Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 12

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   160  161  162  163  164  165  166  167  168  169  ..

 

 

 

 

Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы

 

 

 

 

 

 

 

АБДРАХМАНОВ САУЫТБЕК

 

 

 

 

Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы

 

 

 

 

10.01.02 – Қазақ әдебиеті

 

 

Филология ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер

 институтының қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінде орындалды.

 

 

 

 

 

 

Ғылыми кеңесші:                    ҚР ҰҒА академигі, филология

                                                        ғылымдарының докторы, профессор

                                                        Қасқабасов С.А.

 

Ресми оппоненттер:                филология ғылымдарының докторы,

                                                        профессор Ысмағұлов Ж.

                                                    

                                                        филология ғылымдарының докторы,

                                                        профессор Жүсіп Қ.П.

                                                       

                                                        филология ғылымдарының докторы,

                                                        профессор Әбдезұлы Қ.

 

                                                       

Жетекші ұйым:                         Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

                                                        ұлттық университеті

 

 

Диссертация 2007 жылғы 16 қарашада сағат 15.00-де ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жанындағы филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін беру жөніндегі Д53.34.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

 

 

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады.

 

Автореферат 2007 жылғы “____” ________ таратылды.

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым-хатшысы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент                                         Қорабай  С.С.

 КІРІСПЕ

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

 Аударма ұғымы – кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы “өлең аудармасы” тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, “стихотворный перевод”, яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.   

Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы­лық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.

Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.

Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы  тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз. 

Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.

Зерттеудің дереккөздері. Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топырағымызда тәржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп қалуынан орын алып отырған олқылық деуге де болмайды. Жалпы, аударматану әлемде ғылыми пән ретінде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана орнықты. Оның үстіне кешегі кеңестік кезеңде кез келген мәселенің негізгі, түйінді теориялық проблемаларымен түбірлеп айналысу Орталықтың еншісіне қалдырылатын да, ұлт республикаларындағы әдебиеттану ғылымының әлеуеті көбіне-көп ұлттық сөз өнерінің төл туындыларын талдаумен тежелетін. Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырылғандықтан, тәржіме туындылары бәрінен бұрын әдеби байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Идеологиялық қағидалармен қабыспауына байланысты ол кезде діни сипаттағы нәзиралық дастандар, көптеген ғашықтық, батырлық қиссалар жарияланған жоқ, сондықтан тәржіметану тұрғысынан талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін Мұхтар Әуезов қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сағындықова, Ә.Сатыбалдиев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин, С.Сейітов сияқты аударма мәселелерімен тікелей айналысқан ғалымдар, қаламгерлер шықты, аударма мәселелерін қарастырған С.Талжанов пен Н.Сағындықованың, әдеби байланыстар проблемаларына арналған И.Ғабдировтің, Қ.Кереева-Қанафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның докторлық диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа арнаулы зерттеулер жазбағанымен, аударма мәселелері ғалымдарымыз, әдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз Ғ.Мүсіреповтің, З.Ахметовтің, Ш.Сәтбаеваның, М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың, Қ.Нұрмахановтың, С.Қирабаевтың, Ш.Елеукеновтің, Р.Сыздықованың, Р.Нұрғалидың, А.Егеубаевтың, Ж.Дәдебаевтың, тағы басқалардың еңбектерінде, сын кітаптарында, мақалаларында дәйім қозғалып отырды. 2007 жылға дейін филология ғылымдарының әдебиеттану саласы бойынша аударма мәселелерін сөз еткен 2 докторлық, 28 кандидаттық диссертация қорғалғанының өзі қазақ аударматануының біраз асуларды алғанын көрсетеді. Орыс және алыс шетел ғалымдарының әдеби байланыстар мен көркем аударма проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері ретінде мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар да осы жұмыстың арқауы ретінде ұсталды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударма – лингвистика заңдылық­тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу  қарастыратын поэзиялық тәржіме – алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы – бұған дейін қазақ көркем аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы,  аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында зерттеулер, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық мәселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.

 Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:

–       тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;

–       өлең тәржімесінің өзіндік ерекшеліктерін таныту;

–       қазақ поэзия аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;

–       поэзия аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;

–       аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;

–       аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;

–       аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;

–       тәржіме тағылымдарын қорытындылау.

Зерттеудің нысаны. Диссертациялық жұмыста қазақ өлең аудармасының қалыптасу, даму белестері мүмкін болғанынша түгел қамтылады. Поэтикалық тәржіменің жалпы тарихына қысқаша шолу жасау, аудармаға әр замандағы көзқарастарды саралап айту арқылы өлең аудармасының барлық тілдерге ортақ заңдылықтары ашылып, өзіндік қасиеттері, мүмкіндіктері көрсетіледі. Зерттеудің басты нысаны – ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдағы поэзия аудармасы. Сонымен бірге, қазақ тіліне арғы-бергіде аударылған өзге туындылар да қарастырылды.

Зерттеудің пәні. Бұрынғы ғасырлардағы арқауы өзге тілдердегі, ең алдымен түркі, араб, парсы тілдеріндегі шығармалардан алынып, негізінен нәзира түрінде қазақшаға түсірілген қисса, дастандарды айтпағанда, жаңа жазба әдебиет берік орныққалы бергі соңғы бір жарым ғасыр аясында қазақтың поэзия аудармасы мол қазына жинады. Әлем әдебиетіндегі атақты ақындардың әйгілі шығармалары туған тілімізге тәржімеленіп, сөз өнеріміздің қоржынына қосылды. Соңғы бір ғасырға жуық уақыт аясында бұл жұмыс мемлекеттік деңгейде атқарылып, жүйелі, мақсатты сипат алды. Өлең аудармасына қазақ жырындағы таланттардың бәрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық поэзиямыздың көркемдік құралдары анағұрлым молыға түсті. Тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған орыс халқының төл поэзиясынан аударма жасау кең құлаш жайды. Орыс тілі арқылы сол тілге аударылған әлем поэзиясының, күні кешеге дейін бір елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан ықпалдастық жіптерімен жалғасып жатқан мемлекеттердің өлең-жырларының таңдаулылары тәржімеленді. Тәржіменің түр-түрі шығып, туыстас түркі тілдерінен ғана емес, өзге топтардағы тілдерден де тікелей аудару тәжірибеге ене бастады. Бұл қазынаны мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар айырығында талдап, таразылаудың әбден жөні бар.

Зерттеуде қолданылатын әдістемелер негізі. Зерттеуде негізгі тәсіл ретінде аудармалардың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған. Диссертация авторының шамасы келгенінше, өзбек, қырғыз, татар тілдеріндегі аударма туындылар мәтіндері қатар қарастырылып, қазақша аудармалардың жетістік-кемістіктері туыстас тілдердегі тәржіме тәжірибесімен салғастырыла зерттелді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұған дейін көркем аударма мәселелері көбінесе әдебиеттану, тіл білімі тұрғысынан ғана қаралып келсе, бұл еңбекте аударманың психологиямен, социологиямен, социопсихологиямен, психолингвистикамен, компаративис­тикамен, герменевтикамен, тілдік коммуникациямен тікелей байланыстылығы сөз етіледі. Аударманың эстетикалық құндылығы мәтіннің өзінен толық таныла қалмайтыны, түптеп келгенде оның бағасы реципиенттің қалай қабыл алуына байланысты екендігі, ал мұның бәрінен бұрын қоғамдық сұранысқа тәуелділігі дәлелденеді. Тәржіме туындысының қалай жасалғанымен қатар қашан жасалғаны да маңыздылығы ашылады. Қазақ тілінің қабылдампаздығы қазақ ділінің қабылдампаздығынан шығатыны, мұның өзі тарихи тұрғыдан қысқа ғана кезең аралығында қазақ әдебиетінің қазынасына әлемдік классиканың інжу-маржандарын қосуға мүмкіндік берген басты факторлардың бірі екендігі көрсетіледі.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі қазақ өлең аудармасының эволюциялық жолы бүкіл әлем әдебиетіндегі тәржіме тарихымен тұтастықта қаралатындығынан да танылады. Кәсіби аударма өмірге келгелі бергі бір жарым ғасырға да жетпейтін уақыт аралығында ұлттық сөз өнері қандай бояулармен байығаны, тілдік тұрғыдан толысқаны, көркемдік құралдарының молайғаны дәлелденеді. Диссертацияда әлемдік әдебиеттануда қалыптасқан, әсіресе кейінгі жаңаша ойлау кезеңінде ғылыми айналысқа түсірілген көптеген еңбектердегі түрлі тұжырымдар мен ғылыми-теориялық еңбектерді орынды пайдалана отырып, бүгінгі әдебиеттану ғылымы деңгейіндегі талаптарға сай келетін өзіндік тұжырымдар ұсынуға ұмтылыс жасалды.

Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:

1. Тәржіме жаңа тілдің төл табиғатынан жаратылған туындыға айналғанда ұлттық сөз өнерінің қазынасына қосылады, аударма туынды аударылған тілдің туындысы саналуға тиіс.

2. Тәржімеленетін мәтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір мәдениеттен бір мәдениетке (кейде бір өркениеттен екінші бір өркениетке) көшіріледі. Ал аударманың өзге лингвомәдениетке сіңісуі, қабылдануы осы үдерістің табиғи түрде, жатық жүруіне байланысты.

3. Аударма өнері төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға, көркемдік кестесін кемеліне келтіруге көп көмектеседі, өйткені, толыққанды ұлттық әдебиет саласы аударма әдебиетінсіз кемелденбейді. Бұл, әсіресе, ұлттық мәдениеттер үшін бетбұрысты белестерде айқын көрінеді. Егер төл әдебиеттегі көркемдік ізденістер кенжелеп қалса, тәржімедегі табыстар да қомақты болмайды және аударма өнері дамымаған елдердің өз әдебиетін ойдағыдай өркендетуі де қиын.

4. Тәржімеленген туынды ұлттық әдебиеттің төл туындысындай оқылуға тиіс деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның өзі тілдің жатықтығына байланысты айтылуы керек. Мұндай жағдайда аударылған шығарма ұлттық өлең өрнегін өзгеше бояулармен, бедерлермен байытуға тиісті.

5. Кеңестік әдебиеттануда орныққан аударуға көнбейтін шығарма жоқ, бәрі тек шеберлікке байланысты дейтін былайша қарағанда көкейге қонымды, бірақ аударма өнерінің, жалпы тіл табиғатының бүкіл диалектикасын толық ескермеуден шыққан тұжырым біржақты, себебі сан түрлі себептерге байланысты ұлттық реципиент қабылдамайтын туындылар да болады, сондықтан аударма ісін ұйымдастыруға мемлекеттік тұрғыдан көзқарас қажет.

6. Аударма өнері – ең алдымен қоғамдық құбылыс, сол себепті ол тек  лингвистикалық, әдеби-тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан да зерттелуі қажет. Тәржіметану пәнаралық сипат алғанда ғана нәтижелі болмақ.

7. Тарихи тұрғыдан аз ғана уақыттың аясында қазақ поэзия аудармасында әлемдік өлең тәржімесі өнеріндегі әдіс-тәсілдердің бәрі дерлік орын алған. Оған қоса ұлттық ерекшелігімізге сай ауызша көркем аударма дәстүрі де қалыптасқан. Тәуелсіздік жылдарында ғылыми айналымға түскен аударма сипаттағы хикаялық және діни дастандар алғаш рет талданып отыр.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы. Диссертациялық жұмыс М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінде, ғылыми кеңесінде және диссертациялық кеңесінде талқылаудан өтті. Зерттеудің басты-басты қорытындылары мен тезистері бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып, пікір алмастырылды. 

Зерттеудің теориялық маңызы. Еңбекте нақты аударматану мен аударма теориясы біртұтастықта – аударма туралы ғылым ретінде қарастырылған. Диссертация кейінгі жылдарда ТМД елдерінде тәржіметануға тың тұрғыдан қараған теориялық еңбектерді, сондай-ақ орыс тіліне ағылшын, француз, неміс тілдерінен аударылған осы тақырыптағы зерттеулерді алғаш рет қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсіріп отыр. Зерттеуде жалпы лингвистикалық аударма теориясы мен аударманың арнаулы теориясының бірін бірі қалай жалғастырып, қалай толықтыратыны көрсетілген. Еңбек аударма өнерін негізінен әдебиеттану еншісі ретінде тани отырып, оның тілтанудың фонетика, грамматика, лексикология, стилистика сияқты арналарымен тікелей байланысты екенін дәлелдейді.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарына, мектептерге арнап оқу құралын, оқулықтар жазуда, қазақ әдебиетінің тарихы бойынша арнаулы курстар жүргізуде өзінің нақты пайдасын тигізеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерінің аударма тарихын зерттеушілерге, жоғары оқу орны оқытушыларына, ізденушілерге, аспиранттар мен магистранттарға теориялық-практикалық көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі бағыттарының жарияланымы. Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері автордың “Біздің Пушкин”, “Вер бана ат. Пушкинтану парақтары”, “Коран и Пушкин”, “Төлтума мен телтума” атты кітаптарында, бірқатар ұжымдық жинақтарда, ғылыми басылымдарда, журналдарда қазақ және орыс тілдерінде Астанада, Алматыда, Мәскеуде шыққан 40-тан астам мақалаларында жарияланған. Диссертанттың  Пушкин шығармаларының қазақшаға аударылу мәселелерін қозғаған мақалалар сериясы 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына ие болған, пушкинистика саласындағы еңбектері 2006 жылы Ресей сөз өнері акаде­миясының “Ревнителю просвещения” медалімен атап өтілген.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде зерттеу тақырыбының жалпы сипаттамасы, өзектілігі, зерттеудің дереккөздері, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің негізгі нысаны, жұмыста қолданылған әдістемелер негізі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы, жұмыс нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы туралы мағлұмат беріледі.  

“Аударматанудың теориялық проблемалары”  деп аталатын бірінші тарау 3 тараушадан тұрады. Оның “Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні” деп аталатын бірінші тараушасында аударманың адамзат өміріндегі алар орны сипатталады, тәржімеге берілетін анықтамалар айқындалады.

Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Танысудың осындай жолы – көркем аударма. Басқа тілде сөйлейтін басқа халықтың жан әлемін, оның мәдениетін, атап айтқанда, көркем әдебиетін аударманың көмегі арқылы танып-білуге болатындығын әртүрлі елдер халықтары қарым-қатынасының бүкіл тарихы растап береді. Әрине, аударманың бәрі бірдей таным нысанын, яғни түпнұсқаны толық бейнелей бермейді. Көркем аударма – бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі, ал көркем аударма теориясы, іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі жинақтай келіп, осы үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің сипатын, сондай-ақ аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын құралдардың сипатын анықтаумен айналысады. Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен еркін баян болуы да мүмкін. Осы екі ұстанымның басын қосып, аударманың аңсар тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дәл әрі көркемдік тұрғыдан толыққанды аударма болып табылады деп пікір түюдің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ аудармашы аңсар тұтатындай мұндай толық тоғысудың болуы іс жүзінде мүмкін емес: нақты бір ойды жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше құралдар қолданады. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.

