Главная Книги - Разные Книга Памяти по Жезказганской области (Казахская ССР, Великая Отечественная Война)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 19 20 21
Елге оралған жауынгерлер
Әлменбетов Кәкман Әлменбетұлы
1923 жылы Қарағанды облысының сол кездегі Қар-
сақпай ауданы Сарысу колхозында дүниеге келген.
Қарағанды облысы, Қарсақпай ауданына (қазіргі
¥лытау ауданы) қарасты Сарысу, Аралтөбе, Жетіқо-
ңыр ауылдарынан майданға 150-ден астам адам ат-
танған екен. Сол азаматтардың ішінде Отан қорғау
үшін майданға Әлменбетов Кәкман Әлменбетұлы
да аттаныпты.
Ұлы Отан соғысында Әлменбетов Кәкман Әлмен-
бетұлы бірінші Украина майданынының 336-дивизия-
сының 1130-атқыштар полкінде Отан үшін от кешіп
елін жерін ерлікпен қорғауға ат салысты. Ұлы Жеңісті жақындату жолындағы
жауға қарсы кезекті бір сұрапыл шайқас кезінде Берлин қаласына 250 шақырым
қалғанда 1945 жылдың 29 наурызында ауыр-жарақат алып госпиталға түседі.
1945 жылдың қазан айында соғыстан елге мүгедек болып оралады. Елге кел-
геннен соң бейбіт еңбекке араласып, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосты.
1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері және
бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегі үшін Әлменбетов Кәкман:
- Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені;
-
1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін мере-
келік медалі;
-
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында фашистік Германияны жеңгені
үшін мерекелік медалі;
- Тың жерлерді игеру мерекелік медалі;
- КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл мерекелік медалі;
- КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл мерекелік медалі;
-
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 20 жылдығы мерекелік медалі;
–
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 25 жылдығы мерекелік медалі;
–
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 30 жылдығы мерекелік медалі;
–
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 40 жылдығы мерекелік медалі;
–
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 50
– жылдығы мерекелік медалі;
Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков мерекелік медалімен марапатталды.
Әлменбетов Кәкман Әлменбетұлы 1997 жылдың 6 қазанында 75 жасқа қа-
раған шағында Қарағанды облысының Жезқазған қаласында қайтыс болды.
402
Абдрахманов Шаймурат.
Еңбек және соғыс ардагері. 1925 жылы 10 қаң-
тарда Жезқазған өңірінде дүниеге келген.
1943
жылы қаңтарда Ресейдің Петрозаводск қаласында
жасақталған солтүстік майданның
120 миномет
полкына минометшы болып әскер катарына алы-
нады. Ресейдін солтүстік батысын, прибалтика-
ны, кенигсберг жерін фашистердің азат етеді. 1945
жылы Кенигсберг қаласы үшін шайқаста (казіргі
Калининград қаласы) екінші рет ауыр жарақат ала-
ды, ұлы жеңісті госпитальда қарсы алады. 1945
жылдың аяғында аман-есен елге оралады.
1-дәрежелі" ұлы Отан соғысы" орденінің, «Кенисбергті алғаны үшін»,
«Германияны жеңгені үшін» және басқада көптеген медальдардың иегері,
еңбек ардагері.
Бейбіт өмірде әр салада жұмыс істеп 1980 жылы еңбек демалысына шық-
ты. Әкеміз 1996 жылы Жезқазған қаласында дүниеден озды.
А. Байконуров
Әлихан Байқоңыров 1923 жылы туған. Ә.Байқоңыров
Ұлытауда (Қарсақпайда) 4 кластық мектепте оқыған.
19 жасында 1942 жылы 18 шілде күні-майданға
аттанды.
Свердловск қаласында екі айлық даярлау мек-
тебінде оқыды.
1942 жылы 9 қыркүйекте сержант Ә.Байқоңыров
Москва қаласы арқылы Калуга майданына аттанды.
Брянск-Смоленск бағытында 1943 жылдың 28 ақпа-
нына дейін майдан шебінде шайқасты.
