|
|
|
содержание .. 116 117 118 119 ..
2019 год 15 БИЛЕТ 1) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы I. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы 1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы 10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі ІІІ. "Қазақстан-2050" Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты 1. Міндеттердің жаңа парадигмасы 2. Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың мақсаттары 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Жаңа кадр саясаты 3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту 3.1. Бюджет саясаты 3.2. Салық саясаты 3.3. Ақша-кредит саясаты 3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты 4. Инфрақұрылымды дамыту 5. Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту 6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі 7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары 8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту 8.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту 9. Су ресурстарына қатысты саясат 2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау 1. Шағын және орта бизнесті дамыту 2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі – «Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет» 3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік 1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері 1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт 1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау 1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу 1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту 2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық 3. Баланы қорғау 4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі 4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар 4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері 4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту 4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы 4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту 4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары 1. Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары 1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту 1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту 1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту 1.4. Білім беру әдістемелерін жаңғырту 2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты 2.1. Технологиялар трансферті 2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы 2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы 3.Жастарға үндеу 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі 1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру 2. Басқаруды орталықсыздандыру 2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату 2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы 2.3. Ауыл әкімдерін сайлау 3. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі 4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі 5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу 6. Жемқорлыққа қарсы күрес 7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау 6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары 2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту 3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту 4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу 5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі 1. Жаңа қазақстандық патриотизм 2. Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы 3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы 4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық 5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі 6. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін 7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін? 8. Ұлтқа үндеу 2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті Қарахан мемлекеті ең көп дамыған кезіндегі Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты. Мемлекет құрылуы Қарахан мемлекетінің құрылуы. Х ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. Х ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, ХЫ ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман — Іле өзенінің алқабын- да өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан кәшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барсхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін- дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты билеуші Білге Кұл Қадырхан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Құл Қадыр-хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік ушін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ, тегінде аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болса керек, одан 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады. Оғұлшактың немере інісі Сатұқ Боғра-ханды (915—955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра-хан Оғүлшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қаға- наттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана каласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек, тегінде, Баласағунды иеленсе керек. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің — Әли Арслан- хан мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындагы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпа- лы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилерге) көшті. Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. Ұсақталғандық Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді. Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075—1102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады. Ыдырауы Үлесті жүйеде негізі қаланған Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелігіне, Мауараннахр батыс иелігіне кірді; шығыс иелігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын мандата Орда (Қара Орда, Күз Орда), содан соң Қашғар, батыс иелігінің орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Екі иелік бертін келе жеке-жеке мемлекетке — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХЫ ғасырдың басында Туған-хан билеп тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды (араб тіліндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген). 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Қашғардан Туған-ханды тықсырып, қаланы қаратып алды. 12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды. Саяси құрылысы Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемлекеттік дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемлекетінің, Түргеш, әсіресе Қарлұқ қағанаттарының терең ықпалы болды. Қарахан мемлекетінде басқару құрылымьша, тегінде, Қарахан бірлестігінін құрамына енген көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың қоғамдық институттары, ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы барысында өзгеріске ұшыраған әдеттегі құкық (тору) нормалары елеулі ықпал жасауы ықтимал. Газневилер сияқты, Қарахандар да Саманилердің мемлекеттік құрылысының кейбір сипаттарын қабылдады, алайда бұл ауыс- түйіс атүсті болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі билік құрылымы — жоғарыда аталған үш негізгі бастаудың диалектикалық жиынтығы. Қарахан державасындағы жоғарғы билік тек сырттай ғана патриархаттық (рулық-тайпалық) шапанын жамылды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия принципіне негізделді. Зерттеушілердің екі тайпалық федерация: жікіл және яғма шонжарлары арасында саяси билік қатан бөлінді деген пікірінің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіндігін дәлме-дәл айту әлі де қиын. Соған қарамастан, егер көшпелілер құрган басқа мемлекеттерге ұқсастық бойынша пайымдайтын болсақ, онда Қарахан мемлекетінде, қалай болғанда да оның тарихының ерте кезеңінде жеңіп алған өңірлерге билік жүргізу нақ сол ең ірі және күшті этникалық-саяси бірлестіктер басшыларының, бірінші кезекте жікіл және яғма көсемдерінің қолына шоғырланған деп жорамалдауға болады. Бұл «арслан» («арыстан») және «богра» («бура») құрметті атақтарымен атанған жоғарғы Қарахан билеушілерінің атақтарымен дәлелденеді. Арслан, дәлірек айтқанда, арслан хан (арслан қара-хақан) атағын жікілдердің билеушісі, ал боғра (богра кара-хақан) атағын яғма көсемі алды. Арслан қара-хақан басты билеуші деп саналды немесе сондай билеуші болуға дәмеленді, ал боғра қара-хақан, тегінде онымен бірге билік еткен болуы мүмкін. Атақтар иерархиясында әр түрлі кезенде қолданылатын атақтардың жалпы жиынтығы бірдей болмады, жекелеген атақтардың маңызы өзгеріп тұрды. Барлық жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелді және оның ыдырауына дейін бүкіл мемлекетті көбіне тамғаш-хан атанған «хандардың ханы» биледі. Қарахандар мемлекеті құрылымының негізі өзінің мәні жағынан феодалдық үлестік жүйе болды. Мемлекет өз билеушілері басқарған бірқатар ірілі-ұсақты өңірлерге — үлестік жерлерге белінді. Олардың көпшілігі, әдетте ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттерден болды. Округтердің орталықтары болған Тараз, Испиджаб және Баласағұн ірі үлестер еді. ХЫ ғасырдың басында Баласағүн жоғарғы қағанның үлесі, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын тумаларының қолында болды. Шаруашылығы мен мәдениеті Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды. 3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасыры ұсынған. Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, жень-шень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтарь мен кораллдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма күміс пен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу үшін Ферғананың атақты «тері қан боп шығатын» сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелер мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген. Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкөніс пен жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.Керуен жолымен тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шартараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістандағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан — Қырымның, кіші азиялықтан — Сиваси, Кония, Тебриздік, Қазақстаннан — Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез —XIII ғ. 60-жж. екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар. Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі бір этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге тап бола қалса, кеңінен тарап кетеді екен. Жібек жолымен діни идеялар да кең таратылып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан — христиан діні, сосын барып ислам жеткен. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қытайға буддизм Үндиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б. з. бұрынғы I ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б. з. II—III ғғ. буддизм белсенді түрде таратылған, тегі, бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды. Ерте ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионерлері қызметін соғдылар өз міндетіне алған. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде тек солар ғана маңызды рөл атқарады. Шығыс Түркістандағы түріктердің будда текстеріндегі терминдерді талдап тексергенде, олардың соғдының көмегімен алынғаны анықталды. Ұлы жібек жолы үстіндегі бірқатар қалалардан будда ескерткіштері табылды. Түріктер VI ғ. бастап буддизмнің қатты ықпалын өз басынан өткерген. Сюань-Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады. Зерттеушілер пікіріне келсек, VII ғ. бірінші жартысында батыс түріктерінің кейбір билеушілері буддашы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл жәйт олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты болған. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Ең әуелі бұл осы өлкеден буддалық құрылыстардың табылуынан көрінеді. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, Новопавловск секілді қала жұрттарынан кездесті: ғимараттар, әдарияттар (монастырлар), шіркеулер, будда кейіпкерлері мен көріністері бейнеленген мүсіншелер мен стеллалар.Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып оты бүддизмнен қалмай христиан діні де тараған. V ғ. Бірінші жартысында Шығыс Рим империясында священник Несторийдің «дінсіздік» мазһабы пайда болады. Жібек жолымен III г. Иранда пайда болған манихейлік діні де тараған, ол аз уақыт ішінде жеделдетіп Италиядан Қытайға дейін жайылады. Тұтас алғанда ол зороастризм мен христиан дінінің қорытылуынан туған. Христиан дінінен ол мессиандық идеясын, ал зороастризмнен — жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының күресі идеясын алады. Соғдылар манихейлікті таратуда да жетекші рөл атқарады. VIII ғ. бас кезінде манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта сарайы болған. Манихейлік дін Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрген, сонда оның пантеонына, терминологиясына, тіпті концепциясына дейін буддизм қатты әсер еткен. VIII—IX ғғ. оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халқының жаппай ислам дініне кіргенін жазады. 840 ж. Нуһ ибн Асад Испиджабты бағындырады. 859 ж. оның інісі Ахмед ибн Асад Шавгарға жорық жасайды. 766 ж. бастап Жетісуға және Қазақстанның Оңтүстігіне саяси өктемдігін жүргізген қарлықтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырақ түседі. Олар исламды тіпті Махди халифтың (775—785 жж.) кезінде қабылдады деген де пікір бар. Алайда бұл пікір олардың белгілі бір бөлегі жөнінде ғана болса керек, өйткені 853 ж. Исмаил ибн-Ахмад Таразды алғанда «оның басты шіркеуін мешітке айналдырады». X ғ. бас кезінде Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатық исламды қабылдайды, ал оның ұлы Боғрахан Харун б. Мұса 960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Жаңа дін шымшымдап көшпелілер арасына да тарайды. Баяғы Ибн Хаукал Фараб, Кеңжиде мен Шаш арасында көшіп-қонып жүретін мұсылман түріктер туралы хабарлайды. XI—XIII ғғ. ислам дінінің қыпшақтар арасына жайылғаны жөнінде де мәліметтер бар. IX ғ. мен XIII ғ. бас кезіндегі ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізген кездері сол аймақта мұсылмандардың қалалық мәдениетінің құрылып, қалыптаса бастағанын байқадық. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналдырылады. Исламды ұстанатын халық саны көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастайды. Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында пайда болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншалар да жатады. IX—X ғғ. екінші жартысында өлікті жер қазып қабырға қою, қамкесектен мола жасап қою ғұрпы өзгертіліп, мәйіттің басы құбылаға қаратылып қойылатын болады. Қабырға әртүрлі заттар қойылмайтын болады. Мұсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар көгалды аймағында IX—X ғғ. пайда болған. XI—XII ғғ. қорымдарда зират басына үлкен мазарлар, сағаналар (мәселен, Жамбыл қаласы жанындағы Айша бибі) салына бастайды. Қазақстанның Жібек жолы бойындағы қалаларында Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азияның біріне бірі ұқсамайтын әртүрлі мәдениеттері бір-бірімен араласып, бірін-бірі байытуына қолайлы жағдай жасалады. Қазіргі кезде тәуелсіздік алған Қазақстан өзінің жерінің байтақтығын икемді пайдалана біліп транспорттық көпір болу саясатын жүзеге асыра бастады, яғни Ұлы Жібек жолын қайта түлетудің бір көрінісі десек те болады. Әрине ол кезең мен қазіргі уақытты салыстыру мүмкін де емес шығар. Бірақ көршіміз Қытай Халық Республикасынан ағылған жүк тасқыны қазір күннен-күнге еселеп артып, көбейіп келеді. Биыл ұшақтардың еркін еліміз террриториясынан ұшып өтуіне терминал салынып отыр. Демек Ұлы Жібек жолымен кезінде әуелеп ұшқан құстар жүрген ауамен де қатынасу күшейе түсуде. Бұл Жібек жолына жан біткендігін білдірсе керек.
