ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 8

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

 

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушымәдениеттанушы

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ[1]

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылудаСоңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсінмәдениетіміз өзгермесін» (Дулат ИсабековҚӘ14, 18.04.2003 ж.) дейтіндейора шолақ пікірлер де айтылудаОсы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің еңмаңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттануантропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.БТайлорЛеслие УайтРадклифф БроунРут БенедиктФранц БоазБронислав МалиновскийУиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады  М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтандінсіз мәдениет те болмайдыДін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарадыКейбір идеологиялар мен саясиағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келедіБүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саясиәлеуметтікмәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде дінифакторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмасӘсілідін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірітіпті ең бастысыҚоғам құрылымының анатомиясында діннің алатынорны ерекшеҚоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социологияпсихологияантропологиямәдениеттануфилософияфилологиясаясаттануөнертану дінді зерттеумен шұғылданадыБұлардінге әлеуметтік феноменқоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайдыХалық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзіқаншалықты әсерлі екені баршаға белгіліДіннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқӘсіресебүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуіортақұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазғанМұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен детабуға боладыМысалыФейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші едіСол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлелболмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философФейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбайжай қараңғы сенім қатарына қосқанСөйтіполКарл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасағанОсы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде дежеткіліктіМаркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгіліМаркстің пікірінше дінадамды белгілі қағидалардың құлына айналдырадыдіннен ада болған адам осы алданыштан да азат боладыМұныменМаркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайдыДегенмен Маркстің йаһұди (еврейжәне христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі мәдениеттануМәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo Picasso, 1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр Чайковский (Petr Chaykovskiy, 1840-1893) түседіАлшындығына келгенде мәдениет ұғымы өте кең ауқымды қамтидыӘрқоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары барМәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуынәтижесінде қалыптасатын нәрсеСондықтанзаман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағаныменқоғам өзінің мәдениеті мен оның өзегін сақтап қалуға тырысады
Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгіліДегенменислам діні негізінен отырықшылықтықалалық мәдениетті уағыздайдыҚазақхалқының тарихына қарайтын болсақірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болғанИслам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болсамүлдем басқа мәдениет тобына қосылыпмүлдем басқа қоғамдарға айналғанБұған мысал ретінде бұлғарлардымажарлардычуваштардысібір халықтарын т.тайтуға боладыАмерикада зорлықпен шоқындырылған қаралардыңАфрикадағы отарланған халықтардыңОңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсасДемекәр халықтың мәдениортасын анықтайтын басты фактор  дінМұсылман халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостықағайынмен тату болуОраза айт пен Құрбан айт кезінде кешірімдесуараағайыншылыққайырымдылық ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні:
1) Қоғамға бағыт-бағдар береді,
2) Қоғамды біріктіреді,
3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді
4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды,
5) Этникалық негізден гөрі адамирухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалықдәлелдер:
1) Діннің жеке тұлға және қоғам өміріндегі нақты функциялары бар.
2) Дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін береді.
3) Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.
4) Дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады
Мәдениеттің күштілігі соншалықмәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі элементтерін сіңіріп алуға мәжбүрболадыНәтижеде аралас мәдениеттер пайда боладыИслам діні мәдениеттердің арасындағы парықтарды қабылдаған дінНәсілдер мен тілдердіңтіпті діндердің әртүрлілігін исламдіні танидыҚұранда адамдардың тайпаларғатүстерге бөлінгендігіәркімнің діні өзіне екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткенҚоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және қарым-қатынас орнатуы жағынан жағымды рөл атқаруы да мүмкінБұл біздің қолымыздағы нәрсеСондықтанислам дініндегі жүйені толеранттылықтан да жоғары қойған жөнТарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын көремізЯғнимұсылмандар басқа дін уәкілдерін де қорғаумен шұғылданғанМұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарғаолардың мәдениетіне хошкөрушілікпен қараған.
Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмағанАлғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқанАлсенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі иманифәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасағантүбегейлі өзіндікқалыпқа салған...
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдіретИслам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі бередіМәселенисламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейдібірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайдыИслам діні адамдардың халал тағамдардыжеуін сұрайдыбірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайдыМәселенҚытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшаменЕуропадағы мұсылмандар қасықпенарабелдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше аладыНегізгі мәселехалаляғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.