Тәржіменің қоғамдық сұранысқа тәуелділігі – басы ашық жай. Басқа жағын былай қойғанда, кез келген аудармашы (бүгінгі заман аудармашыларын айтамыз) өз жұмысының жарияланатындай болуын ойлайды. Ал ненің жариялануы, ненің жарияланбауы, көбіне-көп, ненің қажет етілетіндігіне байланысты. Қоғам қажет еткен дүние әдетте, прагматикалық тұрғыдан десек те, дұрыс қабыл алынады. Әр заманда, әр қоғамда аудармаға әр түрлі ақындардың таңдалатыны сондықтан.  Жаңалықтар да көбіне қоғамдық сұраныс соны қажет еткен кезде жасалады. Бұл мәселенің тағы бір қыры мынада. Аударылатын туынды ұлт әдебиетіне қажет болуға тиіс. Өзіңде бар нәрсені өзгеден іздемейсің. Демек, аудармашы таланты оның қоғамдық сұранысты сергек сезінуінен, оқырманның нені қажет ететінін дәл болжай білуінен де көрінеді.

Бүгінде бүкіләлемдік бәсеке қалыпты жайға айналды. Елдер бәсекесі тілдер бәсекесіне қозғау салмай қоймайды. Қазақ тілінің сол бәсекеде шыдас беруі үшін оның мол мүмкіндігін дәйім дәлелдеп отыру қажет. Мұның бір жолы – көркем аударма. Бүкіл әлем кітаптан бетін әрі бұрып бара жатқан мына заманда бізде бөлекше құбылыс бой көрсете қалады екен деп үміт етудің  жөні жоқ. Ендігі жерде Мұхтар Әуезов айтатын әдебиет әдебиет үшін деген талапты да еске алған артық емес. Бұл ең алдымен тіл өнерінің аударма саласында байқалса тіпті жақсы. Қазіргі аудармалар ең алдымен қазақ тілінің қамы, болашағы үшін жасалуы керек. Аударма кітаптар арқылы қазақ оқырманы мемлекеттік тілдің мүмкіндігін нақты көретіндей болуға тиіс. 

“Аударма – ғылымның объектісі” атты екінші тараушада диссертант аударманың қай ғылымның қарауына жататындығы жөніндегі белгілі пікірталасқа өз ойын қосады. Көркем аударма – лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы көркем әдебиеттің міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. “Кез келген аударма бес қаруы бойында лингвистикалық дайындықпен жасалған мәтінге филологиялық талдаудан басталып, әдеби шығармашылықпен бітуге тиіс” [1, 3 б.].

Еңбекте көркем шығарманы аударуға болады немесе болмайды деген ескі дауға байланысты да біршама ойлар ортаға салынған.  Ойлау категорияларының әмбебаптығы сол ойды жеткізу тәсілдерінде де ортақтық орнатпай қоймайды. Капитализм әлемімен кез келген мәселеде тіреске түсу, буржуазия өкілдерінің кез келген сөзін қалайда теріске шығару әдеті, кешегі кеңестік кезеңде Батыс елдерінде белең алған “шығарманың бәрі бірдей аударуға көне бермейтіндігі” жөніндегі теорияның “тиянақсыздығын” дәлелдеуге ұмтылыс түптің түбінде аударманың бағын ашуға септігін тигізді. Кеңестік аударма мектебі әлем әдебиетінің ең қиын, ең күрделі туындыларына да қол артты. Аударуға болмайды деген шығармалар мен аударудың қажеті жоқ шығармалар дегеннің ара-жігін де ажырату жөн. Әдебиетте әу бастан тек сөзді ойнатуға немесе сөзбен ойнауға құрылған туындылар да жетіп жатыр. Аударуға болады, аударуға болмайды деген ескі даудың бір дауасы – қаламгердің туған тілдің мүмкіндігіне кәміл сенуі. Н.Любимов аудармашы өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: “Бәрінен бұрын – орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, өзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес” [2, 141-142 б.]. Бұл сөзді орыс тілінің орнына қазақ тілі деп қойып алып, өзімізге айтудың да әбден реті бар.  “Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны “мәртебелі ғылымның” назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару – түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді” [3].

“Көркем аударма – әдеби шығармашылық” атты үшінші тараушада өлең тәржімесінің өзіндік ерекшеліктері ашылады. Әр аударма, шынтуайтында, өзінше эксперимент. Кез келген туынды автор қолымен дүниеге келген қайталанбас дүние. Ол жақсы болар, жаман болар, авторы талантты болар, талантсыз болар – бәрібір, бұрын мұндай шығарма жазылмаған, енді қайтадан дәл осындай шығарма жазылмайтыны тағы рас, демек, қайталанбас дүние. Аударма сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанған нұсқасын жасауы, яғни басқа тілде дүниеге қайта әкелуі керек. Көркем аударма ұғымының өзі өнердің барлық түрінің ішінен тек сөз өнеріне қатысты. Кескіндеме, мүсін өнеріне, биге, музыкаға аударма керек емес, белгілі бір дәрежеде киноны да түсінбейтін тілде көріп, ұзын-ырғасын ұғып шығуға болады. Ал түсінбейтін тілдегі әдеби шығарма тек әріптер мен тыныс белгілер жиынтығы ғана. Оған жаңа өмір сыйлайтын адам – аудармашы. Бір тілде туған өнер гүлін басқа топыраққа алып келіп қондыра салуға болмайды. Жалпы, оны сол топырақтан суыруға болмайды. Аудармашы сол гүлдің дәнін алғандай абайлықпен жаңа топырақта жаңа гүл өсіріп шығаруы керек. Жаңа топырақ дегеніміз – жаңа тіл. Көбіне – атымен жаңа тіл.

Аударманың ұлттық сөз өнеріне қандайлық табиғи кірігіп кетуі мүмкін екендігін зерттеуші көп уақыт Асан Қайғы толғауы делініп келген  өлеңнің (“Таза, мінсіз асыл тас”) ХІХ ғасырдағы орыс ақыны Юлия Жадовскаядан Ахмет Байтұрсынов жасаған аударма болып табылатынын [4] мысалға келтіре отырып дәлелдейді. Мұның өзі аударманың керемет мүмкіндігіне де нақты айғақ.

Аударма – уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін.  Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді делінеді. Аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Ол ұлттық өлең мектебінде тәрбие алған оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дәстүрлерді ескермей отыра алмайды. Аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, күнес биіктерге көтеріп жатса ғанибеттің ғанибеті. Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің өлең өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі өлең өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал.  Зерттеудің өн бойында жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде өлеңді аударуға бола ма, аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген тұрғыда нешетүрлі пікірлер келтірілген. Солардың көбі өлең аудармасы әрі кетсе түпнұсқаға жақындай алады, өте-мөте жақындай алады, тіпті деңгейлес шығатындары да болады дегенге саяды. Ал дұрысында өлең аудармасында түпнұсқадан асып түсу кездеседі әрі проза аудармасынан гөрі көбірек кездеседі. Зерттеуші бұған нақты мысалдарды орыс әдебиетінен де, қазақ әдебиетінен де келтірген. Бұл арада негізгі мәселе – тәржімеші тұлғасы.

Тәржіменің ғажап қасиетін мынадан білуге болады. Адам ойы деген атқан оқтай түзу, төселген тақтайдай тегіс нәрсе емес. Бір ойдың өзі бір тілде қағазға түскенде бар қырын бірден аша салмайды, бәлкім, тіпті аша алмайды. Әлем әдебиетінің айналымына түскен туындылар сан түрлі тілдерге аударыла-аударыла жүріп, мәтіннің қатпар-қалтарыстарындағы астар, емеуріндер табыла беруі де мүмкін. Тіпті бір ойдың төл тілдегі көмкерілген түрінен гөрі басқа тілдегі көмкерілген түрі сәттірек болып шығуы да ғажап емес. Олай болмаған күнде де әр аударма сайын қайта бағамдалудың өзі шығарманың бойына жасырылған жұмбақты шешуге, көркемдік кестелерін жаңаша жайып көрсетуге көмектесетіндігі анық. Аудармаларды оқу, салыстыру, зерттеу арқылы біз түпнұсқаның өз бойындағы қасиеттерге ерекше, тың көзбен қараймыз, жаңаша бағалаймыз, оның соны қырларын, бұрын байқамаған бояуларын ашамыз. Мәтінге қайта-қайта үңіле жүріп, түпнұсқаны оқыған тұстағыдан да гөрі зеректік танытамыз. Сол әдебиет нұсқасы жасалған елдердің өкілдері де біздің ақынымыз немесе жазушымыз қалай аударылып жатыр екен өзі, деңгей-дәрежесі төмендемей жеткен бе деп салыстыру арқылы да туған әдебиетінің қазыналарына бұрынғыдан ұсынықтылау қарай бастайды.

Диссертацияда қазақ ақындарының тәржіменің түр-түрін игергені көрсетіледі. Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайдың бірі – сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орысшасы арқылы жасап келгендігіміз. Әрине, негізгі аударма орыс тілінен болғаны түсінікті. Соның ішінде орыс поэзиясынан басқалары – тәржімеден тәржімелеу. Егер біз тәржімеден тәржімелеуден атымен бас тартар болсақ, онда көп қазынадан құр қалар едік. Бұл тәсілден бас тартса орыс поэзиясы да жұтаң тартып тұрар еді. Ол тілдегі ең ғажап аудармалардың көбі классикалық дүниелердің жолма-жол тәржімесі арқылы жасалған. Солайы – солай. Бірақ солай екен деп алдағы кезде де Батыс, Шығыс поэзиясының асыл үлгілерін түпнұсқа тілін білмегенімізге бола орыс тіліндегі нұсқасынан ғана аудара беру де жарамсыз жол, түптің түбінде тұйыққа тірейтін тәсіл. Ол аудармаларды жасау барысында біраз дүние өзгеріске түскені, біраз нәрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні тағы сөзсіз. Бұл – тым көп шығын.

Әдебиетте көп нәрсе шартты. Өлшемдер өзгермелі. Талғам туралы таласпайды. Өнерге нөмір жүрмейді. Әйтсе де, сөз ұстаған ұлылардың қайсысы әлем әдебиетіне көбірек ықпал жасады, оның адамзат өркениетіндегі алар орны қандай дегенде алдымен айтылатын бір өлшем бар: ол – шығармаларының қанша тілге аударылғандығы. Тәржіменің саны талантқа ең әділ таразы бола бермейтіні рас. Әсіресе, қазіргі заманда өз шығармасын аудартуға алдымен пысықайлардың қолы жететіні де рас. Сонда да бұл көрсеткішпен санаспау мүмкін емес. Әдебиеттің әйгілі шығармаларының шет тілдердегі таралымы түпнұсқа тіліндегісін кейде он орап кететіні көп жайды аңғарта алады.

Тәржіме теориясына байланысты өз шешімін күткен мәселелер әлі де баршылық. Бүкіл әлемде осы тақырыпты жан-жағынан қаузаған мыңдаған мақалалар, жүздеген монографиялар жарық көре тұра, әлі күнге ортақ терминологияға  тоқтам жасалмай отыр. Ю.Оболенская “аударма” және “аударма үдерісі” секілді түйінді ұғымдардың өзінің басы ашылмағанын жазады [5, 5 б.]. Тәржіме – әдебиет аясынан да, жалпы мәдениет аясынан да шығып кететін күрделі құбылыс. Зерттеуде аударма әр қырынан – лингвистикалық (психолингвистикалық), әдеби-тарихи, мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, ақпараттық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан – қарастырылады.

Мәдениеттердің үнқатысуы аудармасыз жүзеге аспайтыны әр аударма түпнұсқаның жаңа байыптамасы болатындықтан ғана емес, мәселе әр аударма түпмәтінге жаңа өлшем алып келетіндігінде. М.Бахтин былай деген: “Өзге мәдениет басқа мәдениеттің көзімен қараған кезде ғана өзін толығырақ, тереңірек таныта алады... Бір мағына екінші, басқа мағынамен бетпе-бет келгенде өзінің терең сырын ашады: олардың арасында сол мәдениеттердің томаға-тұйықтығы мен біржақтылығын еңсеретін үнқатысу басталғандай болады” [6, 334-335 б.]. Толыққанды ұлттық әдебиеттің толыққанды аударма әдебиетінсіз кемеліне келмейтіні сондықтан.

Диссертацияның “Тәржіменің тарихы мен тәжірибесі” аталған екінші тарауы 6 тараушадан тұрады. Мұнда зерттеуші аударма тарихын жалпыадамзаттық ауқымда қарастырады. Аудармаға идеологиялық әсер-ықпалға байланысты көптеген мысалдар келтіріледі. Аударма саясатының толығымен мемлекет қолында, идеологиялық мекемелердің билігінде болуы белгілі бір дәрежеде аударылатын шығармалардың аясын да тарылтқандығын атап айтқан жөн.

“Көркем аударманың алғашқы үлгілері” атты бірінші тараушада зерттеуші тәржіме тарихын түзетін тұста қазақ аудармасының шежіресіне орай бірқатар тың тұжырымдарды ортаға салған. Аударма қазақ даласында атам заманнан болған. Түркінің “тілмаш” деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың “толмачы” шыққан [7, 72 б.]. Ұлы Жібек жолының алтын арқауы – аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің “Гүлстанын” ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Тұрсынбек Кәкішевтің: “Алтын Орда дәуіріне біз түгелдей ортақпыз. Ал оның негізгі әдеби тілі – қыпшақ тілі болса, онда қазақ даласы мен тілі жетекшілік сипатқа ие болғанынан қашсақ та құтыла алмаймыз” [8, 31 б.] деген пікірін есте ұстау жөн. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады. Бұларды аударманың балама түрлері, танымал шығарманы жаңа тілде жеткізудің жолдары ретінде қарастырған орынды.

Қазақ көркем аудармасының тарихын жазу үшін біз міндетті түрде әлемдік аударма тарихындағы үрдістер мен үдерістерді ой елегінен өткізуге тиіспіз. Аударма тарихы, оның бел-белестері, даму эволюциясы жөнінде сөз еткенде біз бұл бағытта терең зерттеулері бар орыс әдебиеттануын айналып өте алмаймыз. Сондықтан да еңбекте жалпы аударма тарихына қатысты мәліметтер көбірек ортаға салынып, орыс тілінде жарияланған тәржіметанушылық зерттеулерге жиі-жиі сілтеме жасалды. Бұлай еткенде оларды қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсірудің артықтық етпейтіні де есте ұсталды.

