ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 8

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  9  10  11  ..

 

 

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

 

Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ

Философия ғылымдарының кандидатыдінтанушы

 

 

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

 

Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастансоңғы жылдарыдіни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алудаХақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімніңойларымды былайша түсіндіргім келеді.

Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатынадамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтыноларды дұрыс һәм қажетті деп көретіннағыз орта жолМәселенүйленужеп-ішужұмыс істеубайлық тілеуменшік жинауараласуғылым ізденутазалықжыныси қажеттер т.тосылардың күллісі де жұмыр бастыпенденің бәріне қажетті нәрселерИслам жыныстық қатынасты шектемейдіне болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесінжанұялы болмасын демейдіқайтаүйленудібалалы-шағалы болудыжанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайдыТекадамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табудықанағаттандырудыбұйырадыСондықтанзинақорлықөсімқорлықмаскүнемдікнашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.

Түркілер кіріп-шыққан манихейшілдікбұддашылдықмаздак сықылды діндерде ет жеугемал союға мүлдем тыйым салынғаны белгіліКейін қабылданған христиандықтаболса монахтардың (еркек яки әйелүйленуінебала қызығын көруіне тыйым салынғанКейбір діндер дүниелікті жауызкүнәкарлық деп санаған да дүние-мүлік жинауды жексұрынғып көрсеткенПайғамбарымыз жомарт байларды мадақтапмұсылмандарды саудамен шұғылдануғасаудада адал болуға және қайырымдылық жасауға шақырғанИсламиятдүниелік байлықты харам деп санамайдыӘбу БәкірОсман сықылды сахабалар өз уақытында дәулетті адамдар едіБірақдүниелік жинау өмірдіңжаратылыстың басты мақсатыболмауы керекАллаһ Тағалаға жақындататын жолдың бәрі халалал Оның разылығынан алшақтататын әр нәрсе жағымсызхарам болып саналадымінекритериямыз осы болмақ.

Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкиятжамандық атаулының қайнар көзі деп санағансондықтанменшікті құрытсаққоғамдағы барлық жамандықты жоямыз депойлағанБірақтәжрибе мұның солай болмағанын көрсеттіҮйткеніменшік сезімі адамның жаратылысында (фитратбар нәрсеменшікті жою жаратылыс заңдарына қайшы келедіАдам болмысындағы нәпсіменшік хұқұғы болмаса да өзінің арманына жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейдітабадыБұл болса қоғамда жаман қылықтардың көбеюінеахлақсыздыққақұлдыраушылыққа (коррупцияапарып соқтырадыСондықтанИсламияттың нағыз орта жол екеніқайталап айтқанда машрұғ (шарғизаңдыталаптардың харамсаналмағаны анық болады.

Исламиятта фұндаментализмэкстремизмтерроризм деген нәрселер жоқБұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейдіүйткеніИслам дегеннің өзі бейбітшіліктыныштықдеген сөзИсламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаныСондықтанэкстремисттеррорист деп аталған топтардан діннен басқа себептердімақсаттарды іздеукерекОлардың саясиэкономикалықәскери т.тмақсаттарыойлары болғанын тексеру керекЕкінші мәселесондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғандаміндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтенЕгеролардың мақсаты терроризмдіэкстремизмді қаралау болсаонда тек террористтерді немесеэкстремистерді айыптар еді оларИслам сықылды бәшериет (күллі адамзатжаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесінеең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.

Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаныәлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей саладыАлбасқа діндегі террорист топтартуралы болғандаолардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің атыең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтыладыМәселенИспаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды оларСолтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емесТокйодағы метрода улы газ шашып көптеген адамдардың өлуіне себеп болған Жапониядағы бұддист «Аум Синрике» сектасы туралы «Буддисттеррористтер» деп ешкім айтқан емесСондықтанмұның негізінде Исламды көре алмаушылық және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айтакетуіміз керек.

Елбасымыз Н.ӘНазарбаев 16.03.2000 күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты жұбайымен Астана орталық мешітіне барғанында баспасөз өкілдеріне берген сұхбатындабылай деді: «Исламның ішіндегі эктремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емесИслам деген дүние жүзілік дінЕкі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынадыСондықтанәлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдайОл екеуін біз ажыратып айтуымыз керекАл ендіМұхаммед Пайғамбарымыздан қалғандінненқалған мәселелер ондай емесеш уақытта мұсылманның діні соғыспенқолына қару-жарақ алып біреуді өлтіріпзаңсыздыққа барыпмемлекетке қарсы жүру деген мәселелерболмайды мұсылмандаСондықтаносындай нағыз таза мұсылманныңҚұранның жолыменен халық жүретін болсаол елге жақсылық әкеледіәр адамның өзіне де жақсылықәкеледі деген сөз».

Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көрудеСоңғы жылдары АБДЕуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдарымен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза таптыМәселенАБД-нің Калифорния уилаятындағы (штаттСан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» депаталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында«Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтіргенФырансаның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз-өздерін өртеп өлгенОсы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлдіКүн храмы сектасының Канададағы белсенділеріде тыныш тұрған жоқшығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күніалСен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртепөлтіргенАмериканың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әліде есіндеФилипиндегі рұһбан (монахДату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. ЖуықтаОрталық Африкадағы бірмемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есіміздеМұның бәрі де адастырушылардың ісібейкүнә адамдарды жалған уағдаларменалдаушылықЖалпы ел болыпосындай қауіпті секталардан сақ болуымызбалаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліпкесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз керек.

Соңғы кездербаспасөз беттерiндетеледидар хабарлары мен әуе толқынындағы таралымдарда бiзге орыс тiларқалы енген «фундаментализм» (iргешiлдiксөзiн жикездестiрiп жүрмізОсы мағлұматтарда фундаментализм сөзі көбінесе мұсылмандық һәм осы дiнге сенушхалықтарға тән мағыналарда ғана қолданыладыОсы даурықпа хабарлар«исламдық фундаменталисттер», «мұсылман фундаменталисттер» немесе «мұсылмандардың заңнан тыс қауiптұйымдары мен зиянды iс-әрекеттерi» деп жырлайдыБұл терминдi, шын мағынасын бiлетiн адамдар да бiлмейтiн адамдарша кез келген жерде қолданыпәйтеуiршулата бередi. Алғылыми тұрғыдан екшепаталмыш терминнiң сөздiк һәмэнциклопедиялық мағыналары мен дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу барысына қарағанымыздафундаментализм деген сөздiң хақ дiн Исламмен және осы хақ дiнге сенушимандылармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын анықтаймыз.

Ең алдыменмұсылмандарға пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөнБұл сөздiң түбiрi, көне латынтiлiндегi fundare (фундаредеген етiстiкФундаре  жерге төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum (фундаментумзат есiмі пайда болғанОның мағынасы төсегiш, iргеКейiн келе мағынасы толығыпжер тағаны немесе iрге тасы деген түсiнiктердберетiн болғанЖәжоғарыдағы фундаментумяғни осы күнгбатыс Еуропатiлдерiндегi fundament (фундаментпен онымен бір түбiрден өндiрiлген фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.

Фундаментализм дегенiмiз дүниежүзiлiк әдебиеттерде бiрiншретАмерикада пайда болған дiни-саяси терминМен осы мақаламда терминологиялық һәм этимологиялықанықтамалы екбеделді деректалдарыңызға ұсынбақшымынБiрiншiскүллі әлемге әйгiлi «Oxford Advanced Learners Dictionary of Current English» (Бүгiнгағылшын тiлiн кәмiлүйренушiлердiң Оксфордтық Сөздiгi) деп аталадыМенiң қолымдағы нұсқасы Оксфорд университетiнiң баспасы тарапынан 1982 жылы он алтыншы рет басылғаныБұл құндыдеректе фундаментализм былай деп түсiндiрiлген; «maintenance of the literal interpretation of the traditional beliefs of the Christian religion (such as the accuracy of everything in Bible)», яғни «христиан дiнiнiң дәстүрлі сенiм-нанымдарын үзiлдi-кесiлдсақтау (мисалыБиблияда жазылған нәрселердiң барлығының мүлтiксiз хақ екенiне сену)».

ЖәАмерикада екғасырдан берқарай жарияланып келе жатқан беделді «Websters New World Dictionary of the American Language» (Американ тiлiнiң Вебстер жаңа дүниесөздiгi), 1986 жылғы басылымыМұнда фундаментализмнiң екмағынасы берiлген;

· Religious beliefs based on literal interpretation of everything in the Bible and regarded as fundamental to Christian faith and morals.

· The 20th century movement among some American Protestants, based on these beliefs.

Яғни;

· Библияның мазмұнына сөзбе-сөз һәм мүлтiксiз сенуге негiзделген және христиан руханияты мен иманының негiзболып есептелетiн дiни нанымдар.

· Осы нанымдарға негiзделiпАмерикадағы кейбiр протестанттар тарапынан 20 ғасырда басталған қозғалыс.

Жиһан ғалымдары дәрiптеген осы екбеделддеректе мұсылмандарға жала болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағналары көрсетiлгенДемекфундаментализммұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғымХристиан әлемiнiңәсiресесолтүстiк Америка мен батыс Еуропа християндарыныңөздерiндегрухани шиеленiстiктер менқақтығыстар үшiн тапқан атауларынсондай нұқсандар мұсылмандарда да бар шығар-ау депжаңылыстықпен қолдануының салдарынан осы күнкенедей жабысқансүлiктейсорғаносы мұхиттың аржағынан келген жаладан құтыла алмай жүрмiз!