Кейбір әдебиеттердемәселен Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji Zeidan, 1861-1914) «Ислам мәдениеті тарихы» атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: «Мәдениетдегеніміз бір қоғамды қоғамжамиғатты жамиғатұлтты ұлт жасайтыноны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасыОсы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тәнболып келеді». Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет «әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі» болып табылады.
Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1.Ұлттық сипатқа ие
2.Табиғилық және тірілік
3.Жалғастылық және тарихилық
4.Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады
5.Өзегі өзгермейді
6.Үйлесімді тұтастық болып табылады
7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Мінеосы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің қазақ халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көремізЕндешеҚазақстан мемлекетініңсыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков (1942- ) ағамыздың «дін мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екендініміз өзгерсе өзгерсінмәдениетіміз өзгермесін...» деген сөздерініңғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық боладыАлмәдениет пен өркениеттің парқы недеМәдениет ұлттық сипатта болғаныменөркениет дегеніміз халықаралықғалами сипаттағы нәрсеБір мәдениетті екінші мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбызӨркениет болса жалпы адамзатқа тән байлық
Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
1. ДінӘр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
2. ТілӘр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
3. ӨнерӘр ұлттың өзіне тән сәнзауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы
4. ТарихӘр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтыныңмәдени байлығының замана ағымындағы көрінісііс-әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет-ғұрыптарҚұқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастанқоғам тарапынан есепке алынатыніске асырылатын салт-дәстүрлер.
Қорыта айтар болсаққазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген тармақтарының барлығында да ислам дінінің мызғымас әсерінүлесін ешкім жоққа шығара алмайды. «Дініміз өзгерсе өзгерсін» деген сөздің қандай мақсатпен айтылғанын түсіну мүмкін емесҚазірхалқымыздың дінін тұтастай өзгерту туралы әңгіме күн тәртібінде тұрған жоқяғниқазақ халқының күн тәртібінде жоқАленді халқымыздың мәдениетімендініментарихымен қақтығыста жүрген бір-екі адам айтты депислам дінін тастапбасқа діндіқабылдайын деп жатқан біздің халық та жоқХалқымыздыңмәдениетіміздің толып жатқан көкейкесті проблемалары тұрғанда жазушы ағамыздың қажетсіз әңгімені көтеруі көңілгекүмән келтіредіСол себептіислам дініне қарсы айтылған сөздерді қасақана айтылған демесек тесәтсіз һәм орынсыз айтылған деуге толық хақымыз барБүгінгі конференцияөткізіліп жатқан осы Орталық Мұражайды аралағанда қазақ халқының мәдениетіндегі исламияттың өшпес орнын тайға таңба басқандай паш ететін жәдігерлерді көруге боладыТеккөретін көз болса болғаны...

ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ[1]

Елiмiзде дiн социологиясы iлiмдерсоңғы жылдары ғана жандананегiзделе бастағанын ескерген жөнБұл туралы пiкiрлерiмiздбаяндамас бұрыналдымен дiн социологиясыныңзерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталықҚысқаша айтқандадiн социологиясы адамдардың дiнге негiзделген әлеуметтiк қатынастарын зерттейдi (Kehrer G. Religionssoziologie.  Berlin: Walter de Gryter und Co., 1968). Әлеуметтiк қатынастардағы дiннiң ықпалды рөлiн жоққа шығаруға болмайдыСоңғы ғасырларда Батыс қоғамдарындадiннiң нормативтiк күшшектелген сайын дiни феномендердiң зерттелутаза теология мәселесінен гөрсоциологиясаясаттануантропологияқұқықпсихология сияқтыэмпирикалық iлiмдердiң зерттеу нысанасына айналғанСондықтандiн әлеуметтiк феномен ретiнде социологтар үшiн аса маңызды зерттеу объектiсретiнде қарастырылудаДiнсоциологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiләлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Мәселенбелгiлбiр дiннiң якисектаның (тариқаттыңмүшелерөздерiнiң дiни нанымдары негiзiнде белгiлбір әлеуметтiк іс-амалдарды жүзеге асырып жатсабелгiлбiр формада киiнiпбелгiлқоғамдыққатынастарға түсiп жатсабұл тiкелей дiн социологиясының зерттеу саласына кiредi.