Сол шайқаста ауыр жарақат алып, 1943 жылдың
тамыз айында майданға жарамсыз болып елге қайтарылған.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне Әлихан Байқоңыровта өзіне лайықты үлесін қосты.
Әлихан Байқоңыров пен жұбайы Сақыпжамал Әбілдинова 8 баланы тәрбиелеп,
өсірген үлгілі отбасы. Сақыпжамал Әбілдинова батыр ана, күміс алқа иегері. Бала-
лары Жақсылыққа, Жаксыкунге, Жақанға, Бәдіржамалға, Бақтиярға, Бақытка, Бағ-
датқа, Шамшиденге қалдырған ең үлкен мұрасы - әке-анасынын жақсы тәрбиесі.
Ақсақалдың ұрпақтарынан тараған 20 немере, 25 шөбере - бүгінде бір
қауым ел.
2000 жылы 19 желтоқсан күні дүниеден өтті.
403
Шәріпбаев Бимұхан, 1923 жылы Талдықор-
ған облысында дүниеге келген. 1942 жылы балалар
үйінен 18 жасында соғысқа аттанған. Екінші Бела-
русский фронтында Генерал Рокосовскийдің қол
астында әскери борышын өтеген. 110шы мотост-
релковый бригадасында станковый пулемет отделе-
ниясының командирі болған. Сержант званиясында.
Көптеген медальдар мен ордендері бар. Бірнеше рет
жарақат алған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін
тағы үш жыл әскери борышын атқарып, 1948 жылы
толықтай бейбіт жағдайға көшірілді.
1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында көр-
сеткен ерліктері үшін:
- В.И. Леиннің туғанына 100 толуына арналған ерен еңбегі үшін мерекелік
медалі;
- Ерлігі үшін медалі;
-
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында фашистік Германияны жеңгені
үшін мерекелік медалі;
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 20 жылдығы мерекелік медалі;
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 30 жылдығы мерекелік медалі;
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы мерекелік медалі;
- КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл мерекелік медалімен марапатталды.
1952 жылы Жезқазған поселкісінде отбасын құрып, балалы-шағалы бо-
лып, 5 қыз З ұл тәрбиелеп, 1981 жылы дүниеден өткен.
Ыбыраев Махамбет Ыбырайұлы 1890 жылы Қарсақпайда дүниеге
келген, байырғы кенші, еңбек ардагері және Ұлы Отан соғысының мүгедегі.
1927 жылдан бастап КПСС мүшесі, 1923 жылдан кәсіподақ мүшесі.
Еңбек жолын 1910 жылы Тасқұдықтағы орыс акционерлік қоғамының бұр-
ғылаушылар партиясында жалдамалы жұмысшы болып бастады. 1920-1924
жылдары Рудник поселкісіндегі комбинаттың құрылыс жұмыстарына араласты,
құрылыс жөніндегі шаруашылықтың меңгерушісі болды. Кейіннен сол кездегі
«Медьпроснабтың» фермасын басқарды, кеншілерді азық-түлікпен жабдықтау
ісіне атсалысты. Ұлы Отан соғысына дейін №11,32 шахталарда еңбек етті.
1941-1945 жылдары Отан қорғау соғысына қатысып, қатардағы жауын-
герден саперлер взводының нұсқаушылығына дейін көтерілді, 140-шы Ар-
мияның 60-шы дивизиясының 196-шы гвардиялық атқыштар полкының құ-
рамында жаумен шайқасты, Житомир үшін шайқаста ауыр жарақат алып елге
оралды.
Махамбет Ыбыраев Ұлы Отан соғысындағы ерлігі және бейбіт өмірді
қалпына келтірудегі ерең еңбегі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі
404
үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кенисбергті алғаны үшін» медаль-
дармен, Ленин орденімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапат-
талды.
Ұлы Отан соғысынан кейін «Покро» шахтасын-
да, №41, №12, т.б. шахталарда кен өндірісінде қа-
жырлы еңбек етті, 1946-1955 жылдары «Жаңа Тұр-
мыс» артелінің басқарма төрағасы болды.
