Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   170  171  172  173  174  175  176  177  178  179  ..

 

 

 

 

Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi

 

Қайрат АЙТБАЕВ,

ҚазГЗУ-дiң  Оңтүстiк Қазақстан заңтануқаржы және қаржы құқығы институтының ректорызаң ғылымдарының кандидаты

 

Өткен жылдың 4 желтоқсанында  болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам бастыХалқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайладыОсы  кезеңде Президент Н.ӘНазарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды  стратегиялық мiндет етiп қойып отырБұл  күрделәраса  жауапты мiндетЕгер Қазақстан әлемдегдамыған  елу мемлекеттiң құрамына кiрер болсаол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi.

Елiмiздiң қазiргжәне болашақтағы дамуының негiзгұйымдастырушысы және кепiлПрезидент Н.ӘНазарбаев екендiгбаршаға белгiлi. СебебiҚазақстан Конституция бойынша президенттiкбасқару нысанындағы мемлекет.  Екiншiденелiмiздiң Президентi  болып ерекше тарихи тұлғамемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған қайраткер Н.ӘНазарбаев қызмет атқаруда.

Елбасы өзiнiң осынау қиын дакүрделмемлекет басқару iсiнде мемлекеттiң басқа да атрибуттары – ең алдымен Парламенткеодан соң ҮкiметкеЖоғарғы  сотқаКонституциялық Кеңеске тағыбасқа жоғарғы және жергiлiктбилiк органдарына сүйенедi. Соларға басшылық жасайдыолармен ынтымақтаса және ақылдаса отырып жұмыс жүргiзедi.

Республиканың жоғарғы мемлекеттiк органдарының iшiнде Парламенттiң орны бөлек. Қазiргзаманғы демократиялық үрдiстердегмемлекеттердiң  Парламентсiз қызмет етумүмкiн емесТiптi, кейбiр елдер Парламенттiк басқару әдiсiне ден қойған парламенттiк республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өзiнiң тарихи қалыптасқан жолыүрдiсбарПарламент заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдорган. Өкiлдiк орган деп аталу себебi, ол халық сайлағанөкiлдер немесе халық өкiлдерi – депутаттардан тұрадыАлхалық өкiлдерiмен санасу қазақ халқының тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр.

VI ғасырдың ортасында негiзқаланған Көне Түрiк қағанатынан бастап - кейiнгқазақ хандарына дейiн ел басшысы халық өкiлдерiнiң жиналысында сайланған. Қазақта ханды сайлауға халықтыңигжақсылары – рулар мен тайпа басшыларысұлтандаржаудың бетiн қайырған батырлар мен елдаузына қаратқан билерақылман жыраулар мен елге беделдi өзге де азаматтар қатысқанОлардың көбi ханның жанындағы кеңесшорган хан кеңесiнiң мүшелiгiне сайланғанБұлар жоғарғы өкiлдбилiктiң алғашқы нышандары болатын.

Қазақ хандығы дәуiрiнде аса маңызды мемлекеттiк мәселелер халық өкiлдерiнiң жиындарында шешiлiп отырғанОлардың бiзге жеткен ең жарқын үлгiлерiнiң бiрi 1726 жылғы Ордабасыбиiгiндегқазақтың үш жүзiнiң өкiлдерiнiң бас қосуыБұл аса жоғары дәрежедегi өкiлдi  жиын-тын.  Осы жиында қазақтар бiр жағадан басбiр жеңнен қол шығарыпынтымақ пен бiрлiктiңасқан үлгiсiн көрсетiпбас сардарын сайлап алыпжоңғар басқыншыларынан жерiмiздазат етудiң негiзiн қаладыОрдабасы жиыны бұған дейiн де бас қосып келген Дала парламентiнiңерекше бiр көрiнiсғанаҚазақтар Ордабасыға дейiн деодан кейiн де тұрақты түрде жиылып мемлекеттiк мәселелердбiрiгiп талқылапкеңесiп-пiшiп отырдыБүкiл қазақ өкiлдерiнiң басқосу орны – МәртөбеКүлтөбе тағы басқа орындар болғанКүлтөбеде күнде жиын” деген сөз сол кезден қалған. Бұл да халқымыздың өмiр тарихындағы өкiлдбилiк тамырының тереңдежатқандығын аңғартады.