Батыста дiн социологиясы мынандай негiзгзерттеу салаларына бөлiнген:
1-Дiндердiң әлеуметтiк тұрғыдан пайда болуының себептерiн түсiндiрунегiзiнен ХIХ-ғасырдың өзектзерттеу саласыБұл салада ХСпенсер (Herbert Spencer, 1820-1903), ЭдуардБернетт Тайлор (Edward B. Taylor, 1832-1917), Сэр Жеймс Фрейзер (James Frazer, 1854-1941), Карл Маркс (1818-1883) және Эмиль Дуркгейм (Emil Durkheim, 1858-1917) қомақтыеңбектер жазған (Din Sosyolojisi, Der.: Yasin Aktay-M.Emin Kцktaş, - Istanbul: Vadi Yayınları, 1998, 130-152 беттер).
2-Шiркеу табының әлеуметтiк һәм дiни өмiрiн зерттеуБұл саланың белгiлзерттеушiсфранцуз Габриел Ле Брас (Gabriel Le Bras, 1891-1970).
3-Дiн мен зайырлы (светскийқоғам арасындағы ықпалдасушылықӘсiресеХХ-ғасырда қызу зерттеулер жүргiзiлген бұл саланың уәкiлдерМакс Вебер (Max Weber, 1864-1920), Йоахим Вах (Joachim Wach, 1899-1955) және ГМеншинг (Gustav Mensching, 1901-1978). Дегенменғалымдардың басым көпшiлiгiнiң ортақ пiкiр дiн социологиясының зерттеутақырыптарын бұлармен ғана шектеуге болмайдыОл құрамында «дiн» бар әр түрләлеуметтiк феномендер мен олардың себеп-салдарын зерттейдi.
Дiндердзерттеген Батыс социологтары дiннiң эмпирикалықбiрақ құндылық қоюшы емес ғылымнанэмпирикалық һәм құндылық қоюшы идеологиядан және эмпирикалық уәқұндылық қоюшы емес философиядан парықты қасиеттербар екенiн анықтағанСебебi, адамдардың дiннен туындайтын әлеуметтiк қатынастарында дiн анықтаған «киелi» және«киелiден тыс» ұғымдарұстанымдар уә мәмiлелердiң айтарлықтай маңызды әсербарОсы мәлiметтер негiзiнде дiн социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыстаболадыэтно-социологияәлеуметтiк философияқұқықдін психологиясытеологияәлеуметтiк антропологиядiндер тарихы және феноменологиясы.
Ендi, дiн социологиясының зерттеу әдiстертуралы айталықЭмпирикалықяғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелерджүзегеасырадыЖоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан дайындалған ғылыми материалдар негiзiнде дiннiң әлеуметтiк сыр-сипаттары жөнiнде тұжырымдар жасаладыДiннiң қоғамөмiрiндегмаңызды орны уә ықпалын анықтаудағы ең тиiмдәдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардыңмаргиналды дiниағымдардың (суфи тариқаттары сияқты  М.Б.) ритуалдермен жыйналыстарына қатысу және тәжiрибе жыйнақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөздекелтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптауталдаугерменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатадыЖыйналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша ғылыминәтижелер шығаруға болмайды дейдбелгiлзерттеушiлер Эмиль ДуркгеймМакс Вебер және БМалиновски (1884-1924).
Дiн социологиясы жөнiндегматериалдарды сонау антикалық дәуiр авторларының еңбектерiнен ұшырастыруға болғаныменқазiргғалымдар бұл саланың ХIХ-ғасырдың басшенiнде қалыптасқанын атап айтадыДiн социологиясының негiзiн салушылар Клауд Анри де Сен-Симон (Claud Henri de Saint-Simon, 1760-1825), Август Комте (Auguste Comte, 1798-1857) және Карл Маркс (Karl Marx, 1818-1883) саналады
Дiни iс-әрекеттер екформада жүзеге асырылуы мүмкiнбiрiншiденкейбiр адамдардың яки тұтастай қоғамның белгiлуақыттарда белгiлi iс-әрекеттерджүзеге асыруыМұндайжағдайда дiни өмiрдұйымдастырушы дiни ұйымның болуы шарт емесЕкiншiдендiни iс-әрекеттердбелгiлұйымдардың ұйымдастыруы (діни институт  М.Б.) және олардыңмән-мағынасын белгiлеуi. Осы тұрғыдан алғанда дiн социологиясы дiни ұйымдар мен қоғамның әлеуметтiк тұрғыдан талдауын мына мәселелер бойынша жүзеге асырады:
1-дiни ұйымды сипаттау
2-дiни ұйымдардың тармақталуы
3-дiни ұйымдардың типологиясы
4-дiни ұйымдардың дамуы
5-дiни жамағатты сипаттау
6-дiни жамағаттың құрылымдық жүйесi
7-дiни жамағат мүшелерiнiң дiни ұстанымдары мен әрекеттерi
8-дiни жамағат пен қоғамның ара қатынасы
9-дiни сипаттары бойынша қоғамның әлеуметтiк таптарға жiктелуi
10-әлеуметтiк жiктер жүйесінiң дiнмен ара қатынасы
11-әлеуметтiк таптардың спецификалық дiндарлығы
12-дiни көпшiлдiк және әлеуметтiк таптарға жiктелу
13-дiн және әлеуметтiк динамикалардың ара қатынасы.
