Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 11

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  ..

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (1861-1917 жж.)

 

(Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБДИРАСИЛОВА ЗАУРЕ САДУАКАСОВНА

 

 

 

07 00 02 - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

 

 

 

 

Тарих ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2008

 

Жұмыс Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалған

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                        тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Т.С.

 

                                                      

 

Ресми оппоненттер:                       тарих ғылымдарының докторы,

                                                           профессор Алтаев А.Ш.

                                                                    

                                                                     тарих ғылымдарының кандидаты,

                                                           доцент Әубәкірова Х.Ә.

                                                      

Жетекші ұйым:                               Қ.А. Яасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

                                                          

 

 

 

Диссертация 2008 жылы «__» ________  сағат ___ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 бас ғимарат) жанындағы БД 14.50.12 біріккен диссертациялық кеңесте қорғалады.

         Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кіпапханасында танысуға болады.     

 

 

 

 

 

          Автореферат  2008 жылы  «___» __________ таратылды

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор                                                                                    Т.Ә. Әлімбаев


 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. 2007 ж. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты − шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды [1, 11 б.]. Бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар, отандық кәсіпкерліктің даму тарихына да назар аударудың мәні зор. Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталистік қатынастардың ерекшеліктерін анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.

Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.

Кейінгі жылдары отандық тарихнамада кәсіпкерлік мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымыдағы бұл өзгеріс, Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша тұжырымдамалар мен деректер қорын қалыптастыруымен құнды. Дегенмен, зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. Сондықтан, зерттеуде елдің оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуына басты назар аударылады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әлеуметтік және этникалық тұрғыдан алғанда әр текті кәсіпкерлердің іскерлік мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдаудың ықпалына талдау жасау да өзекті болып табылады.

Осыған байланысты, бұл мәселенің зерттелуі өзекті болып табылады. Ол ең алдымен, 1861-1917 жылдардағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті бағалануына, сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудағы әр аймақтың өзіндік орнын, ерекшелігі мен маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.  

Диссертациялық зерттеудің негізгі нысаны 1861-1917 жж. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы болып табылады.

Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуының алғышарттары мен оның дамуына тікелей ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлар, кәсіпкерліктің түрлері мен оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктері, кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымы зерттеу пәні  болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлік теориясына арналған тарихнаманы негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады: шетелдік, ТМД елдері мен отандық зерттеушілердің еңбектері.

Шетелдік ғалымдардың ішінде «кәсіпкерлік» терминінің мәні мен мазмұнын кешенді зерттеуге А.Маршалл, И.Шумпетер, және т.б.  батыстық ғалымдар өз еңбектерін арнады. Олар экономикалық теориядағы әр түрлі ғылыми көзқарастарға баға бере отырып, кәсіпкерлік пен оның қызметі  туралы тұжырымдамалар жасады. Кәсіпкерліктің теориялық мәселелерінің одан кейінгі зерттелуін П.Друкер еңбегінен көруге болады. Ол «кәсіпкер» тұжырымдамасына толықтырулар енгізіп, кәсіпкерлік қызметке терең талдау жасап, кәсіпкерлік саласындағы басқарушылық қызмет аспектісін дамытты.

«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерінің экономикалық мазмұнының тарихи қалыптасуын зерттеуге ТМД елдерінің В.Автономов, В.М.Воробьев, Л.Колесникова, С.К.Никитина және т.б. еңбектері үлес қосты. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде ресейлік кәсіпкерліктің даму тәжірибесінің негізіндегі тұжырымдары ұсынылған.

 Қазақстан зерттеушілері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға ұмтылыс білдірді. Олардың ішінде О.Ж.Әлиев, Р.Т.Дуламбаева, Б.А.Жакупова және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. «Кәсіпкер» термині туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі теориялар мен тұжырымдамалардың генезисіне О.Ж.Әлиев зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсетті.

Жалпы, кәсіпкерлік мәселесі бойынша экономикалық ойларды талқылай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: экономикалық теорияда өндіріс және кәсіпкерлік процесінің басты ресурсы және факторы болып табылатын, кәсіпкерлік қызмет субъектісінің болмысын көрсететін, нақты «кәсіпкер» терминінің экономикалық категория ретінде жалпы қабылданған анықтамасы жоқ; экономика ғылымында кәсіпкерлік теориясын құрастыруға және кәсіпкерліктің экономикалық болмысын анықтауға мүмкіндік беретін фундаменттік негіз қаланған. Бірақ, оны жетілдіру үшін, кәсіпкерлік тәжірбиесі туралы жаңа заманғы және жергілікті тәжірбиелерді де ескеру керек.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын тарихи процесс ретінде зерттеу үшін, кәсіпкерлік тарихының тарихнамасын үш топқа, яғни революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі кезеңдерге жіктеуге болады.

Революцияға дейінгі дейінгі еңбектерде Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілер бойынша қарастырылды. ХІХ ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін А.И.Левшин, А.Н.Тетеревников, Е.Смирновтың еңбектері құрайды. А.И. Левшин қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, ал А.Н.Тетеревников қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады. Сырдария облысының саяси, экономикалық дамуы Е. Смирновтың еңбегінде қамтылды. Оның зерттеуі жалпы шолу сипатында қарастырылды.

Оңтүстік өлкенің отар аймаққа айналуы, патша әкімшілігінің отарлау саясаты жөніндегі еңбектер ХХ ғасырдың басында жарыққа шықты. Оның ішінде стратегиялық маңызды аймақтар мәселесі, оларды игеру жолдары  И.В.Анчиков, И.И. Гейер еңбектерінде зерттелінді. И.В.Анчиков өз зерттеуін Түркістан өлкесін отарлау тақырыбына арнады. Аталған автордың еңбегі сол кезеңдегі қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, кәсіпкерліктің тарихына қатысты фактілік деректер береді. Отар аймақтағы тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездесті. Солардың бірі - И.И.Гейер. Ол Түркістан өлкесінің экономикалық даму деңгейінің төмендігі, өнеркәсіп орындарының ұсақ сипатта дамуы және капиталдың енуінің нашарлығын атап өтті. Аталған мәселелердің шешімін табу, несие жүйесін дамыту мәселесін көтеріп, ұсыныстар жасады.

ХХ ғасырдың екінші онжылдығында кәсіпкерліктің дамуы туралы  жан-жақты мәліметтер беретін еңбектер жарық көре бастады. А.И.Добросмысловтың зерттеуінде Сырдария облысындағы қалалардың экономикалық дамуы, алғашқы кәсіпкерлер және олардың ұлттық құрамы, кәсіпкерлердің табысы, ақша айналымы туралы кең түрде жазылған.

Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты шолу В.И.Масальский, В.А.Васильев еңбектерінде жасалды. Оңтүстік Қазақстан экономикасының капиталистік белгілеріне В.И.Масальскийдің еңбегінде назар аударылды. Онда мал шаруашылығы, өнеркәсіп және сауданың дамуы қарастырылып, капиталдың өнеркәсіпке қарағанда саудаға көп жұмсалғандығы, несиенің өсімқорлық сипатта болғандығы жайлы пікір білдіріледі. В.А.Васильев Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының пайда болуы, өнеркәсіп орындарының техникалық жабдықталуы, ондағы жұмысшылардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізді.

Сауда-өнеркәсіп орындарының дамуы В.В.Заорская мен К.А.Александердің зерттеуінде талданды. Олар Түркістан өлкесіндегі өнеркәсіп орындары, олардың капитал айналымы, жұмысшылардың саны мен жағдайы, өнеркәсіптік салықтан түсетін мемлекеттік кіріс мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Балық кәсіпшілігінің дамуы, осы саладағы кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы Л.С.Берг және В.И.Майснер және т.б еңбектерінде зерттелді. Л.С.Берг өзінің еңбектерінде Сырдария және Арал теңізіндегі балық аулау кәсіпшілігі жөнінде көлемді зерттеулер жүргізді. В.И.Майснер Жетісудағы балық кәсіпшілігінің даму мүмкіндіктерінің жоғары екендігі жайлы пікір білдірді.

Қарастырып отырған аймақтағы мақта өсіру саласындағы кәсіпкерліктің тарихы А.Ф.Губаревич-Радобыльский, С.Г.Гулишамбаров зерттеулерінде қарастырылды. А.Ф.Губаревич-Радобыльский Түркістанның Ресеймен және басқа да Азия елдерімен сауда байланысы, ондағы тауар айналымы және елдегі мақта өсірудің қолға алынуын зерттесе, С.Г.Гулишамбаров Түркістан өлкесіндегі мақта кәсібі мен кеден және баж салығы тарихына назар аударды.

Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның экономикалық жағдайы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің еңбектерінде талданды. Олардың ішінде Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев  және С.Асфендияровтардың еңбектерінің маңызы зор. С.Асфендияров ресейлік капитализмнің қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін атап көрсетті және сауда капиталы туралы мәселеге көңіл бөлді.

Кеңестік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметінің саясатындағы оңтүстік аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси-экономикалық дамуы, қоныстандыру нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды.

Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының өзгеруін, өнеркәсіп дамуының отарлық сипатын алғашқылардың бірі болып П.Г.Галузо зерттеді. Ол шаруашылық түрлерінің дамуына, өлкедегі мақта шаруашылығының өркендеуі, ондағы кәсіпкерлердің еңбегіне талдау жасады.

Осы кезеңдегі Қазақстанның этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеуге Э.Герасимов және Т.К. Литвиновтар үлес қосты. Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты мәселесін Т.К.Литвинов зерттеді. Ол бай қазақтардың шаруашылығы бірте-бірте өзінің натуралдық сипатынан айырылып, сауда айналымына тартыла бастағанын дәлелдеді.

Осы уақытта деректер мен материалдардың жинақтары жарық көрді. Соның маңыздысы - Түркістан аймағындағы әкімшілік бөліну, жаңа жерлер үшін қабылданған мемлекеттік салық жүйесі жайлы мәліметтер қамтылған жинақ. Онда М.Г.Масаевичтің құрастыруымен Түркістан өлкесінде 1867 ж., 1886 ж., 1891 жылдары жүргізілген реформалардың материалдары берілді.

ХІХ ғ. 70-80-ші жж. кеңестік тарихнамада кәсіпкерлік тарихына жеке зерттеу арналған жоқ. Дегенмен, капиталистік қатынастарды зерттеу барысында мәселенің жекелеген салалары қарастырылды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына капиталистік қатынастардың ену мәселесін С.А.Сүндетов зерттеді.

