5 Т
АР
АУ
Ж
АСТ
АР ӨМІРІНДЕГІ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ
68
«Жастар»
ғылыми-зерттеу орталығы
«Қазақстан жастары — 2016» ұлттық баяндамасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Балаларды қорғау комитетінің кәмелеттік
жасқа толмаған жетім-балалар мен ата-ананың қа-
раусыз қалған балалар маңызды жұмыстар атқарған.
2016 жылдың 9 айы ішінде жетім-балалар мен ата-
ананың қараусыз қалған балаларға арналған білім
беру мекемелерінің жүйесінде 4 мекеме қысқарды.
2016 жылы 9 айы ішінде отбасыларға, 2015 жылдың
қарағанда, 38%-ға артық жетім-балалар орналасты-
рылды.
Қазақстан Республикасында білім алуға барлық
тұрғынға мүмкіндік жасалған, соның ішінде мүмкіндігі
шектеулі балаларға. 2016 жылы Қазақстан Республи-
касында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 100
арнайы мектеп, 38 арнайы балабақша, 55 психологи-
ялық - медико-педогогикалық кеңес беру, 142 психо-
логиялық - педагогикалық реттеу,13 қалпына келтіру
орталығы, 734 логопед пункттері ашылған.
ҰБТ-ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің ортақ
көрсеткіштері соңғы 5 жыл ішінде өсіп келеді: 2012
жылғы 70,9 баллдан 81,2 баллға өскен.
ЖОО — 29 (93,5%); біріккен ЖОО — 14 (93,3%); Халықа-
ралық ЖОО — 1 (100%); жеке ЖОО — 20 (36,3%).
БСҚҚТА-да институттық аккредиттеуден 46
қазақстандық ЖОО өтті, олардың ішінде: ұлттық
ЖОО — 4; мемлекеттік ЖОО — 16; біріккен ЖОО — 10,
жеке ЖОО — 15; АРТА-да 26 ЖОО өтті, олардың ішін-
де: ұлттық ЖОО — 4; мемлекеттік ЖОО — 13; біріккен
ЖОО — 4, жеке ЖОО –5.
2016-2019 жылдарға арналған Білім мен
ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына
сай, Қазақстанда 2015 жылы зерттеу университетін
дамыту жалғасты. Қазақстанда зерттеу университет-
терін құру Елбасының инновациялық экономиканы
қалыптастыру бойынша бағытының сүбелі жалғасы.
Оның жүзеге асуы елдің шикізат экспортына тәуел-
ділігінен арылуын және қайта өңдеу, интеллектке
бағытталған ғылымды қажет ететін салалардағы
дамудың жоғары динамикасын қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы зерттеу университетінің алғашқы
үлгісі «Назарбаев Университет» болып табылады.
Бұл — білім беру, ғылым және өндірісті өзара инте-
грациялау, тиімді академиялық орта қалыптастырып,
отандық ғылыми құрылымдардың әлемдік ғылыми
кеңістікке енуі үшін жағдай жасау мақсатында Пре-
зидент бастамасымен құрылған халықаралық жоғары
оқу орны [17].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың
19 желтоқсанындағы «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ
Ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммер-
циялық емес акционерлік қауымдастығын құру
мәселелері туралы» №1330 Қаулысына сәйкес,
Білім және ғылым министрлігінің от 2015 жылдың
12 қаңтарындағы №6 бұйрығымен «ҚазҒЗТУ» КеАҚ
Құру шараларының жоспары бекітілді. Жаңа ұйымда-
стырушылық құрылымда ондаған оқу және зерттеу
институттары, мыңнан аса оқымыстылар — академик,
ғылым докторлары мен кандидаттары жұмылды-
рылған. Олар айналысатын өзекті ғылыми-техникалық
мәселелер шеңберіне арнайы физикалық-механика-
лық ерекшеліктері бар наноқұрылымдық материал-
дарды өндіру; түсті метал рудаларын өндіру және
қайта өндірудің инновациялық технологияларын
өндіріске енгізу; пласттық мұнай өнімдерін өндірудің
жаңа технологияларын дайындау және т.б. кіреді.
Қазақстан Президенті қазіргі жағдайда ел экономи-
касы кәсіби дайындығы жоғары кадрлар, әсіресе
инжинерлік-техникалық бағдардағы мамандарды
қажет етіп отырғандығын тілге тиек ете отырып, жаңа
университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын
салуды міндеттеді.
***
Жағымды жайт дарынды балаларға арналған мек-
тептердің саны көбеюі, 2016 жылы «Дарын» мектеп-
терінің жүйесін құраушы 122 мектеп бар.