Албұдан кейiнгҚазақстанның Ресейге бодандығы дәуiрiнде өкiлдбилiктiң нышандары былай тұрсыноның тәуелсiздiгде түгелдей жойылды.

Кеңестiк кезеңде қазақтың алдымен автономиялы (1920-1936), одан соң Одақтас Республика (1936-1991) түрiндегмемлекеттiлiгқұрылды. 1920-1937 жылдар арасында Кеңестердiң бүкiлқазақтықсъездержәне осы съездер құрған Қазақ Орталық Атқару Комитетжоғарғы заң шығарушы және жоғары өкiлдоргандар рөлiн атқарды. 1937-1995 жылдар арасында бiрден-бiр заңшығарушы және ең Жоғарғы өкiлдорган болып Қазақ КСР-нiң (1991 жылдан Қазақстан РеспубликасыныңЖоғарғы КеңессаналдыКеңес Одағы құлағанға дейiн Жоғарғы Кеңесформальдтүрде қызмет атқардыМемлекеттiк билiк шын мәнiнде Коммунистiк партияның қолында болдыПарламенттiң рөлiн атқарған Жоғарғы Кеңес Компартияның шылауында болып,  айтқанына көнiпайдағанына жүрдi. Сондықтан Кеңес дәуiрiндегЖоғарғы КеңестбүгiнгПарламентпен ешқандай салыстыруға келмейдi. Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 500-гедейiн жеткенiмен ол тұрақты мемлекеттiк орган болмадыОның сессиялары әрi кеткенде 2-3 күнге ғана созылдыБарлық заңдар формальдтүрде Жоғарғы Кеңес атынан қабылданыпбекiтiлiп жаттыКеңес Одағы тұсында Жоғарғы Кеңеске билiктiң бiр тармағын беруонымен билiктбөлiсу принципке мүлде қайшы болдыКерiсiншекеңестiк өкiмет заң шығарушы жәнеатқарушы билiктердбiрiктiрiп жiбердi.

Қазақстан және ТМД-ның өзге елдерде коммунистiк партия тарағанымен тәуелсiздiкке бұрынғы Жоғарғы Кеңестер арқылы қадам бастыОл кезеңде мәселенҚазақстанда XII-шсайланғанЖоғарғы Кеңес қызмет атқарып жатқан едi. Осы Жоғарғы Кеңес алғаш рет Қазақстанның Президентiн сайладыМемлекеттiк Егемендiк туралы ДекларацияныМемлекеттiк тәуелсiздiктуралы Конституциялық заңды, 1993 жылғы Конституциянымемлекеттiк рәмiздердқабылдады. 1995 жылға дейiн ол бiрден-бiр заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдорган болып қалаберджәне осы қызметiн сақтап қалу үшiн ақырына дейiн күресiп бақты.

Дегенменкомпартия мен социалистiк қоғамның туындысы болған кеңестер жаңа демократиялық қоғамға бейiмделе алмадыСебебiоның табиғаты бөлек едi. Ол демократиялықнарықтық қоғамүшiн “антитело” ролiн атқарды.

Қазақстанда Жоғарғы Кеңес түрiндегпарламент екрет үлкен дағдарысқа ұшырадыАлғашында 1993 желтоқсанда 12-шсайланған Жоғарғы Кеңес өзiн-өзтаратқан болса, 1995 жылы наурызда13-шсайланған Жоғарғы Кеңес заңсыз сайланған орган ретiнде таратылды.

Мұның аяғы елдегқоғамдық-саяси құрылысты мүлде өзгерткен 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануына алып келдi. Жаңа Конституция бойынша елiмiз Президенттiк басқарунысанындағы республикаға айналыпмүлде жаңа сипаттағы қос палаталы Парламент құрылды.