Фундаментализмнiң отаны Американың Бiрiккен Мемлекеттерi (АБД «АҚШ»). 1993 жылғы президент сайлауында Америкадағы фундаменталист ұйымдардың үлкен әсертигiзгені мәлiмАлолардың 1996 жылғы сайлауларға да күштiрек қатысқаны байқаладыАлдымыздағы жылдары фундаменталисттердің Американың iшкһәм сыртқы саясатындаықпалды орындарда болатыны шүбәсiз шындық.

Фундаментализм ХХ ғасырдың бас шенiнде АБД-нің солтүстiгінде пайда болған ағымОл 1950 жылдары оңтүстiк аймақтарға дейiн таралып кеткенБұл екмыңнан астамшiркеу өздерiн «Фундаменталист християндармыз» деп әшкере жариялауымен жиһанға белгiлбола бастаған діни-экстремистік ағымЖаппай қалаландыру һәмөнеркәсiптендiруденсонымен қатаршаруашылық тапшылықтардан әбден жаны қиналған кедей-жарлы һәм орташа ауқатты жүз мыңдаған християндар азаттықты осы шiркеулердеiздепжиналған.

Фундаменталист шiркеулер жамағаттарды христиандықтың жоғарыда аталған негiздерiне бағынуға шақырыпсондай жағдайда ғана кедейлiктенәлеуметтiк қысымдар меноның зардаптарынан құтылатмыз деп насихаттағанСүйтіпүнемі өскен фундаменталист ұйымдар 1960 жылдары саяси қозғалыстарға айналадыАмерикада сол жылдарыфундаменталист болу үшiн протестант мәзһәбiнiң бiр тармағы пентекостал (Pentecostal) жолына кiру керек едi. Пентекостал тармағындағы протестанттар КиелРұхтың хауариларға(Апостолдарғақонғанына сенедһәм жексенбкүнiн ерекше қасиеттеп өткiзедi. Олар КиелРұхпен бүгiнгкүнде де бiрлесуге болады деп сенеджәне Библияның сөздерiнеешқандай тәфсiрсiзяғнисөзбе-сөз иланадыФундаменталисттер Библияның алғашқы бес кiтабына аса мұқияттықпенсөзбе-сөз иман етудмiндеттейдi. МысалыБиблиядажерпланетасы алты мың жыл бұрын жаратылды деп жазылғанФундаменталисттердiң сенiмбойыншаосы мәлiметтқаз қалпында қабылдапоған мүлтiксiз сену керекТағы да мысалкелтiретұғын болсақБиблияда жазылуына қарағандаұлық Тәңiр бұл жиһанды алты күнде жаратыпшаршағандықтан жетiншкүндем алыпты-мысМiнесол үшiн олар жексенбкүндердем алады екенФундаменталисттердiң имандарындағы осындай кереғарлықтардың басқа да мысалдарын келтiруге болады.

Америкадағы фундаменталисттердiң тұңғыш саяси дауы 1963 жылы басталғанСол жылы Американың Жоғарғы Соты (American Supreme Court) мектептерде дiн сабағыныңоқытылуына тиым саладыФундаменталисттер Америкада жаңа бiр дiн таратылады депбұл қарарға қарсылық бiлдiредi. Олардың пікіріншеАмерикада таратылатын жаңа дiннiңаты «дүниешiл гуманизм» (Secular Humanism) едi. Фундаменталист ұйымдар осы жаңа дiнге қарсы айқасып келедi. 1973 жылы Жоғарғы Сот 46 уилаятта (штаттағамалия (абортарқалы жүктәйелдердiң бала алдыруына рұқсат етедісол себепті мемлекет пен фундаменталисттердiң айқасы одан ары өршелене түседіБасқа да християн топтарыфунадаменталист болу үшiн алдымен «дiншiл» (Religionist) болу керек деп сенгендiктенолар бiр дiннiң дiншiлiмiз деп фундаменталисттердосы күрестерiнде қолдауғаұйғарысадыСондай-ақкатолик әлемiнiң Ватикандағы бас рұһбаны (Папаөзiнiң үндеуiнде; «дүниешiл гуманизм  християндықтың ең үлкен жауы!» деп жариялайды.

Ал ендi, Америкадағы ең белгiлфундаменталисттер жөнiнде бiр-екауыз сөз айтатұғын болсақ;

1993 жылғы сайлауда Джордж Бушқа «Християндардың хұқұқтары» (Сhristian Right) атындағы фундаменталистiк ұйым болысқанБұл ұйымды католик фундаменталисттердiңжетекшiлерiнен Патрик ЖБуханан да қолдапкөмек берудеЕкiншүлкен фундаменталист ұйым Джерри Фальвелдiң жетекшiлiгiндегi «Рухани көпшiлiк» (Moral Majority) қозғалысыҮшiншорынды, «Теледидар рұһбаны» деп атағы шыққан Пат Робертсонға қарайтын «Христиан одағы» (Christian Coalition) ұстаудаДжерри Фальвелден бөлiнгенфундаменталисттер (iргешiлдертарапынан құрылған «Християн әрекетжелiсi» (Christian Action Network) төртiншорынды иемденуде.

