|
|
|
содержание .. 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ..
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ СЫЙАҚЫЛАР
8. Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді: (а) жұмысшыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;
(b) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты);
(с) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;
(d) осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен және ақысыз немесе күні белгіленген тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты). 9. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды есепке алу әдетте оңай, себебі міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін актуарлық жорамалдарға жол берілмейді, және компанияда актуарлық пайданың немесе залалдың пайда болуы мүмкін емес.
Тану және бағалау
Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар
10. Есеп беру кезең ішінде қызметкер компанияға қызмет көрсеткен кезде компания осы:
(а) кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың). Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, компания осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек; және (b) активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты сол сыйақылар сомаларын есептемегенде шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2-«Босалқылар» IAS және 16-«Негізгі құралдар» IAS)
қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
11, 14 және 17-параграфтарда компанияның бұл талаптардың төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларға қалай қолданылуы тиіс екені түсіндіріледі.
Қысқа мерзімді төленетін демалыстар
11. Компания 10-параграфқа сәйкес қызметкерлерге төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай: (а) жинақталатын ақы төленетін демалыс кезінде – болашақ ақы төленетін демалысты пайдалануға қатысты олардың құқықтарын күшейтетін қызметкерлердің қызмет көрсету кезінде; (b) жинақталмайтын ақы төленетін демалыс кезінде – тікелей демалыс басталған кезде тануы тиіс.
12. Қомпания қызметкерлердің әр түрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынғы демалыс жағдайын, ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берген заседатель ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді: (а) жинақталатын; және (b) жинақталмайтын.
13. Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланбаған болса, олардың мерзімі кейінгіге жылжытылып және келесі кезеңдерде пайдалануға болады. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады. Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады. 14. Компания жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.
15. Алдыңғы параграфта анықталған әдіске сәйкес міндеттеме тек қана ерекшелік ретінде төлемдердің жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда компанияда пайдаланбаған ақысы төленетін демалыстарға қатысты елеулі міндеттемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келу үшін толық есептеу қажеттілігі жоқ. Мысалы, ауруына байланысты демалысқа қатысты міндеттеме ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс ақысы төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін формальды немесе формальды емес болжауға негіз болған жағдайда ғана маңызды болады.
14 және 15-параграфтарды көрнекілендіретін мысал
Компанияда 100 қызметкер жұмыс істейді. Әрқайсысы ұзақтығы бес жұмыс күні болатын ауруына байланысты ақысы төленетін жыл сайынғы демалысқа құқығы бар. Ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс бір жылға кейінгіге жылжытылуы мүмкін. Ауруына байланысты демалыс, ең алдымен ағымдағы жылға қатысты күн есебінен алынып, одан кейін алдыңғы жылдан жылжытылған пайдаланбай қалған демалыс есебінен алынады (ЛИФО негізінде). 20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша орташа есеппен ауруына байланысты ақысы төленетін пайдаланбаған демалыс бір қызметкерге екі күннен келді. Негізгі тенденциялары болашақта сақталуы болжанатын өткен тәжірибе негізінде компания 20Х2 жылы ауруына байланысты ақысы төленетін демалысты 92 қызметкердің бес күннен көп алмайтынын, ал қалған сегізі орта есеппен әрқайсысы алты жарым күннен алатынын күтеді.
20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша жиналған демалысты пайдаланбау нәтижесінде компания қосымша ауруына байланысты 12 күн демалысты төлейтінін болжайды (әрбір сегіз адамға шаққанда бір жарым күннен). Осылайша компания ауруға байланысты демалысты 12 күн көлемінде төлеу міндеттемесін таниды.
16. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар болашақ кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда олар жойылады, және қызметкерлерге пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты. Компания қызметкер көрсеткен қызметіне сыйақы сомасының көбеюіне әкеліп соқтырмайтындықтан, демалыс кезеңі басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды.
Пайдаға және сыйлықаға қатысу жоспары
17. Компания 10-параграфқа сәйкес пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін шығындарды:
(а) компанияның ағымдағы немесе шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және (b) міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс.
Ағымдағы міндеттеме компанияның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.
18. Пайдаға қатысудың кейбір жоспарлары бойынша қызметкерлер белгіленген кезең ішінде компанияда жұмыс істеуге қалған жағдайда ғана пайда үлесін алады. Осындай жоспарлар, егер қызметкерлер белгіленген кезең аяқталғанға дейін компанияда жұмысын жалғастырып, олар төлеуге тиісті соманы ұлғайтатын қызметтерді көрсеткендіктен, жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты жүктелген міндеттемені бағалау кейбір қызметкерлердің тиісті пайда үлесінсіз жұмыстан кету мүмкіндігін ескереді.
