КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ МШДЕТТЕРІ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 10

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6   ..

 

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ МШДЕТТЕРІ

         Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.  Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:

"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).

Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;

2)        кәсіпорын   мен   бірлестіктердің   өндірістік   және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің  қоғамдық  қажетті   шығындарын   керсетуі   тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2.       Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3.       Табысты  бөлу  (тарату)  механизмі  белсенді  рольатқаруы  керек және  өндірістің дамуы  мен  оның  тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4.  Табысты   тиімді   пайдалану   тек   қалған   барлық қаржы тұтқаларының  жүйесінде  (амортизациялық аударымдар,   қаржылық   санкциялар,   салық   салу,   акциздер,
жал   төлемі,    дивидендтер,    пайыздық    мөлшерлемелер,арнайы    қорлар,    салымдар,    пай    (жарна)    төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері,
валюта   және   бағалы   қағаздар   курсы   және   т.б.)   ғана мүмкін.

Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, эко-номикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның   табыстылық   көрсеткіштерінің   өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінін өзі ДР те мүдделі.  Сондықтан  әр V-абсолютті   және  салыстырмалы  түрде талдау жасайды.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мы-налар жатады:

       табыстылықтың  абсолютті  көрсеткіштерінің  жоспарының орындалуын бағалау;

       таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

       табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

       табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

       табыстың өсу резервтерін анықтау;

       кәсіпорынның  даму  перспективасын   ескере  отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

       табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін   және   олардың   деңгейлеріне   әсер етуші факторларды зерттеу.

        

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады  Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады

Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.[

   Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс өлемі    жоспарының    төмендеуі,    ауыспалы    тауарлы-материалдық   қорлардын, < ТЫМ   артуы   есебінен  болатын жағдайлар да кездеседі

13-кестеде   өнімді   өткізуден   түскен   табысты    алу жоспарының   негізделуін   тексеру   жөнінде   мәліметтер келтірілген.

 

 

 

13-кесте

Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру

 

Керсеткіштер

Есептік бағасы бойынша мың тг.

1.

Өткізілмей  қалған  дайын  өнімнің  жыл басындағы нақты қалдығы

8360

2

Тауарлы онім шығару

29000

3.

Өткізілген     енімнің     жыл    аяғындағы қалдығы

15940

4.

Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар+2 қатар - 3 қатар)

21420

5.

Жоспар     бойынша     енімді     өткізуден алынатын табыс

20850

6.

Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар)

570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет.   Өнім   шаруашылық   байланыстарының   үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсе-тілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бүл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты

Көп  жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдісіне көшу енімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалар-дың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жүмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қол-данылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген   өнімдер   үшін   есеп   айырысудың   бұл   нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

       біріншіден   бұл    нысан    жабдықтаушылар    үшін тиімді;

       екіншіден,   белгілі  бір  дәрежеде   өндірілген   өнім сапасын   бақылау   темендейді,   әсіресе   егер   жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер   нарығында    монополиялық    орын    алатын болса;

       үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен  кейін,тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар    мен    материалдар    сатып    алу    жүргізілген уақытта).

-   Табыстыльщтың  абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол  өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.

Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды  шығындар  бөлігінде  өзіндік  құнды  төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан  тыс  әкетеді.  Төлем  жүргізбеудің  себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

 Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық пара-метрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (14-кесте).

 

 

 

 

 

14-кесте

1996 жылғы "АЗ Эталон"  АҚ-ның жалпы табысы (мын, теңге)

 

 

Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Нақты     өткізілген өнімге жоспар бойынша

Нақты

1.

Өнімді   (жұмыс,   қьізмет) өткізуден түсетін табыс

20850

19745

23179

2.

Өткізілген   өнімнің  өнді-рістік өзіндік құны

16435

15741

16996

3.

