ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 11

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72  73 

 

 

 

ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР

 

23 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қарыздар бойынша шығындар

 

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

 

 

23 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қарыздар бойынша шығындар

 

МАҚСАТЫ

Осы Стандарттың мақсаты - қарыздар бойынша шығындарды бухгалтерлік көрсету әдісін анықтау. Осы Стандарт, негізінен, қарыздар бойынша шығындарды шығыстар ретінде дереу мойындауды талап етеді. Алайда Стандартта баламалы әдіс ретінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыруға жол береді.

 

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1.            Осы Стандарт қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс.

2.            Осы Стандарт 1983 жылы бекітілген 23-«Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру» ІАS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады.

3.            Осы Стандарт міндеттемелер ретінде қаралмайтын акционерлік капитал (соның ішінде артықшылықты акциялар) жөніндегі нақты немесе болжалды шығындарға қатысты емес.

АНЫҚТАМАЛАР

4.            Төмендегі терминдар осы Стандартта аталған мәндерде пайдаланылады:

   Қарыздар бойынша шығындар - компания қарыз қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық және басқа шығыстар.

   Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін әзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.

5.            Қарыздар бойынша шығындар:

   (а)        банк овердрафттары мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайызды;

   (b)        несиелерге байланысты жеңілдіктер немесе сыйақылар өтелімін;

   (с)        несие алудың ұйымдастырылуына байланысты жеңілдіктерді немесе сыйақылар өтелімін;

   (d)        қаржы лизингі жөніндегі, 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандартына сәйкес есептілікте көрсетілген төлемдерді; және

   (е)        шетелдік валютадағы қарыздар нәтижесінде пайыздар төлеу жөніндегі шығындар түзетуі деп саналатын дәрежеде пайда болатын бағамдық айырмашылықтарды қамтуы мүмкін.

6.            Белгілі бір талаптарға сай келетін активтердің мысалдары - тауарлы күйге жеткізуге елеулі уақытты қажет ететін қорлар, өндірістік компаниялар, электр стансалары және инвестициялық меншік. Өзге инвестициялар және қайталанатын негізде және қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде күн сайын көп мөлшерде өндірілетін қорлар белгілі бір талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға әзір активтер де белгілі бір талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.

 ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР -  ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘРТІБІ 

Мойындау

7.            Қарыздар бойынша шығындар олар жасалған кезеңдегі шығыстар ретінде мойындалуға тиіс.

8.            Есепке алудың негізгі тәртібіне сәйкес қарыздар бойынша  шығындар, олар жасалған кезеңдегі шығыстар ретінде несие алу шарттарына қарамастан,  мойындалуға тиіс.

 

Ақпаратты ашып көрсету

9.            Қаржы есептілігі қарыздар бойынша шығындарды есепке алу үшін  қабылданған есепке алу саясатын ашып көрсетуге тиіс.

ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР - ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛАТЫН БАЛАМАЛЫ ТӘРТІБІ

Мойындау

10. Қарыздар бойынша шығындар, олардың 11-параграфқа сәйкес капитал-дандырылатын бөлігінен басқасы, олар жұмсалған кезеңнің шығысы ретінде мойындалуға тиіс.

11.                      Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты  қарыздар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс. Қарыздар бойынша шығындардың капиталдандыру үшін рұқсат етілген мөлшері осы Стандартқа сәйкес анықталуға тиіс. (1)

12. Жол беруге болатын баламалы әдіске сәйкес белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар сол активтің бастапқы құнына қосылады. Қарыздар бойынша ондай шығындар, компанияның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін және  шығындарды  сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен  капиталдандырылады. Қарыздар бойынша өзге шығындар олар пайда болған кезеңдегі шығыстар ретінде мойындалады.

__________________________________

(1) Сондай-ақ қараңыз: 2 SIC «Тізбектілік-қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру».

Қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген шығындар

13.          Қарыздар бойынша белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар – тиісті активке шығындар жұмсалмаған болса, қарыздар бойынша жол бермеуге болатын  шығындар. Компания қаражатты тек белгілі бір талаптарға сай келетін нақты активті сатып алу үшін қарызға алатын болса, сол активке тікелей байланысты қарыздар бойынша шығындарды айқын анықтауға болады.

