1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 11

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  60  61  62  63  64  65  66  67  68  69    ..

 

 

 

1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қаржы есептiлiгiн ұсыну

 

МАҚСАТЫ

1.         Осы Стандарттың мақсаты ұйымның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа ұйымдардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн осы Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады. Нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және ашып көрсету мәселелері басқа Стандарттар мен Түсініктемелерде қарастырылады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.         Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленетін және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептiлiгiнiң барлығына міндетті түрде қолданылуға тиiс.

3.         Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне сай келетiн есептiлiктiң ұсынылуын талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған есептілік. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi жеке өзi немесе жылдық есеп, немесе бағалы қағаздар проспекті сияқты басқа ресми жарияланатын құжаттың құрамында ұсынылатын құжаттарды қамтиды. Осы Стандарт 34-«Аралық қаржы есептілігі» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірленген қысқартылған аралық қаржы есептілігінің құрылымы мен мазмұнына қолданылмайды. Солай бола тұрса да, осындай қаржы есептiлiгiне 13-41-параграфтар қолданылады. Осы Стандартты қолдану барлық ұйымдарға бірдей дәрежеде қолданылады және, 27 ІAS «Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» Халықаралық стандартында белгіленгендей, шоғырландырылған қаржы есептілігін немесе жеке қаржы есептілігін әзірлеу қажеттілігіне тәуелді емес.

4.         [жойылған].

5.         Осы Стандартта мақсаты пайда алу болып табылатын ұйымдар үшiн, оның ішінде мемлекеттік сектордың іскерлік құрылымдары үшін қолайлы терминология пайдаланылған. Қызметі пайда алуға бағдарланбаған ұйымдардың - ол жеке секторда, қоғамдық секторда немесе мемлекеттік органдар құрылымында болсын, -      және, осы стандартты қолдануға ниеттенетіндердің, бәлкім, қаржы есептілігіндегі жекелеген желілік баптар үшін және тұтас қаржы есептілігі үшін пайдаланылған тиісті атауларға түзетулер енгiзуіне тура келетiн болар.

6.         Жоғарыда айтылғандар сияқты, 32-«Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру» ІAS Стандартының анықтамасын (мысалы, кейбір өзара қорлар) қанағаттандыратын меншікті капиталы жоқ ұйымдардың және акционерлік капиталы меншікті капитал болып табылмайтын ұйымдардың (мысалы, кейбір кооперативтік ұйымдар), бәлкім, мүшелер мен жарнашылардың үлестері туралы қаржы бейімдеуіне тура келетін болар.

ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ АРНАЛУЫ

7.         Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

(а)        активтер;

(b)        мiндеттемелер;

(c)        өз капиталы;

(d)        пайдалар мен залалдарды қосакiрiстер мен шығыстар;

(e)      өз капиталындағы басқа да өзгерістер;

және

(f)       ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.

ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

8.         Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:

(а)        баланс;

(b)        пайдалар мен залалдар туралы есеп;

(c)      өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп, не:

(і) өз капиталындағы барлық өзгерiстердi;

не

(іі) өз капиталының иелері ретінде әрекет ететін өз капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше өз капиталындағы өзгерiстердi көрсететiн өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;

(d)     ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

         және

(e)        есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.

9.         Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:

(а)        ұйым iс-әрекет ететiн конъюнктураның өзгеруiн, ұйымның осы өзгерiстерге және олардың ықпалына әсерiн қоса, қаржы нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, сондай-ақ дивидендтер саласындағы оның саясатын қоса, қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымның инвестициялық саясатын;

(b)               ұйымды қаржыландыру көздерiн, және оның міндеттеме мен меншікті капитал арақатынасының жоспарлы көрсеткіштерін;

         және

(c)                ұйымның ХҚЕС-на сәйкес баланста танылмаған қаржыларын шолу.

10.       Көптеген қаржы есептiлiгiнен басқа қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi есептер және, әсiресе қоршаған ортаны қорғау факторының зор маңызы бар және олардың қызметкерлерi пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетiн салалардағы қосылған құн салығы туралы есептер сияқты ресми бюллетендер ұсынады. Қаржы есептілігінің шегінен тыс ұсынылатын есептер мен ресми бюллетендер Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында қолдану аясына кірмейді.

АНЫҚТАМАЛАР

11.       Осы Стандартта келесі терминдер мынадай мәндерде пайдаланылады:

Практикалық мүмкін еместігі - Қандай да болсын талапты қолдану, ұйым, бұл үшін ақылға қонымды күш-жігердің барлығын пайдалана отырып, қалай болғанда да оны қолдана алмаған жағдайда, іс жүзінде мүмкін болмайды.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) - бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер. Олар мыналарды қамтиды:

(а)   Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІFRS);

(b)   Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІAS);

        және

(с)   Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (IFRIC) немесе бұрынғы Түсіндіру жөніндегі тұрақты комитет шығарған түсіндірмелер (SIC).

Мәнділік - Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, елеулі болып табылады. Мәнділік қосымша мән-жайлар контексінде бағаланатын нақты қалдырып кетудің немесе бұрмалаудың мөлшері мен сипатына байланысты болады. Тиісті баптың не соның және басқасының ұштасуының не мөлшері, соның не басқасының ұштасуы не сипаты шешуші фактор болуы мүмкін.

Ескертулерде - балансқа, пайдалар мен залалдар туралы есепке, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепке және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепке қосымша ұсынылатын ақпарат болады. Ескертулерде қаржы есептілігінде ашып көрсетілген баптардың баяндалған сипаттамалары немесе оларды неғұрлым толығырақ талдау, сондай-ақ қаржы есептілігінде тану өлшемдеріне сай келмейтін баптар туралы ақпарат келтіріледі.

12.       Осы нақты қалдырып кету немесе бұрмалау пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал ете ала ма, және, сөйтіп, елеулі болуы мүмкін бе деген мәселені бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерделеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну принциптерінде», 25-параграф: «пайдаланушылардың іскерлік және зкономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі бар және ұсынылған ақпаратты тиісті ынтамен зерделеуге әзір екендігі болжанады» делінген. Сөйтіп, осы бағалауды жүргізген кезде осындай өзіне тән қасиеттерге ие пайдаланушылар экономикалық шешімдер қабылдаған кезде ықпалға ұшырауы мүмкін болатындығын қалай күту дұрыс екендігін ескеру қажет.

ЖАЛПЫ ҰҒЫНЫМДАР

Әділ ұсыну және Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік

13.       Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы жағдайын және ақшалай қаражаттардың қозғалысын міндетті түрде адал көрсетуге тиіс. Адал ұсыну операциялардың, «Принциптерде» айтылған активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар үшін тану анықтамалары мен белгілеріне сәйкес басқа оқиғалар мен талаптардың ықпал етуін ұсынған кезде шындықты талап етеді. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын, қажет болған жағдайда - ақпаратты қосымша ашып көрсету арқылы қолдану адал ұсыну міндетін шешетін қаржы есептілігін қалыптастыруға жетектейді деп көзделеді.

14.       Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.

15.       Іс жүзінде кез келген жағдайларда қолданылып жүрген Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік адал ұсынуға жеткізеді. Адал ұсыну сондай-ақ ұйымнан мыналарды талап етеді:

(а)        8-«Есеп саясаты, есеп айырысу бағаларындағы өзгерістер және қателіктер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатын таңдау және қолдану. 8 ІAS Халықаралық стандартында ұйым басшылығы үшін нақты бапқа қолданылған стандарт немесе түсініктеме болмаған жағдайға есептелген ресми тәлімдердің толық жиынтығы айтылған.

(b) мәнді, сенімді, салыстырмалы және түсінікті ақпарат қалыптастыруға келтіретіндей тәсілмен есеп саясатын қоса, ақпаратты ұсыну;

(с)        Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының тиісті талаптарын сақтау нақты операциялардың, басқа оқиғалар мен жағдайлардың ұйымның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелеріне ықпалын пайдаланушылардың түсіне алуы үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ақпараттың қосымша ашып көрсетілуін қамтамасыз ету.

16.       Сәйкес келмейтін есеп саясаты қолданылатын есеп саясатын ашып көрсетумен де, ескертулермен немесе басқа түсіндірме материалдармен де өтелмейді.

17.       Ұйым басшылығы тиісті Халықаралық стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптары жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады деген қорытындыға келетін өте-мөте сирек жағдайларда, ұйым, егер тиісті нормативтік актілер бойынша осылайша бас тарту талап етілсе немесе оған тыйым салынбаса, 18-параграфта сипатталған тәсілді пайдаланып, ондай талапты пайдаланудан бас таруға міндетті.