Жалпы табыс (1қатар-2қатар)

4415

.    4004

6183

Жалпы     табыстың     нақты     көлемі     жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

1)  өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;

2)          өнім бірлігінің бағасы;

3)          өткізілген өнім көлемі (саны);

4)          өткізілген   өнім   құрамындағы   құрылымдық   өзгерістер.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.

1. Өнімнің өндірістік өзіндік қүньшың өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткі-зілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік қүнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

н  - өткізілген өнімнің нақты көлемі;

Sі" өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

S*  - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бүл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болған-дықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жос-пармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бүл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті (16 966-15 741).

2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі: Мұндағы: Р/ және р; - өнш бірліпнщ сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.

Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.

Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179-19745) өсті.

3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсе-рін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізіле-тіндігін көрсетті.

Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өн-дірістік өзіндік қүны бойынша. Өткізілген өнімнің көле-мі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезін-де айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс эконо-мистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланыс-ты өткізілген өнімнің рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойын-ша өткізу көлемін өндірістік өзіндік қүн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.

Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 3,4%-ға асыра орындады (16996:16435-100)-100, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415-10,34:100) -- 4415.

Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

1) "өткізілген     өнімнің     нақты     көлеміне     жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі  бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне  түзетілген   жалпы   табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;

2)      "өткізу  көлемінің  өзгеруі"   факторының  әсер  ету соммасын   "өткізілген   өнімнің   нақты   көлемінің жоспар    бойынша"    есептелінген    және 

   алынуға тиісті     табысының     көрсеткіштері     арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).

Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бүл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. "Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.

 

 

 

 

Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:

1)  4004 *415= - 411;

2)         - 411+(-150)= - 561.

Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс 561 мың теңгеге кем алынған.

Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құ-рылым жағдайында алынған табыспен салыстыру. арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.

Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер келесідей түрде болады:

4004 - (4415а103,4:100>4004    - 4565= -561.

Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері 15-кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-кесте

Жалпы табыстьщ ауытқуына негізгі факторлардың әсері

 

 

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг

Жоспарлы табысқа %-бен

1.

Өткізілген енімнің өзіндіі? құны-ның өсуі

-1255

+ 28,4

2.

Келісілген      бағалар      деңгейінің өсуі

+ 3434

+ 77,7

3.

Өнімді өткізу көлемінің артуы

+ 150

+ 3,4

4.

Өткізілген      енім      құрамындағы құрылымдық езгерістер

-561

-12,7

 

Жиыны:

+ 1768

+ 40,0

 

Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген   болса  және  де  бизнес  жоспармен   салыстыр ғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың өндірістік езіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құ-рамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың езгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұн-дай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инс-пекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.

Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.

  Жалпы  табыстың    өзгеруіне    әсер    етуші    негізгі факторларға келесі езгерістер жатады:

1)  өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;

2)          өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;

3)          өткізілген   өнімнің   1   теңгеге   шаққандағы   шығындарының өзгерісі. Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен   жылмен   салыстырғандағы   ауытқуына   тигізетін әсерін   анықтау  үшін,   келесі   аналитикалық   16-кестені құрайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-кесте

Жалпы табыстын өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардын. тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәлімет

 

Көрсеткіштер

Өткен жылғы

Есепті жылғы

1

Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден түскен табыс

24392

24179

2

Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) өндірістік өзіндік құны

20689

16996

3

Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар)

3703

6283

4

Баға индексі

1,00

1,05

5

Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен

24392

22075

Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:

1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жыл-дың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгер-гендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.

Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:

23179 : 1,05 = 22075.

Бағалардың өзгёрісі және оның жалпы табысқа әсері:

 

Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.

2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен
анықтаймыз.

Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шақ-қандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы енімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.

Біздің мысалымызда өткен жылмен салыс-тырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 9,5%-ға (22 075:24392x109=90,5); 100-90,5=9,5 азайды. Нәтиже-сінде өнімді өткізуден түскен табыстың кемуі есебінен жалпы табыстың азаюы 352 мың теңгені [3703(-9,5):100] қүрайды. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге- болады:

[3703:24392-(22075-24392)]=0,1518-(-2317)= -352 мың теңге.