Бұларға қосаәсiресе Макс Вебер «Протестант этикасы және капитализмнiң рухы» атты еңбегiнде дiннiң экономикалық өмiрдегрөлiн  экономикалық iс-әрекеттердегдiннiң рөлi, дiн және экономикалық әдiс тақырыптары бойынша зерттепҚытайЖапонҮнджәне Еуропа экономикаларындағы бұл елдердiң дiни нанымдарының әсерiн талдаған (Вебер МИзбранное образ общества МоскваЮрист, 1994. 600-623 бб.).
Адамдардың саяси өмiрiндегдiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн социологиясының мiндеттерiне жатадыЗерттеулер азаматтардың дауыс беруiнде дiни факторлардыңайтарлықтай рөл атқарғандығын дәлелдегенАҚШ президентiнiң Библияға қолын қойып ант беруi, АҚШАвстралия және Жаңа Зеландиядағы орташа һәм төменгауқаттағыкатоликтердiң көбiнесе солшыл партияларғаал жоғары ауқатты буржувазияны құрайтын протестанттардың көбiнесе оңшыл партияларға дауыс беретiндiн мен саясаттыңәлеуметтiк қатынастарына мысалГерманиядағы католиктердiң басым көпшiлiгi CDU (Christlische Demokratische Union  Христиан демократиялық одақпартиясынаалпротестанттардың басым көпшiлiгсолшыл бағыттағы SPD (Германия социал-демократиялық партиясыпартиясына дауыс беретiнанықталғанТүркиядағы жағдайға келер болсақұлттық-дiни ұстанымдарды күштсақтаған кедейлер мен төменгтұрмыстағы азаматтар дiни және ұлттық бағыттағы партияларғаал әл-ауқаты жоғары және орташа ауқаттағыазаматтар болса оңшыл яки солшыл партияларға дауыс берудеТүркияда солшыл партияларға дауыс беретiндер көбiнесе зайырлы қоғамды жақтаушылар мен сүнни топқажатпайтын азаматтар һәм кірмелер.
Дiн социологиясының ендiгзерттеу саласы  жанұя қатынастарындағы дiннiң рөлi. Бұл сала жанұяның дiни-әлеуметтiк тұтастығынжанұя өмiріндегдiн факторының рөлмендiни ритуалдердi (үйленуажырасужанұя құрылымыөлiмбалалардың жыныстарына қарай тәрбиелену ерекшелiктерi, жанұядағы қарт мүшелердiң орныэкзогамия-эндогамияполигамия-моногамиятуыстық қатынастардағы дiннiң әсерт.т.) жан-жақты зерттейдi. Дiн социологиясысонымен қатардiн және әлеуметтiк қақтығыстардың ара қатынасынанықтаумен де шұғылданадыАлуан этникалық топтар мен діндерден құралған Қазақстандық зерттеушiлер үшiн бұл сала тың һәм маңызды...
