Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 8

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8   ..

 

 

 

Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Г.Мендель бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибенің негізінде бірнеше заңдылықтар ашқан болатынОл кезде клетканың мейоздық бөлінуіДНҚ-ның редупликациялануытұқым қуалаудың хромосомалықтеориясы және т.башылмаған едіКейінненцитология ғылымының дамуына байланысты Мендельдің заңдылықтары цитологиялық тұрғыдан қайта қарастырылды.

Таяқша тәрізді хромосомаларда тұқымның сары және жасыл түсін анықтайтын  А және а гендерінүкте тәрізді хромосомаларда тегіс және кедір-бұдырлы қабықты анықтайтын  В және b гендеріорналасқан делікОлай болсааналық дарақтағы екі қызыл таяқша тәрізді хромосомаларда АА екі қызыл нүкте тәрізді хромосомаларда ВВ гендеріаталық дарақтағы дәл сондай көк түсті хромосомаларда аажәне bb гендері орналасадыБұл дарақтардың әрқайсысынан тек бір-бір сортты гаметалар түзіледіГаметаларда мейоздық бөлінуге байланысты ұқсас хромосомалардың әр жұбынан бір хромосомадан ғанабарМұндай гаметалар қосылғанда дигетерозиготалықяғни белгінің екі жұбы бойынша да гетерозиготалы АаВгенотипі қалыптасадыГенотипі дигетерозиготалы организмнен мейоз кезіндехромосомалардың экватор жазықтығында кездейсоқ орналасу ретіне байланысты әр жұбынан бір-бір сыңардан екі жақ полюске тартыладыПолюске жеткен ұқсас емес екі хромосомадан төрт түрлі үйлесімтүзіледіСоған сәйкес төрт түрлі гаметалардың қалыптасу мүмкіндігі болады.

Ұрықтану кезінде гаметалардың қосылуы да кездейсоқ жүредіМінесоның нәтижесінде екінші ұрпақта F2 9 түрлі генотип түзіліп, 4 түрлі фенотип көрініс бередіБұл фенотиптердің екеуі ата-аналықдарақтарға ұқсас келедіОларсары және тегісжасыл және кедір-бұдырлы тұқымдарҚалған екі түрлі фенотип ата-аналарына мүлде ұқсамайдыОларсары және кедір-бұдырлыжасыл және тегіс тұқымдарМұны мейоз кезіндегі қосылу (конъюгацияқұбылысына байланысты гендердің алмасуының нәтижесінде түзілген жаңа үйлесімдер деп түсінеміз.

Полигибридті будандастыру. Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дарақтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайдыОларда белгілердің ажырау сипатыдигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек боладыМысалыегер тұқымы сарытегіс қызыл гүлді бұршақ өсімдігін тұқымы жасылкедір-бұдырлы ақ гүлді бұршақпен будандастырсадоминанттылық заңына сәйкес F1-де алынған будан ұрпақтың барлығы да біркелкіяғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады. F2-де күрделі ажырау жүредіТұқымның пішінін анықтайтын гендерді Аатүсін Вb, ал гүлдің түсін Сс деп белгілейікСонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВССал екіншісінікі  ааbbссал F1-де алынатын будан организмдікі АаВbСс болып келеді .Мұндай буданөсімдік сегіз түрлі гамета түзедіАВСАВсАbСАbсаВСаВсаbСаbсСегіз типті жұмыртқа клеткалары сегіз типті аталық гаметалармен кездейсоқ кездесіпөздігінен тозаңданудың нәтижесінде F2-дезиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі. F2-дегі дарақтар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінедіОлардың ара қатынасы: 27 А—В—С: 9А—В—с:9А—b—С: 9а—В—С:3А—b—с:3а—В—с:3а—b—С:1а—b—сСонда фенотип бойынша 27:9: :9:9:3:3:3:1 ара қатынасындай болып келуі тригибридті будандастыру кезінде гендердің тәуелсіз ажырауына байланысты болады .

