Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 6

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  40  41  42  43  44  45  46  47  48  49  50  ..

 

 

 

Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі

 

 

М А З М Ұ Н Ы

  Кіріспе................................................................................................................3

Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі  және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.

1.    Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8

2.    Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17

   Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты        саралау.

1.   Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30

2.   Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37

3.   Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44

4.   Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54

   Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.

1.     Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62

2.     Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70

 

 Қортынды.............................................................................................................74

Сілтемелер............................................................................................................76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78

 

 

 

                                               Кіріспе

 

        Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.

      Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық

қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.

       Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.

       Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы «Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі» деп аталады. Аталған тақырыптың маңыздылығы біздің пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады. Біздің ойымызша такырыптың тағы бір өзектілігі отандық заң тану ғылымында жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі қылмысты саралау тақырыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген ғылыми еңбектердің бұдан біраз уақыт бұрын жазылғандығының және оларды тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі екендігі. Аталған тақырыпқа біршама толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс тілінде жазылған «Теоретические основы квалификации преступлений» атты еңбегін және аталған автордың «Общая теория квалификации преступлений» деп аталатын еңбектерін біз  өз жұмысымызға пайдаландық. Академик В.Н. Кудрявцевтің жұмысында қылмыс жасалуының нақты оқиғаларына қылмыстық заңның қолданылуының логикалық және құқықтық негіздері зерттеліп қарастырылған.  Атап өтуге тұрарлық келесі зерттеу жұмысы Б. А. Куриновтың  «Научные основы квалификации преступлений» деп аталатын еңбегі.

       Отандық ғалымдардан біз жұмысымызды орындау барысында                         В. Сергиевский мен С. Рахметовтың «Квалификация преступлений» атты еңбегін пайдаландық. Солармен бірге дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларында қылмыстық құқық бойынша А.Н. Ағыбаевтың; Н.И. Ветров пен Ю.И. Ляпуновтың; Н.Н. Смирнованың; Н.А. Беляев пен М.И. Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды. «Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты: Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға беру болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.

        Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер қояды:

1)     Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау

2)     Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып көрсетіп қылмыс құрамының құрылымдық элементтеріне талдау жасау.

3)     Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық  нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың өзіндік ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау.

     Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын үш тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз.

     Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады.

     Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, үш тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы

                1.  Қылмысты саралаудың түсінігі

 

      Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық-құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды.

      Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады./1/ Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады.

      В.Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады./2/ Оның пікірінше «кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары» зерттелуі қажет.

      Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.

      Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде «Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау»./3/

      Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі  барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту»./4/ Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в)қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық норманы көрсету болып табылады. Б.А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау – бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады»./5/

         «Квалификация»- термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын  білдіреді./6/ Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.

        Қылмысты саралу ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.

        Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В.Н. Кудрявцев және Б.А. Куринов бұл жағдайды атап ғана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады.

        Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.

        Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.

        Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады./7/

        Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар).

        Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.

        Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 101 бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы , ал 96 бабтың 2 бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.

        Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.

        Қылмыстық істі қозғау сатысы  қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады./8/ Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін.

       В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі»./9/

         Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс- әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы  болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған М.С. Строгович./10/

        Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі   немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.

         Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»./11/

         Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады»./12/

        «Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.

        Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»./13/

        Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.

        Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.

        Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.

        Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180 бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250 бабының орнына 209 бабын қолдану.

       Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады.

        Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан.                                           

        Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251 бабыда қолданылуы тиіс болатын.

         Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде қандайда болмасын қылмыс құрамының белгісі жоқ адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады. Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке тартылады ол өз кезегінде Қазақстан Республикасның Конститутциясының 77 бабында бекітілген адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай жағдай орын алуы мүмкін . Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162 бабымен жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген.

        Өкінішке орай, көп жағдайда анықтама және алдын-ала тергеу органдарында айта қаларлықтай жиі кездесетін қылмысты дұрыс сараламау оқиғалары белгілі болмай қалады, саралаудағы қателіктерге істі сотта қарауда да жол беріледі. Соның нәтижесінде анықтама және алдын ала тергеу органдарымен қылмыстың дұрыс сараланбауы сотта да қайталанып әділсотты емес үкімдердің шығуына жол беріледі. Кей реттерде қылмысты дұрыс сараламау оқиғаларының  кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту деп атауға болады.

        Қылмысты дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары барлық қылмыстық істер бойынша үкімдерге шағым немесе наразылықтар келтірілмеуіне байланысты жоғарғы сот сатыларында да әрқашан анықтала бермейді. Сондықтан үкімдердің басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі және орындалады.

        Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-де қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілетін, сот үкімі өзгерілетін немесе күшін жоятын нормалар қарастырылған. Олардың қатарына ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459 баптарын жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

       I-2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

    

         Қылмыстық құық теориясында қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап қылмыс құрамы туралы ілім бар. Бұл ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері). Медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық құқылық норма және жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайы қылмысты саралау процессінде біріктірілетін құбылыстардың екі өрісі болып табылады. Аталған біріктіру осы құбылыстар үшін ортақ болып табылатын белгілерді табу жолымен жүзеге асырылады. Саралау барысында қылмыстық-құқылық норма тұтастай және жасалған нақты қылмыстың белгілерінің барлық жиынтығы толығынан пайдаланылмайды. «Жасалған  іс-әрекетті саралау үшін қажетті болып табылатын белгілердің бөлшегі қылмыс құрамы деген ұғыммен қамтылады»./14 /

Қылмыс құрамының атқаратын қызметін дұрыс ұғыну үшін ең алдымен оның белгілі бір қылмыс түрі үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқылық нормамен ара қатынасын айқындап алу қажет болады. Норма-бұл заң бабының мәтінімен әрдайым сәйкес келе бермейтін жүріс-тұрыс ережесі болып табылады. Қылмыстың белгілі бір түрі үшін (мысалы, ұрлық үшін) жауаптылықты қарастыратын қылмыстық-құқылық норма тиісті іс-әрекетті жасауға тиым салуды ғана білдірмейді (норманың диспозициясы) және оны жасағаны үшін қолданылатын санкцияны және оны қолдану үшін шарттарды қарастырады (норманың гипотезасы).

Егер қылмыс құрамын; «қылмыстың қылмыстық заңда бекітілген белгілерін көрсететін қылмыс туралы заңнамалық ұғым-деп санайтын болсақ онда құрам ұғымының көлемі бойынша да, мазмұны бойынша да қылмыстық-құқылық норма ұғымымен салыстырғанда тар көлемде екендігіне көз жеткізуге болады.

       Біріншіден, норманың санкциясы құрам шеңберінің сыртында қалады. Екіншіден, құрам норманың диспозициясымен толық сәйкестікте бола бермейді. Н.Д. Дурмановтың айтуынша «қылмыстық құқықтың нормасы жағымсыз іс-әрекеттерді жасамау туралы нақты бұйрықты білдіреді. Қылмыс құрамы болса қылмыс белгілерін сипаттап жазудан тұрады. Қылмыс құрамы өздігінен бұйыруды білдірмейді./ 15/

      Қылмыс құрамының және қылмыстық-құқылық норманың гипотезасының арақатынасы туралы мәселе онша айқын емес: бұл өз кезегінде қылмыстық құқықтығы гипотезаның рөлі туралы бірегей пікірдің болмауымен түсіндіріледі. Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотеза мен диспозиция бірігіп кетеді деп есептейтін пікірді басшылыққа алатын болсақ онда құрам түсінігі барынша тар ұғым болып шығады. Себебі оның қылмыстық жауаптылықтың кейбір шарттарын қамтымайтындығы айқын. Егерде біз гипотезаны қылмыстық-құқылық норманың дербес бөлшегі ретінде ажырататын болсақ онда гипотезасыз құрам өзінің мазмұны жағынан норманың диспозициясына өте жақын келеді. Қылмыстық-құқылық норманың элементі ретінде құрамға заңшығарушымен тек өзінің жиынтығында берілген түрдегі қылмыстың мәнісін сипаттайтын оның болғандығын, сипатын және жалпы түрдегі оның қоғамдық қауіптілігін білдіретін белгілердің ғана кірістірілетіндігі туралы құқықтық әдебиеттерде бірнеше рет көрсетілгген. /16/

Я. М. Брайнин бұл тұжырымды кеңейте түскен. Ол «қылмыс құрамы рөлін тек іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипатына ғана жатқызу оның маңызын төмендетеді»- деп дұрыс айтқан./17/ Шындығында құрам белгілері іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігін ғана емес тұлғаның кінәсін де сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда құрамды «қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыс және қылмыстық жазалануға жататын ретінде айқындайтын белгілер жиынтығы»-деп бағалайтын анықтама барынша дұрысырақ сияқты./18/

      Әлдеқандай қылмыс құрамын сипаттайтын белгілерге бірдей шамада осы қылмыс туралы түсінікте кіреді. «Ұрлық құрамы» немесе «ұрлық түсінігі» дейтін болсақ өзіміз қолданған сөздердің айырмашылығына қарамастан тиісті қылмысты сипаттайтын қылмыстық-құқылық белгілерді білдіреміз. Ендеше бұл құрам және белгілі бір түрдегі қылмыс түсінігі арасында айырмашылқ болмайды дегенді білдіреме? Жоқ білдірмейді. Қылмыс құрамында белгілер қылмыстың белгілі бір элементтеріне телінген, олар топтастырылған және айта қаларлықтай қатаң кезектілікпен бекітіледі ал қылмыс түсінігі үшін бұл міндетті болып табылмайды. Басқаша айтқанда қылмыстың құрамы және түсінігі олардың ішкі құрылымы бойынша, біртектес белгілердің тәртіпке келтірілу дәрежесі бойынша ажыратылады.

Құрам қылмыс белгілерінің жиынтығы ғана емес, олардың қатаң жүйесі болып табылады. Құрам қылмыс үшін сипатты болып табылатын оны құрайтын элементтердің ішкі байланысын көрсетеді. «Барлық қылмыстардың бірегей ортақ құрылымын табу және осы негізде қылмыстың объектісін, субъектісін, объективтік және субъективтік жақтарын сипаттайтын белгілердің негізгі төрт тобынан әрбір қылмыстың құрамын құрастыру қылмыстық құқық ғылымының үлкен жетістігі болып табылады»./19/ Қылмыс құрамының құрылымдық сипаты саралау үшін қағидалық маңызға ие болады, себебі оның кейбір ортақ принциптерін саралауға мүмкіндік береді.

Қылмыс құрамы тұлғаны берілген қылмысты жасаған деп тану үшін қажетті және жеткілікті болатын белгілердің жүйесі болып табылады. Олардың қажеттілігі мынада: құрамның барлық белгілерінің жиынтығынсыз тұлға қылмыс жасаған деп айыптала алмайды ендеше ол қылмыстық жауаптылыққа да тартыла алмайды. Олар жеткілікті болып табылады себебі тиісті тұлғаға қылмыс жасағандығы туралы айып тағуға негіз болуы үшін әлдеқандай қосымша мәліметтерді анықтаудың қажеттілігі болмайды. Құрамды қылмыстың берілген түрінің қылмыстық заңда бекітілген ақпараттық нұсқасы деп айтуға болады. Бұл нұсқа өз кезегінде берілген түрдегі барлық қылмыстардың белгілерін қортындылау негізінде құралады. Нәтижесінде біз олардың негізгі ерекшеліктерінің үнемді, қысқа және жеткілікті түрдегі айқын сипаттамасына ие боламыз. Ақпараттық нұсқа заңгердің практикалық қызметінде екі жақты рөл атқарады. Біріншіден ол заңгерге заңның талаптары туралы мағұлмат береді. Мысалы, біз ҚР-сы ҚК-нің 175 бабында қарастырылған ұрлық құрамы бұл қылмыстың мынадай белгілерін біріктіреді деп айтамыз. Екінші жағынан бұл нұсқа бізге жасалған нақты іс-әрекеттің өзіндік белгілері туралы ақпарат береді. Бірінші және екінші топтағы ақпараттың біріктірілуі, сәйкестендірілуі қылмысты саралау барысында жүзеге асырылады.