Бiзде дiн социологиясыоның iшiнде ислам социологиясы саласындағы зерттеулер ендi-ендбастап келе жатқанын айта кеткен жөнМұның себебретiнде дінге қарсы негізделгенбұрынғы томаға-тұйық қоғамның әсiре позитивист һәм «профан» ұстанымдары мен Батыстың отарлау жүйесінiң осы саладағы өзiнiң үстемдiгiн дәлелдеуге бейiмделген бiржақтышолақ харекетiнiң салқын ызғарын айтуға боладыБiзде жалпы дiн мәселескөп жылдар бойы еленбей келе жатқан күрделде маңызды ғылым саласыДiн дегенде тек дiннiңғибадат жағын яки естен танып зікір салуды ғана ойлайтындар барАлжоғарыда есiмдераталған Батыс зерттеушiлерiнiң еңбектерiнде ислам дiнтуралы материалдар тым аз һәмкөбiнесе бұрмаланған түрде келтiрiлгенБатыс зерттеушiлеркөбiнесе ҮндiстанҚытайАфрикаСолтүстiк уә Оңтүстiк Америка мен Тынық Мұхит аралдарындағы отарланғантайпаларды зерттеумен һәм олардың қаншалықты «тұрпайы» екендiктерiн анықтаумен келгенЕң мәшһүр ғалымдардың өзiнiң еуропа-центризмге яки этноцентризмге негiзделгенбақылаулардан аса алмағанын көресiң...
Батыс елдерiнде дiн социологиясы туралы туындылардың ХIХ-ғасырдан бастап жазылғанын жоғарыда айтқанбызАлайдамұсылман елдерiнде бұл сала бойынша алғашқыматериалдардың пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтен (с.а.у.) кейiнгғасырларда-ақпайда болғанын айтуға боладыҚұран Кәрімдегисламға дейiнгқауымдар мен Пайғамбарымыздыңкезiндегарабйаһұди (еврейжәне христиан қоғамдарының дiни-әлеуметтiк өмiрiн суреттейтiн аяттарды айтпағанның өзiндехадис және тарих кiтаптарында арабтардыңмұсылмандықтан бұрынғы наным-сенiмдерi, әлеуметтiк құрылымдарыдiни ритуалдержәне исламмен пайда болған өзгерiстер туралы аса құнды материалдар кезiгедi. Еуропахалықтары қараңғылықты бастан кешкен VII-XII ғасырлар аралығында мұсылман авторлар жазған мыңдаған кiтаптардан дiн социологиясына негiз боларлық мәлiметтер уә ғылымитұжырымдарды табуға боладыДегенменмұсылман ғалымдардың пiкiрiнше ислам елдерiндегдiн социологиясы туралы арнайы ғылыми зерттеулер Мұхаммед Әбу Райхан әл-Бирұни (973-1048) еңбектерiмен басталғанАрабпарсытүркi, үндi, санскритгрекибрани (иврит), арамисұрия тiлдерiн әбден меңгерген әл-Бирұни көптеген жылдар бойыҮндiстан жерiн аралапондағы халықтардың дiни нанымдарын зерттегенӘл-Бирұни «Китаб-ұт тахқиқ мә ли-л-Һинд» (Үндiстандағы зерттеулер туралы кiтапжәне «КитабұБатенжел әл-Һинди» (Үндiстанның Патанжали кiтабыатты еңбектерiнде үндхалықтарының дiни ұстанымдары мен қоғамдық өмiртуралы құнды мәлiметтердоларды кемсiтпейтөмендетпей келтiредi (G. Tьmer, Biruniye Gцre Dinler ve İslam Dini.  Ankara: D.İ.B. Yayınları, 1991. 173-184 беттер). БелгiлғалымӘндүлүс мұсылмандарының iржұлдызыныңбiрӘбу Мұхаммед Әли Хазмұлы (Ибн Хазм, 994-1064) «әл-Миләл уә-н Ниһәл» атты еңбегiнде көптәңірлі (политеистiкжәне біртәңірлі (монотеистiкдiндерджан-жақты зерттепдiн социологиясы тұрғысынан аса құнды мәлiметтердсыныптайдыТарихшыәлеуметтанушы һәм философ Ибн Халдұн (1332-1406) барлық дүние жүзiнде алғашқыәлеуметтанушылардың бiрретiнде қабылданған.
