Көне дәстүрдің озығын қайта жаңғыртсақ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  ..

 

 

 

Көне дәстүрдің озығын қайта жаңғыртсақ

 

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

 

КӨНЕ ДӘСТҮРДIҢ ОЗЫҒЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТСАҚ

 

Жұмағұл ШӨЖЕНОВ,

Балқаш қаласының мамандандырылған әкiмшiлiк сотының төрағасы

 

 

Шешендiк өнер - Ұлы даланың тiршiлiгiнен өмiрге келген табиғи туындысысол ортаның мұрасыұлттық рухымыздың биiгдеп санаған дұрыс.

Қазақ руларыныңауылдарының жұрт жаңартыпмалына жайылым қуып үнемкөшiп жүрунеғұрлым қонысы шалғай

атасы алыс рулармен қыз алысыпқыз берiсiп қарым-қатынас жасауыалыс-жақын демей бiрiн-бiржиынға ас-тойларға шақырысып тұруы - осының барлығысайып келгенде бiрыңғай халық тiлiнiңауыз әдебиетiнiң, өзiнiң мәдениетiнiң қалыптасуына қолайлыжағдай жасалғанАуыл мен ауылру мен ру және азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды шешетiн жұрт көп жиналатын ас-тойларжәрмеңке-базарлар, «күнде кеңес құратын Күлтөбелер» билермен шешендер мектебi. Шешен-билерге халықтың көрсететiн құрметмен беретiн сыйы да дарындыталантты жастарды сөз өнерiн үйренугеигеруге 

ынталандырғанитермелегенсөз қасиетiнқұрмет тұтқанОсыдан келiп талапты жастардың оқу бiлiмкенжелегенменсана-iлiмнен кенже қалмағанбүкiл елдiңқоғамның қарым-қатынасы ауыз-екжүргiзiлгенбарлық iсдау-дамайқолма-қолбетпе-бет шешiлген.

Шын өнер иесiне оны қоршапқолдапсүрiнсе сүйепжаңылса түзеп отыратын қамқор қауым керек. «Қар қылауменбала сылаумен» өсетiнсияқты өнер иесiне де бiлгiр сын керек.

Билiк-шешендiк өнердiң өсiпркендеуiнеқажеттжағдай-еркiндiкешкiмнен қысылмайқымсынбай еркiн сөйлеуге бостандық қажетСөз бостандығы болған жерде халық тағдыры шешiледi, 

сол халықтың ойы дажiгерде биiк боладыБилер мен шешендер – халық үнi, оны ел басшысына жеткiзу – сөз бостандығы емес пе?! Ертедегтiлiмiзде «би», «шешен» деген ұғым бiр-ақмағынаны бiлдiргенБiрақ би-шешен ең алдымен елiнiң тарихынсалт-дәстүрiншежiресiнұлылы-кiшiлел басынан өткен уақиғалардытарихи қайраткерлердi, әсiресе дау-дамайсоғыс-бiтiммәселерiн реттепхалықтың әдет-ғұрпын жетiк бiлуге тиiс болатын.

Нағыз би-шешендер ел басшысның қаһарынан сескенбейхалық қамын ойлағанөз құлқын ойламағанпараға сатылмаған батыл даадал болуы шарт.

Тәуелсiздiк алған 12-13 жылда теледидардан халық депутаттары мен үкiмет адамдары сөз сөйлей алмайкөрерменнiң жүйкесiн тоздыртыпайтар ойын айта 

алмай қиналып жатадыСондықтанда үкiметзаң орындарына жауапты қызметтерге қабылданатын адамдардың шешендiк өнерiне де 

назар аударылғаны орынды болар едi. Бұл ұсынысәсiресебiздiң елдiң шет елдердегөкiлi - елшiлерге де қатыстыҚасиеттөнер – халық мұрасысондықтаноны жалғастыру бүгiннен басталсанұр үстiне нұр болары хақ.

