,9 %, 2011 ж. – 26,49 %. Техникалық және кәсіби білім беру сапасын бағалаудың негізгі критерийі түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші болып табылады. 2012-2013 академиялық жылында ТжКБ ұйымдарын 135 773 адам бітіріп шықты, оның ішінде 57 % немесе 77 487 адам мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқыған. 2012 жылы ТжКБ ұйымдары түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 66,7 %-ды құраған, атап айтқанда мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен білім алған түлектер қатарынан 58 527 адам немесе 75,5 % жұмысқа орналастырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, соңғы 3 жыл ішінде ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру түлектердің жалпы санының 5,3 %-ына артты. 2013 жылы жұмысқа орналастырудың ең жоғары көрсеткіштері Қарағанды (85,8 %), Ақтөбе (74,9 %), Ақмола (74,8 %), Павлодар (75,4 %) облыстарында байқалды. Кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алғандардың қатарынан көбіне ТжКБ мекемелерінің техникалық (81,1 %), технологиялық (78,8 %), ауыл шаруашылығы (70,3 %) мамандықтарының және қызмет көрсету саласындағы кәсіптер (71,5 %) бойынша түлектері жұмысқа орналастырылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2012 жылы жоғары оқу орындарында 571 691 адам білім алса, оның ішінде 17-24 жас арасындағы жастар 493 651 адамды құрайды. Осылайша, типтік жастағы (17-24 жас) жастарды жоғары біліммен қамту 42,1 %-ды құрады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, жоғары білім беру жүйесінде 2012 жылы студенттер санының айтарлықтай азаюы байқалады. 2011 жылмен салыстырғанда ЖОО контингенті 54 816 адамға қысқарған. Объективті себептер қатарында ТжКБ мекемелері түлектерінің кешенді тестілеу қорытындысы бойынша төмен нәтижелер көрсеткендігін атап өтуге болады. Мысалы, 2012 жылы қатысушылардың 72,5 %-ы шекті 50 балл деңгейінен аса алмаған. Ең жоғары көрсеткішке (90-100 балл) КТ қатысушылардың тек 1,6 %-ы қол жеткізген. Осылайша, 2012 жылы КТ қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына ТжКБ мекемелері түлектерінің тек 27,5 %-ы ғана қатысу мүмкіндігіне ие болған [5]. Студенттер контингенті санының азаюына ҰБТ қорытындысының төмен нәтижелері ықпал ететініне әлеуметтік зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Осы баяндаманы дайындау алдында жүргізілген жаппай сауалнамаға 1600 респондент қатысты. Олардың 43 %-ы – білім алушы жастар, соның ішінде мектеп оқушылары – 13,3 %, колледждер оқушылары – 15,3 %, ЖОО студенттері – 14,4 % (4.4-сурет). Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан студент жастардың басым бөлігі күндізгі бөлімде ақылы негізде білім алады. Студенттердің үштен бір бөлігінен астамы (34 %) бұл жағдайды ҰБТ/КТ өту кезінде жеткіліксіз балл жинағандығымен түсіндіреді. Студенттердің ақылы 4.4-сурет Жастардың əлеуметтік сауалнама нəтижелері («Жастар» ҒЗО деректері бойынша, %) “Сіз оқисыз ба?” Жоқ Иə 57 43 «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым- білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты |