Кәсіпорындар біріккен кезде ұйым еңбек қызметінің аяқталуына

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 5

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

Кәсіпорындардың бірігуі

 

108.        Кәсіпорындар біріккен кезде ұйым еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақылармен байланысты активтер мен міндеттемелерді кез келген жоспар активтерінің әділ құнын шегеру арқылы осы сыйақылардың дисконтталған құны мөлшерінде таниды (3-«Кәсіпорындарды біріктіру» IFRS қараңыз). Аталған міндеттемелердің дисконтталған құны, егер тіпті сатып алынатын компания оларды сатып алу кезінде мойындамаса, төменде аталған барлық баптарды қамтиды:

 

(а)        сатып алғанға дейінгі кезеңде пайда болған актуарлық табыстар және залалдар (онпайыздық «дәліз» шекарасына кіру немесе кірмеуіне тәуелсіз);

 

(b)        жаңа жоспарды іске асыру нәтижесінен немесе сатып алғанға дейінгі кезеңде орны болған бар төлемдерді өзгертуден шыққан өткен қызметтің құны;

 

(с)        155(b)-параграфтың ауыспалы ережелеріне сәйкес көлемдерді сатып алатын тарап мойындамады.

 

Секвестрлер және жоспар бойынша соңғы есеп айырысу

 

109.     Компания белгіленген төлемдерімен зейнетақы жоспары бойынша секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу нәтижесінде секвестр немесе есеп айырысуды жүзеге асыру сәтінде туындайтын пайда мен залалды мойындауы тиіс. Жоспар бойынша секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу нәтижесінде туындайтын пайда мен залалға мыналар кіруі тиіс:

 

(а)          белгіленген төлемдерімен жоспар бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының туындаған өзгерістері;

 

(b)          жоспар активтерінің әділ құнының туындаған өзгерістері;

 

(с)          барлық тиісті актуарлық пайда мен залал, сондай-ақ 92-96-параграфтарға сәйкес келетін бұрын танылмаған өткен жылдардағы құны.

 

110.     Компания жоспар бойынша секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу әсерін бағалау алдында ағымдағы актуарлық жорамалдарды (ағымдағы нарықтық пайыздық ставкалар мен нарықтық бағаларды қоса алғанда) пайдалана отырып, міндеттемелерді (және жоспардың тиісті активтерін қайта бағалай отырып жүзеге асыруы тиіс).

 

111. Секвестр мына жағдайларда жүргізіледі:

 

(а) компания зейнетақы жоспарымен қамтылған қызметкерлер санын формальды айтарлықтай қысқарту жүргізуге міндетті; не

 

(b)            белгіленген төлемдерімен жоспар талаптарын бар қызметкерлердің болашақ қызметтерінің айтарлықтай бөлігі зейнетақы есептеу үшін негіз болмайтын немесе азайтылған зейнетақы есептеу үшін негіз болатын ретінде қарастырылатын түрде өзгертеді.

Секвестр қандай да бір ерекше жағдай, мысалы, компания жабылған немесе қызметтің нақты бір түрі тоқтатылған, жоспардың қолданылуы жойылған немесе тоқтатылған жағдай нәтижесінде  орын алуы мүмкін. Секвестр ретінде жіктелетін  пайда немесе залал нәтижесінде қаржылық есепке айтарлықтай әсер еткен туындаған жағдай мойындалса, айтарлықтай маңызды. Секвесторлар жиі қайта құрылымдауларға байланысты. Сондықтан да компания секвестрді бір мезгілде қайта құрылымдауларға ескереді.

 

112.     Жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу одан әрі барлық заңды және белгіленген төлемдерімен зейнетақы жоспарының талаптары бойынша ұсынылатын зейнетақы қамтамасыз ету сомасының қайсыбір бөлігіне немесе барлығына қатысты енгізілген міндеттемелерді тоқтататын, мысалы, жоспар қатысушыларына немесе олардың пайдасына еңбек қызметі аяқталғаннан кейін белгіленген сыйақыны алу құқығын тоқтату орнына біржолғы төлемдер жүргізген осы компания болып табылатын тараптың біреуінің мәмілесі нәтижесінде жүргізіледі.

 

113.     Компания кейбір жағдайларда қызметкерлердің ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдердегі қызметі мерзіміне байланысты қызметкерлерге барлық сыйақы немесе бөлігін қаржыландыру үшін сақтандыру полисін сатып ала алады. Сақтандыру полисі бойынша құқықтарды сатып алу заңды және сақтандырушы сақтандыру полисінде жазылған қызметкерлерге сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған кезде қосымша сыйақы төлеуге жүктелген міндеттемелерін сақтаған жағдайда жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу нысаны болып табылмайды (39-параграфты қараңыз). 104А-D-параграфтар жоспар активтері болып табылмайтын сақтандыру полистері бойынша өтемақы бойынша құқықтарын тануға және бағалауға жатқызылмайды.

 

114.     Жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу жоспар міндеттемелерді орындау арқылы жойылған жағдайда секвестрмен бір мезгілде жүргізіледі, оның нәтижесінде жоспар  жойылады. Алайда жоспардың жойылуы осы жоспар ұқсас өтемақы ұсынатын жаңа жоспармен ауыстырылған жағдайда секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу нысаны болып табылмайды.

 

115.     Секвестр жоспармен қамтылған қызметкерлер бөлігіне ғана  қолданылса немесе жоспар бойынша міндеттемелер ішінара орындалса пайдаға немесе зиянға өткен қызметтің немесе актуарлық пайда мен залалдың бұрын танылмаған құнының пропорционалды бөлігі (сондай-ақ 155(b)-параграфына сәйкес танылмай қалған ауыспалы баптар) кіреді. Көрсетілген пропорционалды бөлік секвестрді немесе түпкілікті есеп айырысуды жүзеге асырғанға дейін және одан кейін міндеттемелердің дисконтталған құны негізінде анықталады, оны анықтау үшін базаның бар балама жағдайын қолдану қосылмайды. Мысалы, бірінші кезекте осы жоспарға жататын өткен жылдардағы танылмаған кез келген құнды өтеу үшін осы жоспар бойынша секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу туындаған кез келген пайданы пайдалану мақсатқа сай болуы мүмкін.

 

115-параграфты көрнекілендіретін мысал

 

Компания өндірістік сегмент қызметін тоқтатады және осы сегменттің қызметкерлері одан әрі қандай да бір сыйақы таппайды. Осындай жағдай жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысусыз секвестрін білдіреді. Ағымдағы актуарлық жіберілімдерді пайдалана отырып (ағымдағы пайыздық ставкалар мен нарықтық бағаларды қоса алғанда), компания секвестр жүргізбей тұрып белгіленген төлемдерімен жоспар бойынша оның міндеттемелерінің таза дисконтталған құны 1,000 тең, жоспар активтері әділ құны бойынша 820-ны құрайды, ал таза жинақталған танылмаған актуарлық пайда 50-ді құрайды. Компания осыСтандартқа бір жыл бұрын көшкен. Бұл ретте міндеттемелер 100 бірлікке өскен, компания мұны бес жыл бойы тануды дұрыс көріп отыр. (155(b)-параграфты қараңыз). Секвестр міндеттемелердің  таза дисконтталған құнын 100-ден 900-ге дейін төмендетеді.

 

Бұрын танылмаған актуарлық пайдадан және көлемнің ауыспалы құнынан  10% (100/1,000) үлес секвестр жолымен тоқтатылған міндеттемелер бөлігіне жатады. Осылайша секвестрдің әсері төмендегідей болады:

 

 

Секвестрге дейін

Секвестрден түскен табыс

Секвестрден кейін

Міндеттеменің таза дисконтталған құны

Жоспар активтерінің әділ құны

 

Танылмаған актуарлық табыс

Танылмаған ауыспалы мөлшер (100х4/5)

Бухгалтерлік баланста танылған таза міндеттемелер

1 000

(820)

180

50

(80)

(100)

=

(100)

(5)

8

900

(820)

80

45

(72)

150

(97)

53

 

Ақпаратты ұсыну

 

Өзара есеп айырысу

 

116.   Компания басқа жоспарға жататын міндеттемелерге қарсы бір жоспарға жататын активтерді ескеруі тиіс:

 

(а)          басқа жоспар бойынша міндеттемелерді орындау үшін бір жоспар активтерінің өсуін пайдалануға заңды тіркелген құқығы бар;

 

(b)          сальдолау негізде міндеттемелерді орындауға не басқа жоспар бойынша міндеттемелерді орындау үшін бір жоспардың активтерінің өсуіне байланысты пайданы жүзеге асыруға ойы бар.   