Байлардың жаңа әлеуметтік түр алуы, яғни буржуазиялануы туралы мәселе терең зерттеуді қажет еткен мәселелердің бірі болды. С.Е.Толыбеков  байлардың жаңа әлеуметтік топ емес, олар монғол шапқыншылығына дейін де өмір сүргендігі жайлы пікір білдірілді. Оның еңбегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымын зерттеуге арналған маңызды еңбек болып саналады. 

Ц.Л.Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі банк, несие жүйелерінің пайда болуы мен даму процестеріне талдау жасап, Қазақстан экономикасындағы шетел капиталының үлесін зерттеді.

ХІХ ғ. соңында – ХХ ғ. басындағы Қазақстанның аграрлық мәселесін Б.Сүлейменов зерттеді. Оның зерттеуінде қазақ ауылдарында кулактардың пайда болғаны, олардың көпшілігінің тауарлы егіншілік пен малшылықты саудамен байланыстырғаны және жәрмеңкелер ұйымдастырғаны қарастырылды. Ж.К.Қасымбаевтың зерттеуі Қазақстанның Орталық Азия және Қытаймен сауда қарым-қатынастары мәселелеріне арналды. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына патша үкіметінің салық жүйесінің әсеріне байланысты мәселеге К.Р.Несіпбаеваның кандидаттық диссертациясында талдау жасалды.

Қазіргі кезеңдегі отандық зерттеушілердің еңбектері кәсіпкерлік тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму кезеңіне аяқ басуы, кәсіпкерліктің тарихына деген қызығушылықты арттыра түсті. С.Қ.Игібаевтың зерттеуінде алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы табының қалыптасуы мәселесі қарастырылды. Ол, Ресей капитализмінің дамуы, өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуының Қазақстанның алтын кеніштерінің техникалық деңгейінің жоғарлауына ықпал еткенін, бірақ оның баяу жүргендігін дәлелдеді. Т.Садықұлының монографиясында өндірістік өнеркәсіптегі кәсіпкерлерлердің қызметі мен мемлекеттің өнеркәсіпті дамыту бағытындағы саясаты бойынша мәліметтер берілген. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қолөнер кәсіпшілігінің халыққа қызметі туралы талдаулар С. Мадуановтың еңбегінде жасалады. Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп мен сауданың дамуы С.Н.Наумов және Ө.Қ.Қожақовтың кандидаттық диссертацияларында қарастырылды. Қазақстан тарихының тарихнамасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын сараптау мақсатында тарихнамалық зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде Д.И.Дулатова және Т.Төлебаевтің еңбектері маңызды болып табылады.

М.Ф.Пузиков және С.Е.Мамытова өздерінің ғылыми мақаласында  қазақ даласындағы ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы ауыл шаруашылығының қандай салаларында кәсіпкерліктің қалыптасу процесі жүргендігін қарастырды. Отандық тарихнамада кәсіпкерлік тақырыбына арналған арнайы кешенді зерттеулер енді қолға алынып келеді. Олардың қатарында Д.Жақыпбекова, Ф.М.Сұлтанова, Қ.Ж.Әбілов сияқты ғалымдардың ғылыми жұмыстары бар. Д.Жақыпбекованың диссертациялық жұмысында Қазақстанның Торғай және Орал облыстарындағы сауда және өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму мәселесі зерттеледі. Ф.М.Сұлтанованың ғылыми жұмысы 1867-1914 жж. Жетісу облысындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына арналады. Аталған зерттеу жұмысында Жетісу облысындағы сауда, өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлік түрлері сарапталынды. Қ.Ж.Әбіловтің докторлық диссертациясы кәсіпкерлік тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Бұл еңбекте Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тарихы тұтас қарастырылған.

 Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы осы уақытқа дейін арнайы түрде талдауға түспеген мәселе болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – 1861-1917 жылдар аралығындағы  Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын жан-жақты зерттеу.

Алға қойылған мақсатқа жетуде мынандай нақты міндеттерді шешу көзделді:

-         Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің қалыптасуының саяси және экономикалық алғышарттарын көрсету;

-         кәсіпкерліктің қалыптасып, дамуына жергілікті өнеркәсіптің тигізген әсерін қарастыру;

-         сауда саласындағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне талдау жасау;

-         оңтүстік аймақтағы ауыл шаруашылық кәсіпкерлігінің дамуын анықтау;

-         жергілікті халыққа қызмет көрсету (көліктік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызмет) саласындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін талдау;

-         оңтүстік аймақтағы кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымын саралай отырып, қазақ кәсіпкерлерінің іскерлік мүмкіндіктерін бағалау.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың дерек көзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.

Деректік көздердің алғашқы тобын құқықтық сипаттағы деректер құрайды«Полное собрание законов Российской империи» жинағының 4, 8, 14, 28, 29-томдарындағы енгізілген салық мөлшері, жеке меншік кәсіпорындардың Жарғысы және оған енгізілген толықтырулар, Мемлекеттік банк Жарғысы,  несиелік Жарғылар сияқты заңдық материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар, үкіметтің өнеркәсіптерге жеке меншік кәсіпкерлікті жіберу, бақылау, шетелдіктердің шекаралық аудандарда саудамен айналысуына шектеу қою және басқа да әр түрлі сипаттағы қаулылары мен жарлықтарында кәсіпкерлік тарихына қатысты мәлімет жинақталған. Бұл құжаттар жинағы, патша әкімшілігінің Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерлікке қатысты саясатының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Үкіметтің нұсқаулары және бұйрықтарымен, Сенат шешімдерінің түсініктемелерімен, Қаржы министрлігінің циркулярларымен толықтырылып, 1902 ж. құрастырылған кәсіптік салық жөніндегі Ереже, қарастырылып отырған тақырып бойынша деректердің маңыздысы болып саналады. Ондағы материалдардың негізінде салық жүйесіндегі өзгерістерді байқауға болады.

1910 ж. сауда мен кәсіп туралы империядағы заңнамалар мен ережелер жинағы сауда кәсіпкерлігін жүргізу ережелері жайлы мәліметтер береді.      

Екінші топтағы іс-қағаз деректері үлкен қызығушылық тудырады. Кәсіпкерлік тарихын зерттеуде төмендегі іс-қағаз сипатындағы құжаттардың маңызы зор. Оларда оңтүстік аймақтағы кәсіпкерліктің даму барысы жайлы құнды ақпараттар сақталған: Ф.Гирстің 1888 ж. есебінде, көрсетілген жылдағы Түркістан өлкесінің экономикалық дамуының жетістіктері мен кемшіліктері туралы мәлімденеді; Жер және мемлекеттік мүлік министрілігінің Ғылыми комитетінің мүшесі А.А.Кауфманның 1903 ж. іссапар нәтижесінің есебінде өлкедегі орыс отарлау шараларының барысы және Ресей империясы үшін Түркістанның отар ретіндегі маңызды аймақ екендігі жан-жақты талқыланған; 1908-1909 жж. сенатор, граф К.К. Паленнің Түркістан өлкесін тексеру нәтижелерінің есебінде аймақтағы сауда, өнеркәсіп орталықтарының дамуы, олардың ресейлік сұранысты қамтамассыз ету мүмкіншілігі қарастырылып, жергілікті экономиканың дамуының сандық көрсеткіштерін береді.

 Деректердің үшінші тобы статистикалық және анықтамалық басылымдардан тұрады. ХІХ ғ. 80-жж бастап облыстық статистикалық комитеттер жыл сайын өз облысының шаруашылық өмірінен мәлімет беретін анықтамалар шығарды. Зерттеу жұмысында «Обзор Семиреченской области», «Обзор Сыр-Даринской области» анықтамалары қолданылды. Облыстық шолулар Жетісу облысы бойынша 1882-1913 жж., Сырдария облысы бойынша 1885-1887 жж., 1889-1895 жж., 1904-1906 жж., 1908-1913 жылдар аралығында жарық көрді. Сонымен қатар, “Экономический обзор” анықтамалық шолуында, Түркістан өлкесіндегі мақта шаруашылығының дамуы жөнінде деректер бар. ХІХ ғ. соңы −ХХ ғ. басындағы өлке тарихына байланысты деректің бірі -  «Памятные книжки» жинағы. Онда Жетісу облысының 1897, 1898 (т. 1-2), 1900, 1901, 1905 жж. экономикалық дамуына байланысты материалдары бойынша жергілікті кәсіпкерлік жайлы да ақпараттар алуға болады. 1895 ж. жарық көрген “Указатель фабрик и заводов окраин России: царство Польского, Кавказа, Сибири и Средне Азиатских владений” жинағына Қазақстанның оңтүстігіндегі фабрика-зауыттар туралы мәліметтер енгізілген. 1897 ж. Ресей империясының Бірінші халық санағының материалдарында ХІХ ғ. соңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірі жайлы мәліметтердің мол қоры бар. Оның Сырдария және Жетісу облыстары бойынша құрастырылған томдарындағы халықтың саны, мамандық бойынша жіктелуі және т.б. мәліметтер, кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымына байланысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. “Указатель дейстовавших в империи акционерных предприятии и торговых домов” деген атаумен 1905 ж. жарық көрген жинақта, аймақтағы  кәсіпкерліктің дамуының белгілерінің бірі - сауда үйлерінің сандық көрсеткіштері жарияланған.

Деректердің соңғы тобын мерзімдік баспасөз материалдары құрайдыҚазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің даму деңгейін ашып көрсетуде, қарастырылып отырған жылдардың басылымдарында жарияланған мақалалардың орны бөлек. Атап айтқанда, «Айқап», «Қазақ» және «Туркестанские ведомости» сияқты газет-журналдарда қазақ қоғамына еніп келе жатқан капиталистік қатынастар, шаруашылықтың жаңа түрлерін меңгеру, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты, сол уақытта өмір сүрген адамдардың келтірген жекелеген мәліметтері, сипаттамалары құнды болып табылады. 