Төл әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігін ескере келіп, ауызша тарап жеткен көркем сөз мұраларымызды әдебиетіміздің тарихына жатқызамыз. Сондықтан ауызша жеткен аудармаларды аударма тарихына жатқызудың жайын ойластыру керек болады. “Әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың арасындағы алғашқы байланыс ауызша болғанына күмән жоқ. Тегінде, аударма ұзақ уақыт бойы қағазға түспей келсе керек. Бізде ауызша аударма кезеңінен қалған ешқандай белгі жоқ. Алайда, тарихи мәліметтер, сондай-ақ халықтар арасындағы әрқилы байланыстардың есте жоқ ерте замандардан келе жатқанын пайымдау ауызша аударма жазу шыққанға дейін болған деп болжауға мүмкіндік береді” [30, 52 б.]. Біздің, ауызша әдебиетпен ауызданып өскен халықтың, бүкіл тарихы ауызша жеткен халықтың күні кешегі ауызша аудармаларын неге назардан шығаруға тиіспіз? Соның бірі – Абайдың ауызша аудармашылығы. Темірғали Нұртазиннің “Жер жүзі мәдениетін елге шашудың бір саласы ретінде Абай бұрынғы ертегі, қиссаның орнына сюжетті романдарды әңгіме етіп айтып береді, төңірегіндегі ақын-әншілер арқылы халыққа жаяды. “Шахнама”, “Рүстем-Дастан”, “Үш мушкетер”, “Жиырма жыл өткен соң”, т.б. Абай аузынан таралып, қырық елдің қиырына жайылып кеткен” [31] деген пікірі ғылыми айналымға қайта қосатындай құнды пікір.

Әр халықтың жазба әдебиетінің қалыптасуы оның аударма әдебиетін де қатар қалыптастыра бастайды. Бұл әдебиет әуелде төлтума шығармашылықпен қойындасып, араласып кетеді, жазба мәдениеті бұрынырақ орныққан алыптардың тақырыптық сарындарына, оқиғалық желілеріне арқа сүйеп, дамиды. Әуелгі бетте төлтума мен телтуманың ара-жігі ажыратылмай жүрсе, төл әдебиет кемеліне келген сайын аударылған шығармалар отау үйдей бөліне береді де, енді оның өзінің дәстүрлері қалыптаса бастайды.

“Аударманың шарттары мен түрлері” атты екінші тараушада аударманың бел-белестері, даму эволюциясы сөз етіледі. Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш салатындығында. Дегенмен, әр нәрсенің өз жөні бар.  Шығармашылықта еркіндіксіз болмайды. Аудармашының еркінсіп кетуі – ерсілік. Бәрі өлшеміне байланысты. Еркін аударманың  хрестоматиялық мысалы, классикалық үлгісі – Лермонтовтың Гетеден аударған “Тау шыңдары”. Гетедей алыптан алшақтаған, өз бетінше кеткен деп осынысы үшін Лермонтовты айыптау ешкімнің ойына келмейді. Еркін аударманың ерен түрін Абайдан да табамыз. Абайдың “Евгений Онегиніндегі” талай тұс сондай. Абай еркіндігі оған Пушкин романын арқау ете отырып төлтума дейтіндей туынды шығаруға мүмкіндік берді.

 Қазақ әдеби аудармасында әлемдік тәржіме өнеріндегі әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік кездесетіні назар аударарлық. Солардың арасында бұрыннан бары – бейімдей аудару (адаптация). Оның мәнісін Мұхаметжан Сералиннің “Айқапта” басылған “Рүстем-Зорапқа” түсініктемесінен тәп-тәуір тануға болады: “Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына “Рүстем-Зорап” қиссасы фарсы тілінде жазылған атақты “Шахнама” деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры “Рүстем-Зорап” қиссасын “Шахнама” деп алып, бір жағы тәжірибе, бір жағы ұйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846-1847 жылдары өлең қылып, арттырып, кемітіп, қалыбына лайықты етіп (астын сызған біз – С.А.) істеп шығарған. Мен оны шамамның келгенінше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған қалыбынан дым алыстатпай аударуға тырыстым” [9, 212 б.].

Еліктеуді толыққанды, дербес әдеби жанр ретінде тану керек, жекелеген шумақтарда кездесетін сіңіру мен тікелей реминисцен­цияның аударма ретінде қаралуы жөнсіз. Мағжан Жұмабаевтың Феттен жасаған аудармасы ретінде қаралып жүрген (“Жүрек мас”) өлеңі шындығында орыс ақынының әсерімен, еліктеу түрінде жазылған төл туынды.

Диссертацияда сөзбе-сөз аударманың қазақ өлең тәржімесіне жасаған теріс ықпалы нақты мысалдармен дәлелденеді. Сонымен бірге сөзбе-сөзшілдікті, әріпшілдікті жерден алып, жерге сала берудің де жөні жоқ. Әріпшілдік – ғылыми ұғым. Оның да өзінің жөн-жобасы, жолы-жосығы бар. Егер аударма тарихында әріпшілдік әдісі болмағанда аудармадағы дәлдік те дәл қазіргі деңгейінде болмас еді. Аударма әдебиетінің құрылымындағы заңды элемент ретінде әріпшілдік өз қызметін атқарды. Негізінде, әріпшіл аударманың тәржіменің басқа түрлеріне дес бермей кететін тұстары көп-ақ. Мысалы, саяси құжаттар, әсіресе дипломатия саласының аударма ісінде әріпшілдіктен артық, әріпшілдіктен сенімді ештеңе жоқ. Ал поэзияға келгенде де әріпшілдік әдіспен жасалған аудармалардың өзіндік орны ерекше болатын жайлары кездеседі. Саймасай (эквивалентті) аудармаға тиісінше көңіл бөлінген. Саймасай аудармада мәтіннің негізгі күш түсетін тұстарын (доминанттарын) сақтау мақсатында саналы түрде жоғалтуға көнуге тура келеді.  “Эквивалентті” сөзінің әу бастағы латындық этимонын еске түсіріп қойған да артық емес: “эквивалентті” – “күші тең” деген сөз. Яғни, аудармашы шығарманың оқырманға әсер күшін тең сақтауға ұмтылуы керек. Саймасай аударманың барабар (адекватты) аудармадан негізгі айырмашылығы да түпкі нәтижеге бағдар ұстайтындығында. “Барабарлықпен салыстырғанда саймасайлық түпкі нәтижеге көбірек бейім тұрады” – Л.Нелюбиннің “Тәржіметану түсіндірме сөздігінде” [10] осылай делінген. Саймасай аударманың денодаттық, коннотациялық, мәтіндік-нормативтік, прагматикалық, формалық түрлері болады, солардың бәрінің де тірелер жері – бір-біріне теңдестірілген бірліктердің мағыналық ортақтастығы.

Еңбекте көп назар аударылған тақырыптың бірі – қазақ поэзия аудармасындағы әдіс-тәсілдердің эволюциясы. Қазақ аудармасы да негізінен еркін аудармадан басталған. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын ғана жеткізуге күш салатындығында.            Еркін аудармадан әріпшіл, яғни сөзбе-сөз аудармаға көшкен кезеңді толықтай кері кету деп санау жөнсіз. Әріпшіл аударма болмаса еркін аудармадан барабар аудармаға бірден секіріп өту мүмкін де емес еді. Осы арқылы өзге тілдегі туындыларға абайлап, ықтияттап қарауға көшу рецепцияның жаңа белесінің көрінісіне айналды. Саймасай аударманың жиырмасыншы ғасырда біржола орнығуына адамзат санасына нақтылықтың біржола кірігуі де үлкен себепкер болды. Қай салада да ғылыми дәлдік, қай тақырыпта да ауа жайылмай сөйлеу талап етілетін жаңа заман аударма өнеріне де өзіндік ықпалын тигізбей қоймады.

Эволюциялық тұрғыдан барабар (адекватты) аударма ең жоғары сатыда тұрғаны дәлелденеді. Барабар аудармада түпнұсқаның ерекшеліктері мен мазмұнын, оның тілдік пішінін аударма жасалатын тілдің құрылымын, стилін, лексикасы мен грамматикасын тілдің мінсіз дұрыстығымен үйлестіре отырып ескеру арқылы дұрыс, дәл және толық беру талап етіледі. 

Зерттеуші аударма терминологиясына байланысты нақты ұсыныстар айтқан. Жолма-жол аударманы атымен мансұқтай сөйлеудің жөнсіздігі дәлелденеді. Жолма-жол аударманың көптеген кемшіліктерімен қатар даусыз бір артықшылығы бар, ол артықшылығы – түпнұсқадан тікелей жасалатындығы. Жолма жол (подстрочный) аударма мен жолына жол (строка в строку) аударманың арасын ашып алу керек. Жолма жол аударма деп түпнұсқаның мәтінін егжей-тегжейіне дейін, дәлме-дәл түсіріп беретін сөзбесөзге жақын аударманы айтамыз, ал жолына жол аударма – түпнұсқаның жолына тәржіменің жолы тап түсетіндей етіп аудару. Өлеңде жолына жол келтіре тұрып шебер шығару, жатық жеткізу болмайды емес, болады.

Тәржіменің түр-түріне тоқталғанда, көне тілдерден бүгінгі тілдерге, бір тілдің ескі нұсқаларынан қазіргі тілге аударуды айтқанда, бұл құбылыс бізге қатыссыз сияқты сөйлейтініміз бар. Қадым замандарда дүниеге келген фольклорлық шығармаларымызда қазіргі қазақтар түсінбейтіндей сөз кездеспейді, мұның өзі тілдің тазалығының, халықтың бірлігінің белгісі деп жатамыз. Негізінде, бұл ғылыми сипаттағы тұжырымға жата қоймайды. Бағзыдан жеткен дастандардың тілі бүгінгі әдеби тілімізден аумай тұрса, ол сол шығармалардың ауызша жеткенінің арқасы алдымен. Біздің фольклордың ғажайып көркемдігінің бір сыры да ғасырлар бойы айтыла-айтыла әбден ұштала-ұштала түскенінде, дамылсыз редакцияланғанында. Ол ұлы редактордың аты – халық. Бұл мұрамыз ғой, оны сол күйінде ғана айтуымыз керек қой деген ұғым болған жоқ ол кезде. Ал заманында тасқа қашалған, бертінде қағазға түскен халық мұрасын осы заманғы тілде қайта сөйлету дәстүрі бізде де бар.

Еңбекте тәржіменің ұлттық поэзияда тың түр табуға жасаған ықпалы нақты мысалдармен дәлелденген. Шалыс ұйқас біздің өлеңімізге Абайдың Пушкиннен жасаған аудармалары арқылы енсе, он буынды өлең Қасым Аманжоловтың Шевченко жырларын тәржімелеуі арқылы орныққан.

Поэзия аудармасына қойылар талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сөзбе-сөзділіктен қашу, жолма-жолдылықтан қашу, шығармашылық еркіндікке құлаш ұру сияқты болып келеді. Бірақ, осы айтылғаннан өлең аудармасында сөзбе-сөздік дәлдік, жолма-жолдық көркемдік болуы мүмкін емес деген ой шыға ма? Шықпайды. Бәрі де таланттың қолында. Шын талант өзге біреу сірестіріп қоятын сөзбе-сөзділіктің өзін сырлы сұлулыққа суара алады, шын талант өзге біреу жабыстырып қоятын жолма-жолдылықтың өзін жарасымды жымдастырып жібереді. Бұл орайда Ғали Орманов аударған Пушкиннің “Қысқы жол” өлеңі нақты мысал бола алады.

 

Сквозь волнистые туманы

Толқынға ұқсас тұманнан

Пробирается луна,

Ай ақырын шығады;

На печальные поляны

Төңірекке мұңайған

Льет печально свет она.

Мұңды сәуле құяды.

По дороге зимней, скучной

Қысқы жолда жабырқау

Тройка борзая бежит,

Келеді аттар бұлдырап;

Колокольчик однозвучный

Жалғыз үнмен қоңырау

Утомительно гремит

Қажытады сылдырап.

 

Тәржіме тәжірибесіне талдау жасаған тұста аудармашы жұмысының бүкіл үдерісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінген. Әуелгі бетте түпнұсқаның мазмұнын, оның семантикалық және стилистикалық құралдарын жан-жақты зерделеу, өлеңнің ырғақтық, фонетикалық, синтаксистік құрылымдарын, пішінінің негізгі элементтерін айқындайтын белгілерді бөліп алу жұмысы жүрмек, онан кейін аударма тілінде түпнұсқаның маңызды қырларын қайта қалпына келтіруге теңдес құралдарды іздестіру басталады. Мұнан соң түпнұсқада о баста бөле көрсетілген белгілерді жаңа көркемдік тұтастыққа жинақтау жүреді. Соңғы кезеңде біткен аударма түпнұсқамен салыстырылып, түпкілікті түзетулер енгізіледі. Негізінде, осы соңғы кезең өлең аудармасына онша тән емес сияқты. Түпнұсқамен салыстырып, біткен өлеңге түзету енгізу жырдың тұтас табиғатына нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Ол жұмыс поэзияда алдымен атқарылуы керек.

Адамды түсіну қандай қиын болса, оның жазғанын түсіну одан да қиын. Иржи Левыйдың: “Дұрыстап оқу – жұмыстың жартысын жасап тастау” [11, 119 б.] деген сөзі бар. Аударылатын мәтіндегі өмір болмысын дұрыс әрі терең түсіну – аудармашыға қойылар басты талап.

Аудармадағы ағаттықтардың, қателіктердің, кемшіліктердің әр кезеңдегі сипаты әр түрлі. Тәржімешінің когнитивті тәжірибесінің жетіспеуінен жіберілетін кемшіліктің бірі – тастап кету. Семантикалық деңгейдегі қателіктер өзгеру, ауысулардың, яғни трансформацияның дәл ұғынылмауынан орын алады. Олақтық, салақтықтан кететін қателіктерге де тиісінше көңіл бөлінді.

Өлең аудармасының өнері дегеніміз бір тұста ұтып, бір тұста ұтылып жүріп барып шығармашылық жеңіске жету. Әр жол сайын дөп табамын, әр жол сайын дәл түсемін деген адам дәл сол жолдарда тауып кеткендей болып көрінгенімен, шығарманы тұтастай алып қарағанда өлеңдік өзегінен айырылып қалып жатады. Белгілі бір дәрежеде “құрбандықтарға” саналы түрде бармайынша, шын мәніндегі көркем аудармаға қол жеткізу қиын. Ол үшін аудармашы өзі қолға алған шығармадағы тастап кетуге, алмастыруға болатын тұстарды бар жан-жүрегімен, бар ақыл-ойымен, бүкіл болмыс-бітімімен сезінуге тиіс. Ең бастысы – нақпа-нақ білуге тиіс. Түйсікке сене беру, шабытқа арқа сүйей беру түптің түбінде бір опындырмай қоймайтыны сөзсіз. Абзалы, аудармашының ақын ғана емес, тарихшы, этнограф, тілші, сыншы, мәдениеттанушы болып жатқаны керек. Аудармашылық өнер мен ғылымның арасында тұруға тиіс дейтініміз де сондықтан.