16 БИЛЕТ 1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы 1 Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бенОрта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардыңедәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмегенқазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады.Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ,түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметінеие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды.Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздіңқазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Көтерілістің басталуы Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуылжасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді. Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. ХатындаАқтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардыңәскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туғанқарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді. Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалайкүрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынантанбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды. Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты Кенесары ең апдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыртөлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажететті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді. Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патшаүкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды. Қарулы күштердің құрылуы Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскеріжүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды.Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді. Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзеттеұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды. Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілердіазық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығыныңЖаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайынқиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады. Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты». Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметініңнаградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы(1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды. Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасыүшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады. Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта— патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды. Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді. Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасағанәрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдарКенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[1] Қозғалыстың алғышарттары XIX ғасырдың 20-жылдарында бұрынғы Бөкей хан мен Уәли ханның иеліктерін біріктіріп, Қарқаралы округін құру едәуір саяси-әкімшілік жаңалықтар енгізді. Мұның өзі патша өкіметіне Орта және Ұлы жүз арасындағы жерлерді тездетіп отарлауға, оның қазақ даласындағы иеліктерін нығайта түсуге мүмкіндік берді. Патша өкіметінің бұл шаралары қазақхалқының мүддесіне қайшы келетінін, бара-бара қазақ мемлекеттілігінің жойылатынын қазақ халқының көреген қайраткерлері болжай білді. Уәли хан өлгеннен кейін ханның жесірі, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі ақылды, көреген, өз заманына лайықты сауаты бар Айғаным патша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің Сібір комитетімен және Азия департаментінің шенеуніктерімен жиі хатхабар алысып тұрды. Бірақ Айғаным қанша қабілетті болғанымен, халықтың патша өкіметіне деген қарулы наразылығына басшылық ете алмайтын еді. Осындай күрделі де қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кішісіҚасым сұлтанға жүктелді. Оның бел балалары — Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопай, Құшақ және Кенесары бәйбішеден, ал Наурызбай тоқалдан туған еді. Бұлар патша өкіметінің Қазақстанды отарлауына қарсы жиырма жыл бойы жүргізілген ауыр да қиын күрестің белсенді қатысушылары, ал Саржан, Есенгелді, Кенесары сол күрестің ұйымдастырушысы әрі басшылары ретінде тарихта қалды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстар патша өкіметінің режіміне аса зор моральдық-саяси апат әкелді. ]Көтерілістің негізгі мақсаты Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. Көтерілістің басты себептері Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі. Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды. Көтерілістің қозғауыш күштері Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін. Кенесары Қасымұлы —ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді. Үкімет әскерінің өздерінің ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды. «Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық,Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі. Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті. Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды 2) Қазақстанның 60 ж. екінші жартысы мен 80 ж. басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
60 ж. Қазакстан жұмысшыларының катары
сан жағынан
да сағат жағынан да өсті.
1970 ж 3,4 млн астам
жұмысшы
болды.
Ол 40 жылдан 5
есе көп
еді. 1965 ж. халық табысы
5 паиыз
болса. 70 ж. бұл
көрсеткіш
10 пайызға жетті.
Халқының әл-ауқатын жақсарту
эконамикалық саясаттың басты
міндеті
КОКП-н әрбір
съезі бұл
мәселені
саналық
тұрғыдан жана
сатыға көтеріп
отырды. Кенес адамдарыниң әл-ауқатының
жақсарғанын
таңырлықтай
көптеген
мысал келтіруге болады.
Халқының
жан басына
шаққандағы
нақты табысының 2,6 есе медицина ғылым мәдениет қызмет
керлерінің көптеген
отбасының тұрғын ұй жағдайын жақсарту осыған айғақ. 1970-83
ж 887,7 мынпәтер тұрғызып,
оған 3 млн астам адам коныстанды.
Алайда
халық тұрмысы
30-40 ж. 3) YI-XII ғғ. қалалар мен қоныстар, олардың Қазақстанның экономикалық және мәдени өміріндегі ролі Тіл және жазу. Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған . Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі. Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді. Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі. Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы. Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді. Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған. Діни нанымдар. VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады. Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады: - Көкке түркі тәңірісі, - Тәңірі қуат берген соң, - Тәңірі жарылқағандықтан. Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған. Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.). Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды
17 БИЛЕТ 1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі XIX ғ-дың 30—50 жылдары Қазақстан тарихының маңызды шебі ретінде белгілі болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайында Қазақстанның кейбір аудандарының жалпыресейлік рынокқа тартылуына байланысты экономикалық дамуы арта түскендігі байқалды. Әйтсе де Қазақстанның саяси жағдайы бұл кезеңде де тұрақсыз болды.Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақ халқының жағдайы мейлінше ауыр еді. Ресей империясының экспансиялық (кеңеюшілік) ұмтылысының (1853 ж. В. Перовский Ақмешітті басып алған болатын) күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агресивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедовтың қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. 1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казактарының алғашқы 26 жанұясы қоныстандырылды. 1857 ж-ға дейін 3000 қазак жанұялары өздерінің бұрынғы тұрған құнарлы жерлерінен енді жыртып егін салуға жарамайтын және егінді суару үшш ағын суы болмайтын жерлерге қуылып, қоныстарын аударуға мәжбүр етілді. 1843 ж. өзінде-ақ Жанқожа Қуандариядағы Хиуа бекінісін талқандады, және де 1845ж. көктемінде сол бекіністі қалпына келтіруге жіберілген хиуалықтардың 2000 адамдық жасағын күл-талқан етіп жеңді. Көтерілістің негізгі себебі жердің тартып алынуы болды. В.В.Григорьев: «Қазалы фортының төңірегінде қазақтарды егіншіліктен оларға жосықсыз соқтығу мен қазақтардың аш көздігі жирендіруде...» -деп жазды. Бұдан әрі ол бұлай деп атап өткен: олар «олардан (қазақтардан) егін егуге қолайлы барлық егістікті тартып алуға әзір; жосықсыз соқтығу мен ашкөздік... 1856 жылы байырғы халықтың (қазақ халқының) көтеріліс жасауына басты себеп болды». 2) IX-XII ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы. Белгіліі ғалымдар М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи және т.б Махмұд Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол - XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі - "Диуани лұғати-ат-түрікте" зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т. б. атаулар қамтылған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әр түрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарихшылардың назарын өзіне аударған - шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М. Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған. "... Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді... Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа "Түркі сөздерінің жинағы" деп ат қойдым. "Жинақты" сегіз бөлімге топтастырдым... Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының... бәйіт-жырлары мен... мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем - мәңгілік өмірге біржола жолдама алды", - деп жазды. Жүсіп Баласағұн.Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық "Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. "Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік". Қожа Ахмет Яссауи.(1094-1167 ж.ж)Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында. Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады. Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды. Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған. Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған. Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде: Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен, Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман. Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен, Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен. Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады: Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға, Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға. Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға, Кекірейген кердендерден қаштым міне. «Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады. Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы. Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады. Шам айналып көбелектей түстім күйге, Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де. Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым, Алла түспес ауызымнан, пенде болдым. Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан». Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді. 3) 1986 ж. желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі 80 ж барлық қаржының көпшілігі өндіруші салаларға жіберілуі халыққа қажетті тауарлардың 60 пайызы реапубликадан тыс жерлерден тасымалданды. Мұншалықты бұрмаланған орталық құрылымды экономикасы бар әлемде сирек еді. 1954-1986 ж. 600-ден астам қазақ тілі мектебі жабылды. Қазақ тілінің жағдайы төзгісіз халге жетті. Басқасын былай қойғанда әкімшілік-әміршіл жүйе көсемдерге табынушылық.......... Мәскеуде ғана емес республикалар облысытарында жүргізіп отырды. 1979 ж. Ақмоладағы жаппай толқу елеусіз қалып тіпті көпшіліктен жасырылды. Қонаевтың тағдыры ескі алаңдағы Кремльде шешілді. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақ Компартиясының ОК II пленумы б. Ол 18 минутқа созылды. Қонаевтың орнына Разуневскийдің ұсынысы б/ша Колбинді тағайындайды.Орталықтың мұндай әрекетімен Қазақстан 1 рет кездесіп отырған жоқ. 1986 жылы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көтеруі ұлтшылдық сипатта емес өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ. Шеру саяси және бейбіт сипатта б. Онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық мемлекеттік құрылысты жою деген үндеулер болған жоқ. 1986 ж. желтоқсан оқиғасының қаһармандары Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, т. Б. Желтоқсаншыларды ақтаған ақын М. Шаханов болды. 1989 ж. КСРО халық Департаментінің 1-ші съезінде М. Шаханов жоғарғы жақтағы адамдарды айыптап сөз сөйледі. КОКП ішкі істер министрі Власов барлық әскерді жіберіп үлкен қателік жасады. Бұл шеру қан төгіс шайқасқа айналды.
