|
|
содержание .. 50 51 52 ..
Қазақтың ұлттық киімдеріАвтор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН Рухыңды көтеріп, ізгілікке тәрбиелейді
Киізден жасалатын киімдер 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. Теріден жасалатын киімдер
Сырт
киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон. Жүннен жасалатын киімдер Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. Киімге байланысты ырымдар
Жас
қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының
белгісі. Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады. Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ
киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім
сатып алғанға: «Киімің күй-рек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Жорықта,
алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған. Халық
нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды»,
Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп,
«жолын ашу» ырымын жасайды.
Шалбар
мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады. Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады. Емшектегі баласы бар әйел жа-лаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін
сатуға да болмайды. Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1.
Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ
астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия. Ерлердің бас киімдері Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар. Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ –
екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән –
салтанатқа киеді. Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ. Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр. Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тәрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан. Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған. Әйелдердің бас киімдері Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.). Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді. Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім. Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім. Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді.
Шылауыш
немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде
әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады.
Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай
өңірінде шылауыш деп атап, аналарды Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды. Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе».
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы. Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі. Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле-мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған. Баскиім әшекейлері Жыға – түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы. Қазақта жыға мынандай үш түрлі мағынада:
1. Құс
қауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.
Шеттік
– кимешек жағына қадай-тын күміс.
Денесі
тым толық әйелге белі-не белдік, етегі мен жағасына желбіршек салып
тігілген жеңсіз көйлек, түрлі – түсті матадан тігілген костюм – юбка
жараспайды.
Көйлектің жеңі тар және жа-ғасы кең ойылмаса, ол әйелдің то-лықтығын
жасырып тұрады. Бойы тым ұзын әрі арық әйел-дерге ыңғайлы көйлек: жеңінің аузы мен етегін бүрмелеп, жалпақ белдік, ойма жаға етіп немесе тік жаға салып тігілген, клеткалы немесе біртегіс ұсақ гүлді матадан тігілген. Белі төмен, аяғы қысқа әйелдерге мынандай көйлектер қоным-сыз: белі қыналған немесе белдік салынған, көлденең жолақты матадан тігілген. Оларға блузканың етегін юбкасының ішіне жіберіп кию де жараспайды. Белі төмен, аяғы қысқа әйел-дер үшін көйлекті де, пальтоны да бел тұсын жоғарырақ алып тік-кен жөн. Және көйлектің алдыңғы көкірек тұсынан қиып, етек жағын кеңірек етіп тіксе, мұндай көйлек жараса кетеді. Кеудесі қысқа әрі белі жуан әйелдерге белін қынап, етегін бүрмелеп, жалпақ белдік салып тіккен көйлектің жараспайтыны есте-ріңізде болсын.
Кеудесі
қысқа, белі жуан әйелдер үшін кеуде жағы онша-лықты қыналмаған, етек
жағы сәл – сәл кеңейтіліп тігілген тік көйлек, алдынан немесе артынан
бір қатарма салып тігілген юбка қажет.
Балтыры
өте жуан әйелге жараспайтын көйлек: тар және қысқа көйлек. Толық әйелдерге тар, қысқа көйлек киген жараспайды. Оларға матаның каймосын етегіне келтіріп тігу де ұнамсыз.
Толық
әйелдер көйлектің белін қынамай, етек жағын кеңдеу етіп тігіп, киеді. Мойны тым ұзын әйелдердің мынандай көйлек кигені дұрыс: тік жағалы немесе үлкен қайырма жағалы, свитер. Көйлек пен блузкасы жолақты матадан тігілсе, оның жолағын көлденеңінен келтіріп тігеді. Иығы сөмпек әйелге матаның каймосын көйлектің етегіне көлде-неңінен келтіріп тіккен жараспайды. Иығы сөмпек әйелге матаның каймосын көлденеңінен көйлектің кеудесіне салып тіккен жарасымды келеді. Және де жазғы көйлегінің иығына желбіршек салып, ал беш-пентінің иығына ішкі жағынан жұ-қалап қатырма салса, ол иығын біраз көтеріп, сәнін келтіреді.
содержание .. 50 51 52
|
|
|