18.       Ұйым 17-параграфқа сәйкес жекелеген стандарт немесе түсіндірме талаптарынан ауытқыса, ол мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)        ұйымның басшылығы қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы нәтижелерін және ақшалай қаражаттардың қозғалысын адал ұсынды деген қорытындыға келсе;

(b)        адал ұсынуға жету мақсаттарында нақты талаптардан ауытқуды қоспағанда, ол қолданылатын Халықаралық стандарттарды және Түсіндірмелерді сақтаса;

(с)        ұйым ауытқыған Стандарттың немесе Түсіндірменің атауы, осы Стандартқа немесе Түсіндірмеге талап етілуі мүмкін есептеу тәртібін қоса, ауытқу сипаты, осы мән-жайларда есептеу тәртібінің жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатын себеп;

және

(d)        әрбір есепті кезең бойынша - ауытқу болмаған кезде қолданылатын талапқа сәйкес қаржы есептілігінде көрсетілетін қаржы есептілігінің әрбір бабына ауытқудың қаржылық ықпалы.

19.       Егер ұйым алдыңғы кезеңдердің бірінде жекелеген Стандарттың немесе Түсіндірменің талаптарынан ауытқыса, және де бұл ауытқу ағымдағы кезеңдегі қаржы есептілігінде танылған сомаларға ықпал етсе, ол 18-параграфтың (с) және (d) тармақтарында айтылған ақпаратты ашып көрсетуге тиіс.

20        19-параграф, мысалы, ұйым алдыңғы кезеңнің бірінде активтерді немесе мән-жайларды бағалау үшін жекелеген Стандарттың немесе Түсіндірменің талабынан ауытқыса, және бұл ауытқу ағымдағы кезеңдегі қаржы есептілігінде танылған активтер мен мән-жайлардағы өзгерістерді бағалауға ықпал етсе, қолданылады.

21.       Ұйым басшылығы тиісті Халықаралық стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптарын сақтау жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады, бірақ бұл жағдайда тиісті нормативтік база осы талаптан ауытқуға тиым салады деген қорытындыға келетін өте-мөте сирек жағдайларда, ұйым осы талапты сақтаудың ауытқуға әкеп соқтырады-ау деген жақтарын бар мүмкіндігінше кемітуге міндетті, және бұл үшін ол мына ақпаратты ашып көрсетеді:

(а)        тиісті Стандарттың немесе Түсіндірменің атауын, тиісті талаптың сипатын және ұйым басшылығы аталған жағдайларда осы талапқа сәйкес болу жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады;

            және

(b)        әрбір есепті кезең бойынша - ұйым басшылығы баптарды адал ұсынуға қол жеткізу мақсаттарында түзету қажет деген қорытындыға келген қаржы есептілігінің баптарын түзету.

22.       17-21-параграфтардың мақсаттары үшін ақпарат объектісі, егер ол көрсетуге арналған тиісті операцияларды, басқа оқиғалар мен жағдайларды шынайы көрсетпесе, немесе, негізді түрде күтуге болатындай, ол ұсынатын, және осының нәтижесінде қаржы есептілігін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге ықпал етуі мүмкін болса, қаржы есептілігінің мақсаттарына қайшы келеді. Тиісті Стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптарын сақтау жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатынын бағалаған кезде, ұйым басшылығы мынадай мәселелерді қарайды:

(а)        осы нақты мән-жайларда қаржы есептілігінің мақсаттарына неліктен қол жетпейді;

            және

(b) ұйымның жағдайы қалайша осы талапты орындайтын ұйымдардың жағдайларынан өзгеше болады. Егер басқа ұйымдар осыған ұқсас жағдайларда осы талапты сақтайтын болса, ұйымның осы талапты сақтауы Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарында қайшылық пайда болатындай деңгейде жаңылысқа әкеп соқтырмайтыны туралы теріске шығаратын болжам бар.

Қызметтiң үздiксiздiгi

23.       Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

24.       Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын бағалау кезiнде, басшылық, ең болмағанда, баланс күнінен бастап он екі айды қамтитын, бiрақ онымен шектелмейтін болашақ туралы қолда бар ақпараттың барлығын ескереді. Осы ақпарат назарға алынатын деңгей әрбiр жеке жағдайда нақты фактiлерге байланысты болады. Ұйым белгiлi бiр кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөнiндегi пiкiр бекiтiлмес бұрын, бәлкiм, ағымдағы және күтiлетiн пайдалылыққа, борыштық мiндеттемелерді өтеу кестелерiне және баламалы қаржыландырудың әлуеттi көздеріне байланысты факторлардың кең ауқымын қарауы талап етiлетін болар.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу

25.       Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті.

26.       Есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданған кезде, егер олар Принциптерде айтылған осы элементтерге арналған анықтамалар мен өлшемдерді қанағаттандыратын болса, баптар активтер, міндеттемелер, капитал, пайда және шығыстар (қаржы есептілігінің элементтері) ретінде танылады.

Ұсынудың жүйелiлiгi

27.       Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну және сыныптау міндетті түрде бiр кезеңнен келесі кезеңге сақталуға тиiс, оған мынадай реттер кiрмейдi:

(а)        ұйым қызметі сипатының едәуір өзгеруі немесе оның қаржы есептілігін қайта қарау нәтижесінде - 8 ІAS-Халықаралық стандарттың есеп саясатын іріктеу және қолдану өлшемдерін ескере отырып, басқа ақпаратты ұсыну немесе басқа сыныптау неғұрлым қолайлы екендігі анық;

немесе

(b) қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме ұсынуда өзгерiстердi талап етедi.

28.       Қаржы есептiлiгiн едәуiр сатып алу немесе оның шығып қалуы, немесе оны ұсынуды талдау қаржы есептiлiгiн ұсынуға өзгерiстер енгізу қажеттiгiн туғызуы мүмкiн. Ұйым, егер ұсынудың өзгерген нысаны қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін сенімді және неғұрлым мәнді болатындай ақпарат берген, және қайта қаралған құрылым, бәлкiм, сақталатын ретте, және сөйтіп ақпараттың салыстырмалылығына зиян келмеген жағдайда ғана, ұсынылған қаржы есептiлiгiн ұсынуға өзгерiстер енгiзеді. Ұсынуға ондай өзгерістер енгізген кезде ұйым 38 және 39-параграфтарға сәйкес өзiнiң салыстырма ақпаратын қайта сыныптайды.

Елеулілік және қорыту

29.       Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

30.       Қаржы есептiлiгi операциялардың көп санын немесе сипатына, немесе мақсатына сәйкес құрылымы жағынан топтарға бiрiктiрiлген өзге де оқиғаларды өңдеу нәтижесi болып табылады. Біріктіру және сыныптау процесінің соңғы кезеңі жеке баптарды не тікелей баланста, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте, не ескертулерде қалыптастыратын ықшамды және сыныпталған деректердi ұсынудан тұрады. Егер қандай да болсын жеке баптың өзі елеулi болып табылмаса, ол тікелей қаржы есептiлiгiнде, не ескертулерде басқа баптармен бiрiктiрiледi. Қаржы есептiлiгiнің өзінде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмайтын бап, қайткенде де, оны ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн.

31.       Елеулiлiк принципін қолдану, егер нәтижесiнде алынған ақпарат елеулi болмаса, қандай да болсын Стандарттың немесе Түсіндірменің ақпаратын ашып көрсетуге нақты талаптарды орындаудың қажет емес екендігiн бiлдiредi.

Өзара есепке алу

32.       Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол рұқсат етілген немесе қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме талап ететін реттер кірмейді.

33.       Активтер мен міндеттемелердің, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстардың жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайдалар мен залалдар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мәнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақшалай қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв және дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау - өзара есепке алу болып табылмайды.

34.       18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандарты түсімге анықтама бередi және ол ұйым беретiн барлық сауда-саттық және көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе кері алынуға тиiстi әдiл құн бойынша бағалауды талап етедi. Өзiнiң әдеттегi қызметiнiң барысында ұйым түсім әкелмейтiн, бiрақ түсім әкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды да жүзеге асырады. Осындай операциялардың нәтижелері тиісті операцияның немесе оқиғаның мәнін көрсететін реттерде, ондай операциялардың нәтижелері бір операцияның нәтижесінде туындайтын барлық кірістерді және тиісті шығыстарды өзара есепке алу арқылы ұсынылады. Мысалы:

(а)   ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен залалдар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң баланстық құнының және оны сату жөнiндегi тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады;

       және

(b)   37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын және үшінші тұлғамен шарттық келісімнің талаптары бойынша (мысалы, жеткізушінің кепілдік міндеттемелері туралы келісім) өтелетiн бағалау жағдайларымен байланысты шығындар тиiстi өтеуге қарсы есепке алынуы мүмкін.

35.       Бұған қоса, осындай операциялар тобы бойынша туындайтын пайдалар мен залалдар, мысалы, оң және теріс бағамдық айырмалар және саудаға арналған қаржы құралдары бойынша туындайтын пайдалар немесе залалдар есептерде нетто-негiз бойынша ұсынылады. Солай бола тұрса да, ондай пайдалар мен залалдар, егер олар мәнді болса, бөлек көрсетіледі.

