Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 5

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары

   

 

34.    Жалпы басқаруда тұрған түрлі ұйымдар арасында, мысалы, негізгі және еншілес ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін төлемдер белгіленген жоспарлар жұмыс беруші топтардың жоспарлары болып табылмайды.

 

34А.             Мұндай жоспарға қатысушы ұйым, осы жоспарға тұтастай алғанда қолданылатын жол берулер негізінде 19-IАS сәйкес осы жоспар туралы тұтастай, бағаланған ақпарат алуға тиіс. Шарттық келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша тұтастай алғанда  19-IАS сәйкес бағаланған есептелген таза шығын жөніндегі мәлімделген саясат болған кезде, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде топ құрамындағы ұйымға есептелген осындай таза шығындарды төлемдер белгіленген жоспар бойынша оған тануға тиісті. Мұндай тану немесе саясат болмаған кезде төлемдер белгіленген жоспар бойынша  таза шығындар жоспарды қаржыландыру бойынша заңды міндет тиесілі топ құрамындағы сол  ұйымға танылуы тиіс. Топтың құрамындағы қалған ұйымдар өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде есепті кезең ішінде  өздері төлеген жарналарға тең мәндегі шығындарды тануға тиісті.

 

34В. Топтың құрамындағы әрбір ұйым үшін осындай жоспарға қатысу  байланысты тараппен операцияға теңестіріледі. Тиісінше, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде мынадай ақпарат ашуларды жүргізуге міндетті:

 

(а)    шарттық келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығынды есептеу саясаты не мұндай саясаттың болмау фактісін;

 

(b)    ұйым төлеуге жататын жарнаның шамасын анықтау саясаты;

 

(с)        егер ұйым төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығынды есептеудің есебін 34А-параграфына сәйкес жүргізсе, бұл 120-121-параграфтарда көзделген сияқты жоспар туралы барлық ақпаратты тұтастай ашу;

 

(d)       егер ұйым есепті кезең үшін төленуге жататын жарнаның есебін 34А-параграфына сәйкес жүргізсе, бұл 120А (b) – (e), (j), (n), (o), (q) және 121-параграфтардағы талаптарға сәйкес жоспар туралы ақпаратты тұтастай. 120А-параграфында талап етілетін басқа ақпарат ашулар жүргізілмейді.

 

35.       [жойылған].

 

Мемлекеттік зейнетақы жоспарлары

 

36.       Компания мемлекеттік зейнетақы жоспарын жұмыс берушілер тобының жоспары сияқты тануы тиіс (29 және 30-параграфтарды қараңыз).

 

37.       Мемлекеттік жоспарлар барлық компанияларды (немесе белгілі бір санаттағы, мысалы, нақты саладағы барлық компанияларды) қамту мақсатында заңнамалық тәртіпте жасалады және ұлттық немесе жергілікті үкімет немесе есеп беретін компания бақыламайтын және оның ықпалындағы емес басқа да органдар (мысалы, осы мақсат үшін арнайы құрылған  дербес агенттік) жүзеге асырады.  Компания жасаған кейбір жоспарлар міндетті зейнетақы ретінде қамтамасыз етеді, олар керісінше жағдайда мемлекеттік зейнетақы жоспарымен жабылады, сондай-ақ ерікті негізде қосымша зейнетақымен қамсыздандырылады. Мұндай жоспарлар мемлекеттік болып табылмайды.

 