         Құрамның екі жақты ақпараттық қызметіне байланысты терминология туралы мәселе туындайды. Құқықтық әдебиеттерде кей реттерде қылмыстың «заңдық» және «фактілік» құрамдары ұғымы пайдаланылады. А.А. Пионтковский «заңгерлер қылмыс құрамы ұғымын қылмыстық заңнама бойынша белгілі бір қылмысты сипаттайтын белгілердің жиынтығын білгілеу үшін және осы белгілерге сәйкес келетін нақты іс-әрекетті белгілеу үшін қолданады»-деп тұжырымдаған./20/ Алайда В.Н. Кудрявцев бұл пікірге қосылмай, қылмыстық-құқылық нормадағы белгілер жалпылама негізде тұжырымдалып, жеке құбылыс болып табылатын нақты қылмыс белгілерімен салыстырғанда дерексіздіктің (абстракция) жоғарғы деңгейіне жатқызылатындағын атап көрсеткен./21/ Нақты қылмыстың белгілері құқық нормасында бар белгілердің тиісті сыныбына кіретіндігіне байланысты ғана олардың сәйкестігі туралы айтуға болады. Сондықтан дейді В.Н. Кудрявцев қылмыс құрамы түсінігін тек ғана нормативтік ұғымында қолдану керек.

         Қылмыс құрамының жоғарыда атап көрсетілген ерекшеліктері оның құқықтық маңызын айқындайды. Ең алдымен ол құрамның қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға заңды негіз қызметін атқаратындығынан көрінеді. Егер нақты қылмыстың әрбір белгісі құрамның жалпы қортындыланған белгілерінің қатарына кіретін болса және оған дербес нәрсе ретінде нәрселердің тиісті сыныбына қатысты болса біз ол тұлғаның әрекеттерінде қылмыс құрамы бар деп айтамыз. Бір де болса белгінің сәйкес келмеуі қылмыстық жауаптылықтың туындауы үшін негіздің болмауына алып келеді. Аталған жағдайда қылмыстық қуғындау қозғала алмайды, ал қозғалға іс іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс жүргізудің кез келген сатысында қысқартылыуы тиіс. Жауаптылық қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің нақты бабы бойынша туындайды. Нақты осы түсінігінде қылмыс құрамын қылмыстық жауаптылықтың қажетті және бірден-бір негізі ретінде санау қажет, сондықтанда қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңды негізі болып табылады.

       Қылмыс құрамының жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері әр түрлі санаттағы қылмыстарды  ажыратуды да қамтамасыз етеді. Абсолютті түрде бірдей қылмыс құрамының болмайтындағы түсінікті қылмыстардың барлық құрамдары өзара бір белгісімен болсада өзгешелікке ие болады. Құрамдар арасында айырмашылықтардың болмауы аралас құрамды қылмыстарды ажыратуға мүмкіндік бермес еді.

       Қылмыс құрамының ажыратушылық функциясы практикалық жағынан да өте маңызды, себебі әртүрлі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігіне тәуелді түрде жауаптылықты дербестендіруге қылмыстың берілген түрімен күресу үшін заң шығарушы барынша тиімді деп санайтын құқықтық салдарды таңдап алуға мүмкіндік береді.

       Қылмыс құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын белгілер болмайды. Олардың әрқайсысы қылмыстың берілген түрін басқа түрлерінен бөлектейді немесе қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан ия қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден ажыратады.

       Құрамның ажыратушылық функциясын талдай отырып оның белгілерінің басым көпшілігі жоғарыда аталған бірінші қызметті ал кейде бір уақытта екеуінде орындайтынын байқауға болады. Мысалы, «жасырын» (талан-тараж) ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты тонаудан ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған құрамдардың барлық қалған белгілері ұқсас болады бірақ ұрлық пен тонауды қылмыстардың өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік береді. «Талан-тараж» түсінігі ұрлық пен тонауды меншікке қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінен (мысалы, мүлікті құрту) айырып ғана қоймайды және оларды азаматтық деликтерден де ажыратады.

       Қазіргі уақытта қылмыс құрамы ұғымының мазмұнына кірістірілетін белгілер жинағында бір қылмысты өзгесінен ажырату рөлін атқармайтын тек бір белгі бар сияқты. Бұл-заңи көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар үшін бірдей болып табылатын есі дұрыстық./22/

       Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотезаны барлық қылмыстар үшін бірдей олардың жасалуының шарттарының жиынтығы ретінде бөліп қарасақ онда есі дұрыстықты гипотезаға жатқызуға болады. Есі дұрыстықтың қылмыс субъектісінің белгісі ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс-тұрысына психикалық қатынасының нысандарымен тығыз байланысты болуы ондай ғылыми көзқарасқа кедергі келтіреді. Одан басқа есі дұрыстық қылмысты қылмыстық жауаптылықты туындатпайтын қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті ескертпелер жасай отырып құрам белгісі ретінде қарастыратын боламыз.

       Құрамның дерексіздігі, оның жалпыламалық мәнісі белгілі бір жағымсыздыққа ие болады. Ол заңның тек белгілі бір белгілердің жиынтығының барысында ғана қылмыстық жауапкершілікті қарастыратындығынан және көптеген мән-жайларды есепке алмайтындығынан көрініс табады. Кез-келген құқықтың әртүрлі адамдарға бірдей көлемді қолдану болып табылатындығы белгілі.

       Алайда құрамның дерексіздігі және жоғарыда атап өтілген заң нормасының формализмі шешуді талап ететін жағымсыз жақтарға ғана ие емес аталған кемшіліктердің орнын толтырарлықтай жағымды қасиеттерге де ие болады.

       Олар неден көрініс табады? Бірінші кезекте заңмен азаматтардың барлығына қойылатын талаптардың бірлігі мен айқындығы. Олардың барлығы ұлттық, әлеуметтік, діни және басқа да айырмашылықтарына қарамастан заң алдында тең. Ол қылмыстық заңнаманың және құқықтың өзге салаларының барлық тұлғаларға бірдей талаптар қоюынан көрініс табады. Ұрлық құрамы оны кімнің жасағанына қарамай барлығы үшін бірдей және бұл алдын алу мен тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болады.

       Қылмыстық-құқылық норманы дұрыс құрастыру құрам дерексіздігінің жағымсыз жақтарын жоюдың негізгі шарты болып табылады. Норма заңшығарушы қарастыруға және тиым салуға тырысатын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді ғана барынша дәлдік және толықтықпен көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде заңшығарушыдан өте жоғарғы деңгейдегі заң техникасын меңгеруді талап ететіндігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда біздің әліде болса кемшін соғып жатқан тұстарымыздың басым екендігі жасырын емес

       Алайда заңның барынша жетілдірілген мәтінінің барысында да норманың абстрактивті талабы мен өмірдегі ситуациялардың нақты ерекшеліктерінің арасында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда бұлар қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын ерекше мән-жайларды қарастыратын ҚК-тің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормалары арқылы шешіледі. Қылмыс құрамы белгілі бір құрылымға ие болғандықтан оған оны құрайтын белгілер арасындағы байланыстардың түрін, сипатын білдіретін белгілі бір конструкция тиісті болады. Құрамның белгілері әртүрлі болғандықтан және өзара комбинациялардан тұрады бұл өз кезегінде қылмыс құрамдарының әралуандығына алып келеді.

       Көптеген жағдайларда құрамдардың бірнеше белгілері бір негізде топтастырылады, басқаша айтқанда қылмыс құрамының жекелеген бөліктерін құрастырудың типтік үлгілері бар. Мысалы, ұрлықтың және тонаудың тиісінше адам өлтірудің және денсаулыққа жеңіл зардап келтірудің құрамдары бірдей конструкцияға ие.

       Екінші жағынан көптеген құрамдар өзара конструкциясы бойынша айырмашылыққа ие болады. Мысалы жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103б.) адам өлтіру құрамынан тек объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады.

      Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар құрлысындағы айырмашылықтар жекелеген белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың белгілі бір элементтерін сипаттайтын белгілердің тобымен анықталатындығы. Суреттей айтқанда егер қылмыс құрамы ірі типтік блоктарда тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Я.М. Брайниннің пікірінше «Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы құрайды». /23/

      В.Н. Кудрявцевтің ойынша: мәнісі бойынша дұрыс болып табылатын бұл пікір термонологиялық жағынан тиянақтауды қажет етеді. Ол жаңылысу болмау үшін «элемент» терминімен қылмыстың тек төрт бөлігін білдіруді ұсынады, ал құрам мазмұнына қатысты «белгі» немесе «белгілер тобы» сөзін пайдалануды ұсынады. Аталған көзқарас тұрғысынан құрам қылмыстың тиісті төрт элементін сипаттайтын белгілердің төрт тобына ие болады және бұл оның құрылымдық негізі болып табылады.

       Алайда тек аталғандармен шектелу жеткіліксіз болады. Құрамның конструкциясын оның белгілерінің барынша ұсақ топтары да құрайды. Осындай топтар барлық немесе көптеген қылмыстарға тән болатын құрамдардың жекелеген белгілерінің қортындыланған сипаттамасы болып табылады. Бұлар мазмұндық белгілердің өзі емес олардың санаттары немесе сыныптары болып табылады. Мысалы, қылмыстың объективтік жағына әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды салдар және т.б. кірістіріледі «Әрекет» (немесе «әрекетсіздік») жүріс-тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін санат болып табылады. Субъектіні сипаттайтын белгілердің кейбір санаттары туралы біз осыған дейінде айтқан болатынбыз (ақыл-асі дұрыстық, жас мөлшері)

       Жоғарыда аталған белгілер санатының болуы құрамды толық сипаттама жасауға жеткіліксіз болады, себебі санаттар белгілердің тектік тиістілігін көрсетеді және қажетті нақтылыққа ие бола алмайды: әлдеқандай құрамды суреттеу үшін оған не кіретінін көсетіп ғана қоймай осы қортындыланған белгінің мазмұнында ашу қажет болады, яғни әңгіме мүлікті жасырын талан-таражға салу немесе эпидемиялармен күресу ережелерін бұзу туралы жөнінде болып отырғанын анықтау керек. Ендеше құрамға кіретін белгілердің санаттарын атап шығу оның мазмұнын ашпайды бірақ, оның конструкциясына сілтеме жасайды. Сонымен бірге құрам белгілерінің әлдеқандай ресми сыныптамасының жоқ екендігін және аталған мәселе бойынша ғалымдар пікірінің толық бірдей емес екендігін естен шығармаған дұрыс.

       Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыс құрамы мен оның атқаратын қызметі және оның қылмысты саралаудағы маңызы туралы пікірталастарды осымен қоя тұрып, қазіргі кездегі оқулықтардағы бекітілген көзқарастарды талдап көрейік.     

       Қазақстан Республикасының 1997 жылғы ҚК-ін дұрыс қолдану аталған ілімсіз мүмкін болмайды. Мысалы құқық қорғау органдарына белгілі бір тұлғаның бұзақылық іс-әрекеттерді жасағаны туралы хабар келіп түсті. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға жататын ұсақ бұзақылық па немесе қылмыстық жауаптылықты туындататын бұзақылық іс-әрекеттер болып табылама дұрыс шешу үшін Қ.Р. ҚК-нің 257 бабында қарастырылған (бұзақылық) қылмыс құрамының белгілерін білу қажет. Одан кейін жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары мен сипатын, кінәліні сипаттайтын белгілерді анықтап оларды бұзақылық құрамымен салыстыру қажет. Егер жасалған іс-әрекетте қылмыстық тәртіппен жауапқа тартылатын бұзақылықтың белгілері бар болса, кінәлі адам ҚК-тің 15 бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толса онда бұл жағдайда ҚК-тің 257 бабында қарастырылған қылмыстың жасалғандағы туралы қортынды жасауға болады.

       Ендеше қылмыс құрамы туралы ілімсіз қылмыстық заңды дұрыс қолдану негізінен алғанда  мүмкін болмайды. Қылмыс құрамы туралы ілімнің маңыздылығы мен мәнділігі осында.