 

117.     Сынақ критерийлері 32-«Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және ұсыну» IAS-та қаржы құралдары үшін қондырылғандықтан осындай.

 

Қысқа мерзімді/ ұзақ мерзімді айырмашылық

 

118.     Кейбір компаниялар активтері мен міндеттемелері қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Осы Стандарт компания еңбек қызметін аяқталуы бойынша сыйақы ұсынуға байланысты туындайтын активтер мен міндеттемелердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бөлігін айыру керектігіне қатысты талаптарды белгілемейді.

 

Еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыны ұсынуға жұмсалатын шығындардың қаржы элементтері

 

119.     Осы стандарт компания ағымдағы қызмет, пайда мен залал туралы есепте шығыстардың немесе кірістердің бірегей баптарының элементтері ретінде жоспар активтеріне арналған пайызға және кіріске шығындарды айқындайды.

 

Ақпаратты ашу

 

120.     Ұйым қаржылық есептілікті пайдаланушыларына оның жоспарын белгіленген төлемдермен сипатын, сондай-ақ кезең ішінде болатын осындай жоспардағы өзгерістердің қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға міндетті.

 

120А   Ұйым белгіленген төлемдермен жоспарға қатысты мынадай ақпаратты ашуға міндетті:

 

(а)        актуарлық табыстарды және залалдарды тану бойынша ұйымның есеп саясатын;

 

(b)        жоспар түрінің жалпы сипаттамасы;

 

(с)        кезең ішінде туындаған және жатқызылатын салдарын көрсететін кезең басына және аяғына белгіленген төлемдермен жоспар бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының сальдосын салыстырып тексеру:

 

(і)         ағымдағы қызтеттердің құны,

 

(іі)       пайыздарға жұмсалған шығындар,

 

(ііі)      жоспарға қатысушылар тарапынан жарналар,

 

(іv)       актуарлық пайда және залалдар,

 

(v)        ұйым ұсыну валютасынан дұрыс валютада бағаланып, жоспар бойынша валюталық-айырбас бағамдарының өзгеруі;

 

(vі)       жүргізілген төлемдер,

 

(vіі)     бұрынғы қызметтердің құны,

 

(vііі)    кәсіпорындардың бірлестігі,

 

(іх)       секвестрлер және

 

(х)        есеп айырысулар.

 

(d)        белгіленген төлемдермен жоспар бойынша міндеттемелерді фундирленбеген жоспарлардың тұтасымен туындаған сомасына және фундирленген жоспардың тұтасымен немесе ішінара туындаған сомасына бөлу;

 

(е)        кезең басындағы және аяғындағы жоспар активтерінің әділ құнының сальдосын, сондай-ақ жеке көрсететін 104А-параграфына сәйкес актив ретінде танылған кезең басында және аяғында өтемақы алуға кез келген құқығының сальдосын, егер бұл мүмкін болса, кезең ішінде туындаған және жатқызылған салдарын салыстырып тексеруге:

 

(і)         жоспар активтеріне күтілетін табыс,

 

(іі)       актуарлық пайда және залалдар,

 

(ііі)      ұйым ұсыну валютасынан дұрыс валютада бағаланып, жоспар бойынша валюталық-айырбас бағамдарының өзгеруі,

 

(іv)       жұмыс беруші тарапынан жарналар,

 

(v)        жоспарға қатысушылар тарапынан жарналар,

 

(vі)       жүргізілген төлемдер,

 

(vіі)     кәсіпорындардың бірлестігі және

 

(vііі)    есеп айырысулар.

 

(f)        белгіленген төлемдермен жоспар бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын (с) және кемінде көрсететін баланста танылған активтер мен міндеттемелермен жоспар активтерінің әділ құнын (е) салыстырып тексеру:

 

(і)         баланста танылмаған таза актуарлық пайдалар немесе залалдар (92-параграфты қараңыз),

 

(іі)       баланста танылмаған бұрынғы қызметтер құны (96-параграфты қараңыз),

 

(ііі)      58 (b)-параграфта белгіленген шектеулерден актив ретінде танылмаған кез келген шаманы,

 

(іv)       104А-параграфына сәйкес активтер ретінде танылған өтеуге кез келген құқығының есептік күніне арналған әділ құны (өтеуге құқығы мен оған байланысты міндеттемелер арасындағы байланысты қысқаша сипаттай отырып), және

 

(v)        бухгалтерлік баланста көрсетілетін басқа да сомаларды.