18 БИЛЕТ 1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы Кеңес кезінде 20ғ басында күшіне мінген әкімшіл әміршіл жүйе 30-40ж 50ж. шарықтау шеніне жетті. Адамдардын бас бостандыктарын тұншыктыру онын кұқығын есепке алмау өндіріс . кұрлдарынан аластату, Сталиннің жеке басына табыну бел алды, КСҒО экономикасы соғыстан кейін әлсіреп кетті. Соғыс жылдарында 1710 кала, 70 мың ауыл қирады. 25 млн адам үйсіз қалды. 1945 ж домобилзация жүрді(әскер катарынан босату)- Соғыс жылдарында КСРО 27 млн адамынан айрылды. 1947 ж. желтоқсанда Карточкалык жүйе жойылды, 1945-48 ж армия 8,5 млн адамға қыскарды. Экономиканы қаита калпына келтіру аса күрделі халықаралық ішкі жағдайда жүргізілді. КСРО Б¥¥ құрушылардың бірі б. Каз-да зауыт, фабрикалыр, ауылшаруашылық жұмыс-қолдары жетіспеді. 1945 ж. Украинаға 500 трактор, ауылшаруашылық машиналары, 140 паравоз машиналар жөнелтілді Қазақстан 17,5 мың ірі кара, 22 мың жылқы, 350 мыц койды тегін берді. 1946 ж наурызда КСрО жоғарғы кенесінің 1 сесиясы 1946-50 ж. халық шаруашылығын калпына келтіру дамытуға арналған болған. Сол бес жылдық туралы заң кабылданды. Ауыр өнеркәсіптің дамуы, жаңа темір жол салуға, ауылшаруашылық дақылдардың өнімін арттыруға каржы берді. 1947 ж. Өскемен қорғасын мырыш комбинаты өзінін алғашқы мырышын берді. Екібастұз темір көмір кенінің жұмысы аяқталды. Каратон мұнайлы кәсіпорындары мұай өндіруін 52 пайызға арттырды. Жеңіл өнеркәсіп тс дамыды Семейде леу сығында зауытты ашылды. Қызылордада, «Комсомолка» тігін фзбрикасы өнім бердІ. Жямбыл, Павлодар, Қызылорда, тері зауыты күрылысын аяқтады. 50 ж, республикада 65 кәсіпорын б. Еңбекшілердің де тұрмысы жаксарды. Кеншілср Кузембаев, Әбдірахманов», Акулов Социалистік Енбек ЕрІ атағын алды. 1950 ж. ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жолы іске қосылды. 1949 ж. 56 қаламен автоматы станция қызмет Істей бастады. 1946 ж. Сәтбаев ғылым Академкясын ашты. 1954 ж, наурызда Сталин өлді. 2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар. Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты. Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді. Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды және бұл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар жолындаАлтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір-Мәлікті (1376-1379 жж.) 1379 жылы жеңіп, Ақ Орда билеушісі болды. Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады. ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар. 1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді. Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды. 3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9% Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы). Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Темір жол. 1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
19 БИЛЕТ 1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтеріліс болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды. Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық казақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық казақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады. 1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс. «Өздеріндей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едім, Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім!», — деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады. 1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. 1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды. Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды. 1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. 1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді. Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз». 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды. Көтеріліс Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті. Тастөбе түбіндегі шайқасШиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбедеген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды. Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші олсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды. Көктем шығысымен казақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды. Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000-ге жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды. Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдарыЖазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті. Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді. 2) XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты: аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды; ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады; ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті; тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды. Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды: қалалар мен темір жолдар салынды; тауар-ақша қатынастары дамыды; көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне ауыса бастады; әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.). Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды. Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті. Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды. XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды. Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды. Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді. Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады. 3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі XX ғасыр басындағы саяси ахуал. Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды. Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға). 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты. Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды. 17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті. Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.
Ереуілге шығу себептері:
Ереуіл барысында орыс
жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс –
қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге
өздерінің талаптарын қойды: Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды. 1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті. Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі.
1905-1907 жылдардағы
революцияның жеңілуінің себептері: Революцияның тарихи маңызы: -Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. -Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. -Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. -Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды. Реакция және революциялық өрлеу кезеңі. 1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Россияда реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды. Осы кезде революиялық ұйымдар мен революциялық қозғалысқа қатынасқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция әсіресе, социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалап отырды. Реакция жылдарында РСДЖП – ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Революциялық қозғалысқа қатусышылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционерлер – қайраткерлер В.В.Куйбышев, М.В.Фрунзе, К.А.Попов, Ф.А.Березовский т.б. болды. Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен журналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тиым салынды. 1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті. 1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті. Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті. 1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Аграрлық мәселеде қойған талаптары:
1. Жерге мемлекеттік меншікті
жою. 1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) «Айқап» журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері – Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды.
1. Аграрлық қатынастар. 1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.), «Азамат» өлеңдер жинағы (1913 ж.), «Оян, қазақ», «Терме» әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды.
Сөйтіп, осы кезеңдері
әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты:
20 БИЛЕТ 1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы 1155 ж. Тимучин біржігіт тайпасының көсемі Ясугей дүниеге келді. Кейін әкесінің орнына отырып, бытырап жатқан Моңғол тайпасының басын біріктіріп, 1206ж Омон өзенінің бойында өзін бойында өзін ақ киізге көтеріп, Шыңғысханмын деп жариялады. 1207-1215ж Шыңғыс ханның Енисей қырғыздарын, Таңғут мем-тін, Сібір тайпаларын Сиса мем-ін, Қытайладың солт-ін өзіне қаратып әскери феодалдық мем-н құрды. Ордасы-Қарақорым. 1218ж. Жетісудағы Найманға шапқыншылық жасап, Жетісуді басып алды. Сығанақ қарсылық көрсетті. Баласұғын өз еркімен берілді. 1219ж. Ш.х: Хорезм шахы Мұхамедке сауда жасау жөнінде елшілік жіберді. Бұл елшіліктерді отырар билеушісі Қайырханның өлтіруі Ш.х.-ды ызаландырып, 1219ж Отырар қаласына шапқыншылық жасауға алып келді. 5 ай соғыстан соң Отырар жермен жексен етілді. Ш.х. 1221ж. Орта Азияны жаулап алды. Ш.х. құрған мем-т Ұлық ұлыс(Ұлы ұлыс) Ордасы Сарай (Астрахань маңы). Осы ұлыстарды 4 ұлысқа бөлді. Жошы ұлысы Сол. Ертістен Орал тауы. Оңт. Сырдария, Арал, Каспий теңізі. Батыс Моңғол Аттұяғы барған жерге дейін. Шағатай ұлысы Жетісу, Мәуренахр (Сырдария, Амудария). Үгедей ұлысы Жетісудің сол. шығыс бөлігі. Төле ұлысы-Моңғолия жері беріледі. 1227ж. Жошы қайтыс болды, Ш.х.-ның өзі де қайтыс болды. Жошы ұлысына билікке ортаншы ұлы Батый келеді. 1236-1242ж. Шығыс Европаға жорық жасапМоскваға дейінгі жерді басып алды. Осы жерде, яғни Жошы ұлысында Алтын Орда мем-н қалады. Үлкен ағасы Орда Еженге берілген жер – Ақ Орда, інісі Шайбаниге берілген жер-Көк Орда, Ордасы-Сарай Бату Шыңғыс ханның орныныа Үгедей ұлы хан болды. 2) XX ғ. басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. революция және оның қазақ қоғамына әсері Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907жж. ереуілдері орыс халқының төңкеріліс күресімен тығыз байланысты еді. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері стачкалары, әсіресе теміржол қатынас орындарында неғұрлым кең қанат жайды. Олар поезд жүрісін тоқтатты. Өз еріктерімен 8 сағ жұмыс күнін енгізді. 1905 ж. қазан айында бүкіл Ресейлік ереуіл әсерімен Қазақстан қалаларында Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде демонстрациялар бой көтерді. «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Почта-телеграф қызметкерлеріне ереуіл жасады. Қазақ жұмыс шаруалары патша өкіметіне қарсы орыс шаруалар жұмысшыларымен бірігіп шықты. Қазақстан шаруалар жер, су, бостандық, теңдік пен тәуелсіздікүшін шықты. Семей, Торғай, Орал обл-да жер үшін толқулар болды. Патша әкімшілігі бұл аудандарға басып тастауға отрядтар жіберді. 1905 ж. желтоқсанда уыспен рудашылардың жұмыстары ереуілге шықты. 1905-07жж. революция қозғалысына байланысты Қазақстан жұмысшылары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылар кәсіподағы (1905ж. қараша) құрылды. Оған Смурнов, Покатилов, Ульянов басшылық жасады. Осы кезде халық көзін ашпақшы болған Бөкейханов, А.Байтұрсынов және т.б. 3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар — монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды . Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», — «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси — әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу. Шыңғыс — хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.
21 БИЛЕТ 1) Моғолстан мемлекеті Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. 2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары Ақ Орданың саяси қауіпсіздігінен үрейленген Әмір-Темір Ақ Орда тағына өзіне етене жақын Тоқтамысты отырғызуға ұмтылған. Осыған байланысты, Ақ Орда мен Алтын Орда арасында қақтығыстар, соғыстар басталды. Орыс хан Ақ Орданың ішкі саясатын Орданы қорғауға бағыттады. Ал Темір өзіне көршілес мемлекеттердің шаруашылық және әскери-саяси жағынан тәуелсіз болғанын қаламады.Осыған орай, XIV ғасырдың екінші жартысында Шығыс Дешті-Қыпшақты, Жетісуды жаулап алу жорықтарын бастады, бұл соғыстар түрғылықты халықты қатты дүрліктірді. 1374-1375 жылдары Темір Тоқтамысты әскерімен Ақ Ордаға жөнелтті. Қанды шайқас қырғын соғысқа үласты. Соғыста Орыс ханның ұлы Құтлұқ-Бұқа қаза болды. Бұл соғыстың соңында Тоқтамыс әскері толығымен талқандалды. Тоқтамыс бас сауғалап, тірі қалды. Тағы да әскер жинап, қайта шабуыл жасады, бірақ бұл да сәтсіз болды. 1375-1376 жылдары Орыс хан соғысты түпкілікті аяқтауға бел байлады. Өз әскерін жинап, Алтын Ордаға бет алды. Екі әскер Сығанақ қаласының маңында кездесті. Алайда күннің күрт суытып кеткендігіне байланысты, шайқас болған жоқ. Қарама-қарсы екі жақ мұнымен тынбай, бір жылдан соң қайта кездесті. Соғыстың тура нәтижелері белғісіз. Низам ад-дин Шами мен Шааф ад-дин Эли Иезияның мәліметі бойынша, бұл шайқаста (1376-1377 жылдары) Орыс хан қаза болған. Енді бір деректер бойынша, ол 1380-81 жылдары өлген. 1377 жылы Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақ пен Сауран қалаларын басып алды. Низам ад-дин Шамидің мәліметі бойынша, Сығанақты Тоқтамыс 1378-1379 жылдары жаулап алған екен. Ол мұнымен тынып қоймай, Сарай- Берке мен Еділ бойындағы қалаларды бағындырды. Алтын Орда мен Ақ Орданың көптеғен қалалары Тоқтамыстың иеліғінде болды. Орыс хан — қазақ хандығының іргетасын қалаушы. Өзара қырқысуларды тоқтатуға белсене ат салысқан. Мемлекет біртұтастығын нығайтуға да зор еңбек сіңірғен.[2] Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған. Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті. 3) 1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалыс Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес. Бұл қозғалыстар орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп, даму құқықтарын қорғады (мысалы, оңтүстік славяндардың түрік үстемдігіне, чех халқының неміс отаршыларына қарсы күресі, т.б.). 16 — 19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың құрылуы себеп болды. Мемлекеттілігі жоқ немесе одан айрылған халықтардың ұлт-тық мемлекеттер құруға ұмтылысы үстем ұлттардың қарама-қарсылығына ұшырады. Мысалы, патшалы Ресей, Германия мен Австрия-Венгрия езгісіне түскен поляк халқы, Австрия-Венгрия империясы құрамындағы чехтар, словактар, словендер, хорваттар, т.б. Осының нәтижесінде халықтардың өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне ұмтылған ұлттық қозғалыстар пайда болды. Бұл қозғалыстар демокр. сипат алып, оны ұлттық буржуазия өкілдері басқарды. 16 — 18 ғ-лар Батыс Еуропа, Солт. Америка елдері үшін ұлттық қозғалыстардың даму және ұлттық мемлекеттердің қалыптасу дәуірі болды (Нидерланд бурж. революциясы, Солт. Америкадағы Тәуелсіздік үшін соғыс, т.б.). 19 ғ-дың 2-жартысында Германия мен Италияның бірігуі аяқталып, болгар, румын, серб ұлттық мемлекеттері өмірге келді. Чех, поляк, фин халықтарының тәуелсіздік үшін күресі өріс алды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) жылдары Еуропа халықтарының гитлеризмге қарсы күресі де белгілі бір мөлшерде ұлт-азаттық сипат алды. 19 — 20 ғасырларда Ұлт-Азаттық Қозғалыснегізінен Азияда, Африка мен Латын Америкасында күшейді. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі державалардың экспансиясы бұрын-соңды болмаған құлаш жайып, отарлық жүйе пайда болды. Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері монополистік капитал тарапынан ұлттық езгі мен қанаудың нысандарына айналды. Бұл елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалысметрополия мен езілген халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың ерекше шиеленісуінің көрінісі болды. Осы елдердегі Ұлт-Азаттық Қозғалыстың нәтижесінде 1945 — 73 ж. 1,5 млрд-тан астам адам отарлық және жартылай отарлық езгіден құтылып, 70-тен аса жаңа ұлттық мемлекет пайда болды (қ. Отаршылдық, Отаршылық соғыс). Халықтардың ұлттық мемлекеттілікті құруы тарихи жеңіс болып табылса да, Ұлт-Азаттық Қозғалысміндеттерін толығынан шеше алмайды. Оның жаңа кезеңі-метрополиядан толық экон. тәуелсіздікке ие болу үшін күресу. Сондықтан әлеум.-экон. прогресс мәселесі — Ұлт-Азаттық Қозғалыс процесінің негізгі буыны болып табылады. 18 — 20 ғ-ларда қазақ даласында Ресей отаршыларына қарсы бірнеше ірі-ірі Ұлт-Азаттық Қозғалысболып өтті.