38.       Мемлекеттік жоспарлар компанияның жоспарға сәйкес міндеттемелерінің сипаты бойынша  төлемдер белгіленген жоспар және жарналар белгіленген жоспар болып бөлінеді. Көптеген мемлекеттік жоспарлар белгіленген болып табылмайды:  жарналар осы кезеңге арнап есептелген зейнетақыларды төлеу үшін жеткілікті болып болжанатын деңгейде белгіленеді; ағымдағы кезеңде істеген жұмысына есептелген болашақ зейнетақылар болашақтағы жарналардан төленеді. Алайда мемлекеттік жоспарлардың көпшілігіне сәйкес компанияның болашақтағы зейнетақы  төлемдерін жүзеге асыруға заң жүзіндегі, сол сияқты жүктелген міндеттемелері де жоқ; оның жалғыз міндеттемесі – төлем мерзімінің басталуына орай жарна төлеу міндеттемесі болып табылады және, егер де компания мемлекеттік зейнетақы жоспарына қатысушыларды жалдауды тоқтатса, өз қызметкерлерінің өткен жылдардағы істеген жұмысына зейнетақы төлеу міндеттемесі пайда болады. Осы себепті мемлекеттік зейнетақы жоспарлары әдетте жарналары белгіленген жоспар ретінде қаралады. Алайда, сирек жағдайларда, мемлекеттік зейнетақы жоспары төлемдер белгіленген жоспар болып табылған кезде, компания 29 және 30 параграфтарда нұсқалған есебін жүргізу әдісін қолданады.

 

Зейнетақы төлемдерін сақтандыру

 

39.       Компания еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдер жоспарын қаржыландыру үшін сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Компания өзінде мынадай заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелер (тікелей немесе жоспар арқылы жанама) туындаған жағдайдан басқа кездері жарналары белгіленген жоспар сияқты жоспарды қарауға тиіс:

 

(а)        зейнетақыны төлеу мерзімдері басталған кезде қызметкерлерге тікелей зейнетақы төлеу; не

(b)        қызметкердің ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі қызметіне қатысты қызметкерге есептелген болашақтағы зейнетақыны сақтандырушы төлемеген жағдайда қосымша жарналар төлеуге.

Егер компания осы сияқты заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын болса, төлемдер белгіленген жоспарға ұқсас жоспардың есебін жүргізуге тиіс.

 

40.       Сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырылған зейнетақы компанияның зейнетақы міндеттемелерімен тікелей немесе автоматты түрде байланысты. Сақтандыру шарттарын көздейтін еңбек қызметінің аяқталуына байланысты төлемдер жоспарына қатысты өзге де белгіленген зейнетақы жоспарларына қатысты сияқты белгілеу және есепке алу жүйелері арасындағыдай айырма қолданылады.

 

41.       Компания, сол арқылы заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын сақтандыру полисі бойынша (не тікелей, не жоспар немесе болашақтағы сақтандыру сыйлықақыларын белгілеу тетіктері арқылы немесе сақтандырушымен байланыстырушы тарап ретінде) жарналарды төлеу арқылы еңбек қызметі аяқталуы бойынша зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелерді қаржыландырған кезде сақтандыру жарналарының төлемдері  жарналары белгіленген зейнетақы жоспары бойынша төлемдерге бара-бар емес. Осыдан келіп, компания:

(а)   жоспар активі ретінде белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисін таниды (7-параграфты қараңыз); және

(b)   өтемақы алу құқығы ретінде басқа да сақтандыру полистерін таниды (егер олар 104А-параграфында жазылған критерийлерді қанағаттандырған жағдайда).

 

42.    Сақтандыру полисі белгілі бір жоспарға қатысушының атына немесе жоспарға қатысушылар  тобына жазылған кезде және компанияның полис бойынша қандай да болмасын залалдың орнын жабуға қандай да болмасын заңды немесе жүктелген міндеттемесі болмаса, ол қызметкерлерге зейнетақы төлеу жөнінде  міндеттеме атқармайды, сақтандырушы зейнетақы төлеу бойынша жауапкершілікті жалғыз атқарады. Мұндай шарттар бойынша белгіленген сақтандыру шарттарын төлеу негізінде осы міндеттемені орындау мақсатында капитал салу ретінде емес, қызметкерлерге зейнетақы төлеу бойынша міндеттемені орындау ретінде қаралуға тиіс. Нәтижесінде компанияда бұдан былай активтер де, міндеттеме де болмайды. Осылайша, компания мұндай төлемдерді белгіленген жарналары бар жоспар ретінде есепке алады.