Салыстырмалы ақпарат

36.       Қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме қаржы есептілігінде көрсетілген барлық сомалар бойынша басқаға жол беретін немесе талап ететін реттерді қоспағанда, алдыңғы кезеңдегі салыстырма ақпарат міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Салыстырма ақпарат, егер ол ағымдағы кезең iшiндегi қаржы есептiлiгiн түсiну үшiн орынды болса, міндетті түрде баяндау және сипаттау ақпараты қосылуға тиiс.

37.       Кейбiр реттерде алдыңғы кезеңдегi (кезеңдердегi) қаржы есептiлiгiнде ұсынылған баяндаушы ақпарат ағымдағы кезеңде де мәнділігін сақтайды. Мысалы, баланстың соңғы күнiнде шешiлуi тұрлаусыз болған және әлi шешiлуге тиiстi құқықтық даудың егжей-тегжейi ағымдағы кезеңде ашып көрсетiледi. Пайдаланушылар баланстың соңғы күні тұрлаусыздық болғаны туралы және кезең iшiнде тұрлаусыздықты жою үшiн қандай шаралар қолданылғаны туралы ақпараттан пайда алады.

38.       Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну немесе сыныптау өзгерген кезде, салыстырма сома, егер қайта сыныптауды жүргізу iс жүзiнде жүзеге асырылмайтын болғанда ғана, міндетті түрде қайта сыныпталуға тиiс. Салыстырма сомалар қайта сыныпталған кезде, ұйым мыналарды ашып көрсетуге тиiс:

(а)        қайта сыныптау сипаты;

(b)        әрбір баптың сомасы немесе қайта сыныпталған баптардың сыныбы;

және

(с)        қайта сыныптауды жүргізу себебі.

39.       Салыстырма сомаларға қайта сыныптау жасау іс жүзінде мүмкін болмайтын кезде, ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а)   тиісті сомаларға қайта сыныптау жүргізілмеген себеп;

       және

(b)   егер тиісті сомалар қайта сыныпталған болса, жасалатын түзетулердің сипаты.

40.       Ақпаратты кезеңдер бойынша салыстыруды жақсарту, әсіресе болжамдық мақсаттарда қаржы ақпаратының үрдісін бағалауға мүмкіндік беру есебінен, пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауына көмектеседі. Кейбір жағдайлар кезінде, ағымдағы кезеңмен салыстыруға қол жеткiзу үшiн нақты алдыңғы кезең бойынша салыстырма ақпаратты керi сыныптау іс жүзінде мүмкін емес. Мысалы, алдыңғы кезеңде (кезеңдерде) деректер керi сыныптауды өткiзуге мүмкiндiк бермейтiн, ал ақпарат мүмкiн болмайтын әдiспен қайта жинақталуы мүмкiн.

41.       Ұйым есеп саясатын ауыстыратын немесе жіберілген қателікті түзейтін кезде салыстырма ақпаратқа түзетулер 8 ІAS Халықаралық стандартта қаралады.

ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

42.       Осы стандарт баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте және меншікті капитал туралы есепте ақпаратты дәл айқындап ашып көрсетудi талап етеді, сондай-ақ басқа желілік баптар туралы ақпаратты не тікелей осы есептілікте, не ескертулерде ашып көрсетудi талап етедi. Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептi ұсыну жөніндегі талаптар 7 ІАS Халықаралық стандартта баяндалған.

43.       Осы стандартта «ақпаратты ашып көрсету» деген термин кейде баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте де, сондай-ақ ескертулерде де ұсынылатын баптарды қамтитын кең мәнінде пайдаланылады. Басқа Стандарттар мен Түсіндірмелерде де ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар бар. Егер осы Стандартта немесе қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің бірінде өзгеше белгіленбесе, ондай ашып көрсетулер не баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте (бұл ашып көрсетулердің қандай есепке қатысы бар екендігіне байланысты), не қаржы есептілігіне ескертулерде орындалады.

Қаржы есептiлiгiн анықтау

44.       Қаржы есептiлiгi міндетті түрде дәл анықталуға және жарияланған бір құжат шеңберiндегi басқа ақпараттан бөлiнуге тиiс.

45.       Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары жылдық есепте немесе басқа құжатта ұсынылған басқа ақпаратқа емес, қаржы есептiлiгiне ғана қолданылады. Сондықтан Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары қолданылып әзiрленген ақпаратты пайдаланушылар үшiн пайдалы, бiрақ Халықаралық стандарттар талаптарының мәнi болып табылмайтын ақпараттан пайдаланушылардың айыра алуы маңызды.

46.       Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:

(а)        есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;

(b)        қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;

(c)        қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;

(d)        21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;

            және

(e)        қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк деңгейi.

47.       46-параграфта келтiрiлген талаптар, әдетте, қаржы есептiлiгiнiң әрбiр бетiнде бет сайынғы тақырыптарды және қысқартылған бағандар тақырыптарын ұсыну жолымен орындалады. Осындай ақпаратты ұсынудың ең жақсы тәсiлiн анықтау үшiн пайымды шешім қабылдау талап етiледi. Мысалы, егер қаржы есептiлiгi электронды түрде ұсынылатын болса, жекелеген беттерге бөліп қарау әрдайым пайдаланыла бермейді; онда жоғарыда келтiрiлген тақырыптар қаржы есептілігіне енгізілген ақпаратты дұрыс түсiнудi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi жиiлiкте пайда болуға тиiс.

48.       Қаржы есептiлiгi көбiнесе ұсынылған валютаның мыңдаған немесе миллиондаған бiрлiктерiнде ақпарат ұсынған кезде неғұрлым түсiнiктi болады. Бұған қаржы есептілігіне сомалар ұсынған кезде пайдаланылатын дәлдiк деңгейi ашып көрсетiлгенде және елеулі ақпарат жоғалмағанда ғана жол берiледi.

Есептi кезең

49.       Қаржы есептiлiгi міндетті түрде кем дегенде жыл сайынғы негізде ұсынылуға тиiс. Ұйымның есепті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептiлiгi бiр жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептiлiгiнде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а)   неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңдi пайдалану себебiн;

       және

(b)   пайдалар мен залалдар туралы есептегі, меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi.

50.       Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Осы Стандарт ондай практикаға тиым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептiлiгiнде бiр жылдық кезең үшін жасалатын қаржы есептiлiгінен елеулi айырмашылығы бола қоймас.

Баланс

Қысқа мерзiмдi / ұзақ мерзiмдi бөлу

51.       Ұйым 57-67-параграфтарға сәйкес тікелей баланстағы жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтерді және қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi ұсынуға міндетті, бұған өтімділік негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат беру реттері кірмейді.  Осы ерекшелік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетті түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.

52.       Қабылданған ұсыну әдiсiне қарамастан, (а) өтелуi немесе орнын толтыру баланс күнінен кейін он екi айдан аспайтын және (b) баланс күнінен кейін он екi айдан асатын мерзiмнің ішінде күтiлiп отырған соманы біріктіретін активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша ұйым, өтелуi немесе орнын толтыру он екi айдан астам мерзім өткеннен кейін күтiлiп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.

53.       Егер ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң барысында тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзсе, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi баланстың өзiнде бөлек сыныптау айналым капиталы ретiнде тұрақты жұмыс iстейтiн таза активтердi ұйымның ұзақ мерзiмдi операцияларында пайдаланылатындардан бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етедi. Бұл сондай-ақ ағымдағы операциялық кезеңде iске асыру көзделiп отырған активтердi және тап осы кезең iшiнде өтелуге тиiстi мiндеттемелердi бөлiп көрсетуге мүмкіндік береді.

54.       Қаржы ұйымдары сияқты кейбір ұйымдар үшін активтер мен мiндеттемелердi өтімділікті арттыру немесе төмендету тәртібімен ұсыну қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активтерге бөліп ұсынуға қарағанда сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты береді, өйткені бұл ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң шеңберінде тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізумен айналыспайды.

55.       Ұйым 51-параграфты пайдаланған кезде активтер мен міндеттемелердің өзін қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активке бөліп ұсынуға, ал басқаларын - егер бұл сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты ұсынуға жеткізетін болса, өтімділік тәртібімен ұсынуға рұқсат етіледі. Ұсынудың құрамдастырылған негізіне деген осындай қажеттілік ұйым кең тараған қызмет түрімен айналысқан кезде пайда болуы мүмкін.

56.       Активтер мен міндеттемелерді өткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат ұйымның өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 ІAS Халықаралық стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, ұйым баланс күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.

Қысқа мерзімді активтер

57.       Актив, егер мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:

(а)        оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;

(b)        ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;

(c)        оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса; не

(d)        ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса (7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай), бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді.

Қалған активтердiң барлығы міндетті түрде ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға тиiс.

58.       Осы Стандартта «ұзақ мерзiмдi» термині ұзақ мерзімді сипаттағы материалдық, материалдық емес, және қаржы активтерiн сипаттау үшiн пайдаланылады. Олардың мағынасы айқын болған жағдайда, Стандарт басқа атауларды пайдалануға тиым салмайды.