22 БИЛЕТ 1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы Атом қаруын және қарудың басқа түрлерін сынау үшін Семей ядролық, Орал және баска полигондар жұмыс істеді. 80 жж. Полигондар, әртүрлі әскери объектілер 18 млн га – дай Қазақстан жерін алып жатты. Тек Семей ядролық полигоны ғана 8372 шаршы шақырым жерді жайлады. Жер бұл объектілерге республикалық органдардың ешкандай келісімсіз және оларға алдын – ала ескертусіз – ақ орталық органдардың шешімі бойынша алып берілді. Мұндай жағдайды республиканың жоғары лауазымды адамдары жүйенің үнсіз – түнсіз құлы болы қала берді. Олардың бірде біреуі халыққа қырғын, қайғы – қасірет әкелген ядролық сынақтарға қарсы дауыс көтере алған жоқ. Семей және басқа полигондарды барлығы 500 ден астам ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген әсері туралы ондаған жылдар бойы үндемей келді. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радияцияның тұрақты сәулесіне ұшырады. Ядролық қаруларды жер астында сынау облыстың суландыру құрылыстарының жағдайына зардапты әсерін тигізді. Жер асты суларының ағысын бүлдірді, су алатын скважиналардың өнімділігін төмендетті. Полигонға жақын аудандарда одан алыстағы аудандарға қарағанда жем – шөпте және мал шаруашылық өнімдерінде йодтың, цезийдің, стронцидің құрамы 30 – 100 есе жоғары болды. Қоғаныс және Женсаулық сақтау министрліктері атом қаруын сынаудың адам денсаулығына зиянды әсері туралы шынайы мәліметтерді 1990 ж. дейін жасырып келді. 1975 – 1985 жж бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті. Бала тууы азайды, жынданып ауыру және өзін - өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда республика территориясында 27 жерде қуатты әр түрлі 38 ядролық жарылыс жасалған. Бұл мақсатта әсіресе Атырау облысы көбірек пайдаланылған, мұнда жаппай қырып жоятын қарудың 17 – і сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңт. Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қаруларды сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған. Кеңес басшылығы Шығыс және Батыстың арасындағы текетірес тұйықтан шығудың нақты қадамдарын жасады. КСРО 1985 ж. озінің ядролық сынақтарын бір жақты түрде тоқтатты. Полигондар бір жыл үнсіз жатты, бірақ 1987 жылы сынақ қайта басталды. Республика жұртшылығының 1989 жылғы ақпандағы митингісінде тұңғыш кеңестік “Невада – Семей ” қозғалысының бастамасы салынды. Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жылы 6 тамызда өткен митингісінде КСРО мен АКШтың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауларға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылданды. Онда былай делінді: “Біздің даламыз ядролық жарылыстардан дүр сілкінуде, сондықтан енді біз үндемей отыра алмаймыз. 40 жылға созылған бұл сынау мың – мыңдаған Херосималарды өз жалынымен шарпыды. Біз су ішуге, тамақ жеуге, бала тууыға қорқамыз. Біз Қазақстанда ядролық қаруды тоқтату, өз үлесімізде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату жолындағы өзіміздің ізгі құқығымызды қорғау жолында күресу үшін “Невада - Семей” қозғалысын ұйымдастырдық”. “Невада - Семей” қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырында Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державада қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш – жігерін біріктіру мақсатымен “Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы үкімге қол қойды. Сөйтіп қазақстан халқы өзінің батыл қимылымен бірінші болып елдегі ең ірі атом полигонын жапты және осы арқылы жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосты. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, Американың, Францияның полигондарында мораторийлар жарияланды. 1969 – 70 жылдары Маңғыстау облысында да халықтан жасырып үш бірдей жерасты ядролық сынақ өткізді. Арал теңізі атырабына өндіруші күштер орналастыруда жіберілген қателіктер су қоын есепсіз пайдалану мақта- күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейін құрғап кетті. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Құрғап қалған теңіз түбінен шаңның көтерілуі күшейе түсіп Арал аймағының климаты өзгерді. Дүлей күшіне енген экологиялық апат ұлы өсіп - өну мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселені көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал қазақтар мекендейтін аудан. Бұған Балқаш көлінің бір бөлігінің іске жарамсыз қалғанын көптеген өнеркәсіптік қалаларда Өскемен, Жамбыл, Шымкенттегі экологиялық жағдайдың ауырлығын қосқанда КСРОға социалистік құрылыстың артықшылықтары тайға таңба басқандай болып көрінді. 2) 1917 ж. Ақпан төңкерісі 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты. Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады. Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі). Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды. Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту. Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру. Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді. Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:
1. 1917 жылы 14 наурызда –
«Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.
Кеңес үкіметінің көтерген
мәселелері: Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады. Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Саяси партиялар мен ағымдар. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. 1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды. Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды. Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды. Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар. Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады. 1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер:
1. Мемлекеттік басқару
формасы. Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті. 1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды. Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді. 1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды. 1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.
Мақсаты: 1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.
Мақсаты: 1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы:
1. Патша өкіметінің геноцид
саясатын тежеді.
Кемшіліктері: 3) Қаз-ғы 90 жж. әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, табыстар 1992 ж. ортасында Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде 30-дан астам ел таныды. Алайда ел ішінде экономикалық реформа жүзеге асырылды. Нарықтық экономикаға көшу күрделі әрі қиын болды. Көптеген кәсіпорындары тоқтап қалды. Магазинде ешқандай тауар болмады. Қағаз ақша шамадан тыс шығарылды да, құнсызданып кетті. Халық қолында 13 млрд. ақша жүрді. Халық дүкендегі тауардың барлығын сатып алды. Бұл жағдайда өнеркәсіпте де, аграрлық салада да өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді. Тұрғын үй, мектептер салу күрт төмендеді. 1992 ж. Ресей бағаны босатты. Республика президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Төралқасының келісімімен 1912 ж. 6 қаңтарда бағаны босату туралы жарлық қабылдады. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауы Ресейдің жүздеген реформасына байланысты. Меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі нашарлады. Тәртіп те нашарлады.