3.  Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы еткізілген  өнімнен  түскен  табыстың   1   теңгесіне  шақ-
қандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады   және   бұл   айырманы   есепті   жылдағы   салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын   нақты   табысқа   көбейтеді.   Нәтижесі   шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392)]-22075=(0,7699-0,8482)-22075=

= -0,0783-22075= -1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығын-дардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады:

 

1696-(20689- 20689*9.5/100)=1696-16996-(20689- 1965)

= 16996-18724 = -1728 мың теңге.

Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.

Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалщ>і табыс 2480 мың теңгеге (+1104-352+1728) =2480 өсті/^

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші -негізгі қызметтен алынған (түскеи) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

Д" =ДЖК.

Мұндағы: Дн  - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс;

Рк - кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржи-налды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды түрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржи-налды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдау-дың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы ролін қарастырамыз және мар-жиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын табыстың өзгеруіне әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.

 

МАРЖИНАЛДЫ ТАБЫСТЫ ТАЛДАУ

Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды қайта қарауды және оның прогрессивті әдістерін ендіруді талап етеді. Осы мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен прак-тикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг" жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық қауымдастығының бюлле-тенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған амери-кандық зерттеуші И. Н. Гарристің мақаласында айтылған. Директ-костингті нақты енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Үлттық қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. "Үлыбританияда бұл әдіс "маржиналь-кост", ал Францияда -"маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", - деп жазған В. И. Ткач және М.В. Ткач (35). Директ-костинг жүйе-сінің негізінде "Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу - директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі", деп біздің ғалым, профессор С.С. Сатыбалдин тұжырымдайды (36).

Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.

Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге жатқызылады"

Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыз-дар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпо-рын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.

Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Оларға кәсіпорын және оның бөлім-шелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салы-мын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қара-ғанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспар-лау-өндірістік бөлімі және т.б.)- Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнім шығару көле-мінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар   мен  тауарларды   сақтау   бойынша  шығындардың көбеюі және т.б.)- Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдары-нан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмай-ды. Шығындарды түрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік қүнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни "директ-костинг" жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік қүнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды. Біздің елімізде бухгалтерлік есептің қазақстандық стан-дартына көшпес бүрын, толық өзіндік құнды есептеу және калькуляциялау жүйесі кеңінен тарады, ал "директ-костинг" жүйесі іс жүзінде қолданылмады.

Бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қыз-метінің нәтижесі туралы есеп" стандартының мазмұны ҚР-да шығындарды есептеуді ұйымдастыру "директ-костинг" жүйесі бойынша жүргізілуі керек екендігін куәландырады. Бұл есепте тұрақты шығындар, ендірістік өзіндік құнға жатқызылмайтын және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең шығын-дарына жатқызылған. Жыл бойы бұл шығындар субъек-тінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі-нің шоттарының Бас жоспарындағы 821 "Жалпы және әкімшілік шығындары", 831 "Пайыздар бойынша шығындар" және 811 "Тауарларды өткізу бойынша шы-ғындар" шоттарында жинақталады.

 Бұл жүйенің мәні туралы арнайы әдебиетте (37, 38) біржақты көзқарас жоқ екенін атап өту керек. Бұл авторлар "директ-костинг" - бұл өндіріс шығындарының есебінің жүйесі деп есептейді. С.С. Стуков оны "өн-дірістік шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлігінде есепті жүргізу деп атайды (39). Басқа авторлар "директ-костинг" жүйесін калькуляциялау әдісіне жатқызады. С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: "Біздің көзқарасымыз бойынша, осы жүйенің мазмұнын әлдеқайда дүры-сырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындардың өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады" (36), дегенмен осы сілтеме алынған оның монографиясының тарауы "Директ-костинг" жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік қүнын каль-куляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляция-лаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік қүн" емес, "пропор-ционалды өзіндік құн" деп есептейді (35). В.Ф. Палий (40) өз еңбегінде "директ-костинг" жүйесін "тікелей шығындар бойьшша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі (41)" деп атайды.

Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құ-нын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді (37).

Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасы-мыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығын-дарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуля-циялауды бірге байланыстырады.

"Директ-костинг" жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты жә-не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды,  себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықтала-ды. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радосговец -шығындарды түрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді" (42). Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері "ди-рект-костинг" жүйесінің аналитикалық артықшылық-тарымен жабылады, олардың негізгілері:

       шығарылған өнімдердің сүрыпталымы мен табысын үйлестіру;

       жаңа  өнім   бағасын   анықтау,   кәсіпорынның   өндірістік қуатының өзгеру нұсқаларын есептеу;

       өндіріс    тиімділігін    бағалау    (жартылай    фабрикаттарды алу);

       қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру   тиімділігін   бағалау   және   тағы   басқалар болып табылады.

"Директ-костинг" жүйесі - бүл шығындарды олар-дың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабыл-даудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. С. С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өнді-рістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бүл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады (36). Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіс-пейді, ол "бүл жүйе бойынша ендірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" -деп санайды (43). С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойын-даған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көр-сетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні -деп жазады С.С. Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының кезқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр" (36).

Профессор С.С. Сатыбалдин, АҚШ-та тәжірибе ал-масуда болып, осы мәселені терең және жан-жақты зерттеді. Ол біздің көзқарасымызша "директ-костинг" жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Ол оның үшінші белгісі деп өнеркәсіптік фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесін атайды, оның негізгі моделі келесі түрде керінеді:

1. Өнімді өткізуден түскен табыс - 14416.

2.       Айнымалы шығындар - 7089.

3.       Маржиналды табыс - 7327.

4.       Тұрақты шығындар - 4925.

5.       Негізгі қызметтен алынған табыс - 2402.
Маржиналды  табыс -  бұл  өнімді  өткізуден  түскен

табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма (14416-7089). Екінші жағынан, ол - тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы (4925+2402). Бұл жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, оның есепті жіктеу үшін маңызы зор.

Көп сатылы есептер кем дегенде екі бөлімнен тұрады: жоғарғысы маржиналды табысты, ал төменгісі негізгі қызметтен түскен табысты көрсетеді.

"Директ-костинг" жүйесі бойынша жасалған табыс туралы есепте айнымалы шығындардың, өткізу баға-сының және өткізілетін өнім санының өзгеруі салдары-нан    негізгі    қызметтен   түскен    табыстың    өзгеріске ұшырағаны көрінеді. Жүйеде алынатын ақпараттар баға мен көлемнің ең тиімді әдістерін табуға, негізгі қызметтен түсетін табыс көлемін болжауға мүмкіндік береді. Бүл "директ-костинг" жүйесінің төртінші ерек-шелігі болып табылады.

Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың өткізілген өнім көлемі, маржиналды табыс және негізгі қызметтен түскен табыспен өзара байланысын анық көрсету үшін графикалық әдісті пайдаланамыз. Декорт координатының тігінен ("у" белгіленетін ордината осі) өзіндік құн және өткізілген өнімнен түскен табыстың мәліметтерін, ал көлденеңінен ("х" белгіленетін абцисса осі) - табиғи өндірілген өнім саны туралы мәліметтерді келтіреміз.

Кәсіпорын икемді сұранысқа ие болатын бір атаулы өнім өндіреді делік. Келесі ақпараттар негізінде график қүрамыз. Өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығындар -9 теңге, іскерлік белсенділіктің мүмкін болатын маңыз-ды көлемі - 10-нан 70 мың данаға дейін бұйым, осы көлемдегі тұрақты шығындар - 450 мың теңге, өзгер-мелі шығындар - 630 мың теңге, жалпы шығындар -1080 мың теңге, өткізілген өнім бірлігінің бағасы - 24 теңге. Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түс-кен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік қүнынан жоғары болса, онда кәсіпорын негізгі қызметтен табыс алады, ал егер керісінше болса, онда шығынға ұшырайды.