       Жасалған іс-әрекетті саралау негізделетін және ескерілетін қылмыс құрамы туралы мәселені қозғаудан бұрын құрам ұғымына не кіретіні және оның бөлшектеріне ненің жатқызылатынын дұрыс анықтап алу керек. Құқықтың әдебиетте тиісті терминология қолданылды. Бірақ кей кездерде «элемент», «белгі», «тарап», «жүйе бөлшегі», «жүйе» терминдері бір мәнде, бір мағынада білдіреді, қылмыс құрамы және қылмыс деген аталымдар біріктіріліп жіберіледі.

         Жалпы алғанда ғылыми терминология мәселесі оңай емес және ойлап табылған емес қылмысты саралауға тікелей қатысты болып табылады. Дегенмен біз осы мәселе төңірегіндегі ғылыми пікірталастарды өз жұмысымыздың мазмұнына кірістіруді қажет деп таппадық.

        Енді қылмыс құрамы оның қылмыстық әділ соттылықты жүзеге асырудағы, қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы туралы, құқықтық әдебиеттерде қылмыс құрамына көптеген анықтамалар берілген. Олардың көпшілігі бойынша қылмыс құрамы дегеніміз іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік ерекшеліктерге ие заңи белгілерінің жиынтығы болып табылады. Адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болуы қылмыстық жауап кершілікке тартудың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында қылмыстың атауы немесе қылмыс белгілері сипатталады. Құрылымдық техникасы және қылмыс белгілерін сипаттау әдісі бойынша диспозицияларды жай, сипаттамалы бланкеттік және сілтемелі қылып бөлеміз.

        Мысалы заңшығарушы жалпылай белгілі терминмен қылмыстық іс-әрекетті атап, оның белгілерін ашып көрсетпеген жай диспозицияда немесе қылмыс құрамының барлық белгілері айқындалмаған және оларды анықтау үшін өзге нормативтік актіге жүгінуді қажет ететін бланкеттік диспозицияларда іс-әрекеттерді қалай саралау қажет? Сонымен қатар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде қылмыстың объектісі мен субъектісі оның субъективтік жақтары  көрсетілмеген баптар бар. Әдетте қылмыстық құқықтық норманың дспозициясында қылмыс құрамының тек объективтік жағының белгілері ғана көрсетіледі және олда толық күйінде емес. Мысалы ҚК-тің 96 бабында іс-әрекетті оның нәтижесімен байланыстыратын себепті байланыс туралы аталмаған. Осыдан шығатын қортынды қылмыс құрамы терең мазмұнға ие және заң диспозициясы мәтінінен айыптарлықтай кең, көлемдірек болады. Сондықтан іс-әрекетті саралау барысында ҚК-тің жалпы бөлімінің нормаларына оларды құзіретті органдардың түсіндірулеріне жүгіну қажет болады.

        Қылмыс құрамын қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясын яғни ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарын қарастыру барысында заң шығарушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті сипаттайтын белгілердің ішінен барынша маңыздыларын ғана іріктеп алады. Өзінің жиынтығында олар жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіреді.

        Қылмыс құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы жалпы сипатта болады. Онда іс-әрекет сипатталып жазылмайды, анықталған қол сұғушылықтың жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды. Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-әрекетке сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан түсінікпен сәйкеспейтін белгілі бір жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай қалыптасады яғни қылмыс құрамы әрқашан нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама қортындылаудың нәтижесі болып табылады. Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде, нақты құрамдардың барлық белгілерін негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Барлық нақты қылмыстарға тиісті белгілер жалпы белгілер болып табылады. Осыған сәйкес әрбір құрамда нақты объект, іс-әрекет, кінә, есі дұрыстық және қылмыс субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа толуы анықталуы тиіс. Қосымша белгілер заң шығарушымен жеке қылмысты немесе қылмыс топтарын сипаттау барысында қолданылады.

       Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективті жағы бойынша жүргізу қабылданған. Сондықтан жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың анықталуы бойынша, заңның тиісті нормасымен салыстыру және талдау үшін тиісінше топтастырылады.

       Тергеу және сот органдарының қылмысты саралаудағы қызметінің мәні мынада: жасалған іс-әрекет белгілері мен ҚК-тің Ерекше белгілерінде қарастырылған қылмыс белгілерін салыстыру және сәйкестігін табу сол арқылы жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықлық баға беру. Сонымен қылмысты саралау басқаларымен салыстырғанда тұрақты түрде әрекет ететін, дербес қылмыстық құқық институты ретінде негізінен қылмыс құрамы туралы теоретикалық ілімдерге сонымен қатар дәлелдеу теориясының жалпы негіздеріне негізделді. Дәлелдеу фактілерін, қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттемейінше жасалған іс-әрекетін саралауды оның жасалуының мәністерін есепке алу және талдау арқылы ҚК-тің ауырырақ немесе жеңілдеу жауапкершілік көзделген бабына ауыстыруы мүмкін. Сотта жағдай өзгеше: 1) сотталушыға тағылған айыпты тани отырып, сот алайда қылмысты саралауды ҚК-тің жеңілдеу жауапкершілік көздеген бабына өзгерту қажет деп санауы мүмкін, ондай реттерде сот қылмысты саралауды ҚК-тің бір бабынан өзгесіне ауыстырудың қажеттілігін үкімде көрсетуі тиіс. 2) егер сот әрекетті саралауды ауырырақ жауапкершілік қарастырылған бапқа ауыстыру турасында айтатын болса істі КІЖК-нің 303 бабына сай қайта тергеуге жіберуге міндетті. Жалпы айтқанда соттың сотталушыға тағылған айыпты жеңілдетуі мүмкін, алайда бұрын тағылмаған жаңа айыппен толықтырып басқамен ауыстыруға құқығы жоқ.

        Бұл өз кезегінде анықтама және алдын ала тергеу органдарын қылмысты саралауды барынша мұқият, сауатты, кәсіби деңгейде жүргізуге міндеттейді, олай болмаған жағдайда жіберілген қателіктер анықтама немесе алдын ала тергеу жұмыстарына белгілі процессуалист М.С. Строговичтің айтуынша: «қылмыс құрамы... қылмыстық құқық нормаларымен берілген қылмыс түрін қарастыратын ҚК-тің тиісті бабымен анықталады. Қылмыс құрамын жеке жағдайда, әрбір іс бойынша анықтау қылмыстық іс жүргізу кодексінің дәлірек айтқанда КІЖК-нің тиісті тергеу және сот әрекеттерін қарастыратын баптарымен анықталатын іс жолымен жасақталады. (айыпталушыдан және куәлерден жауап алу, басқа да дәлелдемелерді жинау)». Осы айтылғанмен келісу қажет себебі қылмыстық құқықпен қылмыстық процестің өзара байланысы – бұл екі философиялық ұғым «форманың» және «мазмұнның» диалектикалық байланысы. Сондықтан аталған материалдық және процессуалдық құқық салаларын кейде юриспруденцияда «материалдық және процессуалдық қылмыстық құқық» деп те айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау

ІІ-1 Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі

        Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады.

        Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.

        Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.

       Біз жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.

   А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.

    Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.

        Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.

        Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.

        Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша «Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес». Бұл аксиома – дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.

        Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)

        Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.

        Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.

       Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған «қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (...құқық тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас – И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)»./24/

       Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.

       Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.

       Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.

      Қылмысты саралау барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге тура келмейді.

       Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.

        Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342 бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.

       Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда қылмыс субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.

      Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.

       Көп жағдайларда әледе қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.

       Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу – негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында – меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы – қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік – мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.

       Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы айырмашылық мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.

       Қол сұғушылықтың факультативтік объектісі жасалған іс-әрекетті саралауға ықпал етпейді бірақ оның қауіптілігін арттырады және осы қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкция-шегінде жаза тағайындау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынады. Объектінің берілген түрі келтірілген залалдың орнын толтыру туралы мәселені қарағанда да ескеріледі.

      Кей кездерде қылмыстың объектісін дұрыс анықтау үшін қылмыстық заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік құраладар ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны жөнінде сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқама? Бірінші жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің көрсетілген баптарындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен ең алдымен қылмыстың заты бойынша ажыратылады.

       Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің көпшілігі қылмыстың затын құрамның факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі кейбір қылмыс түрлерін жасау барысында қылмыстың заты қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің 258 бабы бойынша тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады. Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту мәселесін шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға ие болмайды. Кейбір қылмыс құрамдарында қылмыстың заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты құрметтеу, қашқындық т.б.

       Қылмыстың заты объектіге не қылмыс құрамының басқа да элементеріне жатқызылмайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.

       Кінәлі тұлға оған әсер ете отырып жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық қатынастардың субъектісінің қызметіне залал келтіретін материалдық дүниенің нәрселерінен құралатын қылмыстын заты қылмысты саралауға ықпал ете алады және қылмыстық жазаны тағайындау барысында есепке алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-2. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау

 

        Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады.

       Адамның әрбір әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық-еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет.

       Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс- тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.

       Жалпылама түсінігінде қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудан көрінетін адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады.

       Қылмыстың объективтік жағы негізінен төмендегідей белгілерден тұрады. 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 2) қоғамдық қауіпті салдар; 3) іс-әрекет және салдар арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары.

      Біздің ойымызша аталған ұстаным дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын саралау осыған негізделуі тиіс.

      Алайда құқықтық әдебиеттерде қылмыстың объективтік жағының белгілеріне қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың «дербес элементтері» ретінде қарастыруды танымайды себебі олар қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды. П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана жатқызады.

       Бұдан байқайтынымыз қылмыстың объективтік жағының мазмұны даулы мәселе әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. Б.А. Криков «Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық іс-әрекеттің «өзегі». Ең алдымен қылмыстың сыртқы жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді».

       Іс-әрекетті қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау қылмыстық жазалауға жататын әрекет немесе әрекетсіздік фактісін және оның салдарын анықтаудан басталуы тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар. Мысалы ҚК-тің Ерекше бөліміндегі 103 бап: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру – деп сипатталған.

       Қылмыстық заңда қылмыс құрамы белгілерін сипаттап жазудың заңи-техникалық әдістері қылмысты іс-әрекетті саралау үшін үлкен маңызға ие болады. Егер заң бабының диспозициясында субъектінің әрекеті сипатталып жазылып, олардың толық тізімі бекітілген болса соттың кеңейтілген түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ. Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары, өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде көрсетілгендерден туындайды. 1) заңның немесе өзге нормативтік актінің тікелей міндеттеуінен 2) қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен 3) азаматтың бұрынғы қызметінен  туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы қаупін туындатуы.

       Қылмыс ретінде бағаланатын әрекетсіздік барысында тергеу органдары мен сот кінәлі тұлғаның белсенді әрекеттерді жүзеге асыруы арқылы залалдың алдын алуға нақты мүмкіндігі болғандығын дәлелді түрде анықтауға міндетті. Егер тұлғаның ондай мүмкіндігі болмаса әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылық туындамауы тиіс. Қылмыстық салдар түсінігі тұрғысында мәселе күрделілек болып табылады. Олардың мәнісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғудың нәтижесі – залалда. Залал немесе зиян әртүрлі болуы мүмкін материалдық, психологиялық, саяси, әлеуметтік,  ұйымдастырушылық және тағы басқалай.

        Залалдың сипаты мен мөлшері ҚК-те анықталған. Заңшығарушы топтық және тікелей объектінің маңыздылығы мен құндылығын басшылыққа алады. Құқыққа қарсы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оның болған немесе нақты болуы мүмкін нәтижесі осыған негізделіп, айқындалады. Мысалы мемлекетке қарсы қылмыстар саяси және экономикалық залалдар келтірсе, жеке адамға қарсы қылмыстар – тәндік және психикалық зияндар келтіреді.

        Құрлысы жағынан қылмыс құралдары жай және күрделі болып бөлінетіндігі белгілі. Күрделі құрамдарда бір емес, екі немесе оданда көп қылмыстық салдар болуы мүмкін. Мысалы бұзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп болып табылады және бұл түсінікке меншік нысандарына қол сұғылмаушылық, қоғамдағы жүріс-тұрыс тәртібін сақтамау да кіреді.