23 БИЛЕТ 1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан Бірінші дүние жүзілік соғыс. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті) Ақ Орда мем-ті екіге бөлінді: Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы н/е көшпелі өзбек мем-ті. Ордасы-Сығанақ. 1428 ж. Ақ орданың соңғы ханы Барақты өлтіріп билікке Шайбани ұрпағынан Әбілхайыр келді. Әбілхайыр хандығы н/е көшпелі өзбек хандығы д.а. 1428ж. Әбілхайыр Батыс Сібір территориясын өзіне қосып алды. 1456-1457ж. Сығанақ түбінде Әбілхайыр Үз-темір патша бастаған ойраттардан жеңілді. Әбілхайыр хан Сыр бойындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Есен Бұғамен соғысады. Әбілхайыр қол аясындағы Керей мен Жәнібек әкелері Барақты өлтірген. Әбілхайырмен келіспей Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып Моғолстан ханы Есен Бұғаға барады. Есен Бұға оларға ең шұрайлы жерлері Талас-Шу өзенінің бойынан жер береді. Міне осы жерде 150 мың адамды құрайтын рулармен келеді. Бұл мем-т бір орталыққа бағынатын мем-т болмай, бірнеше иеліктерге бөлінеді. Олардың басында Шыңғыс тұқымдары тұрады. 50ж.ж. Әбілхайыр Мәуренахрдағы Темір ұрпақтарының талас-тартысына килігіп Самарқант Бұқараға тонаушылық жасайды. 1457ж. Әбілхайыр оңт. Шығыс және оңт. Қазақстан жеріне басыт кірген ойраттарға Сығанақ түбінде қатты соққы берді. Әбілхайыр 1468 ж. Керей мен Жәнібекке қарсы соғысқа шығады. Бірақ жолай қайтыс болады. Әбілхайырмен бірге мем-те құлайды. 3) 1869-1870 жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері Көтерілістің басталуы Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады. Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты. Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті. «Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды. Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді. 1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды. Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады. Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері Каспийдің қатқан мұзы үстімен кейін қайтты. 1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600—700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады. Қазақтар топ-топ болып бірігіп, жасақ ұйымдастырды. Олар күндіз-түні жан-жақтан комиссияны мазалаумен болды. Шеп бойындағы казак-орыстардың малдарын айдап әкетіп, әскери жасақтарға шабуыл жасады 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі Басқару реформасын жүзеге асыру Маңғыстау аймағында да қарсылыққа кезікті. Реформаны енгізгенде патша үкіметі қазақтардың, жекелей алғанда адайлардың, қоғамдық-экономикалық даму деңгейімен тарихи ерекшеліктерімен (санаспады. «Уақытша Ереже» Орал облысына қарасты Маңғыстау түбегіндегі адайларға кешірек 1870 жылы енгізілсе де, «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығын 2 жылға қатар төлеу міндеттелді. 1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сәйкес жоғарыда аталған екі жылдың ауыр алым-салық түрлерін қарулы жасақтың көмегімен жинау басталды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин Баймұхамбет Маяев пен Ғафур Қалбин сияқты би шонжарлардың көмегімен салықты 1869—1870 жылдарға бірақ жинамақ болады. Мұның өзі әрбір шаруашылықтан, әл-ауқатының қандай екеніне қарамастан бірден 8 сом күміс ақша төлеуге міндетті деген сөз. Адайлардың көпшілігінің мұндай ақша төлейтін жағдайы жоқ еді. Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді. Көтерілісшілерге Ұсақ құдығы маңында Бозащы көтерілісшілері қосылды, Рукиннің жасағы біржола талқандалды. Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтерілісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтыды. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпкерлердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын талқандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпкерлер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сармытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі — Александров фортын қоршау үшін пайдаланды. Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы Иранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводск қаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н.Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды. 1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды. Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасылар Үстіртке қашып бой тасалады. 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мың адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді. Салықты өтеу үшін қазақтар соңғы малдарын сатуға мәжбүр болды. Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді. Сонымен, 1870 жылғы көтеріліс салықтың өсуіне, жайылымды пайдалануға шек қоюға қарсы болған стихиялы көшпелі шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс Ережені енгізер кез бен оған дейінгі отарлық езгінің ауыртпалығынан шықты, патша өкіметінің озбырлығы халықтың ыза-кегін туғызды, халық бұқарасының күресі патша үкіметіне қарсы бағытталды. Маңғыстаудағы көтерілісте өз билеушілеріне қарсы күрес баяу көрінді. Рулық белгілер әлі де күшті еді. Көтерілісшілер патша үкіметімен ауыз жаласқан билерді ғана жазалады. Көтерілістің негізгі ерекшелігі — халықтың еңбекші бұқарасы: кедейлер, жатақтар, батырақтар, балықшылар, орыс кәсіптеріндегі жұмысшылар, егіншілер, малшылар, молдалардың қатысуы. Мақсаты мен міндеті жағынан көтеріліс отаршылдық езгіге қарсы бағытталған болса, әлеуметтік құрамы жағынан, басым түрде қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуымен ерекшеленеді. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстандағы көптеген бас көтерулерден айырмашылығы да осында. Салыстырмалы түрде айқын көрінетін батыл қимылдар, үлкен ұйымдасқандық белгілерін көреміз. Көтерілістің нағыз ұйымдастырушыларының бірі малшы шаруа Досан Тәжиевті халық батыр ретінде мойындады. Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспарболмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды.
24 БИЛЕТ 1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
Алтын Орданың
ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай
Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.
Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы,
Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан
өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды.
Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. 2) XX ғ. басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.б) 1917ж. «Алаш» партиясы құрылды. Қазақ газетінің төңіріне топтасқан қазақ интеллегенциясы Мұстафа Шоқай, Дулатов т.б. қазақ жерінде әр түрлі партиялардың қажет екендігін айтты. Бөкейханов, Байтұрсынов басқа да қазақ буржуазиялық инт/я Алаш партиясының жетекшісі болды. Партия мақсаты-қазақ халқын отарлық ізгіден азат ету. 1917ж. Қазақстанда тағы да бір ұлттық саяси ұйым п.б. Ол өзін Қырғыздың «Қазақ» соң партиясы делінді н/е үш жүздің партиясы д.а. бұлпартия большевиктік бағыт ұстады. 1917ж. 17-20 қыркүйекте «Итифок-Ис-Мұсылманин» партиясы құрылды. Шурами-Ислами партиясы оның мақсаты мұсылман халқын біріктіру болды. Әулиеата мен Меркеде қазақ жастарының рев/лық одағы құрылды. Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы құрылды. 1917ж. төңкерілістен кейін Семей, Петербургте, Өскемен, Қостанайда «кадеттер» ұйымы жұмыс істеді. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді конституциялық монархияны қоныстандыру саясатын жақтады. «Эсерлер» ұйымы патшаға қарсы шықты. Жер халық меншігі деп жариялап, бедел жинап алды. Сөйтіп Қазақстанда көп партиялы жүйе қалыптасты. 3) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы I. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы 1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы 10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі ІІІ. "Қазақстан-2050" Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты 1. Міндеттердің жаңа парадигмасы 2. Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың мақсаттары 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Жаңа кадр саясаты 3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту 3.1. Бюджет саясаты 3.2. Салық саясаты 3.3. Ақша-кредит саясаты 3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты 4. Инфрақұрылымды дамыту 5. Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту 6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі 7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары 8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту 8.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту 9. Су ресурстарына қатысты саясат 2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау 1. Шағын және орта бизнесті дамыту 2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі – «Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет» 3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік 1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері 1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт 1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау 1.3. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу 1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту 2. Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық 3. Баланы қорғау 4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі 4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар 4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері 4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту 4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы 4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту 4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары 1. Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары 1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту 1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту 1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту 1.4. Білім беру әдістемелерін жаңғырту 2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты 2.1. Технологиялар трансферті 2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы 2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы 3.Жастарға үндеу 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі 1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру 2. Басқаруды орталықсыздандыру 2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату 2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы 2.3. Ауыл әкімдерін сайлау 3. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі 4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі 5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу 6. Жемқорлыққа қарсы күрес 7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау 6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары 2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту 3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту 4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу 5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі 1. Жаңа қазақстандық патриотизм 2. Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы 3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы 4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық 5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі 6. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін 7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін? 8. Ұлтқа үндеу
25 БИЛЕТ 1) КСРО-ның ыдырауы және ТМД құрылуы РСФСР, Белорусь, Украина басшылары желтоқсан айлық басында Белорусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл келіссөзден соң 1922 ж. КСРО-ны құлатып ТМД құруға келісімге қол қойылды. Бұл кездесуде Қазақстан Президенті басқа орта Азиялық республиканың президенті шақырылды. 1991 ж. 13 желтоқсанда орта Азия Қазақстан басшылары Ашхабад қаласында бас қосты. 20 желтоқсанда тәуелсіз елдер одағы төңірегіндегі мәселелерді талқылау үшін Әзірбайджан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, РСФСР, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды Оған Грузия бақылаушы есебінде қатысты. 1991 ж. желтоқсанның 21-де сағат 11.30 да тәуелсіз елдердің басшысы ҚР президентінің резиденциясына жиналды. М. С. Горбачев бұл жиынға қатысқан жоқ. Оған шақырылмады. Сағат 15-те әзірленген құжаттарды талқылау аяқталды. Сағат 17-де 11- республиканың басшылары қол қойды. Осы сәттен бастап КСРО өмір сүруін тоқтатып, ТМД өмір есігін ашты. Хаттамаға қол қойған соң кейінгі пресс-конференцияны Н. Ә. Назарбаев ашты. 2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардыңбасым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты. 3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов........... Шоқан (Мұхаммедқанафия) 1835ж қараша айында Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уалиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Кейін туған елі-Көкшетауға көшіп келді. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. Ол бес жасында хат таныған. Қазақ мектебінде арабша жазуды және сурет салуды үйренеді. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін үйренеді. 1847-53ж. ол Омбыдағы Кадет корпусында оқиды. 1853ж. Кадет корпусын бітіріп, атты әскер корист деген атақ алып шығады. Ол Қырғызстанның батыры «Манас» туралы жырды ел аузынан алғаш рет жазып алды. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға кіріседі. Алдына мақсат қояды. Мақсаттарының орындалуында оған атақты географ П.П.Семенов, Тянь-Шанский ықпалы зор болады. Ол 22 жасында орыс география қоғамының толық мүшесі б., Семенов, Тянь-Шанский ғылым үшін жұмбақ болып келген Қашқар өлкесіне экспедиция ұйымдастырды. Оған Ш.Уалиханов басшылық жасайды. Бұл ұсынысты генерал-губернатор (Сібір) Гасфорт қолдайды. Шоқан осы ұсынысты қолдап экспедицияны бастап 1858ж. қазанында Қашқарияға саяхат жасайды. Ол саяхат Шоқанның даңқын бүкіл елге жаяды. Бұл саяхаттарда жинаған материалдары арқылы «Алтыншаһар» және Қытайдың Наи-Лу провинциясының шығысындағы алты қаланың жайы атты еңбегі Германияда содан соң Лондонда басылып шықты. Бұл оның тұңғыш еңбегі болды. Осыған байланысты патша өкіметі 1860ж. оған Штаб родмейстер әскери атағын төрт дәрежелі ізгі Владимир ордені және 500 сом күміс ақша берді. 1861ж. ол өкпе ауруымен аурып, өз еліне қайтарылды. 1865ж. сәуірде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде Тезек сұлтанның ауылында қайтыс болды.