Зиянсыздық нүктесін анықтау үшін (өндірудің қауіп-ті көлемінің нүктесі, немесе "өлі нүкте") өзіндік құн, өткізу көлемі және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететін келесі негізгі теңцеуді пайдалануға болады:

д" =го+с + д°.

Мұнда:  Д^-      өнімді өткізуден түскен табыс;

Уо  -    айнымалы      шығындардың      жалпы

сомасы; С -       тұрақты шығындар;

Д° -    негізгі қызметтен түскен табыс. Өндіріс көлемінің қауіпті нүктесі үшін теңдеу келесі түрде болады:

Dn=Vo+C

Біздің мәліметтер бойынша өндіріс көлемінің қауіпті нүктесіндегі тұрақты шығындар көлемін анықтаймыз:

с _

С = 30000x15 = 450000   теңге.

 

4. Өткізудің қауіпті бағасын есептеу. Өткізу  бағасы  өткізуден  түскен  табыстың  берілген келеміне және өнім бірлігіне есептелген тұрақгы  және айнымалы шығындар деңгейіне негізделіп анықталады: Д° С + VО немесе Рхd=С+Vd

5. Ең төменгі маржиналды табыс деңгейін есептеу.

Егер тұрақты шығындардың көлемі және өнімді өткізуден түскен табыстың күтілетін көлемі белгілі болса, онда ең төменгі табыстың түсімге қатысты %-ға деңгейі келесі формуламен анықталады:

 

 

2000

1800

1600

1400

1200

1000

800

      600

400

200

Табыс және шығындар, түсім, өндіру көлемі көрсеткіштерінің арақатынасынын графигі

Графикке қатысты шартты белгілер:

Dn- енімді откізуден түскен түсім;

S- еткізілген өнімнің толық езіндік құны;

Vo— жалпы айнымалы шығындар;

С - тұрақты шығындар;

g- өнім бірлігінің саны, мың дана;

K- өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі

 

График көмегімен, көрсетілген қаржы нәтижелерінің, өндіріс көлемі мен өнімді өткізуге тәуелділігіне келесідей түсініктеме берілуі мүмкін. Түсім мен өзіндік құн (сызықтары) түзулері қиылысқан кезде (өндіріс көлеміне сәйкес келетін "К" нүктесі - 30 000 дана) зиянсыздық жағдайына қол жеткізіледі, себебі осы нүктедегі 720 мың теңге (30 000 • 24) көлеміндегі жал-пы табыс, 450 мың тг, көлеміндегі тұрақты шығындар мен 270 мың теңге (30 000 • 9 тг) айнымалы шығын-дарды өтеуге жеткілікті болып табылады. Осы нүктеден төмен, өткізу көлемінде кәсіпорын барлық шығындарды өтей алмайды, яғни оның қаржылық нәтижесі зиянды болады, керісінше, қауіпті көлемнен жоғары деңгейде қаржылық нәтижесі оң, яғни кәсіпорын қызметі табыс-ты болады.