 

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕНЕТІН СЫЙАҚЫ: БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАРНАЛАРЫ БАР ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖОСПАРЛАРЫ

 

43.    Белгіленген жарналары бар жоспарды есепке алу өте қарапайым, өйткені есеп беретін компанияның міндеттемесі әрбір кезең үшін осы кезеңдегі жарналардың мөлшерінде айқындалады. Осыған орай міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін  актуарлық жол берулер талап етілмейді және компанияның ешқандай актуарлық пайда немесе залалды алу мүмкіндігі болмайды. Оған қоса міндеттемелер, қызметкерлер тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 айдың ішінде толық көлемде орындауға жатпайтын жағдайларды қоспағанда, дисконтталмаған негізде бағаланады.

 

Тану және бағалау

 

44.          Егер қызметкер кезең ішінде компанияға қызмет көрсетсе, компания осы қызметтердің орнына жарналары белгіленген зейнетақы жоспарына төленуге тиісті жарналарды тануға тиіс:

(а)        бұрын төленген барлық жарналарды шегере отырып, міндеттеме ретінде (есептелген шығыс). Егер бұрын төленген жарналардың сомасы  есепті күнге дейін көрсетілген қызметтер үшін есептелетін жарналардың шамасынан асып кетсе, компания мұндай асып кетуді аванстық төлем, мысалы, болашақта жасалатын төлемдерді қысқартуға немесе ақша қаражатын қайтаруға соқтыратындай шамада актив (аванстық шығыс) ретінде тануға тиіс; және

(b)        басқа Халықаралық қаржылық есептілік стандарты талап ететін немесе активтердің өзіндік құнына қосуға рұқсат ететін сыйақы сомасын қоспағанда, шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2-«Босалқылар» IAS және  16-«Негізгі құралдар» IAS).

 

45.          Жарналары белгіленген жоспарға қызметкер тиісті қызмет   көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 айдың ішінде  толық көлемде жарна төлеуге жатпаса, олар 78-параграфта көрсетілген дисконт ставкасын қолдана отырып, дисконтталуға тиіс.

 

Ақпаратты ашу

 

46.          Компания жарналары белгіленген зейнетақы жоспарларына қатысты шығыстар ретінде танылған сомалар туралы ақпаратты ашуға тиіс.

 

47.          Компания 24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» IAS талап еткен кезде негізгі басқару қызметкерінің пайдасына жарналары белгіленген зейнетақы жоспарына жарналар туралы ақпаратты ашады.

 

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫ: ТӨЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕНГЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖОСПАРЛАРЫ

 

48.          Төлемдер белгіленген жоспарларды есепке алу барынша күрделі, міндеттемелер мен шығыстарды бағалау үшін  актуарлық жол берулер талап етіледі, және актуарлық пайдалар немесе залалдар алу мүмкіндігі болады. Бұған қоса,  қызметкер тиісті қызметті көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін көп жылдар өткен соң орындалуы мүмкін болғандықтан, міндеттемелер дисконтталған негізде бағаланады.

 

Тану және бағалау

 

49.          Төлемдер белгіленген зейнетақы жоспары фундирленбеген немесе жартылай не толық фундирленген болуы мүмкін, бұл ретте жарналарды компания да, сонымен қатар қызметкерлер де компаниядан заңды түрде тәуелсіз, қызметкерлерге зейнетақы төленетін ұйымға немесе қорға толық көлемде немесе сол сияқты ішінара төлеуі мүмкін. Олардың мерзімі басталған кезде фундирленген зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру  қордың инвестициялық қызметінің жағдай және нәтижелеріне ғана емес, компанияның қор активтеріндегі кез келген тапшылықтың оның толтыру қабілетіне (қалауына) да байланысты болады. Осылайша, компания іс жүзінде жоспарға байланысты актуарлық немесе инвестициялық тәуекелдерді өзіне қабылдайды. Соның салдарынан  төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарына қатысты танылған шығыстардың көлемі осы кезеңдегі жарналардың сомасына бара-бар болмауы мүмкін.