Осылардан кейiн жүз мыңға жуық мүшесбар екқоғамды атауға боладыБұлар  Луи Шелдонның жетекшiлiгiндегi «Дәстүрлі бағалар одағы» (Traditional Values Coalition) және Лон Мабонның басқаруындағы «Азаматтар бiрлiгi» (Citizen Alliance). Сонымен қатар ғамалия арқалы бала алдыруға қарсы күресушi «Құтқару әрекетi» (Operation Rescue) атындағы ұйым да жоғарыда аталған iргешiл қозғалыстарға болысудаОлартіптіғамалияларды жасайтын дәрiгерлердөлтiрiпғамалиятханаларды (операционноежарылғышзаттармен атқылауға дейiн барған.

Бұларға қосымша ретiндежиһанға аты әйгiлАмериканың «Time» (Таймапталығының 8 Мамыр 1995 күнгсанында үлкен мақалаға тақырып болғанфундаменталистiккөзқарастағы азаматтар тарапынан негiзқаланған «Отансүйерлердiң жасақтары» атындағы белсендiлердiң заңнан тыс жасақтарын айтуға боладыОсы күндеАмериканың БiрiккенМемлекеттерiне ең үлкен қауiп төндiрiп отырған осы iргешiласырашыл топтарАтақты басылым үлкен мақаланы «Мемлекеттiң жаулары» (Enemies of State) деп атаптыОсы асақауiптұйымдар қалың бұқараны қыру қимылдарына дейiн барғанМысалы, 1995 жылы Оклохама қаласындағы бала бақшаны бомбалапжүздеген бейкүнә сәбилер меназаматтардың қырылуына себеп болған осы жасақтанған топтар (Алайдақылмыскерлер ұсталғанға дейін батыс баспасөзі тек мұсылмандарды айыптаумен шұғылданған). Таймбасылымыосы заңнан тыс қарулы топтардың негiзгқұрамын христиан фундаменталисттерсалықты сөгушiлер және Американың негiзгзаңын қорғаушылар құрайды деп тағрифқылады.

1993 жылдың 19 сәуiр күнОдақтық Тергеу Кеңсесi (ФБРТексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» фундаменталтисттерiнiң диқаншылық базасына шабуылжасағанда 80 iргешiл ұсталатындарын аңғарып өздерін өртеп өлтіргенМемлекеттiң бұл жойқын шабуылынан кейiн iргешiл топтарды жақтаушылардың саны күрт көбейедіОсытоптардың аймақтардағы бастықтарының көбiнесе христиандық рұһбан қызметiндегжәне ақ нәсiлдiң үстемдiгiн орнатқысы келетiн фундаменталисттер екенiн көремiз.

Мысалы, «Тайм» басылымының баяндауына қарағанда, «Християнның белгiсi» (Christian Identity) атындағы топтың өкiлдерi, солтүстiк Еуропалықтар Көне Өсиетте (Библияаталған таңдаулы пенделералйаһұдилер (жөһиттер шайтанның ұрпақтары деп сенедi. Мишиган аймағындағы қарулы топтардың жетекшiсНорман Олсонбаптист сектасыныңрұһбаны һәм қару-жарақ сататын дүкендер торабының иесi. Оның тобында он екмың қарулы адам бар және олар БҰҰАБД-ін социалистiк елге айландырғысы келеддеп сенедi. Тағы да осы аймақта фундаментализмдтаратушы Марк Корнки «Дүниежүзiлiк христиан радиосы» (Worldwide Christian Radio) арқалы хабарлар таратуда.

1990 жылы Ирақ көршiсКувейтті жаулап алған соңАмериканың Төрағасы Джордж Буш 11 қыркүйек 1990 күнгарнауында «Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жетекшiлiгiндежаңа жиһан низамын орнату керек» деген едіФундаменталист бағыттағы қарулы топтар бұл жүйені Американың билiгiн қолынан тартып алғысы келетiн сионистiк жоспар дейдіМисалыСолтүстiк Каролайна аймағындағы «Конституцияға сәйкес мемлекеттiң қайтадан қалпына келтiрiлуiн жақтайтын азаматтар» (Citizens for Reinstatement of Constitutional Government) атындағы топтың негiзгұраны; «ҚасиеттБиблияны және Атазаңды Американың негiзгзаңына айналдырамыз!» деп мәлiмдейдТайм апталығы.

Америкадағы экстремист ағымдар туралы толық бiр кiтап жазуға да болар едi! Бiрақ бұл мақаланың мақсаты осы деректмысалдар арқалы экстремизмнің шын мәнiнде неекенiнқайдан шыққанын анықтаумен шектеледіАталмыш фундаменталист ұйымдар Америкада ғана емессонымен қатарКанадада мен Еуропа елдерiнде де ұйымдасқан түрдеөсiпөрбудеТаяу уақыттарда осындай асырашыл топтардың кесiрлқылықтарына куә болуымыз әбден мүмкiн.