ТЛЕУБАЕВ Абдугали (Тлевубаев), 1895 г. Қа-
рағанды облысы Джезқазған ауданы Қарсақпай
ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына
1941 жылдың 12 қазанында Қарсақпай ӘК-нан
майданға аттанады. 365-ші запастағы атқыштар
полкінде болды. 1943 жылдың 23 желтоқсанында
Пенза қаласынан Хабаругольге жіберілді. Ауыр жа-
рақат алып елге оралды.
Ахметов Сейфолла (1911-1986)
1911 жылы Жезді өңірінде туған. Ахмет баба-
мыз бен Қадиша әжемізден төрт ұл - Қайберен,
Сейфолла, Ибаділдә, Қайып туған. Әскерге Сей-
фолла мен інісі Қайып екеуі Қарсақпай әскери
комиссариатынан алғашқылардың бірі болып ат-
танады. Капитан Сейфолла ауыр жараланып гос-
питальға түсіп 1943 жылы елге қайтады. Майдан-
дағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденінің иеге.
Тінікенов Бөлеген (1907-1973)
1907 жылы Жезді өңірінде туған. Ұлы Отан со-
ғысына 1942 жылы 9 маусымда Қарсақпай ӘК-нан
майданға аттанады. Алғашқыда
1036 атқыштар
полкінде болады, кейін 1942 жылы қазан айында 316
атқыштар И.В.Панфилов дивизиясында Воронеж
түбінде болған шайқаста ауыр жараланып, госпи-
тальда емделіп, кайта соғысқа қатысады. 1945 жыл-
дың 21 маусымындағы КСРО Жоғарғы кеңесінің
бұйрығымен елге оралады.
405
Сейткен Сағатұлы (1907-1997)
1907 жылы Қарсақпай ауданы 8-ші ауылда дү-
ниеге келеді.
1941 жылы майданға аттанады.
Майданда 118 запастағы атқыштар полкіндегі, 2
батальонында, 3 ротасында, 161 жеке атқыштар
бригадасындағы ерліктері үшін «За отвагу», «За
боевые заслуги», «За победу над Германией», И.В.
Сталиннің мақтау қағазымен марапатталады. Бір-
неше рет жарақат алып 1945 жылы туған жерге
оралады.
Мусин Жұмабек Мұсаұлы (1904-1985)
1904 жылы қазіргі Ұлытау ауданы, 4-ші ауылда
туған. 1942 жылы жазда Оразай аудандық әскери
комиссариатынан майданға аттанады. Севастополь
үшін болған соғыста жараланып, ауыр жағдайда
госпитальға түседі. 1943 жылы елге қайтарылады.
Қамит Оспанұлы (1908-1945)
1908 жылы Жезді өзенінің бойында туған. Ұлы
Отан соғысы басталып, майданға 1942 жылдың
басында аттанады. Соғыста ауыр жарақат алып,
1943 жылы әскери комиссияның шешімімен елге
оралады.
406
Қапаров Бірəлі Қапарұлы (1915-1956)
1915 жылы 10 маусымда Жезді өңірінде дүниеге
келген. 1940 жылы әскери борышын өтеуге Қарсақ-
пай АӘК-нан алынады. Қатардағы жауынгер Днепр,
Белоозерск аудандарындағы шайқастарға қатысады.
Әскерден босап елге тек 1946 жылы оралады.
Тұрлыбеков Əбдіманап
1921 жылы Жезді өңірінде туған. Майданға 1942
жылы Қарсақпай ӘК алынған, Қызыл тулы, Суво-
ров орденді дивизияның 45-ші атқыштар полкінің
пулеметчиктер ротасының наводчигі болған. 1944
жылдың 20 қыркүйегінде КСРО Жоғарғы Советі
Президиумының бұйрығымен гвардия жауынгері,
пулеметчик наводчигі Манап Тұрлыбековті «3 дә-
режелі Даңқ Орденімен» марапаттайды. 1943 жылы
жеңіл жарақат, 1944 жылы Белорусь майданында
ауыр жарақат алған.