Диссертацияда ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының төмендегідей қорлары пайдаланылды: «Семей-Жетісу округтік инженері» (10-қор), «Далалық Солтүстік тау-кен округінің округтік инженері» (14-қор) қорларында өлкедегі өнеркәсіптік кәсіпкерлік жөнінде мәліметтер сақталған және осы сала бойынша қазба жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсат құжаттары тіркеуге алынған. «Сырдария облысының Шымкент уезінің мемлекеттік мүліктерінің меңгерушісі» (34-қор), «Ішкі істер министрлігінің Түркістан уездік басқармасы» (119-қор), «Жетісу облысының 1-участкесінің округтік бақылаушысы» (156-қор), «Түркістан облысының Сырдария линиясының Перовск фортының қазақтарын басқару» (383-қор), «Әулиеата уездік басқармасы» (146-қор), «Верный уездік басқармасы» (41-қор) қорларында қарастырып отырған оңтүстік өлкенің жекелеген уездеріндегі кәсіпкерліктің даму барысын, оның ерекшеліктерін қамтитын материалдар жеткілікті.  «Жетісу облыстық басқармасы» (44-қор), «Дала генерал-губернаторының кеңсесі» (64-қор), «Жетісу облыстық статистикалық комитеті» (828-қор) қорларында кәсіпкерлердің жеке шаруашылық ашу жөніндегі өтініштері мен оларға берілген кәсіпкерлік куәліктер, зауыт, фабрика және жәрмеңкелердің жұмысы жөнінде құнды мәліметтер жинақталған.

Диссертацияда Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының  төмендегідей қорлары пайдаланылды: «Түркістан генерал-губернаторының кеңсесі» (И-1 қоры), «Сырдария облыстық басқармасының материалдары» (И-17 қоры), «Сырдария облысының статистикалық комитетінің материалдары» (И-269 қор) деп аталатын қорлар өлкенің экономикалық өмірі туралы жан-жақты мәліметтер береді. Оларда Түркістан, Қазалы, Шымкент, Перовск уездеріндегі кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы бойынша құнды материалдар сақталған.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Экономикалық теориядағы кәсіпкерліктің методологиясы мен теориясы мәселелеріне байланысты айтылған тұжырымдар О.Ж.Әлиев, М.Ф.Пузиков және С.Е.Мамытовалардың зерттеулері кәсіпкерліктің экономикалық ой тұрғысынан отандық нұсқасын жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тарихи дамудың өтпелі экономикалық кезеңдеріндегі кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері мен тарихына арнап ғылыми зерттеулер жазған ғалымдардың В.А.Васильев, В.В.Заорская және К.А.Александер, П.Г.Галузолардың пікірлері  пайдаланылды. Жоғарыда аталған тарихшылардың, экономисттердің тұжырымдамалары мен идеялары, ізденістері кәсіпкерлік тарихын зерттеуде тиісті әдістерді таңдауға, қолдануға жәрдемдесті.

1861-1917 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихын қарастыруда, ұлттық интеллигенция өкілдерінің Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев  және С.Асфендияровтардың сол кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуына байланысты көзқарастары пайдаланылды. Сонымен бірге, Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тарихына жаңаша баға беруге ұмтылыс жасаған отандық ғалымдардың Т.Ә. Төлебаев, Қ.Ж. Әбілов, Д.Жақыпбекова, Ф.Сұлтановалардың еңбектерінде айтылған ой-пікірлері мен ұсыныстары ескерілді.  

Диссертациялық зерттеуде тарихилық және объективтілік принциптері пайдаланылды. Объективтілік принципінің басты талабы – тарихи құбылыстар мен процестерді барлық қайшылықтары, күрделіліктерімен жан-жақты қарастыру. Сонымен қатар, барлық деректерге кең түрде шолу жасай отырып, өзара байланысы бар деректерді кешенді түрде талдау. Объективтілік принципінің негізінде, Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-саяси құбылыстарды да ескеру қажеттілігі туындайды. Аталған принциптің талаптары, тарихи зерттеулердегі тұжырымдамалар мен әр түрлі деректердегі ақпараттардың шындыққа сәйкестілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тарихилық принципі, белгілі бір құбылыстар мен процестердің дамуын, өзгеруін, сонымен бірге олардың өзара байланысы мен әсерін жан-жақты зерттеу міндетін алға қояды. Ол да, нақты тарихи мәселелерді шешуде, деректерге мүмкіндігінше толық талдау жасауды талап етеді. Сондықтан, зерттеуде Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының әр түрлі аспектілерін бейнелейтін деректер қоры жүйелілік тұрғысынан пайдаланылды.

Тақырыпты зерттеу барысында логикалық, құрылымдық, жүйелілік, хронологиялық, сандық, салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1861-1917 жылдар, яғни Ресейдегі реформалардың Қазақстанда, оның ішінде оңтүстік аймақтағы кәсіпкерліктің қалыптасуына тигізген ықпалынан бастап, Қазақ төңкерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Аумақтық шегі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағын қамтиды, яғни, революцияға дейінгі кезеңде елдің саяси және экономикалық орталығы ретінде үлкен маңызға ие болған Сырдария және Жетісу облыстары қарастырылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы табиғи, экономикалық, этникалық және басқа да ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуының оңтүстік аймаққа тән сипаты анықталды. Сонымен бірге:

-                     бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға енгізілді;

-                     Қазақстанның Сырдария және Жетісу өңірлеріндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы және олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы даму арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды;

-                     отандық тарих ғылымында зерттеу нысанына алынбаған 1861-1917 жылдардағы оңтүстік аймақтағы халыққа қызмет көрсету саласына, оның ішінде көлік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызметке байланысты кәсіпкерліктің тарихы зерттелінді;

-                     оңтүстік аймақ кәсіпкерлері мен үкімет арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері анықталды;

-                     жергілікті кәсіпкерлікті дамытудағы өлкенің әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды.         

        Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диссертациялық жұмыстың материалдары мен тұжырымдары Қазақстанның экономикалық тарихы бойынша оқу және оқу құралдарын жазуда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер оқуда және семинар сабақтарын,  экономика тарихы бойынша арнайы курс немесе арнайы семинарлар жүргізу барысында пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын дайындауда зерттеу жұмысының жекелеген қорытындылары кеңінен қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының ғылыми семинарында және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің ғылыми семинарында талқыланды. Зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланды,  халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда сыннан өтті.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

-        Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік, Ресейдің капиталистік қатынастарының енуі негізінде, отарлық сипатта қалыптасты;

-        жергілікті өнеркәсіп кәсіпкерлігі кең түрде дами алмады. Оған пайдалы қазбалардың игерудің мардымсыздығы, өндіріс капиталы мен біліктіліктің жетіспеуі себеп болды.

-        оңтүстік өлкеде басқа кәсіпкерлік түрлеріне қарағанда, неғұрлым жоғары пайданы қамтамасыз ететін - сауда кәсіпкерлігі белсенді дамыды. Өлкенің қолайлы табиғаты, аймақ территориясының географиялық жағынан қолайлы орналасуы, халықтың тығыздығы сауданың дамуына жағдай туғызды. Дегенмен, Ресей мен Орта Азияның сауда капиталы жоғары маңызға ие болып, ал ішкі нарық көбінесе ауыл шаруашылық өнімдерімен ғана шектелді; 

-        оңтүстік өлкенің табиғи ерекшелігі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. Аталған саладағы кәсіпкерліктің дамуына, ең алдымен патша әкімшілігі мүдделі болып, оны нығайтуға қолдау білдірді. Дегенмен, бұл кәсіпкерлік тәуекелділікті қажет етті. Табиғи қолайсыздық туындаған жағдайда, кәсіпкер осы іске салған барлық қаржысынан айырылып қалуға мәжбүр болды. Сондықтан, аймақтың кәсіпкерлері сауда сияқты неғұрлым жеңіл салаларға көп көңіл бөлді;

-        қарастырылып отырған кезеңде елдің оңтүстігінде халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік көліктік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызмет тұрғысынан сипатталды. Бұл саладағы кәсіпкерліктің дамуына қоныс аударушылар ықпалы етті. Ал, қазақтар оған кеш бейімделді, себебі дәстүрлі қазақ қоғамы үшін ақылы қызмет көрсету түсінігі бөтен болды;

-   оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлердің этникалық және әлеуметтік құрылымы әр түрлілігімен ерекшеленді. Уақыт талабына сәйкес үкімет, халықтардың шығу тегі мен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етті. Дегенмен, қоныс аударушы орыс кәсіпкерлерінің жергілікті кәсіпкерлерге қарағанда мүмкіндіктері басым тұрды. Қазақтардың кәсіпкерлікке бейімделуі баяу жүрді. Оған орыс және ортаазиялық кәсіпкерлердің бәсекелестігі, қазақтар арасындағы қалыптасқан көшпелі өмір салты әсер етті.   

Диссертацияның құрылымы. Диссертация терминдік сөздердің түсініктемесінен, қысқартулардан, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшалардан   тұрады.

 

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, негізгі нысаны, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, әдіснамалық ұстанымы, ғылыми жаңалығы, мерзімдік, аумақтық шегі, ғылыми-практикалық маңыздылығы  және құрылымдары айқындалады.

«1861-1917 жылдар аралығындағы Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы » деп аталатын бірінші бөлім екі бөлімшеден тұрады.

«Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының тарихи және саяси алғышарттары» атты бөлімшеде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік өлкесін отарлауын аяқтауы, патша үкіметінің жүргізген реформаларының кәсіпкерліктің қалыптасуына ықпалы қарастырылған.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ресей империясы қазақ даласында реформалау процесін қолға алды. Қазақстанның отар аймаққа айналуы, оның барлық аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына түбірлі өзгерістер әкелді. Осы кезеңде жүргізілген саяси реформалардың барысында, оңтүстік өлкедегі кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал еткен факторлар  қалыптасты. Ресей империясы енгізген заңдардың отаршыл сипатына қарамастан, олар қазақ қоғамының өмір салтына жаңа серпілістер алып келді. Натуралды  шаруашылыққа бейімделген жергілікті халық, саяси өзгерістердің әсерімен жаңа ізденістер арнасына түсті.

Патшалық үкіметтің салық саясаты отарлаудың басты белгілерінің бірі болды. ХІХ ғ. екінші жарытысында енгізілген салық жүйесі өзінің өсу бағытын ұстанғандығымен ерекшеленеді. Мысалы, 1837 ж. Орынбор әкімшілігі енгізген түтін салығы 1 рубль 50 тиынды құраса, 1867 ж. 2 рубль 75 тиын, ал, 1891 ж. 4 рубльге көтерілді [2; 303 б.]. ХІХ ғ. 90-жж. кейінгі кезеңде барлық салықтар (түтін, жер, әкімшілік, ауыл старшыны және олардың кеңселерін қамтамассыз ету салықтары) әр үйге орта есеппен 8 рубльді құрады, ал, 1910 ж. бұл көрсеткіш 14 рубльге жетті [3; 12 б.]. Салықты өсіру арқылы, патша әкімшілігі одан түскен кірістің негізінде алғашқы кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік алды.