Қорыта айтқандафундаментализм АБД-де және христиандықтан пайда болғанМың төрт жүз жыл бойы жиһанды ғылымғаәдiлеттiлiккетазалыққаимандылыққаабзалдылыққаөркениеткеадамшылыққа бөлеген хақ дiн Исламға және оған иман етушмұминдерге фундаменталист деген жаланы жабудың жалғыз ғана мақсаты  ең жылдам һәмөздiгiнен өсiптаралып келе жатқан хақ дiн Исламның алдын тосуоған жүректержiбiп келе жатқан пенделердайнытудан.

Ислам деген сөздiң өзараб тiлiндегi «силм» - бейбiтшiлiктыныштықберілу деген сөзденжәмұсылман деген мағнаны бiлдiретұғын «мұслим» сөзі  бейбiтшiлiкке берiлгентәсiлiм болған һәм оны сақтаушы деген мағынадан шыққанДемекфундаменталист секiлддөрекде кертартпа сөздер мұсылмандыққа әсте жараспайтынынәлбеттеоңайлықпенаңдауға боладыМұсылмандар амандасқанда-ақ «Әс-саламұ алайкұм!» яғни «Саған бейбiтшiлiк болғай!» депбіріне-бірі татулықтыныштық тілейді ғойАлхақ дiн Исламныңпайғамбары Әз Мұхаммед Ғалайһиссалам бір хадисінде «хайрұн насман йанфағұн нас!», яғни «адамзаттың ең жақсысыең хайырлысыадамзатқа ең пайдалысы!» дегенПайғамбарымыз тағы да бiр сөзiнде «әс-салату ғимад-ұд-дин», яғни «дұға дiннiң дiңгегi, негiзi!» дегенИслам ұғымындағы бейбiтшiлiк Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болуменяғнижақсы ғамалдар iстеумен ғана пайда боладыОн төрт ғасырлық тарихында ғылымныңмәдениеттiңәдебиеттiң ең озық және пайдалы үлгiлерiн мұралатқан хақ дiн Исламғажәне мұсылмандар хақында батыс өлшемдерiндегатаулардың мағналары мен шығу тегіне мән берiлместен қолданылуыбұл ғажайып байлық пен пәктікті жете түсiнбегендiктiңсалдарынан дер едiм!

Ислам және түбірлес сөздер Құран Кәрімде мынандай мағнада қолданылғанқұтылусәлеметте болу (68-сүре/43-аят), таза жүректі болу (26/89 және 37/84), бейбітшілікамандықазаттық (2/208, 8/61, 47/35), бейбіт бітімтыныштықтатуластық (4/90-91, 16/28-87), жамандықтанжауыздықтан ада болусәлемдесу (6/54, 7/46, 10/10, 11/69, 13/24 т.т.), берілутәсілім болу (19/33, 20/47, 8/43), құтылғаныхыласты (2/71, 4/92, 4/125, 6/14 т.т.) /[2]/. Бір жолыМәдинедегі Хазраж руынан бір топ адам Расұлұллаһқа келіпИслам туралысұрайдыӘбден ұғынып болған соң мұсылмандықты қабылдаған олар былай деген: «Біз өшпенділік пен күншілдік билеп алған бір қоғамның мүшелерімізСенің дініңнің арқасындаАллаһ Тағала екі ру арасындағы өшпенділікті жояды деп үміт етемізЕлімізге барыпүгіттеріңді түсіндіремізАллаһ оларды сенің маңайыңда жинасын деп тілейміз!» /[3]/. ИәИсламға дейін үнемі теке-тірестешайқаста болған Мәдинедегі Әус және Хазраж рулары мұсылмандықтан кейін татуласыпбауырласып кетеді.

Әлем тарихын парақтағанымызда мұсылмандардың әр дәйім бейбітшілік жағында болғанын көремізҮстіміздегі ғасырда болған уақиғалар осыны растайдыСондықтанәлемдік бейбітшіліктің басты кепілі мұсылман үмметі десек қателеспесбіз.

Пайғамбарымыз Мәдинеге келген соң (622ж.) қаланың саяси тұрақтылығы мен мұсылмандардың амандығын қамсыз ету мақсатымен іске кіріседіҮйткеніМәдинетұрғындары Мекке сықылды біркелкі араб факторларынан емессонымен қатар йаһұдилер мен басқа жамағаттарды да қамтушы едіБұған дейін Мәдинеде орталық билік пен қалатұрғындары ортақ ымыраға (консенсускелген басқару жүйесі болмаған едіСахаба Әнес Мәлікұлының (614?-715?) үйінде мұсылмандар мен ғайри-мұслимдердің уәкілдеріменкездесулер ұйымдастырылыпбарлығы келіскен ортақ жазба мәтін дайындалады. 623жМәдине тұрғындарының барлығы ұйғарысқан осы келісімшарттың жазба нұсқалары бүгінгежеткенОсы тоқтамды Мәдине Ислам Мемлекетінің «конституциясы» деп атайды ғалымдар /[4]/. Осы негізгі заңда қамтылған тақырыптар мен баптарданжәне деПайғамбарымыздан кейінгі халифалардың жаңа ашылған елдерде ұстанған жолынан мұсылман билігінің басқа мәдениеттерге кең рұқсат бергенін байқаймыз.