Реалиялар аудармаларына да назар салынған. Ең алдымен түпнұсқаның рухын дәл табу, негізгі айтар ойын дәл аңдау, басты бейнелерін дәл жеткізу шарт. Қалғаны – екінші қатардағы нәрселер. Тіпті бір қарағанда реалия сияқты көрінетін сөздердің, атаулардың өзі шындап келгенде өлең өрнегін айшықты ете түсуге, дыбыс үндестігін күшейту арқылы әсерді арттыруға қызмет етіп қана тұрғанын көреміз.

Диссертацияда рецепция проблемасына да тиісінше көңіл бөлінген. Бір қоғамның басқа елде немесе басқа дәуірде пайда болған әлеуметтік және мәдени формаларды қабыл алуы әдеби ауыс-түйістен алдымен көрінеді. Көркем мәтінді қабыл алушы, пайымдаушы ретінде аудармашының өзі субъективті тұлға екені талассыз. Әрі тәржімеші мен автордың дүниетанымында да өзгешелік болатындығы сөзсіз. Оның үстіне қабыл алушы (реципиент) – коммуникативтік актінің қатысушысы ретінде оқырманның өзі де субъективті тұлға.

Зерттеуде аударылған мәтіннің қабыл алынуында оқырман менталитетін, тіл заңдылықтарын ескерудің қандайлық үлкен орын алатыны айтылады. Қазақ тілінде орыс тіліндегідей род жоқтығына байланысты туындайтын проблемалардың өзі бірқыдыру. Мысалы, Абайдың Лермонтовтан аударған “Жартас” өлеңіндегі суреттелген жай қазақ оқырманын орыс оқырманындай толқыта қоймайды. Себебі, біз жартасты, яғни мужской родтағы “утес-ті” ер кісінің метафорасы, ал женский родтағы “тучка-ны” жас қыздың метафорасы ретінде соншалықты табиғи қабыл алмаймыз. Мұндай ойлау жүйесі бізге тән емес. Тегінде, ұлттық ойлау жүйесінен шалғай тұрған шығармалар аудармаға көнбейтін болуы да мүмкін.

Аудармадағы ағаттықтардың типологиясы екшеледі. Тіларалық омонимдер, идиомаларды берудегі қиындықтарды айтпағанда, отызыншы-қырқыншы жылдарға дейін мәтіннің мәнін дәл ұқпаудың өзі жиі кездесіп тұрды.

“Кәсіби аударманың қағидалары” аталған келесі тараушада алдымен Абайдың аудармашылық үлгісі талданады. Абайдың Пушкин романынан жасаған нұсқасының жанрлық табиғаты жөнінде қазақ әдебиеттануында едәуір материал қордаланып үлгерді.  Абай жасаған асыл нұсқаның белгілі бір анықтаманың аясына сыя қалмайтыны, қатқан қалыпқа дәл түсе қоймайтыны – ақын ұлылығының тағы бір айғағы. Шериаздан Елеукеновтің: “Хаттарда” аударма атаулының бар түрі кездеседі. Дәлме-дәл яки бара-бар, еркін тәржіма және сарындастық тәржімаға қатысты шамалы еліктеу, дербес шығармаға тән қасиеттер түгел ұшырасады” [12, 247 б.] деуі сондықтан. Қалай болғанда да Абай Пушкиннен атымен аударма жасамаған деудің реті келе қоймайды. Абайдың Пушкиннен сөздің бүгінгі мағынасындағы аударма жасамағандығы – басы ашық жай. Абай өзінің “Евгений Онегинін” туындатқан. Қалай туындатқан? Біздің пікірімізше, Абай өзінің “Евгений Онегинін” негізінен алғанда аудармалық лирика [13] тәсілімен туындатқан. Түпнұсқаға шығармашылық еркіндікпен қараған, кейіпкерлер болмысына өз байыптамасын жасаған, туындының табиғатын қазақ реципиентінің қабыл алуына лайықтап келтірген.

Абайдың “Евгений Онегиннен” аудармаларында ақынның сөз сәйкестігінің де, бейне баламалылығының да, уәзін, екпін, ұйқас, интонация барабарлығының да үздік үлгісін жасағандығына мына жолдарды орысша-қазақшасымен текшелеп қойып шыққанда да көз жетеді.

 

Но так и быть. Судьбу мою

Не болса да өзімді

 

Отныне я тебе вручаю

Тапсырдым сізге налынып

 

Перед тобою слезы лью

Толтырып жасқа көзімді

 

Твоей защиты умоляю

Есірке деймін жалынып

 

Абайдағы нақтылық, сәйкестік назар аударарлық. “Кто ты, мой ангел ли хранитель” – “Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы?”. “Ангел-хранитель” ұғымын дәл осылайша жатық жеткізу церковнославянизмдер табиғатын тамыршыдай тап басып танудың жемісі. “Или коварный искуситель” – “Әлде азғырып әуре еткен, Жаумысың теуіп таптаушы”. “Искушение” ұғымын “ азғырып әуре ету” деп алған Абай “коварный” сөзінен сол “искусительдің” тұлғаны “теуіп таптайтын” сұмдығын сезіндіреді. “Мои сомнения разреши” – “Шеш көңілімнің жұмбағын”, “Быть может это все пустое” – “Әлде бәрі алданыс”. Эквивалентті дейсіз бе, эквиритмді дейсіз бе, адекватты дейсіз бе, дәлме-дәл дейсіз бе, жолма-жол дейсіз бе, тіпті сөзбе-сөз дейсіз бе – жалпы, аударма теориясындағы талаптардың бәріне бірдей жауап бере алатын шумақтар. Ал енді “Обман неопытной души…” деген жолдан “Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс” деп шығаруға тіпті айтар сөз жоқ.

Абайдың алыптығы Лермонтовтан аудармаларынан тіпті бөлекше көрінеді. Ақын атамыз қазақ поэзия тәржімесінің шыңға шыққан шедеврлерін тап осы Лермонтовтың өлеңдерін аудару арқылы жасаған болатын. “Қараңғы түнде тау қалғып” – аудармадағы көркемдіктің, бейнеліліктің, әуезділіктің, дәлдіктің эталоны. Лермонтовтағы “тау шыңдарын” “тауға” түсіріп, асқақтаған шыңы жоқ Шыңғыс тауына келтіріп, “аңғарды” жазық “далаға” ауыстырып, Қарауылдың айналасына айналдырып жіберген данышпандығының арқасында Гете картинасы қазақ жеріне көшкен де қойған. Тегінде, Абайға Пушкиннен гөрі Лермонтов жақынырақ болған деп айтудың реті бар. Абай өз жанының қажетін Лермонтовтан көбірек тапқандай. Мұның өзі оның Лермонтов өлеңдерінің денін таза аударма күйінде шығаруынан, ал Пушкинге келгенде еркіндікке дес беріп, өз бетінше пайымдама жасауға, кейіпкерлердің мінез бітімін, кісілік болмысын өз қалауынша өзгертуге бейімдігінен де көрінеді. Пушкинге Абай жарыса сөйлесе, Лермонтовқа қосыла сөйлейді. Қазақ поэзиясы көркемдік нақтылық, бейне дәлдігі сипаттарына ие болғаны үшін Абай аудармаларына да қарыздар. 

Ұлттық мәдениеттердің бетбұрысты белестерінде аударманың алар орны арта түседі. Қазақ қауымы үшін осындай белес – Абай дәуірі. Академик Сейіт Қасқабасов дәуірге, қоғамға сәйкес белгілі бір жанрлар актуальды сипат алып, басым түсіп жататынын айта келіп, “Мысалы, ХҮ-ХVІІІ ғасырларда қазақ қоғамы мен тарихы үшін елді қорғау, жауға тойтарыс беру аса маңызды саналды”, “Сол сияқты ХІХ-ХХ ғасырларда ақындар айтысы, лирикалық жанрлар шыға бастады. Олардың басты функциясы – эстетикалық болды, бірақ басқа сипаттарын да жоғалтқан жоқ” [14, 20 б.] деп көрсетеді. Яғни, сол тұста сыртқы жаудан тыншу тапқан қазақ елі өз ішіне үңілуге, адамның жанына бойлауға, сезім жайын ойлауға мүмкіндік алған еді. Абай аудармалары қазақ тілінің ғажап мүмкіндігін көрсетіп берді. Абай өз өнегесімен қазақ әдебиетінің іргесін жоғарырақ түріп, түндігін толығырақ аша алды: мұнан былай ұлттық сөз өнерімізге сырттан самал да көбірек есетін, төбеден күн нұры да көбірек түсетін болды.

“Нәзира – аударманың өзгеше тәсілі” деп аталған төртінші тараушада тарихшылдық ұстанымына негізделген салғастырмалы-типологиялық көзқарас қай елдің де әдебиетіндегі тәржіме жәдігерліктерінің идеялық-көркемдік және эстетикалық құндылығын анықтауға мүмкіндік беретіндігі, біз әдеби байланыстар жүйесінде ненің аударма, ненің нәзира екенін мүмкіндігінше басын ашып алуға ұмтылуға тиіс екендігіміз айтылады. Алдағы кезде қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі қазіргіден тереңірек зерттеледі деп сеніммен айтуға болады. Тәуелсіздік жылдарындағы бостан сана, дінге деген көзқарастың өзгеруі, сол арқылы бұрын жабық күйінде келген, әрі барғанда Академияның қолжазба қорында сақталған діни дастандардың, қиссалардың жариялануы ендігі жерде оларды ғылыми тұрғыдан қарастыруға мол мүмкіндік жасайды. “Бұл шығармалар Алтын Орда дәуірінде өзгеше өріс алған аударма-нәзиралық шығармаларға жатады. Белгілі ғалым Алма Қыраубайқызы Алтын Орда дәуіріндегі көркем әдебиеттің екі түрін атап көрсетіп, бірінші аударма-нәзиралық шығармаларға “Хұсрау-Шырын”, “Гүлстан”, “Қисса’с-үл Әнбия”, “Қисса Жүсіп”, “Нахж-үл Фарадис”, “Жұмжұма” кітабын жатқызса, екіншісі – тың тума әдебиет үлгісі деп “Мұхаббат-наманы” атайды” [15, 17 б.].

Нәзираның бойына тән белгінің бірі – оңайлату. Бүгінгі теорияның талабына салғанда, оңайлату (упрощение) жағымсыз жайға жатады. Автордың еркіне қол сұғылады, түпнұсқа қайта пайымдалады, сюжет, композиция өзгертіледі, стилистикалық құрылым жаңарады, т.б. Қазақ даласына тараған нәзиралық шығармаларға да осы белгілер тән. Ол кездегі басты мақсат бүгінгі тілмен айтқанда интеллектуалдық элитаның аз тобына лайықталған таза тәржіме жасаудан гөрі әлем әдебиетінің тың бояуларын, терең ойларын қалың бұқараға жеткізу еді. Бұл тұрғыдан нәзира дәстүрі өзінің тарихи уәзипасын орындады деп айта аламыз.

Төл әдебиетімізде нәзира дәстүрінде дүниеге келген шығармалардың үлкен бір саласы – прозалық туындыларды жыр тілімен сөйлету. Шынтуайтына келгенде, қазақ поэзия аудармасының өзіндік ерекшелігінің келісті көрінетін бір тұсы да осы. Бұл орайда зерттеуде Абайдың Лермонтов “Вадимін” өлеңмен аудару өнегесіне тиісінше көңіл бөлінеді. Прозаға өлеңдік нәзираның біздегі әдемі үлгісін Шәкәрім жасаған. Оның “Дубровский”, “Боран” шығармалары осындай.

Бізге дастанның жанр ретінде әуелде сырттан сіңгендігі мәлім. Ал осы сіңісуде аудармаға тән белгілер болған ба? Болған. “Дастандық шығармаларды ел ішінен жинап, айтушылардан жазып алып, өзінше жөндеп баспаға жіберіп отырған бастырушылардың басым көпшілігі өз аттарын міндетті түрде мәтінге қосып отырған. Өз еңбегін олар былай бағалаған: жырладым, жаздым, шығардым, қазақшаға аудардым, қазақша жырладым, нәсірден назым еттім, көшірдім, т.б.” [16, 26 б.].

 “Пушкин шығармаларын аудару тәжірибесі” аталған бесінші тарауша ұлы ақын мұрасын игерудің бел-белестеріне талдау жасайды.  “Евгений Онегин” романының ізімен жырланған қазақ дастандары – әдебиет, мәдениет ауқымынан асып кететін, аса қызғылықты құбылыс. Қазақтың фольклорлық дәстүрінен ауызданған ақындарымыздың әлемдік әдебиеттегі теңдесі жоқ туынды – “Евгений Онегин” романын білгенінің, қадірлегенінің, соған қызыққанының, еліктегенінің, сол сарынмен дастандар шығарғанының өзі халқымыздың жақсы десе жайылып түсетін, жаңалық десе жанып түсетін ғажап қасиетінің айқын айғағы. Қазақтың дүниетанымы евразиялық санаға бейімдігінің бір белгісі.

Пушкин шығармаларының ішінде алғаш қазақша баспа бетін көргені ертегілер екені назар аудартады. 1899 жылы, Пушкиннің 100 жылдығына орай Қазандағы император баспаханасында “Балықшы мен балық туралы ертегі” басылғаны белгілі. Негізінен, қазақ өлең аудармасында Пушкин ертегілерін игеру мәселесі ойдағыдай шешілген жоқ. Олардың көпшілігі кәдімгі өлең үлгісіне, батырлар жырының сарынына түсіп кеткен. Пушкин өлеңдерінің қазақша өрімі де қазірше тұтастай алғанда көңіл көншітпейді. Ақын поэмаларындағы сиқырлы сөз сазы да қазақ ақындарына алдыртпай келе жатқан асу. Пушкин поэмаларында жекелеген тұстар, тұтас шумақтар қазақша жатық, табиғи шыққанымен, тұтастай алғанда, ақын жырына тән сырлы саздылық, төгілген тіл өрнегі, метафора байлығы әлі де айшықты ашылмай келе жатыр. Бір мәтіннің бірнеше рет тәржімеленуі әртүрлі мағынаны сан түрлі етіп жеткізу арқылы тілдің ішкі мол мүмкіндігін аша түсетіндігімен де пайдалы. Оның үстіне кейбір, аса күрделі шығармалардың аудармалары салған беттен сәтті бола қалуы мүмкін емес те екендігі тағы бар. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ әдебиетінде “Евгений Онегин” романының аударылу эволюциясы – өте қызғылықты тақырып. Еңбекте Абайдың “Евгений Онегин” нұсқасынан бастап, ұлы романның Ілияс Жансүгіров (1937), Қуандық Шаңғытбаев (1949, 1985), Кәкімбек Салықов (2006) жасаған толық аудармалары жан-жақты зерттеледі. І.Жансүгіров аудармасының ерен еңбек, ауқымды жұмыс екендігі талас тудырмайды. Сонымен бірге қазақ жыры Құлагерінің дәл осы аударма барысында сол тұстағы әріпшілдік теориясының құрбаны болғаны да күмәнсіз.  Аударманың  кемістігі – “әр жолдың мағына тұспалын өз қалпында беретін” үлгіні ұстанамын деп жүріп көп жерде поэзиялық сұлулықтан ажырап қалатындығы.