18-параграфты көрнекілендіретін мысал
Пайдаға қатысу жоспарына сәйкес компания ағымдағы жыл ішінде жұмыс істеген қызметкерлерге жыл ішіндегі оның таза пайдасының белгілі бір бөлігін беруі тиіс. Жыл ішінде қызметкерлердің ешқайсысы жұмыстан шықпаса, онда пайдаға қатысу жоспары бойынша төлемдердің жалпы сомасы бір жылдың таза пайдасының 3% құрайды. Компания кадр тұрақсыздығы таза төлем пайдасының 2,5% дейін қысқаратынына сенімді.
Компания таза пайданың 2,5% мөлшеріндегі міндеттемені және шығысты таниды.
19. Компания сыйлықақыларды төлеуге заңды міндеттемелерінің болмауы да мүмкін. Алайда, кей жағдайларда компанияда сыйлықақыларды төлеу тәжірибесі болуы да мүмкін. Осындай жағдайларда компанияның сыйлықақыларды төлемеуге нақты мүмкіндігі болмағандықтан, жүктелген міндеттемесі болады. Жүктелген міндеттемені бағалау бұл жағдайда кейбір қызметкерлердің компаниядан сыйлықақы алмай кету мүмкіндігін есептейді. 20. Компания өзінің заңды түрдегі және жүктелген міндеттемелерін мынадай жағдайларда ғана сенімді бағалауы мүмкін:
(а) жоспардың белгіленген талаптарының ішіне сыйақы шамасының анықтама формулалары кіргенде; (b) компания қаржы есептілігін шығаруға бекіткенге дейінгі төленуі тиіс сыйақы көлемін анықтағанда; не (с) өткен жылдар тәжірибесі компанияның жүктелген міндеттемесінің шамасын нақты анықтауға мүмкіндік бергенде.
21. Пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша міндеттемелер компания иеленушілермен мәміле нәтижесіне емес, қызметкерлердің көрсеткен қызметіне байланысты шығады. Сондықтан да компания пайдаға қатысу және сыйлықақыны төлеу жоспары бойынша жұмсалған шығындарды таза пайданы бөлу ретінде емес, шығыс ретінде таниды.
22. Егер пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша төленуі тиісті сома қызметкерлердің қызметтерді көрсеткен кезеңі аяқталғаннан кейінгі 12 ай ішінде толықтай төленбесе, олар қызметкерлерге берілетін басқа ұзақ мерзімді сыйақыларға жатқызылады (126-дан бастап 131-ге дейінгі параграфтарды қараңыз).
Ақпаратты ашу
23. Осы Стандарт қызметкерлерге қысқа мерзімді төленетін сыйақыларға қатысты ақпаратты арнайы ашып көрсетуді талап етпейтініне қарамастан, оны басқа Стандарттар талап етуі мүмкін. Мысалы, 24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS Халықаралық стандарты негізгі басқарушыға төлемдер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандарты қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды ашып көрсетуді талап етеді.
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫ: БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАРНАЛАРЫ БАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ТӨЛЕМДЕРІ БАР ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖОСПАРЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ
24. Еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға, мысалы: (а) зейнет демалысына шыққан кездегі зейнетақылар сияқты сыйақылар; және
(b) еңбек қызметінің аяқталуы бойынша жұмыс істеу кезеңінің аяқталуы бойынша өмірді сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету сияқты басқа да сыйақылар жатады. Компания осыған сәйкес еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыны қамтамасыз ететін келісім еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақы жоспары деп аталады. Компания осы Стандартты, олардың жарналар алуы немесе зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруы үшін жеке заңды тұлға құруды көздейтін-көздемейтіндігіне қарамастан, осы сияқты барлық келісімдерге қолданылады.
25. Зейнетақы жоспарлары оның негізгі талаптарынан келіп шығатын жоспардың экономикалық мазмұнына байланысты белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларына және белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларына бөлінеді. Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары бойынша: (а) компанияның заңды немесе жүктелген міндеттемесі қорға салуға оның келіскен сомасымен шектеледі. Осылайша, еңбек қызметінің аяқталуы бойынша қызметкердің алған сомасы компанияның (және қызметкер болуы мүмкін) жарна ретінде алынған қаржы инвестицияларына табыс жиынтығында зейнетақы жоспары немесе сақтандыру компаниясына төленген жарна сомасымен анықталады; және
(b) осының салдарынан актуарлық тәуекел (сыйақылар күтілгеннен аз болуын) және инвестициялық тәуекел (инвестициялық активтердің болжанып отырған сыйақылардың қамсыздандыру үшін жеткіліксіз болуын) қызметкерге жүктеледі.