Исламият бөтен мәдениеттерді жатсынған емесҚайтаоларды өзіне баулыполардың жақсы жақтарын алуда ешқандай оқа көрмеген /[5]/. Пайғамбарымыздың түрік-соғдысауытын киюіқытайдан әкелінген заттарды пайдалануытүрік шатырында соғысқа шығуыАрабыстанның төрт жағындағы МысырБизантия (395-1453), Сасани (224-651) қатарлыпатшалықтарға елшілер жіберіп (630ж.) оларды хақ дінге шақыруытіпті император Ираклиймен хат алмасып тұруыОның күллі адам баласына жіберілген елші екенін растайтынайғақтарХалифалық дәуірінде де басқа діндер қудаланған жоққайтаолардың еркін жұмыс істеуіне рұқсат етілдіМұсылмандар ғайримұслимдердіңал олар мұсылмандардыңшәкіртіұстазы болды /[6]/. Тіптіакадемик Бартольд (1869-1930) христиан ғұламалардың өз діндестерінен гөрі мұсылман шәкірттерінің көбірек болғанын жазады /[7]/. Бұл фактмұминдердің ғылымға деген талабының бәрінен де жоғары болғанын көрсетедіҒылымды кім іздесе және дамытсаәрине сол қызығын көрмекҒылымға кім көбірек үлес қоссасоның ғылымы билемекСондықтанмұсылмандар ғылымның жетекшілігін қолға алған соңэллинизмнің беделі төмендеді де мұсылман мәдениеті жоғарыладыараб тілі һәммұсылмандардың һәм ғайри-мұслимдердің ғылым тіліне айналдыХалифа әл-Мансұр (709?-775) Бизантия патшасына хат жолдап математика туралы кітаптар жіберуін өтінгенГрекибрани (иврит), сұрияпарсы тілдерінен көптеген әдебиеттер арабшаға аударылдыГрекшеден тәржімелер сонау VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас шенінде басталдыӘбу Сұфйанның немересіЙәзид Мағауияұлының (уаф. 683) баласы Халидтің ханзадалық дәуірінде кейбір астрономиямедицинахимия кітаптарын грекшеден арабшағааудартқызғаны белгіліАрабшадан да көптеген туындылардың кейінгі ғасырларда аталмыш тілдерге тәржімеленгенін байқаймызҒайри-мұслимдер мұсылман билігінде алтындәуірін бастан кешіріп жатқандаЕуропадағы халықтардың тым примитивті өмір сүргенін байқауға боладыАкадемик Бартольд литовцылардың сонау XII ғасырға дейіналХиндұқұштағы кафирлардың XIX ғасырға дейін жабайылар болғанын атап көрсетеді /[8]/.

Ешқандай мәдениеттің өздігінен пайда болмайтыны расӘлемді тамсантқан Ислам мәдениеті пайда болғанда өзінен бұрынғы МысырМесопотамияГрекПарсыҮндімәдениеттерін пайдаланғаныолардың Исламның өзегімен ұштасатын тұстарын алыпдамытқаны белгіліМәселенәл-Фарабидің басқа дін мен басқа ұлттың өкілі болғанынақарамастан Стагирит Аристотелдің (м.б. 384-322) пікірлерін дамытқаны осының бір айғағыОсы орайда айта кететін бір жәһітерте дәуірдегі мұсылман зерттеушілері грекибранипарсыүнді және түркі тілдеріндегі көп мұраларды хатқа түсіру не аудару арқалы әлемдік мәдениеттің маңызды мирастарының сақталып қалуына үлкен үлес қостыЕгер мұсылманғалымдары мен көрегенді билеушілерінің осы қызметі болмағандабәшәриет көп нәрседен махұрым қалар едібүгінгі өркениет сәуиесіне жете алмас еді.