Жұмадилдинов Мұхамедия (1912-1961)
Баянұлы Жұмаділдәның ұлы Мұхамедия 1912
жылы туған. Балқашта ФЗО бітіріп, майданға Қар-
сақпай ӘК-нан алынған. Соғыста жараланып госпи-
тальда жатып, елге қайтарылған.
407
Қазбеков Мейрамбай Сүлейменұлы (1918-
1989)
1918 жылы туған. Мейрамбай майданға Тәшкен-
нен алынған. 1942 жылы жараланып елге оралды.
Жұртшыбай Түсіпұлы (1918-1995)
1918 жылы туған. Жұртшыбай 1938 жылы
әскерге алынады. Ұлы Отан соғысына қаты-
сып, бірнеше рет жараланып 1942 жылы елге
оралады.
Дəуітов Күнтуған (1906-1986)
1906 жылы Жезді өңірінде туған. Күнтуған май-
данға 1942 жылы 16 маусымда Қарсақпай АӘК-нан
аттанған. Майданда 26 мотоатқыштар бригадасы-
ның 1 ротасында жауынгерлік борышын атқарған.
Майданда ауыр жараланады. Госпитальда емделіп,
соғысқа алғы шепке қайта аттанады. 1944 жылы 20
ақпанда тағы жараланады. Майдандағы ерлігі үшін
«Красная Звезда» орденімен,
«За освобождение
Советской Прибалтики» медалімен, 1944 жылы 10
қазанда Сталиннің алғыс хатымен, «За Победу над
Германией 1941-1945 гг.» медалімен марапаттал-
ды.
408
Манап Орынбайқажыұлы (1914-1986)
1914 жылы Жезді өзенінің бойында туған. 1939
жылы Қарсақпайдан әскер қатарында аттанады. 25
жылға кесіп, бос бостандығынан айырады.
1953
жылы шілде айында ғана елге оралады.
Садыр Барыстанбайұлы (1917-1979)
1917 жылы туған. Ерлігі үшін Сталиннің марапа-
тына ие болған. Елге 1946 жылы шілденің 1-де келді.
Майдангер Садыр аға «Победе над Германией - 20,
25, 30, 35 лет», «Победе над Японией - 20, 25, 30, 35
лет» медальдарымен марапатталған.
Молдағали Исаұлы (1912-1992)
1912 жылы дүниеге келген.Майданда ауыр жа-
рақат алады. Соғыстан кейін Қарсақпай мыс зауы-
тында фласт өндіретін бөлім басшысы, 18 км әк
карьерінің басшысы болып, 1971 жылы зейнетке
шыққан.
Ибаділдə (Ибатай) Садуақасұлы (1925- 1971)
1925 жылы Жезді өзенінің дүниеге келген.
1943 жылы майданға аттанады. Майданда ауыр
жарақаттанып, әскер қатарына жарамсыз деп
танылып, Ленинградты қалпына келтіру жұмысына
қатысады. Елге тек 1946 жылы ғана, 21 жасында
оралады.
409
Əуез Əйтенұлы (1913-1973)
1913 жылы Жезді өзенінің бойында туған. 1942
жылы маусым айында Қарсақпай ӘК-нан майданға
алынып, 241 атқыштар дивизиясында атқыш-пуле-
метчик болды. 1943 жылы желтоқсан айында Ста-
линград түбінде болған соғыста ауыр жараланып,
Самарқанд госпиталіне жіберіледі. 1944 жылы әске-
ри дәрігерлік кеңестің шешімімен әскерге жарамсыз
деп елге қайтарылады. Әйтенұлы Әуез Сталинград
майданындағы ерлігі үшін «За отвагу», «За победу
над Германией» медальдарымен марапатталған.
Қожықұлы Есенбек. (1898-1953)
1898 жылы туған, соғысқа дейін Аралтөбе колхо-
зында (қазіргі Борсеңгір) ауыл шаруашылық ферма-
сында басқарма болған. 1942 жылы Қызыл Армия
қатарына шакырылған. 1944 жылы аяғынан ауыр
жараланып елге оралған.Елге оралған соң, жарака-
тына қарамастан сол бұрыңғы жұмысын жалғастыр-
ған. 1950- шы жылдан кейін жарақаты асқынып, ден-
саулығына байланысты жұмысын тоқтатқан. 1953
жылы 55 жасында кайтыс болған.Теректі станция-
сында 45 разъезде жерленген.