59.       Ұйымның операциялық кезеңi активтерді өңдеу үшін сатып алу және оларды ақшалай қаражаттарға немесе ақшалай қаражаттың баламаларына айналдыру арасындағы кезеңді бiлдiредi. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі ай болады деп болжанады. Қысқа мерзімді активтер тіпті оларды есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату күтілмеген кездің өзінде, әдеттегі операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткiзiлетiн активтерді (сатып алушылар мен тапсырыс берушілердың босалқылары мен дебиторлық берешегі сияқтылар) қамтиды. Қысқа мерзімді активтер сондай-ақ негізінен сату мақсаттарына арналған активтерді (осы санаттар шеңберіндегі қаржы активтері 39-«Қаржы құралдары - тану және бағалау» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес саудаға арналғандар ретінде сыныпталады), сондай-ақ ұзақ мерзімді активтердің айналымдық бөлігін қамтиды.

Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер

60.       Мiндеттеме, егер ол мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:

(а)        оны ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;

(b)        ол негізінен сату мақсаттарына арналса;

(с)        ол есепті күннен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiс болса;

не

(d)        есепті күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде тиісті міндеттемені өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы болмаса.

Қалған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс.

61.       Жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң алдындағы кредиторлық берешек сияқты кейбiр қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қызметкерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнде пайдаланылатын айналымдық капиталдың бiр бөлiгiн құрайды. Ондай операциялық баптар, тiптi олар баланс күнiнен бастап он екi айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиiс болса да, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталады. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі айды құрайды деп көзделеді.

62.       Басқа қысқа мерзiмдi мiндеттемелер әдеттегі операциялық кезеңнiң бiр бөлiгi ретiнде өтелмейдi, бiрақ баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтеуді талап етеді немесе негізінен сату мақсаттарына арналады. Мысалы, 39 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған қаржы міндеттемелері, банктік овердрафтар, ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, төлеуге дивидендтер, пайдаға салынатын салықтар және басқа сауда-саттық емес кредиторлық берешектер. Ұзақ мерзімді негізде қаржыландыруды қамтамасыз ететiн (яғни ұйымның әдеттегі операциялық кезеңінде пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігі болып табылмайды) және баланстан кейін он екi айдың iшiнде өтелуге жатпайтын қаржы мiндеттемелері ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер болып табылады, оларға 65 және 66-параграфтар қолданылады.

63.       Ұйым өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн, олар баланс күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiстi болса, қысқа мерзімді ретінде сыныптайды, егер тіпті:

(а)   олардың бастапқы мерзiмi он екi айдан асатын мерзім болса;

       және

(b)   баланс күнінен кейін және қаржы есептілігі бекітілгенге дейін қайта қаржыландыруға немесе ұзақ мерзімді негізде төлем кестесін өзгертуге шарт жасалса.

64.       Егер ұйым кредит беру туралы қолда бар келісім бойынша баланс күнінен кейін ең болмағанда он екі айға қандай да болсын міндеттемені қайта қаржыландыруға немесе кейінге қалдыруға өкілеттігі бар деп күтетін болса, тіпті олай болмағанның өзінде неғұрлым қысқа мерзімнің ішінде өтелуге тиіс болса да, бұл міндеттемені қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныптайды. Алайда міндеттемені қайта қаржыландыру немесе кейінге қалдыру ұйымның өзі қалайтын салаға жатпайды (мысалы, қайта қаржыландыру туралы қандай да болсын келісім жоқ), қайта қаржыландыру мүмкіндігі қаралмайды, және міндеттілік қысқа мерзімді ретінде сыныпталады.

65.       Ұйым тікелей есепті күнге немесе есепті күнге дейін ұзақ мерзімді қарыз шарты бойынша келісімді бұзса, соның нәтижесінде міндеттеме талап ету арқылы ақы төлеу санатына ауысса, бұл міндеттеме, тіпті егер қарыз беруші есепті күннен кейін және қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін бұзушылыққа жол берілуі салдарынан төлемді талап етуге келіскен болса да, қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады. Бұл міндеттеме қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады, өйткені есепті күні осы күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде оны өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы жоқ.

66.       Алайда, егер қарыз беруші баланс күні басталғанға дейін, кезең ішінде ұйым бұзушылықты жоя алатын және қарыз беруші дереу өтеуді талап ете алмайтын, ең аз дегенде он екі айдан кейін аяқталатын жеңілдікті кезең беруге келіссе, бұл міндеттеме ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталады.

67. Қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде сыныпталған қарыздарға қатысты, егер төменде келтірілген оқиғалар есепті кезең мен қаржы есептілігін шығаруға бекітілген күннің арасында болса, бұл оқиғалар 10-«Есепті күннен кейінгі оқиғалар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес түзетілмейтін оқиғалар ретінде ашып көрсетілуге тиіс:

(а)        ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыру;

(b)               қарыз беруге арналған ұзақ мерзімді шартты бұзуды жою;

және

(c)                есепті күннен кейiн ең аз дегенде он екi айдан кейін аяқталатын қарыз беруге арналған ұзақ мерзімді шарттың бұзылуын жою үшін қарыз берушіден жеңілдікті кезең алу.

Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат

68.       Олар 68А-параграфына сәйкес ұсынылмаған жағдайда, баланс міндетті түрде кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:

(а)        негізгі құралдар;

(b)        инвестициялық жылжымайтын мүлік;

(c)        материалдық емес активтер;

(d)        қаржы активтері ((е), (һ) және (і) тармақтарында көрсетiлген сомаларды қоспағанда);

(е)        қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;

(f)         биологиялық активтер;

(g)        босалқылар;

(һ)        сауда және басқа дебиторлық берешек;

(і)         ақшалай қаражаттар және ақшалай қаражаттардың баламалары;

(j)         сауда және басқа кредиттік берешек;

(k)        бағалау мiндеттемелерi;

(l)         қаржы міндеттемелері ((j) және (k) тармақтарында көрсетілген сомаларды қоспағанда);

(m)       12-«Пайдаға салынатын салықтар» ІAS Халықаралық стандартында белгілендей ағымдағы салық бойынша мiндеттемелер мен активтер;

(n)        12 ІAS Халықаралық стандартында белгіленгендей, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтері;

(o)         меншікті капиталдың құрамында ұсынылған азшылық үлесі;

                        және

(p)        шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.

68А.    Баланста мынадай сомаларды білдіретін желілік баптар болуға тиіс:

(a)               сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің және 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы активтердің жиынтық баланстық мөлшері; және

(b)               5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы міндеттемелердің жиынтық баланстық мөлшері.

69.       Осындай ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болған кезде, баланстың өзінде міндетті түрде қосымша жеке баптар, тақырыптар және аралық сомалар ұсынылуға тиiс.

70.       Ұйым қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді баланстың өзінде жеке бөлімдер ретінде ұсынатын болса, ол кейінге қалдырылған салық активтерін (міндеттемелерін) қысқа мерзімді салық активтері (міндеттемелері) ретінде сыныптауға құқылы емес.

71. Осы Стандарт баптар ұсынылуға тиiстi тәртiптi немесе пiшiмдi бекiтпейдi. 68-параграфта баптардың тiзбесi берiлiп қана қойды, олар баланстың өзiнде жеке ұсыну қажеттігін туғызу үшін сипаты немесе мақсаты жағынан жеткілікті дәрежеде әр түрлі. Бұған қоса:

(а)        тиісті баптың мөлшерiн, сипатын немесе мақсатын және ұқсас баптардың жиынтығын жеке ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болса, жекелеген ұсыну кәсiпорынның қаржы жағдайын сенiмдi ұсынуға көмектесетiндей болған кезде желілік баптар есептілікке қосылады.

(b)               баптардың немесе ұқсас баптар жиынтығының пайдаланылған сипаттамалары мен орналасу тәртiбiн, ұйымның қаржы жағдайын түсiну үшiн маңызы бар ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету үшін ұйымның және оның операцияларының сипатына сәйкес ауыстыруға болады. Мысалы, қаржы ұйымы мұндай ақпаратты ұсыну үшін жоғарыда аталған сипаттауларға қаржылық ұйымның қызметі үшін маңызды болатын өзгерістер енгізе алады.

72.       Қосымша баптарды жеке ұсыну керек пе деген пiкiр мыналарды:

(а)        активтердiң табиғаты мен өтімділігін;

(b)     ұйымдардағы активтердің мақсатын;

            және

(с)        мiндеттемелердiң мөлшерiн, сипатын және уақытқа бөлiнуiн бағалауға негiзделедi.