Қазiр ұлттық телеарналардан «Мың бiр мақал», «ХХғасырдың көшбасшысы» тағы басқа да хабарлар – халық ойынан шығыпболашақ ұрпақты шешендiк өнерге баулитын тәуiр бастамаОсындай өнегелбастаманы әр мектептежоғары 

оқу орындарында да қолдансахалық тiлегорындалар едi. Елдiң болашағы ұрпақтаендешежан-жақтыбiлiмджастар ертеңгелдiңмақтаныштарыәртұтқасы болмақ.

Қорыта айтқандағасырлар бойы ел жадында сақталғантот баспаған би-шешендiк өнер – халық мұрасыұлтымыздың рухыОлар – тарихшыфилософкөрiпкелдiк қасиетке ие болыпнағыздипломатиялық дәрежеге жеткен өз заманының санагерлередi.

Осындай рухы биiк халықтың ұрпағының да ұраны биiк болуы – табиғи құбылыс.

Шешендiктiң тәлiм-тәрбиелiк мәнiнiң де мол екендiгiн айтпасқа болмайдыӨйткенi, ол терең ойдың түкпiрiнен еленiпекшелiп шыққаннан кейiнжалаң

жасық түрде туындамайдыСомдалыпсұрыпталған сөздiң бойынан адамгершiлiктi, әдiлдiктi, ақиқатты аңғарамызМәселен

Қаздауысты Қазыбектiң Қоңтәжiге айтқан сөзiнiң негiзгтүйiнекелдiң арасындағы бiтiмдiлiктежатқаныменмазмұнының қаншама 

тағылымға тұнып тұрғанын көрiп қайран қаласызАлАғыбайдың әр түрлөмiрлiк жағдайларда айтқан сөздеркiшiгiрiм поэзия.

Жақсының жайсаңы болып табылатын батыр-билер өз заманындағы тұлғалы тұстарынан жоғары тұрғанақиқатты аялапәдiлдiктәлдилеген еңселерәрi iртарихи бейне.

Сол дәуiрдiң дарабоздарымен дос-жаран болуықаһарынан қалың ел қорыққан хан-сұлтандардың өздерiнiң қаймығыпмойынсұнуыайтқан сөздермен жүргiзген билiктерiне таңырқап таңдайқағыпшығарған үкiмдерiн 

халықтың қалтқысыз орындауыбилердiң сол кездегқазақтан шыққан саңлақтарының көш басында тұрғаны хақ.

Би – көпткөргенқазақ қолын бастапнеше түрлқиындықтарды басынан өткерiпкөре-көре көсем болғансөйлей-сөйлей шешен болғанойы орамдыкөненғана бiлiп қоймайболашақты датап басыпбайламды болжам жасай алатынәрдайым халық 

көңiлiнен шыққан жан болған.

Соныменби дегенiмiз ел жұртының әдет-ғұрпынсалт-дәстүрiншежi-ресiнтарихынқоғамның даму барысынайнала қоршаған табиғаттың сан-алуан қасиеттермен құпияларын бiлетiнадамдардың көкiрек-көмбелерiне ой көзiмен қарап көре алатынқырлы-қырлы мiнез-құлықтарды айтқызбай-ақ тап басатынғылым-бiлiмнен хабардаркемел пiкiрлерiн шешен тiлмен жеткiзiпберетiн қасиетбар бiр тума жандар.

Би – дипломатәрмәмiлегерБасында билердiң Жәнiбек пен Керей бастаған Қазақ хандарының барлық елшiлiктерiне қатысқаны

кейiннен Абылай,

 Кенесары хандарының РесейҚытайҚоқанелшiлiктерiне қатысқаны соның айғағыХандар өте жауапты деген руаралық 

келiссөздерге билерд

жiберiп отырған. «Жауластырмақ – жаушыданелдестiрмек –елшiден»,- дегендейҚаз дауыстыҚазыбекТөле биӘйтеке биАғыбай және тағы басқа да билер бастап барған келiссөздер дұрыс

 шешiлiпәрқашан да 

олардың жолы болып отырғанСондықтанол жеке адамдарру-тайпаұлысаралығындағы жанжалдарды ғана емесел мен ел арасындағы даулы iстердөз билiгiмен әдiл шешiп отырған.

Билердiң батырлығы – қолына қару алыпжауға шабуында емесқылышынан қан тамған қаһарлы хан-сұлтан немесе етектен кесiп жең болмайтыны секiлделдесуден кеткен ежелгдұшпаналдында тұр екем деп именбей

керектжерiнде алдаспаннан 

да өткiр тiлiмен турап түсетiн әдiлет сөзiн айтуында деп санағанБилердiң әдiл деөткiр сөздереттен өтiпсүйекке 

жеткеннiң өзiндедеЖәнiбек пен

 Керейден бастапАбылай мен Кенесары заманындакейiннен отарлау аппаратына сенген аға сұлтандардыңата жауларының 

өзде оларға қарсы қылыш көтерiпқарсы дауайтпағанОның дәлелi, олардың сан рет Жәнiбек-Керейден бастапАбылайКенесары алдарында «Хан кеңесiнде» тайсалмай өз ойларын айтуыБи - саясаткерқоғам қайраткерi. Би тек қанабатыр болып қана қоймайол ел мен ел арасындағы қоғамдық мәнзор саяси 

мәселелердшешуге де ат салысқанХан қаншама қаһарлы болғаныменбидiң айтқан кеңестерiне құлақ асыпотырған

Хан барлық күрделмәселелердтек «Хан кеңесiнiң» мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылдап отырғанКеңестiң басым көпшiлiгби-батырлар болатынАлҚазақ хандығыәскеримемлекет болғандықтанбилер ханның тек қана әскери кеңесшiсғана емес

ол өмiрдiң барлық саласындағы ақылшысы болғанОған мысалЖиренше шешеннiңБұқар жыраудыңТөле бидiң

Қаздауысты ҚазыбектiңӘйтеке бидiңАқжолтай Ағыбай батырдың әрқашан да хан алдында халықтың атынан,

 халықтың қамқоршысы ретiнде сөйлеуi. Хан өте ауыр шешiм қабылдаудың алдындабилердшақырып алыпекеуара мәселенжан-жақты талқылап барып қана шешiм қабылдаған.

Би – ағартушыәртәрбиешi. Олар кейiнненРесей империясымен соғысып жеңе алмайтынын түсiнген соңигi iс – ағартушылықпен шұғылданғанЕл арасында медiресе ашыпбала оқытқанМүмкiндiгiншесол балалардың iшiндегi, 

көкiрегiнде сәулесi, көзiнде оты бар жастардықыран шалар қия биiктен көрiптәрбиелепбаулап баққанОлар өзiнен 

кейiнгұрпақтардың даелұйтқысы боларлықтай азаматтар жетiлуiнешқашан да қаперiнен шығармағанБолашақта

билерге ұқсапел мүддесiн көздесем-ау дейтiндей талантты жастаратақты билердөздерi iздеп барыпбата алғанБилер үмiт етiпсенiм артқан ондай жастарға батасын берумен бiргеөмiр бойы өздерiнiң жинақтаған тәлiм-тәрбиесiнұлағат сөздерiн санасына құюдан жалықпағанСар саналыданаойлытәрбиешi, ұстаз билердiң есiм

халық жадында мәңгсақталып қалғанАғыбай батырдың алдына барыпкейiнненАлашорда мемлекетiнiң 

басшысы болған жас Әлихан Бөкейхановтыңтағы басқа да сол кездегалдыңғы қатарлыболашағынан халқы 

үмiт күткен бiрнеше жас қазақ азаматтарыныңкелiп бата алуы осының айғағы.