       Жалпы алғанда материалдық және тәнге келтірілген зиянды барынша жеткілікті түрде шамалауға немесе өлшеуге болады. Оларды есептеу барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады. Белгілі бір нәрсенің құны, саны, сапасы, зиян мөлшері, талан-тараж мөлшері, денсаулыққа келген залалдың және еңбек қаблеттігінің жоғалту дәрежесі.

        Саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық психикалық, әлеуметтік мәнісіндегі моральдық зияндар көзге көрінбейтін сипатта болғандықтан оларды өлшеу белгілі бір қиындықтарды туғызады. Осы орайда уақыт, қол сұғу объектісіндегі зиянды өзгерістердің ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы, қылмыс объектісінің құндылығымен айқындалатын келтірілген зиянның орнының толтырылмайтындығы, іс-әрекеттің жасалған орны және уақытына сәйкес объектінің залалсыз қызмет атқаруының өзектілігі және басқа өлшем бірліктерін басшылыққа аламыз.

        Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық салдарды негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Олардың алғашқысы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын құрам белгілерінің жиынтығына кіреді. Ал екіншісі яғни қосымша салдар белгілі бір жағдайда әртүрлі пікірлерді қалыптастырып отыр.

         Қылмыстық нәтиже ретінде қылмыстық заңда қарастырылған, тұлғаның әрекетімен немесе әрекетсіздігінің ықпалымен жүзеге асырылатын және қылмыс құрамының объективтік белгілеріне жатқызылатын қоршаған әлемдегі өзгерісті түсінуіміз керек. Аталған қылмыстық салдар қылмыстық заңмен қорғалатын әлде қандай объектілерге тікелей немесе жанама залал келтіреді немесе залал келтіру қаупін туғызады. Я.М. Брайнин «қылмыстың салдары» және «қылмыстық нәтиже» түсініктерінің арасына айырым қою қажеттілігі жөнінде айтқан. Ол қылмыстың салдарына қылмыстық әрекет ықпал еткен сыртқы әлемдегі барлық өзгерістерді жатқызады. Мысалы, адам өлтірудегі – жәбірленушінің өлуі және туыстарының қайғыруы : қылмыс құрамының болуы үшін маңызы бар сол салдар қылмыстық нәтиже болады, оларсыз қылмыс аяқталған болып есептеліне алмайды және нәтиже берілген қылмыстың құрамын анықтай алатындай.

       Қылмыстық құқықтығы себепті байланыс өзінің негізін анықтайтын басымдығымен құбылыстар мен олардың заңи маңыздылығының арасындағы себеп салдарлық қатынастарды ашу мен түсіндіруден көрінеді. Қылмысты объективтік жағы бойынша саралауда осындай байланысты анықтау міндетті қажеттілік. Қылмытың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде танылатын іс-әрекетпен нәтиженің арасындағы себепті байланыс нақты және өзінің сипаты бойынша кінәлі болуы тиіс.

        Қылмыстық құықтағы себепті байланысты ғылыми – практикалық салыстырмалы түрде үнемі зеттеу төмендегілерді қуаттайды:

1.     Субъектінің қылмыстық-құқықлық белгілерге ие болатын нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі себептілік арқауының бірінші түйіні.

2.     Әрекет (әрекетсіздік)уақыты бойынша нәтижеден озық болуы тиіс.

3.     Іс-әрекет залалдық туындауының қаупін туғызатындай құқыққа қайшы немесе адамгершілікке жат болуы тиіс.

4.     Іс-әрекет залалдың болуының қажетті шартының ролін атқарады.

5.     Іс-әрекет саладрдың тек қана қажетті шарты ретінде танылмай себебі болуы тиіс және жалпылама емес, қылмыстың жасалуының нақты мән-жайында

6.     Іс-әрекетпен салдардың арасындағы әрқашан объективті болып табылатын себепті байланыстың және олардың арасындағы қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінәлі байланыстың араласуына жол бермеу керек.

Ең алдымен объективті себепті байланысты, ал содан кейін субъектінің оның көре білуін анықтау қажет. Пайда болған қылмыстық салдардың заңдылығы мен кездейсоқтылығы істің мән-жайын олардың жиынтығында бағалау негізінде шешілуі тиісті практикалық мәселе болып табылады. Е. деген азамат кәмелетке тломаған Г-нің өзінің атын қуып жүргенін көріп оны ұстап алып ұрған Г. Е-нің қолынан жұлқынып шығып қашып бара жатқанда шарбақтан секіріп аяғын сындырып алған кейіннен ауруханада қанға инфекция түсуінен қайтыс болған. Берілген жағдайда Е-нің әрекеттері болған салдардың себебі болып табылама?

       Әрине олардың қылмыстық нәтижеге дейін жасалғанды￿ы дау туғызбайд￿￿ Олардың яғни қылмыстық салдардың пайда болуына қажетті шарттар болғаны да түсінікті себебі егер Е. Г-ні ұрып қорқытпаса ол аяғын сындармас еді ендеше, қоғамға қауіпті салдарда туындамас еді. Алайда жәбірленушінің өлімі аяқтың сынуы нәтижесінде пайда болған жарақатқа инфекция түсуінен болған. Алайда аталған салдар Е-нің әрекеттері үшін объективті түрде кездейсоқ болып табылады. Сондықтан ол олар үшін жауапты болып табылмайды.

        Қылмыстық құқық теориясында зиянды салдар қажетті белгі болып табылмайтын құрамдар формальдық құрам дап аталады. Жасалған іс-әрекетті саралау барысында тек әрекет (әрекетсіздік) ғана анықталады, ал қылмыстық нәтиже және себепті байланыс құрам шеңберінен тыс қалады және саралауды талап етпейді.

        Белгілі бір қылмыстық салдардың нақты пайда болуын немесе пайда болу мүмкіндігі қарастырылған құрам материалдық құрам деп аталды.

        Қылмыстық құқық саласындағы мамандардың көпшілігі қылмыстарды формалдық және материалдық қылып бөлу ұстанымын қуаттайды және маңызды прақтикалық мәніске ие деп санайды. Сонымен қатар осы мәселе төңірегенде бірталай пікірталастардың да бар екенін айта кету керек. Алайда ондай теоретикалық мәністегі пікірталастарды талдауды біз өзіміздің жұмысымызға мақсат етіп қоймадық.

       Жалпы айтқанда қылмыстық-құқық норманы бірінші кезекте ҚК-тің Ерекше бөлімін жетілдіру қоғамды қылмыстан табанды және ықпалды қорғау бағытында жүргізілуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау

 

       Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.

       Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде «заңның жекелеген ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді»./ 25/

       В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты сарлау бойынша жазылған монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелерін, оның себептерін және қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді атап көрсеткен.

       Егер қылмыс субъектісін құқықтық ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің жеке басы криминологиялық ұғым болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі дұрыстың қылмыстық заңмен бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік – демографиялық, біліми-мәдени, функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді қамтиды.

       Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын, химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі жас мөлшері және  ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.

        А.Н. Трайнин  бұл белгілерді қылмыс құрамынан тасқары тұрған қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек. Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады./ 26/

       Қылмыс субъектілерінің белгілеріне (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н. Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және қылмыс рецидивін жатқызды.

       Қылмысты жасаған кезде қылмыстық жауапқа тартылатын жас ретінде 16 жасқа толу деп саналады. Алайда біз бұны жалпы ереже деп есептеп одан кейде өзгешеліктер болатындығын естен шығармауымыз керек. Қылмыстық Кодекстің 15-бабының екінші тармағында төменде көрсетілген қылмыс түрлері үшін қылмыстық жауап кершілік 14 жастан басталатындығы көрсетілген. Ол адам өлтіру (96), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103), ауырлататын мән жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-бөлімі), зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам ұрлануы (125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу (181), авто көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV), мүлікті қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды кепілге алу (234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-жарақ, оқ –дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу (255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258), есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206), қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау (275), көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299). Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс. Сонымен қатар адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның  қортындысымен сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін. Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы бандитизм (237)бап, оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер бандитизм емес ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру  бойынша ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп есептеу үшін оның жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды деп есептеу оның туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан Егер жасөспірімнің жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз болса оны туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады. Егер жасты сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас мөлшерімен анықтау қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады.

       Егер жасөспірімнің психикалық дамуы жөнінен артта қалуы байқалатындай болса оның психикалық дамуының деңгейін анықтау қажет, яғни ол өз әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол үшін қажетті жағдайларда балалар психологиясы саласындағы (педагог, психолог) мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген мәселелер сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға жаза тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы үлкендердің оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік жеңілдететін мән-жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын мәністермен жинағында есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны жазадан босатуы мүмкін, егер кәмелетке толмаған адамды түзету  мәжбірлеуші тәрбиелеу шараларын қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті ересек адамның айдап салуымен  жасаса, онда ол жанама орындаушылық болып есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындашы және кәмілетке толмағандарды қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.

        Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі дұрыс еместік дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында, психикалық ауру жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін анықтау барысында заң екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңи (психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі дұрыс емес тануға мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға сәйкес төрт түрлі ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2) психикасының уақытша бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру жағдайы.

       Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1) интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.

       Егер тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады. Интеллектуалдық белгінің басты негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін түсінуге қаблетсіз болуы.

       Заңдылық критеридің екінші белгісі жоғарыда атап өткеніміздей  еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік қызметі де бұзылып ол өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайды. Жүйке аурулары адамның психикалық қызметінің барлық саласын немесе оның кейбір жеке жақтарын кеселге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайда  тұлғаны өзінің жеткілікті түрде сақтай отырып, өзінің әрекетінің нақты жағын және оның әлеуметтік маңызын дұрыс түсінуі мүмкін, алайда психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекеттеріне басқару жасай алмайды. Оларды кейде импулсивтік құмарлық деп атайды. Мысалы клептомания, пиромания.

       Тұлғаның есі дұрыс еместігі оның қылмыстық заңда қарастырылған нақты қоғамдық қауіпті жасау оқиғасында және оның осы іс-әрекетті жасаған сәтіне байланысты ғана анықталады. Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану туралы түпкілікті шешімді сот, соттық-психикалық сараптаманың негізінде қабылдайды. Егер анықтама тергеу немесе сот тұлғаның психикалық толық қандылығана күмәнді болса соттық-психиатриялық сараптама тағайындауға міндетті. Сонымен есі дұрыс емес деп танылған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. «Қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінен іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс». Бұл ретте әңгіме қылмыс жасаған есі дұрыс, бірақ психикалық аномалияға ұшыраған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде болып отыр. Осындай тұлғалар шектеулі есі дұрыстық жағдайында қылмыс жасағандар ретінде танылады. Бұл жағдайда тұлғаның өзінің әрекетінің сипатын және қоғамдық қауіптілігін түсіну қаблетінің шектелуі және оларға басшылық жасай алмауы, есі дұрыс еместік болып табылмайтын психикалық бұзылудан туындайды. Тергеу органдары және сот психикалық бұзылудың дәрежесін және оның тұлғаның қылмыс жасауына тигізген ықпалын анықтауы тиіс, олар өз кезегінде соттық – писхиатриялық сараптың қортындысымен және алдын ала тергеу, сот тергеуі материалдарымен анықталады. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға негіз болады.

        Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқада есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайда көптеген қылмыстардың әсіресе бұзақылық, жеке адмға қарсы күш қолданумен жасалатын, автокөлік қатысты қылмыстар мас күйінде жасалатындығы белгілі болып отыр. Алайда заңда бекітілген ережені, мас күйінде қылмыс жасаған адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.

      Қортындылай айтқанда қылмыс субъектілерін біз жалпы және арнайы қылып бөлеміз. Жалпы субъектінің белгілері жеке тұлға, есі дұрыстық қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу, арнаулы субъектінің белгілеріне Қаз-Республикасы қылмыстық кодекісінің ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы т.б. жатады. Азаматтық қандай жағдайда қылмыс субъектісінің белгісі болуы мүмкін. Мысалы ҚК-тің 165-бабында: Мемлекеттік опасыздық яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден, Қазақстан Республикасының азаматы Қ.Р-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет-деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сатқындықтың субъектісі болып 16 жасқа толған тек Қазақстан Республикасының азаматы табылады.