26 БИЛЕТ 1) ХІХ-ХХ ғғ. бас кезіндегі Қазақстандағы мәдениет пен қоғамдық саяси ой 19 ғ. 2-жартысы орыс ғалымдары Қаз-н жерін зерттей бастады. Көтерілісті орыс ғалымы Семенов Тянь-Шаньский, С.Мушкетов, Радлов өз зерттеулерін ғылымдағы өркендеудегі орыс ғалым-ы қаз-ң тұрмысын, тарихын, мәдениетін, тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Радлов Вильямех, Зернов, Дабрамыслов Украйн ақыны Шевченко Қаз-н жерінде 1868ж. Орынборда Ұйымдасқан еді. Оған патакин Уәлиханов белсене ат салысты. Ол халқымыздың мәденметі мен қоғамдық ой пікірерінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ зерттеуші. Қаз-н 19ғ. 61-ж-да мектептің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог Этомгроф ғалым қаз-ң жазба әдебиетінің тілінің негізін салушы Алтынсарин айтыскер ақын қыздар Орынбай. Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, Сара, Айсұлу, Манат, Балқа т.б. қаз. музыкасын дамытуға үлес қосқандар Құрманғазы,Дәулеткерей,Дина,Ықылас,Тәттімбет. Атақты әншілер – Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұса есімдері бүкіл қазақ даласына таратылды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев оның балалары, Ақылбай, Мағауия, оның туысы Көкбай, інісі Шәкәрім. 19ғаяғы 20басы қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көге түскен әкімші-әміршіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы айтылмай келген адамдар олар А.Байтұрсынов (1873-1938). Жұмабаев(1893-1938ж), Ж.Аймауытов(1889-1931ж), М.Дулатов(1885-1935ж) осы ғалымдардың асыл мұраларымен қазақ халқы кейін танысуға мүмкіндік алды. 2) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы Қазақстанның болашақ дамуының даңғыл жолы іспеттес. Аталмыш құжат Елбасының мемлекетті дамыту, сананы сілкіндіріп, қоғамды жаңғырту бағытындағы осы уақытқа дейін жүргізіп келе жатқан игі бастамаларының заңды жалғасы. Президент осы бағдарламада мемлекетімізді дамыту, бүгінгі қоғамдағы қатынастарды реттеп отырған заңдарымызды тиімді пайдалану және оларды жетілдіру, әлеуметтік мәселелерді шешу, еңбек қатынастарын реттеу сияқты міндеттерді жүзеге асыру бағытында нақты ұсыныстар жасайды. Тек ұсыныстар жасап қана қоймай, Парламент пен Үкіметтің және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының алдына нақты міндеттер қойып отыр. Құзырлы орган өкілдерінің алдына қойып отырған осындай міндеттер арқылы Елбасы Қазақстан халқын да немқұрайдылық, масылдық сияқты әдеттерден арылып, нәтижелі еңбек етуге шақырады. Бұл ретте Президент болашақта «жеңілдің астымен ауырдың үстімен» жүріп көзге түсетін шолақ белсенділер немесе «жұмыртқадан жүн қырыққан» жылпостар емес, өзін-өзі тәрбиелей білетін, қалың көпшілікке нақты атқарған игі істерімен көзге түскен, өзін ылғи дамытып өсіріп, айналасындағыларды да адал еңбек етуге тәрбиелей білетін адал азаматтардың ғана елдің сый құрметіне бөленіп, абырой атаққа лайықты болатындығын айтады. Елбасының бұл бағдарламасын қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын 2012 жылғы қаңтар айындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын ғана емес, жалпы «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын бүгінгі жаһандық даму дәуіріне сай толықтыру, онда алға қойған мақсаттарды арада өткен 15 жыл уақыттағы өзгерістер мен қол жеткен жетістіктер деңгейінде саралап, жаңаша бағыт-бағдар, серпін беру, – деп қабылдадым. Бағдарламаны оқи бастағаннан-ақ, қарапайым халықтың жанына жақын, әрбір қазақстандықтың, қазақ елінің жағдайын жақсартсам, көсегесін көгертсем – деген биік азаматтық ойды, жүйелі сөздерді, орынды сынды және түбінде берері мол тапсырмаларды таныдым. Иә, тәуелсіздік тұғырына қонған 20 жыл жас мемлекетіміз үшін үлкен сын, үлкен қадамдар, табыстар кезеңі болғаны белгілі. Алайда, бүгінгідей әлемдік дағдарыс жағдайы алып та алпауыт елдердің өзін есеңгіретіп тұрғанда қол қусырып, қарап отыруға, тіптен, болмайды. Осы тұста осынау құжаттың маңыздылығына әрбір қазақстандық назар аударуы тиіс. «Менің назарымдағы басты мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету»- деген Елбасы кеңестік дәуірде дағдыланған «тұтынушылық» әдеттен толық арылудың қажеттілігін, одан соң нарықтық қатынастар бастауында дағдыға енген, «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау » сияқты жеңіл қадамдардан басымызды аулақ салудың керектігін атап өтті. Қысқаша айтқанда, масыл болудан арылып, нағыз еңбек ету арқылы молшылыққа, игілікке қол жеткізе аламыз. «Адамды адам еткен – еңбек», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – дейді халқымыз. Жаңа құжатта «шынайы өндірістік еңбекті» әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне айналдыру мәселесі, сонымен қатар, «әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды» екендігі айтылды. Оның, яғни, әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары, міндеттері мен негізгі қағидаттары ұсынылды. Ұсынылған 20 тапсырма «бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтың өміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге» бағытталып отыр.«Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір азаматқа нақты қызмет етіп, пайда әкелуі тиіс». Қорыта айтқанда, Елбасы еңбек қатынастарын дамытуда құқықтық негіздерді жетілдіруді, кәсіптік одақтардың белсенділігін жаңаша деңгейде арттыруды, еңбек заңнамаларын реттеуді, құқықтық жауапкершілікті жолға қоюды, әлеуметтік әріптестікті дамытуды, т.б. уақыт өзі ұсынып отырған көкейтесті мәселелерді шешу үшін тікелей Үкіметке, Парламентке және «Нұр Отан» ХДП-на тапсырмалар берді. Оған жергілікті деңгейлердегі әкімдерден бастап, барлық атқарушы органдар мен мемлекеттік емес ұжымдар, орта немесе кіші бизнес өкілдері атсалысуы тиіс. Аталған құжатта жоспар – нақты, мақсат – айқын көрсетіліп, әлеуметтік өміріміздің нағыз олқы, босаң тұстарын жақсарту, адал еңбекпен, бірлесіп атқару талап етіліп отыр. Мұны бәріміз түсіністікпен зерделеп, қолдау көрсетуге тиіспіз. Сонда ғана әлеуметтік жаңғырту идеялары іс жүзіне асып, барша халықтың өмірі, тұрмыс-тіршілігі жақсарады. Қазақстанымыз нағыз Азия Барысына айналатын болады. 3) ҚР Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Ал 1993 ж. 28 қаңтарында 1-ші конституциясы қабылданды. Бірақ ол заң жаңа мемлекеттегі барлық проблемаларды шеше алмады, басқару мәселесі шешілген жоқ болатын. Ал бұның өзі оны президенттің үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Көптеген ескертулер айтылды. Соның нәтижесінде 1995 жылдың 30-шы тамызында ҚР жоғарғы кеңесі жазда конституцияны қабылдады. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде конститутция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылды. Ол 9 бөлімнен 98 баптан тұрады: 1. Жалпы ережелер, 2. Адамзат және азамат, 3. Президент, 4. Парламент, 5. Үкімет, 6. Конституциялық кеңес, 7. Соттар және сот тірлігі, 8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, 9. Қорытынды және өтпелі ережелер. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституцияны қабылдау бүкіл халықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Конституцияның ерекшелігі ол бір жағынан екінші жағынан қоғамның негізгі заңы. ҚР конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәнісін әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға әсіресе сотқа өтініш білдіре алады. Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады. Конституция Назарбаев басшылығымен әзірленген.
27 БИЛЕТ 1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты Алғашқы қазақ хандығы 15 ғасырдың 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудың Шу-Талас өзенінің жағасында 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі - Әбілхайырдың қол астындағы қанаушылығының күшеюі болса, екіншісі Шыңғыс әулетінен шыққандығын Керей-Жәнібектің жаңа қалпын қазақ мем-не ықпалы. Қаз-ның алғашқы ханы болып Керей (1458-1473ж.) жарияланды. Одан соң Жәнібек 1473-1480 ж сайланды. 1462 ж. Моңғолстан ханы Есенбұға өлгенн соң, феодалдық талас-тартыстың салдарынан Жетісудың қазақ рулары Керей-Жәнібектің қол астынан кіруі қазақ мем-нің нығаюына жол ашты. Жәнібек, Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті-Қыпшақты билеу жолындағы күреске қатысты. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр қайтыс болған соң өрши түсті. Оңт. Қаз/н Шайбани әулетінен болған соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінің ұстаған Бұрындық хан кезінде де тасталмады. Бұрындық 1480-1511ж. Қасым хан және оның саясаты. 11 ғ. Жәнібек баласы Қасым қазқтың басын қосуды өз қолына алды. Ол әскер басы болатын. 1509-1510 жылдары Бұрындық хан болып тұрса да, билік Қасымнығ қолында болды. Осы тұста екеуінің арасында шиеленіскен күрес жүрді. Ол Қасым жеңісімен аяқталды. Бұрындық Самарқанға барып, сонда өлді. 1511 жылы Қасым өкімет билігіне келді. Қасым хан сырдария бойындағы қалаларды басып алу үшін өз қолына мақсат қылды. Ол керуен жолы және мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Мауренахр билеушісі Мұхамед Шаибани қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуіне тырысты. Мұхамед Шайбани сауда керуенің тонауға бұйрық берді. Екеуінің арасында қан кескі соғыс болды. Оңт. Қаз-н қалалары үшін соғыс ұзаққа созылды. М.Шайбани 1503,1505,1506 жылдары қазақ жерлеріне тонаушылық жорықтар жасады.. Сырдария бойындағы қалалар қолдан қолға өтіп отырды. 1509 ж. М.Шайбани Жаныш сұлтан басы отаршылдардың Қараталға күтпеген жерде шабуыл жасап, қазақтар жеңіліске ұшырады. 1510 ж. ол Қасымға шабуыл жасады. Баласы Темір, інісі Убайдалақ басқарған әскерлерді Қасымның Ұлытау маңындағы Ордасын басып алуға жіберді. Қасым жіберген Мойынсыз Хасанбек басқарған қазақ қолы Шайбани ұрпақтарының тас-талқаның шығарды. Тірі қалғандар Самарқанға қашты. Түркістан қаласы Қасым қолына көшті. 1510ж. М.Шайбани Иран шахы І Исламмен шайқасты. Мера түбінде өлтірілді. Енді Шайбани ұрпақтарының арасында билікке талас болды. Қасым шабуылға шығып, Сайрамды басып алды. Хандық шекарасы: оңт. Сырдария, Түркістан, оңт. шығ. Жетісу тау баурайында, солт. және солт-шығ. Ұлытау тауы, Балқаш тауы төңірегінде Қарқалы тауына дейін жетті. 1523 ж. Сарайшықта 70 жасында қайтыс болғанда халық саны 1 млн-ға жетті. қасым хан тұсында қазақтар өз алдында дербес мем-т есебінде Батыс Европаға мәлім болды. 2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары 2003 ж. 4 сәуірінде президенттің халқына жолдауына және сыртқы саясатының 2004 ж. арналған негізгі бағыттары. Басты мұрат – халқының әл – ауқатын арттыру делінген. Біздің еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді бағдарлама 30 жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес орындалып келеді. «Қаз-н 2030» 1 ү.м.б.Ұлттық қауіпсіздік бөлімінде азамат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттарының басталуына оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттің сақталуы тұрғанына куә. Өз қауіпсіздігіміз бен тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін көршілес елдермен Ресей, Қытай, Орта Азия елдері сол сияқты Таяу және Орта Шығыс елдері, АҚШ, Еуропа елдерімен достық қатынаста болуымыз керек. Осы елдермен жақсы қатынаста болу үшін қарулы күшімізді нығайту керек. 2 ү.м.б. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы – егер әр түрлі топтау олардың мүдделері саясаты идеологиясы, діні, этникалық – таптық мүдделері бір – біріне қарама – қайшы болса, ұлттық мүдде ешқашан іске аспайды, ондай жағдайды Ауғаныстан, Югаславия, т.б. елдердің бастан кешкенін қайталауымыз мүмкін. 3 ү.м.б. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономикаға енді, ол нарықтық қатынас қаржылық – жауапкершілікке толы демократия. Нарыққа өтуге байланысты кәсіпорындар жекешелендіруді жеке меншік түрлері пайда болды. Шетел инвестицияларын пайдаланып, экономиканы көтердік. АҚШ, Корея, Жапония, Туркия, Қытай, Канада инвестициясын пайдаланды. Президенттің ҚР халқының дұрыс бағытты таңдап алуының арқасында 1. бейбітшілікке 2.экономиканы дамыта отырып, халықтың әл – ауқатын жақсартып келеді. т.б. табыстарға жетті. 1997 ж. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасын қабылдады. 3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы Президентті бүкілхалықтық сайлау. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады
28 БИЛЕТ 1) Қазақ терминінің этимологиясы
Осы күнге дейін
қазақ тарихының тылсым тұстары көп. Әсіресе тарихи басылымдарда орын
алатын «казактардың» қайсысын қазақтардың арғы атасы санап, қайсысын
орыс және украин казактарының атасы деп есептеу керек деген мәселе талас
тудырады. 2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары Алғашқы қазақ хандығы 15 ғасырдың 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудың Шу-Талас өзенінің жағасында 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі - Әбілхайырдың қол астындағы қанаушылығының күшеюі болса, екіншісі Шыңғыс әулетінен шыққандығын Керей-Жәнібектің жаңа қалпын қазақ мем-не ықпалы. Қаз-ның алғашқы ханы болып Керей (1458-1473ж.) жарияланды. Одан соң Жәнібек 1473-1480 ж сайланды. 1462 ж. Моңғолстан ханы Есенбұға өлгенн соң, феодалдық талас-тартыстың салдарынан Жетісудың қазақ рулары Керей-Жәнібектің қол астынан кіруі қазақ мем-нің нығаюына жол ашты. Жәнібек, Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті-Қыпшақты билеу жолындағы күреске қатысты. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр қайтыс болған соң өрши түсті. Оңт. Қаз/н Шайбани әулетінен болған соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінің ұстаған Бұрындық хан кезінде де тасталмады. Бұрындық 1480-1511ж. 3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер Адамзат мәдениеті өзінің мыңдаған жылдар бойындағы дамуында тас балтадан космосты игеруге дейінгі жолды жүріп өтті. Ол ешқашан да қозғалыссыз қалған емес: пайда болып, бір аймақтан екінші аймаққа таралып дамыды, өткен ұрпақтан қазіргі және болашақ ұрпаққа беріліп, әр уақытта да материалдық және рухани жағынан толығып отырды. Демек, өзгерістер мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі мен қасиеті болып табылады. Өткен заман ескерткіштері арқылы көрініс тапқан құндылықтар мен символдар жаңа мәдениеттің маңызды факторларына айналып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұзақ уақыт бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдени бірегейлікті қамтамасыз ететін тірекке айналады. Мәдениет динамикасында мәдени ықпалдар мен байланыстардың алатын орны зор, өйткені қозғалыс қашанда кездесулер, қақтығысуларсыз болмай тұрмасы мәлім. Мәдени коммуникация мәдени өзгерістердің ең кең тараған бастау көзі болып табылады. Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмендегі факторлар арқылы анықтауға болады: 1. Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым-қатынаста, өзара байланыста болуы басқа мәдениет элементтерін өз бойына сіңіріп алуға алып келеді); 2. Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады); 3. Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени-әлеуметтік топтардың болуы); 4. Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті (мәдени контекстің өзгеруіне байланысты өзін бейімдеу қабілеті). Мәдени динамика бүгінгі күннің ақпараттық төңкерілісі үстінде бұрын-соңды болып көрмеген қатты қарқынға ие болып отыр. Сондықтан болар, қазірде мәдени динамикадан гөрі ғаламшарлық деңгейді танытатын жаһандану ұғымы кең танымал болып ктті. Жаһандану дәуірінде мәдениеттің әмбебапталынуы мен трансформациялануы мәселелері өзектілік танытып отыр. Процесс ретіндегі жаһанданудың оң (позитивті) және теріс (негативті) жақтары бар екендігі белгілі. Бір жағынан, ол халықтардың бір-бірімен көбірек араласып, бірін-бірі танып, өзара жақындасуына ықпал етеді. Екінші жағынан, шамадан тыс араласу мен ықпал ету өзіндік мәдени бірегейліктің шайылуына алып келуі де мүмкін. Бірдей мәдениет үлгілерінің бүкіл әлемге таралуы, мәдени ықпал үшін барлық шекаралардың ашық болуы мен кеңейтілген мәдени араласу қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандану процесі (құбылысы) туралы әңгімелеуге алып келеді. Мәдениеттің жаһандануы көлік құралдарының мүмкіншілігінің артып, экономикалық байланыстардың жиілеп, коммуникация құралдарының күрделеніп, әртүрлі этникалық мәдениттердің сұхбаттасу жолдарының кеңеюінің негізінде біртұтас әлемдік өркениетке интеграциялануы процесі сипатында болып келеді. Қазіргі заманғы техникалық жетістіктер жаңа көлік құралдары мен жаңа коммуникация формаларының қалыптасуымен мәдениетаралық байланыстардың ауқымын айтарлықтай кеңейтті. Адамдар қозғалысы күрт арта түсті: жүйрік ұшақтар адамды санаулы сағаттар ішінде әлемнің кез-келген нүктесіне жеткізе алады. Мұның нәтижесінде, бұрындары жұмбақ болып көрінетін мәдениеттермен тікелей байланысқа қол жеткізу мүмкін болды, яғни мәдениетаралық коммуникация әлеуеті артты. Мәдениетаралық коммуникация мәдени байланыстардың кеңеюі, мәдени құндылықтардың бір-біріне ықпал етуі мен адамдардың бір мәдениеттен екінші бір мәдениетке миграциясы арқылы көрініс табады. Бүгінде бүкіл дүние жүзі біртұтас жалпыәлемдік кеңістік құрастыру үстінде. Ол, ең алдымен, қаражаттық және ақпараттық жаңа технологиялық негізде жүзеге асып жатыр. Қарапайым тоғышар жанды қобалжытар атауына қарамастан, жаһандану өзінің түпкілікті мәнінде интеграцияның ең биік сатысы болып анықталады. Қазіргі уақытта жаһандану процесі біздің өміріміздің әртүрлі салаларын қамтиды. Қаржылар, идеялар мен адамдар қазіргі уақытта ұтқырлық (мобильдік) танытып отыр. Әрине, бүкіләлемдік қаржылық және тауарлық нарық, ақпарат құралдары мен миграциялық лектер мәдени алмасулардың өте қарқынды өсуіне алып келді. Бұл құбылыс мемлекеттік институттар, әлеуметтік топтар мен әртүрлі елдер мен мәдениеттердің жеке тұлғалары арасындағы тікелей байланыстардың қарқынды артуы жағдайынан да көрінеді. Осы жаңа байланыстар аясындағы жаңа әлемде көптеген дәстүрлі өмір сүру формалары мен ойлау әдіс-тәсілдері, мәдени институттар мән-маңызынан айырылды, тіпті, кейбіреулері жоғалу үстінде деп айтуға боларлықтай. Бірақ, сонымен бір мезгілде, жаһандану процесі мәдениеттің жаңа формалары мен өмір сүрудің де жаңа жолдарының қалыптасуына алып келеді. Жаһанданған әлемде экономиканың, сол сияқты, саясаттың да іргелі принциптерінің сапалы өзгерістері орын алады. Мысалы, ақпараттық технологиялар әсерінен еңбек құралының өзі өзгереді. Жаңа технологиялар адам санасына әсер ету процесін пайдалы бизнеске айналдырды. Шындығында, қазіргі заман бизнесінде пиар-технологияларды білмейтін жанның бірдеңе жарыта қоюы екіталай. Бұл айтқанымыз түгелдей дерлік саясатқа да қатысты нәрсе. Саясаттың өзі белгілі әрі байқаларлық мөлшерде бизнеске айналғандығы тағы бар. Оның үстіне, жаһандану дәстүрлі басқару жүйелерінің дағдарысына, кенже қалған әлемнің дағдарысына, өркениетаралық бәсекелестік дағдарысына орын беретіндігі тағы бар. Американдық профессор – социолог Френсис Фукуяма өзінің “Сенім. Әлеуметтік ізгіліктер және өркендеуге ашылған жол” деген терең ізденісінде қазіргі қоғамдағы экономиканың мәдениетпен етене тығыз байланыста екендігін, жалпы алғанда, бүгінгі таңда қоғамның өсіп-өркендеуі әлеуметтік капиталмен байланыста және де қоғамдағы “сенім” деңгейі сынды бір қарағанда абстракты болып көрінетін ұғыммен байланыста болатындығын көрсетеді. Елде билік пен халық арасында, қоғам мен элита арасында сенім болса, ұжымның өз ішінде сенім мәдениеті қалыптасса, баламызды оқытып жүрген мұғалімге, қабылдауына барып отырған дәрігерге сенім бар болса, көмек сұрап барған полиция қызметкері әлде мәселемді шешер деген шенеунікке сенім болғанда ғана қоғам көркеймек! Өзінің ауқымды еңбегінде Фукуяма дамыған елдердің – АҚШ, Германия және Жапония, бір жағынан, Франция, Италия, Канада, Корея, екінші жағынан – өз арасындағы айырмашылық сол елдердегі сенім деңгейімен анықталады дейді. Демек, жаһанданған әлемде бұлардың барлығы құр бос сөз емес, дерексіз ұғымдар емес. Егер де біз әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарында болғымыз келеді деп әлемге мәлімдейтін болсақ, онда жаһандану қойып отырған ойын ережелерін қабылдап, біз уақыттың өзекті талаптарына дер кезінде керекті жауабын бере білуіміз керек. Соңғы уақытта, мәдениеттанушылар бірлік – көптүрліліктен құралады, мәдениеттер плюрализмі мен адамдар қауымдастығының біртұтас ортақ қағидалары құндылықтық таңдаудың дилеммасы болудан қалған деген ұстанымды жиі қолдауда. Дегенмен, жаһандану аясында өмірдегі кейбір идеялар мен идеалдар шын мәнінде бүкіл әлемге танылып, таралып, қабыл алынады. Шындығында адамдардың ішкі қанағаттану дәрежесі, болашаққа деген үміттері, сенім мен толеранттылық дәрежелері, өзін-өзі идентификациялаудың параметрлері, сондай-ақ, адами болмыс-тіршіліктің ядролық мәселелерге – неке мен жанұяға деген қатынастарын анықтай отырып, құндылықтардың халықаралық сахнада әмбебапталған мынадай тізімін көрсетуге болады: 1. Демократия идеалы; 2. Төзімділік идеалы 3. Әйел эмансипациясы идеалы 4. Қоршаған ортамен байланысты мәселелерді (экология мәселелерін) мойындау 5. Балалар мен жасөспірімдерді қолайсыз, жағымсыз факторлардан қорғауға тырысу. Әмбебапталу үрдістері мәдени бірегейлену мәселесін де барынша өткір қоятындығын айтпасақ біз беріп отырған заманауи әлем сипаттамасы біржақты болар еді. Интеграция мен дифференциация, шиеленістер мен қызметтестік, әмбебапталыну мен партикуляризация бірі-бірінсіз мүмкін емес, дамудың болжаулы үрдістері болып табылады. Тарихи тәжірибенің көрсеткеніндей, жаһандану процесі «әу» дегеннен белгілі бір шиеленісті потенциалға ие, себебі жаһандану тұсында қаласақ та, қаламасақ та төл мәдениетіміздің қағидалары, ұстанымдары мен құндылықтарын қайта қарастыруға немесе олардың кейбіреулерінен мүлдем бас тартуға тура келеді. Сонымен, жаһандану – шиеленіссіз және жұмақ әлемімен аяқталатын процесс емес. Ол бір мезгілде жаңа мүмкіншілік алу мен жаңа қатерге бас тігуден тұрады. Жаһандану дамыған елдер мен кенжелеп қалған елдердің аражігін одан бетер ажырата түсетін қатыгез құбылыс екендігімен де белгілі. Алайда, ақыл-парасатының жоғары адамгершілік идеалдарына жүгініп, талай тірелген тығырықтан жол таба білетін адамзат баласының бұл Талапқа да Жауап табатындығынан үміттену ғана қалмақ. Әуелеген арман, өксіткен өкінішке толы адам болмысында өмірсүйгіштік танытатын қасиет те, ізгілікке жетуге деген белсенділік те Үмітпен байланысты нәрселер. Үмітті ізгіліктің басқаша атауы әрі нағыз адами ерекшелікті ұғым деп түсінуіміз керек. Жамандықтан Адам «болып қала ма» деп күдіктенеді, ал жақсылықтан қашанда үмітті болады. Үміт – күні кеше ғана екі дүниежүзілік қырғынды басынан кешіріп, әскерилердің керзі етігінің астында тапталып қалғандай көрінген әлем тұрғындарының ортақ мекені – Жер шарында бір үйдің балаларындай тату-тәтті күн кешу үшін жасампаздық ықылас білдіруге бастайтын тірек. Үміт – адамзат атаулының жаһандану тұсындағы сенім кілті. Бірлесе тіршілік етуге, қоян-қолтық әрекеттесуге, ортақ үйде бас қосуға бару дегеніңіз – нағыз өмірсүйгіштік, нағыз жасампаздық, нағыз адамзаттық гуманистік рухтың көрініс табуы деген сөз.