Орыс әкімшілігі Орта Азиямен экономикалық қарым-қатынасты кеңейту мақсатында сауда қатынастарын әрі қарай дамытуға қолайлы саясат ұстанып, бірнеше нақты іс-әрекеттер жүргізді. Осыған орай, 1868 ж. бастап сауданың барлық түрлеріне салынатын баж салығы алынып тасталынды [4; 478 б.].

Патша үкіметі жаулап алынған жерлерде саяси тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында, орыстарды қоныстандыру саясатын ұстанды. Жаңа қосылған шет аймақтарды қарқынды отарлау мақсатында патша әкімшілігі алғашында казак әскерлерін, кейінен шаруаларды қоныстандыру шараларын бастады. Қоныс аудару саясаты негізінде өлкенің кәсіпкерлік тарихының бастапқы кезеңі қалыптасты. Әсіресе, кәсіпкерлер қатарының артуына осы бағытта жүргізілген шаралар тікелей әсер етті. Сонымен, ХІХ ғ. екінші жартысында жүргізілген реформалардың нәтижесінде, қазақ даласында кәсіпкерліктің қалыптасуына тарихи-саяси алғышарт жасалды.

«Кәсіпкерліктің қалыптасуының экономикалық базасының құрылуы» деген бөлімшеде орыс отарлауы қарсаңындағы қазақ жерінің дәстүрлі шаруашылығы, қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, кәсіпкерліктің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызған инфрақұрылымның дамуы зерттелінген.

Аймақтың ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарға дейінгі экономикасы дәстүрлі шаруашылық негізінде дамыды. Сонымен қатар, осы уақытта өлкенің экономикасы орыс және ортаазиялық әскери шабуылдардан әлсіреген болатын. Ал, патша әкімшілігінің тарапынан жүзеге асырылған экономикалық мазмұндағы іс-шаралар, қазақ қоғамының әлемнің экономикалық жүйесінде болып жатқан өзгерістеріне тартылуына әсер етті. Әсіресе, капиталистік қатынастардың негізгі белгілерінің бірі болып табылатын – кәсіпкерлікті қалыптастыруға қажетті экономикалық алғышарттар туындады. Дегенмен, оңтүстік өңірдегі кәсіпкерліктің қалыптасуына тек ресейлік капиталистік қатынастардың енуі ғана емес, сол сияқты аймақтың климаты, құнарлы жер және су ресурстарының ықпалы да зор болды. 

   ХІХ ғасырдың ІІ жартысында оңтүстік өңірдің шикізат және еңбек ресурстары тек Ресейдің ғана емес, шетелдіктердің де үлкен қызығушылығын тудырды. Шетелдік кәсіпкерлердің жергілікті нарықтағы іс-әрекеті патша әкімшілігінің саясатына үлкен кедергілер келтірілді. Соған сәйкес, орыс тауарларына бәсекелестік тудырмас үшін және отар аймақты игеруді күшейту мақсатында, патша үкіметі бірқатар тиым салу шараларын анықтады.  Мысалы, зауыт қожайындарына шетелден темір мен шойынды баж салығынсыз әкелуге 1880 жылы тиым салынды [5; 1 п.]. Осы жылы Түркістан өлкесіне еуропа, парсы (иран) және түрік өнімдерін әкелуге рұқсат берілмеді [6; 15 п.] және т.б.

Кәсіпкерлерді капиталмен қамтамасыз еткен біртұтас банк жүйесінің құрылуы, кәсіперліктің қалыптасуына мүмкіндік берді. Ресейдің шет аймақтарындағы «бос жерлерді» экономикалық игеру, бай шикізат көздерін пайдалану, тауар өткізу нарықтарын кеңейту міндеттері –  банк бөлімшелері мен несиелік мекемелердің құрылуымен қатар жүзеге асты. Қазақстанның оңтүстік өңірінде акционерлік, коммерциялық банктердің бөлімшелері, несие қоғамы және қалалық қоғамдық банк, мемлекеттік банк бөлімшелері, несиелік кооперация және басқа да ұсақ несие бөлімшелері құрылды. Қазақтарға несиелердің берілуі, олардың кәсіпкерлік саласында қызмет етуге жағдай жасады. Сол уақыттағы баспасөз материалдарында қазақтардың банктерден несие алу жолын тез меңгеріп, сонымен қатар, несие алушы орыстарға қарағанда, бұл іске жауапкершілікпен қарай бастағандары туралы ризашылық білдірілген мақалалар жарияланды. Дегенмен, өлкеде өнеркәсіптің нашар дамуына байланысты, банктер өз капиталын көбінесе өсімқорлық операцияларды қамтамасыз етуге салды.

Осылайша, өлкеге банк монополиясының енуі, қаржы-банк жүйесінің құрылуы, Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына қарқынды түрде ықпал етті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында оңтүстік өңірге капиталистік қатынастардың енуін күшейткен, оның ішінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен факторлардың бірі – теміржол құрылысы болып табылады.

Теміржолдар салу арқылы, патшалық Ресей Орта Азия мен Шығысқа баратын жолын ашып, сыртқы сауданы дамытуға мүмкіндік алды. Теміржолдар салу ісі ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясын жылдам қарқынмен қамти бастады. Теміржол құрылысының салынуы Қазақстанда тауар-айырбас және ақша-тауар қатынастарының дамуына ықпалын тигізді. Сонымен бірге, қоныс аудару процесінің күшеюіне де әсер етті.

Қорытындылай келе, 1861-1917 жылдар аралығында қазақ жерінде кәсіпкерліктің қалыптасуына негіз болған экономикалық алғышарт жасалды. Осы кезеңде қазақ жерінде кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуші факторлар туындады. Оның ішіндегі ең негізгілері - банк-несие жүйесі мен теміржолдардың салынуы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның оңтүстігі жаңа экономикалық аймаққа айнала бастады.

«Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері» деп аталатын екінші бөлім төрт бөлімшеден тұрады.

 «Аймақтағы өнеркәсіп орындарының дамуының кәсіпкерлікке тигізген ықпалы» деп аталатын бөлімшеде, Қазақстанда өнеркәсіп орындарының дамуының кәсіпкерлікке тигізген ықпалы зерттелінеді.

Қазақстанда өнеркәсіп орындарының дамуы, осы салада кәсіпкерліктің қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлер ең алдымен, тау-кен өндірісі маңына шоғарланды. Ресей мемлекеті үшін қазақ даласының қойнауындағы қазба байлықтар үлкен қызығушылық туғызды. Оларды іздестіру және оны игеру барысында патша әкімшілігі қазақ жерінде біртұтас іс-шаралар жүйесін жүргізді.

Қазақстанның оңтүстік өлкесінде тау-кен ісінің неғұрлым белсенді дамыған уақыты - 1866-1867 жылдар болды. Орынбор генерал-губернаторлығына 1866 жылдың 1 шілде – 1867 жылдың мамыры аралығында өнеркәсіпшілер ашқан алтын және басқа да тау-кен байлықтарын өндіріске қосу туралы барлығы 57 өтініш түскен. Бірақ, одан кейінгі жылдары өтініштер саны төмендеді [3; 14 б.].

Қарастырылып отырған аймақтың ең жоғарғы дәрежеде орын иеленетін минералды қазба байлығы - тұз өндірісі болды. Мемлекет саясаты бойынша халықтың барлық сословиеден шыққан кәсіпкерлеріне минералды қазба байлығын еркін игеру мүмкіндігі берілді. Аймақтағы көмір кендерін өндіру ХІХ ғ. 80-жж. қолға алынды. Кәсіпкерлер өздерінің өндіріс орындарын отынмен қамтамассыз ету мақсатында ғана қолға алған болатын. Себебі, өлкедегі көмір кендерінің сапасы нашар болды.

Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі тау-кен өндірісі саласындағы өнеркәсіптің даму барысында бірқатар кедергілер орын алды: өлкедегі пайдалы қазба байлығының мардымсыздығы (минералды қазбадан басқа); өлкеде тұтас та терең геологиялық зерттеудің жүргізілмеуі; өндіріс капиталының жетіспеуі; барлау жүргізуге рұқсат алуда формальды істердің көптігі; орыс кәсіпкерлері мен жергілікті тұрғындардың бірлесіп әрекет жасамағандағы. Тау-кен ісінде басты орынды орыс капиталы иеленсе, одан кейінгі орында жергілікті кәсіпкерлер тұрды.

Қазақстанның оңтүстік аймағында өңдеуші өнеркәсіптегі фабрика–зауыттық типтегі кәсіпорындардың қалыптасуы көрініс берді. Өлкедегі тері өңдеу зауыттары экономикалық жағдайдың дамуында маңызды орын алды. Қазақтар мал өнімдері: тері және жүн шикізаттарын өңдеу орталықтарына өткізіп, пайда тапты. Дайын шикізаттар Ресейге тасылып, орыс көпестері бұл салада үлкен байлыққа ие болды. Оңтүстік өлкеде егіннің өсірілуі, дәнді дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандырды. Ұн диірменін ұстау мемлекет тарапынан қадағаланып, міндетті түрде диірмен алымы алынып отырды. Одан мемлекет айтарлықтай кіріс түсірді. Қазақстанның оңтүстік өлкесінде ауылшаруашылығы өнімдерін өсіру және өңдеу фабрикаларының бірі  темекі өндірісі болды. Қарастырып отырған кезеңде бұл сала өзінің алғашқы даму деңгейінде тұрды. Өнеркәсіп орындарының ішінде мақта тазалайтын зауыттар жабдықталуы жағынан айтарлықтай жоғары тұрды. Олар су, бу немесе керосин двигательдерімен жұмыс істеді. Қазақстанның оңтүстік өлкесінде, оның ішінде Сырдария облысына қарасты Шымкент және Түркістан қалаларында мақта зауыттары осы аймақтарда өсірілген өнімді өңдеді.

Аймақтың өңдеуші өнеркәсібі жеке иеліктегі кәсіпорындар сипатында болды. Ресейлік кәсіпкерлер қазақ жерін шикізат көзі ретінде бағалап, өз капиталын тез және артығымен өндіріп алатын шағын, ұсақ және орта кәсіпорындарға салды. Олардың ішінде арақ-шарап, сыра, сабын қайнату, балауыз жасау және т.б. кәсіпорындар болды. Қарастырылып отырған кезеңде, оңтүстікте әлемде сирек кездесетін дәрілік өсімдік өсті. Одан іш ауруларын емдейтін сантонин өндірді. Кәсіпкерлер осы өсімдікті өңдеуге қызығушылық танытты. Соған байланысты, Шымкентте сантонин зауыты ашылды. Бұл өндіріс кәсіпкерлерге мол пайда әкелді.

Аймақтағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі болды. Себебі, кәсіпкерлер тез пайда табу мақсатында көбінесе өз капиталдарын өндірістің саудамен тығыз байланысты салаларына салды.

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің даму қарқынының баяулығын төмендегі себептер арқылы түсіндіруге болады: біріншіден, аймақтың әлеуметтік-экономикалық қатынастары каптиалистік дамуға дайын емес еді. Оған қажетті экономикалық алғышарттар толық қалыптаспағандықтан жергілікті шаруашылықтар тауар айналысына баяу тартылды және ол мұндағы капитализмнің даму қарқынына әсер етті. Екіншіден, Рессейдегі капитализімнің дамуындағы қайшылықтар, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік дамудан артта қалуы, жергілікті дәстүрлі қатынастармен араласа отырып, күрделене түсті. Үшіншіден, Қазақстанның оңтүстігі басқа да метрополияға тәуелді аймақтар сияқты, отар ел сипатында дамыды. Жергілікті өнеркәсіптің негізгі міндеті - метрополия мен шетел кәсіпкерлері үшін шикізатты табу және алғашқы өңдеуден өткізу болды. Жергілікті тұрғындардың өнеркәсіп тауарларына сұранысы негізінен Ресей мен шетел өнеркәсібінің бұйымдары арқылы қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптің дамуын тежеген бұл негізгі үш себепке мамандардың жетіспеуі, қолайлы жол қатынастарының болмауы және т.б. жағдайлар қосылды.

 «Сауда саласындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері» атты бөлімшеде кәсіпкерлерінің басты қызығушылық танытқан саласы –саудаға арналған.

Оңтүстік өлкедегі сауданың дамуы, алғашқы қарапайым айырбас сауда, жәрмеңкелік сауда және сауда үйлерінің құрылуы қарастырылады. Аймақтағы сауда кәсіпкерлігі әр түрлі формада көрінді. Оның ішінде, жеке адамның өзі сататын жеке (разносная торговля) сауда, тасымалдау (развозный) саудасы, керуен саудасы, жәрмеңкелік сауда, тұрғылықты қалалық базарлар, сауда үйлері, дүкен және сауда сәкілері және т.б. бар.

Сауда-саттық саласының алғашқы кезеңінде айырбас-келісім жүйесі басым болды. Айырбас саудасын көбінесе ұсақ саудагерлер мен әр түрлі сауда фирмаларының өкілдері жүргізді. Олар далалы аймаққа өздерінің тауарларын алып келіп, оны мал және оның өнімдеріне айырбастады. Тасымал саудасына тән ерекшелік – онда ақшалай есеп және сауда бәсекесінің болмауы, сауданың тауарды мал басымен немесе оның өнімімен бағалау арқылы жүргізілуі болып табылады. Сауданың бұл түрі жергілікті халықты алдауға көп мүмкіндік берді. Осыған байланысты, қазақ интеллигенттері баспа беттерінде қазақтарды алданудан сақтануға шақырды. Аймақтағы тасымалдаушы айырбас және керуен саудасының эквивалентінің болмауы, олардың сұранысты толық қамтамассыз ете алмауы, тауар сапасының төмендігі және таңдау мүмкіндігінің жоқтығы - аталған сауда түрінің біртіндеп әлсіреуіне алып келді. Осы себептерге байланысты, сауданың тасымалдаушы айырбас түрі баяулап, жергілікті қазақтар үшін жәрмеңке саудасы неғұрлым тиімді болды. Соның негізінде, өлкеде жәрмеңке саудасы белсенді түрде дами бастады. Қазақстанның оңтүстік аймағы бойынша жәрмеңкелік сауда үш дәрежелі болып қалыптасты: далалық, қалалық, уездік. Капиталды ұйымдастырудың аймақта біршама кең тараған түрі - ХХ ғ. басында қалыптасқан сауда үйлері болды. Сауда үйілерінің пайда болуы, сауда кәсіпкерлігінің біршама жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетті. Бұл тауар айналымының жоғары дәрежеге көтерілгенін және осы салада кәсіпкерліктің рөлінің артқанын айқындай түседі. Дегенмен, облыстарды салыстырып қарағанда, тауар айналымының арақатынасы тең болмады: тауар айналымы Сырдария облысы бойынша - 72%, Жетісу облысы бойынша - 28%-ға сәйкес келді [7; 103-104 пп.].

Сөйтіп, алғашқы кезеңде сауда саласындағы кәсіпкерлік тауарды тасымалдау, керуен саудасы және жәрмеңкелер арқылы жүзеге асты. Дала жәрмеңкелері қазақ-орыс саудасын дамытуға бағытталды. Жәрмеңкелік сауда орыс сауда капиталын және оның өкілдерінің қазақ даласына енуіне жақсы жағдай жасады. Кейіннен өлкеге сырттан келген көпестер мен кәсіпкерлердің ықпалымен сауда жүргізудің неғұрлым жетілген түрлері - сауда орталықтары мен фирмалар ұйымдастырылды. Ресей өнеркәсіп тауарларына деген үлкен сұранысты қажет ететін аймақты экономикалық жаулап алып, арзан мал шаруашылығы шикізатына қол жеткізді.

«Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жеке кәсіпкерліктің қалыптасу өзгешеліктері» деп аталатын бөлімшеде Қазақстанның оңтүстік аймағының табиғи мүмкіндігіне байланысты кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы саласын игеру қызметі сараланды.

Қазақ жерін отар аймаққа айналдырған ресейлік үкімет өлкеде жер өңдеуге аса көңіл бөліп, бұл іске кәсіпкерлерді жұмылдырды. Мысалы, осы кезеңде Сырдария облысының территориясының 2,47%-ы, ал Жетісу облысының 2,45%-ы  егістік жерлер болды [8; 250-251 бб.].

Қарастырылып отырған кезеңде мақта өсіру кәсібі айтарлықтай дәрежеде дамыды. Кәсіпкерлер ресейлік мақта-мата фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында мақта өсіру кәсіпшілігіне үлкен мән берді. Түркістанда алғашқы мақта өсірумен айналысушылар жақсы пайда тапқандықтан, бұл салада кәсіпкерлік кеңейе түсті. Оған мақта кедені саясаты қолайлы әсер етті.

ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанда балық кәсіпшілігі дами түсті. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы балық кәсіпшілігі теңіздік, көлдік, өзендік балық аулау болып бөлінді. Теңіздік балық аулау Арал теңізінде жүргізілді. Балық пен балық өнімдері Ресейдің Мәскеу, Н-Новгорд, Орынбор, Саратов, Самара, сондай-ақ Түркістан өлкесінің көптеген аймақтарына шығарылды. Мысалы, тек Ташкент теміржолы арқылы 1910 ж. Еуропа мен Ресейге 1 825 750 пұт балық, ал 1912 жылы 1 976 000 пұт мөлшерінде (бағасы 5 млн. рубльге) балық жөнелтілді [9; 144 б.]. 1917 ж. облыста балық кәсіпшілігімен 500 қазақ кәсіпкері айналысты [10; 125-126 пп.]. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында Сырдария және Жетісу облыстарында балық шаруашылығы жедел дамыды. Оған Орынбор – Ташкент теміржолының салынуы, Арал теңізі мен Сырдария өзендерінде, көлдерінде балықтың мол болуы және балық аулаушылардың санының өсуі әсерін тигізді. Теміржол қатынасының пайда болуы, балық кәсіпшілігінің дамуына жақсы жағдай жасап, Ресей мемлекетінің қазынасына түсетін кірісті көбейтті.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында оңтүтік аймақта ауыл шаруашылығының бау-бақша, омарта шаруашылығы сияқты салалары кәсіпкерлік дамудың алғашқы кезеңінде тұрды.

Жалпы, Қазақстанның оңтүстік өлкесінің табиғаты, климаттық ерекшелігі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің жандануына қолайлы жағдай туғызды. Патшалық Ресей өздерін аграрлық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында, бұл салада кәсіпкерліктің дамуына қолдау жасады. Бұл - өлкенің жер үсті байлығын кәсіпкерлік сипатта игерудің алғашқы қадамы болатын. Дегенмен,  әлі де болса дамуға тежеуші факторлар жеткілікті еді. Ол ең алдымен өлкедегі халықтың осы саладағы біліктілігінің төмендігі, кәсіпкерлердің белгілі бір салада маманданбауы, аймақтың өнім беру мүмкіндігі жоғары жерлерді анықтай алмауы және т.б. мәселелерге байланысты болды. Сонымен бірге, кәсіпкерлік тәуекелділікті қажет ететін, пайдасы тұрақты емес әрекет болса, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі оның ішіндегі ең қиыны еді. Оның нәтижелілігі біріншіден табиғатқа, одан кейін ауыр еңбекке және іскерлік қабілетке тікелей тәуелді болды. Егер табиғи қолайсыздық туған жағдайда, кәсіпкер үшін осы іске салған барлық қаржысынан айырылып қалу қаупі басым тұрды. Сондықтан да кәсіпкерлер сауда сияқты неғұрлым жеңіл салаларға көп көңіл бөлді. Соған қарамастан, қарастырып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің алғашқы негізі қаланды. Өлкеде жастарды кәсіпке мамандандыратын оқу орындары, яғни ауыл шаруашылық мектептері ашылды.

«Халыққа қызмет көрсету жүйесінде кәсікерліктің пайда болу үрдісі» деп аталатын бөлімшеде тасымалдау кәсібінің дамуы, қолөнер өндірісі немесе ұсақ және орта кәсіп түрлері және тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы сарапталған.

ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамының жаңаша өзгерістерге бейімделу барысында, халықтың дәстүрлі шаруашылықтары мен кәсіпшілігі жалғасын тауып, кәсіпкерліктің жаңа салалары туындады. Соның бірі - халыққа қызмет көрсету саласында кәсіпкерліктің қалыптасып, дамуы. Бұл мәселе үш түрге бөлініп қарастырылады: тасымалдау кәсібінің дамуының көліктік қызмет саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуына әсері; қолөнер өндірісі немесе ұсақ және орта кәсіп түрлерінің кәсіпкерлік сипаты; тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпкерліктің даму үрдісі.