Қуандық Шаңғытбаевтың алғашқы аудармасындағы сәтсіздіктердің негізгі себебі жастық, тәжірибесіздік десек, басқа себептердің де өзіндік орны бар. Соның біреуі – алдыңғы аударманы Ілияс Жансүгіров жасағандығы… Қуандық қалайда Ілияс нұсқасынан қашықтауды, дұрысын айтсақ – қашуды мақсат тұтқан сияқты.  Қуандық Жансүгіров­ке жоламаймын деп жүріп, Пушкиннен де жырақтап кеткенін байқамай қалған. Жалпы алғанда, 25 жасында Пушкин романын аударып шыққан Қуандық Шаңғытбаевтың бұл еңбегін ақынның жастық жеңілісі деп бағалауға болады. Қ.Шаңғытбаевтың елуінші жылдардағы аудармасы мен сексенінші жылдардағы аудармасының арасында айырма жер мен көктей деп қана қою аздық ететінін, бұл екеуі атымен екі бөлек дүние екенін қайталай айту шарт. Қ.Шаңғытбаевтың Пушкин романын аударуы – біздің сөз өнеріміздің үздік үлгілерінің бірі. Диссертацияда бұл нақты мысалдармен көрсетілген. Кәкімбек Салықовтың 2006 – Қазақстандағы Пушкин жылында жарық көрген аудармасы төлтума мәтініне адалдықтың, құрметтің  көрінісі.

“Классиканы тәржімелеу тағылымдары” деп аталған алтыншы тараушада Омар Һайям, Маяковский, Твардовский, Ахматова, Блок, Цветаева, Пастернак, Есенин, Мақтымқұлы, Шекспир, Байрон, Бернс, Шевченко шығармаларының қазақша аудармалары талданады. Қ.Аманжолов, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Орманов, І.Мәмбетов, Х.Ерғалиев, Ғ.Қайырбеков, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, Ұ.Есдәулет, Г.Салықбаева, Д.Қанатбаев, басқа да ақындардың аудармаларындағы жетістіктер мен кемістіктер ашылады. Олардың бір туындыны қайталай аударуы әрі шығармашылық жарыс, әрі түпнұсқаны пайымдау, бажайлау, түйсіну тұрғысындағы ізденістер.  Әсіресе, Қ.Шаңғытбаевтың Омар Һайям мен Роберт Бернс туындыларын тәржімелеудегі қалам ұстаған адамның бәрін тәнті етерліктей татаусыз төгілген тілі, төлтуманың уәзіндік, ырғақтық, бунақтық, ұйқастық өрнектерін соншалықты жатық жеткізуі нақты көрсетіледі. Сонымен қатар бірқатар классиктердің қазақшасында қарабайырлық кездесетіндігінің себептері түсіндіріледі.

Тарауда тәржіме тарихына қысқаша шолу жасау арқылы әлемдік аударма өнеріне тән эволюциялық бел-белестердің бәрін ұлттық аударма өнері де басып өткені дәлелденді. Қазақтың өлең аудармасында оңайлатып әңгімелеу де, қысқартып аудару да, өлеңді қарасөзбен аудару да, қарасөзді өлеңмен аудару да, сарын қосу да, сарындастыра жырлау да, қайта баяндау да, ұлттық бейімдеу де, еліктеу де, нәзира да, еркін аударма да, дәл аударма да, сөзбесөз аударма да, саймасай аударма да, барабар аударма да – бәрі-бәрі де бой көрсеткен. Ағартушылық уәзипаны көздеген таныстыру тұрғысындағы аударма да, идеологиялық мүддеден туындаған “тапсырыстық” аударма да бар бізде. Сонымен бірге, қазақ аудармасының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті.

Поэзия аудармасына идеологиялық ұстанымдардың салқыны аз тимеген. Қазақшаға аударылуы тіпті де міндет емес шығармалардың аударылып, аударылуға тиісті, қажетті дүниелердің қолға алынбай қала берген кездері де баршылық.

 “Аудармадағы поэтика мәселелері” атты үшінші тарау 3 тараушадан тұрады. “Пішін мен мазмұнның сақталуы” атты бірінші тараушада тәржімедегі көркемдік-бейнелеу құралдарының қолданылуы талданады. Өлеңнің басты өлшемі – оқырманға әсері. Аударма өлеңге де қойылар басты талап – түпнұсқаның әсерін жасау. Ол әсерге аудармашының қалай қол жеткізетіні – бөлек мәселе. Поэтика мәселелерін талдаған бұл тарауда аудармашы түпнұсқаны өзге тілде орындауы үшін аспапты, яғни тілді, сол тілдегі көркемдік құралдарды ауыстыратыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Бұл істе түсіну, зерттеу (идентификация) мен өзектен өткізудің (эмпатия) орны үлкен. Қазақ аударма өнерінде герменевтика мәселесінің әлі күнге шешілмегені алаңдатарлық. Тәржіменің талайында қателіктердің біразы мәтіннің мәнін түсінбеуден кететіні өкінішті. Мәтінді ғылыми, яғни филологиялық тұрғыдан талдау әлі де әлсіз. Аудармашылардың көбінде тәржіменің түпмақсаты жөнінде ұғым-түсінік дұрыс қалыптаса қоймаған. Қазақтың өз өлеңінен түк те аумайтын, өлең өлшеміне, уәзініне әкелер соны бояуы, жаңа үні жоқ аудармалардың түгелдей дерлік орысша білетін ұлтқа тигізер пайдасы шамалы. Тарауда қазақтың өлең құрылысына аударма арқылы келген жаңалықтар да талданды.

 Бұл тараушада пішін мен мазмұн бірлігіне қол жеткізу, эвфонияны қалпына келтіру, бунақ, буын, ұйқас, ырғақ, метафора, перифраз, идиома, интонация құбылыстары әртүрлі  ақындар аудармалары арқылы көрсетілді.

Тәржіме тіліне қарап сол кезеңдегі ұлттық әдеби тіл деңгейіне баға беруге болады, әрі тілдің тарихын қалыптастыруға да мүмкіндік ашылады. Аударма шығармалары қазақ өлеңінің көркемдік құралдарын қалай байытқаны бұрын бізде болмаған шалыс ұйқастан, он буындық тармақтардан, тасымалдың тың түрлері арқылы өлең мақамының өзгеруінен де танылады.

Тілдің өзіндік сипатына байланысты тәржіменің түпнұсқадан да асып түсуі мүмкін деген ой ортаға салынып отыр. Мәселе мынада. Өлең – өлшемге байлаулы өнер. Ақ өлеңнің де өзінің ішкі ырғағы бар. Ақын қай шумақты құрағанда да ырғаққа, ұйқасқа, буынға, бунаққа қарамай тұрмайды. Соған орай оның өз ойын, өз образын, өз бояуын дәйім дәл өзінің көздегеніндей етіп жеткізе алмауы әбден мүмкін. Мұның өзі ең мінсіз деген шығармалардан да табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол образдың, сол бояудың өзге тілдегі өзге ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа түпнұсқадағыдан гөрі әуездірек, әрлірек болып түсуі де мүмкін.

Тәржіме поэтикасы мәселесінде пішін мен мазмұн бірлігінің маңызы үлкен. Белинский аудармашы талантын пішінді дәл табу таланты деп атаған болатын. “Ұлттық пішін дегеніміз халықтық ойлау машығының көркем бейнелерде көрініс тапқан тұтас жүйесі. Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымының, әдет-ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады. Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу, соны өзге тілде жеткізе білу” [17, 285-286 б.].

Пішін мен тілді бөлек-бөлек қарастыру қисынға келмейді. Пішін – кең ұғым. Тіл көбіне-көп пішінге қызмет етіп қана қоймайды, пішінді құрайды да. Кешегі кеңес әдебиетінде шығарманың көркемдік пішініне көңілдегідей мән берілген жоқ. Қит етсе қоғамның қынынан формализм деген айыптың алдаспаны суырылып шыға салатын. Социалистік реализм әдісін ұстанатын ақын-жазушылар өздерінің төл туындыларында қолдана бермейтін, қолдана қалса идеологиялық билік, әдеби сын тарапынан қолдала бермейтін тәсілдерді аударма жасау арқылы пайдаланып жататын. Кейін әуелде аудармалар арқылы көз үйренген көркемдік шешімдер, аударма арқылы құлаққа сіңісті бола бастаған дыбыстық үйлесімдер бірте-бірте төлтума шығармаларға да ауысатын.

Пішіндік ізденістер қазақ поэзиясында негізінен екі кезеңде бөлекше бой көрсетті, сол екі кезеңнің екеуі де бір есіммен – Маяковский есімімен байланысты. Алғашында – Маяковскийге еліктеп жазылған өлеңдерде, кейінірек – Маяковскийден жасалған аудармаларда. Маяковскийдің өзі өлеңдерінің аудармасы тәржімешілерге қиындық келтіретінін жақсы білген. Білгендіктен де: “Менің өлеңдерімді аударудың айрықша қиындығы мынада – мен өлеңге қарапайым, ауызекі сөйлеу мәнерінің сөз саптауын енгіземін, мысалы, “светить – и никаких гвоздей” дегенді аударып көріңізші, ара-тұра бүкіл өлең кәдімгі әңгімелесу сияқты болып кетеді. Мұндай өлеңдер тілдің жүйесін тұтастай түйсіне алғанда ғана түсінікті әрі тапқыр болып көрінеді” [18, 274 б.], деп айтып кеткен. Алайда, аудармашыларымыз Маяковский өлең жолдарын сатылап, баспалдақтап құрады екен деп, қазақтың қара өлең жолын беталды бөлшектеп, мағынасын шашыратумен Маяковский поэзиясының сыртқы формасын сақтауға болмайтындығы, өлең жолын сатылауды сөз мағынасы көрінеу керек етіп тұруы керектігі, ішкі, сыртқы форма сонда ғана табысатындығы жөніндегі тілек-ескертпелерді терең пайымдай алған жоқ.

Қай жанрдағы шығарманың да ажарын ашатын, көркем мәтіннің мәйегіндей болып тұратын сөз саздылығы – аударманың да басты шарттарының бірі. Сол жолдағы стилистикалық айшықтардың арасында аллитерацияның алар орны үлкен. Дауыссыз дыбыстардың қайталануынан туатын бұл әсерді жөнімен пайдалана білсе, автордың өзіндік өрнегін де әдемі танытуға болады. Әрине, аллитерацияны қалайда аллитерациямен немесе ассонансты қалайда ассонанспен беруге ұмтылудың тіпті де қажеті жоқ. 

“Сөз сазының, өлеңдегі дыбыстар үндестілігінің біздің эмоциямызға әсер күші қай кезде де ерекше” [19, 131 б.].   Поэзиядағы әуезділікті (звукопись) өлең мағынасынан тіпті де бөліп алуға болмайды. Былайша қарағанда әуезділіктің өзінде, әрине, нақты мағына жоқ, сөйте тұра ол мағынаны эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан айшықтап, мағыналық категорияларын айқындай түседі.

Еңбекте тәржіме теориясында әлі шешімін таппаған мәселелердің бірі – ақ өлең аудармасына да тиісінше көңіл бөлінген. “Батыстың жаңа поэзиясында белең алып бара жатқан верлибрді, басқа да ұйқассыз өлең түрлерін аудару өздерінің өнері орыс поэзиясы дамуының негізгі желісінен алыстау осы пішінге аздап болса да келіңкірейтін ақындарды қажет етеді. Біздің поэзиямыздың аға буынында мұндай сөз шеберлері өте аз”, дейді Борис Слуцкий [20]. Бізде ақ өлең аудармасы орнықпағаны анық. Қадыр Мырза Әли дұрыс айтады: “Қазақ поэзиясы, бәрімізге белгілі, дәстүршіл поэзия. Ол жаңалықты мысқалдап, болмаса батпандап қабылдағанды әуел бастан жек көреді. Ақ өлең бізде бұрыннан бар. Бірақ ойға, орбазға, екпін-ырғаққа ғана арқа сүйеген ұйқассыз өлең күні бүгінге шейін сіңбей-ақ келеді. Оны айтасыз, қазақ поэзиясы он бір буынды шалыс ұйқастың өзін бауырына баспай-ақ қойды. Содан да болса керек, Абай орыстың он, он бір буынды шалыс ұйқастарын өзіміздің көне қара өлең формасымен аударған. Иә, қазақ поэзиясы түшіркенгіш поэзия. Ұйқассыз өлең жаза бастасақ болды, сәби жырымыздың өн бойын қызыл бөрткен басып кете жаздайды. Төл туындыларды былай қойғанда, аудармалардың өзінде осылай. Сондықтан да біздің көпті көрген тәжірибелі тәржімашыларымыз Уитменді де, Таку Бокуды да, Пабло Неруданы да амалсыз ұйқасқа түсіріп жүр...” [21, 329-330 б.]. Диссертацияда Пабло Неруданың ұйқассыз жазылған “Қарғыс” атты өлеңінің қазақша 9 түрлі аудармасын салыстыра талдау арқылы жалпы ұйқассыз өлең қазақтың жыраулық поэзиясында  бар екендігі, тәржіме тәжірибелері арқылы бірте-бірте ақ өлеңді сіңістіре беру мүмкін екендігі айтылады.

“Өлең өлшемдерінің өрілуі” атты екінші тараушада шумақ, ырғақ, ұйқас мәселелерінің қазақ поэзия аудармасындағы шешілу жағдайы қарастырылады. Планетада тіл қандай көп болса, өлең жүйесі де сондай көп.  Өлең жүйелері мен просодиялардың сан түрлі болып келетіні қашанда белгілі. Олардың негізінде жатқан фонетикалық принциптер де алуан-алуан. Қанша жерден өлең өнері дамиды, өлең жүйесі өзгереді дегенде де, оның тілдің төл табиғатынан туындаған ішкі заңдылықтары бар. Ол заңдылықтарды бұзу арқылы ұлттық өлеңге жаңалық енгізу мүмкін емес. Жаңалық енгізе алғандардың бәрі де тілдің өз бойында бұғып жатқан, бұған дейінгі ақындар байқамаған, аңдай алмаған қасиеттерін байқағандар, аңдағандар. Мысалы, орыс өлеңіне силлабикалық жүйені қалайда енгізуге ұмтылған ақындар аз болған жоқ. Сонда да айналып келгенде силлабо-тоникалық және тоникалық жүйе орнығып қала берді.