        Сонымен қатар ҚК-тің 166 бабына назар аударсақ онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шет елдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау егер осы әрекеттерді шет елдік азамат немесе азаматтығы  жоқ адам жасаса – деп көрсетілген. Яғни шпиондық субъектісі болып 16 жасқа толған шет елдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға толады. Адамның жынысы төмендегідей қылмыс түрлерінде қылмыс субъектісінің белгісі болады. Мысалы 120 бабта зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудың субъектісі болып 14 жасқа толған ер адам табылады. Алайда әйел адам бірігіп орындаушы болуы мүмкін. Қандай жағдайда (үйге алдап алып келу, күш қолдану, психикалық әсер ету) кәсібі, лауазымдық жағдайы. 118бап: Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойыншы көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса деп көрсетілген. Яғни қылмыс субъектісі 16 жасқа толған заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша медициналық жәрдем көрсетуге міндетті адамдар табылады, оларға дәрігерлер, хирургтар, медсестралар т.б. жатады.

        Қысқаша айтқанда қылмыс субъектісінің жалпы белгілерімен қатар берілген қылмыс құрамы үшін міндетті болып табылатын қосымша белгілерге ие жеке тұлға қылмыстың арнайы субъектісі болып таылады. Бұндай жағдайда әдетте лауазымды тұлға, әскери қызметкер, белгілі бір кәсіппен немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысатын тұлғалар жөнінде айтылады.

        Қылмыстың арнайы субъектісі туралы мәселенің тарихында оны анықтау мен оның белгілерін бекіту тұрғысында әртүрлі пікірлер айтылған. Алайда бұл мәселе түпкілктік шешімін таппаған.

        Әрекет етуші құқықтың барлық салалары немесе тек қылмыстық құықық үшін лауазымды тұлғаның ұғымы туралы пікірталас Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін күшіне енгізгенге дейін жалғасты.

        Қылмыстық Кодексте лауазымды тұлға және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға түсініктеріне анықтама бере отырып Қазақстан заңшығаушылары өте дұрыс жасаған.

       «Лауазымды тұлға» түсінігі ҚК-тің 307 бабының І бөлімінің ескртуінде былай бекітілген: тұрақты уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиқасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады. Сонымен қатар аталған баптың екінші бөлімінің ескертуінде: Мемлекеттің функцияларын және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Ресубликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметті атқаратын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметін атқаратын адамдар деп түсініледі.

        Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде негізінен арнайы субъектісі бар қылмыс құрамдарынан тұратын екі тарау бөлініп берілген , олар лауазымдық және әскери қылмыстар туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының диспозицияларында тікелей көрсетіледі немесе оның мазмұнынан арнайы субъектінің белгілері логикалық түрде анықталады. Олар берілген құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі үшін факультативті болып табылады.

       Қылмыстың арнайы субъектісінің белгілерін тиісті түрлік топтарға бөлуге яғни оларды сыныптауға болады. Н.Ф. Кузнецова бұл белгілерді үш топқа бөледі: 1) субъектінің арнайы ролін және құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы кәсібі, қызмет түрі, атқаратын жұмысының сипаты, әскери қызметке қатыстылығы, сот порцессіне қатысуы, сотталуы немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2) субъектінің жеке басының ерекшеліктері (жас мөлшері, жынысы, денсаулық жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен арақатынасы (жәбірленуші және басқа тұлғалар мен туыстық, қызметтік және басқалай ара қатынастары)

         Кәсіби қылмыстылықтың төл тумасы болып табылатын қылмыстың рецидивімен күрес практикасы рецидивистерге арнайы қылмыстық-құқылық шараларды қолданбайынша оның тамырына балта шабылмайтындығын дәлелдеп отыр. Кәсіби және рецидивті қылмыс ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған байланысты өмірдің өзі мемлекеттік билік органдарынан жауаптылық пен жазаны күшейтетін қылмыстық-құқылық нормаларды мемлекеттік шаралар ретінде енгізіп, жүзеге асыруды табанды түрде талап етіп отыр. Әрине бұл өз кезегінде қылмысты саралаудың теорясы мен практикасында белгілі бір күрделілікті туындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-4. Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы

        Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді.

        Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.

        Қылмыстың субъективтік жағының белгілері негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) болып бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық және абайсыздық формалары жатқызылады. Нақты жағдайда бұл қасақаналық немесе абайсыздық (тиісінше олардың тікелей және жанама, менмендік және немқұрайдық түрлері) жасалған қылмыстың мәнісі мен сипатына тәуелді түрде қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады. Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен. Мысалы, 157 бап – Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру; 241 бап – Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап Алаяқтық 120 бап – Зорлау, 312 бап – Пара беру.

       Белгілердің екінші тобы – қылмыстың ниеті мен мақсаты кейбір құрамдар үшін міндетті, ал басқалары үшін құрамның факультативті белгісі қызметін атқарады. Мысалы ҚК-тің 165 бабына сәйкес іс-әрекет Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет ғана мемлекеттік опасыздық деп танылады. ҚК-тің 216 бабы бойынша әдейі банкроттық оның қандай мақсатпен жасалатындығына тәуелсіз қылмыс деп танылады. Осыдан бірінші жағдайда қылмыстың мақсаты мемлекеттік сатқындық құрамының міндетті белгісі болып табылатындығын ал екінші жағдайда – әдейі банкроттық барысында ол жауаптылық пен саралауға ықпалын тигізбейді (алайда ол барлық уақытта да анықталуы тиісті болғанымен және жазаның түрі мен мөлшерін таңдауға ықпал етуі мүмкін).

        Немесе ҚК-тің 96 баб. 2 бөлімі – Адам өлтіру (ауырлататын мән жайда) басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру күшейтілген қылмыстық жауапкершілікті қарастырады егер ол пайда табу ниетімен (пункт «з»), бұзақылық ниетпен (пункт «к»). Мұнда алғашқы екеуінде қылмыстық ниеті оның субъективтік жағынан міндетті белгісі болса соңғысында қылмыстың мақсаты міндетті белгі болып табылады.

        И. Г. Филановскийдің айтуынша: «Қылмыстың субъективті жағының белгілері заң мәтініңің өзінен туындайды немесе заңның тиісті баптарының диспозициясын түсіндірудің әртүрлі амалдарының көмегімен анықталады.

        Енді аталған белгілердің қылмысты саралауға қатысты қарастырамыз. Бір мезгілде сонымен қатар қылмыстың іс-әрекетінің өзінің де белгісі болып табылатын кінә түсінігінен бастаймыз.

       Аталған мәселені анықтауды қылмысты дұрыс сарлау табанды түрде талап етеді: А.А. Пионтковский «Кінә туралы ілім кеңестік қылмыстық құқық теориясының аса маңызды бөлімі болып табылады»- деп жазған./ 27/

        Біз өз жұмысымызды орындау барысында пайдаланған Қылмыстық құқық бойынша оқулықтарда келтірілген кінәнің анықтамасы қортындылай айтқанда төмендегідей мазмұнда  берілген: Кінә - бұл қылмыстық заңмен тиым салынған қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке және оның салдарына психикалық қатынасы. Құқықтық ғылыммен тұжырымдалған бұл пайымдау шын мәнісінде барлық заңгерлермен қабылданған.

       Кіәлінің, қылмыстық құқықтың және жалпы құқықтық теорияның өзекті институтының тарихында көптеген ғылыми-практикалық ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар бар екендігін атап өтуге тиістіміз. Кінә (кінәлілік) мәселесінің проблемалары бойынша тиісті пікір таластар өткізілген. Аталған мәселелер әрекет етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің талқылауының тақырыбы болды. Мысалы кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын «біле тұра» істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болған.

        Бұрынғы уақыттардағы ғылыми пікірталастарды талдау біздің жұмысымыздың мақсаты болмағандықтан біз негізінен қылмысты саралаудың қазіргі таңдағы мәселелеріне ғана назар аудардық. Ғылыми негізділігі күмән туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, ғылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада қолданыстағы тұжырымдар, ұғым, түсініктерді талдауды ғана міндет ретінде қойғандықтан біз жұмысымызды аталған бағытта жүргіземіз.

        Енді кінәнің нысандары және түрлері туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің 20; 21 баптарында берілген. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғаға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.

        Қасақаналық ұғымы негізінен екі түрлі элементтен – интеллектуалдық және еректілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана-сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады. Тікелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың арасындағы басты айырмашылық еріктілік сәтінен айқын көрінеді. Тікелей қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілейді. Тұлғада тікелей қасақаналық ниеттің болғандығын төмендегі жағдайлардан байқауға болады. 1). Пайда болған салдар оның әрекетінің түпкі мақсаты болып табылады. (мысалы қызғаныштан, кек алу үшін кісі өлтіру). 2) пайда болған салдар тұлғаның басқа бір мақсатқа қол жеткізудегі белгілі бір сатысы болып табылады. (мысалы мұрагерлік мүлікке ие болу үшін кісі өлтіру. Жанама қасақаналық барысында тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуын тілемейді және бұл салдар оның әрекетінің түпкі мақсатына қол жеткізуіндегі қажетті саты болып табылмайды. Алайда жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға қоғамдық қауіпті салдардың болуының мүмкіндігін болжайды оларға саналы түрде жол береді немесе оларға немқұрайдылықпен қарайды. Қоғамға қауіпті салдарға тұлғаның саналы түрде жол беруіне, біз оның осы салдардың алдын-алу немесе оларды болдырмау үшін ешқандайшараларды жасамауынан байқаймыз. Формалдық құрамды қылмыстар үшін қасақаналықты тікелей немесе жанама ретінде бөлудің ешқандай маңызы жоқ себебі қоғамдық қауіпті салдар олардың міндетті белгілерінің қатарына кірмейді. Формалдық құрамдағы қылмыстың объективтік жағы кінәлінің қоғамдық қауіпті әрекетті жасауымен ғана сипатталады. Сондықтан біз тұлғаның іс-әрекетке деген психикалық көзқкарасын ғана сөз етеміз. Егер тілемей отырып саналы әрекетті жасау мүмкін болмайтын болса, онда формалдық құрамды қылмыстар үшін тек тікелей қасақаналық ғана тән болады. Қасақаналықты тікелей және жанма ретінде болудың тек ғана теоретикалық емес сонымен бірге үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы кейбір қылмыстардың құрамы олардың субъективтік жағының тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығынан көрінеді. Мысалы, талан-таражға салу, мемлекеттік сатқындық, бандитизм. Осындай әрекеттерді жасау барысында тұлғаның әрекеттерінде тікелей қасақаналықтың болмауы өз кезегінде қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Қасақаналық түрін анықтау, қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшін жауапкершілікті анықтау үшін аса маңызды болып табылады. Себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу тек тікелей қасақаналық барысында ғана мүмкін болады. Қасақаналықты тікелей немесе жанама қылып бөлумен қатар қасақаналықтың басқа түрін ажыратып көрсетуге болады. Интеллектуалдық немес еріктілік сәттерінің нақтылану дәрежесіне байланысты қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Өз кезегінде анықталған қасақаналық жәй және баламалы болып бөлінеді. Жай анықталған қасақаналық барысында тұлға оның іс-әрекетінен қандай зиян келетінін және оның көлемін анық біледі және тек солардың болуын тілеуді. (Мысалы, адамды басынан мылтықпен ату) Баламалы анықталған қасақаналық барысында тұлға бірнеше анықталмаған салдарды болжайды және олардың болуын тілейді (мысалы пышақ жұмсай отырып субъект адамға өлім келуі немесе ауыр дене жарақаты келуі мүмкін екенін біледі және оның екеуіне де қол жеткізуге мүдделі)

        Анықталмаған қасақаналық барысында тұлға келтірілетін залалды сезінеді, және бірнеше қауіпті салдарының болатынын болжайды. Бірақ ол салдар оның санасымен нақтыланбаған. Субъект өзінің нақты қандай салдарға қол жеткізгісі келетінін жеткілікті дәрежеде айқындамаған. Мысалы адамның басына, денесіне соққылар жасай отырып кінәлі, жәбірленушіге өлім келуі немесе әртүрлі дәрежедегі дене жарақаты келуі мүмкін екенін сезеді, бірақ қандай ауырлықтағы зиян келетінін нақтыламайды. Ол олардың қайсысына да қол жеткізуге мүдделі.