Сол ғалым ӘБөкейханов оқубiлiм туралы: «Адам баласы өзге хайуаннан айырылғанда бұлардан ақылды болыпқолы шебер болып айырыладыБайлық түб

ақылһәм қол ұсталығыОсы екеуқосылмайадам баласы қазығына жарымайдыАқыл даұсталық та оқумен, iстеумен жүре ұлғаядыОқу-бiлiм бiроқу ұлғая бiлiм боладыДүниедегжер билiгкүннен-күнге ақылдыұста жұртқолына ауып барадыБұл тiршiлiк үлкен таласбiр бәйгежүйрiк аладышабан қалады

ЖүйрiктiкақылұсталықжаһитшiлiктеЕрiншек – езге жолбәйгесыбағамүше жоқ»,- деп тұжырымжасайды.

Халық арасында билер ой түйiпсөз ұстапәдiл төрелiк айтумен бiрге бүкiл бiр халықтың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде

 де тендеусiз қызмет атқаруымен қадiрмендболған.

Осы ретте билердiң жүргiзген билiктерiн тарихи-құқылық талдаудың айырықша маңызы барТарихи материалдар мен фактiлердiң негiзiнде жасалған ғылыми талдау 

қазақ қауымдастығындаөзiндiк орны бар саяси-әлеуметтiк тұлғалар – батырларбилер мен шешендердiң атқаратын рөлiмен жан-жақты танысуға мүмкiндiк берiполардың бүгiнгжәне келешек ұрпақтар өтемiне дежарайтын ұлағатты сөздерiнiң қадiр-қасиетiн саралауға жол ашады.

Соныменқазақтың халық болыпбiртұтас елге айналуынаөсiп-өркен-деуiне әрбатырәркөсем билерiмiздiң де айырықша үлес қосқанын айтутәуелсiз мемлекетке қолымыздың жету

арқасында ғана мүмкiн болып отыр.

Дүние жүзiндеқазақ елтүрме салмағаншыңырау зыңдан қазбаған бiрден-бiр елБұл шындықойлап қарасақәлемге әйгiлеуге тұрарлық құбылысОсы қазақ қоғамында үлгiлтәртiптiңболуына 

атақты билер көп еңбек сiңiргенҚалай болғанда дасан ғасырлар бойы халқымызбен бiрге жасасыпоның ел басқару 

жүйесiнде айрықша қоғамдық маңыз атқарып келген билердiңтарихын зерттепшығарған үкiмдерiн үлгету керек.

Қазақ би-батырларының қазақ әскерiн басқаруышешендiгмен билiктерәлкүнге дейiн тарихи-құқықтық тұрғыдан арнайы зерттелмегендiгi – бұл тақырыпты өз алдына дербес зертеу обьектiсетiп алуымыздың негiзгсебебболып отырЗерттеу барысында билердiң 

жер дауыжесiр дауыбарымта таластарында айтқан билiктертарихи-құқылық материалдар негiзiнде қаралыпалғаш ретаталған салада жан-жақты зерттелiпқұқылық тұжырым жасалуы керек.

Қазақ қауымының елтәуелсiз болған кездегнегiзгпарызының бiрi – елiнжерiн қорғайтын ұрпақ тәрбиелеуата-баба салт-дәстүрлерiнұлтжандық патриотизмдбойына жас кезiнен дарытуХалықымыздың ата дәстүрi – елiнтуған жерiн көзiң қарашығындай қорғау дәстүрi. Бұл киелата-баба мұрасыоның ұрпақтарға айтып кеткен өсиетi.

Қазақ қауымы ғасырлар бойы сыртқы жауларымен соғысыподан кейiн отаршылдық саясаттанкейiнгжылы кеңестiк 

жүйенiң әсерiнен әбден езiлiп-жаншылған халықОның ең асылдары әртүрлсебептермен үзбей қырылып келдi. Халықтың тұқымдық қоры әлсiредi. 