Сөзді көбейтіп, өлең өлшемін өзгертіп алу, сөйтіп жүргенде жырдың өзіне тән мақамынан айырылып қалу – қазақ аудармасының әлі күнге арылып болмаған ауруы. Ырғақты Ахмет Байтұрсынов қолмен қойғандай етіп әдемі түсіндіреді: “өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы” [22, 192 б.]. Ырғақ ерекшелігі – әдебиеттің ұлттық ерекшелігі. Өлең музыкасы дәл сол ырғақты ұстаудан басталады. Поэзияның жаны – ырғақ. Жай сөздің өзін прозаға айналдыратын құдіреттің аты – ырғақ. Ішкі ырғақсыз қарасөздің де күні қараң. “Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну, толқу, тебірену – бәрі ырғаққа байланысты, Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешілігі де ырғақта жатыр”, дейді академик Зейнолла Қабдолов [23, 264 б.]. Ырғағының өзгешелігіне, атап айтқанда – екпінінің қозғаусыз қала беретіні мен инверсиясының қиындығына байланысты өзге тілдегі ырғақтарды қайталап жеткізуге шамасы келе бермейтін өлең құрылыстары да бар. Ырғақ табиғаты күрделі-ақ. Сәл артық кетсе өлең басқа интонацияға түседі. Басқа интонация – басқа әсер.

Қазақ оқырманы үшін ұйқастың орны бөлекше. Бұл арада ұйқастың өлең сөздің әуезділігін арттыруға әсерін, қазақ поэзиясының ұйқасқа аса бай екенін, тіпті күні бүгінге дейін ұйқаспайтын өлеңді өлең деп ұға қоймайтынымызды айтып жату артық шығар. Жалпы, флективті тілдерде ашық буындар көбірек болады да, ұйқас жатықтау шығады.Ұйқас түрінің ырғақты айқындайтын сипатын қатты ескермей болмайды.  Алайда, ұйқастың өзі туындының табиғатына сай таңдалуы керек.

“Аудармадағы көркемдік құралдар” атты үшінші тараушада метафора, қайталау, перифраз, идиома сияқты мәселелер теориялық әрі практикалық тұрғыдан қарастырылады. Автордың дара стилін танытатын басты белгілердің бірі – метафора. Метафорасы дәл жеткізілген түпнұсқаның қай-қайсысының да бағы бар. Көркем шығарма құрылымындағы эмоциялық, эстетикалық жүктің көбін көтеретін метафора жоғалған жағдайда аударма ажары ашылмақ емес.

Өлеңде де, тиісінше аудармада да сантүрлі қайталаулардың орны өзгеше. Лексикалық, фонетикалық қайталаулар тәржіменің тынысын ашып, әуезділігін арттырып тұрады. Қалауын тапса қар жанар дегендей, мұндайда жұрт былайғы кезде жерден алып, жерге салып жататын, сұлу стилистер айналып өтетін тавтологияның өзі құбылып сала береді.

Аударылған туындылардағы фразеологизмдер арқылы да тіл байып отыратынын дәйім ескерген жөн. Әрине, ана тіліміздің табиғатына жат ұғымдардың, қазақы фразеологизмнің болмысына үйлеспейтін орамдардың жөні бөлек. Біз әдетте орыс тілінен аударма әсерін Абай тәржімелерінен ғана іздеп жатамыз.  “Абай өлеңдерінде кездесетін кептерше сүйінісу (“ворковать как голубки”), салқын тарту (“постывать”), тактісіне билеу (“отбивать такт”)бір сағаттан бір сағат (“от часу на час”) деген тіркестер де қазақ тілі үшін жаңа: олар орыс тілінен калькалау (сөзбе-сөз аудару) жолымен жасалғандар. Бір ғажабы – бұлардың бәрі тек аударма үстінде емес (олар да бар), Абайдың төл өлеңдерінде де қолданылған! Айталық, салқын тарту деген тіркес Абайда: Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі Саған салқын тартқандай, сен бір кәрі – деген өлең жолдарында кездессе, бұл жолдар Лермонтовтың: Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл – ты слеп, ты сед – деген жолдарының аудармасы. Кептерше сүйінісу (Абай жинақтарының барлық басылымдарында сүйеніскен деп жазылып жүр, біздіңше, сүйініскен болуы керек, оны Абай орысша ворковать дегеннің аудармасы етіп алған) деген тіркес те аударма өлеңінде кездеседі, ал қалғандары (мүйіз шығу, тактісіне билеу, бір сағаттан бір сағат) Абайдың төл өлеңдерінде. Бұл – Абайдың орыс тілінің көркемдік дүниесін творчестволықпен игергендігінің белгісі” [24, 503 б.]. Ақынның аударма өлеңдеріндегі жас бұлт, кәрі жартас, тентек өмір, салқын өмір, қараңғы өмір, өткен күннің улары, көңілдің ауыр жүгі деген тіркестер — жаңа фразалар.

 Абай – перифраздың да шебері. Оған да әсер еткен – аударма. Әсіресе, Лермонтовтан аударылған өлеңдерде ақын перифраздың неше түрін көрсетеді. Қараңғы көңіл, көңілдің жүгі, улы сусын, жанға түскен жара, жалтаңдаған жас жүрек, жүйрік уақыт, үміттің нұры, еркелі қол, асау өмір, тентек өмір, жабырқаңқы сөз, тәтті үн, нәпсінің сынған қайғысы, асау той, тентек жиын... осылай кете береді. “Бұлардың барлығы дерлік орыс тілінің өзінде перифраз ретінде қолданылған образдар болса, Абай оларды қазақ тіліне өте әдемі аударып, перифрастық тіркестердің қазақша баламасын ұсынады. Әрине, Абай орыстың поэтикалық тілінің канондық (заңға айналған) сөздігін, орыс тіліндегі образдар жүйесін теория жүзінде зерттеп таныған жоқ, бірақ оның ақындық таланты мен қазақтың көркем сөз мәдениетін жақсы білуі Лермонтовтың көркем қазынасын дәл, дұрыс аударуға мүмкіндік берген” [24, 496 б.].

Интонация, интерпретация мәселелері нақты мысалдармен айтылады. Интонацияны табу үшін түпнұсқаның өлең өлшемін сақтау тіпті де шарт емес. Ең бастысы – оның ырғақтық-интонациялық бейне құралдарына сәйкес келетіндей өлшемдер ұстай алу.

“Аудармашылар – өз уақытының және өз халқының өкілдері, түпнұсқаны өзінше пайымдауға олардың толық құқы бар. Түпнұсқаны ой елегінен өткізу, өзінше пайымдау жоқ жерде көркем аударма да жоқ…”, деген болатын Иван Кашкин [25, 439-440 б.]. Осыған орай Наум Гребневтің шешен-ингуш әнін аударып отырып, негізгі образды қалай ауыстырғаны әдебиеттану еңбектерінде жиі мысалға алынады” [26, 337 б.]. Аудармашылар да туындыға өз интерпретациясын жасай алады дейтініміз сондықтан. Өкінішке орай, төл әдебиетіміздегі тәржімеде түпмәтінді өз тұрғымыздан интерпретациялау жетісе бермейді.

Анна Ахматованың 1942 жылы Ленинград құрсауы кезінде жазылған “Қайсарлық” атты өлеңін Қадыр Мырзалиев аударған.

 

Парасат-ой не боларын сезген-ді,

Пайдамызға басамыз біз безбенді.

Қабағыңнан қар жауатын күн туды,

Қара тастай қатып қалар кез келді.

 

Қаусап қала, қаусап пана, қаусап бақ,

Қара ормансыз, шаңырақсыз қалсақ та.

Орыс сөзі, сені сақтап қалармыз,

Өлмеспіз біз бас сауғалап, жан сақтап.

 

Мөлдір тілді қоя алмаспыз қан қылып,

Ақылды әулет айтып жүрер ән қылып.

Мәңгілік!

 

Айшықты аударма. Әсіресе:

 

Свободным и чистым тебя пронесем,

И внукам дадим, и от плена спасем.

Навеки!

– деп түйінделетін тұсын тамаша шығарма. Көңілге келетіні бір-ақ нәрсе – түпнұсқаға тым адалдық. Аудармашы интерпретациясының жетіспеуі. Осындағы “орыс сөзі” деген тіркестің орнына “ана тілі” деп алынса ғой. Қазақшаға аударған соң қазақ оқырманының қамын да ойламай болмайды: солай еткенде мемлекеттік тіл мүддесі деп жарғақ құлағымыз жастыққа тимей жүрген осы жылдарда ел басына күн туған шақта қаладан да, панадан да, бақтан да, қара орманнан да, шаңырақтан да бұрын орыс сөзін алдымен ойлаған ұлы ақынның қастерлі жыры қазақтың жүрегіне мына күйінен де жақындай түсер еді. Түптеп келгенде, Ахматова да “русское слово” ұғымын “ана тілі” деген тұрғыда қолданып тұр. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Аударма – әрбір ұлттық мәдениеттің ажырағысыз бөлігі.

“Тарихи қысқа мерзімде қазақ әдебиеті өзінің озық үлгілері арқылы Европа классикалық әдебиетінің өресіне жетті” [27, 250 б.]. Бұл істе әдеби аударманың өзіндік орны бар. Фольклор, ауызша әдебиет дәстүрі қаншама бай дегенмен, роман сияқты күрделі жанрлардың жалғыз ғана арқауына айнала алмас еді. “Аударманың сапасы сол елдегі төл әдебиеттің сапасына сай келеді. Көш бастайтын төл әдебиеттің соңына еріп, аударма әдебиеті жедел жүреді. Кейде аударма әдебиет те төл әдебиеттің өсіп-өркендеуіне көмек беріп отырады” [28, 147 б.]. Нақты мысал атасақ, орыс әдебиетіне де көптеген жанрлар аударма арқылы ауысқанын айта аламыз. Жуковскийдің Шиллерден жасаған аудармалары болмағанда орыс тарихи балладасы қашан дүниеге келері белгісіз еді. Орыста көпке дейін роман болмағаны мәлім. Кейін романдарды аудару, басқасын былай қойғанда, тілді байытатынына жұрттың бәрінің де көзі жеткен. Мысалы, В.Тредиаковский қазір о баста орыста болмаған-ау деп шамалау ойымызға да келмейтін біраз сөзді (бесполезность, беспристрастность, благодарность, независимость, снисходительность, сущность, целность, т.б.) алдымен аударма кітаптарында қолданған [29, 19 б.], солардың көбі кәдімгі калька әдісімен жасалған. Сөйтіп, біздің “тәуелсіздік” деген сөзіміздің арғы тегі де тәржімеден тараған болып шығады.

Кейінгі отыз шақты жылдың ішінде аударма қарқынының біршама бәсеңдеуіне аударманың миссиясы жөнінде қате түсініктердің де әсері болды. Аударма тіл білмейтіндерге арнап жасалатын кез артта қалды.

Бір тілден екінші тілге көркем аударма жасауға бола ма? Болмайды деген төңіректе тұтас теория тұрғызған авторлар да аз емес. Бағзыдағы талай трактатта халық рухы өзге тілде жеткізілмейді, ал шабыт қайталанбайды деген ойлар айтылады. Аударма өнер туындысындағы пішін мен мазмұнның бірлігін бұзады, бұл бірлік – тұтас ұғым, ол жарылған жерде өнер жойылады дескен бұрынғылар. Біздің бәріміз бір планетада – Жер атты планетада өмір сүреміз, мұндағы болмыс адамзатқа түгел ортақ, демек оны танып-білу әдістерінде де ортақ жайлар көп болуға тиіс. Әрбір тұтас әдеби туынды, яғни идеялардың, сезімдердің, образдар мен стильдік ерекшеліктердің бүкіл жиынтығы басқа тілдегі ойлау жүйесімен талдап-түсінуге және жеткізуге көнеді.

Аударманың құдіреті өлі тілдерді тірілтуінен-ақ танылып тұр. Көне еврей, көне грек, латын, ескі славян, ескі орыс тілдерінен жасалған аудармалар арқылы қаншама мәдени мұра адамзат игілігіне айналғаны жақсы мәлім. Тәржімешілер болмаса олардың бәріне де санаулы полиглоттардың, тіл мамандарының ғана қолы жетер еді.

Өнердің қай түріне де сынның әсер-ықпалы үлкен. Аударма да солай. Соңғы сексен-тоқсан жылдың ішінде бой көрсеткен қазақ аударма сыны осы уақыт аралығында тәржіме өнерінің қалыптасуына хал-қадерінше көмек көрсете білді. Еңбекте ретті жерінде аударма сынына байланысты ойлар да ортаға салынып отырылды. Бұл тұрғыда қазірше жетістіктен гөрі кемістік көбірек. Сөз бен сөзді, жол мен жолды, тіпті шумақ пен шумақты емес, өлең мен өлеңді салыстыру керек. Сонда ғана аудармашы жырдың мақамдық құрылымын сақтай алды ма, идеясын аша алды ма, пішіндік ерекшеліктерін қалпына келтіре алды ма деген сауалдарға жауап табуға болады. Өкінішке орай, осы арада қазақ әдеби сыны талай тұста қазақтың поэзия аудармасына кедергі жасағанын ашық айтуға тура келеді. Аударма туралы сөз қозғайтын адамдардың талайы түпнұсқадағы сөзді санамалап, тіркесті түгендеп кететіні, ал жиырмасыншы, отызыншы жылдарда кейде таза шығармашылық тұрғыдағы сәтсіздіктерге саяси сипат беріп, сөзбе-сөз, сірескен аударма жасауға итермелеуге себепкер болғаны да рас.

Қазақ поэзия аудармасына тән елеулі кемшіліктің бірі – барлық аудармашылардың дерлік осы іспен шығармашылығының негізгі арнасы, өмірлік кәсібі ретінде айналыспағандығы, аударманы жаңбыр-жаңбырдың арасында жасау белең алғандығы. Көркем аударма саласында көрнекті із қалдырған суреткерлердің қай-қайсысын алсақ та, осы іске жылдар бойы бар күш-жігерін жұмсағанын, жүйелі айналысқанын, көлемді дүниелерге құлаш ұрғанын көреміз. Аудармашылық – жалғыз шабытпен шалып түсетін, тек алымдылықпен алып түсетін шаруа емес. Тәржіменің машығын алмайынша, аударма техникасын емін-еркін меңгермейінше, көркем сөзді алақанында ойнататын зергерлікке қол жеткізбейінше аударма асуы алдырмайды.