Қылышбеков Ибадат (1914-2006)
Қылышбеков Ибадат 1914 жылы туған. Соғысқа
дейін Аралтөбе (қазіргі Борсеңгір) колхозында тұр-
ған. 1942 жылы жаз айында Қызыл Армия қатары-
на шақырылған. Қылышбеков И. соғысты Берлинде
аяқтап елге аман-есен оралған. Бірнеше орден ме-
дальдармен марапатталған. Соғыстан кейін білімін
жалғастырып, өзінің туған жерінде зейнетке шық-
қанға дейін бала тәрбиелеп, Ұлағатты Ұстаз болған
кісі. Қазақ ССР-нің Құрметті Ұстазы атағын алған.
Қылышбеков Ибадат 2006-шы жылы 92 жасында дү-
ниеден өтті.
410
Ағайдаров Рашит Тоқсейтұлы
(1922-1987) Аралтөбе колхозында туған. Не бары
жиырма жасында соғысқа аттанады. Көптеген
қанды шайқастарға қатысып елге оралған. Соғыстан
кейін Рудник поселкесінде шахталарда, жауапты
қызметтер атқарған. Абыройлы еңбегінің арқасында
осы төңіректе ЗИМ машинасын мінген.
Оразбаев Фазыл Қыстаубайұлы
1909 Аралтөбе колхозында дүниеге келген.
23
жасында елін қорғауға соғысқа аттанады. Соғыста
жаяау әскер, атқыштар полкінде болып, Курск
шайқастарына қатысады. Елге жеңіспен оралып, сол
туған жерінде қажырлы еңбек еткен.
Ағайдаров Нүрсейт (1910-1987)
Жетіқоңыр-Аралтөбе кохозынан соғысқа аттанып,
Западный Фронтта, атқыштар полкінде пулеметші
болған.
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Көптеген медальдар мен ордендермен марапатталған.
Соғыстан жараланып келсе де, сексенінші жылдарға
дейін елі үшін қызмет еткен.
411
Данияров Наушарбан
Соғысқа Аралтөбе колхозынан аттанған. Басы-
нан аяғына дейін соғысқа қатынасып Белоруссияны,
Польшаны азат еткен. Көптеген орден медальдар-
мен, Сталиннің мақтау грамотасымен марапаттал-
ған. Соғысты Берлинде жеңіспен аяқтап, елге келіп
ауыл-шаруашылық саласында қажымай еңбек ат-
қарған.
ЖАНАЕВ Далабай (1925-1977)
1925 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 17 жа-
сында Аралтөбе ауылынан аттанып, Жезқазған қа-
лалық əскери коммисариатынан майданға алынған.
Бірінші Белорусь майданында соғысып, 1943 жыл-
дың соңына қарай аяқтан жарақат алып госпиталь-
ге түседі. Жазылып шығысымен, шоферлік курс
оқып, аяғының ақсақтығын жасырып, коммисиядан
қайта өтеді. 18 жастағы жас жігіт Александр Невс-
кий атындағы 1116 Гаубицалық артилериялық полк
құрамына қайта алынып, шофер болып майданға
кіреді. "Ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін","-
Варшаваны алғаны үшін" медальдарымен марапат-
талған. Брест қамалы арқылы Минск мен Берлин арасында көптеген рейс-
тер жасап, тұтқында болған əйел, бала-шағаларды елдеріне тасып, бүлінген
қалалаларды қайта қалпына келтіруге қатысып, 1947 жылы ғана елге орал-
ған. Аралтөбе колхозында жүк көлігін алғаш тізгіндеген жүргізуші маман
болған. Жетіқоңыр совхозын өркендетуге үлкен үлес қосып, машина-трактор
гаражының меңгерушісі қызметін атқарған. 1977 жылы 52 жасында дүниеден
озды.