Жалпы адамзат қоғамының тарихына үңiлетiн болсақпарламент пен мемлекет басшысының арасындағы текетiрестiң қандай қасiреттерге апарғанының талай мысалдарын көремiзМәселен, 1640-1648 жылдары Англияда мемлекет басшысы король мен Парламенттiң арасында қырғиқабақ келiспеушiлiк туындапоның ақыры корольдiң басын шабуға апарып соқтырдыОсысияқты 1793 жыл Францияның  сол кездегпарламентКонвенттiң шешiмiмен елдiң королЛюдовик XYI-ның басы гильотинада шабылды. 1918 жылы қаңтарда өкiмет басына келгенбольшевиктер Ресейдiң тағдырын шешуге тиiс жаңадан сайланған ең жоғарғы өкiлдорган Құрылтай жиналысын  алғашқы күнi-ақ күшпен таратып жiбердi. Бұл Ресейдегтөрт жылғасозылған азамат соғысының басты себептерiнiң бiрболдыБұған ұқсас оқиғалар бүгiнгкезеңде де кездесiп жатады.

 1993 жылы қазанда Ресей Президентмемлекеттiк төңкерiс жасап үлгерген елдiң Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттары орналасқан Ақ үйдтанкiлермен атқылапоның басшылығын тұтқындады. 1993және  1995 жылғы Қазақстандағы Жоғарғы Кеңес пен атқарушы билiк арасындағы дағдарыс бейбiт түрде шешiлiпкеңестер тарих сахнасынан бiржолата кеттi. 2005 жылдың  ақпанындаҚырғызстан Парламентiне сайлау барысындағы наразылықтарға орай Президент ААқаев тағынан кеттi. Ең жаңа мысалУкраина ПрезидентВЮщенко сайлау барысында популистiкұрандарға барып Украинаны Президенттiк Республикадан Парламенттiк-президенттiк республикаға айналдыру туралы уәде беруге мәжбүр болды және ол уәдесiн жүзеге асырдыБiрақонысы өзiне соққы болып тидi. Украина Парламентi өзiне берiлген құзыреттПрезидентке қарсы ұтымды пайдалана бiлдi. Украина ПарламентПрезидент ВЮщенко тағайындаған жаңаҮкiметтоп-оңай отставкаға жiбердi. Мұнымен Украинадағы саяси дағдарыс бiте қойған жоқ.

Бiз ұзақ-сонар мұндай мысалдарды неге келтiрiп отырмызБұлардың бәрде тарихи жағынан  сабақ боларлық жәйттерОлар  тұтас бiр мемлекеттердшайқалтып жiберген оқиғаларОның бастысабағының бiрПарламенттсаяси күрес алаңы емеселдегтұрақтылық пен ынтымақ үшiн қызмет ету органына айналдыру екендiгiн түсiнуде жатыр.

Биыл онжылдық мерекесiн тойлап отырған қос палаталы Қазақстан Парламентiнiң табиғаты мүлде бөлекОның жұмысының негiзгпринципзаң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдорган ретiндемемлекеттiк билiктiң басқа салаларымен ынтымақ пен бiрлiкте қызмет етуБилiкттармақтарға бөлу принципiн сақтау және олардың арасында тежемелiк және тепе-теңдiк принципiне адалболу.

Парламент екпалатадан – Мәжiлiстен және Сенаттан тұрадыБұлай ету ең алдымен заңдардың сапалы қабылдануының кепiлi. Олай дейтiнiмiзПарламентте заң терең сүзгiден өтедi, иқанғаншаталқыланадыМәжiлiсте талқыланған заң жобасы Сенатта тағы да талқыға түседi. Сенаттан өтпесе екi палатаның келiсiм комиссиясы қайта қарайтын боладыОсындай талқылауларданөткен заң ғана Сенат арқылы Президентке қол қоюға жiберiледi. Осы уақытқа дейiн екпалатаның арасында принципткелiспеушiлiкболмаса дағдарыс бола қойған жоқЕкпалата да бiржоғары бiртөмен емес теңдей құқықтарға иеОсының арқасында елiмiзде қабылданған заңдар әлемдiк стандарттарға сәйкес келудеЕң бастысы Парламент саяси күрестен аулақоныңнегiзгқызметсапалы заңдар қабылдауға бағытталған.