29 БИЛЕТ 1) Ұлы ақын және ойшыл А. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Қысқаша шолу Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руыныңшешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзібилер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болысболады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктеріНизами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой,И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер,Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді. Өмірбаяны Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
«Шынжыр балақ, шұбар төс
Ырғызбайым, Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым, Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. 2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқиғалары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға ңкелу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ-қырғыз халықтарына үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған Бүкіл қырғыздық съезд Алаш партиясын қалыптастырып, басшы органдарын сайлады. Оған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров, М.Шоқай, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов т.б. кіреді. Бұл партияның сол жылы желтоқсанда Орынборда өткен ІІ съезінде Қазақстанның автономиясы Алаш Орда үкіметі және Ұлттық Кеңес құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамында 15 адам халық кеңес төрағасы болып Ә.Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халықтың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіліп жетілген наразылығының айқын көрінісі болды. 3) ҚР мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚР тарихындағы ерекше мәртебелі күні болып есептеледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келген күні ретінде мәңгі есте қалады. Егеменді Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Олар бәйгеге түскен елтаңбаның 245 жобасымен, 64 суреттемесімен жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. Шеңбер ішіндегі нышан белгі – елтаңба идеясының басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» дейді. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесіне қарап тұрғанда бірден еске түсер ойда осы. Елімізідің туына айналған ұлы идея еркіндік идеясы, жұрт-жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршендік идеясын туғызған қасиетті белгі, барша халқымыздың бойтұмарына айналған. Шеңбер ішіндегі киіз үй шыңайы шеберлікпен шеңдестірілген түндігі – аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Әр бөлшектегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды, қатар тіршілік кешкен басқада ұлт өкілдері бар бірлесіп кереге – уықтай кірігіп, күш жігер жұмсап, аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыздың, тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады. Киіз үй көшпелілер мәденитетінің ғажайып туындысы. Елтаңба композицисын құрап тұрған келесі бір маңызды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгізідің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбей шапшаңдылығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай болғанда да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Көшпенділер ұғымында жылқы – түлік біткеннің төресі. Көне түсініктер бойынша киелі көк пырағы адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Ал басқа түліктердің барлығы адамға қызмет етуге жаратылған, бар тіршілігі жер-анамен ғана байланысты деп есептелінеді. Ат болса – адамның қанаты. Елтаңбадағы енді бір назар аударарлық белгілер – маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс – бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге меңзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Ол аспан денелерін, әсіресе күн мен айды одан кейін жұлдыздарды қос тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұр. Ал елдің аты – Қазақстан – қазақ елі болып өрлеуі көркемдіктігі жағынан да мағыналы жағынан да айтарлықтай ұтып тұр. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зергер көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіре түскен. 1992 ж. 6-шы маусымда Абай атындағы опера және балет театырының зәулім ғимаратында президент Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деген еді. Еліміздің туы – қасиетті көк байрақ. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңбір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың еңбір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген. Ерекше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөлеуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі – қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздағы жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ Геральдикада заңы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады. Табиғаттың төл баласына айналған көпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақи өрнек қойылған. өрнек халқымыздың қолдаңбалы өнер мен жеткен ең ұлы табыстарының бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ән-ұраны 2006 жылы қабылданды.
30 БИЛЕТ 1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.) Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде корініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз бол-,ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, коғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді. Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясыи басқарған Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум откеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитсті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т. б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық косемі болу керек" деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы еөкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталык Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев, А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазала- ушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың ба- рысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға ба-сқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқ-сан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды. Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мой- ындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің ез қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия коми-теттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ак кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді. Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-рынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г. В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерініц пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған, Мүхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демокра-тия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы меп ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. 2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі) Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады. Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді. Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады. Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді. Тәуекел ханның қазақ жерін кеңейту саясаты. Хақназар өлген соң таққа 80-ге келген Шығай отырады. Шығай қайтыс (1580-82ж.) болған соң таққа баласы Тәуекел отырды. Ол1583ж. Өзбек хандығын жасасқан келісімшартты бұзды. 1586ж. Түркістанды басып алып, Ташкентке қауып төндірді. 1588ж. Ташкентте Абдаллахқа қарсы көтеріліс болды. Көмекке қазақ сұлтаны келді.. Көтеріліс жеңіліс тауып қазақтар Ташкенттен кетуге мәжбүр болды. Абдаллах өлген соң Мәуренахрда билік үшін таласты. Осыны пайдаланған Тәуекел 1598ж. жазында Мәуренахрға кіреді. Іштен қолдау тапқан ол жеңіске жетеді. Самарқанға 20 мың әскермен Есімді қалдырып, өзі Бұқараға кетеді. Бұқаралықтар қарсылық көрсетіп, қазақ халқын талқандады. Осы шайқаста Тәуекел ауыр жараланды. Ол Ташкентке шегініп, сонда қайтыс болды. Қазақ ханының ұзақ жылдар бойы жүргізген соғысы Сыр бойындағы Қамал қалалары ірі қала Ташкентті өзіне қосумен аяқталады. 1598 ж. Шайбани әулетінің орнына келген Аштархан әулетімен қазақтар шарт жасасып, қазақ халқы үшін біржарым ғасырға созылған қанды күрес аяқталды. 3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы Қасым ханнан кейін хандықты қайта нығайтуға Қасым ханның баласы ақназар (1537-1580ж.) хан тағына отырды. Ол Ноғай ордасындағы талас-тартысты ескере отырып, өз пайдасына шешті. Нәтижесінде Жайық өзенінің сол жағын, Түркістан жерін өз бақылауына алды.Моғол ханы Абдар Рахша қазақ хандығына үлкен соғыс бастады. Хақназар қазақ-қырғыз әскерін пайдаланды. Бұл шайқас қазақтар үшін сәтсіз болды. Хақназар Жетісудан біртіндеп айрыла берді. Бірақ 1570 ж. Жетісудың батысы, Шу Талас өңірлері оның билігінде болды. Ноғайлықтардың бір бөлігі талас-тартыс нәтижесінде Ресейге бодан болуға ұмтылса, бір бөлігі қазақ хандығына іш тартты. Осы кезде Сібір ханы Көшім дұшпандық әрекетіне басты. Ол қазақтарды өзінің жауы-Мауренахрға Шайбани әулетімен келісім жүргізуге итермеледі. Абдаллах-Хақназар ант берісті. Орта Азиямен бейбіт сауда қайта басталды. 1570ж. Барақ ханның баласы Баба сұлтан Абдаллахтың қармағынан шыққысы келді. Қазақ сұлтандары оған қолдау көрсетпек болды. Оны естіген Абдаллах 1570ж. әскерін Сайрамға әкелді. Естіген Хақназар шартқа адал болатының ескертіп, елші жіберіп, Баба сұлтанды тапсырамын деді. Оған Абдаллах разы болып, Түркістанның кейбір аудандарын сыйға берді. 1579ж. 2-ші жартысында Баба сұлтан қазақ сұлтандарымен кездеседі. Баба сұлтан оларды Абдаллахқа қарсы үгіттейді. Бірақ қазақ сұлтандары Абдаллах жағына шығады. Бұны естіген Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жаныш сұлтан, оның екі баласын, Хақназардың екі баласын, ал 1580ж. елші арқылы Хақназардың өзін өлтіреді.
содержание .. 116 117 118 119 ..
|
|