«БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтердің әлсіз және күшті жақтарын бағалау

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 5

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

2.3.

«БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтердің әлсіз және күшті жақтарын бағалау

 

 

Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді несиелеу           сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.

Жеке тұлғаларды несиелеудің жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне беріледі:

-       әйелдерге 21 ден 56 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 58 жасқа толғанға дейін іске асатын болса;

-       еркектерге 21 ден 61 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 63 жасқа толғанға дейін іске асатын болса.

Жеке тұлғаларға несиенің берілуі несиенің қайтарылуына және ол бойынша сыйақыны төлеуге жеткілікті тұрақты табыс көзі – жалақы, зейнетақы (отбасы мүшелерінің табыстарын қосқанда), кәсіпкерлік қызметтен табыс болған жағдайда ғана жүргізіледі. Несиенің сомасы борышқорлардың (созаемщик) айлық табысына, сатып алынатын мүлік құнына және қамтамасыз етілетін кепілдігіне байланысты. Созаемщик ретінде борышқордың жұбайы және жақын туысқандары, (ұлы, қызы, шешесі, әкесі, туған ағалары және әпкелері) бола алады. Созаемщик барлық міндеттемелерді атқарады және банктік қарыз келісімшарты бойынша борышқордың барлық құқықтарына ие. Несиелеудің параметрлері, алғашқы жарнаның төменгі мөлшері, борышқорлар үшін талап етілетін құжаттар тізімі Банктің Директорлар Кеңесімен немесе нақты несиелеу бағдарламасы бойынша Банктің басқа өкілетті органымен бекітіледі.

Алғашқы жарна сомасы:

-       Клиент өзінің ағымдық шотына келешекте алу және сатушыға беру үшін енгізеді;

-       Валюталық заңнамаға сәйкес Банк Борышқордың ағымдық шотынан

Сатушының банктік шотына аударады;

-       Борышқор қолма-қол ақшамен Сатушыға береді, бұл кезде борышқор алғашқы жарна сомасын бергенін растайтын құжатты Банкке береді. Бұл құжат несиелеу бағдарламасымен анықталады.

Несиелеу объектісінің құнының 100%-к көлемде несиені ұсыну қарастырылған, егер келесідей шарттар орындалса:

-       алғашқы жарна банкке кепілдікке берілген қамтамасыз етумен ауыстырылса, бірақ ұсынылатын қамтамасыз етудің кепілдік құны алғашқы жарнаның төменгі мөлшерінен төмен болмау керек;

-       қамтамасыз ету кепілдігіне ұсынылатын кепілдік құн үш айлық негізгі борыш пен сыйақыны жабу керек.

 

- 28 -

Борышқордың төлем қабілеттігін бағалау. Борышқордың төлем қабілеттілігінің бағасы соңғы 6 айға  орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған және анықтамада көрсетілген мәліметтердің борышқордың табысын растайтын басқа да құжаттар және тапсырыс берушінің анкетасы негізінде есептеледі. Борышқордың төлемқабілеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада және анкетада көрсетілген барлық міндетті төлемдер алынады (табыс салығы, жарналар, алименттер, зиянның компенсациясы, зейнетақы аударымдары, қарызға алынған тауарлар құнын өтеуге төлемдер, әрекет ететін несиелер бойынша жарналар, коммуналдық қызметтер және т.б.).

Жоғарыдағы жағдай жиынтық табысты есептеу кезінде отбасы мүшелерінің табыстарына да қатысты. Таза табыс салығын, міндетті зейнетақы аударымдарды, жарналарды, алименттерді, зиян компенсацияларын алып тастағанда соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамада  көрсетілген  мәліметтерге   сүйене  отырып  анықталады. Отбасыны

асырауға кететін шығындар Тапсырыс берушінің анкетасында клиенттің көрсеткен мәліметтерден анықталады (коммуналдық қызметтер, тамақ, емдеу, көлік шығындары, несиелер бойынша жарналар, білім және т.б. шығындар). Егер орта айлық жалақы туралы анықтамада көрсетілген жалақы борышқордың анкетасында көрсетілген нақты табыстан төмен болса, онда Несиелік қызметкер борышқордың алатын нақты табысының шындығын тексеру үшін борышқордың жұмыс орнына барады. Борышқордың жұмыс орнында Несиелік қызметкер кәсіпорынның басшыларымен (директор, бас бухгалтер) кездесіп, ауызша растама алу керек, бас бухгалтердің берген мәліметтерімен, еңбек төлемі бойынша ведомостьпен салыстырып, жобаны қаржыландыру туралы Ұсынысты көрсету керек.

2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін уәкілетті органның арнайы лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. «ТұранӘлемБанкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.

2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2,16 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 2,11 млн. адам болған (2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13,1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.

2006 жылдың шілдесінде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 49,2 млрд теңге құрайтын 3,1 млн.-ға тең транзакциялар жасалып, бұл корсеткіштердің мәні 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 41,1% және 29,8%-ға артқан.

 

 

Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялардың саны 3,0 млн. трансакцияны құрап, бұл трансакциялардың сомасы 47,4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1 822,6 млн.теңге болатын 154,1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде қалыптасқан:  95,1% және 4,9%, 96,3% және 3,7% сәйкесінше.

Төлем жүйесі қызметінің толықтығы әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде және шетел валютада қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес – банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынастарды ары қарай дамытып тереңдету үшін басымды бағыт болып табылады.

2006 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:

§       Visa төлем жүйесі – 9417

§       Altyn төлем жүйесі – 1921

§       American Express карточкасы – 9

    2006 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жүрген коммерсанттардың жалпы көлемі республика бойынша 157.

2006 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2005 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.

2006 жылы Интернет желісінде есеп-айырысуларды жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған болатын. 2005 жыл ішінде банктің төлем карталарын ұстаушыларға әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.

American Express Cоmpany ұйымымен келісімі бойынша банк жол чектерін АҚШ долларында және еврода консигнация шартымен алып отырады.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..