Соңғы ғасырда дiн социологиясы саласында қомақты еңбектер жазған ғалым ретiнде философия ғылымдарының докторыпрофессор Хилми Зия Үлкендi (Hilmi Ziya Ьlken, 1901-1974) айтуға боладыОл Түркиядағы дiн социологиясының негiзiн қалаушылардың бiрi. Оның ондаған рет басылған және сала мамандарының басты құралына айналғанеңбектерiнен социологияға қатыстылары мыналар: «İctimai Doktrinler Tarihi» (Әлеуметтiк доктриналар тарихы), «Sosyoloji» (Әлеуметтану), «Sosyolojiye Giriş» (Әлеуметтануғакiрiспе), «Dini Ictimayat» (Дiн социологиясы). Түркияда дiн социологиясы саласында келелеңбектер жазған ғалымдар Сабри Үлгенер (Sabri Ьlgener, 1911-1983), Ерол Гүнгөр (Erol Gьngцr, 1938-1983), Амиран Билгисевен (Amiran Bilgiseven, ислам социологиясы туралы құнды еңбектер жазғанжәне Шериф Мардин (Şerif Mardin, 1927- ). Ислами әлеуметтiкантропология саласында Кэмбридж университетiнде iстейтiн пәкiстандық ғалымпрофессор Әкбар Ахмед (Akbar S. Ahmed, 1947- ) ағылшын тiлiнде маңызды еңбектер жазғанзерделзерттеушi.
Елiмiздегдiн социологиясы саласындағы зерттеулерде батыстағы ғылыми ағымдардың шылауына түспеймәселеге шынайы ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзалБатысғалымдарындағы басым пiкірият материалистiк-позитивизм уә ұлттық-нәсілдік және діни үстемдікке негізделген алғыойлылық (предубеждение  М.Б.) дiн социологиясына дасалқынын тигiзудеҰзақ ғасырлар бойы дiн мен ғылымның арасындағы қақтығыстарға сахна болған Еуропада дiн көп жағдайларда ескiшiлдiктiңартта қалушылықтың белгiсретiнде қабылданадыМарксизм сияқты әсіре реалист-материалист жүйелер дiнге өндiрiстiк барыстың вертикалды нәтижесһәм таптық қоғамға тән мәселе деп қарайдыШынтуайттап айтқандаматериалист Батыс ғалымдарының пiкiрiнше дiн материалдық өмiр мен қоғамдағы құбылыстардың бiрi. Сондықтандiн тек онтологиялық ақиқат ретiндеқарастырылады да онтикалық (жеке және ақырғы шындық болмыс  М.Б.) ақиқат ретiнде қарастырылмайдыОсындай ұстанымдарды Дуркгейм мен Вебердiң еңбектерiненкездестiру бiздтаңырқатпауы керекМәселенДуркгеймнiң эволюционист үрдiсбойынша барлық дiндер әлеуметтiк құрылымдардан туындаған функциялар болып табылады датотемизмнен (пұтқақұлдықбастапмонотеизмге (біртәңірлілікқарай дамидыАлВебердiң еңбектерпротестант сенiмі маңайында өрбiгендiктеноның материалдарын басқадiндерге пайдалануға болмайды.
Дiн социологиясын зерттеуде Батыс елдерiнде қолданылып келе жатқан әдiстердiң бiр «социография» әдiсi. Бұл әлеуметтiк қарым-қатынас феномендерiн сипаттауға бағытталғанәдiсОсы әдiс бойынша әлеуметтiк өмiрдiң белгiлбiр мәселесхақында деректер жыйналадытәжiрибелер жасаладысанақтар жүргiзiледжәне жыйналған мәлiметтерсалыстырмалы түрде талданадыСоциографиялық талдаулар практикалық тұрғыдан пайдалы болғаныментерең ғылыми нәтижелерге апармауы мүмкiнСонсоңмұндай қолданжасалған материалдарды Батыстың тек өз мүддесі үшін пайдаланатынын ұмытпаңыз.
Ислам дiнөзге дiндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтылы монотеизмяғни «тәухид» қағидасына негiзделгенкөптәңірлі (политеистiкқоғамда пайда болғанынақарамастанМекке қоғамының мәдени үрдiстерiне қарсы бағытта қалыптасқан дiнИслам дiнМеккедегтәңiрлер (пұттарпантеонын жойыпоның орнына бас тәңiр емесбiрегейжәне бiрлiк ұғымды бiлдiретiн Аллаһ Тағалаға иман етудi, Одан басқа ешкімгеешнәрсеге құл болмаудытабынбауды бұйырадыСондықтанислам нанымы адамдарға толықтайматериалдық һәм рухани азаттық бередi. Бұның әлеуметтiк өмiрдегкөрiнiстерпұттарға табынатын яки белгiлбiр дiни тапқа құлшылық жасататын басқа дiни-әлеуметтiкжүйелерден (христиандықсуфизм т.т.) айырмашылықтары орасан зорДемекислам социологиясы мен мұсылман қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары менәдiстерінен гөрзерттеу субъектiсiне тән әдiстердқолдану тиiмдболадыИслам социологиясы туралы зерттеулерде осы дiннiң универсалдылықкүллі ғаламдық сипатын ескергенжөн...