Мұсылман ғалымдар бар ғылымын жұртшылықтың пайдалануына ұсындыҒылымды күнкөріс пен мәртебе алудың құралы деп көрмеді оларБір мисал келтірелікИранпатшасы I Шапұр кезінде (241-272) Хұзистан аймағында Жұндишапұр деген қала орнатыладыОсы шағын қалашық Сасани билеушісі I Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтыңекінші үлкен қаласына айналадыМұнда атақты дәрігерлік мектебі пайда боладыАлайдаЖұндишапұрлық дәрігерлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтанұрпаққа қалдырып сақтайды да монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге білдірмейді һәм үйретпейді /[9]/. Аталған аймақ мұсылман билігіне қаратылғаннан соң ғанамұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын ашыппайдалана алған-дыАлайдаИбни Сина сықылды біртуар дәрігерлер болса жазған кітаптары тек мұсылман елдерінде ғанаемессонау Еуропаның өзінде кем дегенде алты ғасыр бойы бас оқулық есебінде оқытылғанСо ғасырлардың ең мықты батыс елдерінде мұсылман ғалымдарымен салыстырарлықілімдарлардың шыға алмағаны осыдан.[10] Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді: «Исламның басты артықшылығымұсылман әлемінің сол дәуірдегі білімді халықтардыңалдында болуыәринематериалдық һәм рухани мәдениет жағынан бірдей мәдени біріншілікті ұстауында жатады» /[11]/.

Мұсылмандардың басқа мәдениеттерге қамқорлық жасағанының енді бір белгісі олардың жер-су атауларынкісі есімдерін өзгертпеуіКүні бүгінге дейін мұсылман елдеріндеИсламнан бұрынғы жағырапиялық атаулар сол қалпында (дыбыс үндестігінен басқақалғаны мұны растайдыМисалыТүркиядағы жерсуқалааудан атауларының басымкөпшілігі грек тіліндегі бұрынғы атауымен қалғанТектүрік тілінің үндестік заңына сәйкестендірілгенЫстамбұлАнкараИзмирТрабзонАнталяБұрса т.тбәрі де ежелгіатауындаБұдан басқа Солтүстік Африкадағы Триполи (Либия), Константин (Жазайыр), Казабланка (Мағриб), Александрия (ЕскендериеМысырт.тайтуға боладыЖәмұсылмандар тарапынан ИспаниядаПортұғалиядаБалқан елдерінде салынған қалаларды санап шығуға сан жетпейдіМисалыИталиядағы Палермо қаласының негізінмұсылмандар қалаған.

Тарихта бірінші рет халифалықтар дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері тығыз араластықиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктері батысқамұсылмандардың ғылыми-мәдени табыстары болса қытай еліне мәлім болдыТалас (751ж.) соғысынан кейін Атлант мұхитынан Қытай мұхитына дейінгі халықтардың бірін-бірі жақын тануына мұмкіншілікашылдыМұсылмандар 3 құрлықтағы билігінің арқасында халықтар арасында мәдени байланыстардың орнатылуына орасан зор үлес қостыХалифалар батыстағы франкгерманрим патшаларымен және шығыстағы қытай ханадандарымен тығыз мұғамалада болдымәселенқытай деректерінде халифалықтан 651-798жжаралығында 37 ретал 908-1168жжаралығында болса 49 рет елшілік келгені жазылған /[12]/.

Қорыта айтатұғын болсақтарихта мәдениет қатынастарының дамыпөзара бірігуі һәм кірігуі (интеграциятек Исламнан кейін ғана мүмкін болдыОған дейін мәдениеттерарасында өшпенділік пен пышақ сырты ғана байланыс болған болсаИсламмен бірге шығыс пен батыстың барша мәдениеттері жамырасыпүлкен жетістіктерге қол жеткізілдіОғандейін белгілі бір мәдениетке ғана тән боп есептелген нәрселер мұсылмандардың арқасында бүкіл әлемдік мәртебеге ие болдыМисалыараб цифрлары деп атағы шыққан сандардыңежелгі дәуірде тек Үндістандықтарға ғана мәлім болғаны белгіліМұсылмандар осы цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқоларды құр символдықтан шығарыпмағналыбелгілерге айналдырдыБәшериет тарихында бірінші рет нөл (сыфырцифрін мұсылман ғалымдар тапты уә еңбектерінде пайдаландымәселеннөлді бірінші рет сан ретіндеқолданған Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезми (780-850) болды /[13]/. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз сонымен қатар 1-ден төмен қарайғы сандарды белгіледіжүздікмыңдық және ондықтарды жүйелепбөліп жазуды көрсеттіОның бұл табыстары мүмкін тарихтағы ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатадыҮстіміздегі информацияғасырындателекоммуникация дәуірінде мұсылмандар ашқан осы жаңалықтың қызығын бүкіл әлем көрудеОрыс тіліндегі цифр мен батыс тілдеріндегі cipher сөздері арабша нөлдегенді білдіретін «сыфыр» сөзінен алынғанШындығында араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы өте икемді һәм оңайӘл-Хорезми ашқан бұл жаңалықЕуропаға тек X-XIIғғғана мәлім болғаносы жаңалықты батысқа жеткізген Герберт есімді адамның абырой-беделінің артқаны соншалықкейін ол Рим Папасы сайланған /[14]/. Оның есімі Папа Силвестер II болыпЕуропа тарихында қалдыӘл-Хорезмидің «Китаб әл-жәбір уә-л Мұқабала» (Алгебра мен теңдіктер кітабылатын тіліне аударылғанда (XIIғ.) әл-жәбір сөзі алгебра деп аударылғандықтан осы сөз термин боп қалыптастыОның екінші бір кітабы латыншаға «Algorithmi de numero Indorum» деп аударылғандықтаналгоритмсөзі тағы да терминге айналды.