Асылдары кетiпұрпақтары жасып қалдыЕндеше осы халыққа бiр сәт әлкүш-қуат жинайтыной-санасынсән-салтыноқу-бiлiмiнтәлiм-тәрбиесiнтарихи-мәдениетiн жаңаша ойлаптұжырым жасауға уақыт келдi. Жаңа ұрпақ тоталитарлық кезеңде өмiр сүрдi, көбiнiң санасында 

дүбәралықмәңгүрттiкұялағанұлтжандықотаншылдық түсiнiк те көп жылғы саясаттан басылып қалғанҰлтынотанын 

сүйген адамды ұлтшылрушыл (националисттрайболистдеген қара күйе жаға салу әлдетыйылмағанХалықтың басым көпшiлiгата тарихынан қол ұзып қалғанал ана тiлiн мүлде 

бiлмейтiнi, шала бiлетiнқаншама!

Мықты тiрегiмiздiң бiрi – халқымыздың геосаяси жағдайына байланысты басқа халықтарменкөршiлес елдерменұлыстармен қоян-қолтықаралас-құраласөмiр сүру қарекетiн жасау дәстүрi. Қай көршiсiнiң қылбұрауқай көршiсiнiң кең тұсау екендiгiн пайымдау дәстүрi, 

оның кеңпейiлдiкқайырымдылыққонақжайлық тiрлiгi, кең болсакем болмайтынын бiлген дана-ойшыл болмысы.

Бiзге тiрек болыпболашақ батыр ұрпақ өсiруге көмектесер бiр фактор – халықтық педагогигалық ұрпақ тәрбиелеу дәстүрi. Баланы қалай тәрбиелеуде бiздiң ата-бабаларымыз үлкен даналықкөрсеткен. 13-те ұлын, 15-те қызын ұландық санатқа жеткiзген. 16-да орда бұзыпқазақ қауымындағы жоғарғы орган хан кеңесiне кiрген. «Отызында орда бұзбағанқырқында қамал алмайды» депалмас қылышса қайрапжас кезiнен өмiр деген дамылсыз күрес екенiн санаға 

құйыпсоған дайындағанБолар баланы болмысынан танығанЖетiмiн жылатпайжесiрiн қорлатпайқұдасын құдайдай 

сыйлапқариясын дана депанасын алтын қазық деп құрметтепүлкендаға депкiшiнi iндеп қамқорлыққа алыпат жалын тартып мiнген перзенттазамат дептаныған.

Халқымыздың пейiлi, даламыз қандай кең болса сондай кеңжер қой-науы қандай бай болсажүрегде сондай бай.

Сонымен бiрге халқымыз батыр халық. Ол еңкейгенге еңкейедi, шалқайғанға шалқаяды. Сөйлессе, Қорқыт пен Бұқардай даналығы, Төле, Әйтеке, Қаз-дауысты Қазыбек бидей шешендiгi, Кенесары, Әз Тәуке, Абылайдай көсемдiгi, айтысса, дауласа қалса, Жәнiбекше өрлiгi, Бөгенбайдай iрiлiгi, Шоқан мен Абайдай бiлiмдiлiгi, қиыннан қиыстырып жол табар ерлiгi мен тiрлiгi бар Ақжолтай Ағыбайдай батыры, кең-байтақ жерi мен дана елi бар.

Қазақ билерiнiң адамдық болмысы, ерлiк iстерi, шешендiгi мен жүргiзген билiктерi ертелi-кеш дүниеге келген рухани мұралар түбегейлi зерттелiп, саяси-құқықтық бiртұтас ғылыми еңбекке арқау бола қойған жоқ. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, аталған олқылықтың орнын аз да болса толықтырмақ болған ниет-талпынысымыз бұл тақырыптың көкейтестiгi мен өзектiлiгiн көрсетсе керек. Өйткенi елiнiң тәуелсiздiгi мен бостандығы үшiн алысқан ерлердiң жау жүрек батырлығын, өсиет етiп айтып кеткен сөздерiн, әдiл билiктерiн бүгiнгi және болашақтағы ұрпаққа насихаттау, елдiң ертеңiне аманат етiп тапсыру жастардың арасында патриотизмдi қалыптастыруға қомақты үлес қосып, Қазақстанның саяи-құқықтық тарихына елеулi, әрi игi әсер етедi деп ойлаймыз.

