Лихие-2 (2025 год, 5 серия). Фразы и цитаты из фильма на
казахском языке
Все фразы и цитаты
5 серия
Төбешіктен түс.
Ол жерде адам көмілген.
Тергеу тәжірибесі деген не, білесің бе?
Иә, телехикаядан көргенмін.
Әкемді... сенің атаңды осында тергеу
тәжірибесіне алып келетін болды.
Оларды құтқарғың келе ме?
Ол менің әкем.
Ең жақын адамым...
Сенен басқа...
Жұмысқа кірісейік.
Оларға жалғыз аяқ жол қалдырамыз.
Екі күн бұрын Лиховцев Павелге
байланысты сауалнама түсті.
Тергеу бригадасы шығатын болыпты.
Ярап базасына...
Мұның не екенін түсінесің бе?
Жоқ, оған дәті бармайды.
Бармайды... Олай істеуі мүмкін емес.
Ол жиырма жыл түрмеде отырды.
Оның ешкімі жоқ.
Әкесі өмір бақиға сотталып кеткен.
Балаң оны танымайды.
Ол қолындағы барынан айрылып
қалдым деп ойлайды.
Соны қайтарғысы келеді.
Полиция қызметкерлеріне тап беретіндей
есалаң емес шығар!
Оны қаруды күзетпен алып келеді ғой.
Бұл соның жері...
бұл маңайды бес саусағындай біледі.
- Полицияға қоңырау шалу керек.
- Не үшін?
Ол жерде менің ұлым жүр!
Әлгі неме тайгада атыс ұйымдастырмақшы.
Лиза!
Мені мұқят тыңдап ал.
Ұлыңды қайтарып бергім келеді.
Тыңда. Женяны қорқытсаң, тығылып қалады.
Павел екеуі...
Біз бамсқаша әрекет етеміз.
Қалай?
Қалай?
Полициямен бірге барамыз.
Олар бізге жол көрсетеді.
Біз Женяның жоспарын білеміз.
Ол бізге торуыл ұйымдастырамын деп ойлайды.
Бірақ қақпанға өзі түседі.
Ант ет!
Балам аман-есен қайтады деп ант ет!
Уәде беремін.
«Тар заман»
- Сәлем!
- Сәлем! Халің қалай?
Түсінікті.
Саған бірдеңе айтайын деп келдім.
- Не?
- Уақытың бар ма?
Кеттік.
Жүр, мен көмектесемін.
Не көріп тұрсың?
Өзім қашып кеткен қаланы көріп тұрмын.
Шынымды айтсам, тағы қашып кеткім келеді.
Не үшін қашқың келеді?
Бұл сенің қалаң. Осының бәрі сенікі.
Өзен, орман, шоқылар, кең көшелер...
Бұл біздІ Сан-Франциско.
Осы қаланы көркейте
алатын болсақ, кетпейік.
Қалай?
Менің ақщам бар.
Әкем Комсомольскіде жылжымайтын мүлік
сатылып жатқанда, біршамасын алып қалыпты.
Сенің талғамың бар.
Қаланы жақсы білесің.
Осы қалада құлаш сермей аласың.
Неге сасық салоныңнан шықпайсың?
Өмірің өзіңе ұнай ма?
Екеуіміз қосылсақ, бәрін істей аламыз.
Менімен бірігесің бе?
- Сәлем!
- Сәлем.
- Жай жүрсің бе?
- Саған қоңырау шалдым.
- Жауап бермедің.
- Өзім хабарласамын деп ойладым.
Өзің бе? Отыр.
- Қайда барамыз?
- Қыдырамыз.
- Тамақ ішерміз.
- Тәбетім жоқ.
Менің қаршым ашты.
Сен үйде тамақ істемейсің ғой.
Неге айқайлайсың? Не болды?
Мына жер қалай?
Саған не болды?
Менен саған не керек?
Түсінбедім.
- Саған сұрақ қойдым.
- Жақсы, ұнайды. Үйге қайтайық.
Осы жерде өлгің келеді?
- Төсектес болдыңдар ма?
- Кіммен? Не ойлап таптың?
Шыныңды айт.
Нақұрыс! Бар шындық осы!
- Төсектес болдыңдар ма? Айт деймін!
- Жоқ!
Не «жоқ»? Не туралы айтқыныңды
түсінбедім дедің ғой!
Иә, болдым. Осыны естігің келді ме?
Күні бойы, кез келген
жерде жата кететінмін.
Не істемексің? Қане, ат енді.
Бұдан былай шыдай алмаймын.
Мұнда қанша адам жұмыс сітейді?
Алты жүден аса...
- Демалыста ше?
- Күзет... Кезекші қызметкерлер...
отыздай адам.
Бәрін қайтарып жіберіңіз.