Қазақстан Республикасы жас мемлекетТәуелсiздiгiмiздiң 10 жылдығын тойлаптөбемiз көкке жеткендей болдықАлайдаелiмiздегэкономикалық-құқықтық реформаларменбарабар күрделәлеуметтiк өзгерiстер де жүзеге асудаЗаманауи мәдени ықпалдастықжиһандастыру (глобализацияжәне ұлттық идентификациядәстүрлқұндылықтардыңөзгеруi, гео-саяси және гео-экономикалық проблемалар... Мiнеосы мәселелердiң бүгiнгжәне ертеңгнәтижелерiн анықтауда дiн социологиясыныңоның iшiнде елiмiз халқыныңбасым көпшiлiгiн құрайтын мұсылмандардың дiни социологиясын зерттеудiң маңыздылығы айқынБiрақаталмыш iлiм саласының бүгiнгжағдайы көңiл көншiтерлiк деңгейдентым алыстаЖалпылап алғанда дiн социологиясынжалқы ислам социологиясын зерттеуде жоғарыда аталған проблемаларға қоса мынандай қыйыншылықтарды айтуға болады:
1-Дiн социологиясы саласында жазылған әдебиеттер я тым азя тiптен жоқБатыс авторлары мен мұсылман зерттеушiлердiң маңызды еңбектерiнiң бiрде бiрқазақшағааударылмағанБұл проблема тәуелсiз ел ретiнде бiздiң ғылыми дамуымызға аса жойқын соққы беруде.
2-Жалпы дiн саласындағы зерттеулергеоның iшiндеәсiресе ислами зерттеулерге зайырлылық қағидасы алға тартылыпмән берiлмеудеХристиан мемлекетболғанынақарамастанГерманиядағы жыйырма шақты «Islamwissenschaften», яғни «ислам ғылымдары» бөлiмдерiнде мыңдаған студенттердiң бiлiм алып жатқанын айтсақ жеткiлiктi. Батыселдержәне Америкада көптеген институттар уә арнайы зерттеу орындары йаһұдилiкхристиандықислам және өзге де дiндердәлеуметтанумәдениеттанусаясаттануэкономикақұқықфилософия т.ттұрғысынан зерттеудеЖаппай жұмыс iстеп жатқан бұл ұйымдар аталмыш елдердiң әлеуметтiксаяси және экономикалық өмiрiне айтарлықтай маңызды үлесқосудаОлардың бізде жүрген зерттеуші барлаушылары да арнайы материалдар жіберіпөз миссияларын орындауда.
3-Дiн социологиясын тiкелей теологияның жұмысы деп бағалаушылықБұл да терiс пiкiрЖоғарыда айтқанымыздайдiн социологиясы мен теологияның ортақ мәселелербек көпБiрақхристиан теологиясының қағидаларын басқа дiндергемәселен исламға телуге болмайтынын ескерген жөнБатыс ғалымдарының өздерөскен христиан ортаның әсерiмендайындаған қалыптарын басқа дiндерге қолдануға болмайдыМәселенАмерикадағы протестант тариқаттары бастаған фундаментализмдмұсылмандарға тән феномен етiпкөрсетуге тырысушылық бар.
Баяндамамды қорыта келебүгiнгконференцияға қатысушы ғалымдарға үлкен ғылми-шығармашылық табыстар тiлеймiнЕлiмiздегислами зерттеулердiң осындай игшаралардыңкөмегiмен соны серпiн алатынына сенемiнОл үшін бізге Батыс тілдерін терең меңгергенбірақ Батысқа сатылмағанөз діні мен руханиятына берікислам ғылымдарын заманауиғылыми жетістіктер негізінде зерттейтінөзін өткен тарихпен шектемейтінболашаққа үмітпеніждиһаттылықпен ұмтылатын және Құранды басшылыққа алатын мамандар қажет.


 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..