Талантты шығарманы өзге тілде өз деңгейінде қайта туындатудың басты шарты – оқи білу... Талантты тәржімеші тек талантты оқырманнан шықпақ. Бұл ойды талантты қаламгер тек талантты оқырманнан шығады деп кесіп айтсақ, мұнымызбен таласуға да болар, арғы-бергідегі әлем әдебиетінен, өзіміздің төл сөз өнерімізден оқуға онша зауқы соқпаған, сонда да табиғат берген дарынымен талай шаруа тындырған дара дарындарды атауға да болар, шығармашылық дегеннің өзі кей-кейде сырын адам біліп болмайтын тылсым дүние екені мәлім, бірақ, көп оқымай, көп тоқымай аудармада асқар асулар алған адамды атау қиын. Әсіресе, өлең аудармасында ақындық қанатты қиял мен салқын ақылға салған парасатты пайым астасып жатуы шарт. Мұның өзі бір жағынан, аударманың шынайылығын шытынатып жіберетін шектен шыққан шабытшылдықтан сақтаса, екінші жағынан, көркемдікпен қоңсы қонбайтын қарадүрсін дәлме-дәлдіктен сақтап тұрады. Аударматану қанша жерден жетістікке жетсе де, поэзия тәржімесі субъективизмнен ада-күде арылмайтындығы, тіпті арылмауға тиістігі талассыз. Сол субъективизм, түпнұсқадан кез келген алшақтаушылық объективті тұрғыдан өзін-өзі ақтап тұруы керек, олардың бәрі де аудармашы-ақынның қалауынан емес, екі тілдің арасындағы, екі мәдениеттің арасындағы, кейде тіпті екі өркениеттің арасындағы айырмашылықтардан табиғи туындауы қажет.

Қазақ тілінің қабылдампаздығы – арнайы зерттейтіндей құбылыс. Қазақтың тілінің қабылдампаз болатыны – қазақтың ділі қабылдампаз. Бұлай дегенде біз ол құбылыстың бірыңғай артықшылықтан тұрмайтынын да ашық айтуға тиіспіз. Халқымыздың жаман әдетке де, жаман әдепке де қабылдампаздығы жасырын сыр емес. Ал қабылдампаздық қасиеттің дұрысы мен бұрысының ара салмағын безбендегенде қазақ негізінен озықты, ілгеріні, асылды алдымен алуға бейім дейміз. Асылды алудың адамзат ойлап тапқан ең тамаша тәсілі – аударма.

Аударма туралы еңбектерде шығарманың қалай аударылғанына көп көңіл бөлінетіні заңды. Сонымен қатар,  н е н і  аудару  деген  қ а л а й аударудан мәні еш кем түспейтін мәселе. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ өлең аудармасында мұны бүкіл әлем біледі, қадір тұтады, мұны аудармағанымыз ұят болады деген сыңайдағы, яғни, классикоманиялық таңдаудың бәрі бірдей сәтті шыға бермегенін айтуға тура келеді.

Алдағы кезде қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі қазіргіден тереңірек зерттеледі деп сеніммен айтуға болады. Тәуелсіздік жылдарындағы бостан сана, дінге деген көзқарастың өзгеруі, сол арқылы бұрын жабық күйінде келген, әрі барғанда Академияның қолжазба қорында сақталған діни дастандардың, қиссалардың жариялануы  ендігі жерде оларды ғылыми тұрғыдан қарастыруға мол мүмкіндік жасайды.  Эпос нәзирасы әдісімен туындаған діни дастандарда, ғашықтық қиссаларында аударманың өзіндік элементтері бар екені талас тудырмайды. Жалпы, нәзираның өзі жанр ретінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін жалғастырып жатқан, өз уақытының талап-тілегін өтеген жанрға жатады. Оның өзіндік табиғатын әлі де тереңдете зерттей түсу – алдағы күндердің міндеті. Аударма ұғымының өзі әр дәуірде әрқилы болғанын ұмытпауға тиіспіз. Демек, біздің әдебиетімізде өзіндік орны бар нәзира – өз кезіндегі аударманың функциясын белгілі бір дәрежеде атқарған, алайда көбіне көп бір шығарманың негізінде соған сарындас жаңа туынды жарату тәсілі.

“Евгений Онегиннің” халықтық нұсқалары — қай жағынан алып қарағанда да ғажап құбылыс. Халқымыздың жақсы десе жайылып түсетін жомарт жанын да, жаңалық атаулыны жатсынбайтын жүрегін де, өнер иесіне өзгеше құрметі мен өлең-жырға ыстық ілтипатын да, ең бастысы – қажет деп тапқан тұсында ұлттық менталитетін ішінара өзгертуге қабілеттілігін де осы “Евгений Онегиннің” халықтық нұсқалары анық айғақтай алады. Қазақтың жан дүниесі нағыз евразиялық санаға бейімдігін кемел көрсететін нақты мысалдың бірі де міне осы.

Аударма өнерінің тілді байытуын тек тәржімеленген туындылардың мәтінен ғана іздей беруге болмайды. Аударманың әсер-ықпалы бәрінен бұрын семантикадан таралады. Мысалы, қазақта күңгірт деген сөз баяғыдан бар, көңіл деген сөз де баяғыдан бар, бірақ күңгірт көңіл тіркесін алдымен Абай қолданған, алдымен аудармада қолданған. Осындай жолмен келген фразеологизмдер, перифраздар, метафоралар, т.б. көркемдік құралдар аз емес.

Тәржіме арқылы өлең құрылысының өзгеріске түсуі де қызғылықты тақырыптардың бірі. Шығарманың уәзінін сақтау – поэзия аудармашысының шын шеберлігін көрсететін басты белгілердің қатарында қарастырылуға тиіс. Тәржіменің қазақ өлеңінің ұйқас жүйесіне ықпалы жан-жақты сөз етілді. Абай аудармалары арқылы алғаш рет көрінген шалыс ұйқастың қазақтың төл ұйқасына айналып кеткені жақсы мәлім.

Зерттеуде қайта аударылған жырларға, көлемді поэзия туындыларына тиісінше көңіл бөлінді. Көркем аудармаға, әсіресе поэзия аудармасына қайталамалық феномені тән. Мұндай аудармалар әр ақынның өз ерекшелігін әр аудармашының өз ерекшелігі арқылы ашуымен бағалы. Түпнұсқаның әрбір жаңа байыптамасы тәржімелік тәжірибені байыта түседі де, дәстүрді қалыптастырады, келесі буынның аудармашылары енді сол дәстүрге арқа сүйейтін болады.

Орыс әдебиеттанушыларының еңбектерінде жиі айтылатын мәселенің бірі – жолма-жол аударма. Бұл ұлттық поэзиямыздың үздік үлгілерін орыс тіліне, сол тіл арқылы басқа тілдерге аударатын тұстарда алдан жиі шығатын жай. Қазақ ақындарының алдынан мұндай қиындық шығып көрген емес. Аудармаға араласқан қазақ қаламгерлерінің қай-қайсысы да орыс тіліндегі туындыларды емін-еркін түсіне бастағанына кем қойғанда бір ғасырдай болып қалды.  Енді бұл мәселе қайта көтеріледі. Ағылшын тілін емін-еркін түсінетін адамдар қанша көбейгенімен, олардың арасынан ақындық дарын иелері таяу арада соншама көп шыға қоймайтыны анық. Тәржіме тақырыбындағы мақалалардың бірі “Глобализация как бесконечный процесс перевода с английского” [32, 284 б.] деп аталады. Қаласақ та, қаламасақ та, англо-американ мәдениетінің басқа ұлттық тілдерге аударылуда басымдыққа ие болатыны, ал өзге тілдер мен мәдени дәстүрлердің адамзат жасаған қазынаға үлес қосуы негізінен ағылшын тіліне аударылу арқылы жүзеге асатыны шығар күндей шындыққа айналып барады.

Қазақстан Республикасында үш тілділік тұғырнамасы мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген, ел халқының үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар игеруі адамзат жасаған білім мен мәдениет қазынасына еркін қол жеткізудің, ұлт ретінде шынығып-шираудың, Отанымыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуының бір шарты деп қарастырылып отырған бүгінгі таңда аударма – шын мәнінде жас мемлекетіміздің жаңа ғасыр сынақтарына лайықты төтеп беруінің бір тетігі.

Елдің бәсекеге қабілеттілігінің бір шарты – тілдің бәсекеге қабілеттілігі. Өркениетті дүниенің додасына өз тілімен өмір сүре алатын ұлт қана қаймықпай түсе алады. Тілдің бәсекеге қабілеттілігінің нақты көрінісі – мына дүниедегі барша құбылысты айқын айта алатындығы. Әсіресе, жаһан жырының жауһарларын жарқырата жеткізе білетіндігі. Демек, қазақ поэзия аудармасының уақыттың ұлы сынына түсер шағы әлі алда.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Ларин Б. Теория и критика перевода. Л., 1962, 3-бет.

2.      Любимов Н. Перевод – искусство. Мына кітаптан: Перевод – средство взаимного сближения народов. М., 1987, 141-142-беттер.

3.      Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962.

4.      Университетское переводоведение. Выпуск 3. СП. 2002.

5.      Оболенская Ю.Л. Художественный перевод и межкультурная коммуникация. М., 2006, 5-бет.

6.      Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979, 334-335 беттер.

7.      Фасмер М. Этимологический словарь русского языка. В четырех томах. СП. “Азбука”, 1996. Т. ІV, 72-бет.

8.      Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994, 31-бет.

9.      Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986, 212-бет.

10. Нелюбин Л. Толковый переводоведческий словарь. М., 2004.

11. Левый И. Состояние теоретической мысли в области перевода. Мастерство перевода – 1969. М., 1970, 119-бет.

12. Елеукенов Ш. Сұлулыққа іңкәрлік. А., 1999, 247-бет.

13. Сурат И. Кто из богов мне возвратил… Новый мир. 1994, ¹9.

14. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1984, 20-бет.

15. Сейітжанов Қ. Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері және қазақ әдебиетімен дәстүр сабақтастығы (“Мұхаббат-нама”, “Хұсрау-Шырын” поэмалары негізінде). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Астана, 2003, 17-бет.

16. Қасқабасов С., Әзібаева Б. Бабалар сөзі. 1 том. Астана,2004,         26-бет.

17. Скосырев П. Наследство и поиски. М., 1961, 285-286 беттер.

18. Маяковский В.В. Собр. соч. т. 10, 274-бет.

19. Мастерство перевода – 1962.М., 1963, 131-бет.  

20. Слуцкий Б. Кому переводить? Иностранная литература. 1972, ¹2.

21. Мырза Әли Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. 13-том. А., 2005, 329-330-беттер.

22. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989, 192-бет.

23. Қабдолов З. Сөз өнері. А.,1976, 264-бет.

24. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004, 503-бет.

25. Кашкин И. Для читателя-современника. М., 1968, 439-440 беттер.

26. Огнев В. Горизонты поэзии. М., В двух томах. 2-том. 337-бет.

27. Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991, 250-бет.

28. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975, 147-бет.

29. Сдобников В., Петрова О. Теория перевода. М., 2006, 19-бет.

30. Алексеева И. Введение в переводоведение. М.-С-П., 2006, 52-бет.

31. Нұртазин Т. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Майдан. 1945, ¹ 2.

32. Полубиченко Л. Глобализация как бесконечный процесс перевода с английского. Четвертые Федоровские чтения. Вып. 4. С-П. 2003, 276-284-беттер.

 

ДИССЕРТАЦИЯ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕР

 

Кітаптар

1.Біздің Пушкин. Астана, 1999.

2.Вер бена ат. Пушкинтану парақтары. Астана, 2006.

3.Коран и Пушкин. Астана, 2006.

4.Төлтума мен телтума. Астана, 2007.

 

Ұжымдық жинақтардағы мақалалар

5. О, Татиш!..Абай – Пушкин. М., 2006.

6.Пушкин шығармаларындағы Құран сарындары.Әдебиеттанудың көкейкесті мәселелері. А., 2002.

7. Ақ алмастың бір қыры. Академик Зәки Ахметов және руханият мәселелері. А., 2003.

8. Пушкин и казахские акыны. Қазақстандағы Пушкин жылына арналған ғылыми конференция материалдары. Астана, 2007.

9. Пушкин шығармаларындағы түркизмдер. Пушкин, Абай және қазақ әдебиеті. А., 2006.

10. Теңдесі жоқ туынды /алғысөз/. А.С.Пушкин. Евгений Онегин. Астана, 2003.

11. Жаһан жырының жарық жұлдызы (алғысөз).  А.С.Пушкин. Шығармалар. Астана, 2007.

Мақалалар

12. Абай асқары. Астана ақшамы, 1999, 25 қазан.

13. Е,Тәтіш!.. Қазақ әдебиеті, 1999, 12 қараша.

14 Құран және Пушкин. Егемен Қазақстан, 1999, 12 қараша.

15. Оралға келдім... Егемен Қазақстан, 2003, 24 қыркүйек.

16. Біздің Пушкин. Егемен Қазақстан, 1999, 10 қыркүйек.

17. Абай ата асқары. Егемен Қазақстан, 2006, 4 сәуір.

18. Сарындастық салтанаты. Егемен Қазақстан , 2007, 29 тамыз.

19. Мысал мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті, 2007, ¹10.

20. Бабылдан бері басталған. Ақиқат, 2007, ¹9.

21. Тәржіме туралы толғаныс. Ақиқат, 2007, ¹10.

22. Аударма асулары. Жұлдыз, 2007, ¹9.

23. Аударма ағаттықтарының типологиясы. Жалын, 2007, ¹9.

24. Аударматанудың теориялық проблемалары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің хабаршысы. Филология сериясы. 2007, ¹7.

25. Тәржімеші тұлғасы. Қазақ әдебиеті, 2007, 14 қыркүйек.

26. Поэзия аудармасының мүмкіндіктері. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика университетінің хабаршысы. Филология сериясы. 2007, ¹3.

27. Аударматану проблемалары. “Қайнар” университетінің хабаршысы. 2007, ¹3.

28. Аударматану проблемалары туралы бірер сөз.  “Ізденіс – Поиск”, 2007, ¹4.

29. Халықтық “Евгений Онегин” Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2007, ¹3.

30. “Кетті ғой талай надан кеткен ізбен…” М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. 2007, ¹2.

31. Аударма және идеология. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2007, ¹4.

32. Тәржіме тағылымы. А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің хабаршысы. 2006, ¹3-4.

33. По перевалам  перевода. Аманат, 2007, ¹4.

34. Вершина Абая. Простор, 2007, ¹9.

35. Оригинальность оригинала. Мысль, 2007, ¹9.

36. Тәржіме және төл әдебиет. Түркістан, 2007, 13 қыркүйек.

37. Қайталай аудару қажеттігі. Әдебиет айдыны, 2007, 20 қыркүйек.

38. Пушкин ертегілерінің аудармалары туралы. Арқа ажары, 2007, 15 қыркүйек.

39. Компаративист. Егемен Қазақстан, 2004, 9 қазан.

40. Аударма туралы ойлар.  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. 2006, ¹4.

41. Аударма айшықтары. Ақ жол. 2007, 15 қыркүйек.

42. “... поехал я в Уральск”. Казахстанская правда, 2006, 29 қыркүйек.

43. “О, Татиш!”, Казахстанская правда, 2006, 14 сәуір.

44. Нәзира нақыштары. Астана  хабары, 2007, 13 қыркүйек.