Заң демекшi, заңның рөлiне де тоқтала кетейiкЗаң аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеушi, Конституцияда көрсетiлген ерекше тәртiппен қабылданатынең жоғары күшбар нормативтiк-құқықтық актЗаңнан жоғары тұратын басқа нормативтiк акт болмайдыОсындай актiнқабылдау Парламенттiң құзыретi. Егер заң қатеқисық қабылданып кетсе ол қоғамдық қатынастардышиеленiстiредi. Өйткенi, заң қате-қисық болса да орындауға жатады.

Қазақстан Парламентi өткен он жылда өзiнiң қарауына келiп түскен 1691 заң жобасының 1221-iн қабылдаптыМаңызды емес заң болмайдыЗаң аса маңызды мәселелердi реттеу үшiн  қабылданады.

Осы жерде заң жобаларын неге Үкiмет ұсынады деген сұраққа келейiкОның жауабы қарапайымМынаған қараңызБiлiм туралы заңның бүге-шiгесiн Парламент депутаты терең бiле ме әлдебiлiм беру саласының мамандары бiле ме?  Әринебiлiм беру саласының қызметкерлерсол саланың мамандары ретiнде өз саласын кiмнен болса да артық бiледi, қандай мәселензаңменреттеу қажеттiлiгiн терең түсiнiпоны жетiлдiру туралы ұсыныс айта аладыАлбiлiм беру органдары Үкiметтiң құзыретiндеҚорғаныс саласы да, iшкi iстерденсаулық т.б. салалар даҮкiмет арқылы басқарыладыОларды басқаратын әрбiр министр Үкiмет мүшесi. Осы тұрғыдан заң жобасын Үкiметтiң ұсынуы объективтқұбылысБiрақҮкiметтiң де өз мүддесбарСондықтан  кейде заң жобалары көбiрек Үкiметтiң мүддесмен көзқарасы тұрғысынан ұсынылып жатадыӘйтсе де Парламент ол мүдделерджалпы мемлекеттiк мүдделерменұштастырады.

Егер заң жобаларын жасауды тек Парламентке берiп қойсақонда да асығыстық пен сыңаржақтылыққа жол берiлер едi. СебебiПарламент депутаттары заң жобасын жасаушылар емесоныелектен өткiзiпқабылдаушылар.  Осындай  қарапайым ақиқатты кейбiреулер дұрыс түсiнбейдi. Олардың ойынша заңдар жобасын Парламент өзi жасапөзқабылдауы тиiс.

Парламенттiң заң шығару қызметiнен өзге жоғарғы өкiлдорган ретiндегбасқа да құзыреттержетерлiкОл мемлекет басшысы Президентке импичмент жариялай аладыПрезиденттiң орнынанмерзiмiнен бұрын кету мәселесiн шешедi.

Сенат төрағасы Конституция бойынша мемлекеттегi Президенттен кейiнгекiншi, Мәжiлiс төрағасы үшiнштұлғаБұлардан соң - Премьер-Министр.  Парламент ПрезиденттiңПремьер-Министрдiң қызметiне кандидатураға келiсiм бередi, немесе керқайтарадыПарламент Үкiметтiң бағдарламасын бекiтедi, немесе бекiтпейдi. Ол мемлекеттiк бюджеттбекiтедәроныңорындалуы туралы Үкiметтiң есебiн тыңдайдыАта Заңымызда Парламенттiң басқа да өкiлеттiктербекiтiлген.

Елiмiздiң қос палаталы Парламентөз қызметiнiң мүмкiндiктермен өкiлеттiктерiн ПрезидентҮкiмет тағы басқа Жоғары мемлекеттiк органдармен  текетiрес бағытында емесынтымақтастықбағытында пайдаланып келедi.