14.          Нақты қарыздар мен белгілі бір талаптарға сай келетін актив арасындағы тікелей байланысты табу және  анықтау басқа жағдайда жол бермеуге болатын қарыздарды анықтау қиыншылық туғызуы мүмкін. Ондай қиыншылықтар, мысалы, компанияның қаржы қызметі орталықтан үйлестірілетін кезде пайда болады. Қиыншылықтар компаниялар тобы түрлі пайыздық ставкалар бойынша қарыз қаражатын алу үшін бірқатар қарыз міндеттемелерін пайдаланатын және сол қаражатты топқа кіретін компанияларға түрлі негіздерде қарызға беретін кезде де пайда болады. Валюта бағамдарының ауытқулары, сондай-ақ топтың шетелдік валютада көрсетілген немесе жоғары инфляция жағдайларында онымен байланыстырылған несиелерді пайдалануы жағдайды қосымша қиындатады. Соның нәтижесінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға тікелей байланысты қарыз қаражатын пайдалану жөніндегі шығындар мөлшерін анықтау қиындайды және субъективті баға беруді қажет етеді.

15.          Қаражат белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы қарызға алынған шектерде қарыздар бойынша шығындардың сол активке капиталдандыру үшін рұқсат етілген сомасы осы қарыз бойынша кезең ішінде жұмсалған нақты шығындар ретінде, осы қарыз қаражатын қысқа мерзімді инвестициялаудан түсетін кез келген инвестициялық табысты шегере анықталуға тиіс.

16.          Белгілі бір талаптарға сай келетін активті қаржыландыру жөніндегі уағдаластықтар компанияның қарыз қаражатын алуына және сол қаражаттың бір бөлігі немесе ол түгелдей сол активке жұмсалатын шығын ретінде пайдаланылудан бұрын қарыздар бойынша оған байланысты шығындардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қаражатты ол жұмсалғанға дейін белгілі бір талаптарға сай келетін активке уақытша  инвестициялауға болады. Кезең ішінде капиталдандыру үшін рұқсат етілген қарыздар бойынша шығындар сомасын анықтау кезінде сондай қаражат бойынша алынған кез келген табыс қарыздар бойынша шеккен шығындар сомасынан шегеріледі.

17.          Қаражат жалпы мақсаттарда қарызға алынған және белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін пайдаланылған шектерде қарыздар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген сома сол активке шығындарға капиталдандыру ставкасын қолдану жолымен анықталуға тиіс. Капиталдандыру ставкасы қарыздар бойынша шығындардың компанияның кезең ішінде өтелмей қалған қарыздарына, белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы алынған қарыздардан басқасына, қатысты өлшенген орташа мәні болуға тиіс. Кезең ішінде капиталдандырылған қарыздар бойынша шығындар сомасы қарыздар бойынша сол кезең ішінде жұмсалған шығындар сомасынан аспауға тиіс.

18.          Кейбір жағдайларда қарыздар бойынша шығындардың өлшенген орташа мәнін есептеу кезінде бас компания мен еншілес компаниядардың барлық қарыздарын қосқан жөн; басқа жағдайларда әрбір еншілес компания үшін қарыздар бойынша шығындардың өлшенген орташа мәнін оның өз қарыздарына қатысты пайдалану дұрыс болады.

Белгілі бір талаптарға сай келетін активтің баланстық құнының өтелетін сомадан асып кетуі

19.          Белгілі бір талаптарға сай келетін активтің баланстық құны немесе болжамды түпкілікті құны өтелетін сомадан немесе сатудың ықтимал таза бағасынан асып кетсе, баланстық құн басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес ішінара немесе толық есептен шығарылады. Белгілі бір жағдайларда ішінара немесе толық есептен шығару мөлшері сол Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес қалпына келтіріледі.

Капиталдандырудың басталуы

20.          Қарыздар бойынша шығындарды белгілі бір талаптарға сай келетін актив құнының бір бөлігі ретінде капиталдандыру:

(а)             сол актив бойынша шығындар пайда болған;

(b)             қарыздар бойынша шығындар пайда болған; және

(с)             активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға әзірлеу үшін қажетті жұмыстар қолға алынған кезде басталуға тиіс.

21.          Белгілі бір талаптарға сай келетін активке жұмсалатын шығындарға ақшалай төлемдерде, басқа активтердің аударымдарында немесе пайыздық міндеттемелер қабылдануында білдірілетін шығындар ғана жатады. Шығындар сол активке байланысты алынған кез келген төлемдер мен субсидиялар мөлшеріне кемітіледі (қараңыз: 20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS). Активтің кезең ішіндегі орташа баланстық құны, соның ішінде қарыздар бойынша бұрын капиталдандырылған шығындар, әдетте сол кезеңдегі капиталдандыру ставкасы қолданылатын шығындардың негізделген болжалды мәніне теңеледі.