 

ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТУРАЛЫ  ПІКІРЛЕР

 

 

1. Сейдімбек А. “Біздің Пушкин”. Егемен Қазақстан, 2000, 11 қаңтар.

2.      Әлімбаев М. Зерделі зерттеу. Жас Алаш. 2000, 15 мамыр

3.      Кекілбаев Ә. Ілгері бастырар ізгілік. Қазақ әдебиеті. 2001, 16 қараша

4.      Ақтаев С. Баянды бағдар. Алтын қалам. А., 2004, 326-329 беттер.

5.      Әлімбаев М.. Сырлы әлем. Егемен Қазақстан. 2004, 26 маусым.

6.      Қараша А. Мұхиттан маржан тергендей. Астана ақшамы. 2000, 25 наурыз

7.      Қажыбай Т. Ұлылар әлемін барлау. Тұлғалар тағылымы. Көкшетау. 2006, 70-74 беттер

8.      Әмірбек К. Қасиетті қасқа жол. Қазақ әдебиеті. 2004, 16 қаңтар.

9.      Ергөбек Қ. Сырбаз болмыс. Жас Алаш. 2002, 10 қаңтар

10.    Рахымбек С. Білім шалқарлығы, көңіл аңсарлығы… Астана хабары. 2007, 25 қыркүйек.

11.    Тұрлыбаева Т. Тәржіме таразысы. Жетісу. 2000, 27 қыркүйек

 

 

Р Е З Ю М Е

 

на автореферат диссертации на соискание ученой степени

 доктора филологических наук по специальности

10.01.02 – Казахская литература

 

Абдрахманов Сауытбек

 

Теория и поэтика стихотворного перевода

 

Диссертация посвящена вопросам теории и поэтики стихотворного перевода. В ней прослеживаются этапы зарождения, становления и развития казахского поэтического перевода, раскрывается его роль в обогащении родной литературы. 

Актуальность исследования обусловлена   углублением процессов глобализации, где роль перевода возрастает с каждым годом, а также принятием в Республике Казахстан программы триединства языков. Конкурентоспособность казахского языка в условиях глобализации  должна постоянно подтверждаться  и в области художественного, в частности, стихотворного перевода, с помощью которого читатель познает другой национальный характер, эмоциональный мир иной культуры, а национальная литература расширяет свою поэтику новыми выразительными средствами.

Цели и задачи исследования заключаются в показе  эволюции казахского поэтического перевода как процесса познания, освоения и усвоения  мировой художественной культуры. В диссертации подробно изложены пути поэтического перевода, показана тесная взаимосвязь между историей перевода и ее теорией.  Автор рассматривает развитие переводческой мысли и практики, в основном, с литературоведческих позиций, вместе с тем немалое внимание уделено и научному осмыслению процесса перевода как меж языковой трансформации.

При достижении поставленных целей решены следующие задачи:

- обобщены и проанализированы как широко известные, так и новые изыскания в области теории перевода;

- на фоне общетипологических закономерностей выявлено национальное своеобразие казахского поэтического перевода;

- определена периодизация истории развития поэтического перевода;

- показаны пути языкового обогащения посредством перевода;

- раскрыто влияние переводных произведений на оригинальную литературу.

Научная новизна исследования заключается прежде всего в комплексном подходе к рассмотрению теоретических и эстетических проблем перевода. Автор показывает неразрывную связь перевода с проблемами психологии, социологии, социопсихологии, психолингвистики, компаративистики, герменевтики, языковой коммуникации. На перевод, как на социально детерминированное явление, в немалой степени влияют социальные факторы, к примеру,  в истории казахского перевода ХХ века существенную роль сыграла господствующая идеология. В условиях сложности восприятия обществом чужих  культурных форм возрастает и значение рецепции.  

Диссертация состоит из введения, трех глав, заключения и библиографии.

Во введении раскрываются общая характеристика работы, обосновывается актуальность темы, определяются цели и задачи, излагаются научная новизна и методы работы, характеризуются  практическое значение и основные положения, выносимые на защиту.

В первой главе “Теоретические проблемы переводоведения”  излагается история художественного перевода, дается характеристика видам перевода, показывается связь теории перевода с другими дисциплинами, определяется различие между лингвистической и литературоведческой теориями перевода. Автор высказывает свою точку зрения на проблему переводимости, отвергая идею о непереводимости поэтической классики, приводит ряд лингвистических и других факторов, объективно препятствующих полной переводимости. Вместе с тем доказывается и возможность стихотворных переводов, превосходящих оригинал, что иногда бывает связано не только с  лингвистическими факторами, часто - умением отказываться от текстовой близости в пользу усиления художественного воздействия. Перевод не должен быть абсолютным аналогом оригинала, в особенности в странах почти сплошного билингвизма, каким, например, является Казахстан, главное – адекватное эстетическое воздействие на реципиента.

Вторая глава называется “История и практика перевода”. Здесь путем экскурса в историю показана роль переводческой деятельности в различных странах, раскрыты пути формирования теоретических основ переводоведения. Рассматриваются вопросы периодизации казахского перевода. В диссертации впервые делается  научный анализ текстов сюжетных и религиозных дастанов, являющихся как бы переводом из восточной литературы в форме назира. Особо внимание уделено  народным поэмам, возникшим в среде казахского народа по мотивам романа А.С.Пушкина “Евгений Онегин”, где переплетены многие виды перевода. В диссертации подробно прослеживается эволюция поэтического перевода. Показана роль перевода в расширении поэтических форм на  казахском стихосложении: например, перекрестная рифма  в казахской поэзии впервые применена Абаем в переводе из Пушкина,  а десятисложник ввел Касым Аманжолов в переводе из Шевченко. Большое внимание уделяется переводам поэзии Пушкина: кроме стихотворений и поэм, проанализированы все четыре варианта полных переводов “Евгения Онегина”.           

В третьей главе диссертации “Вопросы поэтики перевода” на конкретных примерах доказывается возможность сохранения и в поэтическом переводе единства формы и содержания, воссоздания эвфонии,  соблюдения таких основных требований как точность, сжатость, ясность, образность. Казахский стихотворный перевод за сравнительно короткий исторический срок прошел весь эволюционный путь, характерный для  поэтического перевода в целом. Акыны и поэты-переводчики применяли весь арсенал переводной поэзии: упрощение, сокращение, добавление, перевод поэзии прозой, перевод прозы поэзией, пересказ, переложение, национальная адаптация, подражание, назира, вольный перевод, точный перевод, дословный перевод, эквивалентный перевод, адекватный перевод, имелись также объяснительные (разъяснительные) переводы, устные переводы. Благодаря переводу казахская поэзия обогатилась новыми формами, более разнообразными стали ритм, размер, рифма, усилилась образность поэтической речи.  

В заключении изложены результаты исследования и основные принципы перевода поэзии, где возникают свои специфические проблемы, связанные в первую очередь с формой выражения. Именно повышенное внимание к форме делает проблемы поэтического перевода чрезвычайно сложными. В диссертации на основе богатейшего фактического материала показывается, что казахское поэтическое искусство достигло значительных высот  в области перевода. Как известно, поэзия является высшей формой бытия национального языка, поэтому поэтический перевод как форма или способ передачи с одного языка на другой язык, из одной культуры в другую культуру, от одного народа к другому  народу призван способствовать успешному преодолению лингвоэтнического барьера и интеграции казахской словесности в общемировой литературный процесс.  

Результаты научного исследования можно использовать в средних и высших учебных заведениях, на специальных курсах и в научно-исследовательской работе.

 

   S U M M A R Y

 

to the abstract  of Dіssertatіon for applyіng for scіentіfіc degree

 Of Doctor of Phіlology on specіalty

10.01.02 – Kazakh lіterature

 

Sauytbek Abdrakhmanov

 

Theory and poetіcs of poem translatіon

 

Dіssertatіon іs devoted to the іssues of theory and poetіcs  of poem  translatіon. Іt hіghlіghts stages of the begіnnіng, development of Kazakh poetіc translatіon, reveals іts role іn the enrіchment of natіve lіterature.

Actualіty  of the research іs condіtіoned by the extensіon of the processes of globalіzatіon where the role of translatіon іncreases every year and because іn the Republіc of Kazakhstan the law on three languages was adopted. Compatіbіlіty of Kazakh language іn globalіzatіon condіtіons should be constantly confіrmed іn the fіeld of artіstіc, іn partіcular poem translatіon that helps the reader to understand a dіfferent natіonal character, emotіonal world of a dіfferent culture and natіonal lіterature extends іts poetіcs  by new expressіve means.

Aіms and objectіves of the research are to show the evolutіon of Kazakh poetіc ranslatіon as a process of cognіtіon, assіmіlatіon and learnіng of world artіstіc  culture. Dіssertatіon іncludes detaіled descrіptіon of the ways of poetіc translatіon, close correlatіon between hіstory of translatіon and іts theory. The author hіghlіghts the development of translatіon thought and practіce based on the posіtіons of   lіterary studіes, as well as he pays great attentіon to  the scіentіfіc understandіng of translatіon process as іnter-language transformatіon.

Іn obtaіnіng the  aіms  the followіng objectіves were solved:

- both well known and new searches іn the fіeld of theory of translatіon have been generalіzed and analyzed;

- natіonal іdentіty of Kazakh poetіc translatіon has been revealed on the background of the general typologіcal regulatіons;

- perіodіzatіon of the hіstory of development of poetіc translatіon has been іdentіfіed;

- ways of language enrіchment by means of translatіon have been shown;

іnfluence of translatіon works on the orіgіnal lіterature has been revealed;

Scіentіfіc novelty of the research іs concluded ііts complex approach to the consіderatіon of the theoretіc and esthetііssues of translatіon. The author shows close lіnkage between  translatіon and psychology, socіology, socіo-psychology, psycho-lіnguіstіcs, comparatіve studіes, hermeneutіcs, language communіcatіon. Translatіon as a socіally determіned phenomenon іs sіgnіfіcantly іnfluenced by socіal factors, for example іn the hіstory of Kazakh translatіon of XXth century the domіnatіng іdeology has played a sіgnіfіcant role. Іn condіtіons of complexіty of perceptіon by the socіety  of the foreіgn cultural forms, the іmportance of receptіon іncreases.

Dіssertatіon іncludes іntroductіon, three chapters, conclusіon and bіblіography.

Іntroductіon hіghlіghts general descrіptіon of the work, justіfіcatіon of the іmportance of the theme, determіnatіon of the aіms and objectіves, descrіptіon of scіentіfіc novelty and methods of the work, characterіstіcs of the practіcal іmportance and maіn aspects that are proposed for defense.                                                                           

Fіrst chapter “Theoretііssues of translatіon studіes” іncludes the hіstory of artіstіc  translatіon, descrіptіon of the types of translatіon, lіnkage between theory of translatіon and other dіscіplіnes, іdentіfіcatіon of the dіfference between lіnguіstіc and lіterary studіes theorіes of translatіon. The author proposes hіs own poіnt of vіew on the іssue of translatіon abіlіty, rejectіng the іdea that poetіc classіcs can’t be translated, he provіdes a number of lіnguіstіc and other factors that objectіvely prevent full translatіon.  Possіbіlіty of lіterary translatіons that are better than the orіgіnal, іs proved, that іs sometіmes caused not only by lіnguіstіc factors but often by the skіll of rejectіng close lіnkage wіth the text іn order to strengthen artіstіc  іmpact.  Translatіon shouldn’t be an analogue of the orіgіnal, especіally іn the countrіes wіth two languages, for example as Kazakhstan,  maіn thіng іs adequate esthetііmpact on the recіpіent.

Second chapter іs named “Hіstory and practіce of translatіon”. Here by means of excursіon іnto hіstory, the role of translatіon actіvіty іn dіfferent countrіes іs shown, ways of formatіon of theoretіc basіcs of translatіon studіes have been  revealed. Іssues of perіodіzatіon of Kazakh translatіon have been consіdered. Dіssertatіon for the fіrst tіme provіdes scіentіfіc analysіs of the texts of the plot and relіgіous dastans that are translated from orіental lіterature іn the form of nazіra. Specіal attentіon іs paіd to the folk poems that have been composed by Kazakh people based on the motіves of the novel “Eugenіy Onegіn” wrіtten by A.S. Pushkіn whіch іncludes varіous types of translatіon. Dіssertatіon іncludes detaіled evolutіon of poetіc translatіon. The role of translatіon іs shown іn extensіon of poetіc forms to Kazakh poetry: for example cross rhyme іn Kazakh poetry іs for the fіrst tіme used by Abay іn translatіon of Pushkіn works, and Kasym Amanzholov fіrst іntroduced decasyllabіc  іn translatіon of Shevchenko. Much attentіon іs paіd to translatіons of poetry of Pushkіn: besіdes poems  all four versіons of full translatіons of “Eugenіy Onegіn” have been analyzed.

Thіrd chapter of Dіssertatіon “Іssues of ethіcs of translatіon” the possіbіlіty of conservatіon of the unіty of the form and the content іn poetіc translatіon іs proved on concrete examples, restoratіon of euphony, followіng such maіn requіrement as accuracy, condense from,  clearness, іmages. Kazakh poem translatіon durіng relatіvely short hіstorіcal perіod has passed the whole evolutіon way typіcal for the poetіc translatіon іn general. Akyns and poets-translators have used the whole arsenal of translatіon poetry: sіmplіfіcatіon, reductіon, addіtіon, translatіon of poetry by means of  prose, translatіon of prose by means of poetry, narratіon, іnterpretatіon, natіonal adaptatіon, іmіtatіon, nazіra, free translatіon, exact translatіon, word by word translatіon, equіvalent translatіon, adequate translatіon, there were also explanatory translatіons (clarіfyіng), oral translatіons. Thanks to translatіon Kazakh poetry has enrіched by new forms, rhythm, sіze, rhyme,   became more dіverse, poetііmages have been strengthened.

Іn conclusіon  the research results have been descrіbed and maіn prіncіples of poetіc  translatіon where arіse specіfіc problems related to the form of expressіon. Especіally  hіgh attentіon to the form makes the problems of poetіc translatіon very complіcated. Based on a rіch materіal the Dіssertatіon shows that Kazakh poetіc art has reached hіgh level of translatіon. Ііs known that poetry іs the hіghest form of natіonal language, therefore poetіc translatіon as a form or method of transferrіng from one language to another, from one culture to another, from one natіon to another one,  enables the elіmіnatіon of lіnguіstіc-ethnіc barrіer and іntegratіon of Kazakh lіterature іnto world lіterature process.     

Results of research work can be used іn schools and unіversіtіes, specіal courses and research work.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға ................. қол қойылдыПішімі.....

Қаріп түрі ...... Офсеттік басылым.

Шартты баспа табағы .....

Есептік баспа табағы.....

Таралымы 100 дана. Тапсырыс ¹.....

 

......... баспасы

................. қ.,

............көшесі, .....

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..   160  161  162  163  164  165  166  167  168  169  ..