26. Компанияның заңды түрдегі немесе жүктелген міндеттемесі болған жағдайда қорға салуға келісімін берген компания міндеттемесі сомасымен шектелмейтін жағдайға мысал:
(а) тек жарналармен ғана байланысты емес зейнетақы жоспары бойынша төлеу формуласымен;
(b) зейнетақы жоспарлары арқылы не жанама, төлеуге арналған табыстың нақты мөлшері арқылы не тура кепілдігімен; не
(с) жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын сол қалыптасқан тәжірибе. Мысалы, тиісті заңды түрдегі міндеттеме болмаса да, инфляцияның ықпалын жою мақсатымен компанияда бұрынғы қызметкерлердің зейнетақысын көтеру дәстүрі қалыптасқан жағдайда жүктелген міндеттеменің пайда болуы мүмкін.
27. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларының талаптары бойынша:
(а) компания міндеттемесі жұмыс істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлерге келісілген сыйақы мөлшерін қамтамасыз етуден тұрады; және
(b) актуарлық тәуекел (сыйақы шығындары күтілгеннен көп болғандықтан) және инвестициялық тәуекел мәні бойынша компанияға жүктеледі. Егер актуарлық немесе нивестициялық тәжірибе мәліметтері күтілгеннен нашар болса, компания міндеттемесі ұлғаюы мүмкін.
28. Төменгі 29-дан 42-ге дейінгі параграфтар контекстегі жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарларының, мемлекеттік зейнетақы жоспарларының және сақтандырылған зейнетақы төлеулерінің белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларының арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары
29. Компания жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарларын жоспарға сәйкес (формальды жағдайлардың шегіне кіретін кез келген жүктеме міндеттемені қосқанда) белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспары немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары ретінде жіктеу тиіс. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспары белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары болып табылған жағдайда компания:
(а) өзінің белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттеменің пропорционалды үлесін, жоспар активтерін және осы сияқты кез келген басқа белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша жоспарға кіретін шығындарды есептеуі; және
(b) 120А-параграфқа сәйкес ақпаратты ашуы тиіс.
30. Қолда бар ақпараттың жұмыс берушілер тобының ұқсас жоспарына қатысты белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары үшін қолданылатын есеп әдісін пайдалануына жеткіліксіз болған кезде, компания:
(а) оның белгіленген жарналары бар жоспар болып табылғандағыдай, 44-46-параграфтарға сәйкес жоспарды есептеуі тиіс; және
(b) мыналарды ашуы тиіс:
(і) жоспар белгіленген төлемдері бар жоспар болып табылатын ақпаратты; және (іі) белгіленген төлемдері бар жоспар әдісі бойынша есеп әдісін жүргізуге ақпараттың жетіспеу себептерін; және
(с) зейнетақы жоспарындағы өсуі немесе тапшылық болашақ төлеу сомасына қаншалықты әсер ету мүмкін болса, соншалықты деңгейде қосымша мыналарды:
(і) көрсетілген өсу немесе тапшылық жөніндегі кез келген қолда бар ақпаратты;
(іі) өсуді немесе тапшылықты анықтау кезінде пайдаланылған базаны; және
(ііі) мұндайлар болған жағдайда компанияға келтірілген зардабын ашу.
31. Төменде жұмыс берушілер тобының белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарынан бір мысал келтірілген:
(а) жоспар бөлу әдісімен қаржыландырылады, ол мынаны білдіреді: жарна осы кезеңде есептелген зейнетақыларды төлеу үшін жеткілікті болып табылатын деңгейде белгіленеді; осы кезеңде істелген жұмысқа есептелетін зейнетақы болашақ жарналардан төленеді; және (b) қызметкерлердің еңбекақысы олардың жұмыс стажының ұзақтығымен айқындалады, ал жоспарға қатысатын компанияны, компанияның жоспардан шыққан сәтіне дейін қызметкерлердің істеген жұмысына есептелетін зейнетақыларды қамтамасыз ету үшін жарналарды төлемейінше, жоспардан шығаратын нақты тәсіл жоқ. Мұндай жоспар компания үшін актуарлық тәуекел жасайды: есепті кезеңде істеген жұмысына есептелетін зейнетақының жиынтық мөлшері күтілетіннен жоғары мөлшерде болса, компания оның жарнасын көтеруге немесе төменгі зейнетақыға келісу үшін қызметкерді көзін жеткізуге мәжбүр болады. Осылайша, бұл жоспар төлемдер белгіленген зейнетақы жоспарын білдіреді.