73.       Активтердің әр түрлі сыныбы үшін бағалаудың түрлі негіздерін пайдаланудың өзі олардың сипаты мен мақсаты жағынан өзгеше екендігін болжайды, және, сол арқылы, жеке желілік баптар ретінде ұсынылуға тиiс. Мысалы, негізгі құралдардың әр түрлі сыныптары 16-«Негізгі құралдар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес өзіндік құн бойынша немесе қайта бағаланған сомалар бойынша ескерілуі мүмкін.

Не баланстың өзiнде, не ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат

74.       Ұйым баланста немесе оған ескертулерде ұйымның операцияларына сәйкес келетіндей етіп сыныпталып ұсынылған желiлiк баптардың әрқайсысының бұдан арғы iшкi топтарын ашып көрсетуге міндетті.

75.       Ішкi топтарды бөлшектеу деңгейі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына және тиісті сомалардың мөлшерiне, сипатына және мақсатына байланысты. Ішкі топтарға бөлудің тиісті негізі туралы шешім қабылдаған кезде 72-параграфта келтірілген факторлар да ескеріледі. Әрбiр бап үшiн ашып көрсетулер бір-бірінен өзгеше болады, мысалы:

(а)        негізгі құралдар объектілері 16 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес топтарға бөлінеді;

(b)        дебиторлық берешек сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегiне, байланысты тараптардың берешегiне, алдын-ала төлемдерге және басқа сомаларға бөлiнедi;

(с)        босалқылар 2-«Босалқылар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес тауарлар, өндiрiстiк жеткiзулер, материалдар, аяқталмаған өндiрiс және дайын өнiм сияқты iшкi топтарға бөлiнедi;

(d)        бағалау мiндеттемелерi қызметкерлерге сыйақы төлеуге шығындар бойынша бағалау мiндеттемелерiне бөлiнедi; және

(е)        меншiктi капитал мен резервтер төленген капитал, эмиссиялық кiрiс және резервтер сияқты әртүрлi топтарға бөлiнедi.

76.       Ұйым не баланстың өзiнде, не ескертулерде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)        акционерлiк капиталдың әрбiр тобы үшiн:

(i)             шығаруға рұқсат етiлген акциялардың саны;

(ii)        шығарылған және толық ақы төленгенсондай-ақ шығарылғанбiрақ ақы толық төленбеген акциялардың саны;

(iii)       акциялардың атаулы құны, немесе акциялардың атаулы құны жоқ екенiне нұсқама;

(iv)       жылдың басына және аяғына айналымдағы акциялардың санын тексеру;

(v)        тиiстi топқа байланысты құқықтаржеңiлдiктер және шектеулерсоның iшiнде дивидендтер 

бөлуге және капиталды төлеуге шектеулер;

(vi)       ұйымның өзi немесе оның еншiлес немесе қауымдас компаниялары ұстап қалатын ұйымның акциялары;

                және

(vii)      талаптары мен сомаларын қоса, опцион немесе сату шарттары бойынша шығару үшiн резервте сақталатын акциялар;

және

(b)        меншiктi капитал шеңберiндегi әрбiр резервтiң сипаты мен мақсатын сипаттау.

77.       Серiктестiк немесе сенімгерлік қор сияқты, акционерлiк капиталы жоқ ұйым, 76 (а)-параграфта талап етiлгенге баламалы ақпаратты ашып көрсетiп, меншікті капиталдағы әрбір үлес санаты бойынша кезең iшiндегi өзгерiстердi, сондай-ақ меншікті капиталдағы әрбір үлес санатына байланысты құқықтарды, жеңiлдiктер мен шектеулердi көрсетуге тиiс.

Пайдалар мен залалдар туралы есеп

Кезең ішіндегі пайда немесе залал

78.       Кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде, егер қандай да болсын Стандартта немесе Түсіндірмеде өзгеше талап етілмесе, пайдаға немесе залалға қосылуғатиiс.

79. Әдетте кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары пайдаға немесе залалға енгізіледі. Оған бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістердің тиісті баптары кіреді. Алайда белгілі бір жағдайларда нақты баптар ағымдағы кезең ішіндегі таза пайдадан немесе залалдан алып тасталуы мүмкін. 8 ІAS Халықаралық стандартында осындай жағдайлардың екі түрі қаралады: қателіктерді түзету және есеп саясатындағы өзгерістердің салдары.

80. Қалған Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында Принциптерде келтірілген кірістер мен шығыстардың анықтамаларына сай келуі мүмкін баптар қаралады, бірақ олар әдетте пайдадан немесе залалдан алып тасталады. Ондай баптардың мысалдары қайта бағалаудан мүлік құнының артуын (16 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), шетелдік қызметтің қаржы есептілігінің валютасын қайта есептеуге байланысты туындайтын жекелеген пайдалар мен залалдар (21 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), және сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар (39 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз),

Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде не ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат

81.       Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:

(а)        табыс;

(b)        қаржыландыру жөніндегі шығындар;

(с)        қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;

(d)        салық бойынша шығыстар;

(е)        тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал (і), сатуға шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал (іі) немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы ;

            және

(f)         пайда немесе залал.

82.       Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетiлуге тиіс:

(а)        азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;

            және

(b)        еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

83.       Ұйым қызметінің қаржы нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.

84.       Ұйым қызметінің әртүрлі түрлерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың ықпалы пайда немесе залал алу үрдісінің жиілігі және болжамдылығы жағынан өзгеше болғандықтан, қызметтің қаржы нәтижелерінің компоненттерін ашып көрсету қол жеткен қаржы нәтижелерін түсінуге және болашақ нәтижелерді болжауға көмектеседі. Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне қосымша желілік баптар қосылады, ал осы баптардың атауына және оларды орналастыру тәртібіне, қажет болған жағдайда, қызметтің қаржы жағдайын анықтау үшін өзгерістер енгізіледі. Есепке алынуға тиісті факторлар кірістер мен шығыстардың тиісті компоненттерінің мәнділігі мен сипатын және мақсатын қамтиды. Мысалы, 30 ІAS Халықаралық стандартының неғұрлым нақты талаптарын қолдану үшін банк тиісті сипаттамаларға өзгерістер енгізеді. Кірістер мен шығыстардың баптары 32-параграфтың өлшемдері сақталған кезде ғана өзара есепке алынады.

85.       Ұйым кірістер мен шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде де, қаржы есептілігіне ескертулерде де, төтенше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.

Не пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде, не ескертулерде ұсынылуға тиісті ақпарат

86.                                                                                                                                      Егер кірістер мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуге тиіс.

87.                                                                                                                                      Кірістері мен шығыстарының баптары бөлек ашып көрсетілетін міндеттемелер мыналарды қамтиды:

(а)                                                                                                                                       босалқылардың құнын мүмкін болатын таза сату құнының шамасына дейін немесе негізгі құралдар құнын өтелетін сомаға дейін есептен шығару, сондай-ақ ондай есептен шығаруларды қайтару;

(b)     ұйымның қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға шыққан шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;

(с)        негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы;

(d)        инвестициялардың шығып қалуы;

 (е)       тоқтатылған қызмет;

(f)         сот дауларын реттеу;

            және

(g)      бағалау міндеттемелерінің басқа да қайтарулары.

88.       Ұйым қандай ұсынудың сенімді болып табылатынына және неғұрлым маңызды ақпарат беретініне байланысты не шығыстарының сипатына, не ұйым ішіндегі олардың мақсатына негізделген сыныптауды пайдалана отырып, шығыстарды талдауды ұсынуға міндетті.

89.       Ұйымның 88-параграфта көрсетілген талдауды, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде ұсынуы көтермеленеді.

90.    Пайданың немесе залалдың жиілігі, үрдісі және болжамдылығы сияқты сипаттамалар бойынша айрықшалануы мүмкін қызметтің қаржы нәтижелерінің компоненттерін бөліп көрсету үшін шығыстар ішкі топтарға бөлінеді. Бұл талдау екі нысанның бірінде ұсынылады.