       Қасақаналықты анықталған және анықталмаған етіп бөлудің қылмысты саралау үшін маңызы бар. Жай анықталған қасақаналық барысында егер кінәлі тілеген салдар оған қатысты емес мән-жайларға байланыссыз болмай қалса жасалған әрекет тек сол салдардың болуын тілеуге оқталу болып саналуға тиіс. Мысалы жәбірленуші өлтіруді тілей отырып оған ауыр дене жарақатын келтіру. Ондайда әрекет адам өлтіруге оқталу деп саралануы тиіс. Қасақаналық ниет қалыптасу уақытына байланысты алдын-ала ойластырылған және кенеттен пайда болған болып бөлінеді. Алдын-ала ойластырылған қасақаналық оның пайда болу сәтімен жүзеге асырылуының арасында айта қаларлықтай уақыт болуымен ерекшеленеді. Осы уақыт аралығында кінәлі адам қылмысты жасаудың жоспары мен тәсілдерін ойластырады, оның ізін жасыру шараларын қарастырады. Кенеттен пайда болған қасақаналық ниет атауынан байқалып тұрғандай қылмыс жасауға деген ниет кенеттен пайда болып жүзеге асырылады. Кенеттен пайда болған ниет кейде қатты жан күйзелісінен туындаған жағдайда болса жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде саналуы мүмкін. Жалпы тәртіп бойынша алдын-ала ойластырған қасақаналық пиғыл, кенеттен пайда болған пиғылдан қауіптірек болып саналады. Алайда, кейде кінәлі адам қылмыс жасауға қалыптасқан әрекетін бірден жүзеге асыруы мүмкін. Субъектінің әрекеттеріне қасақаналық бар немесе жоқ екендігін шешу барысында және әрекетті саралау барысында қатені құқықтық бағалау мәселесі туындайды. Қатенің екі түрі болады заң туралы қате және фактілік қате. Заң туралы қате барысында тұлға өзінің әрекетінің қылмыс екендігін немесе қылмыс болып табылмайтындығын бағалауда жаңылсады. Бұл жағдайда жалпы ереже әрекет етеді. Егер субъект өзінің әрекеті қылмыстық жазалаушылыққа жатады деп есептесе, ал іс жүзінде ол әрекетке қылмыстық заңмен тыйым салынбаса, онда ол қылмыстық жауапкершілік туындатпайды. Керісінше субъект өзінің әрекетін қылмыс-деп санамаса, ал әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген болса, тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Адамның өзінің іс-әрекетін саралаудағы және соған сәйкес жаза түрі мен мөлшерін белгілеудегі қатесі қылмыстық жауапкершілікті шешуге ешқандай ықпал етпейді.

       Фактілі қате дегеніміз қылмыс құрамының элементтеріне қатысты, әрекетінің нақты мән-жайларын теріс ұғынуы болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында және практикада фактілік қателерді төмендегідей түрлерге бөледі: қылмыс объектісі мен заты жөніндегі қате, жәбірленушінің жеке басы жөніндегі қате, себепті байланыс, ауырлататын мәністер бойынша қате.

        Объект бойынша қате кінәнің нысанын анықтауға ықпалы тигізбейді тек оның мазмұнын өзгертеді.

        Егер субьекті заңмен қатаң қорғалатын объектіге қол сұқтым дап ойлап қатаң емес түрде қорғалатын объектіге қол сұқса, ол қатаң қорғалатын объектіге қол сұққан ретінде жазаға тартылуы тиіс. Мысалы, тұлға әйелді өлтіру барысында оны екі қабат деп ойласа алайда ол ондай болмай шықса онда ол кінәліге алдын-ала белгілі екі қабат әйелді өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады. Керісінше тұлға әйелдің екі қабат екенін алдын ала білмей, екі қабат әйелді өлтірсе ол жәй кісі өлтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жәбірленушінің жеке басына байланысты қате, әдетте егер жәбірленушінің жеке белгілері қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмаса жауапкершілікке ықпал етпейді. Мысалы көршісін өлтірмек болып кездейсоқ адамды өлтіреді. Егер кінәлі судьяны немесе тергеушіні өлтірмек болып алайда қателесіп кездейсоқ адамды өлтірсе ол ҚК-тің 340 бабы бойынша сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жзеге асыру адамның өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. 96-баб. 6-15 жылға.  340 баб 10-15 жылға, өмір жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы.

       Зат бойынша қателесу екі жақты мәніске ие болады. Егер тұлға заттың сапалық мәнісіне байланысты қателессе ондай қателесу жауапкершілікте ықпалын тигізбейді. Мысалы, ұры магнитофон ұрлаймын деп қателесіп, радиоқабылдағыш ұрлайды. Егер тонаушылар ақша ұрламақ болып сейфті ашқанда онда ақша жоқ болып шықса онда олардың әрекеті осы затты ұрлауға оқталу болып есептелінеді. Қылмыс жасау құралы бойынша қателесу, тұлға, белгілі бір себептермен, қол сұғылған объектіге залал келтіре алмайтын құралмен, жасалған кезде орын лауы мүмкін. Мысалы тұлға бос оқпен оқталған мылтықпен адам атпақ болады. Бұл жағдайда ол адам өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.

      Егер субъект өзінің қараңғылығынан қылмыстық заңмен қоргайтын объектіге залал келтіру мақсатын да оған жарамйтын құралдарды пайдаланса (дуа салу, қарғыс айту, т.б.) ол тек ниетті анықтау болып табылады және қылмыстық жауапкершілікке тартуға жатпайды. Себепті байланыс бойынша қате, тұлғаның жасалған іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланысқа қатысты жаңылысу болып табылады. Егер тұлға өзінің әрекетінен қандай салдар туындайтынын анық білетін болса онда оның себепті байланыстың дамуы бойынша қатесі жауапкершілікті анықтау үшін маңызы болмайды. Мысалы, субъект жәбірленушіні жүрегіне пышақ ұру арқылы өлтірмек болды ал ол күре тамырынан қан кету салдарынан қайтыс болды, ондай жағдай әрекетті саралу үшін ешқандай маңызға ие болмайды. Егер субъект өзінің әрекеті қандай салаларға әкелуі мүмкін екендігін білмесе, онда қасақаналықпен зиян келтіру болып табылмайды. Егер тұлға қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз жасадым деп есептесе ол саралау белгілері бойынша қателесу болып саналады. Бұл кезде екі жағдай орын алуы мүмкін. Бірінші жағдай субъект өзі қылмыс жасаған жағдайдың ауырлататын мән-жай екенін білмейді. Мысалы ұйымдасқан топ болып ұрлық жасау 175 бабтың 3-тармағы бойынша жауапқа тартылатын, ол ауыр қылмыс болып табылатынын тұлға білмеуі мүмкін.

       Бұл жағдайда қателесу назарға алынбайды және заңды қателесу бойынша ереже қолданылады. Екінші жағдайда субъект өзінің нақты әрекетінің ауырлататын жағдайда жасалғандығын білмейді. Мысалы қылмысқа көмектесуші ұйымдасқан топқа немесе алдын ала сөз байласқан топқа өзгенің мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын білмеуі мүмкін, сондықтан жай ұрлыққа қатысқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Фактілік қателердің кез-келген түріне заңи баға бергенде тұлға жауапкершілікке тек оның кінәсі болғанда ғана тартылуы тиіс деген жалпы ереже басшылыққа алынуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ – тарау . Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау

 

                               ІІІ-1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі

         Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК-нің нормаларын салыстырмалы түрде талдау топтық белгі жаңа ҚК-тің Ерекше бөлімінің 120 бабында сараланған белгі ретінде ескерілген болса, Қазақ КСР-ның ескі ҚК-інде ол тек 30-бапта құрастырылған. Бұл топтанып қылмыс жасаудың қоғамдық қауіптілігінің өсе түскендігін дәлелдейді.

        Қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың қандайда болмасын ерекше негіздемелерін туындатпайды. Қылмыстық кодекстің 3- бабында бекітілген қылмыстық жауаптылық негіздері қылмыс бірнеше тұлғаның күш біріктіруші арқылы жасауы жағдайына да толықтай тиісті болды. Алайда қатысумен жасалған қылмыстың қылмыстық жауаптылығы және оның қажетті элементтерінің бірі – қылмысты саралау өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Олар негізінен төмендегіден тұрады.

        Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің іс-әрекеттерін саралау көп жағдайда орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) тәуелді болады. Себебі тек соның әрекеттерінде ғана жасалғаны үшін барлық қатысушылар жауаптылыққа тартылуы тиісті қылмыс құрамының белгілері болады. Қылмыстық құқықта қылмыс жасаған әрбір адамның жеке жауаптылығы принціпі болғанымен ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші сияқты қатысушылардың іс-әрекеттерін орындаушының іс-әрекеттерінен бөлек қарастыруға болмайды.

        Қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші) мен орындаушының жүзеге асыруға деген дәрежесі, басқа қатысушылардың да жауапкершілігін шешу туралы мәселеге тікелей ықпал ететіндей болуы қарастырылады. Мысалы, егер орындаушы оған байланысты емес себептермен қылмыстық әрекетін оқталу сатысында тоқтатын болса онда барлық қалған қатысушылары да қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қатысушылардың әрекетін саралау ең алдымен қылмысты бірнеше тұлға бөліп жасау процесінде оның атқарған рөліне тәуелді яғни қылмыстық топты құра отырып, олар қандай мақсат көздеді және қатысушылар арасындағы өзара байланыстың сипаты қандай, олардың арасында алдын ала сөз байласу болдыма, қылмысқа қатысушылардың қандай түрі қатысқаны, қатысудың нысаны және қатысушының түрі есепке алына отырып шешіледі.

        Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмысты қатысушылықпен жасау құрамының сараланған түрі ретінде қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей болып бөлінген: қылмысты адамдар тобының жасауы 6-бапта, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауы 49-бапта, қылмысты ұйымдасқан топтың жасауы 63 бапта және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше бөлімнің 2 бабында қарастырылған.

        Қылмыстық топ болып жасаудың (қатысушылықтың бірінші нысаны) барысында қылмыстың барлық қалыптасушылары ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабы бойынша ҚК-тің 28 бабына сілтеме жасалмай жауаптылыққа тартылатыны белгілі себебі олардың барлығы қылмыстың бірігіп орындаушылары болып табылады. Орындаушы түсінігін дұрыс ұғыну және анықтау адамдар тобымен жасалған қылмысты дұрыс саралауда үлкен маңызға ие болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жаңа ҚК-де орындаушы ұғымы кеңейтіліп оған тек қылмысты тікелей жасаған тұлға ғана емес, басқа тұлғаларымен бірге оның жасалуына тікелей араласпаған тұлғаларда жатқызылады. Ондай адамдарға ұрлық жасау барысында пәтерге кірмеген және ұрланған заттарды алып шықпаған көшеде тұрып қылмыс жасау орнында бөгде адамдардаң болмауын, адамдар тобымен жасалған қылмысты ешкімнің көрмеуі мақсатымен қадағалап тұрған адамды жатқызуға болады.

        Қылмысқа қатысушылықтың бірінші нысанында қатысушылардың әрқайсысы қылмыс құрамының объективтік жағымен қамтылатынын әрекеттерді орындауға қатысады немесе толық көлемінде не белгілі шамада орындайды. Қылмысты бір тұлғаның жасауынан айырмашылығы топтық қылмыста қылмыс тобының қатысушылары үшін ортақ болатын объективтік жақтың белгісін құрайтын бір әрекетті орындау үшін өзінің күштерін біріктіретін бірігіп орындаушы тұлғалар қатысады. Оның барысында кейбір бірігіп орындаушылар қылмыстың объективтік жағының барлық белгілерін толық кірістіретін әрекеттерді жасауы, ал басқалары бұл белгілердің тек кейбір бөлігін жасайтын жағдай кездесуі мүмкін.