Егемендiк алуымызға орай мүмкiндiк: көп нәрсеге жаңаша көзқарас бiлдiрiп, пiкiр айтып және ғылыми түрде тұжырым жасау.

Қосымша айта кететiн ұсыныстар – бүгiнгi кездегi нарықпен бiрге тәртiпсiздiк, қоғамдық тәртiп бұзушылық өрiс алып, күннен күнге, әсiресе жасөспiрiм мен жастар арасында қылмыс жасау, жезөкшелiк, маскүнемдiк пен нашақорлық көбейiп, отбасы және неке тұрақтамай, айырылысу кең етек жая бастағанда, далалық демократияның көрнектi институты «билер соттарын» жергiлiктi жерлерде қоғамдық ұйымға жатқызып ұйымдастыру керек. Бiз – қабат-қабат түрме салмаған, шыңырау зыңдан қазбаған, ешқандай да өз халқымызды жазалау әскерiн ұстамаған халықпыз. Бұл шындық, әлемге үлгi қыларлық құбылыс. Ендеше, бүгiнгiдей жеңiл әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды бiрден соттап, түрмеге жабу дұрыс емес. Олай болса ауылдық жерлерде, аудандық, қалалық әкiмшiлiктерде бұрын сот, прокуратура, басқа да құқық қорғау, атқару органдарында, бiлiм беру, мәдениет салаларында жұмыс iстеген адамдарды, ел арасында сыйлы, абыройы зор азаматтарды «билер сотына» жұмысқа тарту керек. Ауылдық жерлерде бұрынғы учаскелiк инспектор болып жұмыс iстеген, басқа да құқық қорғау органдарында, бiлiм беру саласында жұмыс iстеп, қазiргi уақытта «жас зейнеткерлер» атанған азаматтар баршылық. Екiншi жағынан олар ауылдардағы жалғыз учаскелiк инспектордың көмекшiсi, әрi қорғаушысы болар едi. Жергiлiктi учаскелiк инспектордың уақыты тек әр түрлi арыздар және жоғарыда аталған жеңiл құқық бұзушылықтарды қараумен, оларды аудан орталығына жеткiзуге кетiп, қазiргi жаппай болып жатқан мал ұрлығына, басқа да ауыр қылмыстармен толық қанды шұғылдануына кедергi жасайды. Екiншiден оның уақыты мен мұршасы келмейдi, сондықтан көптеген ауыр қылмыстар ашылмай қалып, нағыз қылмыскерлер заңды жауапкершiлiктен босап кетедi. Ал, сот органдарының қарайтын жұмыстарының басым көпшiлiгi азаматтық iстер мен жеңiл құқық бұзушылыққа жатады, сондықтан да олар күрделi қылмыстық iстер қаралғанда жан-жақты, терең, сапалы шешiм қабылдай алмайды. Жергiлiктi жердегi әр түрлi жеңiл қылмыстар, ұсақ түрдегi ұрлық, жеңiл-желпi бұзақылық, отбасы арасындағы жанжалдарды осы «билер сотына» салып, билер өз шешiмiн шығарса, егер осыдан кейiн жоғарыда көрсетiлген жеңiл қылмыстар бiрнеше қайталанған кейiн ғана құқық қорғау органдарына берiлсе қоғамға көп пайда келушi едi. Билер институты үлкен қоғамдық тәрбиелiк қызметтер атқарып, қылмыстың алдын алудың бiрнеше проблемаларын шешедi, сот, прокуратура және iшкi iстер органдарының жұмыс-тарын жеңiлдетiп, мемлекеттiк органдарға берiлетiн қаржыны үнемдеуге септiгiн тигiзедi.