Қорыта келгендеМендель жоғарыда келтірілген зерттеулерінің негізінде тұқым қуалаушылықтың аса маңызды заңдылықтарын ашты және оның табиғатын анықтадыБір белгінің тұқым қуалауының екіншібелгіге тәуелсіз екендігін дәлелдей отырыпол тұқым қуалаушылықтың дискреттілігін (оқшаулығын), бөлшектене алатындығын және генотиптің организмдегі белгі-қасиеттерді анықтайтын бірліктердіңжиынтығынан тұратындығын көрсетті.

 

 

 

 

 

Динозаврлар

Жаппай жойылудың үлкен мысалдарының бірі ол бор дәуірінің соңында динозаврлардың жойылуыДинозаврларға бауырмен жорғалаушылардың екі отряды Saurischa және Ornitischa  олар бүкілмезозой дәуірінде құрлықта тіршілік еттісол себепті мезозой дәуірін кейде динозаврлар дәуірі деп те атайды.

Мезозой дәуірінде динозаврлар өздерінің өрлеу шыңына жеттіСол кезде олар екі отрядқа, 25 тұқымдасқа және 200-дей тұқымға жинақталдыОлардың ішінде аса ірілері брантозаврлар ментиранозаврлар болмасонымен қатар ең кіші түрлері де болғанБұл топтар барлық жер шарының құрлықтарында таралып, 100 миллион жыл бойы тіршілік еткенСодан кейін бор дәуірінің соңында бірнешемиллион жыл ішінде олар мүлдем жойылды.

Динозаврлар жойылуының нақты жорамалы жоқӘдебиеттерде олардың жойылу себептерін былай деп түсіндіредібор дәуірінің соңында динозаврлар үшін ауа райы тым суық болдынемесе тымыстық болдыжергілікті сүтқоректілер олардың жұмыртқаларын жеп қойдыөсімдік жегіш динозаврлар мезозой дәуірінің өсімдіктерін жеп қойдыдинозаврлар үлкен сәулелердің әсерінен жойылдыол кездежаңа жұлдыз жорық етуіне байланысты.

Соңғы жорамалдарды мүлде алып тастауға боладыСебебі егер ондай сәулелер әсер еткен болсаолардың әсері бірнеше сағат қанаонда жер бетіндегі барлық жануарлар бірнеше сағатта жойылғанболар едіАл динозаврлардың жойылуы бірнеше миллион жылға созылдыБұл жерде климаттың біртіндеп өзгеруі динозаврлар жойылуына әсер етті деген жорамал дәлірек сияқты.

Аксельрод және Бейли деген ғалымдар бор дәуірінің соңында болған климаттың қалыпты күйден қалыпсызға ауысуын түсіндіредіМезозой дәуірінің көпшілігінде және 130 миллион жыл динозаврларэволюциясы уақытында бірқалыпты жылы климат болғанБор дәуірінің жылы кезеңінде бұл бірқалыпты климат бірқалыпсыз континентальды климатпен ауысадыБұндай климат үшін температураның тезауысуы тәнОсы дәуірде тіршілік еткен рептилилердің басқа да филотикалық топтарыяғни ящерларжыландар және тасбақалар бұндай климаттың тез жылынуы мен сууынан жасырылып  жерге көміліпнемесе ұйқыға кетіпжәне су түбіне шөгіп осы күнге дейін сақталғанАл динозаврлар жер бетінде тіршілік еткеннен кейін оларда климат ауысуына бұндай адаптациялары болмағанСол себепті оларжойылған (АксельродБейли 1968 ж).

Бұл жорамалдар көп нәрселерді түсіндіредіСоған қарамастан сол дәуірден осы күнге дейін жеткен рептилилер ішінен крокодил мен геттерияны алатын болсақолар да субтропикалық климатта өмірсүргенЕгер климат өзгерісі динозаврларға әсер етсеоларға неге әсер етпеген деген сұрақ туындайды.

Динозаврлардың жойылуы әлі де құпия болып қалуда.

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8    ..