       Орындаушылардың әлде біреуінің іс-әрекеті қылмыс құрамының объективтік жағының барлық белгілеріне ие болмаған кезде, қылмысты сарлау мәселесі бойынша талас жиі кездеседі. Бұндай жағдайда қылмысты дұрыс саралау берілген тұлғаны бірігіп орындаушы немесе қылмысқа көмектесуші деп танудан тәуелді болады. Олардың арасына айырым қою жиі қиындық келтіреді және топтық қылмыстарды саралаудағы қателіктердің себебі болады.

        Негізінен көмектесу әрекеттері қылмыстың объективтік жақтарын орындау бастағанға дейін сонымен қатар оның орындалуы барысында, алайда қылмыс аяқталғанға дейін жүзеге асырылады. Егер көмектесуші қылмыстың жасалуы барысында қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттердің орындалуына көмектесетін болса егер ол болар-болмас деңгейде болсада бірігіп орындаушылық ретінде қарастырылуы тиіс. Істерді тергеу және сот тергеуі барысында тікелей орындаушы болып табылмайтын тұлғаның іс-әрекетін қалай саралау керектігі жөнінде мәселе пайда болады: адамдар тобымен жасалған немесе бір тұлғамен жасалған қылмыс ретінде бағалау туралы Қазақсатан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларында бұд сұрақтарға жауап берілген.

        Атап айтқанда «Бөтеннің мүлкін талан-таражға салуды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 1996 жылғы 25-шілдедегі қаулысының 7 пункітінде қылмыстың берілген түрі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген немесе есі дұрыс емес деп танылған тұлғамен бірлесіп жасаған қылмыс адамдар тобымен жасалған талан-тараж ретінде бағаланбайтындығы көрсетілген.

        Қатысушылардың жеке жауаптылығы қағидасы қатысушылар мен орындаушының жауапкершілігінің әртүрлі болуы мүмкіндігінен көрініс табады. Мысалы, орындаушы қылмысты аяғына дайін жеткізуден өз еркімен бас тартуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бірақ, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші тұлғаны қылмыс жасауға көндіруге бағытталған ұйымдастырушылық әрекеттері немесе жасалуы мүмкін қылмысқа көмек көрсеткені үшін 24, 28 баптар бойынша және ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

       Қатысушылықпен жасалған қылмысты саралау барысында жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды есепке алу олар жасалған іс-әрекетке және ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің жеке бастарына қатыстылығы тәуелділікте шешілуі тиіс.

       Ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушіге қатысты мән-жайлар тек олардың әрқайсысының іс-әрекеттерін саралау барысында ғана есепке алынады және басқа тұлғалардың әрекеттерін саралау барысында есепке алынбайды. Мысалы пайдакүнемдік ниетпен қасақаналықпен адам өлтіруде ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «з» пункіті бойынша жауаптылыққа тартылса ал осы қылмысты орындаушының әрекеттері 2 бөлімнің басқа пункттерімен саралануы мүмкін.

       Орындаушының іс-әрекеттеріне және жеке басына қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар әртүрлі заңи салдарды туындатуы мүмкін. Мысалы, егер орындаушы жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтірсе онда әрбір қатысушының әрекеттері орындаушының әрекеттері сияқты ҚК-тің 96 бабы 2 бөлімі «м» пункті бойынша саралануы тиіс.

        Қылмыстың субъектісін сипаттауға қатысты мән-жайлар өзге қатысушылардың әрекеттерін саралауға әсер етеді. Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі болып жалпы ереже бойынша әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметкерлер сондай-ақ жиындардан өтуі кезіндегі запастағы азаматтар табылады.

        Әскери қылмыстардаң орындаушысы болып тек көрсетілген белгілерге ие тұлғалар ғана танылады. Оларға ие емес тұлғалар орындаушы бола алмайды бірақ ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, әскери қызметкер қашқындық жасайды. Оның іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы бойынша саралауға жатады. Басқа қатысушылардың іс-әрекеттері сол бап бойынша  ҚК-тің 28 бабына сілтеме жасау арқылы саралануы тиіс. Осы жағдайда олардың іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы 2 бөлімімен алдын ала сөз байланысқан адамдар тобымен (егер осындай сөз байласу анықталса) жасалған қашқындық ретінде саралануы тиіс.

       Орындаушының жеке басына қатысты және қылмыс субъектісінің белгілері болып табылмайтын мән-жайлар тек орындаушының өзінің әрекеттерін саралау барысында ғана ескерілуі тиіс. Мысалы, алаяқтықты бұрын қорқытып алушылық үшін екі рет сотталған адам жасаса ал оған көмектесуші бұл саралау белгісіне ие емес тұлға болса онда орындаушы ҚК-тің 177 бабының 3 бөлімі «в» пункіті бойынша жауапқа тартылады ал көмектесуші (егер олардың арасында алдын ала сөз байласу орын алған болса) ҚК-тің 28 баб, 177 баптың 2 бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс. Сонымен қатар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың орындаушысы және айдап салушысының іс-әрекеттерін де саралау да осылай жүргізілуі тиіс. Егер бұл қылмыстың орындаушысы ата-ана педагог немесе кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеті заңмен жүктелген өзге адам болып табылмайтын бұл қылмыстың айдап салушысы ҚК-тің 28 және 131 баптың 1 бөлімімен жауапқа тартылуы тиіс.

        Қатысушының шектен шығуы барысында қатысушылардың әрекеттерін саралау белгілі бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 30- бабына сай қылмысқа қатысушының, басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

      Қылмыстық құқық теориясында қатысушының шектен шығушылығын сандық және сапалық 2 түрге бөлу қабылданған. Сандық шектен шығушылық ретінде қатысушы, топтық барлық қатысушылармен алдын ала келісім жасалған қылмыспен бір тектес қылмыс жасаған кезде орын алады. Мысалы ұрлықтың орындаушыларының бірі басқа қатысушылардан жасырын мүлікті (басқа қатысушылармен бірге ұрланған мүліктен бөлек) басқа ұрланған мүліктермен қоса есептегенде 500 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мүлікті ұрласа ол ҚК-тің 175 бабының 3 бөлімімен жауапқа тартылады, ал қалған қатысушылар егер ұрланған мүліктің бағасы аталған көрсеткіштен асып түспесе ҚК-тің 175 бабының 2 бөлімімен жауапқа тартылады.

       Қылмысқа қатысушының топтық жасауға сөз байланысқан қылмысымен бір тектес болып табылмайтын қылмысты жасауы қатысушының шектен шығушылығының сапалық түрі болып табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан медикаменттерді ұрлау барысында олардың біреуі, олардын бөлек наркотик заттарды ұрласа. Ол екі қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады: ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 175 бабы) және наркотикалық заттарды талан-таражға салғаны үшін (ҚК-тің 260 б) ал, қалған қатысушылар тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылады.

       Айыпталғандардан шығатын қортынды қатысушының шектеу шығуы ұйымдасқан топтарда және қылмыстық қауымдастықтарда орын алатын алдын ала сөз байласу арқылы жасалатын топтық қылмыстарда ғана мүмкін болады.

       Бірігіп қатысушылықтың ең қауіпті нысандары болып ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастықтың табылатыны белгілі, құқыққорғау, шаруашылық және басқа органдар қызметкерлерінің коррупциясы арқылы сипатталады. Бұл қылмыстық топтар үшін топтар үшін қауіпті болып табылатын тиісті мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің іс-әрекеттерін бейтараптандыруға мүмкіндік беріп ғана қоймай сонымен қатар олардың қызиетін өз мақсаттарына бағындыруға олар арқылы осы мақсаттарға ресми құрылымдарды пайдалануға оларға қатырына енуге мүмкіндік береді.

       Қылмысқа қатысушылықтың көрсетілген нысандарымен жасалған қылмысты саралау үшін олардың белгілерін анықтау қажет. Ұйымдасқан топтың сипаттау белгілері болып бір немесе бірнеше соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін күні бұрын біріккен топтың тұрақтылығы. Алдын ала сөз байласуда қатысушылықтың берілген нысанасының міндетті белгісі болып табылады. Олай болмаған жағдайда қылмыс жасау үшін күні бұрын бірігу мүмкін болмайды.

       Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) үшін өзіндік белгілер топтың тығыз ұйымдасқандығы және оны құрудың мақсаты ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы қылмыстық қауымдастықтың қатысушылықтың нысаны ретінде жоқ екендігіне дәлел болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық белгісі, белгісінің болмауы олар әртүрлі сипаттағы соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған топ болсада. Бұл жағдайда ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі бар болса) бар екендігі танылады. Қылмыстық қауымдастықтың екінші міндетті белгісі топ тек ауыр және аса ауыр қылмыстарды ғана жасау үшін ұйымдасқан болуы тиіс. Мысалы, тығыз ұйымдасқан қылмыстық топ  жала жабуды тарату үшін құрылған болса қылмыстық ұйым болып табылмайды.

        Қазақстан Республикасының ҚК-нің 31 бабының 5 бөліміне сай ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты құрған не оларға басшылық еткен адам кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.

        Құқық қолдану қызметінің процессінде ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық жасаудың нені білдіретінін анықтап алудың маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың жұмысының бағытын анықтау (қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын жасатау, топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу, қылмыстық қол сұғу объектісін анықтау, қылмыстық құрылым мүшелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар беру т.б.) болып табылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІІ-2.  Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау

 

        Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысында қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді.

       Қылмыстық-құқылық нормалар бәсекелестігі дегеніміз бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше бөліміндегі екі немесе одан да көп қылмыстардың белгілеріне сай келуі болып табылады, яғни ол қылмыс бір мезгілде бірнеше әрекет етуші норманың диспозицияларымен қамтылады.

      Аталған бәсекелестікті бір құқыққа қайшы әрекеттің бірдей шамада жазаланушылығын қарастыратын екі немесе одан да көп қылмыстық заңның бар болуы ретінде анықтауға болады.

      Мысал ретінде төмендегіні келтіре кетейік, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық (п «а». бөлім 2. бап. 175 ҚК) және ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс. Немесе «Лауазымдық өкілеттіктерін

теріс пайдалану» (ҚК-тің 307 бабы) және «Қызметтік жалғандық» (ҚК-тің 314 бабы). Бұл жерде лауазымды тұлға өзінің қызметтік жағдайын қасақана қызмет мүдделеріне қарсы пайдалануды мүмкін. Оның әрекеттері жеке мүдделілікпен, пайдакүнемдік мақсатта жасалып және мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Зиян келтіру ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу жасымен жасалады. Тергеушінің және соттың міндеті бәсекелестіктегі қылмыстық-құқылық нормалардың біреуін дұрыс таңдап алу. Яғни іс-әрекетті саралау, жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын барынша дәл көрсететін ҚК-тің Ерекше бөлімінің тек бір бабы арқылы жасалуы тиіс.

        Қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі құқықтық құбылыс ретінде белгілі бір шамадағы күрделі құрылымды білдіреді, бұл нормалардың органикалық байланысы, олардың бір-біріне тәуелділігі ҚК-тің әртүрлі баптарында жазылған бірдей қылмыстардың белгілерін қарастыруы олардың арасындағы ортақтық болады. Берілген фактіде айталық, олардың бірдейлігі ұқсастық болып табылады. Бірақ соңғысы және бұл басты, маңызды тіптен толық емес тек, норманың көлемі мен мазмұны бойынша жекелеген ұқсастық болып табылады. Олардың айырмашылығы да осыдан көрінеді.

      Көрсетілген параметрлар бойынша жекелеген авторлар нормалар бәсекелестігінің екі негізгі түрін айырып көрсетеді. Бұл түрлер нормалардың көлемі мазмұны бойынша айырмашылықтарына сайлықты. Өзге авторлар бәсекелестіктің үш түрін ажыратып көрсетеді: а) жалпы және арнайы нормалардың; б) арнайы нормалардың; в) бөлшектің және бүтіннің. Б.А. Куриновтың пікірінше екі түрі барынша айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі.