 

(g)        пайда мен залал енгізілген төмендегі баптардың және тиісті жолдың (жолдардың) әрқайсысы бойынша пайда мен залал туралы есепте танылған жиынтық шығыс:

 

(і)           ағымдағы қызметтердің құны,

 

(іі)          пайыздарға жұмсалған шығындар,

 

(ііі)      жоспар активтерінен күтілетін табыс,

 

(іv)       104А-параграфына сәйкес актив ретінде танылған өтеуге кез келген құқықтан күтілетін табыс,

 

(v) актуарлық пайда және залалдар,

 

(vі)       өткен қызметтердің құны,

 

(vіі)     кез келген секвестрдің немесе жоспар бойынша соңғы есеп айырысудың салдары,

 

(vііі)       58 (b)-параграфта белгіленген шектеу салдарын.

 

(h)        Танылған табыс және шығыстар туралы есептегі танылған жалпы сома, сонымен қоса, төменде көрсетілген пункттердің әрқайсысына қатысты шығын:

 

(і)        актуарлық пайда және залалдар, және

 

(іі)       58 (b)-параграфта белгіленген шектеу салдары.

 

(і)        93А-параграфына сәйкес танылған кірістер мен шығыстар туралы есепте актуарлық пайда мен залалды, танылған кірістер мен шығыстар туралы есепте танылған актуарлық пайда мен залалдың кумулятивтік соманы таныған ұйымдарға қолданылады;

 

(j)        үлестік құралдар, борыштық құралдар, жылжымайтын мүлік және барлық қалған активтер, осы санатқа келетін жоспардың жиынтық активтерінің пайыздық үлесі немесе әділ құнының көлемі кіруге тиіс жоспар активтерінің негізгі санаттарының әрқайсысына қолданылады;

 

(k)        жоспар активтерінің әділ құнына кірген тиісті көлем, үшін:

 

(і)         ұйымның жекеменшік қаржы құралдарының әрбір санаты үшін, және

 

(іі)       ұйым алған және пайдаланылатын жылжымайтын мүліктің кез келген объектілері үшін тиісті шамалар.

(І)        жоспар активтерінің негізгі санаттарына әсерін ескере отырып, активтерге кірістердің жалпы күтілетін ставкасын айқындау үшін пайдаланылған негіздерді жан-жақты сипаттау;

 

(m)      жоспар активтеріне нақты табыс, сол сияқты 104А-параграфына сәйкес актив ретінде танылған  құнын өтеудің кез келген құқығынан нақты табыс;

 

(n)       қолданылғанды қоса алғанда, есеп беру күніне пайдаланған негізгі актуарлық жорамалдар:

 

(і)           дисконт ставкасы,

 

(іі)       қаржы есептілігінде ұсынылған кезең бойынша жоспардың кез келген активтеріне табыстың күтілетін нормалары,

 

(ііі)      104А-параграфына сәйкес актив ретінде танылған өтеудің әрбір құқығына қатысты қаржы есептілігінде ұсынылған кезеңдер үшін табыстың күтілетін ставкалары,

 

(іv)       жалақы өсуінің күтілетін қарқыны (және индекстердің немесе болашақта сыйақыны көбейту үшін база ретінде жоспардың қалыптастырылған немесе уақытша талаптарымен анықталған басқа да ауыспалылардың өзгеруі),

 

(v)        медициналық қызметке жұмсалған шығындардың өзгеру үрдісі, және

 

(vі)   кез келген қолданылған елеулі актуарлық жол берулер.

 

Ұйым әрбір актуарлық жорамал туралы түрлі пайыздар не өзге де ауыспалылар арасындағы қатынастар түрінде ғана емес, абсолютты (мысалы, абсолютты пайыз ретінде) түрде ақпаратты ашуға міндетті.