32. Компанияда жұмыс берушілер тобының төлемдер белгіленген жоспар болып табылатын жоспарына қатысты жеткілікті ақпарат болған кезде, ол жоспар міндеттемелеріндегі, жоспар активтеріндегі және жоспарға байланысты еңбек қызметін аяқтағанда төлем жасауға арналған шығындарды өзінің теңбе-тең үлесіне төлемдер белгіленген кез келген басқа зейнетақы жоспары бойынша жүргізілетін есеп сияқты есеп жүргізеді. Алайда есеп жүргізу мақсаты үшін кейбір жағдайларда компания қаржылық жағдайдағы және жоспардың қаржылық көрсеткішіндегі өзінің үлесін бағалауға сенімділігі тиісті дәрежеде қабілетсіз болуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болуы мүмкін, егер:
(а) Компания осы Келісімнің талаптарын қанағаттандыруы ықтимал жоспар туралы ақпаратқа кіре алмайды; не (b) жоспарға қатысушы компанияларды жоспарға қатысушы жекелеген компаниялар арасында міндеттемелерді, активтерді және шығындарды бөлуге арналған жүйесі және сенімді базаның болмауы себепті қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және басқа компаниялардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелдерге ұшырайды.
Компания мұндай жағдайларда жоспар үшін есепті, егер осы жоспар жарналары белгіленген зейнетақы жоспары болып табылған жағдайдағы сияқты есеп жүргізеді және 30-параграфқа сәйкес талап етілетін қосымша ақпаратты ашады.
32А. Жұмыс берушілер тобы мен оның қатысушыларының зейнетақы жоспарының арасында жоспар активтерінің өсімін қатысушылар арасында қандай тәсілмен бөлуді (немесе тапшылықты қаржыландыруды) айқындайтын шарттық келісімдер жасалуы мүмкін. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарына осы жоспарды 30-параграфқа сәйкес белгіленген жарналары бар жоспар ретінде ескеретін осындай келісімі бар қатысушы осы шарттық келісімнен туындайтын активтер мен міндеттемелерді және одан туындайтын кірістер мен шығыстарды пайдаға немесе залалға тануы тиіс.
32В. 37-«Бағалау міндеттемесі, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS осы ұйымның белгілі бір шартты міндеттемелер туралы ақпаратты тануын немесе ашуын талап етеді. Жұмыс берушілер тобы жоспарының мазмұнында шартты міндеттемелер, мәселен, мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:
(а) басқа қатысушы ұйымдарға байланысты актуарлық залалдар, өйткені жұмыс берушілер тобы жоспарына қатысушы кез келген ұйым әрбір қатысушы ұйымның актуарлық жоспарын бөледі; немесе
(b) одан басқа ұйымдар шыққан жағдайда оның тапшылығын қаржыландыру бойынша міндеттеме жоспарында көзделген.
33. Жұмыс берушілер тобының жоспарлары бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларынан өзгеше болады. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары – бұл инвестициялау әкімшілік шығыстар мен инвестицияларды басқаруға арналған шығыстарды азайту мақсаттары үшін активтер пулын құру үшін біріктірілген, бірақ сонымен бірге әр түрлі жұмыс берушілердің талап ету құқықтары өз қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында бөлінген әр түрлі жұмыс берушілердің зейнетақы жоспарларының жиынтығы. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары есепке алу үшін қиындық келтірмейді, өйткені кез келген жеке жұмыс берушіге қолданылатын есепке алу тәртібі сияқты, оларға да осындай есепке алу тәртібін қолдану үшін әдетте олар туралы ақпарат жеткілікті, сондай-ақ көрсетілген бірлесіп басқарылатын жоспарлар қатысушы компанияларды жұмыс істеп жүрген және басқа компаниялардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелге ұшыратпайды. Осы Стандарттағы анықтамалар компанияның бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларын жоспардың талаптарына сәйкес (формальды талаптардың шегінен асатын кез келген жүктелген міндеттемелерді қоса алғанда) жарналары белгіленген жоспарлар және төлемдер белгіленген жоспарлар ретінде жіктеуін талап етеді.
содержание .. 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ..
|
|
|