       Егер арнайы нормалардың бәсекелестігін ұғынуда қиындық болмаса ал жалпы және арнайы норнмалардың бәсекелестігінде бұл кездеседі. Мысалы нормалардың объектісі тұрғасынан бұл бәсекелестік бір норманың өзінің көлемі бойынша іс-әрекеттердің айта қаларлықтай кең шеңберін қарастырса басқа норма – тек олардың бөлігін қарастырады. Норманың мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің берілген түрі олардың өздерінің мазмұны бойынша айырмашылығына байланысты. Жоғарыда келтірілген лауазымдық қылмысқа байланысты мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» ҚК-тің 307 бабы жалпы норма болып табылады (лауазымдық қылмыстың түсінігі беріледі) ал ҚК-тің 314 бабы «Қызметтік жалғандық жасау»-арнаулы норма ( лауазымдық жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық – бұл да лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы.

       Нормалардың мазмұны бойынша айырмашылығының мысалы ретінде «Қарақшылық» үшін жауапкершілікті қарастыратын бап (ҚК 179 б.) және 103 бап. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атауға болады. Бірінші қылмыстық-құқықтық норма өзінің мазмұны бойынша толығырақ. Ол тек адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті денеге зиян келтірулерді қамтып ғана қоймайды сонымен қатар берілген қылмыстың басқада белгілерін де кірістіреді. Ал екінші норма ҚК-тің 103 бабы бұл белгілерді бермейді.

       Ендеше жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігінде олардың көлемі бойынша айырмашылығы логикалық бағыныстылығы мен нақтылануынан көрініс табады.

       Әрекет етуші заңнама жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі барысындағы қылмысты саралау ережесін бекітеді (ҚК-12 бап. 3бөлім) мысалы, ҚК-тің 228 бабы «Өкілеттіктерді теріс пайдалану» және арнайы норма (ҚК 231 бабы) «Комерциялық сатып алу». Аталған жағдайда арнайы норма қолданылады. Берілген қоғамдық қауіпті әрекет онымен тікелей қарастырылған. Жалпы норма – топтық құрам арнайы нормамен қамтылмайтын болуы мүмкін әлеуметтік-қолайсыз құқық бұзушылықтар үшін бөлек сақталып қойылғандай болады. Соңғысы өз кезегінде жалпы норманың барлық белгілеріне ие болып сонымен қатар өзіндік ерекше белгілерді де кірістіреді. Тек солар ғана арнайы норманы жалпы нормадан ажыратып көрсетеді. Тергеу және сот органдарының практикасы, жалпы нормамен бәсекелестіктегі арнайы норманың басымдығы туралы ғылыми кеңестердің дұрыстығын толық дәлелдеп отыр.

       Нормалардың осындай бәсекелестігі кезінде мынадай құқықтық жағдай қалыптасуы мүмкін: бір қылмыстың екі түрлі құрамының арасындағы бәсекелестік. Олар ҚК-тің бір бабының әр түрлі бөлімдерінде немесе пунктерінде көрсетілуі мүмкін. Бұл айтылғандар құрамының негізгі және сараланған түрлері арасындағы бәсекелестіктен басқа ешнәрсе емес. Мысалы 181 баптың 1 бөлімі «Қорқытып алушылық» оның негізгі құрамын қарастырады, ал 2 бөлімі сараланған (күш қолданумен жасалған қорқытып алушылық). Ол арнайы норма болып  табылғандықтан оған басымдық беріледі.

       Құрамының бірнеше басымдық берілген түрлері арасындағы бәсекелестік болуы мүмкін.

       Мысалы ҚК-тің 181 бабының 2 бөлімі аталған баптың 3 бөлімімен бәсекелеседі «ұйымдасқан топпен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтірумен жасалған қорқытып алушылық». Бұл жерде ауырырақ сараланған белгі жеңілірек сараланған белгіні сіңіруіне байланысты 181 баптың 3 бөлімі қолданылады.

      Арнайы қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінің барысында қатысты бұл құқықтық жағдайда жазылған ереже әрекет етеді. Яғни жеңілірек қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын нормаға басымдық беріледі. Ол ереже Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық – іс жүргізу заңнамасының жалпы принциптеріне атап айтқанда заңдылық, әділеттік және ізгілікке негізделеді.

      Қазақстан заңшығарушысы Қылмыстық кодексте қылмыстың жиынтығын қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінен айырып көрсеткен. Бұның негізінде арнайы норма жатқызылады және оның маңызын бекітеді. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

      Қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында Қылмыстық кодексті дұрыс қолдану тек төмендегі шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады. 1) Жасалған іс-әрекетті оның мазмұнын және белгілерін терең зерттегенде. 2) ҚК-тің Ерекше және Жалпы бөлімдері баптарының жүйесін білу. 3) Әрекет етуші заңнаманы терең түсініп меңгеру.

 

 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы.

 

 

      Біз «Қылмыс құрамы саралаудың заңды негізі» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызды қортындылаудан бұрын аталған тақырыптың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы және қылмыстылықпен күрестегі маңызын атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты орындау барысында біз қылмыс құрамының қылмысты саралауда негізгі маңызға ие болатындығына көз жеткіздік. Қылмыс құрамы заңшығарушымен қылмыстық-құқылық нормада бекітілген негізгі белгілерден құрала отырып өз кезегінде қандай іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылықты туындататындығын және нақты қандай түрдегі немесе қылмыстың қай түріне жатқызылатындағын айқын көрсетеді. Қылмыс құрамының құқық қолдану практикасында шешуші маңызға ие болатындығын анық байқауға болады әрине біз бұл жерде құқық қолдану ретінде тек қылмыстық заңнаманы қолдану жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды еске сала кетудің артығы болмас.

      Әрине берілген жұмыс қылмысты саралаудың барлық кешенді проблемаларын толықтай ашып, олардың практикалық шешімін табудың жолдарын көрсетеді деп санай алмаймыз. Жұмысты орындау барысында жалпы жұмысымыздың мазмұнында біз қылмысты саралаудың құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алатындағын яғни құқықтық нормаларды қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылатындығын атап көрсеттік.

       Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бектіу болып табылады.

       Қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие екендігін төмендегідей мысалдан байқауға болады. М. Деген азамат өзінің әйелінің төсекте ашынасымен жатқан жерінен үстінен шығып әйелін ерекше қатігездікпен өлтірген. Тергеу органдары оның әрекеттерін ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «д» пункітімен саралаған ал сот онымен келісіп 12 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындаған алайда кіәлінің әрекетінде жан күйзелісі жағдайы болғандығын атап өткен. Жоғарғы сатыдағы сот кінәлінің әрекетін 98 баптың 2 бөлімімен қайта саралап оған осы бап бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Осы мысалдан қылмысты дұрыс саралаудың әділеттілік, заңдылық үшін, адамдардың тағдыры үшін қандай маңызға ие екендігін түсінуге болады.

       Жұмысымыздың қортындысында қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының негізгі мәселелерінің жоғарыда өзіміз атап көрсеткендей болып табылатынын оның мазмұны негізінен «Қылмыс құрамы» ілімін тереңдетуге бағытталғанын, тергеу мен соттық қызметіндегі оның маңызын атап өтуге тиіспіз. Қылмыстық құқықтың әлдеқандай институттарын жақсы меңгеру негізінде ғана практиканың тиісті мәселелерін оның ішінде оперативтік – тергеу қызметінің қортындысы болып табылатын қылмысты саралауды да дұрыс шешуге мүмкіндік пайда болады. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылық үшін қандай маңызға ие болатындығын тағыда атап көрсете отырып, біз қылмысты саралаудың заңды негізі болып табылатын қылмыс құрамының осы орайда шешуші маңызға ие болатындығына назар аударамыз.

       Қылмысты дұрыс саралаудың әрекет ететін заңнамаға қатаң түрдегі сәкестікте жүргізілуі, қоғамдағы әділеттікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтап, қорғауға қылмыстылықпен күресте тиісті жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірден-бір жол.

      Егер осы жұмысты орындау барысында қылмысты саралаудың негізгі теоретикалық мәселелерін ашып оның барысындағы қылмыс құрамының қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі маңызына терең талдау жасай алса  автор өзінің алдына қойған міндеттерін орындалды деп санайды.

 

 

 

 

                                     Сілтемелер

 

1 Куринов Б.А. Научные основы кваликфикаций преступлений. МГУ, 1976, 4 б.

2 Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификаций преступлений. М., 1963, 3-4. б.

3 Сергиевский В., Рахметов С. Квалифакация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999, 8 б.

4 Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификаций преступлений. М., 1963, 6. б

5 Куринов Б.А. Научные основы квалификаций. МГУ. 1976, 12. б.

6 Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999. 9. б.

7 Сергиевский В., Рахметов С. Аталған еңбек. 10 б

8 Уголовное право. Особенная часть: Учебник (Под ред. д. ю н. Проф. Н. И. Ветрова и д. ю н. Проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист,) 1998. 22 б

9 Кудрявцев В.Н. Аталған еңбек 16 б

10 Сериевский В., Рахметов С. Аталған еңбек 13 б.

11 Куринов Б.А. Научные основы квалификаций преступлений МГУ, 1976. 10 б.

12 Бұл да сонда 67 б.

13 Советское уголовное право. Общая часть. М., «Юрид. Лит.», 1977. 105 б.

14 Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений М., «Юристь», 2001. 57б.

15 Уголовное право. Часть Общая. Т. 1. Уголовный закон. М., 1970. 181 б.

16 Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. 60 б.

17 Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963. 94

18. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. М., 2001. 59 б.

19. Бұл да сонда.

20. Пионтковский. А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 115 б.

21. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. М., 2001. 61 б.

22. Бұл да сонда. 62 б.

23. Брайнин Я.М. Аталған еңбек. 162 б.

24. Коржанский  Н.И. Объект посягательства и квалификация преступления. Волгоград., 1976. 37 б.

25. Трайнин А.Н. Состав преступления по советскому уголовному праву. М., 1951. 214 б.

26. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. 194 б.

27. Пионтковский А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 301 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер.

І  Нормативті-құқықтық актілер

1.     Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.

2.     Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.

3.     Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.

4.     Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.

5.     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).

6.     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).

7.     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).

8.     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” 1994 жылғы 23 – желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1994 №1).

 

 

                        

ІІ. Арнайы әдебиеттер

1.        Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Толықтырылып, екінші басылуы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999 – 320 бет.

2.        Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000 – 520 бет.

3.        Ветров Н.И. Уголовное право. Общая и Особенная части: Учебное пособие. 2-е изд., перераб и доп. – М.: Книжный мир, 2000 – 224 с.

4.         Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Д.ю.н. проф. Н.И.Ветрова и д.ю.н. проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист, 1998 – 768 с.

5.        Советское уголовное право. Общая часть. М., «Юрид. лит.», 1977 – 544 с.

6.        Советское уголовное право. Общая часть: Учебник / Под ред. Г.А. Кригера, Н.Ф. Кузневцовой, Ю.М. Ткачевского. – 2 –е изд., доп. И перераб. – М.: Изд-во МГУ, 1988. – 368 с.

7.        Смирнова Н.Н. Уголовное право: Учеб, - СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 1998. – 675 с.

8.        Брайнин Я.М.  Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963. 94 б.

9.        Коржанский Н.И. Объект посягательства и квалификация преступления, Волгоград, 1976.

10.   Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификций преступлений М., «Юрид. Лит.», 1972 – 330с.

11.   Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений-2-е изд., перераб. и допол.- М., «Юристь», 2001.-304 б.

12.   Куринов В.А. Научные основы квлификаций преступлений М., МГУ, 1976, - 185с.

13.   Пионтковский А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 365 б.

14.   Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999 – 106 с.

15.   Рахметов С.М., Турецкий Н.Н. Преступления против личности: Учебное пособие – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 176 стр.

16.   Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. 280 б.

17.   Яблоков Н.П. Расследование организованной преступной деятелности М.: Юристъ, 2002 – 172 с.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  40  41  42  43  44  45  46  47  48  49  50  ..