 

(о)        шығындарына өзгеріс ставкаларының рұқсат етілетін үрдіс шегінде медициналық көмек көрсету шығындарының бір пайыздық көтерілу салдары және бір пайыздық төмендеу салдары:

 

(і)         еңбек қызметі аяқталғаннан кейін медициналық қызмет көрсетуге таза кезең-кезеңімен шығындар құрамында пайыздарға ағымдағы қызмет құны мен шығындарының құрамының жалпы сомасы, және

 

(іі)       еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы жоспары бойынша медициналық қызмет көрсету шығындарына қатысты жинақталған міндеттемелер.

 

Осыны ашу мақсатында барлық қалған жорамалдар өзгертілмеуі тиіс. Жоғары инфляция талаптарында қолданылатын жоспарларға қолданылады, төмен инфляция талаптарында бір пайыздық көтерілу немесе төмендеумен салыстырылып өз мәнділігімен медициналық қызмет көрсетуге шығын ставкаларының  рұқсат етілген үрдістер шегінде пайыздық көтерілу немесе төмендеу  салдарын ашу қажет.

 

(p)        ағымдағы жылдық кезеңге және алдыңғы төрт жылдық кезеңге сомалар:

 

(і)         белгіленген төлемдері бар жоспар бойынша міндеттің дисконтталған құны, жоспар активтерінің және жоспардағы өсу немесе тапшылықтың әділ құны, және

 

(іі)       мыналар:

А. есеп беру кезіне не (1) сомамен, не (2) жоспар міндеттемелерінің пайыз үлесімен көрсетілген жоспар міндеттемелері бойынша, және

В. есеп беру кезіне не (1) сомамен, не (2) жоспар активтерінің пайыз үлесімен көрсетілген жоспар активтері бойынша тәжірибе негізіндегі түзетулерді;

 

(q)        есептік күннен кейін басталатын жылдық кезең ішіндегі жоспарға төлеуге күтілетін жарна көлемін бағалау сенімді түрде жүргізіле алатын болғаннан кейін жұмыс беруші дұрыс бағалау жүргізеді.

 

121.     120А (b)-параграфы жоспар түрінің жалпы сипаттауын талап етеді.  Осындай сипаттау зейнет демалысына шығу кезіндегі жалақы ставкасы негізінде зейнетақы жоспарынан және еңбек қызметін аяқтағаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету жоспарынан жалақының орташа ставкасы негізінде зейнетақы жоспарын айыруға мүмкіндік беруге тиіс. Жоспарды сипаттау қалыптасқан практиканы қамтуға тиіс, осыдан 52-параграфқа сәйкес төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемені бағалауға кіретін жүктелген міндеттемелер туындайды. Ақпаратты барынша ашу талап етілмейді.

 

122.     Компанияның төлемдері белгіленген бірнеше жоспары болған жағдайда, ақпаратты ашу әр жоспар немесе топтар үшін бөлек ұсынылатын ақпараттың неғұрлым пайдалылық қағидаты бойынша қалыптастырылған, агрегирленген болуы мүмкін. Ақпаратты мынадай критерийлер бойынша топтастырған пайдалы болуы мүмкін:

 

(а)          жоспарлардың географиялық орналасу орны, мысалы, өз елінде және шет елде іске асырылатын жоспарлардың бөлінуі; не

 

(b)          әр түрлі елеулі тәуекелдерге ұшырау ықтималдығы, мысалы, еңбек қыметінің аяқталуы бойынша зейнетақы жоспарлары және медициналық қызмет жоспарлары.

 

Компания жоспарлар тобы үшін ақпаратты агрегирленген түрде ашқан кезде, ол орташа  көрсеткіштер түрінде немесе

 

123.     30-параграф жұмыс берушілер тобының төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарларына қатысты қолданылатын белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларының есебімен бірдей есеп тәртібімен ақпараттың қосымша ашылуын талап етеді.

 

124.     24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» IAS Халықаралық стандартымен талап етілген кезде компания мыналарға:

 

(а)          еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы жоспарлары бойынша байланысты жақтармен операцияға; және

 

(b)          компанияда шешуші позицияны алатын жүргізуші ұсынған еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға қатысты ақпаратты ашады.

 

125.     37-«Бағалау міндеттемесі, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS Халықаралық стандартымен талап етілген жағдайларда компания еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы беру міндеттілігіне байланысты туындайтын шартты міндеттемелерге қатысты ақпаратты ашады.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..