 

50.          Компанияның төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарының есебін жүргізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылуы мүмкін:

 

(а)          актуарлық есептеулер әдісін пайдалана отырып,  ағымдағы және өткен кезеңдерде қызметкерлер көрсеткен қызметтер үшін қызметкерлерге есептелетін төлем сомасын сенімді бағалау қажет.  Бұл үшін компания ағымдағы және өткен кезеңдер үшін есептелген төлемдердің мөлшерін айқындауы тиіс (67-71-қоса алғандағы аралықтағы параграфтарды қараңыз)  және зейнетақы төлеуге арналған шығындар шамасына ықпал ететін демографиялық тұрақсыздық (қызметкерлердің тұрақсыздығы және қайтыс болу сияқты) және қаржы тұрақсыздығына (болашақтағы жалақының көтерілуі, медициналық қызмет көрсету шығындары) қатысты бағалаулар жүргізу (актуарлық жол берулер) (72-91-параграфтарды қоса алғандағы аралықты қараңыз);

 

(b)          осы төлемдерді болжанатын шартты бірліктер әдісінің көмегімен дисконттай отырып, төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын және ағымдағы қызмет көрсетулер құнын айқындайды (64-66-параграфтарды қоса алғандағы аралықты қараңыз).

 

(с)          жоспар активтерінің әділ құнын айқындайды (102-104-параграфтарды қоса алғандағы аралықты қараңыз);

 

(d)          актуарлық пайдалар мен залалдардың жалпы сомасын және танылуға тиісті актуарлық пайдалар мен залалдардың сомасын айқындайды (92-95-параграфтарды қоса алғандағы аралықты қараңыз);

 

(е)          жоспарды қолданысқа енгізу немесе өзгерту кезіндегі  өткен қызмет көрсетулердің жиынтық құнын айқындайды (96-101-параграфтарды қоса алғандағы аралықты қараңыз); және

 

(f)           секвестр немесе жоспар бойынша міндеттемелерді орындау кезінде жиынтық пайданы немесе залалды айқындау (109-115-параграфтарды қоса алғандағы аралықты қараңыз).

Компанияда төлемдері белгіленген бірнеше зейнетақы жоспары болған кезде  ол әрбір қолданылатын жоспар үшін осы рәсімді бөлек пайдаланады.

 

51.       Кейбір жағдайларда бағалаулар, орташа көрсеткіштер және қысқартылған есептеулер осы Стандартта келтірілген нақты есептеулердің нәтижелеріне жақындатылған сенімді деректерді жеткілікті түрде қамтамасыз етеді.

 

Жүктелген міндеттемелердің есебі

 

52.       Компания өзінің төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарының белгіленген талаптарына сәйкес заңды міндеттемелерін ғана емес, сонымен қатар қалыптасқан тәжірибесінен туындайтын кез келген жүктелген міндеттемелерді де есепке алуы тиіс. Егер компанияның қызметкерлерге төлемді жүзеге асыру үшін нақты баламалары болмаса қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемелердің туындауына әкеліп соқтырады.

 

53.       Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарының белгіленген талаптары компанияның осы талаптар бойынша міндеттемесін тоқтатуға жол беруі мүмкін. Алайда көптеген жағдайларда компания үшін, егер ол өз қызметкерлерін сақтағысы келсе, бұл міндеттемелерді тоқтату оңай емес. Сондықтан компания еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдерді есепке алу мақсатында зейнетақы жоспары бойынша өз міндеттемелерін тоқтату туралы куәлігі болмаған жағдайда, қазіргі уақытта өз қызметкерлеріне осындай төлем жасауға уәде берген компания қызметкерлердің еңбек қызметінің қалған барлық кезеңінде осындай әрекеттер жасайтыны болжанады.

 

Баланс

 

54.       Төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелер ретінде танылатын шама мынадай әрекеттердің таза нәтижесін білдіруі тиіс:

 

(а)        төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелердің есепті күнгі дисконтталған құны (64-параграфты қараңыз);

 

(b)        плюс 92-93-параграфтарда айқындалған есеп саясатына сәйкес танылған кез келген актуарлық пайда (кез келген актуарлық залалды шегеріп тастағанда);

 

(с)        минус ағымдағы кезде танылмаған бұрын көрсетілген қызметтер құны (96-параграфты қараңыз);

 

(d)        минус есепті күнгі зейнетақы жоспары активтерінің міндеттемелерді орындау үшін тікелей белгіленген әділ құны (егер мұндай болса) (102-104-параграфтарды қараңыз).