91.    Талдаудың бірінші нысаны «шығыстар сипаты бойынша әдіс» деп аталады. Пайдалар мен залалдар туралы есепте шығыстар олардың сипатына қарай (мысалы, амортизация, материалдар сатып алу, көлік шығындары, қызметкерлерге сыйақы және жарнамаға шығыстар) біріктіріледі және олардың әртүрлі мақсаттарға арналуына сәйкес ұйым ішінде қайта бөлінбейді. Бұл әдісті қолдану оңай, өйткені қызметтік сыныптауға сәйкес шығыстарды бөлу талап етілмейді. Шығыстардың сипаты бойынша әдістің көмегімен сыныптаудың мысалы былайша көрініс табады:

Түсім

 

Х

Басқа кіріс

 

Х

Дайын өнiм және аяқталмаған өндiрiс босалқыларындағы өзгерiстер

Х

 

Пайдаланылған шикiзат және шығыс материалдары

Х

 

Қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған шығыстар

Х

 

Амортизациялық шығыстар

Х

 

Басқа шығыстар

Х

 

Шығыстар жиынтығы

 

(Х)

Пайда

 

Х

92.                                                                                                                   Талдаудың екінші нысаны «шығыстардың мақсаты бойынша» немесе «сатудың өзіндік құны бойынша» деп аталады және сатудың өзіндік құнының бір бөлігі ретінде олардың мақсатына сәйкес шығыстарды, немесе, мысалы, өткізуге немесе әкімшілік қызметті жүргізуге арналған шығыстарды ажыратады. Ең аз дегенде, ұйым осы әдіс бойынша сатудың өзіндік құнын басқа шығыстардан бөлек ашып көрсетеді. Бұл әдіс шығыстарды сипатына қарай сыныптауға қарағанда пайдаланушыларға неғұрлым маңызды ақпарат беруі мүмкін, бірақ шығыстарды олардың мақсатына қарай бөлу бөлудің субъективтілігіне және тиісті пікірлер әзірлеу жөнінде едәуір күш жұмсауға әкеп соқтыруы мүмкін.Шығыстар тағайындау әдісінің көмегімен сыныптаудың мысалы мынадай болады:

Түсім

Х

Сатудың өзіндік құны

(Х)

Жалпы пайда

Х

Басқа кіріс

Х

Өткізуге жұмсалған шығыстар

(Х)

Әкімшілік шығыстары

(Х)

Басқа шығыстар

(Х)

Пайда

Х

 

93.       Шығыстарды мақсаты бойынша сыныптайтын ұйымдар, амортизациялауға және қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоса, шығыстардың сипаты туралы қосымша ақпаратты ашып көрсетуге тиiс.

94.       Шығыстардың мақсаты бойынша әдiс пен шығыстардың сипаты бойынша әдiстің арасынан таңдау тарихи және салалық факторларға, сондай-ақ ұйымның сипатына байланысты болады. Әдiстердiң екеуi де ұйымның сату немесе өндiру көлемiнiң өзгеруiне байланысты тiкелей немесе жанама түрде өзгеруi мүмкiн болатын шығыстарды көрсетедi. Ұсынудың әрбір әдiсінің әр түрлi ұйымдар үшiн өз артықшылықтары болғандықтан, бұл Стандарт ұйым басшылығынан неғұрлым маңызды және сенімді ұсынуды таңдауын талап етедi. Алайда шығыстардың нақты сипаты туралы ақпарат ақшалай қаражаттардың болашақ тасқынын болжау үшiн пайдалы болғандықтан, шығыстардың мақсатына негізделген сыныптауды пайдаланған кезде қосымша ашып көрсету талап етiледi. 93-параграфтағы «қызметкерлерге сыйақы төлеу» деген термин 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақы» ІAS сол Халықаралық стандартындағының өзін білдіреді.

95. Ұйым не пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде, не меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде есепті кезең iшiнде меншік иелеріне төлемдер ретінде танылған дивидендтер сомасын, сондай-ақ акцияға шаққандағы тиісті соманы ашып көрсетуге тиiс.

Меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есеп

96.       Ұйым меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)        кезең iшiндегi пайда немесе залал;

(b)        қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің талаптарына сәйкес тiкелей меншiктi 

капиталда танылатын кезең ішіндегі кiрiстер мен шығыстардың барлық баптарын, сондай-ақ осы баптардың жиынтық сомасын;

(c)        еншідес компанияның меншікті капиталының иелеріне және азшылық үлесіне қатысты жиынтық сомаларды бөлек көрсетіп, кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар сомасын ((а) және (b) сомалары ретінде есептелген);

                        және

(d)        меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша - 8 ІAS Халықаралық саясатына сәйкес танылған есеп саясатындағы өзгерістердің және қателерді түзетудің ықпалы.

            Тек осындай баптарды қамтитын меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп танылған кірістер мен шығыстар туралы есеп ретінде аталуға тиіс.

97.       Ұйым сондай-ақ меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ұсынуға міндетті:

(а)        меншікті капитал иелерінің төлемдерін жеке көрсете отырып, меншiкті капитал иелерi ретінде әрекет жасайтын меншiкті капитал иелерiмен операциялар сомасын;

(b)        кезеңнiң басындағы және есепті күнгі тікелей пайда сальдосы, сондай-ақ кезең ішіндегі тиісті өзгерістер;

және

(с)        әрбiр өзгерiстi жеке ашып көрсете отырып, төленген меншiктi капиталдың әрбiр тобының және кезеңнiң басындағы және соңындағы әрбiр резервтiң баланстық құнының арасындағы тексеру.

98.       Ұйымның меншiктi капиталындағы екi есепті күн арасындағы өзгерiстер кезең ішінде оның таза активтерінiң артуын немесе кемуiн көрсетедi. Меншікті капиталдың иелері ретінде әрекет ететін меншікті капиталдың иелерімен операциялар нәтижесінде болған өзгерістерді (капиталға жарналар, меншікті үлестік құралдар және ұйымның дивидендтері сияқты) және осындай операциялармен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды қоспағанда, кезең ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық өзгеріс, ұйымның осы кезең ішіндегі қызметінің нәтижесінде туындаған басқа пайдалар мен залалдарды қоса (кірістер мен шығыстар туралы осы баптар кірістер мен шығыстар туралы есепте танылатынына немесе тікелей - меншікті капиталдағы өзгерістер ретінде танылатынына қарамастан), кірістер мен шығыстардың жалпы сомасын көрсетеді.

99.       Осы Стандарт кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары, басқа Стандарт немесе Түсіндірме өзгеше талап ететін реттерді қоспағанда, таза пайда мен залалға қосылуын талап етеді. Басқа Стандарттар кейбір басқа пайдалар мен залалдар (қайта бағалаудан болған өсулер мен кемулер, бағамдық айырмалардың кейбір түрлері, сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар, сондай-ақ ағымдағы салық пен кейінге қалдырылған салықтың тиісті сомалары) тікелей меншікті капиталдағы өзгерістер деп тануды талап етеді. Ұйымның қаржы жағдайын бағалау үшін баланстың екi күнiнiң арасында кірістер мен шығыстардың барлық баптарын ескеру маңызды болғандықтан, ұйымның жиынтық кірісі мен шығыстары бөліп көрсетілетін, сондай-ақ меншікті капиталдың өзінде танылған, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы осындай есептің ұсынылуын талап етеді.

100.          8 ІAS Халықаралық стандарты есеп саясатында өзгерістерді көрсету үшін іс жүзінде мүмкін болатын жерлерде ретроспективті түзетулер жасауды талап етеді, бұған басқа Стандарттың немесе Түсіндірменің тиісті ауыспалы ережелері өзгеше талап ететін реттер кірмейді. 8 ІAS Халықаралық стандарты сондай-ақ іс жүзінде орындалатын жерлерде қателерді түзету үшін қайта есептеу операцияларын ретроспективті жүргізуді де талап етеді. Қайта есептеу мен түзетулердің ретроспективті операциялары бөлінбеген пайда сальдосына қатысты жүргізіледі, бұған қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме меншікті капиталдың өзге компонентіне ретроспективті түзетуді талап ететін реттер кірмейді. 96(d)-параграф меншікті капиталдың әрбір компонентін жиынтықты түзету бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті - есеп саясатындағы өзгерістер салдарынан және қателерді түзету салдарынан бөлек ашып көрсетуді талап етеді. Бұл түзетулер әрбір алдыңғы кезең үшін және ағымдағы кезеңнің басында ашып көрсетіледі.

101. 96 және 97-параграфтардың талаптары әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Мысал ретінде бағандық пішімді келтіруге болады, онда меншікті капиталдың әрбір элементінің бастапқы және соңғы сальдосының арасында тексеру жүргізіледі. Келесі көзқарас меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте 96-параграфта келтірілген баптарды ғана ұсыну болып табылады. Осылай болғанда 97-параграфта келтірілген баптар қаржы есептілігіне ескертулерде көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

102.     Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарды және ақшалай қаражаттардың баламаларын іздестіру және ұйымның ақшалай қаражаттардың осы тасқындарын пайдалану жөніндегі қабілетін бағалау үшін негіз береді. 7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандарты ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті және осыған байланысты ақпаратты ашып көрсетулерді ұсынуға қойылатын талаптарды атап көрсетеді.

Ескертулер

Құрылымы

103.     Ескертулер міндетті түрде:

(а)   қаржы есептiлiгiн және 108-115-параграфтарға сәйкес таңдап алынған нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ұсынуға;

(b)   Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын ақпаратты ашып көрсетуге;

       және

(с)   баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылмайтын, бірақ есептіліктің осы түрлерінің кез келгенін түсіну үшін маңызды қосымша ақпарат беруге тиіс.

104.     Ескертулер міндетті түрде және осы іс жүзінде орындалатын дәрежеде реттелген түрiнде ұсынылуға тиiс. Пайдалар мен залалдар туралы баланстың, есептiң, меншікті каптиталдағы өзгерістер туралы есептің және ақшалай қаражаттар туралы есептің әрбір бабы бойынша  осыған қатысты кез келген ақпаратқа алмасқан сілтеме ескертулерде жасалуға тиіс.