Графикте шығындар аймағы өндіріс көлемінің қауіп-ті нүктесінің сол жағында, ал табыстар аймағы - оң жағында орналасқан. 10 мыңнан 70 мыңға дейін бүйымдар шеңберінде релеванттық қатарды бағалай отырып, 30 мың бірлік бұйымнан артық өткізілген немесе шығарылған әрбір өнім бірлігі, кәсіпорындарға айны-малы шығындарды алып тастағандағы өткізу бағасына тең болатын 15 теңге маржиналды табыс (24-9) әкеледі деп қорытынды жасауға болады. Бұл табыс нақты сомадан тұрақты шығындар көлемімен ажыратылады. Өнімнің өзіндік құнын айнымалы шығындар негізінде есептеу әдісін қолдану, тұрақты шығындарды күрделі есептеуден қүтылуға, өткізуден түскен табыс пен мар-жиналды табысты салыстыруға, өткізілген өнімге келе-тін барлық тұрақты шығындарды есептеп шығаруға және айнымалы шығындар бойынша қоймадағы дайын өнімнің қалдығын бағалауға мүмкіндік береді. Негізінен бұл, ағымдағы жылғы тауарлардың сатылмауына байла-нысты мүмкін болатын тәуелділіктен ойдағыдай өтуге және де осы сомаға табыс пен салықты азайтуға мүмкіндік береді.

70 мың бірлік өнім өткізгенде негізгі қызметтен түсетін табыстың абсолюттік көлемі 600000 теңгені құрайды (70000 • 24)-(450000 + 70000 ■ 9)= (168000 -108000).

Нақты өлшеммен алғандағы өткізуден түскен жоспарлы табыс көлемінің (70000 бірлік) өткізуден алынған табыстан артуы, орнын толтыру нүктесінде 40000 бірлікті қүрайды (70000 - 30000). Бұл арту, яғни асып кету "қауіпсіздік аймағы" деп аталады, себебі ол жұмыстың зиянсыздығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өткізуден алынған табысты сипаттайды. 10000-нан 30000 бірлік аралығындағы әрбір өткізілген өнім бірлігі зиян әкеледі, өйткені бұл еткізу көлемі жалпы шығындарды жабуға жеткіліксіз болып табьшады.

Өндірістің қауіпті көлемінің мөлшеріне келесі бірінші реттегі факторлар өзгерісі әсер етеді:

1) өнім бірлігінің бағасы;

2)        өнімнің    бірлігіне    шаққандағы    айнымалы    шы-
ғындар;

3)        түрақты шығындар.

Өткізілген өнім бірлігінің бағасының төмендеуі нақты өлшемдегі өткізу көлемінің көбеюінің қажет-тілігін анықтайды, яғни шығындарды өтеу үшін орнын толтыру нүктесінің көтерілуін анықтайды.

Егер қарастырьшып отырған мысалда бағаны 24 теңгеден 21 теңгеге дейін төмендетсе,онда орнын толтыру нүктесі 37500бірлікке(450000/21-9)

тең болады.

.

10 мыңнан 70 мың бірлікке дейін мүмкін болатын өткізудің релеванттық интервалын сақтау кезінде қауіп-сіздік аймағы тарылады және 40 мың емес, 32,5 мың бірлікті қүрайды (70 000 - 37 500), яғни өткізу кезінде кәсіпорын тек 37 501 бірліктен бастап негізгі қызметтен табыс алады. Бағаның өсуі орнын толтыру нүктесіне кері әсерін тигізеді. Ол зиянсыздық деңгейін төмендетеді.  Мысалы,  егер  кәсіпорын  өнім  бірлігін  29теңгеден сатса, яғни бағаны 5 теңгеге немесе 20,8 %-ға өсірсе,   онда өндірістің  қауіпті  көлемі  22   500 бірлікті, 450000. құраиды (     ). Басқаша аитқанда,  егер өзгермеитін шығындар кезінде бағаны 5 теңгеге көтерсе, кәсіпорын 7500 бұйымға аз сатады. Өнім бірлігіне шаққандагы айнымалы шығындардың өзгеруі мен өндіріс көлемінің қауіпті нүктесі тікелей өзара байланысты: осы шығындардың өсуі "өлі нүктенің" көтерілуіне әкеледі. Егер қарастырылып отырған мысалда өнім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар 9 теңгенің орнына 12 теңгені   құраса,   яғни   33,3%-ға   өссе,   онда   өндірістің қаушті көлемі 37500 бірлікке тең болады (450000/24-12).

Тұрақты     шығыкдар     өзгерісінің     бағыты     қарастырылған айнымалы шығындарға ұқсас болып келеді.