Әр жыл қорытындысы бойынша әрбiр облыстан бiр үздiк сот қызметкерi ұсынылып, республикалық Жоғарғы сот кеңесiнiң ұйғарымымен «Қазақстанның халық биi» деген құрметтi атақ берiлсе, басқа құқық органдарына берiлетiн «генерал» атағына пара-пар болатын едi.

Халқымыздың «Елге бай емес, би құт» деген көрегендiк өнеге-өсиетiнде терең мағына жатыр. Зерттеу нәтижелерiн Қазақстанның саяси-құқық қағидалары мен нормаларын дайындауда, арнайы және жоғарғы оқу орындары үшiн оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, сондай-ақ заң факультеттерiнде, арнайы және әскери оқу орнындарында арнайы курстар мен семинарлар жүргiзуде кеңiнен пайдалануға болады.

Тәуелсiз мемлекет саяси-құқықтық ғылыми саланы дамыту барысында, қара қылды қақ жарған билердi, жүрек жұтқан батырларымыз бен кемеңгер хандарымыздың кiм болғанын, олардың әрқайсысының қоғамдағы, тарихтағы атқарған, тындырған iстерi мен орны туралы әдiлет көзiмен жан-жақты зерттеп, бүгiнгi жас ұрпаққа ұғындырып бағу – бiздiң азаматтық парызымыз.

Ел арасынан суырылып шаққан сұңғыла шешен-билерге әдiл баға беру, олардың осы күнге шейiн халық жадында ұмытылмай келе жатқан әдiл билiктерiн, айтылған өнегелi сөздерiн саяси-құқылық тұрғыда талдауға, егемендiк алуымызға орай туындаған мүмкiндiк көп нәрсеге жаңаша көзқарас жасап, пiкiр айтуға жағдай жасалып отырғандықтан, ғылыми түрде қорытынды жасауды талап етедi.

 

РЕЗЮМЕ

 

Статья посвящена историко-правовому анализу социально-политического устройства и становления казахского государства, роли бия (судьи), преемственности этих решений традиционным нормам обычного права казахов, их социально-правовой и общественной значимости. Автором проведен анализ философско-правовых взглядов по данному вопросу.

 

ABSTRACT

 

Article, this investigation is devoted to the historical-judicial analysis of social-political structure of Kazakh kingdom and his decisions concerning the arguments on problems of land exploration, family-marriage relationships and barymta in the role of bi (judge), to ground of succession of the decisions by traditional establishments by ordinary right, to exploration of their rightness in historical-judicial aspect. Аuthor analyzed philosophic and law views on this particular topic.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. С.З. Зиманов. Состояние и задачи разработки обычного права казахов. Алма-Ата. 1989.

2. С.З. Зиманов. Несколько слов о «Жеты Жаргы». Известия АН КазССР. 1975.

3. С.З. Зиманов. Жетi жарғы жайлы. Алматы. 1989.

4. I. Есенберлин. Көшпендiлер. Алматы. 1998.

5. Е. Бекмаханов. Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы. 1994.

6. Ахмет Кенесарин. Султаны Кенесары и Сыздык. Алма-Ата. 1992.

7. Ж. Алтайбай Ағыбай батыр. Алматы. 1977.

8. Назарбаев Н. Казақстан халқына үндеуi. Ақиқат журналы. №1. 2000.

9. Ш. Уәлиханов. 5 томдық шығармалар жинағы. Алматы. 1961.

10. Ж. Шөженов. Ақжолтай Ағыбай батыр. Қарағанды. 2002.

11. Ж.С. Ақылбаев. Ер есiмi ел есiнде (Ақжолтай Ағыбай батырдың 200 жылдық торқалы тойына арналған «Арқаның ардақты тұлғалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы), Қарағанды, 2002.

12. А. Бөкейханов. Сайлау. «Қазақ» газетi, №17, 1913.

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  ..