412
Дүйсенбеков Жүнісбек (1912-1985 ж.ж.)
Дүйсенбеков Жүнісбек 1912 жылы Қарағанды
обылысы Ленин колхозы қазіргі Сарысу ауылын-
да дүниеге келген. 29 жасында Қарсақпай әскери
комиссариатының шақыртуымен соғысқа аттанды.
Батыс майданның 49-шы дивизиясы 29-шы рота
жауынгері. Ақмола қаласында 2 ай дайындықтан
соң соғыс майданына жіберіледі. 2-ші Украинаның
азат ету шайқасында алдыңғы шепте болып ерлік
көрсеткен. 1943 жылы Курск түбіндегі шайқаста
сол аяғынан ауыр жараланады. Сол жылдың 2 ақпа-
нында I топтағы мүгедек болып, госпитальдан елге
қайтарылды.
Ұлы Отан соғысының 2 рет I-ші дәрежелі (1914, 1922-ші номерлі куәлік)
және Ұлы Отан соғысының II-ші дәрежелі (06.11.1947жыл) ордені, 1941-1945
жылдары Фашистік Германияны Ұлы Отан соғысында жеңген жеңісі үшін
бірнеше мерейтолық орден - медальдарымен марапатталды. Ленин колхо-
зын алғаш Бірлестік колхозы, кейін Сарысу совхозы етіп қайта қалыптастыру
жолында, төраға, совхоз кассирі, т.б. салаларда еңбек етіп өз үлесін қосты.
Ахметов Құтжанбай
1922 жылдың 15 қаңтар күні Қарсақбай ауданы
Аралтөбе ауылында дүниеге келген. 1937 жылғы
қуғын-сүргін заманның салдарынан төрт класстық
қана білім алып, мал шаруашылығындағы әке-ше-
шесіне көмектесуге мәжбүр болған.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кетіп әс-
керге шақырылған. Станция Троицкийде жаңадан
жасақталған рота құрамында болып, содан кейін
атты әскер разведкасына алынған. Батальон коман-
дирінің ат баптаушы көмекшісі болған, кейін №47
атқыштар девизиясы құрамында соғысқан. Бело-
русия жерінде 1944 жылы 11 ноябрьде оң аяғына
оқ тиіп жараланған.
30-шы апрельге дейін №3891
«Эвакогоспитальде» жатқан. 9 май жеңіс күнін елге
келіп қарсы алған. Әртүрлі дәрежедегі ордендермен,
медальдармен наградталған.
Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы ауылшаруа-
шылық саласында әртүрлі қызметтер атқарды.
413
СОДЕРЖАНИЕ
Введение ………………………………………...
Огненные годы ………………………………….
Битва за Москву …………………………………
900 дней блокады ………………………………
Сталинград: 200 дней и ночей ………………..
Женщины на фронте и в тылу
32
Могучая поступь тыла
33
Герои Советского Союза - жезказганцы.
Полные кавалеры ордена Славы ………………………
Мы шли, освобождая города! ………………….
Казахстанцы - партизаны ………………………
Пускай придут иные времена, Ваш подвиг будет
жить не умирая!…………………………………
А ………………………………………………….
Б ………………………………………………….
В ………………………………………………….
Г …………………………………………………
Д …………………………………………………
Е …………………………………………………
Ж ………………………………………………...
З ………………………………………………
И …………………………………………………
К …………………………………………………
Л …………………………………………………
М ……………………………………………
Н ………………………………………………...
О ………………………………………………...
П …………………………………………………
Р …………………………………………………
С …………………………………………………
Т ………………………………………………...
У …………………………………………………
Ф ………………………………………………..
Х …………………………………………………
Ч ………………………………………………...
414
Ш ……………………………………………
Щ ………………………………………………..
Э ……………………………………………
Ю …………………………………………………
Я …………………………………………………
Майдан хаттар ………………………………….
Братская могила п. Самофаловка ……
Братская могила г. Краснослободск …………..
Братская могила п. Мариновка ………………..
Бессмертный полк ………………………………
Елге оралған жауынгерлер ……………………..
415
|