Адам хұқұқтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсекон төрт ғасыр бұрын Раббымыздың Құран Кәримінде барлық адамдардың хұқұқтарын қорғауміндетін бұйырғанын көріп таң қаламыз:

«26/183: Адамдардың хұқұқтарын қыспаңдарЖер бетінде бұзақылық шығарыпбүлік жасамаңдар!» /[15]/.

Мінекөптеген аяттар мен хадистер мұсылмандарды орта жолғақанағаттылыққаадамгершілікке шақырудаСондықтанАллаһ Тағаланың бұйрығын орындағысы келетінмұсылман ешқашан да экстремисттеррорист т.тбола алмайдыИслам дініндегі автоконтроль жүйесі мұсылмандарды асыра сілтеушілікке жібермейдіИслам дінінде дүниедегіөмір мен ахиреттіңқұлшылық пен пендеуи өмірдіңдүнияуилік пен ұхрауиліктің балансы жасалғанМұсылман сондықтан ифрат уә тәфриттеняғни әр түрлі әсірешілдіктен аулақболадыҚоғамдағы һәм жанұядағы орнын сақтайдыкөршілерімен тату-тәтті қатынас орнатадымемлекеттің дамуына үлес қосадыМұсылмандар ешқашанда «құлатушы» болғанемесқайта «тұрғызушы» болған үмметАлИслам атын жамылып адамзатқа зиянды іс-әрекет жасаушылардан сақ болған жөнолардың негізінде Исламнан басқа нәрселердііздестірген жөнҮйткеніИслам діні күллі адамзатқа рахмет ретінде жіберілген дінБасты мақсаты адам нәсілін қорғаукөркем ахлақты уағыздаубейбітшілікті орнатуДініміздіңқадірін білейік ағайын һәм дінімізді қанаушыларға жол бермейік.

 

ҺӘШИЯЛАР:

/[1]/. Yeni Yьzyıгазеті, 28.03.1997 күнгі саны

/[2]/. Зanga, Mahmut., Kuran-ı Kerim Lugatı, Timaş Yayınları, Istanbul, 1994, 249-251 беттер

/[3]/. İbni Hişam, Siretьn Nebeviyye, I-том, 267-бет

/[4]/. Bьyьk İslam Tarihi, Зağ Yayınları, Istanbul, 1992, 1-том, 263-бетКөбірек мағлұматтану үшін осы мәтінді терең зерттеген профессор Мұхаммед Хамидұллаһтың мынакітаптарын оқыңыз: Muhammed Hamidullah, İslamda Devlet İdaresi, Istanbul, 1973; İslam Peygamberi, Istanbul, 1980; әл-Уәсаиқ ұс-СиясияБейрұтЛұбнан, 1969 ж.

/[5]/. «Ислам терпимо относился к местным традициям и в то же время удерживал их в приемлемых для себя рамках… все участвовали в формировании исламской культурысами развивались и сохранились под покровительством ислама». ҚараңызКривецЕ.А., Ислам в Центральной АзииЛеномМосква, 1999, 23-бет

/[6]/. БартольдВ.В., Культура МусульманстваМосква, 1998, 23-бет: «Стремление каждого возвеличить свой народ и свою веру не мешало этим культурным элэментамучиться друг у другахристианин мог иметь учеником мусульманина или язычникаи наоборот»

/[7]/. БартольдВ.В., Культура Мусульманства, 24-бет.

/[8]/. БартольдВ.В., Культура Мусульманства, 12-бет.

/[9]/. БартольдВ.В., Культура Мусульманства, 22-бет.

/[10]/. БартольдВ.В., Культура Мусульманства, 23-бет: «Даже самый передовой из восточнохристианских народовсирийцыне выдвинули ни одного ученогокоторый мог бысравниться с ФарабиИбн Синой и Ибн Рушдом»

/[11]/. БартольдВ.В., Тюрки-Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней АзииАлматыЖалын, 1993, 54-бет

/[12]/. Hee-Soo Lee, İslam ve Tьrk Kьltьrьnьn Uzak Doğuya Yayılması, Tьrkiye Diyanet Vakfı, Ankara, 1991, 40- беттер

/[13]/. Numeral Systems, Encyclopaedia Britannica, 15th Edition, 1994-1998

/[14]/. Numeral Systems, Encyclopaedia Britannica, 15th Edition, 1994-1998

/[15]/. Құран КәрімШұғара сүресі (26), 183-аят

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  9  10  11  ..