 

55.       Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспары міндеттемелердің дисконтталған құны – жоспардың кез келген активтерінің әділ құнын шегергенге дейінгі  жиынтық міндеттеме.

56.       Компания төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарының дисконтталған құнын және жоспар активтерінің әділ құнын, қаржылық есептілікте танылған шама  есепті күні айқындалатын шамадан елеулі түрде ауытқу болмас үшін жеткілікті түрде реттелгендей айқындауға тиіс.

57.       Компанияның еңбек қызметі аяқталуы бойынша жасалатын төлемдер бойынша барлық айтарлықтай міндеттемелерді бағалауға кәсіби актуарийді тартуы құпталады, бірақ талап етілмейді. Тәжірибеге сүйенсек, компания кәсіби актуарийдің есепті күнге дейінгі міндеттемелерін нақты бағалауын сұрата алады. Алайда мұндай бағалаудың нәтижелері есепті күнге дейін орын алған кез келген елеулі мәмілелерді және жағдайдың өзге елеулі түрде өзгеруін ескере отырып жаңартылады (нарықтық баға мен пайыздық ставкалардың өзгеруін қоса алғанда).

58.       54-параграфқа сәйкес айқындалған шама теріс болуы мүмкін (актив). Компания пайда болған активті мынадай шамалардың ең азы бойынша бағалауы тиіс:

 

(а)        54-параграфқа сәйкес айқындалған шама; және

(b)        сомалары:

(і)         кез келген жинақталған, танылмаған актуарлық залалдар және бұрын көрсетілген қызметтер құны (92, 93 және 96-параграфтарды қараңыз); және

(іі)       қаражатты жоспардан қайтару немесе жоспарға болашақ жарналарды қысқарту нысанында алынған кез келген  экономикалық пайданың дисконтталған құны. Осы экономикалық пайданың дисконтталған құны 78-параграфқа сәйкес айқындалған дисконт ставкасын пайдалана отырып айқындалады.

 

58А.    58-параграфты қолдану пайданы тек қана актуарлық залал нәтижесі немесе қызметкерлердің ағымдағы кезең үшін бұрын көрсетілген қызметтерінің құны ретінде тануға да, залалды тек қана ағымдағы кезеңдегі актуарлық пайда нәтижесі ретінде де тануға әкеліп соқтырмауы тиіс. Осылайша, 54-параграфқа сәйкес компания төлемдері белгіленген жоспардың активтерін айқындаған кезде пайда болатын дәрежеде, 58(b)- параграфқа сәйкес мыналарды дереу тануға тиіс:

 

(а)        ағымдағы кезеңнің таза актуарлық залалдарын және ағымдағы кезеңдегі бұрын көрсетілген қызметтер құнын 58 (b)(ii)-параграфта айқындалған экономикалық пайданың дисконтталған құнын төмендету шамасынан асып кететін шамада. Егер экономикалық пайданың дисконтталған құны өзгермесе немесе ұлғайса, онда ағымдағы кезеңдегі таза актуарлық залалдардың барлық сомасы және ағымдағы кезеңдегі бұрын көрсетілген қызметтер құны 54-параграфқа сәйкес дереу танылуға тиіс ; және

(b)        ағымдағы кезеңнің таза актуарлық пайда ағымдағы кезеңдегі бұрын көрсетілген қызметтер құны 58 (b)(ii) параграфта айқындалған экономикалық пайданың дисконтталған құнынан асатын сома мөлшерінде шегерілгеннен кейін. Егер экономикалық пайданың дисконтталған құны өзгермесе немесе азайса, ағымдағы кезеңдегі бұрын көрсетілген қызметтер құнын шегеріп  тастағаннан кейін ағымдағы кезеңдегі таза актуарлық залалдардың барлық сомасы 54-параграфқа сәйкес дереу танылуға тиіс.