105. Ескертулер әдетте қаржы есептілігін түсінуде және оны басқа ұйымның қаржы есептілігімен салыстыруда пайдаланушыларға көмектесетін мынадай тәртіппен ұсынылады:

(а)        Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестiк туралы өтiнiш (14-параграфты қараңыз);

(b)        қолданылатын есеп саясатының елеулі аспектілерін қысқаша сипаттау (108-параграфты қараңыз);

(с)        баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті каптиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте ұсынылатын баптар бойынша қосымша ақпаратты тиісті есептер және осы есептердегі желілік баптар жасалатын түрінде ұсыну;

және

(d)        ақпаратты басқа да ашып көрсетулер, оның iшiнде:

(і)         шартты міндеттемелер (37 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз) және танылмаған шарттық міндеттер;

                        және

 (ii)       қаржылық емес ақпаратты ашып көрсету, мысалы, ұйымда тәуекелдерді басқару мақсаттары мен саясаты (7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS Халықаралық стандартты қараңыз).

106.     Кейбiр жағдайларда ескертулерде жекелеген баптардың орналасу тәртiбiн өзгерту қажет немесе дұрыс болуы мүмкiн. Мысалы, пайдада немесе залалда танылған әділ құндағы өзгерістер туралы ақпарат, ашып көрсетулардің бірінші түрі пайдалар мен залалдар туралы есепке, ал екіншісі - балансқа жататын болса да, қаржы құралдарын өтеу туралы ақпаратпен біріктірілуі мүмкін. Солай бола тұрса да, ескертулер құрылымының реттілігі ол iс жүзiнде қаншалықты орындалатын болса, соншалықты сақталуға тиiс.

107.     Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу негiздерi және есеп саясатының нақты аспектiлерi туралы ақпарат беретін ескертулер қаржы есептiлiгiнiң жеке компонентi түрiнде ұсынылуы мүмкiн.

Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету

108.     Ұйым есеп саясатының елеулі элементтерінің жиынтығында мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а)   қаржы есептілігін әзірлеу кезінде пайдаланылған бағалау негізін (немесе негіздерін);

       және

(b)   ұйымның қаржы есептілігін түсіну үшін маңызды есеп саясатының өзге аспектілерін.

109.     Қаржы есептілігінде пайдаланылған бағалау базасы немесе базалары туралы (мысалы, тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын таза құны, әділ құн немесе өтелетін құн) пайдаланушылардың білуі маңызды, өйткені қаржы есептілігі жасалған негіз пайдаланушылар жүргізетін талдауға айтарлықтай ықпал етеді. Егер қаржы есептілігінде бірден артық бағалау негізі пайдаланылатын болса, мысалы, активтердің белгілі бір топтары ғана қайта бағалауға жататын болса, әрбір негізде қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.

110.     Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешiм қабылдаған кезде ұйымның басшылығы ашып көрсету ұйым қызметінің есепті қаржы нәтижелерiнде және қаржы жағдайында операцияларды, басқа да оқиғалар мен жағдайларды көрсету тәсiлiн түсiнуде пайдаланушыларға көмектесе ме деген мәселенi қарастырады. Нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету пайдаланушылар үшін әсіресе осы саясат Стандарттар мен Түсіндірмелер шешетін бірнеше баламалы нұсқалардан алынған кезде пайдалы болады. Бірлескен қызметке қатысушы тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе үлес қосып қатысу есебінің әдісін қолдану арқылы бірлесіп бақыланатын ұйымдағы өзінің үлесін мойындай ма деген ақпаратты ашып көрсету осыған мысал бола алады (31-«Бірлескен қызметке қатысу» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Кейбір Халықаралық стандарттарда Стандарттар рұқсат еткен баламалардың шеңберінде ұйым басшылығы жасаған таңдауды қоса, нақты есеп саясатын ашып көрсетудің жеке талабы болады. Мысалы, 16 ІAS Халықаралық стандарты негізгі құралдар топтары үшін пайдаланылған бағалау базалары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» ІAS Халықаралық стандарты қарыздар бойынша шығындар шығыстар ретінде дереу таныла ма немесе белгілі бір талаптарға сай келетін активтер құнының бір бөлігі ретінде капиталдандырыла ма деген ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді.

111.     Әрбiр ұйым қаржы есептілігін пайдаланушы осындай түрдегі ұйым ұсынылуын күтетiн өз операцияларының сипаты мен саясатын есепке алады. Мысалы, пайдаға салық төлеуге тиісті ұйым, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен салық активтеріне жататын есеп саясатының аспектілерін қоса, пайдаға салынатын салық жөніндегі өз есеп саясатын ашып көрсетуге тиiс деп болжанады. Ұйымда шетелдiк қызметтiң немесе шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың едәуiр көлемi болған кезде, оң және терiс бағамдық айырманы тану үшін есеп саясатын ашып көрсету көзделедi. Кәсіпорындар біріккен кезде іскерлік бедел мен азшылық үлесін бағалауға қатысты қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.

112.     Есеп саясатының жекелеген мәселесі, тiптi егер ағымдағы және оның алдындағы кезеңдер үшiн көрсетiлген сомалар елеулi болмаса да, ұйым қызметінің сипатымен белгіленгендей, зор маңызы болуы мүмкiн. Халықаралық стандарттар халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын нақты талап етпейтін, бірақ 8 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес таңдалатын және қолданылатын есеп саясатының аспектілерін ашып көрсеткен жөн.

113.     Ұйым есеп саясатының елеулі элементтері жиынтығында немесе өзге ескертулерде, есептеу бағаларымен байланыстыларын қоспағанда (116-параграфты қараңыз), есеп саясатының аспектілерін қолдану барысында ұйым басшылығы әзірлеп жасаған, қаржы есептілігінде танылған сомаларға неғұрлым елеулі ықпал ететін пікірлерді ашып көрсетуге міндетті.

114.     Ұйымның есеп саясатын қолдану барысында басшылық, есептеу бағаларымен байланыстыларын қоспағанда, қаржы есептілігінде танылған сомаларға елеулі түрде ықпал ете алатын әртүрлі пікірлерді әзірлеп жасайды. Мысалы, ұйым басшылығы мынадай мәселелерді шешкен кезде пікірлер әзірлейді:

(а)        қаржы активтері өтелгенге дейін ұсталатын инвестициялар болып табыла ма;

(b)               қаржы активтерін және жалға берілетін активтерді иеленуге байланысты тәуекелдер мен сыйақылар басқа ұйымдарға берілетін кезде;

(c)                жекелеген тауарларды сату іс жүзінде қаржыландыру туралы уағдаластық болып табыла ма, және сол арқылы табыстың пайда болуына алып келе ме;

            және

(d)   қандай да болсын ұйымның және арнайы мақсаттағы ұйымның арасындағы қатынастардың мәні ұйым арнайы мақсаттағы осы ұйымды бақылайтынын көрсете ме.

115.     113-параграфқа сәйкес кейбір ақпаратты ашып көрсетулер басқа Халықаралық стандарттарда да талап етіледі. Мысалы, 27 ІAS Халықаралық стандарты ұйымнан, оның дауыс беретін немесе әлуетті түрде дауыс беретін акцияларының жартысынан астамы тікелей немесе еншілес құрылымдар арқылы меншікте болып отырғанда, неліктен оның қатысу проценті еншілес компания болып табылмайтын инвестиция объектісіне қатысты бақылайтын объект болып табылмайтын себептерді ашып көрсетуді талап етеді. 40 ІAS Халықаралық стандарты инвестициялық қозғалмайтын мүлікті және иелері тұратын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ әдеттегі шаруашылық қызметі барысында сатуға арналған жылжымайтын мүлікті, тиісті жылжымайтын мүлікті сыныптау қиын болған кезде, шектеу мақсаттарында ұйым әзірлеп жасаған өлшемдер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.

Есептік бағалау тұрлаусыздығының шешуші көздері

116.     Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде келесі қаржы жылының ішінде активтер мен міндеттемелердің баланстық құнын елеулі түрде түзетуге әкеп соқтырудың едәуір қаупі бар есепті күнге есеп айырысуды бағалау тұрлаусыздығының болашақтағы және басқа көздеріне қатысты негізгі жол берушіліктер туралы ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Осы активтер мен міндеттемелерге қатысты ескертулер міндетті түрде мыналар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтуға тиіс:

(а)        олардың сипаты;

            және

(b)        есепті кезеңге арналған олардың баланстық құны.