Аумақта ешкім болмасын.
Алдымен жоспарыңызды айтып берсеңізші.
Солай дұрыс болады.
Джем жанына адам жолатпайды.
Оған айып таға алмаймыз.
Бүкіл көлеңкелі жұмысын
басқа адамдарға істетеді.
Бірақ ешқайсысы тіл қатпайды.
Ұсталып қалса да, үндемейді.
Джемнің атжалмандарды кешірмейтінін біледі.
Сондықтан, түрмеде отырсаңыз да, уақытша тергеу
изоляторында болсаңыз да, сізге қолы жетеді.
Оны ұстау жалғыз жолы – қылмыс
үстінде құрықтау.
Сонда оны осы жерде ұстамақсыз ба?
Өсімдік - оның әлсіздігі, оның арманы.
Сонда не?
Оған жерді сатамын деп бағасын айтыңыз.
Қолма-қол ақшаны өз қолыңнан
аламын деп шарт қойыңыз.
Өзі келеді деп ойлайсыз ба?
Осы жерде ұстаймыз.
Есірткі сатып алды деген айып тағамыз.
Бірақ бастысы ол емес.
Сонда не?
Ұрылар есірткімен айналыспайды.
Бұл олардың заңына жат.
Тәжін шешіп алса, өлді дей бер.
Бәрі талап қояды. Бәрі...
Осы жылдар ішінде қысым көргендердің
бәрі наразылық білдіреді.
Сол кезде күні санаулы екенін түсініп,
басқа бапқа ілігу үшін бәрін сатады.
Сіздің жоспарыңызда мен кіммін?
Сатушымын ба?
Қызық екен... Мені қанша мерзімге кеседі?
Отыз жылға ма?
Сіз мұнда болмайсыз.
Сізге мұның қатысы жоқ.
Неге сізге сенуім керек?
Тыңда.
Қазір мен де тәуекелге бел буып отырмын.
Джемге қоңырау соғып, мен туралы
айтатын болсаң, мен де өлтіреді.
Оларды ұстау үшін тәуекел ету керек.
Жарайды, келістім делік.
Бірақ есірткіні қайдан аласыз?
Тунгус...
Ол Джемге қарсы шықпайды.
Онымен сөйлесіп көргенмін.
Одан бері заман талай рет өзгерді.
Онымен бетпе-бет кездесе алмаймын.
Қоңырау шалыңыз.
Арнайы жасақ бұл үйлердің
ауласына мұқият кіреді.
Қолдар пулеметтерде,
саусақтар триггерлерде.
Әлгіге барасың ба?
- Оның түк қатысы жоқ.
- Демек, соған...
Шынымен түк түсінбепсің.
Екеуіміз бірге бола алмаймыз.
Қанша тырыссам да, қолымнан келмеді.
Бәрін істеп көрдім, бірақ, болмады.
Өзің де түсінген шығарсың.
- Менен қорлық көрдің бе?
- Женя...
- Онымен бірге тұра аласың.
- Не деп кеттің?
Қандай батпақтан шығарып
алғанымды ұмыттың ба?
Күлкілі ме? Көңілдісің ғой.
Бір күні осыны бетіме
басатыныңды білгенмін.
Шешін. Ешқай бармайсың!
Кетемін.
Тыңдашы...
Мен сенен қорқамын.
Бұл махаббат емес.
Махаббат туралы айтып отырсың ба?
Сонда кіммен махаббат құрып жүрсің?
Әлгі немемен бе? Ол қандай махаббат?
Бүгін біреумен, ертең басқамен...
Болды, енді сөзіңді тыңдамаймын.
Шынымен бе?
Мені ештеңесіз кете алмайды деп тұрсың ба?
Тоқта!
Жібер мені! Өтінемін!
- Тыныш, тыныш.
- Жіберші...
Қорқып кеттің бе?
Кешір, кешір, енді айқайламаймын.
Тек мені тастамашы.
Сенсіз өмір сүре алмаймын.
Кеткің келсе, кетейік. Кетеміз бе?
Заттарыңды жинап қойдың.
Мен де джинаймын,
Сен айтқан жаққа кетіп қалайық.
Енді кеш.
Мен қазір сені сүймеймін.
Сондықтан, жолымды бөгеме, жібер.
Тек жіберсең болды.
Ендеше жоғал!
Жоғал жеймін!
- Лиза...
- Жоқ, Женя!
Жіберші, өтінемін.
Екеуімізді де қинама.
Өтінемін сенен! Жібер мені...
Лиза...
Сен бұлай кете алмайсың!
Біреу-міреу біліп қойса, шаруаң бітті.
Сені өзім жеткізіп саламын.
Шынымен...
Өзім апарып саламын.
Сізге келіп тұр.
Кіргізіңіз.
- Руслан Хасанович жіберді ме?