Осы формуладан көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсімі қауіпті көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше. Басқаша айт-қанда, өткізуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуі ұшін өнімнің белгілі бір көлемін қосымша сату қажеттілігі туады, яғни белгілі бір көлемде қосымша өнім сатылуы керек.

Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал төлемінің өсуіне байланысты тұрақты шығын-дардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтайық. Мәліметтерді жоғарыда келтірілген форму-лаға қойып, жаңа, өскен тұракты шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс істеу үшін ғана, қосымша 3000 өнім бірлігін сату қажет екендігін анықтаймыз.Кері тұжырымдама да дұрыс болады, *^цц гұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық нүктесін төмендетудің және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірден-бір әдісі болып табылады. Осылайша, 30000 өнім өткізіп, кәсіпорын шығянсыз жұмыс істейді. Бір өнімге шаққандағы тұрақты шығын мөлшері 15 теңгені (450000:3000)) қүрайды. Өндірістік қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден 6000 бұйымды сатып алғысы келеді.

Кәсіпорын тапсырысты, оны орындаудан қосымша табыс алатын жағдайда ғана қабылдауы тиіс, 17-кестені қараңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-кесте

Қосымша тапсырысты қабылдаудын экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау

 

Керсеткіштер

Есептеу

Сомасы, мың тг.

1.

Өнімді өткізуден түскен табыс

600 ■ 20

120

2.

Айнымалы шығындар

600 • 9

54

3.

Тұрақты шығындар

-

-

4.

Негізгі қызметтен түскен табыс

120-54

66

Көріп отырғанымыздай, сатып алушы ұсынған баға кәсіпорынның өнімді өткізу бағасынан төмен болғанына қарамастан, осы тап Сырысты қабылдау негізгі қызметтен 66000 тг көлемінде қосымша табыс алуды қам-тамасыз етіп отыр. Оның қалыптасу көзі тұрақты шығындарды азайту болып табылады (45000:36 000=12,5 тг.), ол бір өнімге 12,5 теңгені құрайды.

Нарықтық факторлардың әсерінен қауіпті келемінің өзгеруін қарастыра отырып, біз шығынсыз жұмыс істеуге қол жеткізу туралы айтып отырмыз. Алайда кез келген кәсіпорынның мақсаты - негізгі қызметтен табыс алу.

Табыстылықты талдауды логикалық түрде жалғас-тыра отырып, біріншіден, өткізуден түскен табыстың қандай көлемінде кәсіпорын үшін қажет негізгі қыз-меттен түсетін табысты алуға болатынын, екіншіден, тұрақты шығындардың деңгейінің өзгеруі қаржы нәти-желеріне қалай әсер ететінін анықтайық. Біздің мысалы-мызда 30 000 өнімді өткізу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бір өнімді артық сату ең аз табысты алуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 40000 өнім сатылды делік. Негізгі қызметтен түскен табыс 150 мың теңгені құрайды. (40000 • 24 - 40000 • 9 - 450000 = 960000 - 360000 -450000).

Кәсіпорын басшылары табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-ға өсуіүшін өткізу көлемін қаншаға өсіру керек екендігі туралы мәселе қояды.

 

Берілген формула маржиналды табысты тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретінде анықтаудан шығады.

Ол үшін формуланың оң және сол жағын өнім бірлігіне есептелген маржиналды табыс өлшеміне көбейту керек:

Келтірілген формулаға белгілі мәліметтерді орнына қоя отырып, негізгі қызметтен түскен табыс сәйкес 5% және 10%-ға өскендігін жоспарлы сату көлемімен анықтаймыз:

Негізгі қызметтен алынатын табысты 5%-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнім (500-24), ал 10%-ға жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнім өткізу керек (1000-24).