Тасымалдау кәсібі ХІХ ғ. екінші жартысында барынша ұйымдаспаған түрде жүргізілгенімен, ХХ ғ. басында бір жүйеге түсті. Олардың басқару органы, қаржы есептеу және бөлу жүйесі қалыптасып, арнайы ережелерді сақтау қамтамасыз етілді. Жұмысшылардың және жолаушылардың құқықтарын қорғау дұрыс жолға қойылды. Жасалған шаралардың барлығы көлік қызметі жүйесінде кәсіпкерліктің қалыптасып, дамығандығын байқатты.

Халыққа қызмет көрсету саласында кәсіпкерліктің дамуына, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ғасырлар бойы орын алған қолөнер кәсібі әсер етті. Қазақстанда ұсақ және орташа кәсіпкерліктің қалыптасуы екі жолмен жүрді. Біріншісі, капитализімнің енуімен байланысты, жергілікті шеберхана кәсібі мен қолөнердің жаңа жағдайға бейімделе отырып дамуы нәтижесінде, ал екіншісі, қоныс аударушы шаруалардың тіршілік көзі ретінде кәсіпкерлікпен айналысуы барысында туындады. Ертеден келе жатқан және отырықшыландыру барысында қалыптасқан елді-мекендерде сондай-ақ, қалаларға, жәрмеңкелерге, базарларға жақын ауыл тұрғындарының арасынан ақша үшін әр түрлі кәсіппен айналысушы қазақ кәсіпкерлері шыға бастады. Ауылдар мен орыс елді-мекендерінде, қалалардың базарлары мен көшелерінде кәсіпкерліктің әр түрлі салаларындағы шағын шеберханалары көбейді. Қазақ ауылдарындағы жекеленген шеберхана мен қолөнер өнімдері енді арнайы сату үшін өндіріліп, тауарлық сипат алды.

Қолөнер кәсібі өндірісінің дамуына Қазақстан қалаларында құрылған қолөнер комитеттерінің ықпалы жоғары болды. Мысалы, Түркістан аймақтық қолөнер комитетінің белсенді әрекетінің нәтижесінде, 1899 ж. қалалық училище құрамында бір кәсіптік училище және төрт кәсіптік сынып жұмыс істей бастады. Ташкенттегі реальдық училищеде 270 адам, кәсіпкерлік училищеде 83 адам білім алды [11; 2 б. ].  Ондағы кәсіптік білім беретін училище 1896 ж. ашылды. Сол жылы сырттан келгендердің 27,6%-ы, ал 1897 ж. 30%-ы училище жатақханасында тұрды. Осы училищенің пайдасына қолөнер комитеті 2692 сом қаржат бөледі [12; 3 б.].  

Халыққа қызмет көрсету саласының үшінші түрі – тұрмыстық қызмет. Бұл саладағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуында өзге ұлт өкілдерінің үлесі жоғары тұрды. Осы саладағы қызмет еткен кәсіпкерлердің ұлттық  арақатынасын анықтау барысында, олардың басым бөлігін орыс қоныс аударушылары, одан кейінгі орынды ортаазиялық халықтар иеленсе, ең аз бөлігін жергілікті қазақтар құрағандығын байқауға болады. Тұрмыстық қызметтегі кәсіпшіліктің арақатынасының жоғарыдағыдай бөлінуіне ұлттық ерекшелік пен ұлттық психология ықпал етті. Атап айтсақ, ресейлік кәсіпкерлер ойын-сауық орындарында, ортаазиялық кәсіпкерлер шайханаларда қызмет көрсетті. Ал, жергілікті қазақ халқының қонақжайлық психологиясында жататын жер мен ішетін тамақты сатып, ақша табу жат түсінік еді. Сонымен қатар, қазақтар спирттік ішімдіктерді пайдаланбады және оны кәсіп еткен жоқ.

1861-1917 жж. аралығында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік өзінің дамуының алғашқы сатысында тұрды. Аталған кәсіпкерліктің қалыптасуына көп жағдайда, қоныс аударушылардың айтарлықтай ықпалы болды.

«1861-1917 жылдар аралығындағы кәсіпкерлердің әлеуметтік топ ретінде қалыптасуы»  деп аталатын үшінші бөлім екі бөлімшеден тұрады.

«Кәсіпкерлердің этникалық құрамы мен әлеуметтік құрылымы» атты бөлімшеде патшалық Ресейдің қоныстандыру саясатының нәтижесінде кәсіпкерлердің әр түрлі ұлттардан құралғандығы мен олардың әлеуметтік шығу тегі сарапталады.

ХІХ ғ. екінші жартысындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің оңтүстік аймаққа қоныс аударуы нәтижесінде, бұл өңірде кәсіпкерлік белсенді түрде дами бастады.

Қазақстанда  сауда және қолөнер кәсіпкерлігінің қалыптасып, дамуына өзбектер айтарлықтай үлес қосты. Мысалы, Жетісу облысындағы өзбектердің 80%-ы, Сырдария облысының өзбектерінің 41%-ы көпестер және ұсақ саудагерлер ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін алып-сатумен айналысты. Сонымен қатар, олардың көпшілігі, әсіресе Сырдария облысын мекендегендері қолөнер кәсібіне бейімделді [13; 51 б.]. Жетісуда ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерліктің дамуына ХІХ ғ. 70-90 жж. Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әсері жоғары болды. Осы кезеңде Жетісу облысына Қытайдан 55 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды [13; 46 б.]. Орыс және украин ұлттарының Қазақстанға келуі, ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басында Ресей империясының отарлау процесін күшейтуімен тікелей байланысты болды. Қазақстандағы қоныс аудару саясатының ерекшелігін Жерге орналастыру және Жер өңдеу басқармасының бастығы Кривошеиннің мына сөзінен анықтауға болады: «Болашақ қоныстанушы орыс поселкелері далалық қыстақтардан кедей емес, әлдеқайда бай болуы керек. Орыс қоныс аударушылары, біріншіден, жергілікті мұсылман тұрғындарына қарсы орыс билігіне сүйеу болса, екіншіден, Ресей үшін көптеп нан өндіруші болу керек» [3; 102 б.]. Қазақстанда сонымен қатар, саудамен айналысатын шетелдіктер де өмір сүрді. Сырдария облысында бірінші бүкілресейлік халық санағы кезінде 2 935 бұхарлық, 515 хиуалық, 47 қытайлық, 34 парсылар (ирандықтар), 65 өзге де азиялық елдердің азаматтары, соған қоса 67 басқа да елдердің азаматтары, барлығы 3663 шетелдіктер тіркелді [14; 9 б.]. Аталған халықтардан басқа, Қазақстанның оңтүстігінде еврейлер, поляктар, қалмақтар, башқұрттар өмір сүрді. Аталған ұлттардың кәсіпкерлік қабілетінің жоғарылығы мен орыс кәсіпкерлеріне үкімет тарапынан қолдаудың білдірілуі, кәсіпкерлер қатарының молайып, дамуына қолайлы жағдай туғызды.

 Жоғарыда көрсетілген ұлттардың әлеуметтік шығу-тегіне қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктері болды. Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерлер құрамын көпестер, өнеркәсіпшілер, қаржыгер-биржевиктер, помещик-кәсіпкерлер, орта шаруалар, қолөнерші және ұсақ саудагерлер құрады.

Кәсіпкерлердің басым бөлігін қамтыған әлеуметтік топтың бірі −көпестер. Көпестер ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және орыс өнеркәсіп тауарларын сатумен айналысты. Келесі ірі кәсіпкерлер тобын өнеркәсіпшілер (зауыт, фабрика және ұсақ кәсіпорын иелері) құрады. ХІХ ғ. соңы –ХХ ғ. басында помещик-кәсіпкерлердің саны өсті. Сол уақытта Қазақстан Ресей империясының отары болғандықтан, аймақтағы қаржы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы да ресейлік капитал негізінде іске асты. Себебі, жергілікті кәсіпкерлікті ресейлік қаржы кәсіпкерлері қаржыландырды. Өлкеде Ресейдің көптеген кәсіпкер-қаржыгерлер және биржевиктері қызмет жасады. Сол сияқты, белгілі бір деңгейдегі капиталдары мен жекеменшік иеліктері бар мещандардың да кәсіпкерлікті дамытуда маңызы зор болды. Әлеуметтік топтардың ішінде, мещандардың құрамы күрделі әрі өзгелерге қарағанда көптігімен ерекшеленді. Оған ұсақ саудагерлер, қолөнер шеберханаларының иелері, қолөнершілер, шенеуніктер, тіпті аңшылықпен, тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер де енді.

«Ұлттық кәсіпкерлердің құрылуы» деген бөлімшеде қазақтың буржуазия өкілдері мен іскер азаматтарының жаңа қоғамдық дамуға бейімделу барысында кәсіпкерлік іскерлігінің шыңдалуы, қазақтың дәстүрлі шаруашылығының кәсіпкерлік сипат алуы сарапталады.

ХІХ ғ. екінші жартысына дейін жергілікті халық дәстүрлі өмір салтын ұстанды. Ал, капиталистік экономикалық жүйенің ең басты категориясы – байлық, жеке меншік жанама бағалылық ретінде қабылданды. Халық байлықтың сыртқы формасын ғана иеленді. Байлық бар болғанымен, ол күнделікті тіршілік көзі ретінде пайдаланылды және экстенсивті түрде дамыды. Оны әрі қарай жетілдіруге көңіл бөлмеді. Мал басын көбейтуге баса назар аударылғанымен, ол және оның өнімі өндіріске негіздеген жоқ. Сол сияқты, ақша қорын жинақтауға, ақша айналымын жасауға мән бермеді. Жеке меншік қазақтарда өте күрделі мәселелердің бірі болды.

Осындай ұлттық мәдениеттің ерекшеліктіріне қарамастан, ХІХ ғ. 60-шы жылдарынан қазақтардың арасынан жаңа өмірге бейімделген кәсіпкерлер шыға бастады. Олар өздерінің іскерлік қабілеттерімен дәстүрлі шаруашылықты жаңа заманғы экономикалық талаптармен ұштастыра бастады. Қазақстанның оңтүстік өлкесінде орта ғасырлардағы кәсіпкерлік, капиталистік қатынастар заманында өзіндік мәнге ие болып, жалғасын тапты.