- Ол сенің Джемге сұрақтарың бар деді.
Менің де сұрағым бар.
Соны реттей аласың ба?
- Иә.
- Қолыңнан келсе, есеп айырыстық деп санай бер.
Келмесе, қарыздар болып қаласың.
Саған керек-жарақтың бәрін алып келдім.
- Тыңдап тұрмын.
- Миллион... Қолма-қол...
- Сөзді сосын бастаймыз.
- Келістім делік.
Сенюі күні. Менің зауытымда.
Тек өзің және Джем келсін.
Болмайды. Ол шықпайды.
Жарайды онда...
Тоқта. Онымен сөйлесемін.
Рақмет.
Бәлкім бірге кетерміз?
Солай жоспарлап едік қой.
Жоқ.
Жалғыз кетемін.
Мен көмектесемін.
Әкел...
Шаруам бітті. Елу грамм құйшы.
- Дәрігер шақырайын!
- Құй, құй! Әйтпесе өлемін!
Болды, санадым. Миллион...
Джем, күмәнің жоқ па?
- Жайшылық па?
- Өзі бір жылмақай...
Келіспей тұрып, әбден ойланшы.
Алдында көнбей қойған,
енді бірден келісе салды.
Бізді өзіңнің аумағына кіргізгің
келмей тұр ма? Бауыр емеспіз бе?
Болды, Джем, болды!
Құрып қалғыр!
Иә?
Жақсы, күтемін.
Иә?
Не?
Оңбаған, сілімтік, жексұрын!
- Не болды?
- Ол бізді полициямен күтіп отыр дейді.
Шынымен бе?
Кеңселік біреу Лисицыннан арнайы жасақ сұрай
келіпті. Айтпаса, да түсінікті емес пе?
Сондықтан маған өзі келсін деген екен!
Оңбаған неме!
Ондайды кешіруге болмайды.
Оған қазір тиісуге болмайды.
Жігіттерім сенің қолыңнан түк келмейді,
тек қарақан басыңды ойлайды деп айтады.
Бірақ мен сенің пысық екеніңді білемін.
Оның рас,
бірақ, қазір ұтымды сәт емес.
Қорқасың ба?
Онда айт. Өзіміз-ақ бітіреміз.
Онда сенің бізге түк қажетің жоқ.
Бәлкім сен бұл тақырыпты
өзің ойластырған шығарсың?
Бізді аяқтан шалып,
ұстатып жіюермек болған шығарсың?
Ал өзің олармен ауыз жаласып, мадақхат
алып, бүкіл аумақты иеленгің келді ме?
Мен бәрімен келісемін.
Полициямен, әкімшілікпен, саудагерлермен...
Шектен шықпаймыз деген өзің.
Себебі осында тұрамыз.
Бірақ, сәті түскенде, бәрін істеймін.
Осы сенің сөзің іріленіп
бара жатқан жоқ па?
Білемін, сен ақылдысың, бәрін ойластырасың.
Ешкім сезбей қалатындай етіп бітір.
Бітіремін, күмәнің болмасын.
Құп болады! Кеттік!
Бір жерден мүлт кеттік-ау деймін?
Енді не істейміз?
Сен біршама уақытқа кетіп қал.
Мұны Джем біліп қойса, шаруамыз бітті.
Кете алмаймын.
- Неге?
- Осында жақын адамым бар.
Менің де...
Лизамен сөйлестің бе?
Иә, Мәскеуге кетті.
Біржола...
Әбден ығырымды шығарды!
Араққа беріліп, маскүнемге айналды!
Ильястың көзін жойсақ, елдің
бәрі дүрлігеді, сосын бізді ұстайды.
- Онда қоя тұрайық.
- Неге қоя тұрамыз?
Керек деді ме, онда орындайық.
Ентігіңді бас.
Ұзақ күте алмаймыз.
Ол сені тексеріп жатыр.
Әлгі Піл мен Кесіндісі бар...
Отқа май құяды.
Одан да Джемді өлтіре салу оңай.
Куәлардың түсінігі болмаса,
мұның бәрі – әншейін қағаз.
Зозуляк «жаныңды қинасаң,
бірдеңе шығарасың» дейтін.
Ән айтуды жақсы көретін.
Кеңес әндерін...
Сабаңа түс. Неге ширығып алғасың?
Бәрін талқыладық.
Бірден жеңілдеп қалдық.
Қалайша кенеттен жеңілдеп сала бердің?
Жеке басымыздың шаруасын қызметпен
араластырмаймыз деп шешкенде, сабамызға түстік.
Берілмейді екенсің!
Сені жақсы көрмейтін адамдай түр
танытқым келмейді. Жоқ... Олай емес.
Бұрын үндемей жүре алар едім.
Басқа өмірде...