22.          Активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметке активті нақтылай жасау ғана қамтылмайды. Оған активті нақтылай жасау алдындағы техникалық және әкімшілік жұмыстары, мысалы, құрылыс бастау үшін қажетті рұқсаттар алуға байланысты қызмет жатады. Алайда, оның күйін өзгертетін өндіріс немесе түрлендіру жоқ болса, активті иелену ондай қызметке жатпайды. Мысалы, құрылыс үшін жерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қарыздар бойынша жұмсалған шығындар тиісті жұмыстар жүргізілетін кезең ішінде капиталдандырылады. Алайда, кейінгі құрылыс үшін сатып алынған жер ондағы әлдебір әзірлік жұмыстарынсыз иелікте қалатын кезде жұмсалған шығындар капиталдандыруға жатпайды.

Капиталдандыруды тоқтата тұру

23.          Қаражат қарыздары бойынша шығындарды капиталдандыру объектіні түрлендіру жөніндегі белсенді жұмыста  үзіліс  болатын ұзақ кезеңдер ішінде уақытша тоқтатыла тұруға тиіс.

24.          Қарыздар бойынша шығындар активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті қызметте үзіліс болатын ұзақ кезең ішінде жұмсалуы мүмкін. Ондай шығындарға аяқталмаған объектілерді ұстауға жұмсалатын шығындар жатады. Мұндай шығындар капиталдандыруға жатпайды. Алайда қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру әдетте елеулі техникалық және әкімшілік жұмыстар жүзеге асырылатын кезең ішінде уақытша тоқтатыла тұрмайды. Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру сондай-ақ уақытша кідіріс активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үрдісінің қажетті бөлігі болып табылатын кезде де уақытша тоқтатыла тұрмайды. Мысалы, капиталдандыру қорларды қажетті кондицияға жеткізу үшін қажетті ұзақ кезең ішінде, немесе судың жоғары деңгейі көпір салынуын кешеуілдететін ұзақ кезең ішінде, судың жоғары деңгейі сол географиялық аймақ үшін құрылыс салу кезеңі ішінде әдетті болса, капиталдандыру жалғастырылатын болады.

Капиталдандыруды тоқтату

25.          Қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру белгілі бір талаптарға сай келетін активті мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар іс жүзінде аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.

26.          Объектінің нақты құрылысы аяқталған кезде, күнделікті әкімшілік жұмыстарының одан әрі жалғастырыла беруі мүмкін екеніне қарамастан, ол әдетте мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайын деп саналады.   Егер объектіні сатып алушының немесе пайдаланушының талаптарына сәйкес ресімдеу секілді кішігірім жұмыста ғана қалса, оның өзі жұмыстардың іс жүзінде толық аяқталғанын білдіреді.

27.          Белгілі бір талаптарға сай келетін актив құрылысының бөліктері аяқталып, әрбір бөлікті басқа бөліктердің құрылысы жалғасып жатқан кезде пайдалануға болатын болса, қарыздар бойынша шығындарды капиталдандыру активтің сол бөлігін  мақсаты бойынша пайдалануға немесе сатуға дайындау үшін қажетті барлық жұмыстар негізінен аяқталған кезде тоқтатылуға тиіс.

28.          Әрқайсысы жеке пайдалануға жарамды бірнеше ғимараттардан тұратын бизнес-орталығы - басқа құрамдас бөліктер құрылысы одан әрі жалғастырылып жатқан кезде әрбір бөлікті пайдалануға болатын белгілі бір талаптарға сай келетін активтің мысалы. Өзінің кез келген құрамдас бөлігі пайдаланылардан бұрын толық аяқталуға тиіс белгілі бір талаптарға сай келетін актив мысалы компанияның бір алаңда орналасқан түрлі цехтарында рет-ретімен жүзеге асырылатын бірнеша өндірістік үдерістерді біріктіретін өнеркәсіп компаниясы, болат илектеу өндірісі болып табылады.  

Ақпаратты ашып көрсету

29.       Қаржы есептілігінде мыналар ашып көрсетілуге тиіс:

(а)             қарыздар бойынша шығындар үшін қабылданған есеп саясаты;

(b) қарыздар бойынша шығындардың кезең ішінде капиталдандырылған сомасы; және

(с)             қарыздар бойынша капиталдандыру жарамды шығындар мөлшерін анықтау үшін пайдаланылған капиталдандыру ставкасы.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ШАРТТАРЫ

30.          Осы стандарттың қабылдануы есеп саясатының өзгеруіне себеп болса, ұйымның өз қаржы есептілігіне 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер мен қателіктер» IASстандартына сәйкес түзету енгізуі ұсынылады. Және керісінше, осы Стандарт күшіне енгеннен кейін туындаған қарыздар бойынша капиталдандыру өлшемдеріне сай келетін шығындарды ғана капиталдандыруға тиіс.

КҮШІНЕ ЕНЕТІН КҮН

31.          Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1995 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігіне  қатысты күшіне енеді.

 

 

___________

            Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72  73