Қабанбай батыр

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  40  41  42    ..

 

 

Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұлодан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңындаБарқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылындаЕрасыл (Қабанбайдүниеге келген. XVIII ғасырдың бас кезіндеяғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып,

 ақыры ауыр жарақаттан мертболадыЕрасылдың он бірге жаңа толған кезі едіҚожақұл батырдың көзі жұмылған соң

 бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасаптал түсте жылқыларынайдап әкете беретін

 әдет таптыСондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды

 қолға түсіріпқорлап өлтіредіАямас жауыздарқанжармен жас жігіттің қарнын жарыпшалажансар күйінде далаға тастап

 кетіптіЕсенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпейқатты еркелететінСоның арқасында әкесінің де жоқтығыбілінбей

жетімдік көрмейбұла боп өскен едіАға өлімінен кейінон алтыға жаңа толыпәлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалдыӘсіресеқорлағаныазаптап өлтіргені жанына қатты

 баттыЕсенбайдай азаматтың қаны текке кетпесқалмаққа қолма-қол аттанармызқарымта қайтарармыз деп ойланғанЖоқолай болмадыБәрінен де елдіңетекбастылығыасықпайтын 

ағайынның керенаулығы көңілін қалдырдыНе керекәйтеуіріргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратынтым құрыса жауға

 қыр көрсетіпазаматтың құнын сұрайтынбір пенде табылмадыЕрасылдың күте-күте төзімі таусылып біттіАқыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болдыҚанға – қанжанға – жанАғасынан жаныартық паОсы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауыпқанын ішедіНе ағасының артынан бұл да мерт болады – екінің біріАқыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті дежылқыдантөл аты – Ардакүреңді ұстап мініпешкімге жөнін айтпастаншығысты бетке алып тартып отырдыМөлшерлегеніндей-ақСарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екенЕрасыл мал көздеп жүрген адам болыпалға

 қарай ішкеріледіҚолында қаруы - әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найзақайқы қара қылыш пен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздықжары – құдай деуші едіУапәруардігерөзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішіненҚалмақтарда жалшы болып жүрген қырғыз жігіті Ердененің көмегі арқасында Өлжежырғалмен жекпе-жектің сәті түсті. «Яаруақөзің қолдай көр!» деді қанжарының сабын сығымдай түскен Ерасыл.
Сен Өлжесің ғой,ә?
Иә,- деді анау жұп-жуас жауап беріп.
Осыдан бір ай шамасы бұрын қазақ ауылын шауыпЕсенбайдай ердің ішін жарып кеткен де сен емессің беЕндеше мен – сол Есенбайдың інісі ЕрасылмынҚанға – қанКек қайтты деген осыболады!- деді десол қолын жағадан босатпаған күйіоң қолындағы алмас қанжарды қақ жүректің басына ұрып жібердіӨлже айқайлап

 дыбыс бергісі келді меәлде тынысы тарылып ауақармағаны масәл теңселіп тұрды дақанжарды қайта суырып алған кезде,

 етбетінен күрс етіп құлап түстіЕрасыл өзінің Ардакүреңіне мініп ауылдан ұзап кеткен соңайырылысатын кездеЕрдене 

жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына қарайал Ерасыл із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне

 қарай тартыпКерей еліне бет түзедіМұндағы апа-жездесініңқолында бірнеше жыл тұрып қаладыБір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріпойда жоқта бір тобыр

 жабайы шошқаға тап болғаны барҚамыс арасынан шыға келген құнан өгіздейқара қабан Ерасылға қарай оқтай атылдыЕрасыл

 да найзаны бар күшімен сермегендісірәнайзаның ұшы жүректі жарып өткен боларқара қабан серең етіп құлап түстіЕрасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! - демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты. Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде, Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті.
- Қапы қалма, Арсалаң! Мен – қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр... Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ! Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен.
- Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! - деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен. 1769 жылы жетпістен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында былай деп өз байламын естіртті.
- Мен енді көп ұзамаймын. Әрі кетсе бір ай, әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын... Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар! - деп сөзін қысқа қайырды. Батырдың сырқат екенін естіген Өтеке баласы Қарабек қырғыздың қалың қолын басқарып, Қабанбайды іздеп келе жатқанын жасырмай:
- Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды!- деп масайрады ол. «Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келеді» дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып қолдың саны мыңға жетті. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас «жан алғыш әзірейілің менмін» дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. «Я, алла, өзің медет бере гөр» деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алды да, ауыр сүңгіні құлаштай сақтырды. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі ажал Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалды да, ат үстінен жұлып түсірді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып,төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Марқұмды, өз өсиеті бойынша, Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді. Ұрпақ ауысып, ел жаңарды. Зират басына үйілген обалар мүжіліп, бірте-бірте жұрт жадынан өше бастады. Бабалардың салақтығынан кейінгі ұрпақ ұлы қолбасының нақты қай тұсқа жерленгенін таппай, сарсаңға түсіп сандаларыын ол кездегі адамдар қайдан білсін?!
 

 

 

 

 

 

содержание   ..  40  41  42    ..