- Енді не өзгерді?
- Өзің білесің.
Айтсаңшы.
Кез келген сәтте олай-бұлай
болып кетуіміз мүмкін.
Бұл туралы ойламау мүмкін емес.
Мен есі дұрыс адаммын.
Мен де...
Түйсек өзгерді. Қарым-қатынас...
Қашан уақыт келеді деп күткім келмейді,
кейінге қалдырмаймын.
Мәссаған!
Бұрын маған бұлай ешкім қырындаған емес.
Қырындап тұрған жоқпын.
Бұрын ешкімге ішкі
сырымды айтқан емеспін...
Ешқашан!
Сақтанып, жинақтап, үнемдеп, күтіп
келіппін. Нені екенін өзім де білмеймін.
- Керегі жоқ!
- Әлсіз болып көрінуден қорқатынмын.
Бұл үшін күш керек.
Сені сүйемін, Таня.
Федерация Кеңесі ең
қатаң шараларды қолдады...
Ұйықтап қалдың ба?
Қане, күтемін.
Халдерің қалай?
Саған да, Лизаға да қоңырау шалдым.
Көтермейсіңдер...
Ол кетіп қалды.
Менімен хабарлассын деші. Комсомольскіге
кетіп барамын, қоңырау шалсын.
Біржола кетіп қалды.
Менің де қоңырауыма жауап бермейді.
Комсомольскіде не істеп жүрсің?
Бизнесім бар.
Женя...
Женя!
Маған логотип салып беремін деген.
- Араларыңда не бар?
- Ештеңе.
Оған жақындама деп айтып едім ғой.
Ескерттім...
Женя, кеттік!
Сол кезде сені судан шығарып
алмауым керек еді.
Не істемек болдың?
Сенімен сөйлесіп отырмын.
Есің дұрыс па?
- Қашан көзін жоямыз?
- Жоймаймыз.
Шаян оған тиіспеңдер деді.
Болды!
Ұқтың ба?
- Ұқтың ба?
- Ұқтым!
- Сәлем, жігіттер!
- Сәлем, Джем!
Естеріңе сақтап алыңдар.
Бұрынғы өмірлерің аяқталды.
Енді үйлерің де, достарың да,
әке-шешелерің де жоқ.
Тек Джем бар.
Ол сендердің қожайындарың!
Жарайды, орналасыңдар!
Айнал!
Иә? Қай Евгений?
Орманшының баласы ма? Сені бала
кезіңнен танимын. Евгениймін дейсің.
Сізге айтайын деген едім.
Ильяс сізге бара жатыр.
Орталықтан дәмханасы бар ма, сондай...
Шаян одан қорқады, аяғын тартады.
Иә...
Шаян өзі атқарғысы келмейді.
Балақайды жұмсап отыр.
Бірдеңе болса, қолын сермеп: «Өзім бітірейін
деп едім, сендер рұқсат бермедіңдер» демекші.
Немесе әлгі жексұрын полициямен
ауыз жаласып, бізді шалмақшы болды.
Кейін қателігін түсініп, нысанды
қайтадан көздеп отыр.
Бізді қорқытамыз
дегендердің мойны үзіледі.
Теңеусіз түсіндіре аласың ба?
Әлбетте. Ол өзін ақылды санайды,
бірақ біз одан өткенбіз.
Керекті адамдар табамыз. Істі бітірген
соң, бәрін тайгаға көміп тастаймыз.
Бұл да дұрыс сияқты.
- Кім?
- Аш.
Шық.
Бауырым, сен неге жабайы болып кеткенсің?
Жақсы жігіт едің ғой.
Шешеңнің зейнетақысын тартып
алатын көрінесің. Үйіңді тонап бітіпсің.
Бүкіл ауданға қарыз болыпсың.
Бауырым, мұның дұрыс емес.
Қоямын...
Қазір өмір сондай...
Қысқасы, бір шаруа бар.
Соны бітірсең, Джем қарызыңды жауып береді.
Ұқтың ба?
- Салып алайық та...
- Алдымен істі бітірейік.
Сау кезде мүлт кетпейміз деймісің?
Туған күніңмен!
Туған күніңмен!
Туған күніңмен!
Мынаның бәрін қирата салайық.
Жер кейіп қалсын.
Сізге кеңістік керек пе?
Олай болса, жауап беріңізші.
Мұнда не салмақ ойыңыз бар?
Бар, мейрамхана, клуб па?
Бәрін саламын.
Олай болса, мына жақты бұзайық.
Сонда үш жүз шаршы метр жер босайды.
Кеттік!
Бұрыш-бұрышқа лақтырыңдар, тез жансын!
Жылдамдатыңдар!
Олар бізді көрді.
Кеттік! Бол енді!
Жексұрындар!
Оңбағандар!