Главная Учебники - Разные Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2013»
поиск по сайту правообладателям
|
|
|
содержание .. 3 4 5 6 ..
69 7-тарау. Жастар қоғамдық-саяси процестерде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2013» ұлттық баяндамасы Электораттық белсенділік.
Пассивті және белсенді сайлау құқығын іске асыру тұрғысынан жастардың саяси қатысуы динамикасы туралы сөз қозғағанда оң үрдістерді байқауға болады. ҚР ОСК жүргізген зерттеулерге сәйкес: «... ҚР Президентін соңғы сайлауға қазақстандық жастардың 87 %-ы қатысқан, бұл 2005 жылы өткен сайлау көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары...». Сонымен қатар, жас депутаттар санының артқандығы байқалады: егер 2007 жылы олардың саны 51 % болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 65 %-ға дейін артқан [2]. «Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері оған қатысқан жастардың жартысынан көбі (53 %) бір кезде сайлауға қатысқанын көрсетеді (7.9-сурет). Жас ерекшелігінің шектеуі бойынша респонденттердің ¼-інің сайлауға қатысу мүмкіндігі болмаған. Сауалнама кезінде әрбір оныншы жас азаматтың сайлауға қатыспағаны белгілі болды. Біріншіден, бұл жастарға қызықты емес, екіншіден, олар өткізіліп жатқан сайлаулардың әділдігіне сенімсіздікпен қарайды. Жастардың сайлау рәсімдеріне өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі ретінде сенімсіздік білдіруі, олардың өз мүдделерін ұсынудың басқа өркениетті нысандарына сенуі мемлекеттік органдардың сайлау институтына сенімді арттыру мақсатында белсенді ақпараттық қызметті жүргізу қажет екендігін көрсетеді. Жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында айтарлықтай қозғау салды: «...бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз» [3]. Бұл тұрғыдан алғанда барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар (20-29 жас) өкілдерін талдау қызығушылық тудырады. 7.10-суретте жас депутаттардың саны Қостанай облысында басым екендігін көруге болады. Астанада мәслихат депутаттығына үміткер жастардың ешқайсысына сенім білдірілмеген. Бұның себебі Елордада жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесін мемлекеттік басқару, Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, өкілді және атқарушы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, этномәдени орталықтардың жұмысына қатысуының қарастырылып отырған өлшемдері бойынша екі мегаполистің жастарының саяси белсенділігі төмен (7.7-сурет). ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректері бойынша 29 жасқа дейінгі «А» корпусының кадрлық резервінде тұрған адамдардың саны – 2, бұл кадрлық резервте тұрған адамдардың жалпы санының 0,2 %-ын құрайды (7.8-сурет). 29 жасқа дейінгі «А» корпусы лауазымына тағайындал- ғандардың саны – 11 адам, бұл «А» корпусы лауазымына тағайындалғандардың жалпы санының 2,3 %-ын құрайды. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік қызметшілердің жоғары корпусындағы жастар өкілдерінің үлесі төмен, бұл осы әлеуметтік санат тұлғаларының жас ерекшеліктеріне және мемлекеттік басқаруда тәжірибенің жеткіліксіздігіне байланысты. Сіз сайлауға қатысқансыз ба? 7.9-сурет Жастардың əлеуметтік сауалнама нəтижелері («Жастар» ҒЗО деректері бойынша %-бен) Иə, қатыстым Жоқ, мен кəмелеттік жасқа толған жоқпын Жоқ, себебі маған бұл қызықты емес Жоқ, себебі мен сайлаулардың əділдігіне сенбеймін 53 25 11 11 7.10-сурет Барлық деңгейлердегі мəслихаттарда жастардың (20-29 жас) саны Астана қаласы Алматы қаласы Ақтөбе облысы Атырау облысы Қызылорда облысы Солтүстік Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысы Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстан облысы Павлодар облысы Маңғыстау облысы Қарағанды облысы Ақмола облысы Шығыс Қазақстан облысы Алматы облысы Қостанай облысы 0 3 6 6 6 6 8 10 10 11 12 14 15 15 16 31 7.8-сурет «А» корпусында кадрлық резервте тұрған жəне «А» корпусы кадрлық резервінен қызметке тағайындалған 29 жасқа дейінгі тұлғалардың саны туралы ақпарат «А» корпусында кадрлық резервте тұрған 29 жасқа дейінгі адамдар саны «А» корпусындағы қызметке тағайындалған 29 жасқа дейінгі адамдар саны Кадр резервінде тұрған адамдардың жалпы санынан үлесі (%) «А» корпусы қызметіне тағайындалған адамдардың жалпы санынан үлесі (%) 2 11 2,3 0,2 |