Қазақ буржуазиясының қалыптасуының әлеуметтік құрылымындағы бірінші орынды жергілікті әкімшілік басшылары мен қазақ байлары құрады. Аймақтағы сауда келісімдері жергілікті билік элитасы өкілдерінің араласуымен жүргізілді. Оңтүстік өңірдегі қазақтардың байлық дәрежесі мал саны (тек жылқы малы) бойынша топтастырылды, кедей шаруашылықтың қатарында 1-3 немесе 3-8 бас жылқысы бар шаруашылықтар енгізілді, олар өлке шаруашылығының 57,6%-ын құрады; екінші топ 8-50 жылқысы бар шаруашылықтармен сипатталып, олардың үлесі 39,2%-ға теңесті; үшінші топқа 50 –ден жоғары жылқысы бар шаруашылықтар жатты, олар барлық шаруашылық санының 32%-ын құрады [15; 206 б.]. Сөйтіп, шамамен халықтың жартысынан астамы орта шаруашылық жүргізді.

Қарастырылып отырған кезеңде, аймақтың жергілікті тұрғындарының арасында кәсіпкерлік қалыптасып, ол үнемі даму үстінде болды. Қазақ кәсіпкерлері ертеден орын алған дәстүрге сәйкес, мал шаруашылығы саласында жұмыс жасады. Олар мал тұқымын асылдандырып, үлкен жәрмеңкелерге шығарумен айналысты. Дегенмен, қазақтардың шаруашылығы түрлі табиғи апаттарға жиі ұшырады, соған қарамастан олар кәсіпкерлікті интенсивті сипатта меңгере бастады. Сонымен қоса, осы уақытта қазақтар кәсіпкерліктің жаңа салаларына (өнеркәсіп, халыққа қызмет көрсету) бейімделуге ұмтылды. Оларға ұлттық интеллигенция өкілдері моральдық тұрғыдан барынша қолдау білдірді. Әсіресе, интеллигенттер кәсіпкерлерді жаңа экономикалық қатынастарды меңгеруге, пайда таба білуге шақырып, алданып қалудан сақтандырды.

Қорытынды

 

         Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері жинақталып, диссертацияның ішкі мазмұнынан туындайтын тұжырымдар жасалынды:

1. ХІХ ғ. соңы −ХХ ғ. басында Қазақстанның оңтүстік аймағында капиталистік даму отарлық-бағынышты түрде қалыптасты. Бұл  жергілікті экономиканың көптеген салаларының кең түрде дамуын тежеді. Патша әкімшілігінің қазақ жерін тек шикізат көзі, тауар өткізу нарығы және арзан жұмыс күші ретінде бағалауы, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да отарлық сипат берді.

2. Қарастырып отырған аймақта тау-кен ісінің дамуы төмен, ал өнеркәсіптің өңдеуші саласы жоғары дәрежеде болды. Себебі, бұл саладағы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізінде қалыптасып, дамыды.

3. Өлкенің сауда саласындағы кәсіпкерлігі қазақ-орыс саудасын дамытуға бағытталды. Ол орыс сауда капиталы мен оның өкілдерінің қазақ даласына енуіне мүмкіндік берді. Кейіннен сауда кәсіпкерлігінің неғұрлым жетілген түрлері ұйымдастырыла бастады.

4. Капиталистік тауар-ақша қатынастарының ауыл шаруашылығына енуі, қазақ ауылында жеке кәсіпкерлік бағытының қалыптасуына жағдай жасады. Бұл әсіресе, тауар өндірісімен айналысатын бай шаруашылықтарда айқын байқалды. Ауыл шаруашылығын игерудің пайда табуға негізделуі, осы саладағы кәсіпкерліктің дамуына жаңа сипат берді.

5. Аймақ үшін жаңа болып саналатын кәсіпкерліктің маңызды саласының бірі - халыққа қызмет көрсету жүйесі көлік тасымалы, тұрмыстық және қолөнер-шеберханалық қызмет түрінде қалыптасы. Кәсіпкерлердің бұл салаға көңіл бөлуі жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, жаңа мәдени дамуға жетеледі. Олар өз мүдделерін заңды түрде қорғау, кәсіптік деңгейді жетілдіру мақсатында кәсіпкерлік одақтарға, артельдерге бірікті. Сонымен бірге, кәсіптік білімдерін арнайы училищелерде жетілдірді.

6. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы оңтүстік аймаққа түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аударуы нәтижесінде, өңір кәсіпкерлерінің әлеуметтік және ұлттық құрамы әр түрлі болды. Олардың ішінде орыстар мен өзбектер, ұйғырлар мен дүнгендер басым тұрды. Әлеуметтік және ұлттық әр түрлілігіне қарамастан, олардың кәсіпкерлікпен айналысуларына үкімет тарапынан кедергілер туындаған жоқ. Дегенмен, орыс кәсіпкерлері ерекше қолдауға ие болды.

7. Қазақтар арасында кәсіпкерлік қалыптасып, ол үнемі даму үстінде болды. Бірақ, қазақ кәсіпкерлігі көбінесе, мал шаруашылығы саласына бейімделді. Ал, кәсіпкерліктің жаңа түрлерін (өнеркәсіп, халыққа қызмет көрсету) баяу меңгерді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан.  – 2007. – 28 ақпан. – 12 б.

2 Кронгардт Г.К. Национальный состав населения Южного Казахстана в конце ХІХ в. // Ист. науки: сб. ст. – Алма-Ата, 1976. –вып. 3. –С.33-37.

3 Галузо П.Г. Туркестан-колония. (Очерк истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии) – Москва: Изд. Коммунистического Университета трудящихся Востока им. И.В.Сталина, 1929. –227 с.

4 Лаверычев В.Я. Государство и монополии в дореволюционной России. Проблемы вмешательства абсолютного государства в экономическую жизнь и воздействие капиталистических монополий на государственный аппарат. –Москва: «Мысль», 1982. –200 с.

5 Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (әр қарай - ӨР ОММ). И-17-қ., 1-т., 13947-іс, 1-п.

6 ӨР ОММ, И-17-қ., 1-т., 13950-іс, 15-п.

ӨР ОММ, 1-қ., 12-т., 1772-іс, 34-35, 53-пп.

Данилевский Г.И. Описание Хивинского ханства // Записки ИРГО. Кн. 5. − СПб., 1851. − С. 62-139. 

9 Заорская В.В. и Александер К.А. Промышленные заведения Туркестанского края. –Петроград: «Екатеринбург типография», 1915. −559с.

10 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты. 64-қ., 1-т., 395- іс, 125-126-пп.

11 Туркестанские ведомости, 1899. - 5  апреля  (№29).

12 Туркестанские ведомости, 1899. - 28 октября  (№34).

13 Галузо Н.Г. Аграрны отношеня на юге Казахстана в 1867-1914 гг. –Алма-Ата: Наука, 1965. –345 с.

13 Соколов Ю.А. Ташкент и Ташкентцы и Россия. – Ташкент: Узбекистан, 1965. - 52 с.

15 Средняя Азия. Ежемесячное литературно –историческое издание. Книга ІХ-Х. – Ташкент: тип. Туркестан. Т-ва Дела, 1910. -206 с. 

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1 ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік және этникалық құрамының өзгеруі // Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттер мен оқушылардың «Жас ғалым 2005» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. І бөлім. – Тараз: Тар МПИ баспасы, 2005.  33-37 бб.

2 Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы (Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы  – ХХ ғ. басындағы.)  // Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттер мен оқушылардың «Жас ғалым 2005» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. ІІІ бөлім. – Тараз: Тар МПИ баспасы, 2005.  5-8 бб.

3 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуының экономикалық базасының құрылуы: банк ісі және теміржол магистралі (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы)  // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. -  2005. - №4 (39). – 38-41  бб.

4  Қазақ даласында кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихынан (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы) // «Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи мұраларын оқып үйрену және дамыту мәселелері» V Халықаралық Дулати оқуларының материалдары. - Тараз: ТарМУ баспасы, 2006. – 267-271 бб.

5 Мақта шаруашылығы саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасып, дамуы (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы)  // Отан тарихы: ізденістер, мәселелер болашағы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары.  ІІ бөлім. - Астана: ЕҰУ баспасы, 2006. -  35-40 бб.

6 Тасымалдау кәсібі қалай қалыптасты? // Қазақ тарихы, 2006. - №3. – 39-43 бб.

7 Тұрмыстық қызмет саласындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы) // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. -  2006. - №4 (43). – 105-108 бб.

8 Сауда саласында кәсіпкерліктің қалыптасу ерекшеліктері (Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша ХІХ ғ. 60 ж. – ХХ ғ. 17 жж.) // «Отан және Әлем тарихы ХХІ ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. – Алматы, 2007. – 41-50 бб.

9 Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының саяси алғышарттары (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы) // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 40 жыл толуына арналған жас ғалымдардың ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – Тараз: Тар МПИ баспасы, 2007. – 93-98 бб. 


 

 РЕЗЮМЕ

 

Абдирасилова Зауре Садуакасовна

 

История становления и развития предпринимательства в Казахстане (1861-1917 гг.)

(на материалах Южного региона Казахстана)

 

диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история (История Республики Казахстан)

 

Объектом исследования диссертации является история становления и развития предпринимательства в южном регионе Казахстана в 1861-1917 гг.

Актуальность исследования. В настоящее время предпринимательство находит широкую поддержку и заботу со стороны государства, наметившее всесторонние пути дальнейшего углубления, развития и достижения данной цели. В этом вопросе необходимо опираться не только на мировой опыт развитых стран, но и важно обратить внимание на исторический процесс развития отечественного предпринимательства. Это дает возможность правильно понять особенности развитие капиталистических отношений, а также расскрыть закономерности развития современных рыночных отношений в Казахстане. В этой связи, становление и развитие предпринимательства в Казахстане, специфические особенности южного региона требуют внимательного изучения, учитывая современные требования.

Предмет научного исследования – становление и развитие предпринимательства в южном регионе Казахстана, законодательная политика, внутренние и внешние факторы, способствующие развитию данной отрасли, виды предпринимательства и его особенности в южном регионе, социальный и этнический состав предпринимателей.

Цель данной диссертации – всестороннее углубленное изучение истории становления и развития предпринимательства в южном регионе Казахстана в 1861-1917 гг.

Достижение обозначенной цели предусматривает решение следующих задач: показать политические и экономические закономерности становления предпринимательства в южном регионе Казахстана; проанализировать влияние местной промышленности на становление и развитие предпринимательства; рассмотреть степень развития торговых отношений в предпринимательстве; определить уровень развития сельского предпринимательства в южном регионе Казахстана; проанализировать особенности развития предпринимательства в сфере оказании услуг местному населению (транспортная, ремесленно-художественная, бытовая отрасли); дать оценку социальному и этническому составу предпринимательства в южном регионе, особенно профессиональным возможностям казахских предпринимателей.