Яғни өнім көлемінің 1,25%-ға   ■-- өсуі негізгі

(   4000    )

қызметтен   табыстың   5-ке   өсуін   қамтамасыз   етеді,   ал
өткізуді   2,5%-ға                   өсуі   непзп   қызметтен

түскен табысты 10%-ға арттырады.

Егер кәсіпорын өнімнің бір емес, бірнеше түрін өткізетін болса, онда кәсіпорын үшін зиянсыздық нүк-тесі құндық түрінде келесі формула бойынша анықталады:

"Шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау әдісі маркетингтік талдауда өнімнің аз көлемін жоғары бағамен немесе көп өнімді төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкін.

Кәсіпорын үшін тиімді вариантты тавдау осы арақатынасты талдау процесінде жүргізілетін есептеу-лерді қажет етеді. Шығындарды өнім көлемімен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда қойылған сұраққа жауап алын-байды. Сондықган, "шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау басқа салалармен қатар маркетингтік талдауда да қолданылады.

Жоғарыда айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып та-былады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньщ қаржы жағдайын түрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Оньщ ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жүмысын, есеп және бақылауды жеңіл-детуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.

Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін жоспар-лау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.

Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде түрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі езіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойьшуы жатыр.

"Директ-костинг" жүйесі кезінде келесі басқарушы-лық шешімдерді қабылдауға болады: ең жоғары маржи-налды табыс белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгілі бір баға-мен сататын жаңа өнімге баға белгілеу мәселесі бойын-ша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзінде өндіру немесе шеттен сатып алу бойынша; қо-сымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.

"Директ-костинг" жүйесін пайдалану кезінде кәсі-порын әкімшілігі маржиналды табысты кәсіпорын бойынша да, жеке өнімдер бойынша да қолдануға бас-ты назар аударады. Ол рентабелділігі жоғары өнімдерді жақсы анықтауға мүмкіндік береді, себебі сатылу бағасы мен айнымалы шығындардың сомасы арасын-дағы айырма түрақты шығындарды өнімдер арасында бөлу нәтижесінде қозғалмайды. Ол сондай-ақ нарықтың өзгермелі жағдайларына жауап ретінде, өндірісті тез қайта бағыттауға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді.

"Директ-костинг" жүйесі шығындарды талдау мен табыстарды үйлестірудің теориялық негізі болып табы-лады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебін, өзіндік құнды калькуляциялау, шығындар мен қаржы нәтижелерінің талдауын біріктіретін өндірістік және қаржы есебінің біріккен жүйесі. Сондықтан оны "өзіндік құнды басқару жүйесі" немесе "кәсіпорындарды басқару жүйесі" деп атайды. Қазіргі кезде, біздің елі-мізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бух-галтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін, осы жүйені қолданудың мүмкіндігі және дүрыстығы туын-дады.

Осы жүйені пайдалану, талдаушының назарын тек айнымалы шығындарды ғана емес, сонымен бірге, сметалық есептеулерде келтірілген баптары шегінде кезеңдік шығындарды төмендету ресурстарын анықтау және сол арқылы кәсіпорынның негізгі қызметтен алатын табысын арттыруға аударуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лау-дың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

•   басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

       кәсшорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде  ала  алу  қабілетін  көрсететін өлшеуіш;табысты болжау әдісі;

       шешім   қабылдау   және   бақылау   құралы   ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:

Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэф-фициенті, 18-кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.

 

 

18-кесте

Авансталған  капиталдың (жалпы активтер) табыстылық

 

Көрсеткіштер

Өткен

жыл

Есепті жыл

Ауытқуы (+,-)

А

Б

1

2

3

1.

Таза табыс, мың теңге

5040

6538

+ 1498

2.

Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасьі^

30512

37254

+6742

3.

Жалпы активтердің табысты-лық деңгейі (авансталған ка-питал), %

16,52

17,55

+ 1,03

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсет-кіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай фактор-лардың есебінен құрылғанын және активтердің табыс-тылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлар-дың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ның таза табысы жатқызылады.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6   ..