117.     Кейбір активтер мен міндеттемелердің тиісті баланстық құнын анықтау үшін тұрлаусыз болашақ оқиғалардың есепті күнгі осы активтер мен міндеттемелерге ықпалын бағалау қажет. Мысалы, төменде келтірілген активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін қолданылатын нарықтық бағалар туралы жаңа деректер болмаған кезде болашаққа бағдарланған негізгі құралдар топтарының өтелетін сомаларын, технологиялық тозудың босалқыларға ықпалын, жалғасып отырған сотта іс жүргізудің қорытындысына байланысты бағалау міндеттемелерін, сондай-ақ зейнеткерлік міндеттемелер сияқты, қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалауға арналған есептерді жүргізу қажет. Бұл есептер ақшалай қаражаттар тасқыны немесе пайдаланылатын проценттік ставкалар бойынша тәуекелге тиісті түзету, жалақыға тиісті өзгерістер және басқа шығындарға әсер ететін бағалардағы болашақ өзгерістер сияқты баптар жайында жол беруді көздейді.

118.     116-параграфқа сәйкес ашып көрсетілетін есептік бағалау тұрлаусыздығының тиісті негізгі рұқсат етулері мен басқа көздері басшылықтан неғұрлым қиын, субъективті немесе күрделі пайымдаулар әзірлеуді талап ететін бағалауға жатады. Ауыспалы және болашақта шешу мүмкін болатын тұрлаусыздықтарға ықпал ететін рұқсат етулер санының өсуіне қарай бұл пайымдаулар бұрынғыдан да субъективті әрі күрделі бола түседі, және активтер мен міндеттемелердің баланстық құнын одан кейін елеулі түрде түзету үрдісі, әдетте, тиісінше өседі.

119.     116-параграфта келтірілген тиісті ашып көрсетуларді, егер есепті күнге олар нарықтық бағалар туралы жаңа деректерге негізделген әділ құн бойынша бағаланатын болса (олардың әділ құны келесі қаржы жылының ішінде елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін, бірақ бұл өзгерістер есепті күнге есептік бағалаудың рұқсат етулері немесе өзге де тұрлаусыздықтары салдарынан туындамайды), келесі қаржы жылының ішінде олардың баланстық құны елеулі түрде өзгеруі мүмкін болатын елеулі тәуекелі бар активтер мен міндеттемелерге қатысты талап етілмейді.

120.     116-параграфқа сәйкес ақпаратты ашып көрсету қаржы есептілігін пайдаланушыларға басшылықтың есептік бағалау тұрлаусыздығының болашақтағы және өзге көздерін әзірлеп жасайтын пайымдауды түсінуіне көмектеседі. Ұсынылатын ақпараттың сипаты мен көлемі тиісті рұқсат етулер мен басқа да жағдайлардың сипатына қарай түрленіп отырады. Ашып көрсетілетін ақпарат түрлерінің мысалдары мыналар болып табылады:

(а)        тиісті рұқсат етудің немесе өзге бағалау тұрлаусыздығының сипаты;

(b)               осы сезімталдық себептерін қоса, оларды есептеуге негізделген әдістерге, рұқсат етулер мен бағалауларға баланстық құндардың сезімталдығы;

(c)                келтірілген активтер мен міндеттемелердің баланстық құнына қатысты келесі қаржы жылында ақылға қонымды нәтижелердің тұрлаусыздығы мен диапазонының болжамды шешілуі;

және

(d)               егер рұқсат етудің шешілмей қалуы сақталса, осы активтер мен міндеттемелерге қатысты бұрынғы рұқсат етулерге өзгерістерді түсіндіру.

121.     116-параграфта көзделген ақпаратты ашып көрсетулерді орындаған кезде, сметалық ақпаратты немесе болжамдарды ашып көрсету талап етілмейді.

122.     Есептік бағалаудың қандай да болсын рұқсат етуінің немесе өзге де тұрлаусыздығының есепті күнге ықпал ету мүмкіндігінің мөлшерін ашып көрсету іс жүзінде мүмкін болмаған кезде, ұйым ақпаратты ашып көрсетуде қолда бар білімге негіздей отырып, рұқсат ету ретінде қабылданғаннан айырмашылығы бар келесі қаржы жылындағы оқиғаны нақты дамыту келтірілген активтің немесе міндеттеменің баланстық құнын елеулі түрде түзетуді талап етуі мүмкін екендігін көрсетеді. Барлық жағдайларда ұйым тиісті рұқсат етуде келтірілген нақты активтің немесе міндеттеменің (немесе активтердің немесе міндеттемелер топтарының) сипаты мен баланстық құнын ашып көрсетеді.

123.     113-параграфта көзделген ұйымның есеп саясатын қолдану барысында басшылық әзірлеген нақты пайымдаулар туралы ақпаратты ашып көрсету 116-параграфта көзделген есептік бағалау тұрлаусыздығының негізгі көздерін ашып көрсетулермен байланысты емес.

124.     Солай болмаған күнде 116-параграфқа сәйкес ашып көрсету талап етілуі мүмкін тиісті негізгі рұқсат етулердің кейбірі туралы ақпаратты басқа Стандарттарға сәйкес ашып көрсету талап етіледі. Мысалы, 37 ІAS Халықаралық стандарты белгілі бір жағдайларда бағалау міндеттемелеріне ықпал ететін болашақ оқиғаларға қатысты негізгі рұқсат етулерді ашып көрсетуді талап етеді. 7 IFRS Халықаралық стандарты әділ құн бойынша ескерілетін қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің есептік әділ құнын анықтау кезінде қолданылған елеулі рұқсат етулерді ашып көрсетуді талап етеді. 16 ІAS Халықаралық стандарты қайта бағаланған негізгі құралдар объектілерінің есептік әділ құнын анықтау кезінде қолданылған елеулі рұқсат етулерді ашып көрсетуді талап етеді.

Капитал

124А.  Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

 124В.  124А-параграфының талаптарын орындау мақсатында ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

(a)                мына ақпараттарды қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), капиталды басқару мәселелерінде өзінің міндеттері, саясаты және процестері туралы сапалық сипаттағы ақпараттар:

            (i) капитал ретінде басқарудың мәні не болатынын;

            (ііұйымның капиталына қатысты сыртқы талаптар белгіленедімұндай талаптардың сипаты және олардың капиталды басқару кезінде қалай ескерілетіні;

және

(ііікапиталды басқару кезінде өз міндеттерін қалай шешетіні.

(b)               капитал ретінде басқару мәні болып табылатыны туралы сапалық сипаттар туралы жалпылама деректер

Кейбір ұйымдар белгілі бір қаржылық міндеттемелерді (мысалысубординарлық қарыздың кейбірнысандарыкапиталдың бөлігі деп санайдыБасқа ұйымдар капитал ұғымына меншікті капиталдың кейбір құрамдас бөліктерін қоспайды (мысалыақша ағындарын хеджирлеуден туындайтын құрамдас бөліктер);

(c)                алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (а) және (bбөліктерінде болған кез келген өзгерістер;

(d)               кезеңнің ішінде осы ұйым үшін белгіленген капиталға сыртқы талаптар орындалды ма;

(e)                егер ол оларды орындамасаұйымның капиталына сыртқы талаптарды орындамауының салдарлары.

Бұл ашып көрсетулер шешуші басқару персоналына ішкі каналдар бойынша берілген ақпараттарға негізделуге тиіс.

124С.  Ұйым өз капиталдарын алуан түрлі тәсілдермен пайдалана алады, ал оның капиталына неше түрлі талаптар қойыла аладыМысалысараланған компания өзінің құрамында сақтандыру 

және банк қызметтеріменайналысатын ұйымға ие бола аладыбұл ретте мұндай ұйымдар бірнеше заңдылықтарда жұмыс істей алады

Егер капиталға жалпылама талаптар мен басқару тәсілдері пайдаланушыларға пайдалы ақпарат бермесе немесе олардың

 ұйым капиталын түсінуін бұрмалайтын болса, осы ұйым үшін белгіленген  әрбір капиталға талап бойынша жеке ақпаратты ашуы тиіс.

 

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

125.     Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а)        қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;

            және

(b)        артықшылықты кумулятивтік акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтер сомасы.

126.      Ұйым, егер ол қаржы есептілігінде бірге жарияланған қосымша қаржы материалдарының басқа бөлімдерінде ашылмаса, мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а)        ұйымның заңды мекен-жайы және ұйымдық-заңдық нысаны, ол тұратын ел және тiркелген кеңсенiң мекен-жайы (немесе, егер оның тiркелген кеңсенiң мекен-жайынан айырмашылығы болса, iс жүргiзетiн негiзгi орны);

(b)        операцияларды және ұйым қызметiнiң негiзгi түрлерiн сипаттау;

            және

(с)        бас компанияның және топтың негiзгi бас кәсiпорнының атауы.

КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КҮН

127.     Ұйым осы Халықаралық стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Мерзiмiнен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.

1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ (1997 ЖЫЛҒЫ РЕДАКЦИЯДА)

128.     Осы Стандарт 1997 жылғы редакциядағы 1-«Халықаралық есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын ауыстырады.

___________

            Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесіліХҚЕС-на авторлық құқықХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 

 

 

 

 

содержание   ..  60  61  62  63  64  65  66  67  68  69    ..