Методологической основой диссертации являются принципы историзма и объективности в становлении и развитии предпринимательства в южном регионе Казахстана, были учтены социально-политические  аспекты. А так же методологическую основу диссертации составляют общенаучные методы исторического познания и системности, использование которых дает возможность показать историю становления и развития предпринимательства южного региона Казахстана не искажая фактов.

Научная новизна диссертации определяется, прежде всего тем, что в рассматриваемый период уровень развития частного предпринимательства в южном Казахстане исследуется с учетом местных, региональных особенностей. Кроме того, в ходе изучения становления и развития предпринимательства в Казахстане, показана роль и значение южного региона.

Хронологические рамки исследования охватывают с 1861 по 1917 гг., период возникновения предпринимательства в южном Казахстане до революции в Казахстане 1917 г.

Территориальные рамки диссертационного исследования охватывают территорию Сырдарьинскую и Жетысуйскую области, игравшие в дореволюционное время важное политическое и экономическое значение.

Диссертация состоит из введения, списка определений, сокращений и обозначений, трех глав, заключения, списка использованных источников и приложений.

Во введении рассматриваются актуальность и степень изученности проблемы, цели и задачи, предмет и объект исследования, раскрывается источниковая база, ее научная и практическая значимость, определяются хронологические, территориальные рамки и методологическая основа диссертации.

В первой главе анализируются политико-экономические основы становления предпринимательства в южном регионе. Выявлены пути реформ царской администрации 60-х годов XIX века в южном Казахстане, особенно, в изменении налоговой, переселенческой политики, а также положительное влияние развития инфраструктуры на становление местного предпринимательства.

Во второй главе проводится анализ исторических источников, дающих основание развитию предпринимательства в южном Казахстане. Особое внимание уделяется роли становления и развития местного предпринимательства, его влияния на развитие торговли, сельского хозяйства, оказание  услуг населению.

В процессе изучения данной проблемы выявлена зависимость предпринимательства в южном Казахстане от экономики царской администрации.

В третьей главе рассмотрены социальный и этнический состав предпринимательства южного региона, дан анализ профессиональному мастерству и возможностям казахских предпринимателей. В результате исследования доказано, что этнический и социальный состав южного Казахстан разнообразен. В этой связи, несмотря на предоставляемые льготы со стороны государства приезжим предпринимателям, просматриваются собственные пути ведения бизнеса казахскими предпринимателями.

В заключении подведены основные итоги и даны рекомендации по исследуемой проблеме.

Положения, выносимые на защиту:

-         становление и развитие предпринимательства в южном Казахстане велось под влиянием внешних капиталистических отношений и колониальной политики царьского правительства;

-         по сравнению с другими видами предпринимательства в южном регионе Казахстана, большее распространение получило развитие коммерции и торговли. Этому способствовали выгодные природно-климатические условия, плотность состава населения. Однако следует отметить, что, несмотря на то, что торговый капитал между Россией и Средней Азией достиг высокого уровня, внутренний рынок был ограничен в основном продукцией сельского хозяйства;

-         особенности природных условий южного Казахстана дали возможность распространению предпринимательства в сельском хозяйстве. Развитие предпринимательства в данной отрасли, в первую очередь, поддержала царская администрация. При сложившихся обстоятельствах предприниматели региона чуть не лишились всего капитала, вложенного в данную отрасль, в этой связи, были вынуждены заняться торговлей преимущественно в легкой отрасли;

-         в рассматриваемый период население южного региона не было привлечено к предпринимательству в транспорте, ремесленной, художественной и бытовой отраслях. В развитии данных отраслей повлияли переселенцы, казахи позже приучились к этому, в силу традиционного мышления казахского общества, понимание оказания услуг было чуждым;

-         особенностью этнического и социального состава предпринимателей южного Казахстана является его разнообразие. В соответствии с требованиями времени, несмотря на происхождение и социальное положение, к занятию предпринимательством допускались все. Однако по сравнению с предпринимателями колониальных государств, русские предприниматели-переселенцы имели  больше возможностей. Казахские предприниматели медленнее приспосабливались. Этому препятствовали конкуренция между российскими и среднеазиатскими предпринимателями, а также кочевой образ жизни казахов.

Научная и практическая значимость. Научные выводы и рекомендации могут быть использованы для написания обобщающих трудов по истории экономики Казахстана, на лекционных семинарских занятиях в высших и средне-специальных заведениях. Содержательные аспекты диссертационной работы могут быть использованы в программе планирования и развития регионального предпринимательства.

SUMMARY

 

Abdirasilova Zaure Saduakasovna

 

History of formation and development of enterprise in Kazakhstan

(1861-1917)

(on materials of Southern region of Kazakhstan)

 

The dissertation on competition of a scientific degree of the candidate of historical sciences

on a speciality 07.00.02 - Native history (History the Republic of Kazakhstan)

 

The object of research of the dissertation is history of formation and development of the enterprise in Southern region of Kazakhstan since 1861till 1917 years.

Actuality of research. Now enterprise finds broad support and care on the part of the state, planned all-round ways of the further deepening, development and achievement of this purpose. In this question, it is necessary to base not only on world experience of the advanced countries, but also it is important to pay attention to historical development of home enterprise. It enables to understand correctly features of the Russian colonial policy in Kazakhstan, development of capitalist relations, and it to reveal laws of development of modern market relations. In this connection, formation and development of enterprise in Kazakhstan, specific features of Southern region demand attentive studying, taking into account modern requirements.

The subject of scientific research is formation and development of the enterprise in Southern region of Kazakhstan, legislative policy, the internal and external factors promoting development of this branch, forms of enterprise and its feature in Southern region, social and ethnic structure of enterprises.

The aim of the dissertational research is detailed and profound studying of history of formation and development of enterprise in Southern region of Kazakhstan since 1861 till 1917 years.         

To achieve the aim there are following objectives:

-         To show political and economical laws of formation and development of enterprise in Southern region of Kazakhstan;

-         To analyze influence of the home industry on formation and development of enterprise;

-         To consider a degree of development of trade relations in enterprise;

-         To determine a level of development of rural enterprise in Southern region of Kazakhstan;

-         To analyze features of development of enterprise in sphere rendering of services to local population (transport, сraft-art, household branches);

-         To assess social and ethnic structure of enterprise in Southern region, to especially professional opportunities of the Kazakh enterprisers.

The methodological basis of the dissertation are principles of scientific character, objectivity in formation and development of enterprise in Southern region of Kazakhstan, sociopolitical aspects have been taken into account. The basis of the dissertation is made with general scientific methods of historical knowledge and системности.

Use of these methods of research enables to show history of development of the industry of Southern Kazakhstan not deforming the facts.

The scientific novelty of the dissertation is determined, first of all that during the considered period the level of development of private enterprise in Southern Kazakhstan it is investigated in view of local, regional features. Besides, during studying formation and development of enterprise in Kazakhstan it is shown role and value of Southern region.

Chronological frameworks of research include 1861-1917 years, the period of occurrence of enterprise in Southern Kazakhstan before revolution in Kazakhstan.

The territorial frameworks of dissertational research include territory of Southern and Southeast Kazakhstan, and also Syr-Darya and Zhetisy areas playing during pre-revolutionary time the important political and economical meaning.

The dissertation will consist of introduction, the list of definitions, reductions and designations, three chapters, conclusion, the list of the used literature and appendixes.

In introduction actuality of research and a degree of level of scrutiny of the problem, the aim and task, a subject and object of research are considered; the base, its scientific and practical importance is opened; the sources, chronological, territorial frameworks and the methodological basis of the dissertation are determined.

In the first chapter are analyzed political-economical bases of formation of enterprise in Southern region. The ways of reforms of imperial administration of 60th years of XIX century to Southern Kazakhstan are revealed, especially, in change tax, movement policy.  In addition, the basic directions of development of trading and industrial branches, also positive influence of development the infrastructure on formation of home local enterprise are investigated. Alongside with it changes in a colonial policy are marked.

In the second chapter, it is carried out analysis of the historical instructions giving the basis to development of enterprise in Southern Kazakhstan. The special attention is given to the role of formation and development of home enterprise, its influence on development of trade, agriculture, rendering of services to the population.

During studying this problem, it is revealed dependence of enterprise in Southern Kazakhstan from economy of imperial administration. The low estimation to development trade, the industries, agriculture, to rendering of services to the population is given.

In the third chapter there are considered social and ethnic structure of enterprise of Southern region, the analysis is given to professional skill and opportunities of the Kazakh enterprisers. As the result of research it is proved, that ethnic and social composition of Southern Kazakhstan is various. In this connection, despite of given privileges on the part of the state the visitor of enterprisers, looks through own ways of business dealing by the Kazakh enterprisers.

In the conclusion results work of research are brought, conclusions of work are formulated.

The thesis for defence:

-         Formation and development of enterprise in Southern Kazakhstan was conducted under influence of external capitalist relations and the colonial policy;

-         Home enterprise has not received wide development, because the reason was lack of the capital and knowledge, in this connection the important role foreign experts played;

-         In comparison with other kinds of enterprise in Southern region of Kazakhstan, the greater distribution has received development of commerce and trade. This was promoted by favorable natural-climatic conditions, affinity and neighborhood with Central Asian’s khans, density of structure of the population. However, it is necessary to note, that in spite of the fact that the trading capital between Russia and Central Asia has achieved the high level; the home market has been limited to production of agriculture;

-         Features of an environment of Southern Kazakhstan have enabled distribution of enterprise in agriculture. Development of enterprise in this branch, first, it was supported by imperial administration. However, enterprise appeared in difficult position. Under the circumstances enterprisers of region nearly have not lost the capital enclosed in the given branch, in this connection, they have been compelled to engage in trade mainly in easy branch;

-         In this period, the population of Southern region has not been involved to enterprise in transport, craft-art and household branches. In development of the given branches immigrants have affected, the Kazakhs were accustomed to this, by virtue of traditional thinking of the Kazakh society later, the understanding of rendering of services was alien;

-         Feature ethnic and social composition of enterprisers of Southern Kazakhstan is its variety. According to requirements of time, despite of an origin and social status, to employment by enterprise all were supposed. However, in comparison with enterprisers of the colonial states, Russian enterprisers - immigrants had more opportunities. The Kazakh enterprisers adapted more slowly. With this interfered the competition between the Russian and Central Asian enterprisers, and still kept nomadic way of life of the Kazakhs influenced.

Scientific and practical importance. Scientific conclusions and recommendations can be used for a spelling of generalizing works on history of economy of Kazakhstan, on seminar trainings in high education and special institutions. Substantial aspects of the dissertational research can be used in the program of planning and development of regional enterprise.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  ..