 

 

58В.     58А-параграф, компанияға, егер оның есепті кезеңнің басында немесе аяғында 
 төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарында өсімі(1) болғанда ғана ағымдағы кезге сәйкес келетін жоспардың талаптарына сәйкес осы өсімді жоспардан қаражатты қайтару немесе жоспарға болашақ жарналарды қысқарту арқылы толық іске асыра алмағанда ғана қолданылады. Мұндай жағдайларда қызметкерлердің бұрын көрсетілген қызметтерінің құны немесе оларды тану 54-параграфқа сәйкес кейінге қалдырылған есепті кезең ішінде пайда болған актуарлық залалдар 58 (b)(ii)-параграфта көрсетілген сомадан асып кетеді. Егер мұндай ұлғаю 58 (b)(ii)- параграфқа сәйкес тану критерийіне жауап беретін экономикалық пайданың дисконтталған құнын тең мәнде азайтумен өтелмесе, онда 58 (b)-параграфта көрсетілген таза  соманың, соның салдарынан танылған пайданың ұлғаюы орын алады. 58А-параграф арқылы мұндай жағдайларда пайданы тануға т
иым салынады. Егер олар жинақталған танылмаған актуарлық залалдардың азаюына әкелетін болса, оларды тану 54-параграфқа сәйкес кейінге қалдырылған актуарлық пайда туындаған кезде керісінше нәтиже пайда болады. 58А-параграф арқылы мұндай жағдайларда залалды тануға тиым салынады. Осы параграфты қолдану мысалдары С Қосымшасында келтірілген.

 

59.       Актив төлемдері, белгіленген жоспарды артық қаржыландырған жағдайда немесе актуарлық пайданы таныған жағдайда, пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда компания активті таниды, өйткені:

(а)        ол болашақ пайданы құру үшін аталған өсімді жоспарды қаржыландыруға пайдалану мүмкіндігін беретін ресурстарға бақылауды жүзеге асырады;

 

(b)        бұл бақылау өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады (компания төлеген жарналар және қызметкер көрсеткен қызмет); және

 

(с)        болашақ экономикалық пайда болашақ жарналардың мөлшерін қысқарту нысанында немесе ақша қаражатын қайтару нысанында, немесе басқа жоспар бойынша тапшылықты жабуға компанияға тікелей немесе жанама түрде түседі.

 

60.       58 (b)-параграфта белгіленген шектеулер белгілі бір актуарлық залалдарды кейінге қалдырылған танудың (92 және 93-параграфтарды қараңыз) және белгілі бір  жағдайларда 58А-параграфта көрсетілгеннен өзге бұрын көрсетілген қызмет құнын (96-параграфты қараңыз) күшін жоймайды. Алайда бұл шектеу 155-(b) параграфтағы ауыспалы ережелерден асып түседі. 120А (f) (iii)-параграфы компаниядан 58 (b)-параграфта белгіленген  шектеулер негізінде активтер ретінде танылмаған шаманы ашуды талап етеді.

 

60-параграфты көрнекілендіретін мысал

 

Төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарының сипаттамасы мынадай:

 

Міндеттемелердің дисконтталған құны

 

1,1

Жоспар активтерінің әділ құны

 

(1,190)

 

 

(90)

Танылмаған актуарлық залалдар

 

(110)

Бұрын көрсетілген қызметтердің танылмаған құны

 

(70)

Стандартты бастапқы қабылдаған кезде 155(b)-параграфқа сәйкес міндеттеменің танылмаған ұлғаюы

 

(50)

54-параграфқа сәйкес есептелген теріс шама

 

(320)

Болашақта ақша қаражатын қайтаруға және болашақ жарналарды қысқартуға болатын дисконтталған құн

 

90

58 (b)-параграфта белгіленген шектеу былайшаесептен шығарылады:

 

 

танылмаған актуарлық залалдар

 

110

бұрын көрсетілген қызметтердің танылмаған құны

 

70

болашақта ақша қаражатын қайтаруға және болашақ жарналарды қысқартуға болатын дисконтталған құн

 

90

Шектеу

 

270

 

 

 

 

 

270 320-дан аз. Сондықтан компания актив ретінде 270 таниды және осы шектеудің әрекеті активтің баланстық құнын 50-ге қысқартты (120А (f) (iii)-параграфын қараңыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..