Парламенттiң тағы бiр ерекшелiгi – оның кәсiбилiгi. Кәсiбилiктектұрғыдан түсiнуге боладыБiрiншiденПарламент негiзiнен заң шығарумен  айналысатын өзiнiң құрылу табиғатынан кәсiбиорганЕкiншiденПарламентте депутаттар салалық комитеттергепартиялық фракцияларғадепутаттық топтарға бiрiккенПарламент заңдарды  талқылағанда әр саладан бiлiктде кәсiбимамандарды тартыполардың пiкiрлермен қорытындыларына сүйенедi. Қазiргкезде Қазақстанда кәсiби Парламент қалыптасты деген пiкiрлер айтылып жүр.

Парламенттiң тағы бiр ерекшелiгi, онда түрләлеуметтiк топтардыңсаяси партиялардыңаймақтардың өкiлдербарСенаттың 7 депутатын Елбасы тағайындайдыСенат төрағалығынакандидатураны Президент ұсынадыОлар – Елбасы мен Парламент арасындағы ынтымақтың негiзгдәнекерi. Бұған қоса Парламент палаталарында Президенттiң өкiлдiктержұмыс iстейдi.

Қазiргкезең Парламенттiң өкiлеттiктерiн кеңейтумен сипатталады. 2005 жылы Президент “Қазақстан Республикасы Конституциясының мүмкiндiктерiн одан әрпайдалану туралы” Жарлыққақол қойды.  Ол бойынша Парламент палаталарының рөлнығайтылдыӘлеуметтiк-экономикалық саланың министрлерМәжiлiс пен Сенаттың арнайы комитеттерiнiң мақұлдауыментағайындалатын болдыПарламенттiң басқа да құзырет-мүмкiндiктерартты.

Болашақта Парламент депутаттарының санын арттыру және саяси партияларға  берiлетiн  мандаттардың санын көбейту сияқты өзектмәселелердшешу туралы ұсыныстар айтылуда.

Қос палаталы Қазақстан Парламентi өткен он жылдықта өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете бiлдi. Елбасы Н.ӘНазарбаев Парламенттiң қызметiн жоғары бағалапоның 10 жылдығына арналғанқұттықтауында: “…Бүгiнде бiз заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын жоғары өкiлдорган ретiнде кәсiби қос палаталы Парламент iске асып қана қойған жоқсонымен бiрге уақытсынынан ойдағыдай өттдеп нық сенiммен айта аламыз”,- деп атап көрсеттi.

Бүгiнде Парламент елiмiзде жүргiзiлiп жатқан ауқымды реформаларды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуде өз мiндетiн атқарумен қатарөзге де  маңызды мемлекеттiк мәселелердi  шешугебелсене атсалысып келедi. Оның мемлекет пен  халықтың алдындағы  сiңiрген  еңбегмен қызметiн тарих бағалайтын болады.

 

РЕЗЮМЕ

 

В статье, посвященной десятилетию Парламента РК, рассматриваются актуальные вопросы становления парламентских традиций в Республике Казахстан. Правовые основы парламентаризма нашей страны имеют свою историю, которая представлена определенными историческими периодами, обусловленными общественно-политическим строем.

 

SUMMARY

 

In this article, which is devoted to the tenth anniversary of the Parliament of the republic of Kazakhstan, the author examines actual questions of the settlement of the parliament traditions in the republic of Kazakhstan.  Legal basis of the parliamentary of our country have its own history, which is represented by great historical periods, conditioned by the social-political system.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2003.

Мұхамеджанов О. Өркениетке жетелеген он жыл. Егемен Қазақстан газетi.  2006 жылғы  19 қаңтар.

Әбiқаев Н. Қазақстан Парламентi: Тарихи дәстүрлер және қазiргi заман. Егемен Қазақстан газетi.  2006 жылғы 20 қаңтар.

Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесi, Үкiмет, Республикалық референдум, Сайлау туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары. Алматы. Жетi Жарғы, 78-бет 1999.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   170  171  172  173  174  175  176  177  178  179  ..